Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аймак шпор гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать
☆

Экономикалық өсудің факторлары:

Тікелей факторлар:

Жанама факторлар:

-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.

  • Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.

  • Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.

  • Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.

  • Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.

  • Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.

  • Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.

  • Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.

Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды. Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз, қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты – шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса. (Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).

Қазақстан экономикасының өсу динамикасы. Еліміздің экономикасының қазіргі кезеңде тұрақты ұзақ мерзімдік өсуді қамтамасыз ету мәселесі Стратегиялық басымдықтардың маңыздысы болып табылады. Бұл мәселені қарастыру үшін, ең алдымен ағымдық жағдайды дұрыс бағалау қажет. Қазақстан 90-шы жылдардың басынан экономикалық өсудің дағдарысы мен экономикада құрылымдық ілгерілеушілікті бастан өткерді. Отандық экономиканың реформалану үрдісінің өтуіне айтарлықтай ықпал көрсеткен дағдарыстың басқа түрлері бойынша да мәліметтер келтірілуде. Экономикалық өсудің дағдарысы деп әлемдік практикада ІЖӨ-нің жалғасқан үш жыл бойында 9 %-ға төмендеуі алынады.

17.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімі өндірісніңкөлемі 567,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 92,6%.

Кен өңдеу өнеркәсібініңүлес салмағы 75,2% - ды құрады, 426,2 млрд. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі – 92,1%.

Өңдеу өнеркәсібі сәкесінше 18,6%, 105,7 млрд. теңге, НКИ -93,5%.

Электрэнергиясы, газ және ауа баптау саласын өндіру ісінде және таратуда сәйкесінше – 5,5%, 31,0 млрд. теңге, НКИ 95,5%.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардыңжиналуын және таратылуын бақылау сәйкесінше – 0,8%, 4,3 млрд. теңге, НКИ -102,6%.

Ауыл шаруашылығы. 2014 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өнімдерініңжалпы көлемі 38,8 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,1%-ға өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Алдын ала деректер бойынша шағын және орта бизнестіңбелсенді субъектілерініңсаны 39,2 мыңбірлікті құрады, өткен жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1%-ға өсті.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 173,1 млрд. теңгені немесе 2013 жылдыңсәйкес кезеңіне 100,2% құрады.

Құрылыс жұмыстарыныңкөлемі 58,0 млрд. теңгені құрады немесе 2013 жылдыңсәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,3 %-ға өсті.

Ағымдағы жылдыңбасынан 175,6 мыңшаршы метр тұрғын үй пайдалауға берілді, ол 2013 жылдыңсәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,1 %-ға артық.

Сыртқы сауда айналымы бойынша (Кедендік Одақ елдерін қосқанда) 2014 жылдың1 маусымына 2856,8 млн. АҚШ долларын құрады және өткен жылдыңтиісті кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға кеміді, оныңішінде экспорт – 9,3%-ға азайып (2541,6 млн. АҚШ доллары). Импорт 32,5 %-ға төмендеп 315,2 млн. АҚШ долларын құрады.

Бөлшек тауар айналымыныңкөлемі 8,2%-ға өсіп және 182,4 млрд. теңгені құрады.

Тұтыну бағасыныңиндексі 2014 жылдыңқаңтар – мамырында 2013 жылғы желтоқсанға 103,2% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарлары бағасыныңиндексі 104,6%, азық-түлік емес тауарлар – 104,3%, ақылы қызметтер – 103,5% -ды құрады.

Азық-түлік тауарлар тобы бойынша келесі тауарларға бағаныңбарынша өсуі байқалады: күріш 0,5%, ет ет өнімдері 0,4%, сүт өнімдеріне 1,1%, кондитерлік өнімдер 1,6%, алкогольсыз сусындар 2,2%, темекі өнмдеріне 0,2%.

Азық-түлік емес тауарлар тобында тұрмыстық аспаптар және жөндеу 1,4%, ыдыс және асхана аспаптарына 1,5%, дәрі дәрімектер 0,9%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет 0,5% бағаныңеңкөп өсуі байқалады.

Ақылы қызметтер бойынша тұрғын үйге жөндеу жүргізу және тауарлар алу 1,9%, демалыс және мәдениет саласыңдағы қызметтер 0,6%, киімдерді тазалау, жөндеу және тігу 1,9%-ға баға көтерілді.

Салықтар және бюджет. Шоғырландырылған бюджетке (Ұлттық қормен бірге) 2014 жылдың1 шілдесінде 266,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті немесе өткен жылдыңтиісті кезеңімен салыстырғанда 16,9%-ға төмен, оныңішінде жергілікті бюджетке – 42,8 млрд. теңге (119,2%) түсті.

«Бизнестіңжол картасы 2020» Бағдарламасы шеңберінде 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінді.

Әлеуметтік сала.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. 2014 жылдыңмаусым айыныңсоңында тіркелген жұмыссыздардыңдеңгейі 0,2 %-ды құрады, бұл өткен жылдыңдеңгейіне сәйкес келеді.

Еңбек нарығында жаңа 7752 жаңа жұмыс орны ашылды, жұмысқа орналасуға 4772 адамға көмек көрсетіліп, 2849 адам қоғамдық жұмыстарға жолданды.

2014 жылдыңқаңтар - мамыр айында бір қызметкердіңорташа еңбек ақысы 98953 теңгені құрады, ол өткен жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,4%-ға өсті.

20. Қазақстан – жер аумағы алып ел. Сондықтан, кейбір аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы, былайша айтқанда, тұрмыс-тіршілігі біркелкі емес. Айталық, еліміздің «мұнайлы астаналары» саналатын – Атырау мен Ақтаудың халқы Шымкент пен Қызылжар тұрғындарына қарағанда, әлдеқайда бақуатты тұрады. Мұндағы ең бас­ты айырмашылық айлық табыста және өңір тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейінде жатыр. 

Иә, кейбір өңірлердің индустриалды-өндірістік әлеуеті әжептәуір. Инвесторлар негізінен осындай облыстарға көз тігеді. Мұндай жерде тіршіліктің тамыры бүлкілдеп жатады. Ал кейбір «өлі» аймаққа инвесторды жалынып-жалбарынсаң да шақыра алмайсың. Аттап бас­пайды. Себебі экономикасы тұралаған, өндірістік қуаты әлсіз, содан да инвестицияның құмға сіңу қаупі зор. Соның кесірінен өндіріс орындарын құрып, жаңа жұмыс орнын ашуда түрлі кедергі туындайды. Жұрт екі қолға бір күрек таппай қиналады, тиісінше, тұрақты табыстың жоқтығынан күнкөріс қиындайды.

Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігі - территорияның экономикалық тұрақты дамуының қазіргі жағдайдын, шарттар мен факторлардың жиынтығының мемлекет экономикасымен ықпалдасуын білдіреді. Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігі төмендегі белгілері арқылы анықталады:

- Мемлекет ішінде өзінің экономикалық саясатын жүзеге асыру мүмкіндігімен.

- Мемлекет ішіндегі геосаяси өзгерістерге бейімделе алуымен.

- Аймақта болып жатқан қауырт әлеуметтік-экономикалық жағдайларға экономикалық іс шаралар өткізу мүмкіндігімен.

- Келісілген түрде мемлекетке, аймақтарға және белгілі бір салаларға көмек көрсету мүмкіндігімен.

- Әлемдік тәжірибеде көрсетілген экономикалық нормативтерді аймақта тұрақты қолдану арқылы халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуы.

Барлық аймақтар экономикалық, әлеуметтік, этносаяси, экологиялық және т.б. қиыншылықтар көруде. Аймақтық аспектіде келесі мәселелер маңызды болып табылады:

- сепаратизм

- күйзелісті аймақтар

- аймақтардың даму орталығының пайда болуы.

Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігінің объектісі болып аймақтың экономикасына қатысы бар, сол территорияда орналасқанның барлығы жатады.

Аймақтардың экономикалық саясатының, экономикалық қауіпсіздікке бағытталған басымдылықты мақсаты:

- Жылдам даму арқылы экономиканың құрылымын жаңғырту, біріншіден қазіргі уақытта пайдасы көп және келешегі бар салалар арқылы, екіншіден территориялық еңбек бөлінісі жүйесінде көп уақыт бойы басымдылығы бар салалар арқылы.

- Өзін өзі дамытуды қарқындатып қолға алу.

- Нарыққа бағытталған және өзгерістерге тез бейімделетін аймақтық-өндірістік комплексті ұйымдастыру.

- Аймақаралық инфрақұрылымдық жүйені дамыту.

- Күйзелісті аймақтардың депрессиялық жағдайын шектеу не болмаса оларды «экономикалық апат аймағы» деп тану.

Аймақтардың экономикалық қауіпсіздігінің маңызды факторы өңірдің өзін өзі қанағаттандыра алуы болып табылады. Бұл мәселе аймақтардың теориялық-практикалық 2 өңірге бөлінуі кезінде басшылықққа алынды:

- рецепиент аймақтар

- донор аймақтар

Күйзелісті аймақ – субъект, басқа аймақтарға қарағанда тұрақты өзгеріссіз артта қалушылығы. Бұл аймақтарда туындаған проблеманы өздігінен реттеу қиын немесе мүлде мүмкін емес, яғни экономикалық, демографиялық және басқа да аймақтық мәселелерді шешу өте қиын.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда субъектілердің жартысынан көбі өзін өзі реттей алатындай экономикалық әлеуетке ие. Аймақтарды рецепиент және донор өңірлерге бөлу өте дұрыс. Себебі ол қаржылық, салық-бюджеттік реттеумен байланысты бола тұрып аймақтың экономикалық өсуінің тепе теңдікте болуына мүмкіншіліктер жасайды.

Аймақтық саясат келесі мәселелерді шешуге бағытталған:

- Мемлекеттің аймақтарының арасында даму көрсеткіші бойынша айырмашылығының болуын тежеу.

- Өндірістің территориялық құрылымында тепе теңдікті сақтау.

Күйзелісті айматарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету көздері:

- экономиканың жеке секторларын қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен ресурс бөлу.

- бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджеттік қаржының бір бөлігін қолдану

- халыққа жеңілдетілген несие беру

- қайырымдылық қорларының қаржысы

- жекешелендіру немесе банкрот кәсіпрынды таратудан түскен қаржының бір бөлігі.

Күйзелісті аймақтарда қиындықтарды жеңу үшін келесі іс шараларды жүзеге асыру керек:

- Аймақтық инфрақұрылымға қаржы салымдарын жасау

- Жұмыс орындары жоқ өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер жасау

- Жеке территориялардың экономикалық әлеуетінің трансформациясына тікелей көмек көрсету және экологиялық апаттардың немесе қоғамдық текетірестердің себептерін болдырмау.

- Шаруашылықта ерекше заңдық тәртіп орнату, ауыл шарашылығына және кооперативтерге көмек көрсету, көші-қон бағдарламасын жүзеге асыру, өңірде тұрып жатқан адамдар саны мен олардың ресурстық мүмкіндіктерін сәйкестендіру арқылы бағыттандырылмаған өндірісті анықтау.

Күйзелістік жағдайдың элиминациялық механизмі мемлекеттік, өңірлік және жергілікті, заңдық және атқарушы билік органдарының мақсатқа бағытталған қарым қатынасын ұйымдастырады.Оған мыналар жатады:

- халықтың қоғамдық қауіпсіздігін күшейту

- миграциялық процестерді реттеу

- кәсіпорынның банкроттық тәртібін отладка

- өңірлерге және салаларға бюджет арқылы және басқа да бағдарламалар арқылы мемлекеттік көмекті толығымен жетілдіру.

- жеке меншік, салықтық-бюджеттік және қаржы-несие саясаттарының қатынасын реттеу.

Аймақтың экономикалық тұрақтылығын бағалау үшін келесі индикатолар ұсынылады:

- қоғамдық (жан басына шаққандағы түсім, кіріске байланысты халықтың жіктелу деңгейі, жұмыссыздық деңгейі)

- ақша-қаражаттық (өңірге капитал құйылуы, инфляция, өңірдің экспорттық және иморттық тепе теңдігі)

- бюджеттік (салық салу деңгейі, салықтың алынуы, трансферттер)

- аймақтың банк жүйесінің жағдайы (жүйенің құрылымы, банктік қиындық, несие базасының жағдайы, банктің капитал базасының жағдайы)

- халық шаруашылығының жағдайы (өндіріс көлемі)

- экономиканың шынайы секторының жағдайы (өңірдің экономикалық тұйықталуының деңгейі)

Аймақтардың тұрақтылық деңгейін жоғарылата отырып, қаржылық жеткіліксіздікті жеңу арқылы экономикалық субъектілерді капиталмен қамтамасыз етеміз. Себебі бұл жеткіліксіздіктер аймақ экономикасының секторына залал келтіруі мүмкін. Жеткіліксіздіктерге мыналар жатады:

- ресурстық

- инфрақұрылымдық

- бағалық

- ішкі экономикалық және басқалар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]