- •9. Аталған құқық бұзушылықтар тобы үшін әкімшілік жауаптылық шаралары.
- •13. Аталған құқық бұзушылықтар тобы үшін әкімшілік жауаптылық шаралары.
- •12. Карантиндік ережелер мен мал дәрігерлік қадағалау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың түсінігі және құрамы.
- •17. Аталған құқық бұзушылықтар тобы үшін әкімшілік жауаптылық шаралары.
- •21. Аталған құқық бұзушылықтар тобы үшін әкімшілік жауаптылық шаралары.
- •24. Аталған құқық бұзушылықтар тобы үшін әкімшілік жауаптылық шаралары.
- •Терроризм
- •Террорлық әрекет туралы көрінеу жалған хабарлау
- •3.2. Бұзақылық қылмысы
- •3.1 Жаппай тəртіпсіздік қылмысы.
- •3.3. Тағылық қылмысы
3.3. Тағылық қылмысы
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258-бабында
тағылық үшін қылмыстық, жауаптылық белгіленген. Осы бапта:
"тағылық, яғни ұйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен
немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын
өзге де іс-əрекеттермен қорлау, сол сияқты көлікте немесе өзге де
қоғамдық орындарда мұлікті қасақана бүлдіру" деп оған анықтама
берілген. Бұрынғы Қылмыстық кодекс бойынша мұндай əрекеттер
бұзақылықтан өзгешелігі сол, тағылықты құрайтын қылмыс
құрамының əрекеттері қоғамдық адамгершілік жəне эстетикалық
нормаларды бұзу арқылы жұзеге асырылады, тағылық қоғамдық
тəртіпті бұзумен ұштаса.
Тағылықтың объектісі - қоғамдық тəртіп, қосымша тікелей
объектісі адамгершілік нормалары болады.Объективтік жағынан
бұзақылық қоғамдық тəртіпті өрескел бұзумен, қоғамды көрінеу
қадірлемейтін əрекеттермен ұштасса, ал тағылықтың объективтік
жағы ұйлерді немесе өзге де ғимараттарды жазулармен,
суреттермен немесе қоғамдық адамгершілікті қорлайтын іс-
əрекеттермен, сол сияқты көлікте немесе өзге де қоғамдық
органдарда мұлікті қасақана бүлдіру арқылы сипатталады. Əдетте
бұлар порнографиялық суреттер салу, əдепсіз, ұятсыз сөздер жазу
арқылы жасалады. ¤лгендердің мəйіттерін жəне олар жерленген
жерлерді, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге немесе оларды
еске алуға байланысты рəсімдер өткізуге арналған зират ұйлерін
жою, бүлдіру немесе аяққа басу əрекеттері ұшін жауаптылық
Қылмыстық кодекстің 275-бабыңда арнайы көзделген.
Тағылық қылмысы формальдық - материалдық құрамға
жатады. Қылмыс кейбір реттерде занда көрсетілген əрекеттерді
жұзеге асырған уақыттан бастап, ал басқа жағдайларда істелген іс-
əрекеттерден материалдық залал келтірілген уақыттан бастап
аяқталған деп табылады. Субъективтік жағынан тағылық қылмыс
тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам ұйлерді, ғимараттарды
қорлағанын қылмыстық тікелей объектісі. Қылмыстың заты жаппай
зақымдау қаруын, қару-жарақ жəне əскери техника жасау ұшін
қажетті технологиялар, ғылыми-техникалық ақпарат жəне қызмет
көрсетулер болып табылады.
258-бап Тағылық
Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен,
немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте
немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз
жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты
айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын шектеуге жазаланады.
