Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сыныптан тыс жұмыс куратор жұмысы.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68 Кб
Скачать
☆

Сыныптан тыс шаралардың кейбір формалары

Информатика кеші – бұл жылдық сынып жұмысының немесе үйірменің нәтежесін қорытындылау формасының бір түрі. Мұғаліммен бірге оқушылар кештің бағдарламасын, жұмыс түрін және ойындарын толығырақ ойластырады. Кеш үшін материал таңдайды. Мысалы: есеп – әзіл, тапқырлық есептерін, тарихи мәліметтерді, ребустарды, софизмдерді, шараларды, крассвордтарды, викторика үшін сұрақтарды; қажетті модельдер, плакаттар, ұрандары сонымен қатар сыныпты дайындалады. Мұндай шараның өте маңыздысы тәрбиелік мағынасы бар: біріншіден, оқушылар өз сыныбыынң абройы үшін бірге күреседі; екіншіден, бұл жарыс оқушыларды жеңіске қажетті сабырлыықты және жігерлікті дамытады.

Информатикандан викторина – бұл өзінше ойын. Викторинаны үйірмеде немесе жеке сыныптар арасында жарыс ретінде өткізу ыңғайлы. Викторина үшін дайындалатын тапсырмалар көзге жетерлік мақзмұнмен, жазуды талап етпейтін, көбінесе ойша шығаруға ыңғайлы болуы керек. Сабақтан шығаратын типтік есептер, әдетте викторина үшін қызықты болмайды. Есептерден басқа викторинаға информатикамен байланысты өзінше сұрақтарды енгізугеболады. Викторинаға есеп – әзіл да енгізіледі. Викториналар тұтастай қандай да бір тақырыпқа арналуы мүмкін, әйтсе де қиыстырылған викториналарды ұйымдастыру ыңғайлы.

Қызықты кісілермен кездесу өскелең ұрпақты адамгершілікке қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады. Мұндай кездесулер сыныпты немесе жалпымектептік немесе сыныптан тыс жұмыстың басқа түрінің құрамында болуы мүмкін. Кездесулер «компьютер» кәсібінің өкілдерімен, басқа

13

да компьютерді қолданатын кәсіптер өкілдермен, лайық кәсіпті таңдаған мектеп түлектерімен және т.б. ұйымдастырылу мүмкін.

Кіріспе сөзде мұғалім оқушыларды ңқызығушылығын тудыру үшін қонақтардың өмір мен қызметі туралы айтуға тиіс, ал қорытындыда

бүкілайтқанын жалпылап және қатысқандарға алғыс айтылу керек.

Іскер ойындар – зерелетін объектіні немесе оқушылардың нақты әрекетін қабылдайтын немесе көз алдына елестету арқылы шешім қабылдайтын оқытудың белсенді әдісі. Олар инструменталды деп аталатын – нақты әрекеттің моделін құру, нақты мақсатқа жету, қатысушылардың іскелек қатынас жүйесін құрылымдау сияқты есептеді шешуге бағытталған. Балалармен іскерлік ойындардың сюжеті әдетте күрделі болмайды, ұйымдастырушылық семинат түрінде өтуі мүмкін.

В.Я.Платов бойынша іскерлік ойындардың негізгі белгілері мыналар:

1) объектінің моделінің болуы;

2) рөлдердің болуы;

3) шешімдерді шығару кезінде ролдік мақсаттардың айырмашылығы;

4) ролдерді орындайтын қатысушылардың өзара әрекеттестіктері;

5) бүкіл ойындық ұжымның жалпы мақсатының болуы;

6) ойыннның қатысушыларымен ұжымдық шешімді шығару;

7) «тізбекті шешімді» ойын процесінде жүзеге асыру;

8) шешімнің көпнұсқалылығы;

9) эмоциялық шиеленісті басқару;

10) ойынға қатысушылардың жеке және топтық бағалау әрекетінің тармақталу жүсеті.

Іскерлік ойындарды оқушылар өзі жақын және алыс болашағын жоспарлайды, бірақ бұүкіл әрекетте ойындық құрылым бар, оны жүргізушілер кезеңнен – кезеңге бағыттайды. Мұнда оқушылар кезде нақты қоғамдық қызметті жосарлап және іске асыратын ұжымдық шығармашылық істі қосуға болады.

Сыныптан тыс жұмыста ұйымдастырылатын іскерлік ойындар – келешегі бар бағыт. Мұндай ойындар өз іс – әрекетін құрастыруға, құрбыларымен іскерлік қатынастарын жақсартуға , үлкен кісілермен алқалық қатынасқа түсуге үйретеді.

Іскерлік ойында оқушылардың психофизялогиялық ерекшеліктерін ескеріп, арнайы анықталған жас мөлшері үшін жобалануы қажет. Сыныптан тыс жұмыста пайдалануға болатын іскерлік ойындардың мына төрт типін ерекшелеге болады:

  • Ірі ауқымды және ұзаққа созылатын іскерлік ойындар;

  • Нақтылы ақпаратты саралаға енгізделген ойындар;

  • Бүкіл сынып айналысатын қысұа мерзімді іскерлік ойындар;

  • Үстел үсті ісерлік ойындар;

Информатикадан диспут - өзіндік сыныптар араасындағы сұрақ және жауап ойыны. Диспут кезінде алдымен қиынрақ сұрақтар қойылады.Диспуттың материалы бойынша сұрақ қою өте маңызды.Бұл сұрақтардың мазмұндары диспут алдында қойлған мақсаттарға байланысты шешіледі. Мұндай мақсаттардың арасында ең маңыздысы-өткен оқу

14

жылдарының оқу материалдарын қайталау болады. Бұл жағдайда, нақты уақыт аралығында оқушылардың алдына материалдар бойынша нақты әрекетті орындау үшін анықтамаларды, қасиеттерді, ережелерді, есептердің шешуді алгоритмдерін құруды және т.б. қайталануы қажет.

Әр диспут алдына қойылатын ең минималды талап ол оқушылардың оқулықтағы тұра нұсқаланған маетриалдарды жақсы, толық және дәл ашып айту, тұжырымдарды түсіну біліктілігі болып табылады. Тек осыдан кейін осының негізінде, оқушылармен оқу материалы бойынша шығармашылық жұмысты құруға болады.

Информатика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстың әдістемесі

Сыныптан тыс сабақтарды өткізу кезеңдері

1.Тәрбиелік тапсырмаларды оқыту және ұйымдастыру. Бұл кезең әрбір оқушының және бүтіндей сынып ұжымының ерекшеліктерін зерттеуге, тәрбиелік үрдісті іске асыру үшін неғұрлым өзектілік тапсырамаларды анықтауға бағытталған. Кезеңнің мақсаты-ол аспектілерді анықтауды, түзетуді неғұрлым маңызды тапсырмаларды таңдауды және қалыптастыруды қажет ететін педаогоикалық болмысты әділ бағалау.

Зерттеу белгілі педагогикалық әдістер арқылы жүргізіледі, олардың ішінде бақылау басымдылық танытады. Бақылау арқылы мұғалім оқушы және ұжым жайлы ақпарат жинайды. Оқушылармен ғана емес, олардың ата – аналармен, сыныпта олармен жұмыс істейтін мұғалімдермен әңгімелесу ақпараттық тәсілге жатады.

Жеке жұмыс жасау кезінде баламен құрастырылған: суреттердің, баяндамаладың, өлең шұмақтарының , әңгімелердің және т.б. құрастырмалардың маңызы зор. Ұжымды зерттеу барысында социметрия әдісі ақпарпаттық қызмет атқарады, оның көмегімен мұғалім неғұрлым танымал және танылмаған оқушылар жайында, кішігірім топтар туралы, олардың арасындағы қарым – қатынас сипаты жөнінде біледі.

2. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмысты дайындау және модельдеу мұғалімнің белгілі бір іс – әрекет моделін құрастырудан турады. Даынды мұалімнің сыныптан тыс сабақтарды да көбінесе өткен дағдыларына байланысты болады. Сол себепті іс – шараны ең алдымен әзірлеп, модельдеп қана өткізген жөн.

Жоспарды мұғалім оқушылардың қатысуымен құрастырылады. Жоғарғы сыныптарда оқушылар мұғалімнің басшылығымен өз бетінше де орындайды. Тәрбиелік шараны ұйымдастыру шеберігі сыныптан тыс саласындағы мұғалім мен оқушылардың еңбегін ғылыми ұйымдастыру этементі болып табылады.

Модельдеу нәтижелері сыныптан тыс сабақтың жоспарында көрініс табады, олар мына құрылымнан тұрады:

  1. Атауы.

  2. Мақсаты, міндеттері.

  3. Материалдар мен жабдықтар.

  4. Өткізу формасы.

15

  1. Өткізу орны.

  2. Өткізу жоспары.

Атауында сыныптан тыс сабақтың тақырыбы жазылады. Ол мазмұнды нақты сипаттап қана қоймай, көлемі ықшам, тартымды болуы керек.

Дайындықты іс – шаралардың тәрбиелілік және білімділік мақсаттары мен міндеттерін анықтаудан, тиісті өткізу формалары мен әдістерін, ұжыммен жұмыс жасау жүйесіндегі орынды таңдаудан бастау қажет.

Сыныптан тыс сабақтың мақсаты дамытушы, түзетуші, қалыптастырушы, тәрбиелілік қызметтен тұруы қажет, бұл ретте оқытушылық қызмет міндеттердің бірі болып қалады.

Жаңа білімді игеру сыныпатан тыс сабақтың мақсаты бола алмайтыны бәріне мәлім. Тапсырмалар нақты, мазмұнын ашатындай болуы тиіс. Сыныптан тыс сабақтың мақсаты мен міндеттері неғұрлым нақты әрі диагностикалық болып тұжырымдалса, соғұрлым ұстаздың күтілетін нәтежелері туралы ойы айқындала түседі.

Сыныптан тыс сабақтың мақсатына, міндеттеріне, басым қызметтеріне және зерттеу нәтежелеріне сәйкес, мазмұны нақтылап, нақты формалары әдістері мен құралдары таңдап алынады.

Сыныптан тыс сабақтың жабдықтарына түрлі құралдар: оқу құралдары, ойыншықтар, бейнефильмдер, бағдарламалық құралдар, әдебиет, ақпараттық ресурстар, әуенмен безендіру және т.б. жатады.

Сынып бөлмесін безендіру үшін информатиканы, ақпараттық тохнологияны және көмпьютерлік техниканы дамытуға үлес қосқан әйгілі ғалымдардың суреттерін, іс жүзінде компьютерді суреттерді пайдалану суреттері бар плакаттарды, ұсынылатын кітаптар мен мақалалардан үзінділер жазылған, көркемделіп безендірілген ғылыми – танымал әдебиеттер тізімін пайдалануға болады.

Тәрбиеләк шараны дайындау кезінде материалды сараптай білу басты орында тұрады. Жұмыс түріне байланысты ол үшін әртүрлі уақыт қажет. Мысалы, диспут, кеш, көрме шараларына материал дайындауға көп уақыт керек: ол уақыт мұғалім мен оқушылардың алуан түрлі жобалар мен тапсырмаларды орындауына қажетті деректерт жинауға, баяндамалар және т.б дайындауға пайдаланылады.

Сыныптан тыс сабақ саяхат, сұрақ – жауап, байқау, олимпияда және т.б түрінде болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жаспардағы сабақ формасын атаумен біріктіреді.

Өткізу орны қатысушылардың санына, іс – шаралар түріне, материалдық базаға және т.б қойылатын талаптарға сәйкес таңдалады.

Сабақ жоспары мазмұнан және тәрбиелілік әдістерден тұрып, жүйелі сценарий немесе тезістік жоспар түрінде болады. Сабақ барысын модельдеу кезінде оың ұзақтығын және құрылымын ескерген жөн. Сыныптан тыс сабақ төменгі сыныптарда 15 – 20 минут, орта және жоғарғы сыныптарда 1 – 2 сағаттан тұруы керек.

16

Іс – шараны даярлауда ұйымдастырушылық жұмыс деген маңызды элементті де ескерген жөн. Мұғалім мен оқушылардың басқаруымен өткізіледі. Ол тапсырмалардың таралуын бақылап оларды орындаға көмек береді. Жауапты тапсырмалар жалпы сыныпқа оқушылардан құралған топтарға

берілуі мүмкін. Ірі іс – шараларды ұйымдастыруды ұйымдастырушылық коммитеттерін құрып, ең үздік дайындық бойынша жарыс өткізген дұрыс. Оқушылардың бастамаларына сүйеніп, мұғалім олардың бойында ұйымдастырушылық дағдылары ме ептіліктің қалыптасуына септігін тигізеді, оларды жауапкершілікке және өздігінен орындауға үйретеді.

Іс – шараны өтуін жаниялайтын жарнамалар алдын ала әзірленіп ілінуі тиіс, бір күн бұрын «Сен КВН – ға келесың бе?», «КВН сағат .... басталады», «КВН де жиналайық» сынды еске салу қабырға газеттері ілінеді. Нарықтық эконамика заманда демеушілерді тауып, жеңімпаздарға сыйлықтар дайындау қажет.

3. Модельдеу тәжірбиелік жүзеге асыру күнделікті педагогикалық үрдісте ойластырған тәрбиелік жұмысты орындауға бағытталуы тиіс.

Оқушылардың қызығушылығын және назарын сақтап қалу үшін шара жақсы ұйымдастырылып, қарқынды үздіксіз өтуі тиіс. Жүргізушілердің шараны өткізуде алатын орны бөлек, олар дайындалаған, эрудициялы, жақсы ұйымдастырушы, күтпеген жағдайда дұррыс жол таба біліп, тыңдаушыларды өзіне қарату, олармен байланыс ората білуі маңызды.

Сыныптан тыс іс - шараларды өткізу кезінде мұғалім техникалық құралдар істен шығып кетпеуі үшін көзделген жұмыс жоспары ұақытқа сай болуы үшін, оқушылардың барлығының өз орнында болуын қамтамасыз етуі тиіс, өйткені түбегейлі жоспарланған сабақтың тиімділігі төмен болып шығуы ықтимал.

Күрделі шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Олар біртұтас оймен және мақсатпен байланысқан циклден туруы керек.

Мазмұны мен әдістері әртүрлі жалпы сыныптық сабақтарда тәжірбені тиімді өткізу үшін сабақтың төрт негізгі кезеңдерін ұстану қажет.

  1. Ұйымдастырушылық кезең (0,5 – 3 мин).

Педагогикалық мақсаты: оқушыларды сыныптан тыс жұмысқа ауыстыру, олардың қызығушылығын ояту, жағымды әсер қалдыру.

Типтік қателіктерлі: сабақтың басталуын қайталау, созушылық.

Ұсыныстар: оқушыларды сыныптан тыс әрекетке тиімді ауыстыруға ұйымдастырушылық кезеңінен дәстүрлі емес, қызықты материал септігін тигізеалады: жұмбақтарды, проблемалық сұрақтарды, ойынды, дыбысты жазуды, оқушылардың басқа бөлмеге аусуын және т.б. пайдалану арқылы.

  1. Кіріспе бөлім (сабақтың 1,5 ден 1,3 дейінгі уақыты)

Педагогикалық мақсаты: оқушыларға белсенді жұмыс жасату, оларды тәрбиелікықпал етуге бұру. Мұғалім оқушылардың мүмкіндіктері, жеке бас қасиеттері, тақырып бойынша ақпараттандыру деңгейі, эмоциялы жай – күйі, белсенділік деңгейі, қызығушылығы және т.б. қаншалықты

17

шындықпен сәйкес келетінін анықтайды. Бұл кезеңде мұғалім оқушылардың көңілін аулап қана қоймай, сабақ барысына өзгерістер енгізу қажет пе және олар қандай сипатта болуы керектігін анықтайды.

Типтік қателік – мұғалімнен қорыққан оқушылар мұғалім күткен

нәтежелерден басқаны айтып немесе істеп қою үрейінен, осы кезеңдері ескермеуі.

Ұсыныстар: кіріспе бөлім мазмұнға қарағанда кіріспе әңгіме немесе ширату түрінде де бола алады.

Бірінші жағжайда сұрақтар, ал екіншіде – тапсырмалар қызықты болып қана қоймай мұғалімге материалдың дайын екендігі туралы ақпарат беретіндей құрастырылуы тиіс. Кіріспе бөлімде алда өтетін іс – шаралар туралы оқушылардың бастапқы түсініктері қалыптасуы керек. Бағалаудың нақты өлшемері беріліп, қажетті ережелер түсіндірілу қажет.

  1. Негізгі бөлім уақыт бойынша ең ұзақ болыу керек.

Педагогикалық мақсаты: іс – шараның негізгі идеясын жүзеге асыру.

Типтік қателіктер: кейбір оқушылардың немесе барлығының енжарлығының кезінде мұғалімнің белсенділік танытуы, көрнекіліктердің жоқтығы немесе құралдар мен әдістердің аздығы, мінез – құлықты қалыптастыру әдістерінен артық болуы.

Ұсыныстар: егер оқушылар барынша белсенді болса, сыныптан тыс жұмыстарды жүзеге асыруда тәрбиелік мәні жоғары. Сыныптан тыс сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін кәдімгі сабақтан ерекше көңіл – күйді көтеретін жағдай туғызу маңызды.

Мұғалім сабақты өткізудің неғұрлым көп әдістерін қолданса, соғұрлым негізгі бөлімінің типтілігі артады: жаттығу, ойын, тапсырма, олар әр түрлі әрекет түрінен құралады: еңбек, шығармашылық, ойын және т.б.

Алуын түрлі әрекеттерді ұйымдастыру кезінде оқушыларды командаға біріктіру арқылы, мұғалім оларды бір – бірімен еркін әңгімелесуге ыңғайлы етіп, міндеттерді бөлген кезде, оқушы өз атынан есес, ұжымның бір бөлігі ретінде қатысқандай орналастырғаны дұрыс. Тапсырманы орындауға уақыт берген кезде командаға оны талқылауға, команданың оқушылар таңдаған өкілінен сұрауға бірнеше минут бөлген жөн. Тек осы жағдайда оқушылар әрекетінің ортақ мақсаты, бірігу себептері мен түрлі қызметтері болады.

Саны қалыптастыру әдістері оқушыларды сенімнің, іс – жүзіндегі этикалық түсніктердің қалыптасуына ықпал етеді. Әңгімелеу әдісін тиімді етіп түрлендіруде хабарламаны, оқушының баяндамасын, жирек пікірталасқорытылауға болады. Сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстың жаппай түрінде оқушылары пікірталас жүргізу ережелерін үйреткен дұрыс.

  1. Қорытынды бөлім

Педагогикалық мақсаты: оқушылардың алған тәжірбилерін мектеептен тыс өмірде пайдалануға дағдыландыру және сабақ идеясын қаншалықты

18

жүзеге асырылғанын анықтау. Нәтежнесінде қорытынды бөлім мұғалімнің балаға басқа ортада тәрбиелік ықпал етуге мүмкіндік береді.

Типтік қателіктер: бұл бөлім ескерілмейді немесе «Ұнады ма?», «Жаңа не білдіңдер?» сынды сұрақтармен тұжырымдалады.

Ұсыныстар: тест түріндегі тапсырмалар бастапқы нәтижелерді анықтау үшін оқушыларды қызықтыратын: сөзжұмбақ, минивикторина, блиц, ойын және т.б. түрінде болғаны дұрыс. Алған тәжірбиелерін өмірде пайдалану үшін оқушыларға әртүрлі ұсыныстар жасау. Оны аталмыш мәселе бойынша не сұрауға болады; қайда баруға болады, неге назар аудару керек, қай ойынмен ойнауға болады, өздігінен не істеуге болады және т.б. қорытынды бөлімде сабақ тақырыбы одан әрі ашуды қажет ете ме және оны қалай іске асыруға болатындығын анықтауға болады. Қорытынды бөлімді мұғалім оқушылардың кейінгі іс – шараларды өткізудегі бастамаларын дамыту үшін қолдана алады.

Атқарылған жұмыс талдауы – қалыптасқан модельді өмірдегі кейпімен салыстыруға, табысты және поблемалы жағдайларды, олардың себептері мен салаларын анықтауға бағытталған. Алдағы тәрбиелік жұмысқа тапсырмаларды құрастыру элементі аса маңызды. Осы кезең тәрбиелік тапсырмаларды, мазмұнды, фомаларды түзетуге және сыныптан тыс жұмысты одан әрі жоспарлауға тым қажет.

Өткізілген тәрбиелілік шараның қорытындысын шығару - аса маңызды сәт, бірақ кейде жете баағаланбайды. Мұнда әсіресе білікті қорытынды жасап, атқарылған жұмыстың артықшылығы мен кемшіліктерін бағалайтын мұғалім мен әдіскердің ролі аса жауапты.

Іс – шаралар қорытындыларын талдауды жүйелі түрде өткізген жөн, өйткені қол жеткізген жетістіктер арқылы одан әрі алға жылжытуға болады, жақсысын бекітіп кемшіліктерін жоюға болады. Қорытындыны анализдеудің екі негізгі функциясы бар – ұйымдастырушылық және тәрбиелілік. Тұрақты анализдеу жұмысты жақсырақ ұйымдастыруға, тапсырылған іске неғұрлым жауапты болуға ықпал етеді, себебі оның қорытындылары мен нәтижесі байқаусыз қалмайды керісінше бағалауға ұшырайды. Анализ – бұл байқампаздықты тәрбиелеудің, өзіне сын көзбен қараудың, талап қоюдің, қоғамдық пікірді қарастырудың, сынға оң көзқарас танытудың, педагогикалық шеберлікті арттырудың ұтымды мектебі.

Тәрбиелік іс – шараны сараптай отыра, алдымен, оң нәтежелерді белгілеп алған дұрыс, табысқа жеткізген амалдар, шарттар мен әдістерді, сәтсіздік себептерін анықтап алған жөн. Қорытындыны білікті шығару арқылы бұдан әрі бүкіл тәрбиелік жұмысты негізді жоспарлауға және сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Әрбір өткізген шараны мына негізгі критерийлерге сәйкес педагогикалық сарыптауданөткізуге болады:

  1. Мақсаттың болуы;

  2. Өзектілігі және тақырыптың заманға сай болуы;

  3. Оның бағытталуы;

  4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мазмұн тереңдігі мен

19

ғылымдылығы;

  1. Мұғалім мен оқушылардың жұмысқа дайындығы, оны өткізуге ұйымшылдығы мен айқындылығы;

Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың жай – күйі мен

нәтижелерін педагогикалық кеңестерге және әдістемелік бірлестіктерде жүйелі түрде қарастырған жөн. Тәрбиелік шараға баға беруде оқушыларды да тартқан дұрыс, сол үшін мектеп радиосын қабырға газеттерін, көрмелерді пайдалануға болады. Мұндай жұмыс формаларының нәтижелері жарыс, байқау, конкурс, айлық және т.б. сияқты ұжымда кеңінен талқылауды қажет етеді.