Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер кукыгы ответ.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48 Кб
Скачать
☆

11.Мемлекеттік меншіктегі жерлерге құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) алу......

Жер учаскесі немесе жер учаскесін жалдау құқығы:

1) инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін;

2) халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттерге жəне халықаралық ұйымдарға;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер пайдаланушыларына;

4) мемлекеттік органдар өткізетін объектілерді салу жөніндегі конкурстарды (тендерлерді) жеңіп алған тұлғаларға жəне мұндай құрылыс тікелей аталған тұлғаларға жер учаскесін беруді талап еткен кезде;

5) жеке жəне заңды тұлғаларға оларға меншік құқығымен жəне (немесе) өзге де заттай құқықпен тиесілі үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) пайдалану жəне ұстау үшін, оның ішінде іргелес аумақтағы үйлерді

(құрылыстарды, ғимараттарды) Қазақстан Республикасының сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тəртіппен бекітілген сəулет-қала құрылысы жəне (немесе) құрылыс

құжаттамасына сəйкес кеңейту жəне реконструкциялау үшін;

6) кондоминиум объектісін пайдалану жəне ұстау үшін кондоминиумға қатысушыларға;

7) жайылымдық жəне шабындық алқаптарды халықтың жеке ауласын

ұстау, сондай-ақ бақша өсіру жөніндегі мұқтажын қанағаттандыру мақсатында пайдалану үшін;

8) Қазақстан Республикасының жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сəйкес жасалған келісімшарттың негізінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін;

9) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сəйкес жасалған келісімшарттың негізінде мемлекеттік заттай гранттар ретінде;

Уақытша жер пайдалану мерзімі аяқталып келе жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері уақытша жер пайдаланушы жаңа мерзімге уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасудан бас тартқан

жағдайда ғана сауда-саттыққа (конкурстарға, аукциондарға) шығарылады.

2. Сауда-саттықтың (конкурстардың, аукциондардың) жеңімпаздарына -шетелдіктерге жəне азаматтығы жоқ адамдарға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері он жылға дейінгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалануға беріледі.

3. Сатуға арналған жер учаскесі:жер учаскесінің шекарасы айқындалғаннан;

жер учаскесінің нысаналы мақсаты жəне оның кадастрлық (бағалау) құны анықталғаннан;

сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы шешім қабылданғаннан;

сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы хабарлама жарияланғаннан кейін сауда-саттыққа шығарылады.

4. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) ұйымдастырушы ретінде меншік иесі немесе онымен жасалған шарт негізінде əрекет етушімамандандырылған ұйым өкілдік етеді.

5. Жep учаскесінің меншік иесі сауда-саттықты (конкурстарды,аукциондарды) өткізу нысанын, сауда-саттық нысанасының бастапқы бағасын жəне кепілақы сомасын белгілейді.

6. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру мен өткізу əртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.