- •1.4.1 Темірді құрайтын каталитикалық қоспалар
- •Тәжірибелік бөлім
- •Шығатын заттар мен реагенттер
- •270°С-қа дейін фракция
- •Біріншілік тас көмір шайырын кавитационды өңдеуді жүргізу әдістемесі
- •2.4 Гидрогенизаттың хромато-масс-спектрометриялық анализінің әдістемесі
- •(Feooh, Fe(oa)3, Fe3o4)темір негізінде нанокатализаторлардың синтезі
- •2.5.1 Fe(oa)3, нанокатализаторының синтезі
- •2.5.2 Fe3o4нанокатализаторының синтезі
- •Тшп фракциясынан жалпы фенолдарды экстракционды оқшаулау
- •3 Нәтижелер мен олардың талқылануы
- •Қорытынды
Қорытынды
Жоғары эффективті катализаторларды таңдауға арналған ғылыми-зерттеулік жұмысты жүргізу нәтижелері бойынша келесі шешімдер жасалды:
1.Синтезделген нанокатализатор ẞ-FeOOH, Fe(OA)3, Fe3O4 бөлшектерінің өлшемдері NanoS90 бөлшегі өлшемінің лазерлі анықтауыш көмегімен анықтады. Темірдің нано бөлшек өлшемі құрады: Fe(OA)3- 10-20нм; Fe3O4 5-15 нм; ẞ-FeOOH-90-100 нм.
2. ẞ-FeOOH, Fe(OA)3, Fe3O4 синтезделген нанокатализаторлардың рентгенфазалы талдауы жүргізілді. Талдауды Philips X҆҆҆ Pert PRO MRD төрт кристаллды дифрактометр көмегімен жүргізді.Алынған нанокатализаторлар үлгісін рентгенфазалы талдаумен Philips X҆҆҆ Pert PRO MRD дифрактометр көмегі арқылы зерттеді.
3. ẞ-FeOOH, Fe(OA)3, Fe3O4синтезделген нанокатализаторларды қолданумен кузнец көмірі гидрогенизациясын жүргізуде, аса белсенділікті ẞ-FeOOH катализаторы көрсетті. Гидрогенизация процессінде, сұйық өнімдердің шығысы 59,0% құрайды, көмірдің органикалық массасының конверсия сатысы 73%, ал газ тәрізді өнімдердің шығысы 14,1%.
4.Мүмкін болатын әдістердің есебіне негізделе отырып, тәжірибені детерминді жоспарлауда, БТШ-нан фенолдардың экстракция процессін жүргізудің оптималды параметрері анықталды: температурасы -70°С, экстракция ұзақтығы-10 мин, шайырға экстрагенттің қатынасы -2,0:1. Бұл жағдайда БТШ фракциясының (175°) фенолсыздануының жоғары дәрежесіне жетеді. ХМС талдауы бойынша фенолдардың құрамы 4,186%-тан 2,22%-ге дейін немесе шығатын шайырға 54,21% болады.
Қойылған тапсырмалардың шешімінің толықтығын бағалау. Алынған және талданған нәтижелер, зерттеулер мен заманауи физико-химиялық әдістер көмегімен алынған мәліметтермен дәлелденген,ол теориялық және тәжірибелік жағынан маңызды болып табылады.
