- •Лейкоплакия
- •Қосымша зерттеу әдістері
- •Диф. Диагностикасы-
- •0,2% Сангвиритриннің спиртті ерітіндісі, 1% сулы ерітіндісі
- •Жалпақ теміреткі (типтік түрі)-
- •Жергілікті
- •Диф. Диагностикасы:
- •·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
- •Қосымша зерттеу әдістері
- •Еріннің созылмалы қайталанатын сызаттары
Диф. Диагностикасы:
Жалған мембранозды кандидоз - Қызарған шырышты қабығының жа-лаңаштануымен өңез қырғанда ай-тарлықтай оңай алынады, тіл бүр-тіктері тегістелген. Антибиотиктер, цитостатиктер қабылдаған тұлғаларда, қант диабеті болғанда және т.б. анықталады. Бактериоскопия-лық зерттеу кезінде бүршіктенетін түрлердің, бластоспоралардың және Candida саңырауқұлағы мицелийі-нің көптігін анықтайды
Жалпақ лейкоплакия- Қырғанда гиперкератоз ошағы алынбайды. Ауыздың шырышты қабығының басқа бөліктері (жақ-тың, ауыз қуысы түбінің шырыш-ты қабығы және т.б.) бір мезгілде зақымдалуы мүмкін. Ауыз қуысы шырышты қабығының жиырылған-дығын сезіну. Этиологияда жергі-лікті тітіркендіруші факторларға: шылым шегуге (жылу, шайырлар, фенол қосылыстары және т.б.), ыстық тамаққа, бетель шайнауға және т.б. жетекші роль берілген
Емі : Ауыз қуысын мұқият сауықтандыру мыналарды көздейді:
· жеке гигиенаны түзету және тістерді тазалау сапасын бақылау;
·Ультрадыбыстық аспаптарды пайдалану арқылы кәсіптік гигиенаны жүргізу; гигиена құралдарын таңдау (тіс щеткалары, сықпалары, ирригаторлар және т.Б.)
· тіс жегісін, оның асқынуларын емдеу; тістерді қалпына келтіру;
· ортопедиялық конструкцияларда пайдалануға жатпайтын бүлінген тістерді, түбірлерді жұлу; емдік функционалдық протездер жасау;
· жарақаттаушы факторларды жою;
· жергілікті симптоматикалық терапияны пайдалану:
ауыз қуысының шырышты қабығын жансыздандыру (лидокаин ерітіндісі, шабдалы майындағы анестезин өлшендісі);
ауыз қуысының шырышты қабығын антисептикалық өңдеу (хлоргексидин, стоматофит және т.б.);
эрозиялар мен ойық жаралардың жазылуын стимуляциялау (солкосерил гелі және жақпасы, мундизал-гель, радевит жақпасы, бүрген майы және т.б.)Имудонды – иммунды стимулятор ретінде, ал ішуге В тобының витаминдерін (В1, В2, В12, В5) және микроэлементтерді тағайындайды.
Ішек флорасын қалыптандыратын препараттарды, ферменттерді (бифидумбактерин, мексаза, абомин және т.б.) науқасты тексерген соң гастроэнтеролог тағайындауы тиіс.
Асқазан-ішек жолының патологиясы бар науқастар гастроэнтерологта және стоматологта диспансерлік есепте болуы тиіс
Қант диабеті - Ауыз қуысының шырышты қабығы әлсіз ылғалданған немесе құрғақ, жылтыр, сәл қызарған. Эрозиялар, қан құйылуы, трофикалық жаралар болуы мүмкін. Ауыз қуысындағы құрғақ-тық, қатты шөлдеу
Тамақ ішкенде, әсіресе ыс-тық, қатты тамақ ішкенде ауыруы.
Шырышты қабық паресте-зиясы. Ашуды сезіну, тәтті-нің, ащының дәмін сезіну-дің төмендеуі. Гениталий-дің және дененің басқа бөліктерінің ашуы және қышуы.
Қосымша зерттеу әдістері
қанды және несепті зерттеу- Қанды және несепті құра-мында глюкоза болуына зертханалық зерттеулер
тілдегі өңезді бак-териоскопиялық зерттеу- Көп жағдайларда Candida саңырауқұлағы айқындалады
альвеолярлы өсін-ділер мен тістерді рентгенологиялық тексеру- Әр түрлі дәрежелі паро-донттың сүйек тінінің патологиясы
ИЦЕНКО-КУШИНГ АУРУЫ- Ауру бүйрек үсті қыртысты заты гормондарының артық синтезі салдарынан пайда болады. Негізгі алмасу түрлерінің, ішкі органдардың және нерв жүйесі функцияларының бұзылуы байқалады. Шағымдар- Тамақ ішкенде, әсіресе ті-тіркендіруші тамақты іш-кенде ауыруы, ауыз қуы-сының жиі ашуы. Қызыл иектің қанағыштығы, ауыз-дан жағымсыз иіс шығу
Клиникасы- Көрінерлік патологиялық өзгерістерсіз. Жергілікті лимфа түйіндері саусақпен басқанда білінеді,сипаған-да жұмсақ, аздап ауыршаң, өз араларында және қорша-ған тіндермен бірікпеген. Ауыздың шырышты қабығы әрқашан ісініп тұрады, тілде және шырышты қабықта тістердің іздері көрінеді. Ұзақ болатын эрозиялар мен жаралар. Геморрагия-лық құрамды үлкен көпіршіктер пайда болуы мүмкін. Кан-дидоз, пародонт тіндерінің қабыну өзгерістері жиі кездеседі.
ЕМДЕУДІ эндокринологпен бірлесіп жүргізеді. Стоматолог ауыз қуысын сауықтандыруды және симптоматикалық терапияны жүзеге асырады.
АДДИСОН АУРУЫ- Ауру бүйрек үсті қыртысты заты гормондарының тоқтауымен немесе азаюымен негізделген.
Шағымдар- Ауыратынына шағымдар жоқ. Терідегі және ауыздың шырышты қабығындағы шағын көкшіл түсті дақтар. Арықтағанға, диспепсиялық құбылыстарға, тәбеттің азайғанына шағымдар
Клиникасы-Бет, қол терісінде көкшіл немесе қара-сұр түсті дақ-тар бар. Ұзақ ауырғанда тері ақшыл-қоңыр, қола түсті иеленеді.
Еріннің қызыл жиегінде және шырышты қабығында, тілдің, қызыл иектің жие-гінде, жақтың шырышты қабығында көкшіл немесе қара-сұр түсті шағын дақтар немесе жолақтар бар
Диф. Диагностикасы-
Туа біткен
Пигментация- Жеке жұрттарда байқалады, бала-лық шақта пайда болып, өмір бойы сақталады
Ауыр металдар
тұздарының бөлінуі- Зиянды өндірістерде жұмыс істеу, ауыр металдар (сынап, қорғасын, висмут) тұздарымен қатынасу. Осы тұздар препараттарымен емделу
ЖАЛПАҚ ТЕМІРЕТКі:Типті түрі тері жамылғылары: Өзгермеген немесе білектің бүгілетін бетінде, кәрі жілік-білезік буындарында, санның ішкі бетінде, сирақ-тың жазылатын бетінде диаметрі 2-3 мм, полиго-нальды пішінді, қызғылт-күлгін түсті, беті жылтыр және ортасында түсетін па-пулалар бар. Папулалар бе-тінде торлы сурет – Уикхем торы болуы мүмкін. Ауыздың шырышты қабығын қарау: Мөлшері 2 мм дейінгі сұр-шыл-ақ папулалар шілтер, тор, папоротник жапырақ-тары түріндегі таң қаларлық суретке тоғысады және жақтың, еріннің бозғылт-қызғылт шырышты қаба-тында, тілдің ретромоляр аймағында, бүйірлік бетте-рінде орналасады Экссудативті-гиперемиялық түрі Ауыздың шырышты қабығын қарау: Жақтың, еріннің, ауыз қуы-сы түбінің қызарған шы-рышты қабығында, тілдің бүйірлік беттерінде мөлше-рі 2 мм дейінгі сұршыл-ақ көптеген папулалар. Папу-лалар жеке болуы мүмкін немесе шілтерді, торды, папоротник жапырақтарын еске салатын таң қаларлық суреттерге тоғысады Эрозия-жаралық түрі төменгі жақ асты және иек асты лимфа түйіндері: Жұмсақ, қозғалмалы, бір-шама үлкейген болуы мүмкін ауыздың шырышты қабатын қарау: Ауыздың шырышты қаба-тында дұрыс емес пішінді қызарған фонда күрт ауыра-тын әр түрлі мөлшерлі эро-зиялар, жалпақ теміреткіге тән папулезді сурет (шілтер, тор және т.б.) фонында фибринозды өңезбен жа-былған нүктелік эрозиядан ауқымды эрозияға дейін Буллезді түрі Ауыздың шырышты қабатын қарау: Түсі өзгермеген немесе шырышты қабығы қызарған. Ішінде бұлдыр немесе ге-моррагиялық сұйықтық бар, диаметрі 5 мм-ден 20 мм-ге дейінгі үлкен көпіршіктер. Көпте-ген папулалар өзіне тән суретті (шілтер, папоротник жапырағы және т.б.) түзеді Гиперкератотикалық түрі Ауыздың шырышты қабатын қарау: Өзіне тән папулезді эле-менттер (шілтерлер, папо-ротник жапырағы түрінде) фонында пішіні мен нақты шекаралары бар кескіндері әр түрлі гиперкератоздың жеке бөліктері Жалпақ темірет-кінің барлық түр-лері үшін қосым-ша зерттеулер цитологиялық зерттеу Ұзақ уақыт жазылмайтын эрозиялардан және гипер-кератотикалық түйіншелер-ден алынған қырынды бактериоско-пиялық зерттеу Ауыздың шырышты қабығының зақымдалу элементтерінен алынған қырынды люминесценттік диагностика Жалпақ теміреткі папула-лары еріннің қызыл жиегін-де көгілдір түсті және ауыз қуысының шырышты қаба-тында ақшыл-көгілдір түсті сәуле таратады қанды биохимия-лық зерттеу Қанттың сандық құрамы, бауыр сынамалары, про-тромбин индексі және т.б аллергологиялық зерттеу Тері сынамалары, зертхана-лық тестілер (ИФТ, РТМЛ, БТР, ТДТК, БТ және т.б.) ЖАЛПАҚ ТЕМІРЕТКІНІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ Типті түрі: Жалпақ лейкоплакия 40 жастан асқан ерлерде жиі кездеседі. Зақымдалу элементі – гиперкератотикалық дақ, әдетте бірлі-жарым болады. Жарақатқа сәйкес орналасады (протездің үшкір шеттері, сауыттар). Папула-лардың жоқтығы. Гистологиялық түрде гиперкератоз басым, акантоз жоқ. Жақтың алдыңғы бөліктерінің және ауыздың бұрыштарының шырышты қабығы жиі зақымда-лады. Тері зақымдалмайды Эрозиялы-ойық жаралы түрі: Аллергиялық стоматит Басталуы жедел. Дімкәстік, дене температурасының көтерілуі дәрі ішумен байланысты. Шырышты қабықтың ісінгендігі күрт айқындал-ған. Эрозиялар жылдам жазылады (4-10 күн). Папулалар жоқ. Егер аллергенмен қатынас болмаса, қай-таланбайды. Аллергенмен тері сы-намалары және аллергодиагностика тестілері жақсы. Гистологиялық түрде зақымдалу ошағында лимфо-циттер, плазмоциттер, эозинофил-дер, нейтрофилдер, мес жасушалар ЖАЛПАҚ ТЕМІРЕТКІНІ ЕМДЕУ Жергілікті емдеу: Ауыз қуысы гигие-насын түзету, ауыз қуысын сауықтанды-ру, гальванозды, ме-ханикалық жарақат-таушы факторларды жою, протездеу.Ретинол ацетатының 3,4% майлы ерітіндісі. Зақымдалған жерге күніне 2-3 рет 15-20 минуттан аппликациялар Жалпы емдеу Транквилизатор-лар Феназепам 0,0005 г, Жатар алдында ми-нимум дозадан ½ таблеткадан бастап ішке қабылдау Тыныштандыра-тын құралдар Бромидтер, Күніне 3 рет 5-10 мл, емдеу курсы 1 ай, барлығы 2-3 курс Витаминді терапия Пангексавит 2-3 ай бойы күніне 3 рет 1 драже Иммунды-модульдейтін терапия Ликопид 14 күн бойы күніне 1 рет тамақ ішуден 30 мин бұрын 1 мг Аусыл Өте мол пароксизмальды саливация, ауыз маңайындағы, саусақ арасындағы қатпарларда, табандағы көпіршік бөртпелер. Көпіршіктер субэпителиальды орналасып, ауыздың шырышты қабығында ұзақ уақыт сақаталады. Олар жарылғаннан кейін терең емес ойық жара қалады. Адамдарға ірі қара малдан және тамақ өнімдері арқылы (ауру малдан) жұғады. Шешуші диагностикада серологиялық лабораториялық зерттеудің маңызы зор. Емі тек инфекциялы ауруханада стационарлық жағдайда
АИВ-инфекциясы – жүре пайда болған иммунитет тапшылық синдромы (ЖИТС) мен өлімге әкелетін иммунды жүйе зақымдануы. Адамның иммунитет тапшылық вирусы (АИВ) – ретровирустар тұқымдастығы мен баяу вирустар тұқымдас бөлігіне жатады. Вирустың жалғыз көзі – кез келген сатыда жұқтырған адам. Қарау сыртқы қарау және ауыз қуысын қарау: Бетте, тұлға бойында, аяқ-қолда папулезді, петехиальды, күлдіреу бөртпелердің болуы. Бұл бөртпедер қызылша мен қызамық бөртпелеріне ұқсас. Көк бауырдың, бауырдың үлкеюі, өңештің, ауыз қуысының, гениталий шырышты қабықтары зақымдануы мүмкін. Лимфаденопатия. Жиі бұлшық ет асты, желке, мойын лимфа түйіндері ауырмайды, қозғалғыш, бір-бірімен және қоршаған тіндермен бірікпеген. Лимфа түйіндерінің диаметрі орта есеппен 2-3см. АИВ-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ АИВ-инфекциясын ерте диагностикалау науқасты дер кезінде емдеу мен профилактикалық іс шараларды құруға мүмкіндік береді. Ерте диагностикалау диспансеризацияны, социальды реабилитацияны жүргізуге, психологиялық көмек көрсетуге , науқастардың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Клиникалық көрінісі бойынша ерте диагностикалаудың күрделілігі алғашқы көрініс сатысы симптоматикасының спецификалық еместігі мен полиморфтілігінде және инкубация сатысы мен жасырын кезеңде клиникалық көріністердің болмауында. Оппортунистік аурулар қосылған кездегі алғашқы көрініс сатысында және екіншілік аурулар сатысында оппортунистік және ЖИТС-ассоцирленген ауруларды диагностикалау өте маңызды. АИВ- инфекциясының лабораториялық диагностикасы АИВ мен оның компоненттерін идентификациялауға, АИВ антиденесін анықтауға, иммунды жүйенің бұзылу дәрежесін анықтауға негізделген. АИВ мен оның элементтерін жасуша дақылынан анықтауға болады. АИВ қанның мононуклеарлы жасушасынан, қан сарысуынан, жұлын сұйықтығынан бөлінеді. ПТР вирусқа қарсы ДНК мен вирустың геномды РНК анықтауға мүмкіндік береді. АИВ инфекциясында антиденені анықтау үшін ИФТ мен ИБ қолданады. Бірінші жағдайда АИВ-ның барлық белоктарына суммарлы антиденені, екінші жағдайда әрбір белокқа анықтайды. АИВ-инфекциясының/ЖИТС- ның еміАИВ- инфекциясында/ЖИТС- да этиотропты және патогенетикалық терапия жүргізеді, оппортунистік және ЖИТС- ассоцирленген ауруды емдейді. Осы уақытқа дейін АИВ-инфекциясынан толық айықтыратын дәрі-дәрмектер болмағандықтан, оның сапасын сақтап, науқастың ғұмырын барынша ұзартуға тырысады. Ең алдымен вирусемияны қысқарту қажет, соның нәтижесінде АИВ тудыратын клиникалық көріністер әлсірейді. Оппортунистік және ЖИТС – ассоцирленген аурулардың пайда болу мерзімін кешіктіру ең маңызды.
Мерез – бозғылт трепонема тудыратын созылмалы инфекциялы ауру. Мерез белсенді және жасырын кезеңдердің алмасуымен жүретін толқын тәрізді ағымда болады. Мерез кезінде тері, шырышты қабық, ішкі ағзалар, жүйке жүйесі зақымданады. Клиникалық көрінісі әлсіз қабынудан басталып, мүшелер мен тіндерді бұзатын және оларға қысым түсіретін спецификалық инфекциялы гранулеманың түзілуіне дейін болады.
Жүре пайда болған және туа біткен мерезді ажыратады. Жүре пайда болған мерезді уақыт бойынша өзгеріп отыратын клиникалық симптоматикасы бойынша – инкубациялы, біріншілік, екіншілік және үшіншілік кезеңдерге, ал туа біткен мерезді ерте және кеш кезеңдерге бөледі. Туа біткен мерездің сұрақтары балалар терапиялық стоматология курсында егжей-тегжейлі жазылған.
Бозғылт трепонема (мерездің қоздырғышы) – факультативті анаэроб, спираль тәрізді пішінде болады, жақсы қозғалғыш. Сыртқы ортада физикалық және химиялық факторлардың әсеріне тұрақтылығы төмен. 55°С температурада 25 мин ішінде және кепкен кезде өледі. Бозғылт трепонема кез-келген сұйықтықта және экссудатта бола алады. Зәр, тер, сілекей, жас сұйықтығында бозғылт трепонема болмайды. Бірақ қоздырғыш физиологиялық секреттерге және шығару жолдарындағы экскреттерге қосылуы мүмкін.
БІРІНШІЛІК МЕРЕЗДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ
Қарау сыртқы қарау: Ерекшелік жоқ регионарлы лимфа түйіндері: Қатты шанкр пайда болған соң, 5-7 аптадан кейін жиі жағдайда иек асты және жақасты лимфа түйіндері ұлғаяды (бубон немесе регионарлы склероденит), бұл біріншілік мерездің екіншілік симптомы болып есептеледі. Пальпацияда регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз, тығыз, эластикалық консистенциялы, қозғалмалы Ауыз қуысын қарау шырышты қабықты қарау Бозғылт трепонема енген жерде шырышты қабық ашық қызыл түсте, эрозия, кейде ойық жара дөңгеленген немесе сопақша пішінде, көлемі 3 мм-ден (ергежейлі шанкр) 1,5 см-ге дейін негізі инфильтраттанған, жиектері аздап көтерілген, пальпацияда ауырмайды. Кейде эрозия сұр-ақ қақпен жабылған. Екіншілік инфекция қосылған кезде ойық жара түзе тереңдейді, кір-сұр некротикалық қақпен жабылған ауыз бұрышы және өтпелі қатпар: Қатты шанкр сызат түрінде болады,тартылған кезде сопақ пішінді, негізі тығыз инфильтраттанған эрозия анықталады. Қатты шанкр ауыз бұрышында ауыз бұрышының жарылуы тәріздес көрінеді
қызыл иек Қатты шанкр ашық қызыл түсті, тегіс эрозия түрінде болады, 1-2 тісті жарты ай тәріздес қоршап жатады. Қызыл иекте қатты шанкрдың жаралы түрінің мерезге тән ешқандай типтік сипаттамасы жоқ . Диагностикасын регионарлы лимфаденит және эрозия немесе жара беткейінен алынған жұғындыда бозғылт трепонеманың болуы жеңілдетед тіл Қатты шанкр көбінесе жекелей кездеседі, әдетте тілдің орта бөлігінде. Қатпарлы тілі бар адамдарда, эрозивті және жаралы түрінен басқа, тілдің қатпарларында шанкр саңылау тәріздес түрде болады. Тілдің арқасында шанкр негізінде инфильтраттың болуына байланысты , қоршаған тіндерден айқын көтеріліп тұрады және түбі жоғары қаратылған, ашық гиперемияланған табақша тәріздес болады. Пальпацияда ауырмайды. Шанкр айналасында қабыну болмайды ЕКІНШІЛІК МЕРЕЗДІ ДИАГНОСТИКАЛАУ сыртқы қарау: Розеолезді және папулезді бөртпелер (алақан, табан, дене және т.б), пустулезді бөртпе (бет терісі,дене және т.б), пигментті сифилидтер – мерездік лейкодермия (мойынның бүйір және көбінесе артқы бөлігінде) және мерездік түксіздену (диффузды және майда ошақты) – құстың ұясы тәрізді шаштың түсуі Ауыз қуысын қарау ауыздың шырышты қабығын қарау:түрлері: екіншілік жаңа мерез: Розеолезді-папулезді бөртпелердің өте көп болуы, ауыз қуысында қатты шанкрдың қалдығы жасырын кезең: Клиникалық көріністердің толық болмауы. Диагнозды бұл кезеңде серологиялық реакциялардың көмегімен қояды екіншілік қайталанбалы мерез: Көп емес, сақина тәріздес топталған, папула және розеола доғашықтары жұмсақ таңдайда, тілде, бадамша бездерінде, тілде – тістердің қабысу сызығы бойымен, қызыл иекте және т.б.. Бұл кезеңде ауыз қуысындағы бөртпелер жалғыз клиникалық көрініс болып табылады ҮШІНШІЛІК МЕРЕЗ Қарау сырқы қарау: Ертоқым тәрізді мұрын ауыз қуысындағы клиникалық көріністің ерекшелігі: Гуммозды өзек алынғанда шырышты қабықтан жиегі тығыз, түбі грануляциямен жабылған, шұңқыр тәрізді ауырмайтын гуммозды ойық жараны анықтауға болады. Ойық жара жазылғаннан кейін орнында тартылған жұлдызша тәріздес тыртық қалады. Ауыздың шырышты қабығының кез-келген жерінде әр түрлі даму сатысындағы гумманы анықтауға болады (инфильтрат, ойық жара, тыртық) Мерезбен ауыратын науқастарды емдеу тері-венерологиялық стационарларда және антибактериотерапия курсы бар диспансерлерде жүргізеді. Емдеуді аяқтағаннан кейін 5 жыл бойы диспансерлік есепке алынады. Содан соң мерезден жазылғанын тіркейді.
ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ Қарау сыртқы қарау: Төменгі жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, ауыра-ды, астында жатқан тіндер-мен байланыспаған. Еріннің қызыл жиегінде ісік және гиперемия фонында қалың қанды қабықтар, сызаттар пайда болған ауыз қуысын қарау жеңіл аллергиялық реакция: Жайылған гиперемия, ауыз қуысының шырышты қабығының ісігі, көптік геморрагиялар. Тілдің қабырғасы ашық қызыл түсті, эпителий десквамациясы құбылыста-ры, жіп тәрізді бүртіктердің тегістігі және атрофиясы. ауырлығы орташа аллергиялық реакция: Ісінген қызарған шырышты қабық фонында фибринозды өңезі бар эрозиялар. ауыр аллергиялық реакция : Ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, ісігі, некрозы. қатынастық аллер-гиялық стоматит: Аллергенмен қатынасқан орындағы ісік, эритема, геморрагиялар, ұсақ үлбі-ректер, нүктелік эрозиялар. Қосымша тексеру әдістері жалпы клиникалық қан анализі: Лейкоцитоз; қан формула-сының солға ығысуы, эозинофилдер мөлшерінің көбеюі, ЭТЖ жоғарылауы гистаминдік сынама: оң, папула 5 мм артық лейкоцитоз реак-циясы (ремиссия сатысында): Нейтрофилдердің 25-34% деформациясы – жақсы, 35% артығы күрт жақсы реакцияға сәйкес келеді цитологиялық зерттеу: Арнайы емес қабыну көрінісі ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯНЫ ЕМДЕУ Жалпы емдеу жағдайдың ауырлығына байланысты: Дәрілік аллергияны тудырған дәрілік препаратты қолданбау. Аллергия ту-дырған затпен қатынасты тоқтату (қа-тынастық аллергия жағдайында) Десенсибилизация-лайтын терапия: 2% супрастин ерітіндісі. Вена ішіне 2 мл Антигистаминді әсер Қабынуға қарсы терапия: 60-120 мг преднизолонды 250-500 мл натрий хлоридінің изотонды ерітіндісімен немесе 5% глюкоза ерітеді . Вена ішіне там-шылатып тамызып Дегидратациялық терапия: Этакрин қышқылы 0,05 г Таңертең тамақтан кейін 1 таблеткадан. Дезинтоксикация-лық терапия Натрий тиосульфа-тының 30 % Ерітіндісі Вена ішіне 10 мл; 10-12 инъекция Иммунды-модульдейтін терапия Имудон 20 күн бойы күніне 3 рет 2 таблеткадан Дәруменді терапия Сдәрумені 0,05 г Күніне 3 рет 1 таблеткадан Құрамында аллерге-дері болмайтын тітір-кендірмейтін диета Жергілікті емдеу жансыздандыру 1% димедрол ерітіндісінің 1 мл 100-200 мл суға ерітеді Ауыз қуысын шаю антисептикалық өңдеу Сутегі асқын тотығының 1% ерітіндісі Ауыз қуысын шаю жазылуға ықпал ететін терапия А, Е дәрумендерінің майлы ерітіндісі, итмұрын Аппликациялар
Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит – инфекциялы-аллергиялық табиғатты ауру, оның дамуында бактериялық фактор (тонзиллит, мұрынның қосалқы қойнаулары-ның қабынуы, асқазан-ішек жолының аурулары, пародонтит) маңызды роль атқарады. Орта жастағы және аға буын адамдары жиі ауырады. Уақыт өткен сайын қайталану жиілейді. Қарау сыртқы қарау: Көрінерлік өзгерістер жоқ лимфа түйіндерінің жағдайы: Зақымдалу жағында афта-лар болғанда төменгі жақ асты лимфа түйіндері үлкейген, саусақпен басқан-да ауырады ауыз қуысын қарау: Ауыз қуысы сауықтанды-рылған тіс қатарлары және пародонт: Бұзылған тістер – сауыттар-дың үшкір шеттері, эмаль-дың патологиялық қажал-ғандығы, қызыл иек үстін-дегі тіс шөгінділері ауыз қуысының шырышты қабығы: Еріннің, жақтың өзгермеген шырышты қабығындағы, ауыз кіре берісінің ауыспа-лы қатпарларындағы, тілдің бүйірлік беттеріндегі жеке (1-3) афталар Қосымша тексеру әдістері жалпы клиникалық қан анализі: Лейкоцитоз, эозинофилия, қан формуласының солға ығысуы гистаминдік сынама (ремиссия кезеңінде) : Жақсы, папулалар көлемі 5 мм артық бактериялық аллергендерге жоғары сезімтал-дықты айқындау үшін қайталану аралық кезеңдегі бактериялық аллергендермен жасалатын тері сынамалары: гемолитикалық стрептокок-тың және стафилококктың, ішек таяқшасының, протей-дің және энтерококктың бір немесе бірнеше аллергеніне тері реакциясы жақсы микробтық анти-гендерге аллергия-ны айқындау үшін лейкоцитолиздің реакциясы: Жалпы қабылданған сұлба бойынша жүргізіледі. Қан нейтрофилдерінің зақымдалуы 12% артық созылмалы инфек-ция ошақтарын айқындау үшін тіс-жақ жүйесін рентгенологиялық зерттеу: Периапикалды тіндердегі және пародонттағы бұзыл-ған өзгерістер ошақтары СОЗЫЛМАЛЫ ҚАЙТАЛАМАЛЫ АФТОЗДЫ СТОМАТИТТІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ Бехчет синдромы: Ауыз қуысының, көздің, жыныс органдарының шырышты қабығында, афталардың (беттік жаралар-дың) бір сәтте пайда болуы. Зақымдалған бөліктердің жазылуы ұзақ (1-6 ай) Жарақатты эрозия: Эрозияның орналасуы жарақаттау-шы факторға сәйкес келеді. Эрозия ауыз қуысының біркелкі қызарған шырышты қабығында орналасады. Жарақатты жою эрозиялы беттің жылдам жазылуына әкеліп соғады. СОЗЫЛМАЛЫ ҚАЙТАЛАМАЛЫ АФТОЗДЫ СТОМАТИТТІ ЕМДЕУ Жергілікті емдеу жансыздандыру:Пиромекаин,лидокаин,тримекаин, 1% ерітінділері Аппликациялар Ауыруды сезінуді болдырмау. Антисептикалық өңдеу: 1% сутек тотығы ерітіндісі, калий перманганаты-ның 1:5000 ерітіндісі, 0,25% хлорамин ері-тіндісі, Зақымдалу бөліктерін өңдеу. Жазылуға ықпал ететін терапия: Метилурацил жақпасы 5%, каротолин, Аппликациялар. Физиоемдеу: Гелий-неонды лазер сәулелері, гипербаралық оксигенация. Жалпы емдеу сенсибилизацияны азайтатын терапия: Супрастин0,025г . Күніне 3 рет 1 таблеткадан. Сенсибилизация-ны азайтатын арнайы терапия: Сәйкес бактериялық аллергендердің емдік дозалары, стафилококкты анатоксин. Инъекциялар сұлба бойынша
Көптүрлі экссудативті эритема – ауыз қуысы шырышты қабығының және терінің зақымдалған полиморфты элементтері (дақтар, үлкен көпіршіктер, күлбіреуіктер, эрозиялар, жаралар, афталар және т.б.) бар қабыну ауруы, циклдік ағымды және қайталануға бейім.
КӨПТҮРЛІ ЭКССУДАТИВТІ ЭРИТЕМАНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. Этиологиясы: ЛОР-органдарының, асқа-занның, ішектің, бауырдың, өкпенің созылмалы қабыну аурулары; созылмалы эндо-генді инфекция ошағы, аллергиялық аурулар Қарау сыртқы қарау: Теріде (көбінесе алақанның, иықтың, сирақтың, табан-ның) – эритематозды дақ-тар, үлкен көпіршіктер, «кокарда-лар».Еріннің қызыл жиегінде - қанды қабыршақтар, сызат-тар .Регионарлы лимфа түйін-дері үлкейген, ауырады, өз арасында және қоршаған тіндермен байланыспаған. ауыз қуысын қарау: Ауыз қуысының шырышты қабыққа күрт ауыратын эрозиялар, үлкен көпіршіктер, эритематозды дақтар Қосымша тексеру әдістері жалпы клиникалық қан анализі: Лейкоцитоз; қан формула-сының солға ығысуы, эозинофилдер, моноциттер мөлшерінің көбеюі, ЭШЖ жоғарылауы цитологиялық зерттеу: Арнайы емес қабыну көрінісі. гемолитикалық стрептококкқа, стафилококкқа, энтерококкқа, ішек таяқшасына,
протейге (ремис-сия кезеңінде) тері-аллергиялық сынамалар: гемолитикалық стрептокок-қа, стафилококкқа, энтеро-коккқа, ішек таяқшасына, протейге жақсы реакция гистаминдік сынама (ремиссия кезеңінде): Күрт оң, папула көлемі 5 мм, гиперемия - 10 мм артық лейкоцитоз реакциясы : 12% нейтрофилдердің зақымдалуы КӨПТҮРЛІ ЭКССУДАТИВТІ ЭРИТЕМАНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ. Стивенс-Джонсон синдромы: Мұрынның, көздің, жыныс орган-дарының шырышты қабығының зақымдалуы (риниттер, конъюнк-тивиттер, уретриттер, вульвоваги-ниттер). Медикаментозды стоматит: Әрқашан аурудың алдында дәрілік препаратты қабылдау болады. Жедел герпесті стоматит: Қайталанбайды. Теріде эритема-тозды дақтар, «кокардалар», үлбі-ректер жоқ. Ауыз қуысының шырышты қабығындағы эрозиялар қосылуға бейім, ұсақ нүктелі және полициклдік жиектерімен аса ірі. Эрозиядан алынған қырындыда Лангханстың көп ядролы алып жасушалары (аурудың алғашқы 2-3 күнінде); ПТР, ИФТ оң КӨПТҮРЛІ ЭКССУДАТИВТІ ЭРИТЕМАНЫ ЕМДЕУ: Жергілікті емдеу жансыздандыру: 1-2% лидокаин ерітіндісі, Ауыз қуысын шаю,3-5 минуттан аппликациялар.антисептикалық өңдеу: 1% сутек тотығы ерітіндісі, Ауыз қуысын шаю. жазылуға ықпал ететін терапия (инфекциялық факторды жойған соң жүргізіледі): А дәруменінің майлы ерітіндісі, итмұрын майы, Аппликациялар. қабынуға қарсы терапия: Глюкокортико-стероидты жақпалар: преднизолон 0,5%,15 минуттан аппликациялар физиоемдеу: Гелий-неонды лазер сәулелері, гипербаралық оксигенация. Жалпы емдеу қабынуға қарсы терапия: Парацетамол0,5г. Күніне 4 рет 1 таблеткадан. сенсибилизацияны азайтатын терапия: Ацетилсалицил қышқылы 0,5 г. Күніне 3-4 рет 1 таблеткадан
Қызыл жегіні коллагеноздарға – инфекциялық және басқа агенттерге сенсибилизацияны азайтатын аутоиммунды ауруларға жатқызады. Қызыл жегіге күн жарығына аллергия, инфекциялар, жарақаттар, суық және т.б. итермелейді. ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. бастан кешірген және ілеспелі аурулар: Басым көпшілігінде 20-40 жастағы әйелдер Асқазан-ішек жолының, бүйректің, буындардың, со-зылмалы қабыну аурулары. Қарау сыртқы қарау: Бет терісінде (көбінесе маң-дайда, мұрында және жақ-тарда көбелек түрінде), құлақ қалқандарында, бас-тың шашты бөлігінде эри-тема, гиперкератоз, атрофия. ауыз қуысын қарау: Ауыздың шырышты қабығ-ында эпителийдің лайла-нуы түрінде гиперкератоз-бен бірге іркілген гипере-мияның сәл шығыңқы ошақтары. Қосымша зерттеу әдістері люминесценттік диагностика. Вуд сәулелерінде қызыл жегі болғанда еріннің қы-зыл жиегіндегі гиперкера-тоз бөліктері көгілдір қар-лы немесе ақ қарлы сәуле таратады, шырышты қабық-та нүктелер мен жолақтар түрінде ақ немесе күңгірт ақ түсті сәуле тарату. гистологиялық зерттеу: Паракератоз, гиперкератоз, атрофиямен алмасатын акантоз. Коллаген талшық-тарының вакуольды дегенерациясы. ИФР Базальды мембранада ДНК шөгінділері айқындалады. ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ. Жалпақ теміреткі. Жалпақ теміреткі ауыз қуысының шырышты қабыққа және еріннің қызыл жиегінде жиі кездеседі, шілтер тор суретін құрайды. Вуд сәулелерінде жалпақ теміреткі болғанда гиперкератоз ошағы ақ-шыл-көгілдір түсті сәуле таратады. Жалпақ теміреткі болғанда зақым-далу ошағының ортасында атрофия болмайды. Лейкоплакия Тек ауыз қуысы ғана зақымдалады. Типті кескіндері бар атрофия және айқын эритема жоқ. Актинидті хейлит Гиперкератоз және тыртықты атрофия жоқ. ҚЫЗЫЛ ЖЕГІНІ ЕМДЕУ. Жансыздандыру 1-2% лидокаин ерітіндісі. Ауызды шаю, 3-5 минут аппликациялар. Антисептикалық өңдеу. 1% сутегі тотығы ерітіндісі, Ауызды шаю. Глюкокортикосте- роидтар: 0,5% преднизолон сы-ғындысы. Аппликациялар. Витаминді терапия Пиридоксальфосфат. Күніне 3 рет тамақтан кейін 0,02 г. Глюкокортикосте- роидты заттар Преднизолон таблеткалары 5 мг-нан. 10-15 мг/тәул. Малярияға қарсы заттар Делагил (хингамин) 0,25 г. 10 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан, сонан соң зақым-далу элементтерінің (эрозиялар) астына 1% тримекаин ерітіндісімен бірге 1,5 мл делагилмен инъекцияларға ауысады
ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЫ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ. АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ-НЕКРОЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ, ТРОФИКАЛЫҚ ЖАРАНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. Қарау сыртқы қарау: Беттің тері жамылғысының бозғылттығы, еріннің және терінің жақын бөліктерінің цианозы. ауыз қуысының Шырышты қабығын қарау: Сәл ылғал, бозғылт боял-ған. Басым көпшілігінде жа-рақат болуы мүмкін жер-лерде (тістердің үшкір шет-тері және т.б.) сұр түсті нек-роздық өңезі бар бір неме-се бірнеше жара. Жаралар жарақатқа ұшырамайтын шырышты қабық бөлікте-рінде де анықталуы мүмкін. Трофикалық жараның кон-турлары анық емес, күрт ауырады (6-1-сурет). Қор-шаған шырышты қабық ги-перемия және инфильтра-ция белгілерінсіз (ареактив-ті қабыну). Өзгерістер жа-қын тіндерге таралуы мүм-кін (жақтың тесілуі, қан ке-ту, остеомиелит және т.б.) Қосымша зерттеулер цитологиялық зерттеу: Эрозия немесе жара түбінен алынған қырынды. Трофикалық жараны ұзақ және сәтсіз емдеу кезін-дегі микроскоп-тық зерттеу. Биопсия материалдары. Патоморфологиялық зертхана. АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ОЙЫҚ ЖАРАЛЫ-НЕКРОЗДЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ЖӘНЕ ТРОФИКАЛЫҚ ЖАРАНЫҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ. Жарақатты эрозия,ойық жара: Жарақаттаушы фактор (тіс жегілі тістің үшкір шеті, протездер және т.б.). Жарақат (эрозия) орналасуы-ның жарақаттаушы факторға сәй-кестігі. Жеке зақымдалу элементі. Шеттері бұзылған жара, қоршаған шырышты қабық гиперемиясы. Жа-рақаттаушы факторды жойған соң және антисептикалық және эпите-лийлендіруші құралдарды жергі-лікті қолданған соң салыстырмалы жылдам жазылады. Туберкулез ойық жарасы: Шеттері тегіс емес, күрт ауыратын жара, түбі түйіршікті, көп жағдайда түбінде және жараның айналасында сары нүктелер – Трель түйіршікте-рі. Анамнезде өкпе туберкулезі. Ци-тологиялық зерттеу кезінде Ланг-ханс жасушалары, туберкулез ми-кобактериялары байқалуы мүмкін. Ойық жаралы-некроздалған Венсан стоматиті: Басым көпшілігінде жас тұлғалар ауырады. Алдында ЖРВИ, ангина немесе басқа инфекциялық аурулар, жүйке күйзелісі болады. Дене температурасы 37-38 0С, әлсіздік, беттің түсі топырақ түстес, интоксикация құбылыстары айқындалған, Жара-лардың, эрозиялардың ретромоляр-лық аймақта және шеттік қызыл иекте орналасуы. Жаралар төңіре-гіндегі шырышты қабық қызарған, жүрек-қан тамыры патологиясы айқындалмайды. Эрозия, жара түбінен материалды бактериоско-пиялық зерттегенде фузобактерия-лар мен спирохет басым болады. Цитологиялық көрініс арнайы емес қабынуға сәйкес келеді: ыдырау сатысындағы нейтрофилдер, фаго-циттеуші нейтрофилдер, жеке лим-фоциттер, өзгеріссіз эритроциттер басым болады. ЖҮРЕК-ҚАН ТАМЫРЫ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІН ЕМДЕУ Ауыз қуысы шырышты қабығының және тілдің зақымдалуын емдеудің негізгі принциптері:· кардиологтан (терапевттен) кеңес алу және емделу;· клиника-морфологиялық көріністерге байланысты жергілікті әсерлер (ісік, эрозия, жара және т.б.), кардиологтан кеңес алған соң: -ауыз қуысын сауықтандыру;
кәсіптік гигиена және ауыздың жеке гигиенасын түзету;
тіс жегісін және оның асқынуларын емдеу;
протездер жасау;
пародонтологиялық емдеу.
ГИПО ЖӘНЕ АВИТАМИНОЗДАР КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ. В2 ГИПОВИТАМИНОЗЫ КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫНЫҢ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ: бастан кешірген және ілеспелі аурулар: Қышқыл түзу функциясы төмен гастриттер (әсіресе ахилия); асқазан және он екі елі ішек жарасы ауруы; гельминтоздар; тиімсіз тамақтану. Қарау сыртқы қарау: Еріннің қызыл жиегінің құрғауы, қабыршақтануы, қызаруы; вертикалды және комиссуралды сызаттар. Те-рінің қабыршақтануы, мұ-рын қанатындағы, мұрын-ерін қатпарларындағы себо-реялық қабыршақтар. Көз-дің жасаурауы, васкулярлы кератит, ирит; кейде мөлдір қабықтың қарауытуы. ауыз қуысының шырышты қабығын қарау: Тіл бүртіктерінің атрофия-сы; гиперемия, афталар. Қосымша зерттеу әдістері: Несеп пен қанды рибофла-винге зерттеу. Емі рибофла-вин ішке 0,01гр 3рет.1-1,5 ай қабылдау. В12 ГИПОВИТАМИНОЗЫ: Бастан кешірген және ілеспелі аурулар: Әйелдердің созылмалы қан жоғалтуы; Аддисон-Бирмер анемиясы (В12 витамині – тапшы анемия), анацидті гастрит. Қарау сыртқы қарау: Тері жамылғыларының боз-ғылттығы. ауыз қуысының шырышты қабығын қарау: Ашық қызыл түсті тегіс («жылтыратылған») құрғақ тіл – Меллер-Гунтер глос-ситі. Ауыз қуысының шы-рышты қабығы құрғақ, жақ-тың және ауыз қуысының басқа бөліктерінің шы-рышты қабығындағы ашық қызыл түсті дақтар мен жолақтар. Қосымша зерттеу әдістеріклиникалық және биохимиялық қан анализі: Эритроциттер санының азаюы және гемоглобин деңгейінің төмендеуі. Түс көрсеткіші бірден артық, гиперхромды анемия. Мега-лоциттер пайда болады, лейкоциттер саны азаяды
ҚАН ЖӘНЕ ҚАН ЖАСАЙТЫН МҮШЕЛЕР АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ: ЖЕДЕЛ ЛЕЙКОЗ КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ: Қарау сыртқы қарау: Тері жамылғыларының боз-ғылттығы. Лимфа түйінде-рінің, бауырдың, көк бауыр-дың, бадамшалардың ауыр-сынбай ұлғаюы. ауыз қуысын қарау: Ойық жаралы-некроздық гингивостоматит; гиперплазия және қызыл иектің күрт қанағыштығы; тістердің түйіскен сызығында жақтың шырышты қабығындағы ұсақ нүктелі қан құйылу. Қосымша зерттеу әдістері күшейтілген клини-калық қан анализі: Лейкоциттер санының ұл-ғаюы, жас түрлерінің көптігі. СОЗЫЛМАЛЫ ЛЕЙКОЗ КЕЗІНДЕГІ АУЫЗ ҚУЫСЫ ШЫРЫШТЫ ҚАБЫҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРІНІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. 40 жастан асқан адамдар, ерлер 2 есе жиі ауырады. Ұзақ латентті кезең, ауру баяу дамиды. Қарау сыртқы қарау: Бозғылттық, ауыздың шы-рышты қабығындағы гемор-рагиялық бөртпелер, қызыл иектің қанағыштығы, нау-қастардың 1/3-дегі эрозия-жаралық зақымдалу, ауыз қуысы шырышты қабығы-ның ойық жаралы-некроздық өзгерістері сирек болады. Қосымша зерттеу әдістері күшейтілген клини-калық қан анализі. Аурудың бастапқы сатыла-рында елеусіз лейкоцитоз, базофилдер санының ұл-ғаюы. Сонан соң лейкоцит-тер саны күрт көбейеді, анемия үдейді. Қан ауруымен ауыратын науқастарды ЕМДЕУ гематологтың құзыретіне кіреді. Стоматологиялық араласуды сәйкес дайындықтан кейін стационар жағдайларында гематологтың жазбаша рұқсатымен жүргізеді. Жергілікті емдеуге ауыз қуысын антисептикалық өңдеу, жансыздандыру, жазылуды ынталандыратын препараттарды қолдану кіреді.
Глоссалгия немесе глоссодиния, тіл парестезиясы, глоссопироз - күйдіргіш сезіммен, покалывания сезімдермен мінезделетін тіл ауруы. Кейде осындай сезімдер тілге қарағанда сирек кездеседі, ерінде және қатты таңдайда немесе ауыз қуысының бүкіл кілегей қабығында, бүндай кезде оны стоматология деп атайды. Көбінесе 40 жуық әйелдер зақымданады, ер адамдар оларға қарағанда 5-6 есе сирек кездеседі. Қазіргі кезде глоссолгияны копэтиологиялық ауру деп есептейді. Патогенез кезінде волтативті нерв жүйесінің патологиясы айқын роль алады. Одан басқа глоссолгия асқазан ішек және бауыр аурулары кезінде, тамырлардың зақымдануы және орталық немесе перидгефиялық нерв жүйесі зақымдануы кезінде эндокринді бүзылыстар кезінде жиі кездеседі.
Қазіргі кезде глоссолгияны жалпы аурулардың (жиі нерв жүйесінің) белгілерінің бірі болып саналады. Науқастардың шағымы: тұрақты немесе кезекті тілде күбіктендіргіш сезім, шымшу сезімі, сөйлегеннен кейін аршау сезімінің пайда болуын, оған қарағанда тілде ауырсыну сезімі мен парестезиялар сирек кездеседі. 30% жағдайда науқастар ауыз куысының қүрғақ болуына шағымданады. Біртүрлі сезімдер сөйлеген соң, кешке және волнениядан кейін үдей түседі. Көбінесе бүл сезім тіл үшы мен бүйір бетінде орналасады, арқасы мен түбірде сирек кездеседі. Глоссолгия кезінде кілегей қабығында объективті өзгерістер жоқ немесе аз болады. Зақымдану аймақтың сезімталдығы төмендейді, сирек кезде жоғарылайды. Сілекей бөлінуі төмендейді. Емдеуі: Емдеу кезінде себепші факторды есепке алады. Оған ауыз қуысының санациясы, этиологияның, патогенетиканың және симптоматиканың терапия жүргізіледі. Ішке бром препараттарын, кіші транквелизаторларды, В тобының витаминдері (В1, В6, В12, РР) инъекция түрінде қабылдайды. Тіл нервісінің тримеканды блокадалар тағайындалады немесе сол аймаққа 1% бромид ертіндісін 1 не 1% тримеканымен жасайды. Жақсы нәтиже темір препаттардан болады. Физио емдеу: гальванизация СаСІ мен электрофарез тағайындайды.
ДЕСКВАМАТИВТІ ГЛОССИТ. бастан кешірген және ілеспелі аурулар: Көбінесе әйелдерде
Басым көпшілігінде бала-лық шақта, бірақ кейде үлкендерде де айқындалады Асқазан-ішек жолының аурулары Балаларда кездесетін экссу-дативті диатез
Эндокринді бұзылулар, же-дел инфекциялық аурулар, коллагеноздар, қан жасай-тын және нерв жүйелерінің аурулары. В1, В3, В5 гиповитаминоз-дары.Қатпарлы тіл. Қарау сыртқы қарау: Ерекшеліктерсіз. жергілікті лимфа түйіндері: Өзгермеген. Ауыз қуысын қарау ауыздың шырыш-ты қабығын қарау: Ауыз қуысының шырышты қабығы бозғылт-қызғылт түсті, аздап ылғалданған. тілді қарау: Ауыз қуысының шырышты қабығы бозғылт-қызғылт түсті, аздап ылғалданған Тілдің арқасында және бүйірлік беттерінде бір-бірі-нен және қоршаған шы-рышты қабаттан ақшыл түс-ті білікшелермен шектел-ген әр түрлі пішінді және көлемді қызылдау түсті дақ-тар. Зақымдалу бөліклері тіл бойымен жылжып, піші-нін, өлшемдерін және ор-нын біртіндеп өзгертеді. Бір-бірімен түйісіп, олар тілде географиялық карта-ны еске салатын кескіндері дұрыс емес сурет құрайды. Оған дейін десквамация-ланған аймақтар жіп тәрізді бүртіктермен қайта жабыла-ды. Зақымдалу ошақтары ешқашан ойылмайды. Қосымша зерттеу әдістері бактериоскопия-лық зерттеу: Тілдің арқасынан алынған өңездің қырындысы. ДЕСКВАМАТИВТІ ГЛОССИТТІ ЕМДЕУ: Ауыз қуысын сауықтандыру. Ауыз қуысы гигиенасын түзету, тіс шөгінділерін жою, тіс жегісін және оның асқы-нуларын емдеу. Шағымдар болмағанда жергілікті емдеу жүргізілмейді ауырғанда және ашығанда: антисептикалық препараттар: 0,06% хлоргексидин ерітіндісі, корсадил. 7-10 күн бойы күніне 2 рет ауызды шаю. Кератопласти-калық заттар: А витаминінің майлы ерітіндісі, 1-1,5 ай бойы күніне 2-3 рет аппликация-лар. Жалпы емдеу
витаминді терапия: В5 витамині (кальций пантотенаты). 3-4 апта бойы күніне 3 рет 0,1-0,2 грамнан. Сенсибилизацияны азайтатын терапия: Тавегил 0,001 г, 10-12 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан. Канцерофобия болғандағы сенді-ретін терапия жә-не психотерапия: Стоматолог, психотерапевт.
РОМБ ТӘРІЗДІ ГЛОССИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. бастан кешірген және ілеспелі аурулар: Ювенилді қант диабеті. Ауыздың шырышты қабығыныңкандидозы.Қайталанатын герпес .Көптеген жағдайларда көбінесе 30-50 жастағы еркектерде кездеседі.Шылым шегу, алькогольді шамадан тыс қолдану. Қарау сыртқы қарау: Ерекшеліктерсіз немесе біршама үлкейген және көгерген мұрын, көздің ас-тындағы қапшықтар, теле-ангиэктазиямен бірге жақ-тардың іркіліп қызарған терісі. Ауыз қуысын қарау ауыздың шырышты қабығын қарау: Ауыз қуысының шырышты қабығы бозғылт-қызғылт түсті, аздап дымқылданған. тілді қарау: Тілдің ортаңғы сызығы бойында науа тәрізді бүр-тіктердің алдында бетінде бүртіктері жоқ, өлшемі 0,5-2,5 см ромб тәрізді, сопақ немесе дөңгелек пішінді шырышты қабығының тығыздалған бөлігі орналасады. Жалпақ түрі: Зақымдалу ошағы тегіс, жылтыр, қызыл түсті, кейде көгерген реңкті, үстінде шығып тұрмайды. Саусақпен басқанда тығыз, ауырмайды. Төмпешікті түрі: Зақымдалу бөлігі жақсы айқындалған қызыл түсті көтеріліп тұрған төмпе-шіктерден тұрады. Жамыл-ғылы эпителийдің мүйіз-гектенуі жиі байқалады, сонда бұл бөлік күйіп қалады. Бөлік пішінін сақтап, өмір бойы үлкеймейді. Папилломатозды түрі: Тілдің арқасында едәуір шығып тұратын папилло-матозды өсінділер. Олар-дың кең негізі, жалпайған төбелері, ақшыл-қызғылт түсі бар. Қосымша зерттеу әдістері бактериоскопиялық зерттеу: Тілдің арқасында зақым-далу ошағының бетінен алынған қырынды: мол мицелийді және Candida саңырауқұлағы бластоспо-раларының бүршіктелетін түрлері байқалған. Ауыз қуысының кәдімгі микро-флорасы болуы мүмкін. РОМБ ТӘРІЗДІ ГЛОССИТТІ ЕМДЕУ.Шағымдар болмаған кезде арнайы емдеу талап етілмейді (диспансерлік бақылау қажет). Ауыз қуысын сауықтандыру. Ауыз қуысы ги-гиенасын түзету, тіс шөгінділерін жою, тіс жегісін және оның асқы-нуларын емдеу. Жалпы емдеу Саңырауқұлаққа қарсы препарат-тар (тілдің арқа-сынан алынған қырындыда көп Candida саңырау-құлағы байқалған жағдайда): Нистатин 500 000 БІРЛ, 14-18 күн бойы ішке қабылдау, тәуліктік доза 6-8 млн БІРЛ. Хирургиялық емдеу: Төмпешікті және папилломатозды түрлер кезінде кейіннен биопсия болатын зақымдалу бөлігі шегінде тінді кесіп алып тастау Криодеструкция: Зақымдалу ошақта-рына сұйық азот ағысымен әсер ету.
ҚАРА «ТҮКТІ» ТІЛДІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. бастан кешірген және ілеспелі аурулар: Көбінесе еркектерде кездеседі. Инфекциялық аурулар.Колит және гиперацидті гастрит.Гипо- және арибофлавиноз. Кандидозды глоссит. Алькоголь мен темекіні шамадан тыс қолдану. Қарау сыртқы қарау: Ерекшеліктерсіз немесе біршама үлкейген және көгерген мұрын, көздің астындағы қапшықтар, телеангиэктазиямен бірге жақтардың іркіліп қызар-ған терісі. Ауыз қуысын қарау ауыздың шырышты қабығын қарау: Зақымдалу ошағы басым көпшілігінде тіл арқасы-ның артқы және ортаңғы үштен бірінде орналасады және сопақ немесе үшбұ-рыш пішінді болады. Бүртіктер 3 см ұзындыққа және 2 мм диаметрге жетіп, мүйізгектенген жасуша-лардың сыдырылуынын болмауынан ұзарады, қалыңдайды. Бүртіктердің түсі сары түстен қара-қоңыр және қара түске дейін болады, олар түктер-ді еске салады. Бүртіктер-дің негізі аса тығыз және ұштарына қарағанда аз пигменттелген. Бүртіктер алдынан артына қарай бағытта орналасады, о333лар қарама-қарсы жаққа қарай сипағанда сәл көтеріледі. Қосымша зерттеу әдістері бактериоскопиялық зерттеу: Тілдің арқасынан алынған қырынды: мицелийдің жә-не Candida саңырауқұлағы бластоспораларының бүршіктелетін түрлерінің байқалуы, ауыз қуысының кәдімгі микрофлорасы. ҚАРА «ТҮКТІ» ТІЛДІ ЕМДЕУ Әдетте ауруды арнайы емдеуді жүргізбейді. Кандидозбен асқынған тұрақты ауру кезінде, сондай-ақ жіп тәрізді бүртіктер шамадан тыс үлкейгенде төменде көрсетілген емдеуді жүргізеді. Ауыз қуысын сауықтандыру. Ауыз қуысы ги-гиенасын түзету, тіс шөгінділерін жою, тіс жегісін және оның асқы-нуларын емдеу, рационалды протездеу. Жергілікті емдеу антисептикалық препараттар: 0,06% хлоргексидин ерітіндісі, корсадил. 7-10 күн бойы күніне 2 рет ауызды шаю. кератолитикалық заттар: 5-10% салицил спир-тінің ерітіндісі, 5% резорцин ерітіндісі. Күніне 2-3 рет тіл-дің арқасына жағу. тіндік алмасуға әсер ететін заттар: Новокаин қосылған 0,25% кальций хлори-ді ерітіндісі. Ісікке қарсы емдеу: Третиноин.
Зақымдалу бөлік-леріне аппликация-лар жасау. Криодеструкция: Сұйық азот (төмен температуралар әсері). Зақымдалу ошақта-рына сұйық азот ағысымен әсер ету. Жалпы емдеу сенсибилизацияны азайтатын препараттар: Тавегил 0,001 г, 10-12 күн бойы күніне 2 рет 1 таблеткадан. Витаминді терапия: А, Е витаминдерінің майлы ерітіндісі. 1-1,5 ай бойы күніне 3 рет 8-10 тамшы-дан ішке қабылдау. Саңырауқұлаққа қарсы препарат-тар (тілдің арқа-сынан алынған қырындыда Candida саңырау-құлағы көп болғанда): Нистатин 500 000 БІРЛ, 14-18 күн бойы тәуліктік доза 6-8 млн БІРЛ
Эксфолиативті хейлит – еріннің тек қызыл жиегінің ғана қабыршақтанумен жалғасатын созылмалы ауруы. ЭКСФОЛИАТИВТІ ХЕЙЛИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. бастан кешірген және ілеспелі аурулар: 3 жастан 70 жасқа дейінгі, негізінде 20-40 жастағы әйелдер жиі ауырады. Жас-өспірімдерде невротизация жиі пайда болады. Науқас-тардың 25%-ның еріндерін-дегі герпестік инфекцияның көріністері эксфолиативті хейлит үшін рұқсат етуші фактор болып табылады. Науқастардың көп бөлігін-інде – үрейлі-депрессиялық синдромдар, барлығында зиянды әдеттер (шылым шегу, ернін жалау, тістеу) байқалады. Қарау сыртқы қарау: Көбінесе төменгі ерінде (жоғарғы ерінде сирек) қы-зыл жиекке тығыз бекітіл-ген және шеттерінде бірша-ма қалып қоятын сұр неме-се сұршыл-қоңыр түсті көп-теген қабыршақтар. Қабыр-шақтар қиын алынады, бұл ретте ашық қызыл түсті беті жалаңаштанады, қабыршақ-тар орнында эрозиялар жоқ. Процесс ешқашан қызыл жиектен периоралды аймақ терісіне және ауыз бұрыш-тарына ауыспайды. шырышты қабықты қарау: Клейн сызығы аймағында еріннің шырышты қабығы кейде сәл қызарып тұрады. Қосымша зерттеу әдістері лазерлік допплер-лік флуометрия: Төменгі және жоғарғы ерін-дегі және комиссуралар аймағындағы тін көлемі бірлігінде қан микроцирку-ляциясын зерттеу. арнайы психоло-гиялық тестілеу: Көптеген науқастерде ай-қын астениялық бұзылу, қатты ашушаңдық, үрейлі қатар бұзылыстарына, фо-бияларға бейімділік, ұйқы-ның бұзылуы байқалады. ЭКСФОЛИАТИВТІ ХЕЙЛИТТІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ. Эксфолиативті хейлиттің экссудативті түрі: Экссудативті түрі орта және егде жастағы науқастерде кездеседі. Айқын косметикалық жетіспеуші-лік, еріннің үнемі, айтарлықтай қатты аурушаңдығы. Ауру өздігі-нен жазылуға немесе спонтанды ремиссияларға бейімді емес. Ерін-нің қызыл жиегінде үнемі қабықтар түзілетін қабыну реакциясы. Ерін-нің түйісетін сызығы бойында әрқашан дерлік экссудат болады, бұл тамақ ішуді және сөйлеуді қиындатады, сондықтан науқастар-дың аузы әрқашан сәл ашық болады. Атопиялық хейлит: Атопиялық хейлит 7 жастан 17 жасқа дейінгі ұл және қыз балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі, атопиялық дерматиттің немесе диффузды нейродермиттің симпто-мы болып табылады. Әрқашан тағам өнімдеріне, медикаменттерге, микроорганизмдерге, косметика-лық заттарға және т.б. аллергия айқындалады. Атопиялық хейлит еріннің қызыл жиегін және міндетті түрде периоралды аймақ терісін (эритема), және де ауыз бұрыштары аймағында аса қарқынды зақым-дайды. Тері мен ерін лихенизациясы. ЭКСФОЛИАТИВТІ ХЕЙЛИТТІ ЕМДЕУ. Ауыз қуысының рационалды гигиенасына үйрету: Тіс өңезінің индика-торлары, тіс щеткасы, сықпасы. Тіс шөгінділерін жою. Тіс жегілі тістерді емдеу. Протездердің үшкір шеттерін, төмпешіктерін ажарлау, түзету, бүлінген тістерді жұлу. Ортопедиялық емдеу. Жалпы емдеу организмнің им-мундық төзімді-лігін арттыру. Компливит, центрум, витрум поливитамин-дері, құрамында мін-детті түрде бүкіл В тобының А, Е вита-миндері бар супрадин. Препараттарды жеке сұлба бойын-ша қабылдау. депрессиялық реакцияларды, невроздық күйлер-ді болдырмау, психоэмоциялық сфераны түзету: Тыныштандыратын заттар (бромидтер, валериана тамыры, сасық шөп препарат-тары). Күніне 3 рет 20 тамшыдан. Жергілікті емдеу
глюкокортико-стероидты жақпалар: Лоринден-С, целестодерм. Күніне 2 рет тамақ-тан кейін қызыл жиекке жұқалап сің-діріп жағу;
курс 7-10 күн. Протеолитикалық ферменттер: 0,1% протеолитика-лық фермент (трип-син, химотрипсин) ерітіндісі. Фермент ерітінді-сіне батырылған салфеткамен 20 минут аппликация. Күрделі жақпа: Rp.: Sol. Retinoli ace-tatis oleosae – 1,0
Sol. Tokopheroli
oleosae – 1,0
Thiamini bromidi - 0,2
Insulini acropidi – 3,0
Ung. Celestodermi – 30,0
Ung. Solcoseryli – 20,0
M.f. unguentum. Еріннің қызыл жиегіне 20 минут аппликация. Блокаданың алдында аппликациялық жансыздандыру: 10% лидокаин ерітін-дісі, Ине салған орынға 5 минут бойы
Аппликация. Ерін блокадасы: 1% жылы лидокаин ерітіндісі, инесі жіңішке екі грамдық шприц . 1% лидокаин ерітін-дісін субэпителийлі кеңістікке және зақымдалған ерін стромасына егу.
Гландулярлы хейлит – ұсақ сілекей бездерінің қабынуы, төменгі ерін аномалиясы салдарынан дамиды.Жай және іріңді гландулярлы хейлитті ажыратады. Жай гландулярлы хейлит біріншілік және екіншілік болуы мүмкін. Жай біріншілік гландулярлы хейлит әдетте шағымдар тудырмайды. Екіншілік жай гландулярлы хейлит сілекей бездерінің туа біткен гиперплазиясы болмағанда еріннің әр түрлі аурулары (жалпақ теміреткі, лейкоплакия) фонында екінші рет пайда болады. ГЛАНДУЛЯРЛЫ ХЕЙЛИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. Қарау сыртқы қарау: Жай гландулярлы хейлит кезінде еріннің көрінерлік өзгерістері жоқ. ауыз қуысының шырышты қабығын қарау: Жай біріншілік гландуляр-лы хейлит кезінде Клейн аймағында және (сирек) оған іргелес қызыл жиекте сілекей бездерінің кеңейген шығатын жолдары көрінеді Саусақпен басқанда сілекей – «шық симптомы» бөлініп, тығыз бұршақтар түрінде тінінің көлемі мен салмағы ұлғайған ұсақ сілекей бездері анықталады Екіншілік жай гландулярлы хейлит кезінде жалпақ темі-реткі немесе лейкоплакия элементтері анықталады. Ұсақ сілекей бездерінің сағалары ерін эпителийінің гиперкератозы процестері-нің нәтижесінде кеңейген. Эпителийдің қабыну құбы-лыстары. Қосымша зерттеу әдістері: Биоптатты зерттегенде кеңейген кристалы жолдары бар тінінің көлемі мен сал-мағы күрт ұлғайған бездер және стромада қабыну инфильтраты байқалады. ГЛАНДУЛЯРЛЫ ХЕЙЛИТТІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ. Жай біріншілік гландулярлы хейлит. Клиникалық белгілері сәл ғана білінеді. Шағымдар жоқ. Жай екіншілік гландулярлы хейлит: Сілекей бездерінің туа біткен гиперплазиясынсыз гландулярлы хейлиттің ағымын тереңдететін төменгі еріннің шырышты қабығы-ның біріншілік ауруы. Іріңді гландуляр-лы хейлит. Жалпы жағдайы бұзылған, төменгі еріннің аурушаңдығы және ісінген-дігі, жолдардан іріңді экссудаттың бөлінуі. ГЛАНДУЛЯРЛЫ ХЕЙЛИТТІ ЕМДЕУ. Ауыз қуысының рационалды гигиенасына үйрету. Тіс шөгінділерін жою. Тіс жегілі тістерді емдеу. Протездердің үшкір шеттерін, төмпешіктерін ажарлау, түзету, бүлінген тістерді жұлу. Ортопедиялық емдеу.
Атопиялық хейлит – атопиялық нейродермит симптомдарының бірі және көп жағдайда атопияның жалғыз көрінісі болады. Атопиялық хейлит 7 жастан 19 жасқа дейінгі ұл және қыз балалар мен жасөспірімдерде жиі кездеседі. Аурудың пайда болуында атопиялық аллергияға бейімділік тудыратын генетикалық факторларға күмәнсіз роль атқарады. Аллергендер тағам өнімдері, медикаменттер, гүлдің аталығы, микроорганизмдер болуы мүмкін. Орталық және вегетативті нерв жүйесі қызметінің бұзылуы атопиялық аллергияның клиникалық іске асырылуына мүмкіндік туғызады. АТОПИЯЛЫҚ ХЕЙЛИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. Қарау сыртқы қарау: Егер атопиялық хейлит дерматитпен үйлессе, онда беттің терісі құрғақ, жақтар, шынтақ иіні және тақым-дық ойыстар терісінде бөртпелер
Еріннің шамалы ісінгендігі және құрғақтығы, еріннің қызыл жиегін қоршаған қызғылт эритема, қызыл жиек инфильтрацияланған, ұсақ қабыршықтармен қа-быршақтанады, оның бүкіл беті жіңішке радиалды жүл-гешелермен кесілген тәрізді Ауыз бұрыштарында тері лихенизацияға, гиперемия-ға, кейде пигментацияға ұшыраған, ұсақ сызаттар бар . ауыз қуысының шырышты қабығын қарау: Еріннің шырышты қабығы бозғылт-қызғылт түсті, жет-кілікті ылғалданған, патоло-гиялық элементтері жоқ . Қосымша зерттеу әдістері аллергологиялық сынамалар: Көптік аллергендерді қол-данып, арнайыландырылған зертханаларда жүргізеді. лазерлік допплер-лік флуометрия: Зақымдалған орындардағы микроциркуляцияны анықтау. АТОПИЯЛЫҚ ХЕЙЛИТТІҢ ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ДИАГНОСТИКАСы. Эксфолиативті хейлит: Эксфолиативті хейлит кезінде әрқа-шан еріннің қызыл жиегінің тек бір бөлігі зақымдалады. Процесс ешқа-шан қоршаған теріге және ауыз бұрыштарына ауыспайды. Ауру бір қалыпты, ремиссияларсыз өтеді. Актиниялық хейлит: Актиниялық хейлитке шалдыққан науқастарда анамнезде асқынудың инсоляцияға тәуелділігі анық бай-қалады; ауыз бұрыштары зақым-далмайды. Көбінесе 20-дан 60 жасқа дейінгі еркектер ауырады. Төменгі ерін зақымдалады. Күннің көзінде болған соң төменгі еріннің бүкіл қызыл жиегі ашық қызыл түсті болады, ұсақ қабыршақтармен жабылады. Бірқатар авторлар актиниялық хейлитті факультативті рак алды ауруы деп есептейді. Аллергиялық жанасулық хейлит: Ерін қабынуының аллергенмен: ерін далабымен, ауызда қарындаш-ты ұстау, газ тұтқыштың резеңке шлангының, үрлемелі аспаптар мүштігінің орнымен, тіс сықпалары-ның нақты түрлерін, пластмассадан жасалған жаңа тіс протездерін қолданумен нақты байланысы. АТОПИЯЛЫҚ ХЕЙЛИТТІ ЕМДЕУ. Айқындалған аллергендерді (көбінесе тағамдық) жою. Диета : Ащы, тұзды, татымды тамақты, алкогольді жоққа шығару, көмірсу-ларды шектеу. Сенсибилизация-ны азайтатын ерекше емес терапия: Супрастин 25 мг
Таблетка. Күніне 3 рет тамақ ішкен кезде 1 таблеткадан. Витаминді кешендер: Компливит. Күніне 3 рет 1 драже. Күніне 3 рет 1 драже. Тіс шөгінділерін жою. Тіс жегілі тістерді емдеу. Протездердің үшкір шеттерін, төмпешіктерін ажарлау, түзету, бүлінген тістерді жұлу. Ортопедиялық емдеу. Глюкокортико-стероидты жақпалар: Лоринден-С. Еріннің қызыл жие-гінің және қоршаған терінің зақымдалған бөліктеріне күніне 3-4 рет жұқалап сіңдіріп жағу. Протеолитикалық ферменттер: 0,1% трипсин, химо-трипсин, химопсин ерітіндісі. Еріннің бүкіл қызыл жиегіне және перио-ралды аймақ терісі-не жұқа полимер пленканың астына 20 минут апплика-ция. Антисептиктер: Сутегі тотығының 1% жылы ерітіндісі. Сутегі тотығы ері-тіндісіне батырыл-ған тампонмен қы-зыл жиектің, ауыз бұрыштарының жә-не терінің зақым-далған бөліктерін тазалайды. Күрделі жақпа: Rp.: Sol. Retinoli ace-tatis oleosae – 1,0
Sol. Tokopheroli
oleosae – 1,0
Thiamini bromidi - 0,2
Insulini acropidi – 3,0
Ung. Celestodermi – 30,0
Ung. Solcoseryli – 20,0
M.f. unguentum. Еріннің қызыл жие-гіне, ауыз бұрышта-рының және перио-ралды аймақ терісі-не жұқа полимер пленканың астына 20 минут апплика-ция. Блокаданың алдында аппликациялық жансыздандыру: 10% лидокаин ерітін-дісі, Ине салған орынға 5 минут бойы Аппликация. Блокаданың алдындағы премедикация: Аподиазепам 50 кг дене массасына 5 мг. Тіл астына. Комиссуралар және басқа зақым-далу бөліктерінің блокадасы: 1% жылы лидокаин ерітіндісі, инесі жіңішке екі грамдық шприц (инсулиндік). 2 мл 1% лидокаин ерітіндісін комиссу-раларға және ерін мен периоралды аймақ терісінің бас-қа зақымдалған бөліктеріне егу.
Экзематозды хейлит – еріннің қызыл жиегінің және терісінің созылмалы аллергиялық ауруы, оқшауланған зақымдалу түрінде, сондай-ақ тері экземасының симптомы ретінде байқалады. ЭКЗЕМАТОЗДЫ ХЕЙЛИТТІҢ ДИАГНОСТИКАСЫ. Аурудың пайда болуы: Ауру өте жылдам, кейде бірнеше сағат ішінде пайда болуы мүмкін; шыдатпай-тын қышу, еріннің ісігі, көпіршіктер пайда болады. Жедел құбылыстар біртін-деп басылады, процесс кейіннен лап ететін созыл-малы ағымды иеленеді. Ауру жылдарға созылады. Аллергеннің әсері жойыл-маған, себебі көбінесе полиаллергия болады. Қарау сыртқы қарау аурудың жедел ағымы: Еріннің едәуір ісігі, көпір-шіктер, эрозиялар, қабыр-шақтар, қабықшалар. Жоғарғы және төменгі ерін, қызыл жиекке іргелес тері, ауыз бұрыштары да бір мезгілде зақымдалады. аурудың созыл-малы ағымы: Ауыз айналасындағы тері тығызданады, ісік жоғала-ды, іркілген гиперемия сақ-талады, қабыршақтар, сызаттар, қанды қабықша-лар түзіледі, тері жарылады . ауыз қуысының шырышты қабығын қарау: Патологиялық өзгерістер жоқ. Әдетте дифференциалдық диагностиканы жанасулық аллергиялық хейлитпен және актиниялық хейлиттің экссудативті түрімен жүргізеді. ЕМДЕУ. Тері экземасын емдеу принципін пайдаланады. Экзематозды процесті тудырған аллергендерді айқындайды және жояды; тыныштандыратын препараттарды тағайындайды, сенсибилизацияны азайтатын ерекше емес терапияны жүргізеді. Экземаның ауыр түрлері болғанда глюкокортикостероидтарды ішке қабылдауды, сенсибилизацияны азайтатын диетаны тағайындайды. Экзематозды хейлит болғанда глюкокортикостероидты жақпаларды (лоринден-С және т.б.) жергілікті қолданады. Хейлиттерді жергілікті емдеуді гелий-неонды лазердің әсерімен үйлестіру жақсы нәтиже береді. Қазіргі уақытта экзематозды хейлитті емдеудің ең тиімді әдісі міндетті түрде премедикациядан және аппликациялық анестезиядан кейін еріннің қызыл жиегінің және периоралды терінің зақымдалған бөліктерінің астына 2% лидокаин ерітіндісімен (тамыр тарылтқышсыз) дипроспан суспензиясының 1 дозасын бір мәрте егу болып табылады.
