- •Экономиканың шикiзатсыз секторларында кәсiпкер-лiктiң дамуына көмектесу.
- •Шок субъектiлерiнiң кәсiпқойлығын арттыру және халықты кәсiпкерлiкке тарту.
- •3.2 Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобаларды қаржылық қолдауды және таңдау жолдарын зерттеу
- •Өнеркәсіптік кәсіпорындарда инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалау
- •Сүтті мал тұқымын өсіретін ферма ашу (а жобасы) - жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- •Балалар бақшасын ашу (в жобасы) – жобаның тұжырымдамасы бала бақша қызметтерін көрсететін кәсіпорын құруды көздейді.
- •Ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашу (с жобасы) –жобаның тұжырымдамасы ірімшік және сүзбе өндіретін цех ашуды қарастырады.
- •Көкөніс өсіретін жылыжай ашу (d жобасы) - жобаның тұжырымдамасы көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
- •Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар жинау қызметін ұсыну (е жобасы) -жобаның тұжырымдамасы тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды жинау қызметтерін ұсынатын кәсіпорын құруды қарастырады.
- •Капиталдың орташа көлемді құны (wacc):
- •4 Инвестициялық жобалардың іріктеу процесі мен іске асыру тиімділігін арттыру.
- •Фирма құнын анықтау. Осы көрсеткіш фирмаларға көптеп инвестиция тартылуына алып келеді. Оны есептеу үшін мына формула қолданылады:
Капиталдың орташа көлемді құны (wacc):
-
Атауы
Капиталдың орташа көлемді құны (WACC)
А жобасы
0,407 тг.
В жобасы
0,425 тг.
С жобасы
0,407 тг.
D жобасы
0,389 тг.
Е жобасы
0,47 тг.
Жобалардың капиталдың орташа өлшемді құнын (WACC) анықтадым (кесте 7). Бұл көрсеткіш бойынша жоғары көрсеткішті Е жобасы көрсетіп отыр, ал ең төменгісі D жобасы. Екі жоба арасындағы айырмашылық 0,81-ді құрап отыр.
Кесте 8.
Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі (жыл):
-
Атауы
Жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі (жыл)
А жобасы
5,4
В жобасы
2,8
С жобасы
4,1
D жобасы
4,2
Е жобасы
3,5
Жобалардың ақтау мерзіміне келетін болсақ (кесте 8), бес жобаның ішінде өзін-өзі ең бірінші ақтайтын В жобасы, ал ақталуы жағынан ең ұзақ А жобасы. Осы екі жобалардың ақтау мерзімі арасындағы айырмашылық 2,6 жылды құрайды.
Кесте 9.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR):
-
Атауы
Ішкі кірістілік нормасы (IRR)
А жобасы
20%
В жобасы
39%
С жобасы
16%
D жобасы
24%
Е жобасы
29%
Келесі Ішкі кірістілік нормасы (IRR) (кесте 9) көрсеткішінде жоғарғы көрсеткіш тағы да В жобасында, ал төменгі көрсеткіш С жобасына тиесілі болып отыр. С жобасынан В жобасының ішкі кірістілік нормасы 15% жоғары.
Кесте 10.
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге.
-
Атауы
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге.
А жобасы
33 874
В жобасы
10 707
С жобасы
4 672
D жобасы
127 989
Е жобасы
5 837
Ағымдағы таза құны (NPV) (кесте 10) жайында талдауға келсек, жоғарғы көрсеткіш D жобасына, яғны 127 989 теңге, ал төменгі көрсеткіш С жобасы 4872 теңгені құрап отыр. Жобалардың таза құнының арасындағы айрмашылық 123 11 теңге.
Кесте 11.
Меншікті капитал табыстылығы (ROE):
-
Атауы
Меншікті капитал табыстылығы (ROE)
А жобасы
0,6
В жобасы
0,98
С жобасы
1,83
D жобасы
0,42
Е жобасы
1,09
Инвестициялық жобалардағы меншікті капитал табыстылығын (ROE) есептесек (кесте 11), олардың арасындағы табыстылығы жоғары С жобасы, табыстылығы ең аз D жобасы.
Кесте 12.
Активтедің табыстылығы (ROA):
-
Атауы
Активтедің табыстылығы (ROA)
А жобасы
20%
В жобасы
21%
С жобасы
15%
D жобасы
17%
Е жобасы
24%
Жобаларды бағалауда маңызды көрсеткіш келесі активтедің табыстылығы (ROA) (кесте 12). Активтер табыстылығы бойынша жоғары көрсеткіш Е жобасында, табыстылығы төмені С жобасы болып отыр.
Кесте 13.
Инвестицияның табыстылығы (ROI):
-
Атауы
Инвестицияның табыстылығы (ROI)
А жобасы
0,21
В жобасы
0,29
С жобасы
0,12
D жобасы
0,16
Е жобасы
0,21
Соңғы көрсеткіш инвестицияның табыстылығы (ROI) (кесте 13) бойынша В жобасы ең табыстысын, С жобасы табыстылығы азын көрсетті.
Жалпылай корытындыласақ, барлық жобасы бағалау бойынша тиімді. Дегенімен, олардың бірісінің тиімділігі жоғары, ал бірісі басқаларымен салыстырғанда тиімділігі төмен.
Тиімділігі жоғары В, Е жобалары, тиімділігі салыстырмалы түрде төмені С жобасы.
Осы көрсеткіштер негізінде бес жобаны да іске асыруға болатыны анық.
Алынған нәтижелер интерпретиациясы
Бөлімдегі нәтижелер бойынша қорытындыға келсек, алғашында мен еліміздегі инвестициялық жобаларды инвестициялаушы мекеме «Даму» қоры жайында қысқаша анықтамамен түсіндірдім. Қордың тарихы, жұмыстары және де болашаққа қойған стратегиясы төңірегінде толық түсіндірдім.
Қор инвестициялық жобарларды өзінің мынадай бағдарламалары бойынша инвестициялайды:
Қаражатты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейлі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы;
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ қаражатын кейіннен микрокредиттік ұйымдарға несие беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы;
«Даму-Көмек» бағдарламасы;
Қаражатты кейіннен әйелдер кәсіпкерлігіне микрокредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерге келісіп орналастыру бағдарламасы;
«Даму-Өндіріс» өңдеуші өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау бағдарламасы;
Өңдеуші өнеркәсіп саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингілік мәмілелерін екінші деңгейдегі банктер және лизингілік компаниялар арқылы қаржыландыру бағдарламасы;
Кәсіпкерлердің құзырет орталықтары ШОКС аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;
Шағын қалаларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржыландыру бағдарламасы;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін Азия Даму Банкі қарызы есебінен қаржыландыру бағдарламасы (I-транш);
Астана және Алматы ққ. қызмет көрсету (сервис) саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы;
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің лизингілік мәмілелерін қаржыландыру бағдарламасы;
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қ. жеке кәсіпкерлік субъектіліерін кейіннен қаржыландыру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге және өзге қаржы ұйымдарына келісіп орналастыру бағдарламасы;
«Даму - Аймақтар III» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің аймақтық басым жобаларын қаржыландыру бағдарламасы;
Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы;
Қор Қазақстандағы инвестициялаушы бірден-бір мекеме, сондықтан оның жай-жапсары, жай-күйі жайында екінші бөлімінде баяндадым. Қордың қызметі бойынша инвестицилық жобаларды қаржыландыру критерийлерін түсіндірдім.
Жоғарыда атап өткендей, жобалар арасының мақсатқа лайықтығын таңдап алуға мүмкіндік беретін сандық критерийлер:
Жобаның құны;
Ағымдағы таза құны,
Пайда;
Пайдалылық;
Пайданың ішкі нормасы;
Өтелімділік мерзімі;
Пайданың жоспарлау мерзіміне, іскерлік ортадағы өзгерістерге, мәліметтерді бағалаудағы қәтеліктерге сезімталдығы.
Осы критерийлерге сәйкес, өазіргі таңдағы инвестициялық жобаалардың тиімділігі бағаланады.
Онымен қоса, қор рентабельділігін, активтерінің рентабельділігін, т.б. көрсеткіштер бойынша қор тиімділігін анықтап, талдау жүргіздім.
Өз мысалыма 5 инвестициялық жобаны ала отырып, үшінші бөлімде талдау жасадым. Оларға қазіргі таңдағы елімізде инвестициялық бағалаудағы көрсеткіштер мен есептеулерді қолдандым. Барлық инвестициялық жобалар бағалау барысында оң нәтиже берері есептеуім негізінде анықталды.
Бірінші жобам бойынша сүт саласы республиканың агроөнеркәсіп кешенінің жетекші саласы болды және болып қала береді, Қазақстанда өндірілетін тамақ өнімдерінің шамамен 20% астамы оның үлесіне тиеді. Бұдан басқа, бүгінде 43 әлеуметтік маңызды өнім түрінен тұратын Қазақстанның азық–түлік қоржынының 11% астамын сүт өнімдері құрайды. Республикада жан басына шаққанда сүт өнімдерін тұтынуы жыл сайын ұлғаюда, бізде және жалпы әлемде оған деген сұраныс артуда.
Ал, балалар бақшасын ашуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 448 қаулысына сәйкес 2012-2014 жылдары «Балапан» бағдарламасын қаржыландыруға 216,3 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджет есебінен - 213 млрд. теңге және жергілікті бюджет есебінен - 3,2 млрд. тенге. көзделген. Бұл ретте 2010 жылы 21,5 млрд. теңге бөлінді және игерілді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2011 жылдың басында 6 446 мектепке дейінгі ұйым, соның ішінде – 2 261 балалар бақшасы мен 4 185 мектепке дейінгі шағын-орталық жұмыс істеуде. Балалар бақшалары мен шағын-орталықтар 446,4 мың балаға қызмет көрсетуде.
Республикада 2010 жылғы 1 қаңтарға контингенті 373,1 мың баланы құрайтын 4 972 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеуде, олар осы мектепке дейінгі балалардың 38,7% қамтамасыз етеді, бұл 2008 жылмен салыстырғанда на 3,1 % көп.
Балалар бақшасымен қамтудың ең жоғары көрсеткіші – Қостанай (90,3%), Қарағанды, (69,6%), Ақтөбе(64,3%), төмен көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан(14,4%), Алматы (21,5%).
271 мыңнан астам бес-алты жастағы балалар немесе жалпы санының 83% (қалалық жерде – 85%, ауылдық жерде – 82 %) мектеп алдындағы дайындықпен қамтылған. 6 430 жалпы білім беретін мектептің базасында 10 754 мектеп алдындағы сыныптар ұйымдастырылды, оларда 68,7 мың бала оқуда. 1 271 мектепке дейінгі ұйымда 3 480 мектепке дейінгі топ жұмыс істейді, оларда — 102,6 мың бала оқу үстінде.
Үшінші жоба бойынша, 2010 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша ауыл шаруашылығы өнімі өндірісінің өсуі 3,1%-ға негізделген, бұл мал шаруашылығы көрсеткіштерінің 3,3% ұлғаюына байланысты болды. Саланың осылайша өсу қарқыны мемлекеттің, соның ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің барынша қолдауымен қамтамасыз етілді. Ішкі нарықта бағаның өсуін ұстап тұру және тиісті инфляциялық күтулер үшін отандық тауар өндірушілер тамақ өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуда.
Сүт және сүт өнімдері өндірісі әлемде осы жылы 2%-ға ұлғаюы мүмкін ФАО сарапшылары бірінші жартыжылдықтағы деректерге жасалған талдаудың негізінде осындай қорытындыға келіп отыр. Осы беделді ұйымның шілдедегі зерттеулеріне сәйкес барынша жоғары өсу Оңтүстік Жер шары елдерінде,ең алдымен Жаңа Зеландия мен Австралияда күтілуде. Соңғы жылдары ЕО елдерінде сүтті қайта өңдеу және таза сүт пен қышқыл сүт сусындарын, ірімшікті, қоюлатылған және ұнтақ сүтті, майды және т.б. өндірудің өсу қарқыны байқалуда. Шығарылатын қышқыл сүт өнімдерінің түр-түрі едәуір кеңейді, олардың сапасының деңгейі артты, өндіру көлемі өсті. Бүгінде Қазақстанда ет-сүт және көкөніс-жеміс өнімдерін шығаратын ауылдық кооператив жұмыс істеуде, үш жылдан кейін олардың саны 450-ге жетеді деп жоспарлануда.
Көкөніс өсіру жобасына келсек, маусымдық фактор жыл бойы көкөніс өнімінің серпініне қатты әсер етеді. Бұл күзгі кезеңде өнімнің негізгі бөлігін қысқы сақтауға салумен және осыған байланысты базардағы өнім сату көлемінің азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ қысқы кезеңде бағаның өсуіне сақтау шығындары да әсер етеді. Кеңес одағы кезеңінде салынған көптеген жылыжайлардың бұзылғанын және қолда бар жылыжайлардың техникалық нашар жарақталуын ескере келе маусымаралық кезеңде халықты ерте піскен өніммен қамтамасыз ету төмендігі байқалуда (21%).
Ерте көкөніске деген қажеттілік ұлттық тұтыну нормалары бойынша жылына 87,4 мың тоннаны құрайды. Қолда бар жабық топырақты құрылыстарды ескере келе (181,4 га) қосымша 165,5 га жабық топырақты алқапты қосуды қажет етеді.
Маусымаралық кезеңде халықты өніммен қамтамасыз ету соңғы жылдары жабық топырақты алқапты кеңейту жолымен, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар мен ерте піскен көкөністі жаппай жинауды ұлғайту есебінен шешілуде.
Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінде республикада 184,1 га алқапта жылыжайлар жұмыс істеуде. Олар негізінен томат, қияр және аскөк өндіруге мамандандырылған.
2009-2010 жылдар кезеңінде 27,7 га жабық топырақты алқап пайдалануға берілді, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің өз қаражаттары есебінен 15,7 га жабық топырақты алқап, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаты есебіне 9,6 га жабық топырақты алқап, басқа да қаржы инстситуттарының қаражаттары есебінен (ӘПК, қорлар және т.б.)
1,07 га жабық топырақты алқап салынды.
Тұтастай алғанда қияр мен томатты тұтыну оны тұтыну нарығының өсуімен қатар жүруде. Көкөніске деген сұраныс жылына орташа 10% өсуде, бұл халықтың нақты табысының өсуіне әсер етуде.
Соңғы жоба тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар жинау қызметін ұсыну Қазіргі уақытта республиканың үкіметі қоқыс мәселесіне назар аударуда. Атап айтқанда, Құрылыс және ТКЩ агенттігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту салалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде елдің 2012 жылы 2-3 ірі қаласында қоқысты бөліп жинау технологиясын енгізудің «пилоттық» жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның көмегімен тұрғындармен қоқысты бөліп жинауды түсіндіру және насихаттау жұмысын жүргізетін болады.
