Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

36. Қысым реттегіштер

Маркасы РДСГ қысым реттегіштер

Қысым реттегіштердің негізгі мақсаты қысымның деңгейін төмендету және тұтынушылардың газ аспаптары алдында қажетті деңгейде ұстап тұру (шығынның өзгеруіне қарамастан).

Қысым реттегіштер жұмысына байланысты екі түрлі болады: тікелей және қосымша қондырғылар арқылы жұмыс атқаруы.

Сұйытылған газдарға әртүрлі қысым реттегіштер қолданады

Маркасы РД қысым реттегіштер

Төменгі қысымдағы газ желілерін тұтынушыларын газбен қамту кезінде РД32М (6.8,а-сурет) және РД50М (6.8,б-сурет) қысым реттегіштер қолданады. Қысым реттегіштерді газ шығын қолдануына қарай қақпақша ерігішінің диаметрлері әртүрлі болады Сонымен қатар шығу қысымына байланысты серіппелілер арқылы қажетті қысымдарды орнатады:

а) төменгі газ желілеріне табиғи газды пайдалану кезінде 0,9-2,0 кПа (90-200 кгс/м2);

б) сұйытылған газдарды (3,0-4,0 кПа).

РД қысым реттегіштер максималды газдың кіру қысым 1,6 МПа (16 кгс/см2) жұмыс атқарады. Қысым реттегіштерден кейін қысым 1-3 кПа деңгейінде болуы мүмкін.

Маркасы РДУК2 қысым реттегіш

Қысым реттегіш РДУК қысымдарды жоғары деңгейден жоғарыға, орташа, төменгі әлде орташа қысымды орташа және төменгі деңгейді жеткізуге арналған.

Қысым реттегіш үш түрлі болады: РДУК2-50, РДУК2-100 және РДУК2-200, корпустың шартты диаметрлері 50, 200 и 200 мм, көмекші қондырғы (пилот) – төменгі маркасы (КН) және жоғары маркасы (КВ) қысымға. Газ шығынын өзгертуге арнайы қақпақша ершігі және клапанмен жабдықталған диаметрлері 50, 70 мм РДУК2-100, диаметрлері 105 және 140 мм РДУК2-200. Қысым реттегіш РДУК2-50 қақпаша ершігі және клапанның диаметрлері 35 мм.

Көмекші қондырғы (пилот) маркасы КВ айырмашылығы маркасы КН қондырғыдан мембрананың жалпы көлемімен және қаттылау серіппенің орналастыруы.

Қысымның деңгейі 0,0005-0,06 МПа аралығында КН көмекші қондырғыны қолданады, ал қысым 0,06-0,6 МПа аралығында – маркасы КВ қондырғы.

Қысым реттегіштің жұмыс атқаруын қарастырайық. Мысалы, газдың шығыны көбейген кезде қысым реттегіштен кейін және 14 мембрананың астында азаяды. Серіппе 15 әсерімен клапан 11 жоғары көтеріледі. Газ шығыны көбейеді. Мембрана 3 және клапан 1. Ал газдың шығыны төмендеген кезде, газдың қысымы реттегіштен кейін және мембрананың үстінде жоғарлайды. Соның әсерімен көмекші қондырғының клапаны 1 төмен түседі. Тұтынушыларға берілетін газдың шығыны азаяды.

Қосымша қондырғылар

Жабылмалы сақтандырғыш клапандар. Жабылмалы сақтандырғыш клапан ПКН және ПКВ көрсетілген. Клапандары 50, 80, 100 және 200 мм шартты диаметрі болады. Ашық кезінде клапанды көтергіш рычаг 4 ұстап тұрады.

РДУК қысым реттегіш пен ЖСК мына деңгейлерге орнатылады:

РДУК Р2 (тиімді) = 3000 Па;

ЖСК Р төм = 2000 Па; Р жоғ = 3450 Па.

Мұндай клапандар 25 және 50 мм шығарылып 0,001-0,125 МПа аралығындағы артық қысымға есептелген. Мембрананың жоғарғы қуысы қадағаланатын қысымды болады. Егер осы қысым серіппенің орнатылған күшінен асып кетсе, онда мембрана төмендеп 3 клапанды ашып, газдың артығын сыртқа шығарып жібереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]