- •Интербелсенді тақтамен жұмыс істеу. Техника қауіпсіздігінің ережесі
- •Сабақты жоспарлау
- •Activstudio-ны іске қосу. Activstudio-ның құралдар тақтасының құрылысы
- •Оқушы мен мұғалімнің жұмыс орны. Техника қауіпсіздігіне қойылатын талаптар.
- •Информатика сабағының құрылымы, оған қойылатын талаптар.
- •Информатика курсы бойынша оқушылардың білімдерін бағалауда компьютер көмегімен тест қабылдаудың қаншалықты мәні бар
- •Оқыту мазмұнын саралаудың пинциптері: кәсіптік және деңгейлік саралау
Информатика курсы бойынша оқушылардың білімдерін бағалауда компьютер көмегімен тест қабылдаудың қаншалықты мәні бар
Тестілеу оқушылар білімдерінің сапасын жедел түрде тексеру үшін деректерді (жауаптарды) автоматты түрде енгізу мүмкіндігімен және нәтижелерді автоматтандырылып өңдеудің алдын ала берілген 91 сапалық параметрлерімен пайдаланылады. Тестілеу технологиясы өзінің кемшіліктері мен шектеулері бола отырып, бәрібір де оқушылардың жеңіл есептердің шешуін шешіп, нұсқалардың жауаптарын таңдап немесе сөздерді, формулаларды, терминдерді және т.б. қоса бере отырып, дайындықтарының дәрежесі мен деңгейлерін тексерудің ең тез және ең сенімді тәсілі болып табылады. Ең бастысы - тестілеу технологиясы компьютердің жадында жинақталатын статистикалық материалдар жинауға мүмкіндік береді. Бағалау технологиясы – рейтингтік және баға қою бойынша. Ұйымдастыру тәсілі бойынша – автоматты бақылау, өздік бақылау және оқытушының бақылауы. Дидактикалық тест. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады: - қалыптастыру сұрақтары; - есептерді шығару сұрақтары; - өз білімдерін дұрыс пайдалана білуіне арналған сұрақтар; - шығармашылық қабылеттерін арттыру сұрақтары. Бақылау жұмыстары – оқушылардың білімдері, ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін тексеріп бағалаудың ең тиімді әдісі. Жеке тақырыптарды немесе оқу бағдарламасының бөлімдерін өткеннен кейін мұғалімнің оқушылардың білімдерін, ептіліктері мен дағдыларын жазбаша немесе практикалық түрде тексеріп баға беруі әдістің негізін құрайды.
Activslate информатика курсында бағдарламалық қамтамасыз ету құралына жатады ма? ACTIVslate
Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады.
Оқыту мазмұнын саралаудың пинциптері: кәсіптік және деңгейлік саралау
Бейіндік оқыту – білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау және даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру. Бейіндік мектеп – өз базасында бейіндік оқытуды жүзеге асыратын мектеп. Болашақ мұғалімдердің оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлығы – бейіндік мектеп жағдайында білім беру іс-әрекетінің әртүрлі формаларын кіріктіру, ашық білім беру ортасын жобалау, баламалы білім беру мазмұнын жобалау және құрастыру, оқушылардың әртүрлі деңгейдегі білім алу іс-әрекетін ұйымдастыру құзыреттіліктерінің қалыптасуы. Саралау – оқушыларды белгілі бір ерекшеліктері негізінде бөлек оқыту үшін топтастыру арқылы оқушылардың дербес ерекшеліктерін есепке алу. Оқытуды бейіндік саралау – оқушылардың әр түрлі топтарының материалдың мазмұны, көлемі, қарастырылатын мәселелері ерекшеленетін бағдарламалармен оқытылуын, сол сияқты оқытудың кәсіби бағдарлануын меңзейді. Оқу үдерісіне жаңалықтарды енгізуге педагогтың даярлығы оның жоғары оқу орнында оқып жүрген кезіндегі алған білімінің базасымен анықталады. Сондықтан нәтижелі болу үшін болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесі жалпы білім беру іс-тәжірибесінің дамуымен анықталатын тенденцияларды есепке ала отырып өзгеруі қажет. Мұғалімдерді кәсіби даярлау үдерісінің әдіснамалық-теориялық негіздері, мәні, ерекшеліктері, функциялары С.Н. Архангельскийдің [7], Б. Әбдікәрімұлы [8], Ғ.З. Әділғазиновтың [9], Ю.К. Бабанскийдің [10],Б.Т. Кенжебеков [11], А.П. Сейтешев [12] В.А. Сластениннің [13], Ш.Т. Таубаеваның [14], К.Ә. Дүйсенбаевтың [15], Н.Д. Хмельдің [16] еңбектерінде зерттелген. Бейіндік оқыту жүйесі үшін педагогтарды даярлаудың жалпы теориялық аспектілеріне Д.С. Ермаков [17], А.Г. Каспржак [18], Т.Г. Новикова [19], Н.С. Пряжников [20], И.Д. Чечелдің [21] еңбектері арналған. Педагогикалық теория мен практикада бейіндік оқытудың өзектілігі заманауи білім беру жүйесінің тұлғалық-бағдарланған модельге өтуіне байланысты. Осы педагогикалық парадигманың теориялық жағдайы Е.В. Бондаревская [22], А.П. Вилицкая [23], Прозументова [24], В.В. Сериков [25], еңбектері арналған. Бейіндік оқытудың өзіндік ерекшелігі И.Л. Бим [26], В.В. Гузеева [27], П.С. Лернер [28] , З.С. Назаралиева [29], Н.В. Немова [30,31], А.А. Пинской [32], сынды отандық және шетел ғалымдарының еңбектерінде бейнеленген. 6 Кәсіби бағдар берудің әдістемелік негіздері (ұғымы, мазмұны, принциптері, формалары мен әдістері) Е.М. Павлютенкованың еңбектерінде қарастырылған, жалпы білім беретін мектептерде білім беруді кәсібилендіруді талдаудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін – Б.Ш. Каримбаева [33], Н.В. Немова [34] қарастырған. Бірақ, көрсетілген зерттеулердің тереңдігіне қарамастан бұл жобалар технологияның білім беру жүйесінде орта жалпы білім беретін мектептердегі бейіндік оқытуды ғылыми негіздеуді қарастырмаған және бұл отандық білім беру жүйесіндегі осы маңызды бағытты жетілдіру процесін тежейді. Дегенмен қазіргі таңда бейіндік оқыту үдерісін «Технология» бағытында жүзеге асырудың мазмұндық және іс-әрекеттік бағытының дидактикалық, педагогикалық негізіне арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары өте аз. Әсіресе түрлі технологиялық үдерістердің ғылыми негізін жүйелеп түсіндіретін пәнаралық байланысқа негізделген, осы бағыттағы зерттеу жұмыстары өз негізінде нақтылы шешімін табу қажет. Ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерге жасаған талдау технологиялық бағыт бойынша жоғары сынып оқушыларын бейіндік оқытуын пәнарлық байланыстар негізінде жүзеге асыру мәселесінің әлі де болса өзінің шешімін таба қоймағанын, бейіндік оқытуда түсініксіз мәселенің көптеп кездесетінін көрсетеді. Проблеманың өзектілігін талдау 12 жылдық мектепте оқушыларды бейіндік оқытуға қоғамның қажеттілігі мен әлемдік және жалпы европалық білім беру кеңістігіне табысты кіру үшін жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың саналы қажеттілігі және Қазақстанның педагогикалық ғылымында оның негізгі жағдайларының жеткіліксіз теориялық және тәжірибелік-эксперименттік негізделуі арасындағы қарама-қайшылықтың шешілу қажеттілігіне әкеліп отыр. Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлау» деп таңдауымызға негіз болды.
Информатика курсы бойынша 5-6-сыныпта интерактивті тақта құралдарын қолданудың әдістемелік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіз? Интерактивті тақта – барлық сыныпты оқыту үшін таптырмайтын құрал. Бұл визуалды ресурс мұғалімнің жаңа материалдарды оқушыларға өте тартымды және тез жеткізуіне көмектеседі. Бұл тақта ақпараттарды әр түрлі мультимедиялық ресурстардың көмегімен жеткізуге мүмкіндік береді: мұғалімдер мен оқушылар материалдарды түсіне және жете толық игере алады. Қиын мәселелерді жеңіл түсіндіріп, схемаларды беруде өте ыңғайлы.
Мұғалім қандай да бір материалдарды тартымды және динамикалық түрде жеткізу үшін тақтаны пайдалана алады.
Тұжырымдарды және абстракциялы идеяларды түсіндіруде мұғалім үшін таптырмайтын құрал ретінде келетін, тақта оқушыларға жаңа материалдармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді. Тақтада логикалық байланыстарды туғыза отырып, объектілерді қозғалтуға және ақпараттарды жеңіл ауыстыруға болады. Оқушылардың ойларын экранның өзіне жазып және бірте-бірте оқушылардың зейінін аудара отырып, тақтада мұғалімдер өз іс-әрекеттерін түсіндіре, дауыстап талқылай алады.
Зерттеу барысында оқушылар үшін, мұғалімдер үшін интерактивті тақталар тапсырмаларды тартымды ететінін, әр түрлі динамикалық ресурстарды пайдалануға болатынын және ынтасын жақсартатынын байқауға болады. Онымен жұмыс жасауда оқушылардың білімін тексеруге де болады. Мұғалімнің дұрыс сұрақтары оқушыларға тақтада не көрсетілген, материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік бере, дискуссияны кеңейтеді.
Материалдарды пайдалануда шығармашылық іс-әрекетте интерактивті тақтамен жұмыс жасау қарапайым қарастырылған. Барлық материалдар даяр болған жағдайда, файлдар мен бет парақтарын (сабаққа қажетті) басқада бір ресурстарға қосуға болады. Бұл оқу ісін жоспарлауға және сабақты өткізуге өте қолайлы. Интерактивті тақтада объектілер мен жазуларды жеңіл қозғалтуға, мәтінге түсініктеме қосуға, суреттер мен диаграммаларды, бастау аймақтарды белгілеуге және түстерді қосуға болады. Сондай-ақ суреттерді немесе графиктерді, мәтіндерді жасыруға болады, сондан кейін қажетті уақытта көрсетуге болады. Мұғалімдер және оқушылар көпшілік назарын аудара отырып, осының барлығын тақтада сынып алдында жасайды.
Білім берудегі интерактивті технология - мұндағы интерактивті сөзі- inter (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
7 сынып ІІ – жартыжылдық. № Сабақтың тақырыбы Сағат Өтетін күні ІІІ тоқсан «Windows» ОЖ 1. Терезе, оның элементтері мен құрылымы 1 2. Файлдар, бумалар, жарлықтер. Бумаларды құру және атын өзгерту. 1 3. Объектілерді көшіру және оны жылжыту. 1 4. Себет /Корзина/. Объектілерді себетке салу. Өшірген құжаттарды қалпына келтіру. 1 5. Объектілерді іздеу. Сілтеуіш. 1 «Paint» графикалық редактор 6. Құралдар тақтасы, түстер палитрасы. 1 7. Суреттерді құру, редакторлау, сақтау және ашу 1 8. «Paint»-пен шығармашылық жұмыс 1 9. «Paint»-пен шығармашылық жұмыс 1 10. Бақылау жұмысы 1 11. Өтілгенді қайталау. IV тоқсан «WordPad» мәтіндік редактор 1. Терезесі, меню, құралдар тақтасы. Мәтінді теру ережелері. Құжаттарды құру, сақтау, ашу. 1 2. Мәтіді форматтау. Мәтінге графиктік объектілерді қою. 1 3. Редактормен практикалық жұмыс 1 4. Калькулятор. 1 5. Фонограф. 1 6. CD программаларды қондыру және жіберу. 1 7. Бақылау жұмысы. 1 8 сынып ІІ жартыжылдық № Сабақтың тақырыбы Сағат Өтетін күні ІІІ тоқсан Windows қосымшалары 1. Өтілгенді қайталау 1 “Word” мәтіндік редакторы 2. «Word» мәтінді редактор: меню, құралдар тақтасы, режим. 1 3. Форматтау. Сервис. Кестелерді еңгізу. 1 4. Шығармашылық жұмыс 1 5. «Word» м.р. бойынша бақылау жұмысы 1 “Excel” электрондық кестелер 6. Негізгі түсініктер, мәні, жіберілуі. Кестелер элементтері: жол, бағандар, ұя. 1 7. Электрондық кестені құру және толтыру 1 8. Диаграмманы шығару 1 9. Электрондық кестелермен практикалық жұмыс 1 10. “Excel” бойынша бақылау жұмысы 1 IV тоқсан “Access” деректер базасы 1. Деректер қоры 1 2. Деректер қорын басқару жүйелері 1 3. Іздеу амалдары 1 4. Деректер қорын құру және редакторлау 1 5. Деректер қорын құру және редакторлау 1 6. “Access” МБ практикалық жұмыс 1 7. “Access” бойынша бақылау жұмысы 1 8. Өтілгенді қайталау 1 9 сынып. ІІ жартыжылдық. № Сабақтың тақырыбы Сағат Өтетін күні ІІІ тоқсан 1. Деректерді енгізу және шығару. 1 2. Сызықтық алгоритмдерді программалау 1 3. Тармақтық алгоритмдерді программалау 1 4. Циклдік алгоритмдерді программалау 1 5. Шартты және цикл операторлары. 1 6. Графиктік объектілерді программалау 1 7. Символ мәліметтермен жұмыс 1 8. Массивтер. Массивтермен жұмыс. 1 9. Бақылау жұмысы 1 10. Өтілгенді қайталау 1 IV тоқсан 1-2. Модельдеу. Модель тәсілдері 2 3. Интернет - әлемдік ақпараттық қоғам. 1 4-5. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта 2 6. Интернетте практикалық жұмыс 1 7. Бақылау жұмысы 1 8. Өтілгенді қайталау. 1 10 сынып. ІІ жартыжылдық. № Сабақтың тақырыбы Сағат Өтетін күні ІІІ тоқсан 1. Өтілгенді қайталау 1 Визуалды программалауының жүйесі 2. Жұмыстың кіріктірілген ортасы 1 3. Жұмыстың кіріктірілген ортасы 1 4-5. Форма. Қасиеттермен әдістері. Форманың оқиғалары. 2 6. Форманың оқиғалары. 1 7. Басқару элементтері. Код редакторы. 1 8. Басқару элементтерінің қасиеттері 1 9. Image (сурет) 1 10. Бақылау жұмысы 1 11. Өтілгенді қайталау 1 IV тоқсан Visual Basik 1. Visual Basik программалауының негіздері 1 2. Visual Basik инструкциялары 1 3. Графиканы программалау 1 4. Дыбысты программалау 1 5. Қосымша басқару элементтері 1 6. Программаларды дұрыстау. Қателермен жұмыс. 1 7. Бақылау жұмысы 1 8. Өтілгенді қайталау 1 11 сынып. ІІ жартыжылдық. № Сабақтың тақырыбы Сағат Өтетін күні ІІІ тоқсан “Internet” желілері 1. Ауқымды желілер. Интернет 1 2. Интернет ауқымды желісінің сервистері 1 3. World Wide Web іздестіру жүйелері 4. MS Internet Explorer браузері 1 5. MS Internet Explorer жұмыс істеудің негізгі әдістері 1 6. Электрондық үкіметі сайтпен жұмыс 1 7. Бақылау жұмысы 1 «Frontpage» редакторы, 8. «Frontpage» редакторы, мәліметтерді беру, мүмкіндіктерді көрсету. 1 9. Редакторды іске қосу, құрылымы 1 10. Web- бетті жасау 1 ІV тоқсан 1. Web- бетті жасау /Практ жұмыс №1/ 1 2. Web- бетті жасау. Графикалық объектілерді, гиперссылкаларды еңгізу. 1 3. Web- бетті жасау. Графикалық объектілерді, гиперссылкаларды еңгізу. /Практ жұмыс №2/ 1 4. Web- бетті жасау. Web- бетті Интернетке жіберу, оны жаңалту. 1 5. Web- бетті жасау. Web- бетті Интернетке жіберу, оны жаңалту. /Практ жұмыс №3/ 1 6. Бақылау жұмысы. Web – жобаны жасау және қорғау 1 7. Сканерлердің қолдану салалары, құжаттарды тану. 1 8. Өтілгенді қайталау. 1 Мектептің білім мазмұнында 7 – 11 сыныптардағы информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары: - ақпараттық қоғам жайында оқушыларды жан – жақты дайындау; - ақпараттық технологияға бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу; - информатиканың негізгі ұғымы болып табылатын ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдануды оқушыларға меңгерту; - әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуынындағы ақпараттық технология мен есептеуіш техниканың рөлі; - оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне қолдануға, кәсіби бағытта тиімді және ұқыпты пайдалана білуге дағдыландыру; - мектептің оқу – тәрбие үрдісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу үшін жағдай туғызу. Аптада - 1 сағат; Қайталау – 2 сағат; Бақылау – 1 сағат. 10 сынып Жаратылыстану-математикалық бағыт Оқу материалының мазмұны мен құрылымы Жаңа программамен қамтамасыз ету. Компьютер. Операциялық жүйенің қосымша мүмкіндіктері. Қондыру, конфигурация, операциялық жүйенің және басқа да программалык өнімдердің параметрлерін реттеу. Программалаудың қүрылымдық, модульдық, объектілі-бағдарлы, визуалды әдістері. Программалау жүйелері. Визуалды программалау жүйесі: формалары, басқару элементтері, модулдері және кластары, мәліметтер типтері, сұхбат терезелер, қосымша жөндеу, компиляция және қосымшаларды тарату. Компьютерлік графика. Негізгі графикалық процедуралар және функциялар, түрақтылар, айнымалылар. Анимация, мультипликация. Дыбыстық әсірелеу, дыбыстық файл ашу. Мультимедиялық программалар жасау технологиясы. Программа құру. Презентация. Презентация компоненттері. Презентация құралдары. Бейнені сканерлеу және өңдеу. Шаблоңдар мен дизайн. Мастер. Слайд. Рәсімдеу. Баспаға беру, баптау және демонстрация. Презентация жасау. Үлкен көлемді ақпараттарды өңдеу. Ақпараттарды жүйелеу, сақтау және іздестіру. Ақпараттық-логикалық модельдер. Ақпараттык-логикалық модельдер жасау технологиясы. Мәліметтер модельдері, реляциялық модель. Мәліметтер базасымен жүмыс: мәліметтер базасының құрылымы, мәліметтер базасының кестесін құру. Сұраныстармен, формалармен, есептермен жұмыс. Оқу мәліметтері базасын құру. Ақпараттық жүйелер: мәліметтер банкі, білім базалары, жасанды интеллект жүйелері, эксперттік жүйелер. Internet торабы: ақпараттарды қарау және іздестіру. Іздестіру жүйелері. Web-программалау. Web-парақтарын ашу және дизайн. 11 сынып Қоғамдық-гуманитарлық бағыт Оқу материалының мазмүны мен қүрылымы Ақпараттық технологияға кіріспе Ақпараттық технологиямен танысу. Ақпараттық технологияның даму тарихы (Сөз — Кітап басу - Компьютер). Түрлі ақпараттарды сабақтастырып қолдану. Ақпаратты қорғау әдістері. Компьютермен жүмыс жасау негіздері Программалық қамсыздандыру туралы түсінік. Программалық қамсыздандыруды топтау және оның сипаттамасы, құрамды бөліктерінің мәні. Программалық қамсыздандыру тарихы және оның даму келешегі. Операциялық жүйе: мәні мен оның атқаратын негізгі қызметтері. Компьютердің операциялық жүйесі (мәні, құрамы, жүктеу). Операциялық жүйенің даму тарихы. Компьютерлік вирустар. Вирустан қорғау тәсілдері. Вирустан қорғау программалары. Мәтіндік ақпараттарды өндеу технологиясы Мәтін үғымы және оны өндеу. Мәтіндік редактор (мәні мен оның атқаратын негізгі қызметтері). Мәтіндік ақпараттарды өндеудің типтік міндеттері: дискіге мәтіндерді жазу, файлдан мәтіндерді жүктеу, қүжаттарды теру, редакторлеу, форматтау, мәтін бөліктерімен жұмыс, тереземен жұмыс, орфографиялық бақылау, мәтіндерді баспаға беру. Мәтіндік құжаттарды дайындау кезеңдері. Кестемен жүмыс. Гипермәтін. Мәтіндермен жұмыс жасауда компьютерді практикалық түрде қолданылуы. Баспа жүйелері. Графиктік ақпараттарды өңдеу технологиясы Компьютерлік графика. Графиктік ақпараттарды кодтау. Графиктік редактор (мәні мен атқаратын қызметтері). Графиктік редактор түрлері (қолданушылық интерфейсі мен оның негізгі мүмкіндіктері). Растрлік және векторлық график үғымдары. Графиктік ақпараттарды өңдеудің типтік міндеттері: құру, редакторлеу, дискіге ақпараттарды жазу. Презентацияны өндеу технологиясы Презентация бөліктері. Презентация құралдары. Бейнелерді өндеу және оларды сканерлеу. Шаблондар және дизайн. Мастер. Слайд. Презентацияны безендіру. Презентацияны баспаға беру, баптау жөне оны көрнекі түрде көрсету. Презентацияны құру. Компьютерлік желілер және телекоммуникациялар Жергілікті және глобальды ақпараттық желілер (мәні мен қүрылымы). Телекоммуникациялық тораптардың атқаратын қызметтері. Модемдер, байланыс арналары және ақпараттарды беру жылдамдығы. Негізгі ақпараттық ресурстар: электрондық пошта, телеконференциялар, файлдық архивтер, кітапханалар, деректер қоры мен деректер жинағы. Интернет желісі — глобальды телекоммуникациялық торап. WWW - бүкіләлемдік өрмекші. Web-сайттар мен Web-беттер. Ақпараттарды іздеу. HTML тіліне кіріспе. HTML тілінің редакторы. Web-дизайн.
