Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ШАЙМЕРДЕНОВА АЙЖАНА СРС бластомаға қарсы заттар...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173 Кб
Скачать
☆

Антиметаболиттер

Бұл топтың препараттары табиғи метаболиттердің антагонисі болып табылады. Ісік аурулары болғанда негізінен келесі дәрілік заттар қолданылады.

Фоль қышқылының антагонисттері

Метотрексат (аметоптерин)

Пеметрексид (алимта)

Пурин антагонистері

Меркаптопурин (леупурин, пуринетол)

Флударабин фосфаты (флудара)

Пиримидиннің антагонисттері

Фторурацил (флуороурацил)

Фторафур (тегафур)

Цитарабин (цитозар)

Капецитабин (кселода)

Гемицитабин (гемзар)

Антиметаболиттер табиғи метаболиттерге тек химиялық құрылысы бойынша ұқсас, бірақ олармен бірдей емес. Осыған байланысты, олар нуклеин қышқылы синтезінің бұзылуына әкеледі. Бұл ісік жасушаларының бөліну үдерісіне теріс әсер етеді және олардың өлуіне әкеледі.

Антиметаболиттер ДНҚ синтезінің әр түрлі кезеңдеріне әсер етеді. Мысалы, метотрексаттың бластомаға қарсы әсер механизмі – дигидрофолатредуктазаны, сондай-ақ тимидилсинтетазаны тежеу. Бұл пуриннің және тимидиннің түзілуін бұзады, нәтижесінде ДНҚ синтезі тежеледі. Меркаптопурин, сірә, пуриннің полинуклеотидтерге кіруін т оқтатады. Фторурацил нуклеотидтердің немесе тимидиннің синтезін және олардың ДНҚ-ға кіруін бұзады деп есептейді. Ісік жасушаларында фторурацил тимидилсинтетаза ферментінің тежегіші болып табылатын 5-фтор-2-дезоксиуридин-5-монофосфатқа айналады.

Фолий қышқылының антагонисті метотрексатты және пуриннің антагонисті меркаптопуринді негізінен жіті лейкозды емдеуде тағайындайды. Аталған патологияда метотрексат негізінен балаларда, ал меркаптопурин – ересек адамдарда да тиімді. Сонымен қатар, меркаптопурин және әсіресе метотрексат жатырдың хорионэпителиомасында зор жетістікпен қолданылуда. Метотрексатты бірқатар шынайы ісіктерде де, мысалы сүт безі обырының жұптасқан химиятерапиясында қолданады.

Жіті лейкоздарды емдеген кезде жалпы жағдайының және гематологиялық көрінісінің жақсаруы біртіндеп жүреді. Ремиссияның ұзақтығы бірнеше айларға созылады

Препаратты ішке қабылдайды. Метотрексат парентеральді енгізу үшін де шығарылады.

Метотрексат көбіне өзгермеген түрде бүйрек арқылы бөлінеді. Организмде препараттың жартысы ұзақ уақыт бойы (айлар) іркіледі. Меркаптопурин бауырда химиялық өзгерістерге ұшырайды, зәрде оның метаболиттері анықталады.

Препараттың жағымсыз әсері қан түзудің тежелуімен, лоқсу, құсумен көрінеді. Бірқатар науқастарда бауыр қызметінің бұзылуы болады. Метотрексат асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығын зақымдайды және конъюктивит дамуына әкеледі.

Пуриннің антагонисті флударабин фосфаты (флудара) негізінен созылмалы лимфоцитарлық В-жасушалы лейкозда және ходжкиндік емес қатерлігі аз дәрежелі лимфомада пайдаланылады.

Пиримидиннің антагонисті фторурацил бластомаға қарсы әсер ету спектрі бойынша метотрексат пен меркаптопуриннен ерекшеленеді. Егер соңғылары негізінен жіті лейкозда тиімді болса, яғни, гемиобластозда, ал фторурацилді шынайы ісіктерде қолданады. Оны асқазан, ұйқы безінің және тоқ ішек обырында, сүт безі обырында тағайындайды. Науқастардың жартысында фторурацил ісіктің уақытша регрессиясын қамтамасыз етеді.

Препарат көк тамырға енгізіледі, себебі ол асқазан-ішек жолдарынан нашар сіңеді. Фторурацил бауырда химиялық өзгерістерге ұшырайды. Түзілген метаболиттер бүйрек арқылы шығады.

Препараттың уыттығы өте жоғары. Жанама әсерлерінен ең қауіптісі қан түзілудің айқын тежелуі және ас қорыту жолдарының ойық жаралар түрінде (стоматит, энтерит) зақымдалуы. Сонымен қатар, тәбеттің бұзылуы, лоқсу, құсу, диарея болады. Сондай-ақ, шаштың түсуі. Тырнақтың зақымдалуы, дерматит байқалады.

Фторурацил тек көк тамырға енгізілетіндіктен, энтералды енгізу үшін капецетабин (кселода) ұсынылған болатын. Бұл дәрі алдындағы дәрі, одан ісік тінінде тимидинфосфорилазаның ықпал етуінен 5-фторурацил босап шығады. Бұл кезде, соңғының жүйелік әсері аз дәрежеде айқындалған. Капецитабин сүт безінің және тоқ ішектің обырында қолданылады.

Гемицитабин өкпенің ұсақ жасушалы емес обырында және қуық обырында қолданылады.

Пиримидиннің фторлы туындысы фторафурдың да фторурацилге ұқсас қасиеті бар. Оның фторурацилге қарағанда уыттығы біршама аз.

Оны сүт безінің обырында, тік ішек және тоқ ішек обырында және асқазан обырында қолданылады.

Антиметаболиттерге цитарабин (цитозин-арабинозид) де жатады, оны жіті миелоидты және лимфоидты лейкемияларда қолданады.