15.2 Стандартты функциялар
Delphi ортасында алдын-ала программалары жасалынып, керек уақытында қолдануға болатын, стандартты модульге жинақталып қойылған объектілер бар, олардың бірі – стандартты функциялар (13-кесте), жиі кездесетін функцияларды есептеу үшін қолданылады.
Стандартты функцияларды жазу үшін қажетті функцияның аты мен міндетті түрде дөңгелек жақшаға алып жазылынған функция аргументі көрсетіледі, мысалы: Exp(x), Pred(x), Odd(x).
13-кесте. Стандартты функциялар
№ |
Стандартты функция |
Delphi-де жазылуы |
Х-аргументінің мәні мен мағынасы |
1 |
Sinx |
Sin(x) |
x-радиан |
2 |
Cosx |
Cos(x) |
x-радиан |
3 |
Lnx (натурал логарифм) |
Ln(x) |
X>0 |
4 |
ex |
Exp(x) |
Экспоненциалдық бағыныштылық (е=2,718) |
5 |
х2 |
Sqr(x) |
Sqr(5) = 25 |
6 |
|
Sqrt(x) |
x>0, санның квадрат түбірі |
7 |
|
abs(x) |
x-тің абсолют шамасы |
8 |
Санның бүтінге дейін дәлдігі |
Round(x) |
Round(3,78) = 4 |
9 |
Санның бүтін бөлігін табу |
Int(x) |
Int(3,78)=3 |
10 |
Санның бөлшек бөлігін табу |
Frac(x) |
Frac(3,78)=0,78 |
11 |
|
PI |
|
Бұл функцияларды есептеу программалары тілдің қызметші кітапханасында жинақталған.
Стандартты функциялар құрамына кейбір математикалық функциялар кірмей қалған, себебі оларды түрлендіру формулаларының көмегімен стандартты функциялар арқылы өрнектеуге болады (14-кесте), Delphi программалау тілінде дәрежеге шығару (квадрат дәрежеден басқа) амалын белгілейтін белгі жоқ, сол себепті түрлендіру функциясы қолданылады.
14-кесте Математикалық функциялар
Функция |
Delphi-де жазылуы |
|
|
|
|
|
|
|
sin(x)/cos(x)
cos(x) /sin(x) |
|
Arctan(x/sqrt(1-sqr(x))) |
|
Arctan(sqrt(1-sqr(x))/x) |
Математикалық өрнекте қолданылатын стандарттық арифметикалық операциялар тізімі 15-кестеде келтірілген.
15-кесте. Арифметикалық амалдар
Таңба |
Орындалатын амал |
+ - * / DIV MOD |
Қосу Алу Көбейту Бөлу Бүтін сандарды бүтіндей бөлу Бүтін сандарды бөлуде шығатын бүтін қалдық |
Ескерту:
1. Логикалық операцияларда қолданылатын And (және), Or (немесе), Not (емес, яғни жоққа шығару) – құрама шарттарда пайдаланылатын түйінді сөздер.
2. Chr (13) не #13 – жаңа жолдан бастау коды.
3. Өрнекке енгізілген плюс (+) таңбасы элементтердің типіне сәйкес түрлі әрекеттер орындайды:
сандарды қосу;
жолдық типті берілгендерді біріктіру.
Сызықтық құрылымды программа. Программаға енгізілген математикалық өрнекте типтерді түрлендіру функциялары жиі пайдаланылады.
Мысал:
Функцияны есептеу:
L=
мұндағы x=5.3; k= 18; a=632.5
Delphi программалау тілінде сызықтық құрылымды программа жазамыз, ол үшін:
Жаңа жоба ашу;
Формаға компанеттер мен олардың қасиеттерін орнату;
3. Формада Іске қосу (Button1) компонентін екі рет шерту арқылы Click оқиғасы процедурасының дайындамасын алу;
4. Процедура денесін енгізу;
5. Программаны компиляциялау;
6. Функцияны есептеу;
7. Функция нәтижесін алу.
Шешуі:
1. File → New Application командасы арқылы Form1 терезесін экранға шығарамыз;
2. Формаға компоненттер мен компоненттер қасиетінің мәндерін орнатамыз:
-
Компонент
Компонент қасиеті
Қасиет мәні
Form1
Font
Caption
Name
Times New Roman, 15
Функцияны есептеу
Func1
Left
192
Top
114
Width
420
Height
185
Label1
Caption
x =
Font
Түсі - қызыл
Label2
Caption
k =
Font
Түсі - жасыл
Label3
Caption
a =
Font
Түсі – көк
Label4
Caption
L =
Font
Түсі – күлгін
Left
176
Top
16
Width
241
Height
33
Edit1, Edit2, Edit3
Text
-(бос ету)
Button1
Caption
Іске қосу немесе Есептеу
3. Формада Іске қосу (Button1) компонентін екі рет шерту арқылы алынған Click оқиғасы процедурасының тақырыбын көрсету:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, StdCtrls;
type
TForm1 = class(TForm)
Label1: TLabel;
Label2: TLabel;
Label3: TLabel;
Edit1: TEdit;
Edit2: TEdit;
Edit3: TEdit;
Label4: TLabel;
Button1: TButton;
procedure Button1Click(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.dfm}
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
begin
end.
