- •Дәрігерлік деонтология
- •Медициналық этиканың 3 бағыты:
- •Медициналық этиканың 4 этикалық қағидасы: қайырымдылық, автономия, әділеттілік және және толыққанды медициналық көмек.
- •Дәрігер этикасының талаптары
- •Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас ережелері және модельдері
- •Дәрігер - науқас тұлға аралық қатынасының негіздері
- •Командада жұмыс істеудің принциптері, нормалары, сипаттамалары.
- •Топтық әрекет түрлері (л. Ушинский)
- •«Қазір және осы жерде» қағидасындағы қарым – қатынас
- •Командадағы жұмыс барысындағы ең маңызды мінездемелер:
- •Командадағы коммуникация.
- •Тыңдау және қабылдау шеберлігі де, хабарлама жеткізу сенімді маңызды.
- •Бағалаушылыққа беталыс.
- •Кері байланыс.
- •Топтық (командалық) рольдердің түрлері.
- •Командада шешім қабылдау әдістері.
- •Медициналық (дәрігер) қателіктер
- •Жаңа заман медицинасы
Командадағы жұмыс барысындағы ең маңызды мінездемелер:
Ойлау барысында командадағы жұмыс әлдеқайда қолайлы себебі көптің пікірі жалғыз адамның пікірінен өнімдірек. Топтағы басқа да мүшелерінен жаңа идеялар туындауы мүмкін.
Топтағы көпшіліктің қабылдаған шешімдері, команданың жалғыз мүшесі қабылдаған пікірден дұрысырақ.
Командадағы коммуникация.
Коммуникация бұл – хабаруламаларды алу және жіберудегі акт. Коммуникацияның мақсаты – ой-пікірлермен аямау (жіберу, қабылдау, талқылау ) және оны түсіну мүмкіндігі. Коммуникациядағы практика маңызды рөльге ие. Жіберілген ақпарат пен қабылданған мәліметтер екі жақтың білім деңгейін, машықтанғандығын көрсетеді. Тығыз қарым – қатынастағы өзін - өзі бағалау әдісінде, әр адамда таңдау және «Мен білмеймін» немесе «Мен түсінбедім» деп айтуға құқығы бар. Оған қоса қателесуге, сол қатемен жұмыс жасауға осы жағдайларда мен білетініме сенімді емеспін бірақ сонымен жұмыс істеп көргім келеді деуге де мүмкіндік бар.
Мұндай көз жеткізу өзін - өзі бағалауды күшейте түседі және қарым – қатынастағы қиындықтардың алдын алады. Хабарлама жіберуші хабарламаны алушыға деген жақсы көзқараста болса, қарым – қатынас тиімділігі арта түседі. Бірақ бұл әрдайым бола бермейді. Сондықтан, нашар көзқарас қалыптасқан әріптестермен қарым – қатынас орнатуда ешқандай қорқыныш жоқ екенін түсіну қажет.
Тыңдау және қабылдау шеберлігі де, хабарлама жеткізу сенімді маңызды.
Тыңдау сөйлеп тұрған адаммен әрекеттестік үдерісі. Бұл үдеріс ой - әрекетін, сөз шеберлігін, бет икемділігі, дауыс ырғағы, ишаратты қажет етеді. Бөлек, дара сөздерді емес бүтін бір ойды тыңдау маңызды.
бөгде тірліктерді ысырып қою (телефон қоңырауларына алаңдамау және т.б.)
өз эмоцияларыңды бақылау. Жиреніштік, ашу, және т.б. сезімдер тыңдау үдерісіне кедергі жасайды, қарым- қатынасты қиындатады.
Команда мүшелерінің өзін - өзі қадірлеуіне қолдау көрсету
Тілектес болу
өзіңіздің дұрыс түсінгеніңізді, әңгіменің не туралы айтылып жатқандығын тексеру (қосымша түсініктемелер сұрау)
Қарым – қатынас жақсарту барысында ұсыныстар қосу.
Тиімді қарым – қатынас орнатуға не кедергі болады?
• мезгілсіз тұжырым мен ертерек баға беру. («Сізге былай істеу керек еді...», «Сіз дұрыс айтпадыңыз...», «Сіздің міндетіңіз бұл емес» деген секілді мезгілсіз тұжырымдар тиімді қатынасты бұзады)
• Кеңес беру секілді жауап қайтару («Сізге былай ... дұрыс болар еді», «Сіз мынаныф ... істеп көрсеңіз қалай болады?», «Менің сізге берер кеңесім...») сұраған жағдайда әңгіме аяқталған соң берілген кеңес дұрысырақ.
• Басқаның білімін, тәжірибесін елемеу («Бұл дұрыс бо лмады, сіздің пікіріңіз қате», «Сіздің орныныңда мен болсам... т.с.с.) Мұндай амалдар, сөйлеп отырған адамның назарын кері аударады.
• Диогнастикалық , психоаналитикалық тәсіл. («Сіздің мәселеңіз мынада...», «Мұның себебі, сіз...» т.б.) Көпшілік адамдар өздерінің мәселесін талдағанын ұната бермейді.
• Сұраққа сұрақ ретінде жауап қайтару немесе жауапты сұрақ ретінде беру. («Неге...», «Кімге...», «Қалай...» және т.б.) Бұл қарапайым сұрақтар, бірақ кей кездерде адамды «тергеуде» отырғандай сезінуге мәжбүрлейді, сол арқылы әсерлі, тиімді қатынасқа бөгет жасайды. Мұндай сұрақтарды қосымша ақпарат үшін қолданған жөн.
• Бұйрық беру, бопсалау ретінде жауап қайтару. («Сіз мұны жасамасаңыз...», «сіз міндеттісіз...» «Тез арада кірісіңіз» және т.б.) әдетте мұндай жауаптар жағымсыз әсер тудырады.
• Дәріскерлік ықпал жасау. «Сіз қала түсінбейсіз, қазір мен сізге түсіндіремін», «Алынған деректер басқа...» және т.б.) Мұндай амалдар сөйлеушіні төмендетеді. Басқа адамдардың да дұрыс шешім қабылдайтынына сену керек.
