Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
иоа кейсовый шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сабақты жоспарлау

Мұғалімнің сабаққа дайындығының соңғы кезеңі – сабақты жоспарлау, нәтижесі сабақ жоспары (немесе конспект) болып табылады.Мұғалімдік қызметін жаңа бастаған ұстаз толық конспекті немесе жан-жақты ашылған сабақ жоспарын құрастырғаны дұрыс, ал тәжірибелі мұғалім қысқаша жоспар құрастыруына болады. Дегенмен, жоспар жұмыс құжаты ретінде кез келген мұғалімге қажет: ол ойдағыны рет-ретімен, толықтай іске асырып, уақытты ұтымды пайдалануына септігін тигізеді, мұндай жоспар бұдан кейінгі жұмыстардың тірегі бола алады [13].

Сабақ жоспары — оқушылардың сабақ материалымен жұмыс істеуін ұйымдастырудың әдістемелік нұсқасы. Мұнда сабақ тақырыбы мен мақсаты (білім алушылық, дамытушылық, тәрбиелік), уақытты кезеңмен үйлестіру (орындалған тапсырманы тексеру, жаңасын түсінідіру, жаттығулар және т.б.), сабақтың қысқаша мазмұны баяндалады. Соңғы бөлімде тексерілетін немесе жаңа материалдың негізгі элементтері, соған сәйкес әдістемелік тәсілдер, оқу әдістері – әңгімелесу (онда сұрақтар әзірленеді), жаттығулар (есептер алдын ала шығарылуы керек), баяндау әдістері, көрсету, иллюстрациялау, өздік жұмыстарының мазмұны мен формалары, үй тапсырмасы жазылады. Жоспарланған сабақтың іс жүзіндегі сабақпен үйлеспеуіне байланысты сабақ жоспарларының қосалқы нұсқасының болғаны пайдалы. Тапсырмаларды өзгелерден бұрын орындаған оқушыларға немесе көзделген уақыттан бұрын орындалған жағдайларға қосымша материалдың дайын болуы абзал. Информатика сабағында кейде компьютермен жұмыс жасауға мүмкіндік болмай қалуы ықтимал (бірқатар компьютерлердің істен шығуы, жергілікті желі немесе модемнің жұмыс істемеуі, электр қуатының өшіп қалуы және т.б.), осындай жағдайлар үшін басқа жұмыс формаларын, соның ішінде машинасыз нұсқалы тапсырмалар алдын ала дайын болғаны жөн.Мұғалім күтілетін нәтижелерді болжауы керек: ұғымдар мен іс-әрекеттерді меңгеру, түсініктерді қалыптастыру, тәжірибе алу және т.б. Нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін құралдар мен оқушылардың материалды нақты игеру деңгейін анықтайтын критерийлер, тұлғаның жалпы даму деңгейі, тәрбиеленушілердің азаматтық және адами қасиеттерінің қалыптасуы жоспарда орын алуға тиіс.Дегенмен, жоспар догмаға айналмауы керек, мұғалім мен оқушының ара-қатынасы қатаң сызбалармен шектеліп, барлығын «жоспар бойынша» орындауға ұмтылмауы тиіс. «Мұғалімнің шабыты, оның үйдегі дайындығынан оқушылардың әсер алуы сабаққа жан бітіреді. Сабақ жанданып, кейде басқа бағытқа ауысады. Осы іспетті ойдағыдай шыққан сабақтардан кейін ойдағы ұтымды сәттер ұмытылып кетпегенше қолға қалам алып, конспектілей бастайсың».

Microsoft word мәтіндік редакторында кестелермен жұмыс істеу. Мәтіндік редакторды іске қосамыз. Кесте – жолдар мен бағандарда мәтіндік және графикалық хабарламаларды көрнекі етуге реттеліп берілген ақпарат.

Кесте баған мен жолдан және екеуінің қиылысуында орналасқан ұяшықтан тұрады.

Ұяшықтағы мәтінді кәдімгі ереже бойынша форматтауға болады.

Құжатта кесте құрудың екі әдісі бар:

1-әдіс:

Таблица  Вставить  Таблица

командасын орындау арқылы.

Ашылған сұхбат терезесінен Баған мен Жолдың санын көрсетіп ОК батырмасын басамыз.

2-әдіс: Стандартты аспаптар тақтасындағы

Кестені қосу (Добавить таблицу) батырмасын шерту арқылы құруға болады.

Ашылған терезеде керекті ұяшық сандарын тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып қоюға болады.

Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегімен немесе ,, , , Тab пернелер көмегімен орындалады.

Кесте құрылымын өзгерту. Ұяшықтарды қосу.

а) Ұяшықтарды қосу – Алдымен жолды немесе бағанды ерекшелеп, Таблица  Вставить(Строки выше, Строки ниже, Столбцы справа, Столбцы слева) пунктерінің керегін таңдау.

б) Ұяшықтарды өшіру — Алдымен жолды немесе бағанды ерекшелеп Таблица  Удалить(Столбцы, строки, таблица, ячейки) бөлімін таңдау керек.

Ұяшықтарды біріктіру және бөлу.

а) Бірнеше ұяшықтарды бір ұяшыққа біріктіру үшін оларды белгілеп, Таблица  Объединить ячейки командасы орындалады.

б) Бір ұяшықты бірнеше ұяшыққа бөлу қажет болса, курсорды сол ұяшыққа апарып, Таблица Разбить ячейки командасы орындалады.

Кестені өңдеу. Кез келген кестенің жиегінің түрін, түсін өзерту үшін Формат  Границы и заливка командасын орындап, ашылған сұхбат терезесінен Граница бөлімін таңдап қажетті форматтауды таңдап, ОК батырмасын басамыз.

Информатика курсы бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету дегеніміз не?Оның қандай түрлері мен қызметі бар? Мысал келтіріңіз

Бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) информатиканы оқыту құралдары жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, олардың минималды топтамасы информатика кабинетінің құрамдас бөлігі болуы тиіс (5.2-кесте).

Информатиканы оқытудың бағдарламалық қамсыздандырылуы мынаған бағытталуға тиіс:

- курсты оқытуға (теориялық сұрақтарды оқыту, ЭЕМ-мен тілдесу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру) қолдау көрсетуге;

- оқу үрдісін басқаруды қамтамасыз етуге, оқу әрекетін бақылау үрдісін автоматтандыруға;

- оқу әрекетінің мәдениетін арттыратын және оқушылардың жалпы дамуына ықпал ететін (мәтіндік редактормен, ақпараттық-іздеу жүйесімен, электронды оқыту кестесімен, алуан түрлі графикалық және әуенді редакторлармен жұмыс істей білу) арнаулы ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға.

Педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) – бағдарламалық қамсыздандырудың ішінде ерекше орын алады. Олар білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып, мына мүмкіндіктерді береді:

  • оқыту үрдісін саралауға, дербестеуге;

  • оқушының қателіктерін анықтай отырып, интерактивті бақылауға;

  • оқу әрекетінде өзін-өзі бақылауды және өзін-өзі түзетуді қамтамасыз етуге;

  • компьютермен жұмыс істеу уақытын қысқартуға;

  • оқу ақпаратын визуалды көрсетуге;

  • үрдістер мен құбылыстарды модельдеуге және имитациялауға;

  • визуалды шындық жағдайында зертханалық жұмыстар, эксперименттер мен тәжірибелер өткізуге;

  • оңтайлы шешімдер қабылдау дағдысын қалыптастыруға;

  • ойын элементтерін пайдаланып, оқу үрдісіне деген қызығушылықты арттыруға;

  • таным мәдениетіне үйретуге және ақпараттық мәдениет дағдысын қалыптастыруға.

1-кесте. Информатика кабинетін бағдарламалармен қамсыздандыру жіктемесі

Microsoft Word мәтіндік редакторы. Microsoft Office Word (күнделікті — MS Word, WinWord немесе жай ғана Word) - Macintosh компьютерлерінде жәнеWindows, DOS ортасында жұмыс істейтін, қазіргі кезде кең таралған, ең қуатты мәтіндік процессорлардың бірі. Құжаттарды даярлауға, түзетуге, қарап шығуға, баспаға шығаруға арналған Windows ортасының қолданбалы программасы. Оның соңғы нұсқалары шағын баспа жүйесі ретінде кітап, газет- журналдар шығаруда кеңінен қолданылады. Microsoft Office Word дегеніміз компьютерде құжаттар жасауға мүмкіндік беретін бағдарлама болып табылады. Суреттер немесе өң сияқты түрлі-түсті фотосуреттер немесе көрнекі суреттер пайдаланып әдемі мәтін жасау және карталар мен кестелер сияқты деректер қосу үшін Word бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Оған қоса, Word бағдарламасы мәтін жасау үшін түрлі көмекші мүмкіндіктерді береді, олардың көмегімен мақалалар немесе есептер сияқты іскери құжаттарды оңай аяқтай аласыз. Сондай-ақ, ашықхат немесе хатқалта мекенжайларын басып шығаруыңызға болады. Word бағдарламасы құжаттар, электрондық кестелер мен көрмелер жасауға және электрондық поштаны басқаруға арналған бағдарламаның бірнеше түрлерін біріктіретін өнімдердің бумасы болып табылатын «Office» бумасының бір бөлігі болып табылады. Microsoft Office Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша программасы.Ол-мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барсында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторының бірі. Қазіргі компьютерлік технологияларда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материялдарын теруден бастап, олардың оригинал – макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Мұндай құжаттар мен кестелерді көрікті етіп , безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар , стильдер , жазылып бірден орындалатын ішкі макропрограмалар тілі , қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

Интернет желісі – глобальды телекоммуникациялық торап. Интернет (оқылуы [интэрнэ́т]; ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.

Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады.

Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз.

Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады.

Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.

Интернет - кез келген компьютерлермен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру мүмкіндігі, желілер жүйесі. Интернет - байланыс араларын өзара біріктіретін, тораптардың жиынтығы.

Әрбір топтарда көбінесе UNIX операциялық жүйесін басқару арқылы жұмыс істейтін бір немесе бірнеше қуатты компьютер-сервер болады. Мұндай торапты кейде хост деп атайды.

Торапты оның иесі - провайдер деп аталатын ұйым немесе Интернет қызметін жабдықтаушы басқарады.

Интернет әр түрлі ережемен жұмыс істейтін желілерді біріктіреді. Бұл ережелерді үйлестіру үшін шлюз құрылғысы қызмет етеді. Шлюз - басқаша тәсілмен үйлеспейтін желілерді қосатын құрылғы. Шлюз әр түрлі желілердің бірлескен жұмысын қамтамасыз етуге арналған мәліметтерді өзгертпейді.

Интернет желісіне әр түрлі операциялық жүйелерді басқару арқылы жұмыс істейтін компьютерлер кіреді . Алайда, ақпарат алмасу кезінде барлық ЭЕМ хабар беру тәсілдері туралы бірыңғай келісімдер қолданылуы тиіс. Сонда ЭЕМ-ның қай-қайсысыда басқа кез келген ЭЕМ-нан алынған ақпарат түсінуге қабілетті болады.

Электронды почта немесе е-mail (electronic mail - электронды почта),адамдар арасындағы байланыс тәсілдерінің бірі болып табылады. Электронды почтаның Интернеттегі негізгі функциясы - планетаның қай нүктесінде болса да, Интернеттің кез келген екі пайдаланушысы арасында электронды хаттармен - мәтіндік хабарламамен оперативті және өте тез алмасуды жүзеге асыру. Электронды почтаның қосымша мүмкіндіктеріне мыналарды жатқызуға болады: дыбыстық хабар, құжаттарды, сызуларды, фотосуреттерді, бейнематериалдарды беру; ғылыми журналға, сирек кітаптарға, жарнамаға жету жәнә әр түрлі тауарларды жолдау немесе сату; сонымен қатар, ұжымдық іс-әрекеттерді программалық қамтамасыз ету; мекемелер мен ұйымдарда құжат қолдану; ұжымдық жұмысты жоспарлау. EFT хаттамалары бойынша электронды почтаның жаңаша пакеттері (Electronic Funds Transfer - ақшалай қаражатты электронды аудару) және EDI (Electonic Funds Data Interchange - мәліметтермен электронды алмасу) желі бойынша іс жүзінде қамтамасыз етілетін ақша, шоттар және басқа қаржылық құжаттарды аудару.

Қазіргі уақытта кз келген информациялық технологияның жаппай техникалық компоненті компьютер болып табылатыны белгілі.

Компьютерлік телекоммуникацияны пайдалану - алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ,электрондық почта өте қолайлы жене аса қымбат емес.

Жалпы орта мектептің 1-11 (12) – сынып информатика курсын бағдарламалық қамтамасыз етіңіз. Бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) информатиканы оқыту құралдары жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, олардың минималды топтамасы информатика кабинетінің құрамдас бөлігі болуы тиіс (5.2-кесте).

Информатиканы оқытудың бағдарламалық қамсыздандырылуы мынаған бағытталуға тиіс:

- курсты оқытуға (теориялық сұрақтарды оқыту, ЭЕМ-мен тілдесу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру) қолдау көрсетуге;

- оқу үрдісін басқаруды қамтамасыз етуге, оқу әрекетін бақылау үрдісін автоматтандыруға;

- оқу әрекетінің мәдениетін арттыратын және оқушылардың жалпы дамуына ықпал ететін (мәтіндік редактормен, ақпараттық-іздеу жүйесімен, электронды оқыту кестесімен, алуан түрлі графикалық және әуенді редакторлармен жұмыс істей білу) арнаулы ептіліктер мен дағдыларды қалыптастыруға.

Педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) – бағдарламалық қамсыздандырудың ішінде ерекше орын алады. Олар білім беру үрдісінде кеңінен қолданылып, мына мүмкіндіктерді береді:

  • оқыту үрдісін саралауға, дербестеуге;

  • оқушының қателіктерін анықтай отырып, интерактивті бақылауға;

  • оқу әрекетінде өзін-өзі бақылауды және өзін-өзі түзетуді қамтамасыз етуге;

  • компьютермен жұмыс істеу уақытын қысқартуға;

  • оқу ақпаратын визуалды көрсетуге;

  • үрдістер мен құбылыстарды модельдеуге және имитациялауға;

  • визуалды шындық жағдайында зертханалық жұмыстар, эксперименттер мен тәжірибелер өткізуге;

  • оңтайлы шешімдер қабылдау дағдысын қалыптастыруға;

  • ойын элементтерін пайдаланып, оқу үрдісіне деген қызығушылықты арттыруға;

  • таным мәдениетіне үйретуге және ақпараттық мәдениет дағдысын қалыптастыруға.

1-кесте. Информатика кабинетін бағдарламалармен қамсыздандыру жіктемесі