Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
skoraya_11-20.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
29 Кб
Скачать
☆

13.Қарыншалық пароксизмдік тахикардия. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Пароксизмальды тахикардия жүректің жиырылуының кенеттен жиілеп, минутына 140-220 ретке дейін соғуы. Осындай ұсатама кезінде науқас әлсіздікке, кеуде артындағы ауырсынуға не қысылуға, ентігу, қоқыныш сезіміне шағымданады. Паррксизмальды тахикардия 2 ге бөлінеді: қарыншаүстілік, қарыншылық. Мұндағы қарыншалық пароксизмальды тахикардия ЭКГ-дағы QRS комплексінің едәуір кеңеюі мен бұзылуымен жүретін ж.рек ырғағының бұзылуы. Клиникасы: ұстама бұл кезде кенеттен басталады және бірден басылады. Науқаста жүрек тұсында жүрек ұшы түрткісі қалыптасын жүрек соғуы бірітіндеп күшейеді. Сонымен қатар гемодинамиканың бұзылуымен: жүрек шығарылымынығ төмендеуімен, АҚҚ төмендеуімен, жүрек тұсында ауырсынумен және жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісімен жүреді.ұстама кезінде орталық жүйенің бұзылыуы болуы мүмкін. Бұл кезде терлеу күшейеді, бас айналу, көздің қарауытуы, қолдардың дірілдеуі болуы мүмкін. ұсатама кезінде науқас әлсіздікке, кеуде артындағы ауырсынуға не қысылуға, ентігу, қоқыныш сезіміне шағымданады. Диагностикасы: сұрастыру, қарау, ЭКГ түсіріу. ЭКГ-да – QRSкомплексінің деформациясы және кеңеюі, RS-T сегменті мен Т тісшесінің орналасуында дискординация болады. Шұғыл көмек көрсету принциптері: жалпы шаралар: оттегі беру, ЭКГ мониторингі, науқас жағдайын бағалау. Пароксизмалды қарыншалық тахикардияны басу үшін 2% 6-8мл лидокаин ерітіндісін көктамырға енгізеді. Сонымен қатар 2,5 %4 мл этмозин, ритмонор 70 мг, кордорон 5 %6-9 сл не амидорон 300 мг беруге болады. Егер аталған терапия әсері болмаса онда ЭИТжасалады. QТ аралығы ұзаруы болса көктамырға 25 % 8 мл магний сульфатын енгізеді, кажет болса тағы қайталайды. Тахикардия басылған сон магний сульфатын тамшалатып енгізген жөн.

14.Жмқб. Жіктелуі. Диагностикасы.

Инсульт –инфарк және ми затына қан құйылумен жүретін бас ми қанайналымының бұзылуы. Классификация: жалпы ЖМҚБ бөлінеді: ми қан айналымының бұзылуына ауысатын, инсульт. Мұндағы ми қан айналымының бұзылуына ауысатын өзі бөлінеді: транзиторлы ишемиялық атака, жедел гипертоникалық знцефалопатия. Инсульт: ишемиялық инсульт, гемморагиялық инсульт, аралас инсульт. Гемморагиялық инсульт қанның құйылу орнына байланысты: ми ішілік қан құйылу, субарахиноилды қан құйылу, субдуральды гематома, байланысқан қан құйылу. Диагностикасы: науқастың жалпы жағдайын бағалау, жалпы қарау: бас қаңқасын пальпациялау/бас жарақатын анықтау үшін/, сыртқы есту және мұрын жолдарын қарау. Пульсты анықтау,ТАЖ.АҚҚ өлшеу. Жүрек аускультациясы, неврологиялық статуты анықтауда мән беріледі: аяқ-қолдардағы қозғалыстар, науқасқа қолын 10 с дейін көтеріп тұруын өтінеді, парестиялық болса қол жылдам түсіп кетеді. Сойлеудің бұзылуы, науқас жалпы сөздерді дұрыс айта алмайды аузында ботка бар сияқты болады. Бас қаңқалық иннервацияның бұзылуы: беттің асиммертиясы, дисфагия болады. Естің жоғалуы,сопор, кома. Көз алаңының дефектісі. Қандағы қант деңгейін анықтау.

15.Тұншығу. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Тұншығу –кенеттен немесе әдейі тыныс жолдарына сұйықтықтың жиналыуы, өкпелік газ алмасудың толық тоқтауы. Тұншығудын түрлері: шынайы –тыныс сақталған бірақ тыныс жолдарына сұйықтықтың жиналуы; асфикйиялық –тыныс жодарын судың алғашқы порциясы түскеннен ларингоспазнан өкпелік газ алмасудың тоқтауы; сипкопальды –қанмен қамтамасыз етудің біріншілік тоқтауы; екіншілік тұншығу –судың түспеуінен емес басқа себептен науқастың өлімі. Клиникасы: алғашқы кезеңде науқас есі және тыныс сақталған болады, кейде қозғыш не есі анық болмады/заторможенный/ болады. 18-20 ˚С суға тұншықсада науқас дірілдейді. Тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт не көгерген болады. Тынысы жиі, шулы, жөтелмен бөлінеді. Іштің жоғарғы жағы ісінген болады ол судың белгілі бір мөлшері жиналғаннан. Агональды кезенде есі жоғалған, жүрек жиырылуы сақталған. Тері жамылғысы суық, бірден көгерген. Жүрек жиырылыуы әлсіз, сирек, аритмиялық. Пульс ұйқы және сан артериясынан анықталады. Қарашық рефлекісі әлсіз. Сирек тұншыққан адамның аузын ашу мүмкін емес. Клиникалық өлім кезеңі тынысы және пульс соғуы жоқ, қарашық ұлғайған, жарыққа өзгермейді. Шұғыл көмек көрсету принциптері: 1. Науқасты судан шығару. 2. Науқасты ішімен өзіңнің тізене орналастыр, судың шығуына мүмкіндің бер. Ауыз қуысын бөгде заттардан тазарт. 3. Ұйқы артериясынан пульсті және қарашықтың жарыққа реакциясын анықтаныз. 4. Егерде пульс пен қарашық реакциясы жоқ болса жүрек-өкпелік реанимацияға көшініз. Науқас өз-өзіне келгенге дейін жүргізіледі. 5. Науқас өзіне келгеннен кейін тұрақты бір қырынан жатқызыныз. Науқасты жылытыныз. 4 процентті натрий гидрокарбонаты 0,2-0,3 мг/кг ерітіндісін тамыр/і беру міндетті. Көрсеткіштер бойынша 20 процентті нартий оксибат ерітіндісі 80-100 мг/кг тамыр ішіне. Егерде науқас агоналды кезеңде болса суды шығаруға уақыт жоғалтпай бірден жүрек-өкпелік реанимацияға көшініз. Жүрек қызметі қалпына келгеннен кейін жасанды өкпе вентиляциясы жалғастыру 100 %оттегі, 2 сағаттан кем емес. Кейін оттег і көлемін төмендетеді 50-60%. Өкпе ісінуін және ми ісінуін алдын алу үшін преднизалон 30мг/кг, диуретик фуросемид 20-40 мг.

16.Ларингоспазм. Бронхоспазм. Ажыратпалы диагнозы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Ларингоспазм –көмей мускулатурасынң спазмнан ұстаманың пайда болып дауыс саңылауының тарылуына алып келеді. Клиникасы: инспираторлы ентігу, тыныс алуға мойын және кеуде клеткасының бұлшықеттерінің қатысуы, қалқанша шеміршегінің экскурциясы анықталады,тыныс алғанда жоғары , тыныс шығарғанда төмен қозғалады, тыныс ритмінің баяулауы, көмей шуының қалыптасуы, венозды стаз, пароксизмальды пульс. Ал бронхоспазм – бронх бұлшықеттерінің жиырылуынан бронхтардың обструкциясын шақыратын тыныс жеткіліксіздік жағдайы. Клиникасы: экспираторлы ентігу, құрғақ жөтел қиын бөлінетін қақырық, мойын бұлшықеттеріне күш түсуден тыныстың қысқаруы, диффузды цианоз, тыныс алғанды мойын веналарының ісінуі, тыныс алу жиілеген, тыныс шығару ұзақ, сойлеу қиын. Жедел көмек: ларингоспазм кезінде эмоциональды және психикалық тынышталу, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, стенозды азайту үшін аяқты ыстық суға салу, горчиник қолдану. Жартылай отырған қалыпта жылы су ішкізу, ылғалды оттегіммен ингаляция жасау. Преднизолон 3% 60-90мг тамыр ішіне, хлоропирамин 2% 1,0 мг, димедрол 1% 1,0 ,тамыр ішіне не б/е. Бронхоспазм –бронхоспазмды шақыратын факторды жою, тыныс алуды жақсартатын жағдай жасау –терезені ашу, киімдерін шешу, сальбутамолмен ингаляция жасау, эуфиллин 2,4% 10-15 мл тамыр ішіне, предизолон 60-90 мг.

17.Жарақаттық шок. Жіктелуі. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Жарақаттық шок –механикалық жарақаттан кейін организмге қауіп әкелетін жағдай. Классификациясы. Ағымына байланысты: біріншілік –жарақаттан кейін бірден дамиды; екіншілік –жарақаттан кейін бірнеше сағаттан кейін дамиды. Кезеңдері. Компенсирленген –шок көрінісі бар бірақ АҚҚ калыпты, организм күресуге қабілетті. Декомпинсерленген –шоктың барлық клиникасы бар және гипотензия анық. Рефрактерлі шок –бароық жүргізген терапия нәтижесіз. Ауырлығына байланысты: 1 деңгей –САҚ 100-90мм.рт.ст.пульс 1 мин 90-100. 2 деңгей - САҚ 90-70мм.рт.ст.пульс 1 мин 110-130. 3деңгей - САҚ 70-60мм.рт.ст.пульс 1 мин 120-160. 4деңгейде АҚҚ, пульс анықталмайды. Кезеңдеріне байланысты: эректильді және торпидті болып бөлінеді. Жедел көмек: науқас жағдайын бағалау, қанды тоқтату /тампанада, қысатын байлам, жгут салу/ ауырсынуды басу /0,5мл 1% атропин ерітіндісін ,2мл 1% дифенгидрамин/димедрол/ / транспорттық мииобилизация, жоғалған қан көлемін қалпына келтіру 6%полиглтикоген енгізеді, жеңіл және орташа ауырлықта кристаллоидарды енгізеді. 0,9%нартий хлор ертітіндісін, 5% глюкоза. Госпитилизацияға көорметкіш: абсолютты барлық науқас гаспитилизацияланады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]