- •Материалдарды өндірудегі технологиялық қондырғылар
- •Қыздырғыш қондырғылар –отынмен жанатын және электр пештерін сипатта.
- •Металл және металл емес материалдарды өндіруге арналған жабдықтардың сипаттамалары
- •3.Шойын және болат өндірісіне арналған жабдықтарды схемасын жүзінде түсіндір
- •4. Индукциялық балқытқыш пештерде болат өндіру процесін сипатта.
- •5. Доға электр пешінің құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері
- •6. Алюминий өндірісіне және тазартуға арналған жабдықтардың сипаттамасы.
- •7. Магний өндіруде қолданылатын қондырғының құрылымдық сипаттамасы.
- •8. Металды қысыммен өндеуде технологиялық операциялар қойылатын талаптарды сипатта.
- •9. Титан ысқыштарын балқытуға арналған пештердің сипаттамасы.
- •10. Руданы байытудың тәсілі минералогиялық құрамына, минерал түйірлерінің көлемі мен олардың өзара әсеріне тәуелділігін түсіндіру.
- •16. Престеу процесі қандай физикалық параметрлермен сипатталады
- •17. Гидравликалық пресс және оның классификациясы? Қандай материалдарды формалауда колданылады?
- •18. Қиын балқитын балқымаларды балқытуға арналған жоғары жиілікті пештер.
- •21. Прокаттау өндірісіне керекті жабдықтармен қондырғылар. Прокаттау стандары.
- •22. Созу арқылы бұйымдарды алу өндірісінің жабдықтары мен қондырғылары.
- •25. Еркін соққылау арқылы бұйымдар алу өндірісінің жабдықтары мен қондырғылары.
- •26. Жұқа бұйымдарды штамптау өндірісінің құрал жабдықтарын атап көрсет және олардың схемалық белгілеулері
- •27. Металл емес материалдардың өндірісіне арналған жабдық? Шихта ретінде қолданылатын материалдар.
- •28. Қысыммен құятын пластмасса өнімдеріне арналған машиналар және алынған бұйымдардың қасиеттеріне талдау жасау.
- •29. Полимерлерді қандай қондырғылармен алады және олардың атқаратын қызметтерін сипатта.
- •30. Бейорганикалық металл емес материалдарды және олардың компоненттерін өндірудегі жабдықтар мен қондырғылар, онда болатын технологиялық процестерді сипатта
8. Металды қысыммен өндеуде технологиялық операциялар қойылатын талаптарды сипатта.
Қазіргі заманғы өндірісте металдарлы өңдеудің мына түрлері қолданылады: прокаттау, тығыздау, сүйрету, соғу және штамптау.
Прокаттау – айналып тұрған белдіктер арасындағы дайындаманы(загатовка) сығу 2 прокатталған станның дайын размерін көлденең кішірейту мақсатында және оған белгілі пішін беру үшін қолданылады. Рүйк үйкеліс күші дайындаманы валкаға жинақтайды, ал Ғ күші оныдеформациялайды.
Престеу дегеніміз – дайын 1 металды ығыстыру процесі кезінде 2 матрица саңылауы арқылы өту; осы контурлы матрицаның дайын қимасының соңғы саңылауына сәйкестенеді. Дайындама 3 контейнерге орналастырылады, 4 аспапты басу үшін оған Ғ күші әсер етеді.
Ғ күшін прокаттау кезінде 1дайындаманы 2 сүйрету саңылауы арқылы өткізеді. Бастапқы дайын қиманың ауданы соңғы сүйреу қимасының ауданынан кем.
Соғу (ковка) – формасын өзгерту үшін және 2 аспапқа дайындама 1 размерінің Ғ күшіне бірізді әсер етуі есебінен.
Штамптау – формасын өзгерту мақсатында және әрбір бөлшектің дайын размерін арнайы жасап шығару. Штамп дегеніміз – деформацияланған аспап, материал немесе дайындама размері мен формасын алу үшін әсер етілуі, осы аймақтардың бетіне немесе құралдарына сәйкестенуі. Штамптауды табаққа бөлу – 1 дайындама 2 пуансонмен деформацияланады, және 3 матрицамен, және көлемденуі – дайындама 1 екі бөліктің штампымен деформацияланады.
Дайындамаларды қысыммен өңдеуден бұрын қыздыруға арналған құрылғыларға қыздыру пештері және электр қыздырғыштары жатады. Қыздыру пештерінде ірі және орташа дайындамаларды қыздырады. Электр қыздырғыштары ұсақ және орташа дайындамаларды қыздырады. Пештерде дайындамаларға қызу оттың жалынымен берілмей тек қана жоғары темпер-ға дейін қызған оотың толық жанған өнімдері арқылы беріледі. Электр қыздырғыш құрылғыларда электромагниттік өріс әсеріненметалдың өзінде жылу бөлінеді. Электр пештерінде жылу энергиясының жылу энергиясына айналу нәтижесінде болады. Жұмыс кеңістігінде темпер-ның таралуына қарай пештер екі топқа бөлінеді: 1) жұмыс кеңістігінде темп.бір қалыпты болатын камералық пештер. 2) жұмыс кеңістігінде темп.дайындама кіретін жағынан шығатын жағына қарай өсетін методикалық пештер. Методикалық пештер Бұл пештің кеңістігі ұзын болып келеді және темп.әртүрлі екі немесе үш аймақтан тұрады. Дайындама итергіштің көмегімен пештің 1-ші қыздыру аймағына түседі. 6000С...8000С қыздырылып содан соң 2-ші аймақ ең жоғарғы темп-сы бар аймаққа барады 12500С...13500С. Бұл аймақта оттықтар орналасқан. 3-ші аймақ ұстап тұру аймағы, бұл аймақта дайындаманың қимасы бойындағы темп. теңеледі.Қызған дайындамалар арнайы терезеден сыртқа шығарылады. Методикалық пештер прокаттау, штамптау өндірісінде қолданылады. Камералық пештер -дайындамаларды пешке терезе арқылы тиеп қызған соң, сол терезеден алып шығарады. Жұмыс кеңістігі оттық арқылы берілетін оттықны ң жану ңәтижесінде пайда болған жылудан қызады. Камералық пештерді пайдалануына байланысты бірнеше түрін ажыратады . Прокаттау алдында үлкен құймаларды қыздыру үшін, қыздыру құдығы деп аталатын түрін пайдаланады. Дайындамалардың ұштарын ғана қыздыру қажет болғанда терезесі саңылау түрінде жасалған пештер қолданылады. Электр қыздыру пештері түсті металдар мен олардың қорытпаларын қыздыруға арналған. Өйткені қысыммен өңдеу темп-ның интервалы төмен болады. мысалы дюралюминий үшін 3800С...5000С тең. Электр пештерінің қабырғаларына электр металлдан н/се карборундтан жасалған кедергісі жоғары элеметтер орнатылады. Элементтер арқылы электр тогын жібергенде олар қызып жұмыс кеңістігін қыздырады. Электр қыздырғыштары электрлік түйісу арқылы қыздырғанда дайындаманы трансформатордың екінші орамасының түйіспелеріне қосады. Ток дайындама арқылы өткенде оны қажетті температураға дейін қыздырыады. Индукциялық электр қыздырғыштарымен қыздыруда дайындаманы сумен суытылатын мыстан жасалған индуктордың ішіне орнатады. Айнымалы электромагниттік өрісте орналасқан дайындамада пайда болған құйынды токтар әсерінен ол қызады. Индукциялық қыздыруды пайдалану дайындамаларды қыздыру үдерісін автоматтандыруға мүмкіншілік туғызады. Еркін соғу процесінде өнделетін металдың беті тегіс, жылжымайиын теске қойылып, жоғары жағынан жылжымалы үлкен балғамен соғылады. Нәтижеде металл деформацияланып, жан-жаққа жайылып, өз пішінін өзгертеді. Соған сәйкес металды өңдеудің бұл әдісін еркін соғу әдісі деп атайды. Еркін соғу әдісімен алынған дайындамалар поковка деп аталады. Бұл әдіспен алынатын поковкалар салмағы 150 грамнан 350 тоннаға дейін болады. Ұсақ поковкалар пневматикалық және рессорлы-пружиналы балғалармен /молот/ өңделсе, орташа қарапайым және фасонды поковкаларды буауалық /паровоздушный/ молоттарда өңдейді. Өңдеудің басқа әдістеріне қарағанда /құю, жоңу, штаптау/ еркін соғудың кемістіктері мен артықшылықтары бар.
Кешіліктері:еңбек өнімділігінің төмендігі;дәлсіздеу болуы;металдың молырақ шығын болуы. Артықшылықтары:металдың қасиеттерінің жоғары болуы;қымбат технологиялық аспаптардың қажет болмауы;жасалатын дайындамалардың /поковканың/ салмағы, пішіні және өлшемі жөнінде әмбебап болуы. Еркін соғу процесі мынандай түрлерге бөлінеді: отырғызу/осадка/,шеңбер бойлай созу немесе көлденең дайындаманы ұзарту/раскатака/, тік тесу немесе біршама тереңдету, кесу, ию, айналдырып бұру.
Соғу үшін қолданылатын жабдықтар өңделетін металдар мен қорытпаларды соғу режиміне, массасы, пішініне байланысты болады. Жабдықтардың қуатын формулалармен, анықтама таблицалар жәрдемімен белгілеуге болады.
