- •2. Бейорг-қ қосылыстардың негізгі кластары: қышқылдар, негіздер, тұздар, оксидтер.
- •3. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі,оның құрылымы.
- •4. Атом құрылысының квант-механикалық моделі.
- •6. Орбитальдарды элетрондармен толтыру реті. Энергияның кішірею принципі. Паули принципі. Хунд ережесі. Клечковский ережесі.
- •7. Энергетикалық денгейлермен денгейшелердін сиымдылығы. Атомдардын электрон қауыздарынын құрлысы. Периодтық жүйенің атом құрлысымен байланысы.
- •8. Периодтық жүйе бойынша элементтердің өзгеретін және өзгермейтін қасиеттері.
- •9. Иондану энергиясы, электронға тартқыштық, электртерістілік. Иондану потенциалы.
- •10. Химиялық байланыстың табиғаты. Валенттілік теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік.
- •11. Коваленттік байланыс.
- •12. П және σ байланыстар. Бай/с ұзындығы мен энергиясы
- •13. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепоторлы механизмі.
- •14. Иондық байланыс.
- •15. Металдық байланыс.
- •16. Сутектік байланыс. Оның түзілу механизмі.
- •17.Химиялық термодинамика.
- •24. Әр түрлі топтар мен периодтар элемент атомдарының валенттік мүмкіндіктері.
- •28. Су. Судың иондық күші, сутекті көрсеткіш.
- •30. Тұздар гидролизі. Гидролиздену дәрежесімен тұрақысы
- •40. Метал құймалары,қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар.
12. П және σ байланыстар. Бай/с ұзындығы мен энергиясы
Түзілетін электрондық бұлттағы симметриясымен орбитальдардың бүркесу тәсіліне қарай П және σ бай/сты ажыратады. П және σ байланыс ол әрекеттесуші атомдардың центірін қосатын ось бойымен электрондық бұлттардың қайта жабылуы кезінде түзіледі. П байланыс ол атомдармен перпендикулярлық центірін қосатын осьтің бойымен электрондық бұлттардың бүйірден қайта жабылуы тұсында түзіледі. П байланыс p-p, p-d,d-d,f-p,f-d,f-f орбитальдарының қайта жабылуы кезінде түзіледі. σ байланыс s-s, s-p,p-p,d-d, d-s, f-f. орбитальдарының қайта жабылуы кезінде түзіледі. П және σ байланыс түйіскенде қос байланыс түзіледі. Жай ж\е қос байланыстың ұзындығымен энергиясын салыстырғанда, үш байланыстың энергиясы жоғары, ал ұзындығы қысқа. Байланыс энергиясы деп хим-қ байланысты үзуге жұмсалатын энергияны айтады. Байланыс ұзындығы-ол атом ядроларының арақашықтығы.
13. Коваленттік байланыс түзілуінің донорлы-акцепоторлы механизмі.
Коваленті байланыс, атомдық қоздыру нәтижесінде пайда болатын, жұптаспаған электрондар есебінен де түзіле алады. Бұл донорлы-акцепоторлық механизм–ковалентілік байланыс түзілуінің басқа да механизмінің бар болуымен байланысты. Бұл механизмнің мәні – атомдардың біреуі бөлінген электрондық жұбын (донор), ал басқасы бос орбиталін (акцептор) береді. Донорлы-акцепоторлық механизмі аммоний ионының түзілу сұлбасымен жақсы көрнектенді:
Аммиак молекуласындағы азот атомында бөлінбеген электрон жұбы бар (донор), ал сутек атомында бос 1s-орбиталь (акцептор). Аммоний ионы түзілгенде азоттың бөлінбеген электрондар жұбы азот пен сутек атомдары үшін ортақ болады. (sp3-будандасуы жүреді).
14. Иондық байланыс.
Иондық байланыс иондардыің электорстатикалық тартылу күштері арқылы жүзеге асатын хим/қ бай/с. (NaF, K2O, BaO, Rb2O, LiCl, CaF2). Иондық байланыс электртерістіліктері әртүрлі болатын атомдардың арасында ғана түзіледі. Коссельдің теориясы бойынша металмен бейметалдың атомдары әрекеттескенде, электрнейтрал қосылыс түзіледі, яғни иондардың зарядтары қарама қарсы және олардың атомдарының электр терістіктерінде үлкен айырмашылық болуы керек. Иондық қосылыстарда бір атомның басқаға толық ауысуы болмайды. Иондылық өлшем деп қосылыстарды түзетін элеменнт атомдарының электртерістіліктері арасындағы айырманы айтады. ∆х=2 дейін болса иондық байланыс. ∆х үлкен болған сайын полярлығыда үлкен болады.
15. Металдық байланыс.
Металдық байланыс - электрстатикалық тартылу нәтижесінде металдар иондарының және жалпыланған электрондар арасындағы түзілетін химиялық байланыстс айтады. Металдық байланыс тек қана бірінші текті өткізгіштерде болады.
Металдық байланыс металдағы атомнан электрондар тұрақты күйде бөлінгенде пайда болады. Электрондарын берген металл атомдары оң зарядталған иондарға түрленеді,ал олар тұрақты қозғалыстағы электронды өзіне тартуға ұмтылады. Бос электрондар металдың барлық атомдарын өзара берік байланыстырады да металл торының беріктігін қамтамасыз етеді. Металдық байланыста электрондарды ортақтастыруға барлық атомдар қатысады. Металдық байланыс энергиясы коваленттіктен 3-4 есе аз.
