- •Экономиканың шикiзатсыз секторларында кәсiпкер-лiктiң дамуына көмектесу.
- •Шок субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту.
- •3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды қаржылық қолдауды және таңдау жолдарын зерттеу
- •Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
- •Сүтті мал тұқымын өсіретін ферма ашу (а жобасы) - жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- •Балалар бақшасын ашу (в жобасы) – жобаның тұжырымдамасы бала бақша қызметтерін көрсететін кәсіпорын құруды көздейді.
- •Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу (с жобасы) –жобаның тұжырымдамасы ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашуды қарастырады.
- •Көкөніс өсіретін жылыжай ашу (d жобасы) - жобаның тұжырымдамасы көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
- •Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар жинау қызметін ұсыну (е жобасы) -жобаның тұжырымдамасы тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құруды қарастырады.
- •Капиталдың орташа көлемді құны (wacc):
- •4 Инвестициялық жобалардың іріктеу процесі мен іске асыру тиімділігін арттыру.
- •Фирма құнын анықтау. Осы көрсеткіш фирмаларға көптеп инвестиция тартылуына алып келеді. Оны есептеу үшін мына формула қолданылады:
3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды қаржылық қолдауды және таңдау жолдарын зерттеу
Инвестициялық сипаттағы шешім қабылдау, басқару қызметінің басқа да түрлері сияқты, ресми және ресми емес әдістер мен критерийлерді қолдануға негізделген. Олардың үйлесімділік деңгейі әртүрлі жағдайлармен анықталады, соның ішінде менеджердің қандайда бір нақты жағдайда қолда бар ақпаратпен қаншалықты таныс екендігі де енеді. Өз еліміздің және шетел тәжірибесінде білқатар ресми әдістер бар, солардың көмегімен инвестиция саясаты саласында шешім қабылдау үшін негіз болып табылады. Барлық жағдайларда қолданылатын әмбебап әдіс жоқ. Алайда, кейбір жағдайда салыстырмалы түрде болса да ресми әдістермен есептелеген бағалау негізінде соңғы шешім қабылдау жеңілірек.
Инвестициялық шешім қабылдау критерийлері:
Жобаның нақтылығын бағалауға мүмкіндік беретін критерийлер:
Нормативтік-құқықтық критерийлер, яғни ұлттық, халықаралық құқық нормалары, стандарт талаптары, конвенциялар және т.б.
Ресурстық критерий түрлері;
Ғылыми-техникалық критерийлер;
Технологиялық критерийлер;
Өндірістік критерий;
Қаржы ресурстары көздері мен көлемі;
Жобаны жүзеге асырудың мақсатқа лайықтылығын бағалауға мүмкіндік беретін сандық критерийлер:
Жоба мақсатының іскерлік ортаның болашақтағы даму мақсатына сәйкестігі;
Тәуекелдер мен қаржылық нәтижелер (инвестициялық тәуекелге қосымша әкеле ме, күтіп отырған өндіріс, баға және сату көлемінің төмендеуіне әкеле ме);
Жобаның тұрақтылық деңгейі;
Іскерлік орта жағдайын және сценарийді жобалау мүмкіндігі;
Жобалар арасының мақсатқа лайықтығын таңдап алуға мүмкіндік беретін сандық критерийлер:
Жобаның құны;
Ағымдағы таза құны,
Пайда;
Пайдалылық;
Пайданың ішкінормасы;
Өтелімділік мерзімі;
Пайданың жоспарлау мерзіміне, іскерлік ортадағы өзгерістерге, мәліметтерді бағалаудағы қәтеліктерге сезімталдығы.
Осы критерийлерді пайдалана отырып, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның көрсеткіштерін есептейік:
Кесте 1.
Қор дамуының негізгі көрсеткіштері:
Көрсеткіш |
Пайда |
Қызметінің табыстылығы |
Болжам |
2 541 599 |
22,1% |
Орындалу |
3 488 007 |
39,3% |
Қор дамуының негізгі көрсеткіштері бойынша күтілген пайда 2 541 599 теңгені, қызмет табыстылығы 22,1 пайызға жету керек еді. Бірақ қарқынды жұмыс нәтижесінде пайда 3 488 007 теңгеге, ал қызмет табыстылығы 39,3 пайызға жетті.
Кесте 2.
Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар арқылы орналастыру бағдарламалары:
Көрсеткіш |
Мақұлданған |
Несиелер сомасы |
Орналастыру сомасы |
Болжам |
1 480 қарызгер |
91 470млн. теңге |
21 310млн. теңге |
Орындалу |
2 159 қарызгер |
104 766млн. теңге |
31 423млн. теңге |
Қаражаттарды екінші деңгейлі банктер мен лизингтік компаниялар арқылы орналастыру бағдарламалары бойынша 1 480 қарызгерге 91 470млн. теңге несие бөліп, 21 310млн. теңге орналастыру керек болатын, жұмыс орындалуы нәтижесі 2 159 қарызгерге 104 766млн. теңге несие бөлініп, 31 423млн. теңге орналастырылғанын көрсетті.
Кесте 3.
Қаржыландыру:
Көрсеткіш |
Мақұлданған |
Несиелер сомасы |
Орналастыру сомасы |
Болжам |
1 500 жоба |
144 000 млн. теңге |
20 700 млн. теңге |
Орындалу |
1 455 жоба |
183 563 млн. теңге |
27 463 млн. теңге |
Жоспар бойынша 1 500 жобаға 144 000 млн. теңге несиеленіп, 20 700 млн. теңге орналастыру болжанған, бүгінде 1 455 жобаға 183 563 млн. теңге несие бөлініп, 27 463 млн. теңге орналатырды.
Кесте 3.
Кепілдендіру:
Көрсеткіш |
Мақұлданған |
Несиелер сомасы |
Орналастыру сомасы |
Болжам |
80 жоба |
6 000 млн. теңге |
3 000 млн. теңге |
Орындалу |
148 жоба |
7 089 млн. теңге |
3 336 млн. теңге |
Кепілдендіру қызметі бойынша 80 жоба жоспарда қарастырылған. Жұмыстардың аса жақсы атқарылуы арқасында 148 жоба кепілдендірілді. Несиелеу сомасы 1 098 млн. теңгеге артты.
Кесте 4.
Кеңес беру:
Кәсiпкерлер құзыретiнiң орталықтары |
Тұтынушылар саны |
Берiлген кеңес саны |
Кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (17 орталық) |
8 874 |
30 384 |
Моноқалаларда кәсiпкерлiктi қолдау орталықтары (27 орталық) |
13 153 |
22 244 |
Кәсiпкерлiктi қолдаудың мобильдi орталықтары (14 облыста) |
6 714 |
9 702 |
Кеңес беру барша аймақтарды қамтыды. Кеңес беру барысында қолдау орталықтары елеулі жұмыстар атқарып, кеңес саны 3 есеге өсті.
Кесте 5.
Қаражаттарды уағдаластырып орналастыру арқылы кәсiпкерлердi қаржыландыру:
Көрсеткіш |
Жоспар 2013ж. |
Дерек 2013ж. |
% жосп. орынд. |
Қатысушылар саны, бiрл. |
1 480 |
2 159 |
145% |
Қаржыландыру сомасы, млн. теңге |
91 470 |
104 766 |
115% |
Орналастыру сомасы, млн. теңге |
21 310 |
31 423 |
147% |
Сыйақы мөлшерлемелерiн қаражаттандыру («Бизнестiң жол картасы 2020»: 1-3 бағыт) |
|||
Қатысушылар саны, бiрлік |
1 500 |
1 455 |
97% |
Несиелер сомасы, млн. теңге |
144 000 |
183 563 |
127% |
Субсидиялар сомасы, млн. теңге |
20 700 |
27 463 |
133% |
Несиелердi кепiлдендiру («Бизнестiң жол картасы 2020»: 1 бағыт) |
|||
Қатысушылар саны, бiрлік |
80 |
148 |
185% |
Несиелер сомасы, млн. теңге |
6 000 |
7 089 |
118% |
Кепiл сомасы, млн. теңге |
3 000 |
3 336 |
111% |
Қаражаттарды уағдаластырып орналастыру арқылы кәсiпкерлердi қаржыландырудағы 2013 жылдағы қорытынды деректемелерге сүйенсек, барша жұмыстар бағдаламалар бағыты бойынша атқарылып, барлық көсеткіштер 1,5-2 есеге дейіе өскен.
Кесте 6.
Қызмет табыстылығының көрсеткiштерi:
№ |
Атауы |
2011 ж. |
2012 ж. |
2013 ж. |
||
Жоспар |
Дерек |
% жосп. орынд. |
||||
1 |
ROA, активтердiң табыстылығы |
1,8% |
1,9% |
1,5% |
2,1% |
141% |
2 |
ROE, капиталдың табыстылығы |
7,5% |
4,5% |
3,3% |
4,4% |
132% |
3 |
Қызметiнiң табыстылығы |
29,9% |
35,5% |
22,1% |
39,3% |
178% |
4 |
Таза табыс, мың теңге |
3 461 820 |
3 456 204 |
2 541 599 |
3488 006 |
137% |
5 |
NI margin |
26,9% |
27,8% |
19,2% |
30,8% |
160% |
Қызмет табыстылығының көрсеткiштерiнің орындалуына келсек:
Активтер табыстылығы 141%-ды;
Капитал табыстылығы 132%-ды;
Қызмет табыстылығы 178%-ды;
Таза табыс 137%-ды;
Инвестициялық маржа 160%-ды құрады.
