Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kogamdyk_otvety 21.12.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161 Кб
Скачать
☆

24. Аталған құқық бұзушылықтар тобы үшін әкімшілік жауаптылық шаралары.

25. Қоғамдық қауіпсіздіктің ұғымы және түрлері. Қылмыстық-құқықтық тиымды қолдану саласы.

Қоғамның әрбір мүшесінің өмір сүру жағдайының қауіпсіздігін және олардың қалыпты әрекетін, қоғамдық тәртіпті, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар деп аталады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстарды жасағанда зиян нақты бір адамның мүддесіне емес, қоғамдық маңызды мүдделерге — тұтастай қоғам өмірінің қауіпсіз шартты жағдайларына зиян келтіреді.

Қоғамдық қауіпсіздік адамдардың қауіпсіз өмір сүруін, бірқалыпты қызметін, радиоактивті материалдарды залалсыз пайдалану , қаруды ок-дәріні, жарылғыш заттарды, жарылғыш қондырғыларды дұрыс және қауіпсіз пайдалану. Тау кен жұмыстарын, құрылыс жұмыстарын қауіпсіз жасауды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы қатынастар қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың топтық обьектісі. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың тікелей обьектісі- адам өмірі мен оның қызметінің қауіпсіздік шарттары, адам әрекетінің түрлі саладағы қауіпсіздігі болып табылады. Қосымша тікелей обьектісі адам денсаулығы. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарды обьективті тұрғыда әрекет не әрекетсіздік негізінде сипатталады. Көптеген қылмыстар құрамы жағынан формальды және материалды. Қоғамдық тәртіп — бұл адамдардың, мекемелердің, кәсіп орындардың, ұйымдардың қалыпты әлеуметтік-пайдалы қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жүйесі. Қоғамдық тәртіп құқықтық нормалар кешенімен бірге өмір сүру, адамгершіліқ әдет-ғұрып және т.б. ережелермен орнатылады.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

  • 1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);

  • 2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);

  • 3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);

  • 4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

26. Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстарға жалпы сипаттама, олардың жүйесі.

Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қол сұғатын барлық қылмыстарды мынадай топтарға бөлуге болады:

  • 1) қоғамдық кауіпсіздікке қарсы қылмыстар (терроризм, кепілге адам алу, бандитизм және т.б.);

  • 2) қоғамдық тәртіпке карсы қылмыстар (бұзақылық, тағылық және т.б.);

  • 3) әр түрлі өндіріс қызметіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (кен өндіру немесе құрылыс жүргізген кезде қауіпсіздік ережелерін бұзу);

  • 4) қауіпті заттарды қолдану ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар (қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру, қаруды заңсыз жасау, қаруды ұрлау не бопсалау және т.б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]