Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыныптан тыс жұмыс куратор жұмысы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆

Сыныптан тыс жұмыстың формалары

Сыныптан тыс жұмыстың формалары – бұл мазмұнына қарап қойылатын талаптар. Сондықтан сыныптан тыс жұмыстың формаларының саны орасан көп болғандықтан, оларды тұтастай жіктеу мүмкін емес. Есесіне мысал ретінде объектіге (тұлғаға) әсер етуі бойынша және оқыту мақсаттарымен тәрбие бағыттарын негіздеп жіктеуге болады. Сыныптан тыс жұмыстарды жеке, топтық және көпшілікті біріктіру бойынша, ал жеке және көпшілікпен – фронтальды және ұжымдық деп жіктеледі.

Жеке жұмыс – өзін – өзі тәрбиелеуге бағытталған жеке оқушінің өзіндік іс – әрекеті, танымы, мектептік бағдарламаларды ұжымдық және мұғалімдердің тапсырмаларын орындау үрдісі.

Баланың санасында өзін – өзі кемелдендіру, өзін – өзі тәрбиелеу қажеттілігі түсінігін қалыптастыру жеке жұмыстың мәні болып табылады. Педагогикада бұл үрдісіті тұлғаның әлеуметтендіру бағытында тәрбиелеу деп тұжырымдалады.

Жеке жұмыстың тиімділігі, қойылған талапқа сай, жеке жұмыстың формасын дәл таңдаудан басқа, баланы әрекеттердің қандайда бір формаларына икемдеу болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын жалпы мақсат – нақты тұлғаның толыққанды даму үшін педагогикалық шарттармен қамтамасыз ету. Ол балада оң «Мен концепциясын» қалыптастыру және тұлғалық әртүрлі қырларын, жеке басының мүмкіндігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы, информатика бойынша сыныптан тыс оқытуда тарихи мәліметтреді, бағдарламаудан қиындатылған есептерді, математикалы логикасының элементтерін есептеп шығару жүйесін және т.б қарастыру дәстүрге айналуда.

Соңғы жылдары информатика практикалық мәні және танымдылық қызығушылығы бар жаңа бағыттары пайда болды – ақпараты өңдеуге компьютерлік технологиялар, сонымен қатар, мультемедиа, гипертекст, интернет.

Үйірмелік (топтық) сыныптан жұмыс оқышылардың ғылымның,

12

техниканың, көркемөнердің , спорттың белгілі аймақтарына қызығушылықтарын анықтуға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, бағдарламалық материалдан алған білімдерін тереңдетуге, жаңа мәліметтерді білуге, біліктіліктерін және жағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Үйірме – информатика бойынша оқудан тыс әрекеттердің негізгі түрінің бірі. Оның жұмысының мазмұны негізінен оқушылардың дағдыларымен және қызығушылықтарымен анықтайды, әйтсе де кейбір жағдайда бағдарлама да болады. Компьютердің көптеген мүмкіндіктеріне байланысты информатика бойынша үйірмелердің бағыттары әр түрлі болуы мүмкін.

Үйірмеде сабақтардың әртүрлі типтері өткізіледі. Олар: баяндамалар, жобалар жасау жұмысы, кабинет үшін әртүрлі көрнекі құралдар жасау, зертханалық жұмыстар, интерактивті тақтаның флипчат технологиясын игеру және оларды дайындау, виртуальды саяхаттар және т.с.с. болуы мүмкін.

Үйірменің жұмысы күнделікте тіркеліп отырады. Есептік шараларды: кеш, конференция, уөрме, байқау, түрінде өткізуге болады. Кейбір мектептерде үйірме жұмысының қорытындысы, жыл бойы жасаған жұмыстың байқауын тәмәмдайтын мектептік мейрамда өткізіледі. Мысалы, информатика бойынша жалпы мектептік апта өткізілгенде.

Жұмыстың бірлестіру формаларына мектеп мұражайы, клубтар, қоғамдар, уақытша ұжымдар және т.с.с жатады.