Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
415Materialdardy__1257_ndirudegi_tekhnologialy_...docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

5. Доға электр пешінің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері

Электр доғалы пештің (4.1 сурет) жұмыстық кеңістігі төменде түппен 2, жоғарыда күмбезбен 4 және жан-жағынан қабырғалармен шектелген. Бір жақ қабырғада жұмыстық терезе 7 орнатылған, оған қарама қарсы-болат ағызатын тесік науамен 3 шектелген. Күмбезден 4 жұмыс кеңістігіне 3 графит электрод 5 түсірілген. Электродтардың бекіту 6 және вертикаль бағытта жылжыту механизмдері бар. Еңкейту механизмі 10 арқылы пеш болатты ағызу үшін 40-45 о-қа, жұмыстық терезе жаққа 10-15 о-қа қозғала алады.

4.1 сурет – Электр доғалы пеш құрылысының сұлбасы

Металды қыздыру және балқыту электр доғасының жылуы арқылы іске асырылады. Электр доғасы электродтар 5 мен металдың 8 арасында құрылады. Пештің шегені сыртынан қалың болат қаңылтырмен 9 қапталған. Пеш 2 тыянақ станинаға 1 орнатылған. Негізді электр доғалы пештің түбін магнезит кірпішінен қалайды, қабырғасын – магнезитхромиттен, ал күмбезін – хроммагнезиттен.

Электр доғалы пеш қаптамасының пішіні мынадай:

1) цилиндрлі;2) көлбеу;3) сатылы;4) бөшке тәрізді;5) цилиндр-конусты.

Кеңірек тарағаны цилиндр-конусты пішін.

Негізді электр доғалы пеште болат қорытудың екі технологиясы бар:

1) көміртекті шикіқұрамды тотықтыру;

2) қосындылы болат қалдықтарын қайта балқыту.

Технологияның бірінші варианты кеңірек тараған. Бірінші вариант бойынша қосындылы болат қорытудың классикалық технологиясы мына сатылардан тұрады:

1) пеш астауын жөндеу;

2) шикіқұрамдық материалдарды пешке салу;

3) балқыту;

4) тотықтырғыш кезең;

5) тотықсыздандырғыш кезең;

6) балқыманы шөмішке ағызу.

Алдыңғы балқыманы ағызған соң, пеш астауының тозған жерлеріне магнезит ұнтағын шашу арқылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Көміртекті шикіқұрамды тотықтырып болат алуда, шикіқұрамдық материал ретінде көміртекті әрі төмен қосындылы болат қалдықтарымен (90% және одан жоғары) бірге шойын (10 %-ға дейін) қолданылады.

Доғалы пеш — өнеркәсіптік пеш; онда электр доғасының қызуы металдарды және басқа материалдарды қорытуға пайдаланылады. Онда температураны 2500°с-қа дейін көтеруге болады.

Жылдам қызып, 2000˚C-қа дейін жылудың тұрақты болуы.

Тотықтанатын, бұрынғы қалпына келетін немесе бейтарап атмосфера және вакуум жасау мүмкіншілігі. Соның арқасында электр пештерінде мапасы жоғары және арнайы қасиеттері бар, зиянды қоспалары аз болаттар қорытуға болады. Металлургиялық электр пештері доғалы және индукциялы болып бөлінеді.

Электр доғалы болат өндіру пеші. Болат цилиндр тәрізді (4) пешінің астары отқа төзімді кірпіштен қаланған. Корпус қабырғасында шихта салатын терезе (3) мен дайын болат ағатын науа (6) бар. Төбесіндегі күмбез (2) тесігінен графиттелген электродтар (1) өтеді. Механизм (5) жәрдемімен шихта материалдарын салу және дайын болған сұйық болат пен қожды құйып алу үшін еңкейтіледі. Диаметрі 350….500 мм электродтар мен шахта (3) арасында пайда болатын электр доғасы жылу көзі болып табылады. Электродтарға берілетін тоқ кернеуі 200-600 В, күші 1-10 кА. Электр доғалы пештердің сыйымдылығы 0,5-300 т аралығында.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]