Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы ответ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48 Кб
Скачать
☆
  1. Жер учаскесін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қою, оның ішінде сатып алу жолымен алып қою

Меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер учаскесін

мемлекет мұқтажы үшін мəжбүрлеп иеліктен шығару рəсімінің басталуы

туралы хабарлама алған күннен бастап жер учаскесіне мемлекеттік меншік құқығы мемлекеттік тіркелгенге немесе жер пайдалану құқығы

тоқтатылғанға дейін жер учаскесiне жəне өзге де жылжымайтын мүлікке

өзiне тиесiлi құқықты жүзеге асыруға, осы мүлікті оның нысаналы мақсатына сəйкес пайдалануды қамтамасыз ететiн қажеттi шығындарды жасауға құқылы. Бұл ретте меншiк иесi немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы көрсетілген кезеңде осындай жер учаскесіндегі жаңа құрылысқа, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) жəне өзге де жылжымайтын мүлік объектілерін кеңейтуге немесе реконструкциялауға байланысты шығындар мен залалдарды өзi көтеруге тəуекел жасайды.

Егер меншік иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы жер

учаскесінің бір бөлігі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылғаннан

кейін қалған бөлігін бұрынғы нысаналы мақсаты бойынша пайдалана алмаса,онда бүкіл жер учаскесі сатып алынады

  1. Жер учаскесін сатып алу

  1. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін алып қою

Мемлекет мұқтажы үшiн мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесiн

алып қою оны алып қоюды жүзеге асыратын атқарушы органның бiржақты шешiмi негiзiнде жүргiзiледi.Мұндай шешiмге жоғары тұрған органға не сот тəртібімен шағымжасалуы мүмкiн. Шағым беру алып қою туралы шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген мерзімде жəне тəртіпте мəжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабардар етілуге тиіс. Жер учаскесінің меншiк иесі немесе мемлекеттік емес жер пайдаланушы мəжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сəттен бастап мемлекет оны сатып алудың басым құқығына ие болады.

2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мəжбүрлеп иеліктен шығару«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.

3. Жер учаскесi меншiк иесiнің меншік құқығының жəне мемлекетті емес жер пайдаланушының жер пайдалану құқығының тоқтатылуы жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін сатып алу туралы шарттың немесе жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мəжбүрлеп иеліктен шығару туралы сот шешімінің негізінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады.

  1. Төтенше жағдайлар кезінде жер учаскесін уақытша алып қою

Дүлей апаттар, соғыс жағдайындағы режим, авариялар, эпидемиялар,iндеттер жағдайында жəне өзге де төтенше жағдайлар кезiнде жер учаскесi жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға олардың шеккен шығыны өтеле отырып, олардан қоғам мүддесi үшiн уақытша алып қойылуы мүмкiн. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының шеккен шығынын өтеу бағасы сот тəртібімен даулануы мүмкiн.

2. Төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған кезде жер учаскесi меншiк иесiне (жер пайдаланушыға) қайтарылуға тиiс жəне дау туындаған жағдайда ол сот тəртібімен оның қайтарылуын талап етуге құқылы.

3. Жер учаскесiн меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға қайтару мүмкiн болмаған жағдайда жер учаскесiнiң немесе жер пайдалану құқығының құны өтеледi.

4. Жер учаскесiн уақытша алып қойған кезде мүлiктi, соның iшiнде жылжымайтын мүлiктi реквизициялау тəртібі Қазақстан Республикасы азаматтық заңдарының нормалары бойынша жүзеге асырылады.