Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
казахский полный.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

Ответы:

  1. 1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төрт шамасында фашистік Германия әскері КСРО–ның батыс аймағынан Ленинградты қоршады. Кинохроника Германияның КСРО–ны басып алу жоспары «Барбаросса» деп аталды. Ол бойынша КСРО-ны алты, сегіз аптада жаулау алу жоспарланды. Бұл соғыс Германия тарапынан әділетсіз, агрессиялық соғыс болды. Кеңес елінің тарихында «Ұлы Отан» соғысы деп аталды. Бұл екінші дүние жүзілік соғыстың аяғы болды.

  2. Салалас құрмалас-құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі. Ыңғайлас салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуы .Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, та, те, да, де, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Сиырдың тұқымы да жақсы, бабы да келіскен екен. Қарсылықты салалас-құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрі.Жалғаулықты қарсылықты салалас.Бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сонда да, сөйтсе де, әйткенмен деген қарсылық мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.Мысалы: Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай онша мазасыздандырмайды.50Түсіндірмелі салалас- Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаласты түсіндірмелі салалас дейміз.Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес байланысады. Бірінші жай сөйлемде көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер (мынау, мынаны, сол, сонша, соншалық, сондай) болады.

14-билет

1. Әлемдегі ең бай адамдар

2. Мақсат бағыныңқылы, амал бағыныңқылы сабақтастар

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Аймақтық экологиялық проблемалар көлемі бірнеше аудан мен облысты қамтиды. Мысалы, Балқаш, Арал, т.б. проблемалары. Ал, әлемдік экологиялық проблемалар бүкіл биосфераны қамтиды. Оларға озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, мұхиттар мен теңіздердің ластануы жатады. Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтері бойынша, атмосферадағы озон қабатының жұқаруынан қатерлі ісік ауруларының 1%-ға көбейгендігі анықталған. Азот қосылыстары атмосфераға көбінесе, орман өртінен, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін түтінен жинақталады. Адам азот оксидімен дем алғанда – тыныс жолдарының қабынуы, бронхит, ентікпе аулуларынан зардап шегеді. Улы түтін өнеркәсіп орындарында, жылу электр станцияларында көмір мен мазутты жаққанда пайда болады.

Ответы:

1.Биыл да бірінші орынды мексикалық медиа алпауыт Карлос Слим иеленді. Форбс Слимнің қазына-мүлкін 69 миллиард долларға бағалаған. Ал екінші орынға Майкрософтың негізін қалаған Билл Гейтс шықты. Форбс Гейтстің жиған-тергенін 61 миллиард долларға бағалаған. Тағы бір АҚШ азаматы қаржыгер Уоррен Баффет үшінші орынды иеленді. Журнал сарапшылары оның байлығын 44 миллиард долларға бағалапты. Ал Еуропаның ең дәулеттісі, франциялық Луи Виттон концернінің басшысы Бернар Арно 41 миллиард доллармен төртінші орында.

15-билет

1. Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары

2. Себеп-салдар, талғаулы, кезектес салаластар

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы 2004 жылғы 7 шілдедегі N 581 тұжырымдамасы» бойынша, жастар дегеніміз – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары. 2009 жылы жүргізілген санақ бойынша, 14 пен 28 жас аралығындағы жастарымыз саны – 4 044 660. Халықтың үштен бірін құрайтын жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы, бүгінгі стратегиялық мақсаттардың ертеңге жүзеге асырушысы. Сондықтан да жастардың білімді, дәстүрмен қатар заманнның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті болғаны дұрыс.

Ответы:

1.Осы аптадағы ең қызықты деген жаңалықтар ғылыми журналдар бетінен табылып отыр. Ғылыми басылымдарға қарай келе, біз назар аударатын үш оқиғаны таптық. Африкада жұмыс істейтін биологтар мүйізтұмсық түрлерінің жойылып бара жатқанын айтады. Геологтар мұхит түбінен бұзылмаған жартас тапса, Ұлыбританиялық ғалымдар адамның нерв жүйесін дамыту үшін жібек жіптің бір түрін пайдаланып жатқанын жазған..Африка континенті тығыз да жасыл жунглиясы мен қатар арыстан, піл және мүйізтұмсықтар кезіп жүретін ашық та кең дала көрінісімен белгілі. Бірақ бүгінде ол көріністер солай болып қалмауда, өйткені Африка аңдары барған сайын жойылып барады. ..Осы жылдың басында үш ғылыми маман қандайда бір мүйізтұмсықтың түрін іздеп және олардың тірішілікте бар жоғын анықтау үшін солтүстіктегі Камерунға барған.  Екінші ғылыми жаңалық== Коста Риканың батысынан 640 шақырымдай жерде желкен қайықтан мұхит теңізінің түбіне жаттықтырушыларды жіберіп, төменге жүздірген. Бұл жақында ғана Тынық мұхитында ең терең жүзушіні анықтауға арналған жоба бойынша халықаралық ғалымдар тобының жоспары болды. Оның нәтижесінде, ғалымдар теңіз түбінен бұрын соңды көрмеген әрі қатты сақталып еш бұзылмаған геологиялық жартасты тапқан. Ғалымдар енді ол мұзға айналған әрі қатты сақталған геологиялық денені зерттеп жатыр. Үшінші ғылыми жаңалық==Жібек матаны әлемдегі адамдар әдемілігі мен жұмсақтығы үшін бағалайды. Дегенмен, қазір Ұлыбританияның зертттеушілер тобы жібек жіпті басқалай мадақтайтын себеп тауып отыр. Ол келешекте адамдардың үзілген немесе нұқсан келген жүйкесін жібекпен жалғауға болады екен.Екі түрлі лабораториялық және жануарлардағы зерттеулерде жібек жіптің арнайы түріне сынақ жасалған. Сол себепті жібек жіптермен жұмыс жасаған зерттеушілер алдағы кезде оны жүйкені жөндеуге пайдалану мүмкіндігін айтып отыр.

2.Себеп-салдар салалас-құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін білдіретін құрмаластың түрі. Жалғаулықты се,беп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді. Талғаулы салалас-құрамындағы жай сөйлемдерінің тек біреуіндегі іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжал жасауды білдіретін салаластың түрі.Талғаулы салалас не, немесе, я, болмаса, әлде деген шылаулар арқылы жасалады. Мысалы: Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрамын. Кезектес салалас-құрамындағы жай сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас құрмалас түрі.Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді.

6-билет

1. Ұлы ғалымдар өмірі

2. Қарсылықты бағыныңқылы, себеп бағыныңқылы сабақтастар

3.Мына сөйлемдердің қайсысы салалас құрмалас, қайсысы сабақтас құрмалас екенін ажыратыңыз.

1. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. (Абай).

2. Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. (Х.Е.).

3. Халық өз бақыты үшін күресетінін өзі білсе, оған ешбір жау төтеп бере алмайды. (Х.Е.)

4. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезрек қолға түседі (Абай).

ответы:

2.Қарсылықты бағыныңқы сабақтас-басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтас.Себепті бағыныңқы сабақтас-бағыныңқысы басыңқыда айтылған ойдың себебін білдіретін сабақтас.

17-билет

1. Қазақстанның экологиясы

2. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: Анықтауыш

3. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз

Астрономия ғылымы физика заңдарына сүйеніп, бақылайтын аспан денелері мен құбылыстарының табиғатын түсіндіреді. Мысалы, физика мен астрономияға ортақ құбылыстар - күн мен түннің ауысуын және Күннің тұтылуын қарастырайық. Жарық күн мен қараңғы түннің алма-кезек ауысуының себебі Жердің өз осінің төңірегінде үздіксіз айналуы болып табылады. Жер өз осін бір тәулікте (24 сағатта) толық бір айналып шығады. Жердің айналуы барысында оның Күн сәулесі түскен беті жарық болады да, ал қарсы көлеңке бетін түн басады. Сөйтіп күн мен түн үнемі алмасып отырады. Жер бір жылда (365 тәулікте) Күнді бір рет айналады. Жыл мезгілдерінің ауысуы Жердің Күн төңірегіндегі қозғалысына байланысты туындайды. Күннің тұтылуы табиғат құбылыстарының бірі болып табылады.