Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Diplom (1).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
206 Кб
Скачать
☆

Сурет 9 Мақсатты пирамида

Мақсаттардың мазмұнына байланысты ғалымдар қонақ үй шаруашылығыдарды монетарлы – ақшамен өлшенетін мақсаттар және монетарлық емес - әлеуметтік, қауымдық, әдептілік мақсаттар түріне бөлді. Кез-келген қонақ үй шаруашылығы мақсаттармен өзара байланысты. Мақсаттар арасындағы байланыстар көлденең, тік, толықтаушы, бәсекелес болуы мүмкін. Мақсаттар бәсекесі жүйе түрінде көрсетілуі мүмкін: пайда - әлеуметтік қорғаныс; өтімділік – рентебельділік; жаңа технологиялар - экологиялық жауапкершілік; өзіндік мақсаттар - қонақ үй шаруашылығының мақсаттары; өндіріске бет ұстау - адамдарға бет-бұрыс.

Бұл қарама-қайщылықтардан олардың бірлігіне сүйене отырып пайданы алу керек.

Іскерлік белсенділік ілімнің мәні. Қонақ үй шаруашылығыды басқару ғылымы шаруашылық әрекет ету ілімімен қонақ үй шаруашылығының іскерлік белсенділік қағидасы арасында ешқандай айырмашылықты ажыратпайды. Бұны миссия және қонақ үй шаруашылығының философиясы, философия және қонақ үй шаруашылығының саясаты, басшы, басқарушы немесе менеджер, экономика және қонақ үй шаруашылығыды басқару қатынастары туралы да айтуға болады. Соңғысы мамандық пен біліктіліктің бірігуіне әкелді - экономист-менеджер. Терминологиядағы шатыс тәжірибеде қиыншылықтарды әкелмейді және даму темпін куаландырады [22].

Терминдердің біртекті емес түсіндірмесі өндірістік тәжірибенің ғылымды оқумен түсіндіріледі. Американдық әдебиеттерде іскерлік белсенділік ілімі немесе қонақ үй шаруашылығы философиясы менеджменттің ажырамас бөлігіне айналды. Германияда бұл түсініктер тек 90-шы жылдарда ғана пайда болды. Ал Қазақстанда менеджмент қалыптасу кезеңінде және мұнда тәжірибе ғылымның ұсыныстарынан қалып келеді.

Іс-әрекеттерді орындау және шешім қабылдау, жоспарды дайындау кезіндегі құндылықтар мен негізгі ережелерін енгізетін қонақ үй шаруашылығының іскерлік белсенділік ілімін талдау қонақ үй шаруашылығының өзінің өмір сүруіне байланысты болады.

Жалпыға ортақ құндылықтары жоқ қоғамда әр қонақ үйге өзінің іскерлік белсенділік қағидаларын анықтау керек. Мұндай қағидалар дінге, мәдениетке, өмірдің сапасы мен мәніне бағытталған. Қонақ үй шаруашылығы әрқашанда белгілі бір әлеуметтік ортада болады. Оның өзі адамдардан тұрады, олардың өздерінің өмірлік қағидалары, көзқарастары, құндылықтары және мақсаттары бар. Патриархалды басқару стилді кәсіпкерлердің классикалық типі, батыс ғалымдарының айтуы бойынша, сирек кездесе бастайды. Қазіргі кезде орта және ірі қонақ үй шаруашылықтары даму үстінде, оларды басқаруды бір және бірнеше менеджерлер атқарады. Демек шаруашылық жүргізу қағидалары иелердің және жалдамалы персоналдың көзқарастары есептегенде қалыптасады.

Қонақ үй шаруашылығы менеджерінің этикасы қандай?

Қонақ үй шаруашылығыда қандай стиль тиімді болып саналады?

Қандай нормалар жеке адамдар арасындағы коммуникацияны анықтайды?

Адамдар мен өндіріс қызығушылығының арасы қандай?

Осындай сұрақтардың жауабы қонақ үй шаруашылығы философиясының, оның іс әрекетін құрайды, және басқару деңгейінің барлығының іс-қимылы негізінде болуы тиіс. «Сенімді жоғалтқанша ақшаны жоғалтқан артық» - осы девизді көптеген қонақ үйлер ұстанады. Іскерлік қабілеттілік концепциясы қызметкерлердің сенімділігін жаулап алу және сақтауға бағытталған.

Қызметкерлер, акционерлер және меншік иелерінің қызығушылықтары. Акционерлер мен меншік иелері қонақ үй шаруашылығына қатысы бойынша оның инвесторлары болып табылады. Олардың қызығушылығы фирма табыстылығымен тығыз байланысты. Бұл қызметкерлерге де қатысты. Сондықтан осы концепцияның бөлімі өте маңызды. 90-шы жылдары әлеуметтік нарықтық экономикадағы қонақ үй шаруашылығының неғұрлым маңызды қағидаларына жататындар:

1) қызметкерлердің жауапкершілін және белгіленген тәртіпке бағыну;

2) қызметкерлерге, өндіріске қамқор болу басымдылығы;

3) қонақ үй шаруашылығы мақсаттарына сәйкес басқару;

4) жалпы нәтижеде әрбір жұмыс істеушінің бөліктік қатысуын міндетті белгілеу;

5) этикалық міндеттер мен бақылау міндеттілігі.

Қызметкерлерге қатысты міндеттемелер бойынша келесі позициялар көрінеді: еңбек шарттары мен төлем ақы, жұмыс орнының кепілі, пайдада табуға қатыстылығы, әлеуметтік жеңілдіктер, біліктілікті жоғарлату мүмкіндігі, карьера жасау, басқарудың келісімділік стилі негізіндегі белгіленген бостандық, шешім дайындауда қатысу, еңбектік ұжымның өзін-өзі басқару бастамасын дамыту. Бұндай міндеттемелер бір жақты болмауы тиіс, сондықтан онда қонақ үй шаруашылығыың жұмыскерлерге артатын міндеттері де көрінеді. Бұл міндеттемелер іскерлік қабілеттілік тұжырымдамасының нақты бөлігін, оның бір орталық кезеңі болып табылады.

Инвесторларға (акционерлер мен меншік иелері) қатысты міндеттемелер қонақ үй шаруашылығының менеджерлік жағынан түрлі ақпараттар жеткізу мен салынған капиталға есептелетін пайыздық келісілген көлемін қамтамасыз етуді талап етеді.

Қонақ үй табысы оның клиенттеріне де байланысты болады. Олар іскерлік серіктес тобында маңызды болады және онда қонақ үйдің іскерлік міндеттемелерімен байланысты жабдықтаушылар мен қонақ үй шаруашылықтары жатады.

Қонақ үйдің серіктесіне қатысты тек қана экономикалық емес, психологиялық қағидамен де басқарылады, мысалы, ешбір жабдықтаушыны артық көрмеу міндеттемесі.

Іскерлік қабілеттілік тұжырымдамасын іске асыру. Бұндай тұжырымдама мазмұны мен оларды іске асыру механизмі меншік формасы (жеке меншік, коммуналдық) мен шаруашылық (шағын қонақ үй шаруашылығы, акционерлік қоғамдар) формасына байланысты.

Нарықтық экономика елдердің экономикалық жүйелерінде кәсіпкерлік қызмет меншікпен заңдастырылған, яғни қонақ үй шаруашылығы иесі оны толық иеленіп, пайдаланады. Меншікке құқық пен менеджмент бір қолда болатын қонақ үй шаруашылығында іскерлік қабілеттілік қағидасы олардың иесі, яғни кәсіпкерлердің еркі мен құндылық көзқарасын көрсету арқылы болады. Бұндай фирмаларға, олар шағын және орта бизнес, өзінің іскерлік қабілеттілік тұжырымдамасын өздері іске асыратын кәсіпкерлердің қағидалары мен моральді белгілеріне ие болады. Бұндай тұжырымдамалар жиі нақты сипатқа ие болмайды. Бұл ерекшелік халықаралық сипатқа ие.

Қонақ үй шаруашылығы қаншалықты ірі болса, оның тиімділігі үшін жауап беретін менеджерлер саны соншалықты көп және қызметкерлер мен жеке кәсіпкерлер арасындағы тікелей қарым-қатынастар үшін мүмкіндіктер соншалықты аз болады. Осы жағдайда қонақ үй шаруашылығыды акцияландырумен байланысты шаруашылық жүргізу нысаны көмекке келеді.

Акционерлік қоғамда меншік иелері басқарманы басқарып, ол үшін қонақ үй шаруашылығында бұйрық беру құқығына ие бола алатын, бірақ билеу және пайдалану құқығы меншік иесінде қалатын менеджерлерді - тұлғаларды жалдайды. Дегенмен, уәкіллеттерді осылай басқарып, осы принципті ұстаушылар және атқарушылар санынан қызметкерлер қатарынан меншік иелері акционерлерді шығармайды. Қазіргі қонақ үйлер кооперативті басқару стилін тәжірибелейді. Бұндай жағдай көп жағдайда фирма имиджн зерттеу және құрастыру бойынша эксперттің қатысуымен жобалау бөлімін құруын және құрау қағазы, дуалды менеджмент принцптері және модернизациялау негізінде жүзеге асу жолдарын болжайды.

Шаруашылық принциптері мен іскерлік белсенділік тұжырымдамасын жүзеге асыру, кадрлық реттеу процесінде, лидерлік стильдің өзгеруінде инвесторлар мен қызметкерлердің қатысуымен болады. Тұлға ресурстары толық пайдалануы мүмкін сол жағдайда, егер қонақ үй шаруашылығы басқармасы қызметкерлерге адамгершілікпен қатынысса және олардың маңыздылығын шағылыстыратын адамгершілік сала байқаса.

Біздің қеңес беру қызметтеріміз алдыңғы қатарлы жоғары білікті қызметкерлерге жүктеледі. Біз клиенттеріміз үшін сенімді әріптес болуды қалаймыз. Әрбір ішкі және сыртқы қызметкері өз міндетін атқара отырып, клиентке қызмет етеді. Біздің қызметіміз бюрократиялық процедуралардан жеңіл және құны бойынша тиімді болуы үшін, өз әкімшілігіміздің жұмысын жетілдіреміз. Алдағы дамуға дайын және инновацияға қабілетті болу үшін, білімімізді жоғары деңгейде ұстаймыз.

Біздің қонақ үйдегі микроклимат ашықтылық, көрнектілік негізде барлық қызметкерлер арасында сенімді қарым-қатынас қамтамасыз етуі қажет. Біздің біріккен жұмыс ережелерімен танысу үшін сипатталады және өткізіледі.

Бизнесіміздің болашағы, қызметкерлеріміздің жұмыс нәтижесіне тәуелді. Сондықтан, өте жақсы нәтижеге жету үшін бағытталған. Олардың жеке қабілеттілігінің дамуына атсалысамыз. Қонақ үй шаруашылығының дамуына үлкен мән береміз, яғни интенсивті білім беру, біліктілігін жоғарлату т.б. Кадрлық саясат қызметкерлерімізге түсінікті болуы тиіс.

2.

«Алатау» қонақ үйінің мысалында персоналды басқаруды талдау

2.1.

«Алатау» отелінің толық сипаттамасы мен менеджмент жүйесін зерттеу

«Алатау» қонақ үйі – Астана қаласында орналасқан орталық қонақ үйлердің бірі. Қонақ үй қаланың ортасында, әкімшілік және іскери орталықтарға жақын жерде орналасқан. Мекен жайы: Астана қаласы, Бурабай көшесі 9 үй. «Алатау» қонақ үйінің 3 қабатты ғимараты келушілерге техниканың соңғы үлгісімен қамтамасыз етілген 50 жайлы номер ұсынады.(Қосымша А). Қонақ үйдің 1 қабаты әкімшілік қабат, ал қалған 2-3 қабаттар тұрғын номерлерден тұрады. Қонақ үйдің бөлмелері бір, екі және үш орындық бөлмелер болып бөлінеді. Қонақ үйде 22 қызметкер жұмыс жасайды.

Әр қабатта қонақтарға арналған зал бар. Бұл залдарда демалып, іскери келіссөздер жүргізуге болады. Әр қабатта демалыс бөлмелері орналасқан. Барлық қалаушыларға мейрамхана және бар, сонымен қатар, банкеттік холлдар үнемі ашық болады. Тамақтану орындарында сусындардың, Европалық және Азиялық асхананың суық және ыстық тағамдарының көптеген түрлері бар, және қонақтың кез келген талғамына жауап бере алады. Сонымен қатар асты бөлмеге тапсырыс беріп, тамақтануға да болады.

Қонақ үйдің жабдықталуы:

  • “Алатау” кафесі;

  • Бизнес-орталық;

  • Конференц-зал;

  • Сұлулық салоны;

  • Прачечная және химчистка;

  • Сауна және бассейн;

  • Ойын автоматтары;

  • Сувенир дүкені; (Қосымша С)

Бірінші қабатта орналасқан “Алатау” кафесі европалық және шығыс асханасының тағамдарын ұсынады. Әр таң сайын мейрамханада швед үстелі қонақтарға салаттардың, ыстық тағамдар мен сусындардың оннан астам түрлерін ұсынады. “Алатау” мейрамханасында 30 орындық банкеттер мен бизнес-ланчтар өткізуге болады. (Қосымша Б).

“Алатау” бизнес-орталығы тұрғындарға өз мәселелері мен іскери сұрақтарын қонақ үйден шықпай шешуге жол береді. Қонақтардың жайлылығы үшін көшірме орталығы және интернет тәулік бойы қызмет етеді. Қажет болған жағдайда компьютерде жұмыс істеп, факс пен почтаны қабылдап және жіберуге болады. Шаршаған және қарбалас күндерден соң саунаға немесе түнгі клубқа барып демалуға болады. Қонақтарды финдік-шығыс моншасына шақырады. Бұл жерде жаныңызға жайлы рахатпен демалатыныңызға кепілдік береді. Моншада массаж кабинеті бар. Екінші қабатта, сонымен қатар, шаштараз орналасқан. Егер де қонақтардың қымбат заттары болса, оларды орналастыру қызметінде сейфте сақтауға болады.

Қонақ үйдегі қызмет көрсетуші персоналдар.Қонақ үйдің қызмет ету құрамы қонақ үй кешенімен, көлемімен, ерекшелігімен, орналасқан жерімен және тағы басқа ерекшеліктерімен анықталады. «Алатау» қонақ үйіндегі қызмет көрсетуші персоналдар мыналар:

  • Басқарушы (администратор)

  • Бухгалтер

  • Қызметші/кір жуушылар

  • Аспазшы

  • Официант

  • Электрик

  • Инструктор (фитнес, бассеин)

  • Ойын автоматтары қызметкерлері

  • Моншашы

Қонақ үйдің қызметкерлері арнайы форма киіп жүреді. Қабылдау және орналастыру қызметкерлері мен портье ақ жейде, қара шалбар, жейде сыртынан жасыл түсті күрдеше киеді. Күрдешеде қазақы оюлар салынған. Ал тазалаушылар жұмыс істегенде ыңғайлы болатындай, өздерін еркін сезінетін форма киеді. Формалары ақ пен көк түсті болады. Ал бригадирлер көк немесе жасыл түсті форма киеді.

Қонақ үй қызметтері:

  • Тәулік бойғы қауіпсіздік қызметі;

  • Портье қызметі;

  • Бизнес орталық қызметтері;

  • Такси жалдау қызметі;

  • Орналастыру қызметі;

  • Брондау бөлімінің қызметтері;

  • Сұлулық салонының қызметі;

  • Әуекасса қызметтері;

  • Кір жуу қызметі;

  • Киім тазалау қызметі.

Қонақ үйде қауіпсіздік қызметі тәулік бойы жұмыс істейді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етушілер қонақ үй кешенінде мекендейтін қонақтардың қауіпсіздігімен қатар, жұмыс атқаратын қызметкерлердің де қауіпсіздігін бақылайды. Қауіпсіздік қызметі техника-инженерлік қызметпен және басқа да қызметтермен тікелей байланысты. Техника-инженерлік қызметпен байланысына келетін болсақ, қонақ үй ғимаратын толығымен қоршап жатқан және әр қабаттағы бақылау камералары, өртті-гигиеналық қауіпсіздік және көліктердің қауіпсіздігі жатады.

Орналастыру қызметінің жұмысына келген қонақта бүкіл қонақ үй кешені туралы алғашқы сипат құрастырылады.

Бұл бөлімнің бас менеджерлері келген қонақтармен сұхбат жасай отырып, орналастыру мерзімі, номер бағасы, төлем ақының көлемі мен тәсілі сияқты мәселелерді шешеді. Тіркеу барысында алдын-ала брондау және орналастыру сипаты қонаққа сай болуы қажет. Брондау қызметі де тәулік бойы қызмет атқарады.

Сұлулық салоны қонақ үйдің бірінші қабатында орналасқан және арендаға өткізілген. Онда шаштараз, маникюр, педикюр сияқты көптеген қызметтер көрсетіледі.

Қонақ үйде қосымша кір жуу цехінің қызметтері көрсетіледі:

  1. Жеке киімдерді жуу;

  2. Жеке киімдерді үтіктеу;

  3. Жеңіл-желпі жөндеу: заттарды қалпына келтіру (юбка, шалбар белдігі, юбкалар, көйлектер етегі, шалбарлар, юбкалар, көйлектерді қысқарту, таспалы немесе таспасыз шалбарларды толығымен жөндеуден өткізу).

  4. Шалбар, юбка, көйлектерге молния тігу;

  5. Сырт киім, пиджак, блузкалардың етегі мен жеңін қысқарты, қалпына келтіру;

  6. Тюльге таспа тігу;

  7. Түймелер қадау;

  8. Жейде, шұлық, іш киімдерді күрмеу.

Қонақ үйдің әрбір номері келесілермен қамтамасыз етілген:

  • Санузел және душ кабинасы;

  • Кондиционер;

  • Спутникті теледидар;

  • Халықаралық байланыстағы телефон;

  • Тоңазытқыш;

  • Мини-бар (алкогольді және алкогольсіз сусындардың көптеген түрлері, суық закускалардан тұрады);

  • Интернет желісіне шығуға мүмкіндік бар.

“Алатау” қонақ үйінде номерлердің келесідей түрлері бар:

  • Стандарт: бір орындық, тұрғын және ванна бөлмесінен тұрады;

  • Жартылай люкс: екі бөлмелі екі орындық, ұйықтайтын, тұрғын және ванна бөлмелерінен тұрады;

  • Люкс: үш бөлмелі екі орындық, ұйықтайтын, тұрғын және ванна бөлмелерінен тұрады.

«Алатау» қонақ үйіне қонақтар көптеген, әр түрлі елдерден келеді. Олардың көбі іскери мәселелерді шешу үшін немесе кәсіби мақсатта келіп қонады. Қонақ үйдің негізгі мәселесі – ол техникалық жағдайы болып табылады. Кризистік жағдайға байланысты қонақ үйдің техникамен жабдықталуы төмен. Құрылғылардың көпшілігі ескі.

2.2.

Отельдің қаржылық-экономикалық қызметін және персоналын талдау

«Алатау» қонақ үйінің басқа бәсекелес қонақ үйлерден артықшылығы, іскер адамдарға қызмет көрсетуінде, отырыстарды, конференцияларды әлемдік деңгейге сай өткізе алатынында:

  • жаңа техникалық құралдармен жабдқталынған (синхронды аудару үшін конферец-жүйесі, "қыс-жаз" типті кондиционерлер, аудио және видео саймандар);

  • икемді жеңілдіктер қолдану;

  • жоғары қызмет көсету сервисі (кофе-брейк, банкет-фуршет және т.б.);

Осының бәрі бәсекелес қонақ үйлермен салыстырғанда өте жоғары сапада көрсетіліп, қонақ үйді нарықта алдыңғы қатарлы орынды иемденуге жағжай жасайды.

Кәсіпорын өз қызметін дамыту мақсаты бар. Болашақта филиал, өкілдіктер ашып перспективалық даму жоспарларын жасауда. Ендігі кезекте кәсіпорынның қазіргі кездегі кәсіпорынның экономикалық даму деңгейін анықтайық.

Экономикалық тиімділік - жұмсалған ресурстарға қатысты алынған нәтиженің арақатынасымен сипатталатын экономикалық қызметтің бағалау көрсеткіштері

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына ерекше көңіл бөлінеді. Осы талдау арқылы кәсіпорынның даму перспективасын анықтауға болады. Қаржылық істің мақсаты қаржылық ресурстарды өндірісте тиімді пайдалануды және максималды пайда алуды көздейді.

Экономикалық тиімділік көрсеткітері: шығындар, пайда, өзіндік құн, өнімнің бағасы және басқалары арқылы анықталады.

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық мақсаттылығы табыс алумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттік көрсеткіші – бұл табыстар сомасы.

Табыстар мен шығындар туралы есеп бухгалтерлiк есептiң №3 стандартына сәйкес анықталады. Бұл есепте кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жинақталып, жалпы табыс, негiзгi қызметтен табыс, негiзгi емес қызметтен табыс, таза табыс түрiнде бейнеленедi. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады: өнімді өткізуден түскен табыс, жалпы пайда, қаржыландырудан табыстар, үлестік қатысу тәсілі бойынша есептелетін ұйымның пайда мен шығын үлесі, жалғаспалы қызмет кезеңі үшін пайда (залал), тоқтатылған қызметтің пайдасы (залал), салық салғанға дейінгі пайда (залал), азшылықтың үлесін алып тастағанға дейінгі кезең үшін қорытынды пайда (залал), азшылықтың үлесі, кезең үшін қорытынды пайда (залал), акция үшін пайда.

Рыноктық экономика жағдайында табыс рөлі 2 функцияны атқарады: мемлекеттік бюджет табыстарының көзі; кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстар дегеніміз – қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі.

Табыстар мен шығындар туралы есеп бухгалтерлiк есептiң №3 стандартына сәйкес анықталады. Бұл есепте кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi жинақталып, жалпы табыс, негiзгi қызметтен табыс, негiзгi емес қызметтен табыс, таза табыс түрiнде бейнеленедi. Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады: өнімді өткізуден түскен табыс, жалпы пайда, қаржыландырудан табыстар, үлестік қатысу тәсілі бойынша есептелетін ұйымның пайда мен шығын үлесі, жалғаспалы қызмет кезеңі үшін пайда (залал), тоқтатылған қызметтің пайдасы (залал), салық салғанға дейінгі пайда (залал), азшылықтың үлесін алып тастағанға дейінгі кезең үшін қорытынды пайда (залал), азшылықтың үлесі, кезең үшін қорытынды пайда (залал), акция үшін пайда.

Рыноктық экономика жағдайында табыс рөлі 2 функцияны атқарады: мемлекеттік бюджет табыстарының көзі; кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму көзі. Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Кесте – 4 Қаржылық табыстары мен шығындарын талдау, мың тенге

Көрсеткіштер

2013ж

2014ж

Өзгерісі

+,-

Банк депозиттері бойынша пайыздық табыстар

1487411

1687410

199999

Қаржылық табыстар –барлығы

1487411

1687410

199999

Қаржылық шығындар-барлығы

273280

484908

211628

4 Кесте бойынша келесі қорытынды жасауға болады: соңғы екі жыл ішінде компанияның банк депозиттері бойынша пайыздық табыстары көлемі 199999 мың тенгеге өскен. Қаржылық шығындар көлемі 211628 мың тенгеге өскен.

Еңбек жайлы есеп беруде көп салалы қызмет атқаратын кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлерін негізгі қызмет атқаратындар және негізгі емес қызмет атқаратындарболып екі топқа бөлінеді. Жаңадан жұмысқа алынған қызметкерге жұмысқа алушы және қызметкер арасында жеке еңбектік келісім шарт жасалуы тиіс.

Кесте – 5 Жалпы және әкімшілік шығындарды талдау, мың тенге

Көрсеткіштер

2013ж

2014ж

Өзгерісі

+,-

%

Еңбек ақы және онымен байланысты шығындар

3574821

4854711

1279890

126,36

Кеңес және аудиторлық қызметтер

500000

517950

17950

103,47

Тозу және амортизация

79837

91579

11742

112,82

Аренда

73928

109268

35340

132,34

Оқыту

42829

68976

26147

137,91

Кеңселік автомашинаны жалға алу

18777

25941

7164

127,62

Мейраммен байланысты шығындар

11202

48050

36848

176,69

Жол сапар шығындары

29063

58056

28993

149,94

Байланыс шығындары

10806

21640

10834

150,06

Кеңсеге техникалық қызмет көрсету және жөндеу шығындары

14109

33675

19566

158,10

Кеңселік тауарлар

11482

11392

-90

99,21

Табыс салығынан басқа салықтар түрлері

4855

201354

196499

197,59

Банктік төлемдер

4042

4640

598

112,89

Басқа шығындар

116882

100561

-16321

83,77

Жалпы және әкімшілік шығындар барлығы

4492633

6147793

1655160

126,92

5 Кесте бойынша келесі қорытынды жасауға болады: жалпы және әкімшілік шығындар көлемі талданушы мерзім ішінде 1655160 мың тенгеге немесе 26,92%ға өскен, оның ішінде басым үлесті еңбек ақы және онымен байланысты шығындар алады, оның көлемі 17950 мың тенгеге немесе 3,47 %ға өскен. Жалпы және әкімшілік шығындар ішінде төмендеу тенденциясына ие болған баптары - кеңес және аудиторлық қызметтер және кеңселік тауарлар, басқа шығындар. Қалған түрлері бойынша арту тенденциясы байқалады.

Жеке еңбектік келісім шарт дегеніміз жұмысшымен жұмыс беруші арасында жазбаша жұмыс орны, келісімшарттың мерізімі, еңбек режімі жағдайы, еңбекақы, екі жақтық материялдық жауапкершілігі, басқа да жұмыскерді әлеуметтік тұрмыстық қамтамасыздандыру сұрақтары бойынша келісім. Келісім шартта еңбекақы мөлшерін жұмыс беруші тағайындайды, ал жұмысшы немесе қызметкер екі келісімге сәйкес белгілі мамандығы бойынша берілген жұмысты атқаруға міндеттенеді, ал жұмыс беруші басқа да төлемақыларда уақтылы төлеп отыруға міндеттенеді.

Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды.Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңмен белгіленген ұсталымдарды ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысынан бухгалтерия арқылы ұстауға болатын ұсталымдар:

- Жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома — 10%.

- Табыс салығы (белгіленген заңға сәйкес).

- Заң, сот органдарының үкім қағаздары бойынша ұсталымдар (алимент және айыппұл және тағы басқалар).

- Әртүрлі жарналар.

- Дербестік сақтандыру шарттарына сәйкес қызметкердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларын сақтандыруға байланысты жарна аудару.

- Еңбекақы есебінен алдын ала берілген төлемдер, аванстар.

- Банкіден алынатын несиелер үшін ұсталымдар.

- Шаруашылық субъектісіне келтірген зияндары үшін өтемақылар.

- Қызметкердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейін субъекті қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін төленетін төлемдер және балабақшаға балалары үшін төлемдер.

Еңбекақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:

  • еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;

  • бастапқы құжаттарды уақтылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақтылы және дұрыс есептеу;

  • белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;

  • жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақтылы қосу керек.

Еңбек және еңбекақы деректер өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім-шартпен реттеледі.

Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы қоғам қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғарғы көлеміне шектеу қойылмайды.

Барлық категориядағы жұмыс істеушілердің жұмыс уақытын пайдалану есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген жұмыс режимін қадағалауға, атқарылған жұмыс уақыты туралы ақпаратты алуға, еңбекақылық есеп айырысу, сондай-ақ еңбек бойынша статистикалық есепті жасауға арналған «Жұмыс уақытының есеп табельінде» жазылады.

Серіктестік өзінің жалпы еңбекақы қорын тоқсан сайын орналастырады, формаларды құрып, тарифтік ставкалар мен окладты шаруашылық жұмыстар нәтижелері мен заңнамаға сәйкесінше анықтап отырады.

Серіктестікте тек қана жұмыскерлердің еңбекақысын қоймай сонымен қатар жұмысшылардың жалақысынан табыс салығы мен зейнетақы аударымдары ұсталынып, есептелінеді. Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылатын алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан қоғамның әкімшілігі белгілеген мерзімде қаржы бөліміне келіп түседі. Еңбекақыны есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұиысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және шифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша қоғамның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.

Кесте 6- Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының сапалық құрамы

Көрсеткіштер

2012

%

2013

%

2014

%

Жасы бойынша:

20-ға дейін

10

5,6

15

7,7

17

8,4

20-30

50

27,8

55

28,2

57

28,2

30-40

47

26,1

52

26,7

66

32,7

40-50

50

27,8

45

23,1

40

19,8

50-60

23

12,8

28

14,4

22

10,9

60 тан жоғары

-

-

-

-

-

 

Барлығы

180

100,0

195

100,0

202

100,0

Жынысы бойынша:

Ерлер

85

47,2

95

48,7

14

6,9

Әйелдер

95

52,8

100

51,3

20

9,9

Барлығы

180

100,0

195

100,0

202

100,0

Білімі бойынша:

Орта және аяқталмаған орта

55

30,6

50

25,6

13

6,4

Кәсіптік-орта

85

47,2

97

49,7

14

6,9

Жоғары

40

22,2

48

24,6

7

3,5

Барлығы

180

100,0

195

100,0

202

100,0

6 Кесте бойынша келесі қорытынды жасауға болады: жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде қаржылық есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Еңбекті уақыт бойынша төлеуде тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тексеріледі.

Еңбек пеноны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар-жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылуын дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген түзетулердің бар-жоғын анықтайды.

Бастапқы құжаттар мен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.

Қаржылық тексерудің жүзеге асатын одан әрі кезеңдері мыналар:

  • төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;

  • жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқуымен байланысты қосымша ақыны рәсімдеу тәртібі;

  • құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлемі;

  • өнімнің ақауын құжатпен ресімдеу мен оны төлеу;

  • түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы;

  • жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу;

  • мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу;

  • іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу) жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;

  • уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;

  • жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.

Заңнамаға сәйкес жалақыдан мыналар ұсталады: жеке табыс салығы, зейнетақы қорына аударымдар, бұрын берілген аванс бойынша берешекті, сондай-ақ арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы өткізуге; есеп беретін сома бойынша берешекті өтеуге; еңбеккердің кәсіпорынға келтірген материалдық зиянның орнын толтыруға; ақшалай начеттар; кредитке сатып алынған тауарға; газет пен журналдарға жазылғаны үшін; орындалатын құжаттар бойынша, өнім ақауы үшін. Жалақыдан басқа ұсталымдар еңбеккердің келісімімен ғана ұсталынады.

Кез-келген бизнес түрiнiң нәтижесi қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларды пайдалану тиiмдiлiгiнен тәуелдi. Төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық шаруашылық субъектілерінің қаржылық-экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты, төлем қабілетті болса, онда ондай кәсіпорын сол саладағы басқа кәсіпорындармен салыстырғанда инвестиция тартуда, несие алуда, білікті мамандар тартуда елеулі артықшылыққа ие болады.

Қаржылық жағдайды талдаудың мәнi мен мiндеттерi

Кез-келген бизнес түрiнiң нәтижесi қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларды пайдалану тиiмдiлiгiнен тәуелдi. Қаржы ресурстарын кәсiби басқару қазiргi сандық талдау әдiстерiн пайдалана отырып кәсiпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына терең талдау жүргiзудi талап етедi. Осыған байланысты бүгiнгi күнi қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебi қаржылық талдаудың негiзгi мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау мен капитал табыстылығының деңгейiн жобалау мақсатымен кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешендi, жүйелi оқу.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы ( КҚЖ ) - айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектiсiнiң нақты сәттегi өз қызметiн қаржыландыру мүмкiншiлiгiн бейнелейтiн көрсеткiштер жүйесiмен анықталады. Қорыта келгенде, кәсiпорынның қаржылық жағдайы оның қаржылық тұрақтылығыментөлем қабiлеттiлiгiменсипатталады.

Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығыұғымы арнайы әдебиеттерде түрлiше талқыланады:

қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің жеткiлiктi қаржылық қамтамасыз етiлуi;

қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорын шоттарының оның төлем қабiлеттiлiгiне үнемi кепiлдiк беретiндей етiп орналасуы;

қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорынның ақша қаражаттарын еркiн, әрi тиiмдi пайдалана отырып, өндiрiс пен сату үрдістерін, сонымен бiрге үдемелi ұдайы өндiрiстi қаржыландыру мүмкiншiлiгi.

Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрiнiсi - кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi. Кәсiпорынның төлем қабiлеттiлiгi – бұл субъектiнiң өз мiндеттемелерiн уақытында өтей алу мүмкiншiлiгi.

Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына бiрнеше факторлар әсер етедi. Оларды негiзiнен iшкi және сыртқы факторларға топтастыруға болады. Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етушi iшкi факторлар:

1 кәсiпорынның салалық ерекшелiгi;

шығарылатын өнiм ( жұмыс, қызмет ) құрылымы;

2 жарғылық капитал көлемi;

3 шығын көлемi, оның табыспен салыстырғандағы динамикасы;

4 мүлiк пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;

5 кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, т.б..

Сыртқы факторлар:

1 мемлекеттегi саяси-экономикалық жағдай;

2 төлем қабiлеттi сұраныс пен тұтынушылар табысы;

3 салық және несие саясаты;

4 құқықтық-нормативтiк база;

5 сыртқы-экономикалық байланыстар, т.б..

Қаржылық жағдайды талдау кәсiпорынның шаруашылық қызметiн талдаудың ең соңғы кезеңi. Ол iшкi және сыртқы қаржылық талдау болып бөлiнедi. Олар бiр-бiрiнен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленедi.

ХҚЕС – 2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1 – кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.

Баланстағы активтердің құрамы мен олардың орналасуына талдау келесі кестеде құрастырылған.

Кесте 7- «Алатау»қонақ үйі 2012-2014 жж.балансы, мың.тг

АКТИВТЕР

2012

2013

2014

Ауытқу

2013

%

2014

%

I. Қысқа мерзімді активтер

 

 

 

 

 

 

 

Ақша және оның эквиваленттері

17

741

1171

724

197,7

430

136,7

Қысқа мерзімді дебиторлық борыш

9465

18588

15821

9123

149,1

-2767

82,5

Ағымды салық активтері

7

3

0

-4

-33,33

-3

 

Қысқа мерзімді активтер қорытындысы

9489

19332

16992

9843

150,9

-2340

86,2

I. Ұзақ мерзімді активтер

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі құралдар

10400

9873

9202

-527

94,66

-671

92,7

Материалдық емес активтер

15

7

0

-8

-14,29

-7

0,0

Ұзақ мерзімді активтердің барлығы

10415

9880

9202

-535

94,59

-678

92,6

Баланс

19904

29212

26194

9308

131,9

-3018

88,5

Пассивтер

 

 

 

 

 

 

 

III. Қысқа мерзімді міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

 

Салықтық міндеттемелер

210

1193

754

983

182,4

-439

41,8

Басқа төлемдер бойынша міндеттемелер

10

216

134

206

195,4

-82

38,8

Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер

0

22

38

22

200

16

142,1

Қысқа мерзімді міндеттемелер

220

1431

926

1211

184,6

-505

45,5

V. Капитал

 

 

 

 

 

 

 

Жарғылық капитал

100

100

100

0

100

0

100,0

Төленбеген капитал

4576

4576

4576

0

100

0

100,0

Резервтер

15008

23105

20592

8097

135

-2513

87,8

капитал

19684

27781

25268

8097

129,1

-2513

90,1

Баланс

19904

29212

26194

9308

131,9

-3018

88,5

7 Кесте бойынша келесі қорытынды жасауға болады: активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2013 жылы 2012 жылға қарағанда 9308 мың теңгеге немесе 31,9%-ға өссе, ал 2014 жылы 2013 жылға қарағанда 2979345 мың теңгеге немесе 11,5%-ға төмендегенін көруге болады. Оның құрамындағы ұзақмерзімді активтер құны да талданушы мерзім ішінде өсу тенденциясына ие болған. Құрылымдық өзгерістерге келетін болсақ, кәсіпорынның жалпы активтері құрамында басым үлеске ұзақмерзімдік актитер ие. Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны 2014 жылы өткен жылға қарағанда төмендеген, ал оның коэффициенті 1,33%-дан 2012 жылы 1,35%-ға дейін 2014 жылы өзгерген. Оның нормативтік деңгейі ≥0,5, яғни біздің мысалда оның деңгейі өте төмен екендігін көреміз. Кәсiпорынның қаржылық жағдайын сипаттаушы барлық көрсеткiштер шектi мәндерге жауап бермейді және жыл соңына кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы келесiлермен сипатталады. Активтерді талдай отырып, олардың қалай тартылғанын және есепті жылы неге көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін анықтау қажет. Кесте мәліметтері көрсетіп отырғандай қаражаттарды ұзақ мерзімді және ағымдағы активтер арасына тарату талданушы жылдары аяғына ұзақ мерзімді активтер пайдасына шешілген. Iшкi қаржылық талдау – бұл кәсiпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмiн, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, ал сыртқы қаржылық талдау - инвестициялау тәуекелiн анықтау мақсатымен субъектiнiң қаржылық жағдайын талдау.

Кәсiпорынның қаржылық жағдайына жүргiзiлген талдау - кәсiпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруi тиiс. Осыған орай КҚЖ талдаудың негiзгi мiндеттерi келесiлер:

1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрi объективтi баға беру, оның әлсiз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерiн оқу;

2 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерiн iздестiру;

3 Қаржы ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалану мен кәсiпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесiн дайындау;

4 Қаржы ресурстарын түрлiше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгiлерiн жобалау.

Жоғарыдағы мiндеттерге қол жеткiзу үшiн кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау келесiдей кезектiлiкте жүргiзiлуi тиiс:

1 Кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы мен капитал құрылымын талдау

2 Капиталды пайдалану тиiмдiлiгi мен интенсивтiлiгiн талдау

3 Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн талдау

4 Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгi мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау

5 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.

Бухгалтерлiк баланскәсiпорынның қаржылық жағдайын жыл басы мен жыл соңына бейнелейдi. Ол субъектiнiң мүлiктiк жағдайын көрсетедi, оның мәлiметтерiн iшкi және сыртқы ақпаратты пайдаланушылар қолданады.

Баланс мәлiметтерi негiзiнде сыртқы пайдаланушылар осы кәсiпорынмен серiктес болу не болмауды негiздейдi, өз салымдарының тәуекелiн анықтайды, субъектiнiң құнды қағаздарын сатып алу не алмау туралы шешiмдер қабылдайды, т.б. Осы себептi кейде қаржылық талдауды балансты талдау деп те атайды. Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, және мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады. Міндеттеме – бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекерттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.

Меншікті капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері.

Баланс активiнде ақша қаражаттарының, қаржылық салымдардың, негiзгi қорлар құнының өсуi оң бағаланса, пассивте 1-бөлiмнiң, әсiресе, бөлiнбеген табыс бабының сомасының өсуi оң бағаланады.

Егер кәсiпорын қалыпты жұмыс iстесе, онда баланста келесiдей қатынастар сақталуы тиiс:

  1. Активтiң 1-бөлiмiнiң жиынтығы пассивтiң 1-бөлiмiнiң жиынтығынан аз немесе меншiктi капитал сомасы ұзақ мерзiмдi активтер сомасынан көп болуы тиiс. Бұл байланыстың экономикалық мазмұны келесiдей: егер кәсiпорын қалыпты жұмыс iстесе , онда оның меншiктi капиталы толығымен ұзақ мерзiмдi активтерге ғана емес, бiр бөлiгi меншiктi айналыс қаражаттарына жұмсалуы тиiс.

  2. Ағымдық активтер сомасы ағымдық мiндеттемелер сомасынан көп болуы тиiс. Бұл теңсiздiк бiрiншi теңсiздiкпен байланысты. Яғни , егер кәсiпорын қалыпты жұмыс iстесе, онда оның айналыс қаражаттарының бiр бөлiгi меншiктi капитал есебiнен қаржыландырылуы тиiс. Басқаша айтсақ, кәсіпорын ағымдық міндеттемелерін бірден толықтай өтеген жағдайдың өзінде, оның айналысында меншікті айналыс қаражаты қалуы керек.

Ағымдық активтер жалпы қаржылар сомасында анағұрлым үлкен үлес салмақ алады. Оларды тиімді пайдалану және өндіріс айналыс сферасына дұрыс енгізу кәсіпорынның табыстылығына өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар кәсіпорынның төлемдік қабілеті мен қаржылық жағдайы белгілі деңгейде кәсіпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетіндігенен тәуелді. Кәсіпорын активтерінің орналасуы туралы ақпарат баланс активінде қамтылады. Актив баптарын шартты түрде келесi белгiлерi бойынша топтастыруға болады:

Өтiмдiлiгi бойынша: ұзақ мерзiмдi және ағымдық активтер. Пайдаланылуы бойынша: iшкi айналыстағы және сыртқы айналыстағы дебиторлық берешек, қаржылық салымдар, банк шоттарындағы ақша) активтер.

Инфляциялық процестерге шалдығуына байланысты: монетарлық және монетарлық емес активтер ажыратылады. Монетарлық активтер қайта бағалауға жатпайды, олар ағымдық ақшалай бағадағы активтер - ақша қаражаттары, депозиттер, есеп айырысулардағы қаражаттар,т.б. Ал монетарлық емес активтер құны уақыт өтуiне қарай өзгерiске ұшырайтын, сол себептi қайта бағалауды қажет ететiн активтер – негiзгi құралдар, запастар, аяқталмаған өндiрiс, т.б..

Кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығы белгiлi деңгейде кәсiпорынның капиталы қандай активтерге салынғанынан, олар қандай табыс әкелетiндiгiнен тәуелдi. Кәсiпорын активтерiнiң орналасуы туралы ақпарат баланс активiнде қамтылады.

Бизнестiқажеттi қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету кез-келген кәсiпорын қызметiнiң анықтаушы факторы болып табылады. Кәсiпорын басшылығы кәсiпорын қызметi ресустардың қандай көздерiнен қаржыландырылатынын және капитал қандай iске салынатынын нақты бiлуi қажет. Сол себептi капиталдың құрамын, құралу көздерiн және орналасуын талдау үлкен мәнге ие және келесiлердi қамтуы тиiс:

1 кәсiпорын капиталының құралу көздерiнiң құрамын, құрылымы мен динамикасын оқу;

2 олардың көлемiнiң өзгеру факторларын анықтау;

3 капиталдың жеке көздерiн тартудың бағасын анықтау;

4 қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау;

5 меншiктi және заемдық капиталдың қатынасының оңтайлы нұсқасын негiздеу.

Капитал – бұл шаруашылық субъектiсiң пайда алу мақсатында өз қызметiнде пайдаланатын (иеленетiн) қаражаттары.

Қаржыландырудың негiзгi көзi - меншiктi капитал.Оның құрамына жарғылық капитал, қосымша капитал, резервтiк капитал, бөлiнбеген табыс кiредi. Бiрақ меншiктi капитал көлемі шектеулi екенiн ескерсек, қаржыландырудың келесi көзi - заемдық капитал болып саналады. Кәсiпорын қызметiн заемдық капитал есебiнен қаржыландыру келесi жағдайларда тиiмдi:

Өндiрiс маусымдық сипатқа ие болса. Бұл жағдайда кей кезеңдерде ақша қаражаттары жинақталып қалып, басқа кезеңдерде ол жетiспейдi.

Егер кәсiпорын заемдық капитал бағасынан жоғары табыстылықты қамтамасыз ете алса, онда заемдық капитал есебiнен өз жағдайын тұрақтандыра алады.

Дегенмен, меншiктi және заемдық капиталдың қатынасынан кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен тұрақтылығы тәуелдi.

Меншікті капиталды ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш тәуелсіздік коэффициенті деп аталады және оның теориялық мәні 0,5-0,6 аралығында. Қарастырылған мысалда тәуелсіздік коэффициенті2012 жылы -0,74, 2013 жылы -0,67 құрап, 2014 жылы -0,42 құраған, яғни талданушы мерзім аяғына қарай төмендеген (кесте 10). Себеп – кәсіпорынның меншікті капиталының төмендеуінде болып отыр. Бұл коэффициент теориялық мәнінен төмендеген, кәсіпорынның қаржылық тәуелділігі төмендей түскеніне куә болады.Бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіншілік бермейді. Бізге белгілі,неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:

Кк/м= Қк : Мк (1)

мұндағы: Кк/м – қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті; Мк – меншікті капитал; Қк – қатыстырылған капитал.

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Талданып отырған компанияда бұл көрсеткіш 0,34 тен 2012 жылы 1,38 ге дейін 2014 жылы өскен. Оның теориялық жеткілікті мәнінің деңгейі 1-ден жоғары болмау керек. Бұл көрсеткіш те кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тұрақтылығының нашарлағаны жөнінде куә болады.

Кәсіпорынның дербестік дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып таблады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэфффициенті деп атайды. Ол меншікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Ккт=(Мк+Ұм)/Ак (2)

мұндағы: Ккт- қаржылық тұрақтылық коэффициенті; Мк – меншікті капитал; Ұм- ұзақ мерзімді міндеттемелер; Ак- авансталған капитал.

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек, ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті. Төмендегі мәліметтерден бұл коэффициенттің мәні жыл сайын төмендеп отырғанын көреміз. Егер бұл төмендеу тенденциясы сақталса, онда кәсіпорын өз қаржылық тұрақтылығын жоғалту қаупі пайда болады. Бұл кәсіпорында ұзақ мерзімді міндеттемелер талданушы үш жыл іщінде өсіп отырған.

Талданушы кәсіпорында бұл көрсеткіштер мәндері төмендегідей:

2012 жылы 0,966= (12932800+ 3861082) / 17383120;

2013 жылы 0,924= (16405431+ 6075973) / 24329334;

2014 жылы 0,874 = (11495873+ 12387452) / 27308679.

Жоғарыда келтірілген көрсеткіштер арқылы кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштерді де пайдалану керек. Мұндай коэффициенттерге бірінші кезекте қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Көрсеткішті есептеу формуласы келесідей:

Кұ/м= Ұм/( Мк+Ұм) (3)

мұндағы: Кұ/м- қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффициенті немесе ұзақ мерзімді міндеттемелер коэффициенті; Мк – меншікті капитал; Ұм- ұзақ мерзімді міндеттемемелер.

Талданушы кәсіпорында бұл көрсеткіштер мәндері төмендегідей:

2012 жылы 0,23= 3861082/(12932800+ 3861082);

2013 жылы 0,27= 6075973/(16405431+ 6075973);

2014 жылы 0,52 = 12387452/(11495873+ 12387452).

Берілген кәсіпорында оның мәндері жоғарылап отыр, себебі кәсіпорын талданушы 3 жыл ішінде кірістірілген ұзақмерзімді міндеттемелерді мөлшерін арттырып отырған.

Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанына баға береді.

Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз қаражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Келесі бір жол – меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым қаражаттары келесі жолмен қалыптасуы керек: ¼ - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал ¾ - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпорында, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады. Бірақ біздік кәспорын капиталы тек қана қарыздық капитал есебінен құралып отыр.

Қаржылық тұрақтылықтың абсолютті көрсеткіштері – тауарлы-материалдық қорлардың, олардың қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер келесі аналитикалық 5 - кестеде бейнеленген.

Кәсіпорын балансының өтімділігін бағалау. Кәсіпорынның болашақта күтілетін төлем қабілеттілігіне сипаттама беру үшін баланс негізінде активтердің өтімділігіне талдау жасау қажет. Өтімділік түсінігі активтерге және кәсіпорынның өзіне қатысты айтылады. Активтердің өтімділігі - бұл активтердің ақша қаражаттарына айналу мүмкіншілігі мен жылдамдығы, ал кәсіпорынның өтімділігі - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі.

Баланс өтімділігін талдау өтімділік дәрежесі бойынша топтастырылған актив топтарын өтелу мерзіміне байланысты топтастырылған пассив топтарымен салыстыруға негізделеді.

Өтімділік дәрежесі бойынша актив баптары 4 топқа біріктіріледі:

А1 - абсолютті өтімді (ең өтімді) активтер – ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар.

А2 – жедел өтімді активтер – қысқа мерзімді дебиторлық берешектер.

А3 - жай өтімді активтер – тауарлы - материалдық қорлар мен ұзақ мерзімді қаржылық салымдар.

А4 – Қиын өтімді активтер – ұзақ мерзімді активтер жиынтығы (қаржылық салымдарсыз).

Сәйкесінше, баланс пассиві өтелу жылдамдығы бойынша 4 топқа біріктіріледі:

П1 – ең жедел міндеттемелер – кредиторлық берешектер, несиенің уақыты жеткен бөлігі.

П2 – қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несие мен заемдар.

П3 – Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несие мен заемдар.

П4 – Тұрақты міндеттемелер – меншікті капитал жиынтығы.

Жоғарыдағыдай топтастырудан кейін баланс өтімділігіне баға беру үшін актив пен пассив топтары салыстырылады. Егер келесідей қатынастар сақталса, онда баланс абсолютті өтімді болады: А1 П1 А2  П2 А3  П3 А4  П4. (4)

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы варианттарға қарама-қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды-көпті айыпмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды. Баланс өтімділігін талдау үшін келесі 13 аналитикалық кесте құпылған.

Талданушы кәсіпорында төлем қаражаттарының бірінші тобы (А1) төлем міндеттемелерін жауып тұр. Актив пен пассив баптарының І тобының жиындарын салыстыру арқылы жақында келіп түскен кірістер мен төлемдердің (3 айға дейінгі) қатынасын көрсетеді.

Актив пен пассив баптарының ІІ тобын салыстыру жақын уақытта күтілетін төлем тәртібінің (3 айдан 6 айға дейін) жақсаруын көрсетеді. Жалпы алғанда баланс активі мен пассиві баптарының І және ІІ топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.

Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы кәсіпорынның төлем қабілеттігін көрсетеді. Екінші бөлімінде 2013 және 2014 жылдары тез өтімді активтер қысқа мерзімді міндеттемелерді жаппай отыр, себебі дебиторлық борыштан кредиторлық борыштың бірнеше еселеп жоғары болуы болған. Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттігін жобалауды көрсетеді.

Кәсіпорынның несие және төлем қабілеттілігін талдау. Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын басқа да көрсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу кабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта кәсіпорынның негізгі қызметінен тұрақты табыс алу қабілеттілігі тусіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының, жеткіліктіп мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады. Ақша қаражатының жеткілктілігі коэффициенті кәсіпорынның күрделі шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді төлеуді жабу үшін табыс табу кабілеттілгі көрсетеді.

Кесте – 8 «Алатау» қонақ үйі мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі

Активтер

Сомасы, мың теңге

Пассивтер

Сомасы, мың теңге

+,- өзгеріс,

мың теңге

Есепті кезең

Өткен кезең

Есепті кезең

Өткен кезең

Есепті кезең

Өткен кезең

А1

1171

741

П1

38

22

-1133

-719

А2

0

0

П2

134

216

134

216

А3

15821

18588

П3

0

0

-15821

-18588

А4

9202

9880

П4

25268

27781

16066

17901

Σ

26194

29209

Σ

25440

28019

 

 

8 Кесте бойынша келесі қорытынды жасауға болады: баланс активі мен пассиві баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері алдындағы жаба алу мүмкіндігінің аз екендігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін келесі теңсіздік сақталуы керек: А4<П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болуы керек, алайда компанияда бұл теңсіздік керісінше.

Талданып отырған кәсіпорында келесідей қатынас байқалады: А1 > П1 А2 < П2 А3 < П3 А4 > П4 (5),

яғни абсолютті өтімді активтер ең жедел міндеттемелерді өтемейді, демек осы кәсіпорынның төлем қабілеттілігі өте төмен деген қорытынды жасаймыз. Сонымен қатынастардың 1,2,3 мен 4 шарттары орындалмай отыр. Кәсіпорынның балансы өтімді емес, себебі активтер мен пассивтер арақатынасын ескере отыра, олардың теориялық мәндеріне сай келмейтіндігін көруге болады.

Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.

Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:

=

Өнімді өткізуден түскен табыс

(6)

Күрделі шығындар +Дивиденд төлеу + Айналым қаражатының өсуі

1-ге тең, ақша қаражатының жеткіліктілік коәф­фиңиенті кәсіпорынның, сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл ко­эффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауга қабілетті емес.

кәсіпорынның қаржылық қажеттілгіне инфляцияның әсерін, сонымен қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.

Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула бойынша есептеледі:

=

Өнімді өткізуден түскен табыс – төленген дивиденттер

(7)

Алғашқы құны бойынша негізгі құралдар + инвестициялар + басқа активтер + меншікті айналым капиталы

Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті болып саналады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткішітері кеңінен пайдаланылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады: абсолютті өтімділік коэффициенті; аралық өтеу (жабу) коэффициенті; жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша қаражаттары мен төз өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

  1. Абсолютті өтімділік коэффициенті (Ка.ө.) :

Ка.ө.  Ақша қаражаттары + құнды қағаздар/Ағымдық міндеттемелер

(8)

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады.

Каө ≥ 0,2-0,5

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мөзгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді. Бұл - ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П. Палий бұл коәффициенттің мәні 0,2-0,25 тен жоғары болуы керек деп санайды.

Бұл көрсеткіш ағымдық міндеттемелердің қай бөлігі ақша қаражаттарымен бірден өтеле алатындығын бейнелейді, бұл көрсеткіштің мәні жоғары болған сайын қарызды қайтару сенімділігі де жоғары. Егер кәсіпорын ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын көлемі мен мерзімі бойынша үйлестіре алса, онда бұл көрсеткіштің мәні төмен болғанымен кәсіпорын төлем қабілеттілігін жоғалтпайды. Көрсеткіш деңгейіне белгіленген талап бойынша ағымдық міндеттемелердің 100 теңгесіне 20 теңгеден жоғары абсолютті өтімді активтер сомасы келуі тиіс.

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша каражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық, борыш және басқа да активтер қосылады.

  1. Аралық өтеу коэффициенті (Кж.ө.) :

Кар.ө

Ақша қаражаттары + құнды қағаздар + алашақ қарыз+ басқа да активтер / Ағымдық міндеттемелер

(9)

Ол кәсіпорыниың дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы-материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге қатынасын ашып көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен шығып отыр. Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі: Кар ө ≥1. В.Ф. Палий "бұл коэффициенттің теориялық ақталған бағалауы 0,7-0,8 аралығында жатыр" деп есептейді.

Көрсеткіш деңгейіне белгіленген талап бойынша ағымдық міндеттемелердің 100 теңгесіне 100 теңгеден кем емес абсолютті активтер мен дебиторлық берешек сомасы келуі тиіс. Егер өтімді активтерде дебиторлық берешек үлесі басым болса, онда жоғарыдағы қатынастың да мәні жоғары болуы тиіс. Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына тең көзеңге сипаттайды.

Басқа да көзкарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің әр теңгесіне ақңіа қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем келмеуі тиіс.

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болган кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерің көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және кьысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және соныме баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша төз есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

3. Жалпы өтеу (ағымдық өтімділік) коэффициенті (Кағ.ө.) :

Кағ.ө.  Ағымдық активтер/ Ағымдық міндеттемелер

(10)

Яғни, кәсіпорын төлем қабілетті болуы үшін ағымдық активтер сомасы ағымдық міндеттемелер сомасынан ең кемі екі есе көп болуы тиіс.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бұл көрсеткішке кәсіпорынның ағымдағы өтімділігін бағалау көзінде ерекше мән беріледі. Оның кеңінен қолданылуының негізгі себептері:

  1. біріншіден, ағымдағы активтермен ағымдағы пассивтердің өтелу дәрежесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу сенімділігі жоғары болады;

  2. екіншіден, ағымдағы активтердің ағымдағы пассивтерден асып кетуі ағымдағы активтерді (ақңіа каражаттарынан басқасы) сату немесе жою (тарату) көзінде зияндардың пайда болуына бөгет болады. Бұл қарсы әрекеттің қаншалықты күш-тірек болуы, кредитор үшін соншалықты тиімді. Бұл арттыруды шетел компанияларында жұмыс істеуші капитал немесе қаржы-эксплуатациялық қажеттілік деп атайды.

Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндірісіциклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу қалыпты мән болып табылады:

Кағ ө ≥ 2

Ал жалпы ағымдық өтімділік коэффициентінің мәні 2014 жылы шекті мәнінін төмен. Жоғарыда есептелген көрсеткіштер кәсіпорын басшылығы үшін дабыл туғызады: абсолюттік өтімділік коэффициенті шикізат пен материалдар жеткізушілер үшін, жылдам өтімділік коэффициенті – банктер үшін, ағымдық өтімділік коэффициенті – инвесторлар үшін маңызды бола тұра олардың мәндері өте төмен.

Кесте 9- Балансы өтімділігінің көрсеткіштері, 2014 жыл.

Көрсеткіш

Мәні

Өзгеріс

Шекті мәні

Есеп беру  кезеңіне

Өткен  кезеңде

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

1,2645788

0,5178

0,74675

>0,2

Жылдам өтімділік коэффициенті

1,2645788

0,5178

0,74675

>1

Ағымдық өтімділік коэффициенті

18,349892

13,509

4,84045

>2

Жалпы өтімділік коэффициенті

3,7008331

9,4546

-5,75375

>0,9

9 Кесте бойынша келесі қорытынды жасауға болады: жалпы өтеу, яғни ағымдағы өтімділік коэффициентінің төмендеуіне факторлар ықпалын тізбектік ауыстыру әдісімен анықтауга болады. Келесі есептеу кестесін құрай отырып, оларды есептеу әдістемесін керсөтейік.

Келтірілген есептеулерден, жалпы өтеу коэффициентіне ағымдағы активтердің төмендеуі мен ағымдағы міндеттемелердің өсуі теріс ықпал еткендігін көреміз. Осылайша, біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының манызды көрсеткіштерінің бірі - төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның, төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар - елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктік капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорыннын қаржы жағдайы және басқалар әсер етеді.

Осы көрсеткіштер негізінде мынадай нәтижелерге қорытынды жазуға болады: кестедегі бірінші, үшінші, бесінші коэффициенттердің мәні неғұрлым жоғары және екінші төртінші коэффициенттердің мәні төмен болған сайын КҚЖ соғұрлым тұрақты. Біздің кәсіпорын осы талаптардың барлығына сәйкес келіп тұр, яғни кәсіпорын қаржылық жағдайы тұрақты, төлем қабілетті. Кәсіпорын сыртқы қарыз көздеріне тәуелді емес.

Кесте 10 – «Алатау» 2012-2014жж қонақ үйінің қаржылық тұрақтылығын талдау

Көрсеткіштер

2012ж.

2013жыл

2014жыл

Ауытқулар

1. Меншікті қаражат көзі

15744

395955

411699

15744

2. Негізгі құралдар және айналымнан тыс активтер

251135

246273

241411

-4862

3. Меншікті айналым құралдары

129076

149682

170288

20606

4.Ұзақ мерзімді несиелер және заемді құралдар

-

-

-

-

5. Шығын және қор қалыптасуының көздері (меншікті және заем құралдары)

129076

14982

170288

20606

6. Қысқа мерзмді несиелер және заемді құралдар

20407

25132

29857

4725

7. Шығын және қор қалыптасуының жалпы көздерінің мөлшері

149483

174814

201045

25331

8. Қор мен шығынның жалпы көлемі

(ағ. активтер)

149483

174814

201045

25331

9. Меншікті айналым құралдарының тапшылығы немесе артығы

-20407

-25132

-29857

-4725

10. Шығын және қор қалыптасу көздерінің ұзақ мерзімді заемінің жетіспеуі немесе артығы

20407

25132

29857

4725

11. Шығын және қор қалыптасуының негізгі көздерінің жалпы көлемінің тапшылығы немесе артығы

0

0

0

0

10 Кесте бойынша келесі қорытынды жасауға болады: "Алатау"қонақ үйі - Қазақстанның Астанасында орналасқан іскер қонақ үйінің экономикалық талдау көрсеткіштері және қаржылық коэффициенттер кәсіп орынның бүгінгі таңда тұрақты екендігін, бірақта рентабелділік деңгейімен, оның толу мөлшерінің төмендеуі қауіпі бар екенін көрсетеді.

2.3

«Алатау» отеліндегі қызмет көрсетудің сапасын бағалау

3.

Қызмет көрсетудегі қонақ үй бизнесінде адам ресурстарын қалыптастыру және басқаруды жетілдіру жолдары

3.1.

Қонақ үй персоналын жоспарлау және іріктеу, қонақ үй қызметкерлерін қайта даярлаудағы аттестаттау жүйесін дамыту

Қызметкерді жоспарлау – бұл кадрларды қонақ үй шаруашылығыдастырудағы белгілі бір қажеттілік процесі. Жоспарлау процесі мынадай үш кезеңді қамтиды:

- қолда бар ресурстарды бағалау;

- болашақ қажеттіліктерді бағалау;

- болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыру бағдарламасын әзірлеу.

Қызметкерді іріктеу процесі еңбекті нормалаудан, еңбек шығыстарын және жұмыс уақытын пайдаланудың тиімділігін талдаудан басталады.

Сапалық қажеттілік – бұл санаттары, кәсібі, мамандығы, қызметкерге қойылатын біліктілік талаптарының деңгейі бойынша қажеттілік.

Сандық қажеттілік – қызметкерлердің санын есептеу әдісін таңдау. Мынадай әдістерді қолданады :

А) еңбек процесінің уақыты туралы деректерді пайдалануға негізделген әдіс;

Б) қызмет көрсету нормалары бойынша есептеу әдісі;

В) жұмыс орны және нормативтік саны бойынша есептеу әдісі.

Қызметкерді іріктеу былайша жүргізіледі:

- бұқаралық ақпарат құралдарына хабарландыру беріледі;

- кадр бөлімінде хабарландыру ілінеді;

- барлық кандидаттар белгіленген үлгідегі сауалнаманы толтырады;

- сауалнама не кадр бөлімінің өзінде не күзет постында толтырылып, сосын кадр бөліміне беріледі;

- кандидаттарды қарау мерзімі кандидат қандай лауазымға үміткер екендігіне байланысты әртүрлі;

- осы сауалнамалардың негізінде бірнеше кандидат таңдалады.

Көп нәрсе кадрларды сапалы таңдауға байланысты. Сондықтан осы процеске көп көңіл бөлген жөн. Кадрлар бөлімінде кандидаттардың сауалнамалары салынған, егжей-тегжейлі өңделетін арнайы папкалар бар.

Сондай-ақ кадрлардағы уақытша қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін отель түрлі оқу орындарының студенттерін тәжірибеге қабылдайтынын атап өткім келеді. Ресми деңгейде отель мен оқу орнының арасында алдын ала шарт жасалады.

Қызметкерді жалға алу көздері. Қызметкерді жұмысқа жалдау кезіндегі негізгі міндет қызметкерлерге сұранысты сапалы және сандық жағынан қанағаттандыру болып табылады. Жұмысқа жалға алу – бұл отельдің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті сапаға ие кандидаттарды тартуға бағытталған бірқатар іс-әрекеттер. Жалға алудың мүмкін болатын екі көзі бар: ішкі (отель қызметкерлерінен) және сыртқы (бұған дейін отельмен ешқандай байланыста болмаған адамдардан). Жаңа қызметкерлерді жалға алудың баламасы үстеме жұмыс болуы мүмкін, бұл жағдайда отель ақы төленетін сағатты арттырады. Сондай-ақ отель осы лауазым үшін қажетті дағдыларға ие уақытша қызметкерлердің жұмысын пайдалана алады. Уақытша қызметкерлерді пайдаланудың артықшылығы отель оларға сыйақы төлемейді, оқытпайды, өтемақымен қамтамасыз етпейді және одан әрі қызмет бойынша жылжуы туралы қамқорлық жасамайды.

Бос лауазымдарға орналасатын кандидаттарға қойылатын талаптар. Нарықтық бәсекелестік жағдайында қызметкердің сапасы көптеген отельдердің тұрмыс-тіршілігі мен экономикалық жағдайын анықтайтын басты фактор болды. Іріктеудің тиімділігі мен сенімділігін арттыру кандидаттың іскерлік және жеке қасиеттерін тексерумен байланысты. Бос лауазымға орналасудың мынадай кезеңдері атап көрсетіледі:

лауазымға қойылатын талаптарды әзірлеу; нәтижесінде одан әрі іздеу осы лауазым үшін қажетті біліктілігі бар үміткерлермен шектеледі;

үміткерлерді кеңінен іздеу; конкурсқа ең төменгі талаптарға жауап беретін кандидаттардың барынша көп қатысуы талабы қойылады;

үміткерлерді нашарларын шығару мақсатында бірқатар формалды әдістерді пайдалана отырып тексеру;

лауазымға бірнеше үздік кандидаттар қатарынан іріктеу; әдетте бас менеджер кадр қызметінің қорытындысын есепке ала отырып жүзеге асырады.

Тәжірибеде менеджерлердің кадрлармен жұмысы лауазымға орналасудың 3 қағидатты сызбасын көрсетеді:

отельден тыс іріктелген тәжірибелі менеджерлермен ауыстыру;

жас мамандармен, жоғаоғы оқу орындарын бітірушілермен ауыстыру;

«іштен» жоғары тұрған лауазымға жылжу.

Бос лауазымға кандидаттарды іріктеу үміткерлердің қатарынан кандидаттардың іскерлік қасиеттерін бағалау арқылы жүргізіледі. Бұл ретте мынадай қасиеттер топтамасын қамтитын іскерлік және жеке қасиеттері ескерілетін арнайы әдістер пайдаланылады:

қоғамдық-азаматтық кемелділігі;

еңбекке көзқарасы;

білім деңгейі және жұмыс тәжірибесі;

қонақ үй шаруашылығыдастырушылық қабілеті;

адамдармен жұмыс істей алуы;

құжаттармен және ақпараттармен жұмыс істей алуы;

шешім қабылдап әрі іске асыра алуы;

мінезінің моралдық-этикалық шегі.

әрбір нақты жағдайда бұл тізімнен нақты лауазым үшін бәрінен маңызды ұстаным таңдалады және оған осы нақты лауазымға үміткер ие болуға тиіс ерекше қасиеттер қосылады.

Сервистік қызметкерлердің жеке үлесін бағалау

Жеке үлесті бағалау қонақ үй шаруашылығыда ұзақ уақыт жұмыс істейтін қызметкерлер мен қызметшілер үшін қолданылады. Еңбек ету нәтижесі саны бар, уақыт өлшемімен салыстырылатын дайын өнім, жұмыс пен қызмет көрсету бола алады.

Жеке үлесті бағалаудың мынадай бірнеше қағидатты ережелері бар:

Қызметкердің еңбек ету үлесі заттай немесе ақшалай нысанда саны болуы әрі уақыт өлшемімен салыстырылуы тиіс (табыс, өнім, пайда).

Еңбек ту үлесін қызметкер дербес (жұмысшы, коммерциялық агент үшін) енгізеді немесе оның тікелей басшылық етуімен (бөлім бастығы) қамтамасыз етіледі.

Қызметкерлер құрамының бір санаты (жұмысшылар немесе қызметшілер) шегінде үлесті бағалау бір әдістің көмегіміен жүзеге асырылады [32].

Жұмыс орындарының үлгілері; есептік кезең ішіндегі жұмыс нәтижелері; жеке үлесті бағалау әдістемесі; бағаланатын қызметкер туралы кадрлық деректер бағалау үшін бастапқы мәліметтер болып табылады.

Кадрлар бөлімінің бастығы қызметкерді барынша жоғары лауазымға ауыстыру мүмкіндігі болса да осы әдісті қолдануы мүмкін. Бұдан кейін қызметкердің қызметтегі жеке үлессі қалай анықталатын болады және қонақ үй шаруашылығы осы қызметкердің көмегімен ие болып отырған кіріс анықталатын болады, оны басқа лауазымға ауыстыру туралы шешім қабылдау оңай болады.

Сондай-ақ осы әдісті жалақыны аудару кезінде қолдануға болады. Мәселен, егер қызметкер тапсырманы жоғары еңбек сапасымен орындаса немесе жоспарды асыра орындаса, онда оның жалақысын көтеруге болады.

Егер керісінше қызметкер тиімсіз жұмыс істесе және қонақ үй шаруашылығы оның көмегімен барынша жоғары кіріс алуы мүмкін болса, қызметкерді материалдық жоспарда жазалау қажет. Одан кейін біраз уақыттан кейін (3-4 ай) оның жеке үлесін қайта тексеру керек.

Жеке үлесті бағалаудың бірқатар артықшылығы бар: өндірістің қорытынды нәтижесіне мақсатталу, еңбегі бойынша ақы төлеу, қызметкерлердің салымын саралау, материалдық және моралдық көтермелеудің үйлесуі.

«Rixos» отелі үшін қызметтің соңғы нәтижесінің шағын көрсеткішін пайдалану ұсынылады және экономикалық көрсетікштердің орындалу динамикасына байланысты еңбекті бағалау әдісі ұсынылады. Осы мақсатта қызметкерлердің жеке үлесін бағалау жүргізілетін компанияның экономикалық көрсеткішінің шектелген жиынтығы іріктеледі. Мысалы, жалпы табыс, тауар өнімі, сату көлемі, өнімді шығару және басқалары. Сондай кейін санамаланған көрсеткіштердің бірі бағалау болып табылатын құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлердің лауазымы айқындалады.

Динамика бойынша еңбек нәтижелері туралы пікір айту үшін қызметкердің жеке үлесін бағалау нәтижелерін кестелік немесе графикалық нысанда берген дұрыс .

Жеке үлестің бағалануын абсолюттеуге болмайды. Өйткені, көрсеткіш динамикасына көбінесе адамға байланысты емес сыртқы факторлар едәуір әсер етеді. Мысалы, туризм жөніндегі менеджерда сатудың азаюы турға сұраныс болмайтын қыста болуы мүмкін. Бірақ жазда сату көлемі міндетті түрде ұлғаюды.

Қонақ үй кешенінде осы әдістеменің тікелей қолданылуы күрделі. Өйткені үй күтушінің жұмысын өлшем бірлігімен бағалауға болмайды.

Бұл жерде байқау сияқты бағалау әдісі көбірек үйлеседі. Сондай-ақ жұмысы күнінің фотосуретін жасауды ұсынуға болады. Үй күтушінің еңбегін бағалау үшін маңыздылығына мән беру сияқты әдіс сай келеді. Яғни, қабат бойынша клиенттермен кезекшілердің пікірлерін ескеріп қонақ үйдегі барлық күтушілердің жұмысын салыстыру, оларды азаю тәртібімен орналастыру қажет. Барынша жоғары нәтиже көрсеткен және барынша көп оң пікірлер алған қызметкерлерге сыйақы түрінде көтермелеу анықтау қажет. Олардың үлгілері басқа қызметкерлердің жұмысына оң ықпал етуге тиіс, өйткені материалдық пайда табу орын алады.

Қызметкерлердің жеке үлестерін бағалау әдісін қолдана отырып, еңбек нәтижелерін жақсартуға қол жеткізуге болады. Бұл әдістемені түрлі деңгейдегі басшылар үшін де қолдануға болады, бұл үшін олар басшылықты жүзеге асыратын барлық бөлімшенің жұмысын бағалау қажет.

Аттестаттау – бұл кадрларды одан әрі қызметтік өсу, қызметкерді ауыстыру немесе босату туралы шешім қабылданатын нәтижелер бойынша кешенді бағалау нысаны.

Қызметкермен жұмыс істеудің айырмашылығы неде, мәселен, Қазақстан мен Германияда? Қазақстанда жұмыс күші арзан және адамды үлкен қаржылық және моралдық қиыншылықтар тудырмастан жұмыстан шығарып жібереді. Германияда жұмыс күші қымбат: білікті неміс қызметкеріне айына 2000 марктен төмен төлеуге болмайды, ал жұмыс беруші мүддесін кәсіподақтар мен еңбек департаменті қорғайтын қызметкерді жұмыстан шығарып жіберу қиынға түседі. Аттестаттау процесін төрт негізгі кезеңге бөлуге болады (кесте12).

Кесте 12. Аттестаттау процесінің кезеңдері

Кезеңдері

Сипаттамасы

Дайындық кезеңі

аттестаттау өткізу туралы бұйрық дайындау, аттестациялық комиссияны бекіту, құжаттарды дайындау және көбейту, еңбек ұжымын аттестаттау мерзімі мен ерекшеліктері туралы ақпараттандыру

аттестаттау комиссиясының құрамын құру және оны бекіту: бас менеджер (төраға); кадрлар бөлімінің бастығы (төрағаның орынбасары); аттестаттау өтетін бөлімшенің бастығы (мүшесі); заң консультанты (мүшесі); және әлеуметтік психологты шақыру қажет

Негізгі кезең

аттестаттау комиссиясының қонақ үй шаруашылығы бөлімшелері бойынша жұмысын қонақ үй шаруашылығыдастыру, қызметкерлердің жеке үлестерін бағалау, «Аттестаттау» сауалнамасын толтыру, нәтижелерін компьютерлік өңдеу

Қорытынды кезең

аттестаттау қорытындысын шығару, жұмысшыларды жылжыту, оқуға жіберу, қызметкерлерді ауыстыру немесе аттестаттаудан өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы жеке шешім қабылдау

Басшылардың немесе мамандардың әрекеттеріндегі әрбір сипаттамалық шегі «өрлеуден құлдырауға дейін» белгісі бойынша сөзбен бағаланады.

Отельде қызметкерді қызметке қабылдау кезінде де, еңбек қызметі уақытында да бағалау қажет.

Басқарушы атқарушы директорлармен бірге отель тіршілігіне әсер ететін барлық басты шешімдер үшін жауапты. Бұл директорлардың әрқайсысы оған тапсырылған қызмет үшін жауап береді, отельдің толуына болжам жасайды және пайда мен шығынды айыра отырып оның бюджетін есептейді. Зерттеу қызметкер бір және сол орында ұзақ жұмыс істеген сайын оның бағасы соншалықты төмен екендігін көрсетеді. Жылдар өткен сайын қызметкер өз жұмысын тез әрі жақсы орындайтынын күту себептердің бірі болып табылады. Егер олай болмаса, түңілген басшы қызметкердің бағасын төмендетеді. Ардагерде жаңалықтарға энтузиазмнің жоқтығына басшының наразылығы төмендетуге жиі себеп болады.

Аттестаттау рәсімі белгілі бір түрде осы субъективизмді шектеуі тиіс. рәсімді дамыту эволюциясы тәжірибеде қалай өткенін көрсетеді: бастықтың жеке суъективтік бағадан сарапшылық, топтық бағалау әдісіне қарай (көптеген технологиялар қолданылады, «еске түсіру» техникасы өте жиі қолданылады), басшылар мен мамандарды автоматтты түрде аттестаттауға дейін.

Германдық фирмалардың қызметкерді ұдайы аттестаттау негізінде кадрларды еліктірумен, олардың жалақысын белгілеумен қатар, қызметкердің мансап сатысын көрнекті түрде жоспарлауға мүмкіндік беретін тәжірибесі қызығушылық тудыратыны күмәнсіз.

Әдістеменің мәнісі қонақ үйдің түпкі мақсаттарына қол жеткізу тұрғысында неғұрлым құнды қызметкерлердің басты қасиеттерін анықтаудан тұрады.

Әлемдік тәжірибе қызметті талдау кезінде қызметкерлердің қандай жеке мінез-құлық қырлары бағалануы тиіс деген сұраққа бір жақты жауап бермейді. Еңбекке қызығушылық, бастамашылық, ұқыптылық, адалдық, өзгеріп тұратын еңбек жағдайына бейімделе білу, еңбек сүйгіштік, тіпті сыртқы келбеті сияқты қызметкерлердің қыры аттестатциялық бағалауға жиі ұсынылды.

Қаралып отырған әдістемеде барлық қызметшілер, мамандар және басшылар нақты қызмет саласының, мысалы қонақ үй шаруашылығына қажетті, белгілі бір өлшемдер (талаптар) тұрғысында бағаланады. Өлшемдер маңыздылығы бойынша сарапшылық топпен реттеледі, нәтижесінде әрбір өлшемге маңыздылық салмағы және бал бойынша тиісті баға беріледі.

Өлшемдер түрі мен оларға тән белгілерді әзірлеу үшін сарапшылық топ барлық мамандықты (немесе аттестатталатын мамандықтарды) қамтитын іскерлік сипаттамалар сөздігін жасайды. Белгілер әрбір өлшемге сәйкес келетін шекте ретке келтіріледі.

Қонақ үйді басқаруда жоспарлаудың мынадай екі әдісі қолданылады, стартегиялық және жедел.

Қолданыстағы кадрлық шешімдердің ішінде шикізатты, материалдар мен электр энергиясы шығыстарын қысқартуды ынталандыру бағдарламасын атауға болады. Бұл ретте, осы бағдарламаны іске асырудан түскен үнемделген ақшаның жартысы оны қамтамасыз еткен қонақ үйлерді жақсартуға жұмсалады. Қонақ үйдегі шығындарды қарастырудағы тағы бір тәсілі, көбінесе қысқартылумен ұштасатын қонақ үйлер санын оңтайландыру болып табылады. Қонақ үйлердегі шығындарды қысқарту іске асыру әдетте қалған қонақ үйлердің еңбек онімділігінің артуы арқылы оң нәтижесін береді. Бұл жерде келеңсіз тұсы қонақ үйдегі қызметкерлерді қысқарту ауыр тиетін рәсім болып келеді. Ол қалыпты жұмыс ырғағын бұзады, қонақ үйдегі өзара қарым-қатынасты бұзады. Қонақ үйдің әкімшілігіне деген түүсінбеушілік көз қарастар пайда болады. Егер қонақ үй шаруашылығы пайдасы жоспарлаған пайдадан асып кететін болса, онда ондай жағдайлар үшін келісім щартта арнайы форс – мажорлық жағдайларды қарастыратын тәртіп жиынтығы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]