Процедура денесін енгізу:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var k:integer;
x,a,l:real;
begin
x:=StrToFloat(Edit1.Text); //Edit1-ге х –тің нақты мәнін енгізу
k:=StrToInt(Edit2.Text); //Edit2-ге k-ның бүтін мәнін енгізу
a:=StrToFloat(Edit3.Text); //Edit3-ке а-ның нақты мәнін енгізу
L:=sqrt(exp(4*ln(x))+1/2*k)+ 1/3*sin(x+1)/cos(x+1)/(exp(4*ln(x-4))+5.03*a);
Label4.Caption:='L='+FloatToStr(L); // Label4-ке нәтижені шығару
end;
Ескерту: Delphi-де бір жолдық түсініктемені қос көлбеу сызықтан (//) соң жазуға болады.
Программаны компиляциялау командасын беру: [F9] пернесі немесе Run командасы.
Программа компиляцияланып шыққан соң, жүйе “Функцияны есептеу” тақырыбы жазылған нүктесіз Форманы (15.5-сурет) экранға шығарады.
15.5-сурет. Функцияны есептеу формасы
6. Курсорды Edit1 өрісіне орналастырып оған х –тің нақты мәні-5,3-ті сол сияқты Edit2-ге k-ның бүтін мәні- 18, Edit3-ке а-ның нақты мәні 632,5 енгізу;
Форманың “Іске қосу” батырмасын шерту арқылы Label4 өрісіне функция нәтижесі (15.6-сурет) жазылып қойылады.
15.6-сурет. Нәтиже шығарылған Форма терезесі
Ескерту:
1) Windows операциялық жүйесінің белгілі бір күйге келтіріліп қойылуына байланысты, нақты сан әдеттегідей үтір (,) арқылы бөлініп енгізілуі мүмкін;
2) Нақты санды форматты түрде шығару үшін FloatToStr(L) функциясының орнына FloatToStr(L,fffixed, 6, 2) немесе осы сияқты формат параметрі енгізілген функцияны пайдалануға болады.
Тармақталған құрылымды программа. Тармақталу командасының қысқа және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу түрлері:
if P then S //қысқа нұсқа түрі;
if P then S1 else S2 // толық нұсқа түрі, мұндағы Р-шарт; S, S1, S2-орындауы тиіс сериялар (бір блоктық операторлар). Егер блок бірнеше операторлардан тұрса, олар бір құрама оператор ретінде қарастырылып, begin - end операторлық жақшалардың ішінде жазылады (мұндағы ескеретін жайт – программа денесі де бір сыртқы блок ретінде қарастырылады):
If P then begin
S1
еnd
еlse begin
S2
еnd;
Блокқа енгізілген оператор тек біреу болса, операторлық жақшаларға алу міндетті емес. If (егер) командасының орналасуы стандартты Паскальдағы сияқты: егер шарт орындалса, онда then түйінді сөзінен соң жазылған оператор, шарт орындалмаса else түйінді сөзінен соң жазылған оператор орындалады.
Мысал:
Delphi программалау тілінде тармақталған құрылымды программа жазу арқылы Y(x) функциясының мәнін табу керек:
егер
x>2
Y(x)
=
егер x<2
егер
x=2
Y(x) функциясының мәнін анықтау үшін:
Жаңа жоба ашу;
Формаға қажетті компоненттерді орнатып, қасиеттеріне мәндер меншіктеу:
Компонент |
Компонент қасиеті |
Қасиет мәні |
Form1 |
Font Caption Name |
Times New Roman,15 У функциясын есептеу Func2 |
|
Left |
192 |
|
Top |
114 |
|
Width |
420 |
|
Height |
185 |
Label1 |
Caption |
x = |
|
Font |
Түсі - қызыл |
Label2 |
Caption |
L = |
|
Font |
Түсі – күлгін |
|
Left |
168 |
|
Top |
16 |
|
Width |
241 |
|
Height |
33 |
Edit1 |
Text |
-(бос ету) |
Button1 |
Caption |
Іске қосу немесе Есептеу |
Формада Button1 батырмасын екі рет шертіп, оның onClick оқиғасының өңдеуіш процедурасын құру
Құрылған процедураға қарастырып отырған мысалымыздың программасын төмендегідей етіп жазамыз:
procedure TForm1.Button1Click(Sender: TObject);
var x,y:real;
begin
x:=StrToFloat(Edit1.Text);
if x>2 then y:=sin(x)-1/2*sqrt(sqr(x)+3);
Label2.Caption:='Y='+FloatToStr(Y);
if x<2 then y:=x*sin(x)-1/2*sqrt(sqr(x)+3) else begin y:=sqrt(sqr(x)+3);
Label2.Caption:='Y='+FloatToStr(Y);
end;
end;
end.
Жобаны сақтап, іске қосу командасын беру.
Программаны компиляциялау командасын беру (F9) немесе Run;
Программа компиляцияланып шыққан соң, жүйе нүктесіз форманы экранға шығарады;
Курсорды Edit1 өрісіне орналастырып оған х –тің нақты кез келген мәнін енгізу;
Форманың “Іске қосу” батырмасын шерту. Label2 өрісіне функция нәтижесі жазылып қойылады (15.7-сурет).
15.7-сурет. Нәтиже шығарылған Форма терезесі
