Ответы:
1. Қазақша жарнаманың қазіргі сипаты
Жарнама, реклама— тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама.Жарнама тілі саласы қазақ тілінде жаңа сала деп қарастыруға болады. Қазіргі таңда жарнама үстем болып отырған орыс тілінде дайындалады да, кейін қазақ тіліне аударылады. Бұл жағдай керісінше болуы тиіс. Бірен-сараңы болмаса, кілең қазақ сөздерінен құрылған тіркестер өзара байланыспай, қиыспай нақтылы ұғым берместен сіресіп тұрады.
2. Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.
1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.
2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер бұйыру, талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! Жүр жарысайық!
Бұйрықты сөйлем әртүрлі дауыс ырғағымен айтылады да, ІІ жақта тұрады. Мысалы: Маған кел! Жоғал! Кет әрі! Сөзді доғарыңыздар! Сыпыр еденді! Сабағыңды дайында! Шық үйден!
5-билет
1. Ұлылардан қалған сөз.
2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
3. Хабарландыру мен жарнамаларды тексеріп, қатесі болса, дұрысын жазыңыз.
«Өрт болған кезде 101 телефон соғыңыз» - ...
«Балалардан сіріңке, шақпақтарды тығыңдар» -
«Ресей балалар киімі» («Детская одежда из России») – ...
«Автоэлектрик, пісіру жұмыстары, қозғалтқыштарды, жүріс бөлігін жөндеу» (Автоэлектрик, сварочные работы, ремонт двигателей, ходовки) - ...
Ответы:
1. 1. Жастықта көкірек - зор, уайым - жоқ.
2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
3. Жастықта бір күлгенің - бір қаралық.
4. Кімді сүйсең де - шын көңілмен сүй.
5. Арсыз сөз қыдыртып, жұрт құтыртуға құмар. Абай Құнанбаев
6. Ел сонда кай жерден өзіңді еркің сезінесің. Абу-ль-Фарадж
7. Өмiр қозғалысты талап етедi. Apистотель
8. Кім өзінің елін жек көреді, сол ештемені сүйе білмейді. Байрон
9. Абзал жүрек опасыздық жасамайды.
Өзімшілдік - достық үшін у. Оноре де Бальзак
2. . Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.
Сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.
Бастауыш кім? не? кімдер? нелер? кімім? кімі? несі? қаншасы? т.б. деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Алмаз келді? Қыс түсті.
Бастауыштың іс-әрекетін, қимылын, белгісін, қасиетін көрсететін, сөйлемді тиянақты етіп тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш деп атайды.
Баяндауыш қайтті? не қылды? не істеді? деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Студент (кім?) жазды (не істеді?)
Мен (кім?) оқыдым (не істедім?)
6-билет
1. Қазақстан және сыртқы саясат.
2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: толықтауыш.
3. Берілген сөздермен қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар.
Орындайтын+дай, жоспарла+п, сақта+п, кел+е, табылатын+дай, күтетін+дей, жина+й, бар+а, ал+ып, қайт+ып, бітір+іп.
Ответы:
1.Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, сурегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау.
2. Жай сөйлемді жайылмаға айналдырып, оның іргесін әрі қарай кеңіте беруге діңгек болатын тұрлаусыз мүше, алдымен, толықтауыш. Ол өзі бағынған сөзбен грамматикалық байланыста тұрып, табыс, шығыс, барыс, көмектес, кейде жатыс жалғауларының бірінде жұмсалады. Толықтауыштар мағынасына, синтаксистік қызметіне және тұлғасына қарай екі топқа бөлінеді : 1) Тура толықтауыш. 2) Жанама толықтауыш. Табыс септігінде жұмсалатын сөйлем мүшесі тура толықтауышболады. Ол заттың (субъектінің) қимыл процесін білдіретін сабақты етістіктермен тығыз байланыста болады. Өйткені сабақты етістіктер сөйлемде қандай мүше болмасын, әр уақытта өзіне басқа затты тура толықтауышты – керек етіп, ілестіре жұмсалады. Мысалы : Көрдім сұлу Еділді,
Билет 7.
1. Орта ғасыр ойшылдары
2. Анықтауыш
3.Сөйлемдерден мезгіл бағыныңқыларды тауып жазыңыз.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң, қазақ тілінің өрісін кеңейту мәселесіне назар аударыла бастады. Қазақ тілінің даму жолын, қолданылу аясын биік деңгейге көтеру үшін, қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, оны күнделікті өмірге белсенді түрде енгізді. Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді. Абай бүгін әдейі оңаша сөйлесу үшін, Мағаш пен Әбіштерді осында шақыртқан еді. Ерітіндіден натрий нитратын бөліп алғаннан соң, оны тыңайтқыш ретінде ауыл шаруашылығында қолданады.
