Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8 Мб
Скачать
☆

37. Ашық жылумен жабдықтау жүйенің қосындысы су шығыны графигі

38. Сумен жылыту жүйесінің жабдықтары.Сумен жылыту жүйесіндегі кеңейткіш бак.

Жылыту жүйесінің барлық элементтерінің ішкі жағы (құбыр, жылыту аспаптары, арматуралар, жабдықтар және т.б.) сумен толтырылған. Жүйедегі толтырылған су оны пайдалану барысында біраз өзгерістерге ұшырайды: судың температурасы жоғарылағанда көлемі ұлғаяды, ал төмендегенде көлемі азаяды. Сәйкесінше ішкі гидравликалық қысым өзгереді. Бірақ бұл өзгерістер жылыту жүйесінің жұмысына, әсіресе, ондағы элементтердің төзімділігіне зиянды әсерін тигізбеуі қажет. Сондықтан, жылыту жүйесіне тағы бір қосымша элемент – кеңейту ыдысы орнатылуы мүмкін.

Кеңейту ыдысының негізгі қолданылу мақсаты - жүйедегі су қызған кезде көлемінің ұлғаюы нәтижесінде пайда болатын артық суды қабылдау. Бұл кезде жүйеде белгілі бір гидравликалық қысым болады. Сонымен қатар, кеңейту ыдыс жүйеден шамалы мөлшерде су жоғалатын болса немесе су температурасы төмендегенде су көлемі азаятын болса, жеткіліксіз судың орнын толтыруға арналады. Жылыту жүйелерінде кеңейту ыдысы ретінде ашық немесе жабык кеңейту бактері қолданады.

Ашық кеңейту бак жылыту жүйесінің ең жоғарғы нүктесінде шардақ бөлмеде немесе баспалдақ бөлімінде оқшауландырып орналастырады

Ашық кеңейту бак арқылы артық су ағып кетеді. Кей жағдайларда ашық кеңейту багі ауа ажыратқыш және ауа әкеткіш құрылғы ретінде қолданылады.

Кеңейту бактің кемшіліктері - өте ұлкен, сондықтан ғимараттарда орналатуы қиын және жылыту жүйесінде жылу жоғалуы көп. Ашық кеңейту багі атмосферадан ауаны сорып алады, сондықтан жылыту жүйесінің болат құбырлары мен аспаптарында коррозия пайда болады.

Кеңейту багіндегі тасымалдағыштың жылуына байланысты судың қөлемі

Vt = V (1+ t) (9.1)

Жылыту жүйесіндегі судың қөлемінің өсуі тең

ΔVC = Δt VC (9.2)

мүнда Vc – жылыту жүйесіндегі бастапқы температураға сәйкес су көлемі, м3 (л), жүйедегі негізгі бөлшектеріндегі сі көлеміне байланысты анықталады; Δt – судың температурасының бастапқыдан орташа есептіге дейін өзгеруі, °С;  - судың көлемдік кеңейуінің орташа коэффициентінің мәні, қабылданады 0,0006 1/°С.

Жылыту жүйесіндегі судың жалпы қөлемі бастапқы температураға сәйкес анықталады

Vпол = Vi Qc (9.3)

мүнда Vi – жылыту жүйесіндегі бөлшектеріндегі судың қосынды көлемі, м3(л)/кВт; Qc – сумен жылыту жүйесініңесепті жылулық қуаты, кВт.

Жабық кеңейту багі –ауалық немесе газдық жастықпен герметикалы, сондықтан жылыту жүйесінің элементтерінің коррозиясын азайтады және жүйедегі қысым өзгерін кең диапазонда қамтамасыз етеді.

Жылу пунктінде орналастыратын артық қысымды реттейтін мембранасыз жабық кеңейту багінің қондырғысы келтірілген (сурет 9.3а). Кеңейту бактағы қысым арнайы компрессор арқылы қысылған ауамен (1 вариант) немесе газды баллоннан инерттық газбен (2 вариант) қамтамасыз етіледі. Компрессордың жұмысы автоматтандырылған. Сурет 9.3б-де мембранды жабық кеңейту багінің қондырғысы келтірілген, екі ортаны бөлетін-суды және инерттық газды.

Жабық кеңейту багінің толық көлемі былай анықталады

Vпол = ΔVC /((Ра/Рмин) - (Ра/Рмакс)) (9.3)

мүнда ΔVC – жүйедегі судың көлемінің көбейуі, 9.2-ші өрнекпен анықталады; Ра – бастапқы судың келу кезіндегі бактегі абсолюттік қысым; Рмин – жүйені сумен толтыру кезіндегі бактегі абсолюттік қысым; Рмакс – судың температурасы жоғарлағандағы және бакты сумен толтыру кезндегі бактегі абсолюттік қысым.

Жүйенің төменгі нүктесіндегі қысым анықталуы

Рмак=Ра+ Рраб – (ΔРн +Р1) (9.4)

мүнда Рраб - жұмыстық қысым, Па; Р1 – гидростатикалық қысым, Па; ΔРн – сорғыштың қысымы, Па.

Егер бак қайтатын құбырға айналымды сорғыштың кіретін патрубогының алдында қосылған болса, онда бактегі судың максимальды шектелген қысымы элементтердің жұмыстық қысымына байланысты қабылданады

Кәзіргіде кеңіткі бактің конструкциасы болаттан жасалған цилиндрлік ыдыс, резиналық мембрана арқылы екіге бөлінген. Бір бөлімі жылыту жүйесінің суына арналған, екіншісі қысымды инертық газбен (азотпен) толтырылады. Кеңіткі бак қазандықтың немесе жергілікті жылыту пунктінің едендерінде орналасады және қабырғаға бекітіледі. Жабық кеңіткі бактің жылу құбырларға қосылу орны жылумен қамту және жылыту жүйелерінің гидравликалық байланысын сақтау ұшін жапқыш-реттеу арматураларын орналастыру арқылы қабылданады.

Сумен жылыту жүйесіне кеңіткі бакті қосылуының ұш тәсілі болады:

  • кеңіткі бакті жоғары биікке h көтеру;

  • кеңіткі бакті 1 ең қаупті нүктеге орналастыру, жоғары өтетін магистральдың қысым зонасына қосу;

  • кеңіткі бакті қосатын құбырларын айналымды сорғыштың кіретін патрубігіне жанына қосу

Бірінші тәсіл құрылыс-сәулеттік жағынан қиыншылык келтіреді, сондықтан сәулеттік көрінісін бұзбайтын ғимараттарда қолданады.

Екінші тәсіл айналымы аудармалы жүйеде қолданады. Ағымды кеңіткі бак қайтатын магистральдың бас желісінің ең алыс жоғарғы нүктеде орналасады. Бұл жағдайда кеңіткі бак; ауа шығарғыш рөлін атқарады және тұрақты нүкте бактің ішінде.

Ұшінші тәсілмен кеңіткі бактің құбырларның қосылуы сумен жылыту жүйесіне кең қолданады(сурет 9.6в). Бұл жағдайда тұрақты нүкте қайтатын магистлаьда сорғыштың жанында болады және барлық жүйенің айналымды сақиналарына бір деңгейде болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]