Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
travma_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
23 Кб
Скачать
☆

14. Қабырғалардың сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз. Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз.

Клиникасы: зақымдалған жақта ауырсыну, тыныс алғанда, жөтелгенде, күшенгенде ауырсыну күшейеді, зақымдалған жақта кеуденің экскурсиясы ауырсынуға байланысты шектелген, пальпация кезінде ауырсыну күшейеді, терезелі (жармалы) (бір қабырғаның екі жерден сынуы) сынықтар кезінде «қабырға қақпағы» пайда болады және кеуденің тынысқа дұрыс қатыспауы пайда болады (тынысты алған кезде кеуде кеңейеді «қабырға қақпағы» ішке түсіп кетеді, керісінше тыныс шығарған кезде «қабырға қақпағы» сыртқа томпайып шығады). Емі: асқынбаған сынықтарда: қабырға аралық новокаин блокадасы, тыныштық, тыныс алу гимнастикасы, физиотерапия. Оперативті емдеу әдістері асқынған сынықтар кезінде көрсетілген. Мүмкін болатын асқынулар: жүректің зақымдануы, ашық пневмоторакс, ұйыған гемоторакс, кернеулі қақпақшалы пневмоторакс, өкпенің зақымдануы, көкірек аралық мүшелерінің зақымдануы.

15. Плевральды пункция.

Плевральды пункция – бұл плевра қуысының пункциясы, яғни плевраның париетальды және висцеральды жапырақшаларының арасындағы қуыстың пункциясы.  Плевра қуысының пункциясына көрсеткіштер болып табылады: плевриттер, плевра ішілік қан кетулер, плевра эмпиемасы, гемоторакс, пневмоторакс, хилоторакс, ісінулер кезіндегі плевра қуысындағы транссудат. Плевральды пункцияны диагностикалық және емдік мақсатта жасайды. Пункцияны науқас отырған қалыпта жасайды. Плевра қуысына сұйықтық жиналғанда науқастың басы мен денесі алға еңкейген болу керек, ал пункция жасалатын жақта науқастың қолын жоғары және алдына қарай жіберу керек, себебі осы жағдайда қабырға аралықтар кеңейеді; науқастың басы мен қолын демеп тұрған жөн. Плевральды пункцияны 0,5% новокаин ерітіндісімен (10—15мл) жергілікті жансыздандырумен жасайды. Плевра қуысынан сұйықтықты алу үшін жетінші немесе сегізінші қабырға аралықта ортаңғы қолтық асты сызығы мен жауырын сызығының арасынан теседі; ауаны шығару үшін — ортаңғы бұғана сызығы бойынша екінші немесе үшінші қабырға аралықтан теседі. Тесетін жерді перкуссия, аускультация және рентгеноскопия арқылы нақтылайды. Кеудені төменгі қабырғаның жоғарғы шетімен теседі, себебі қабырғаның астымен өтетін тамырлар мен жүйкелер зақымдалмас үшін. Плевра қуысындағы сұйықтықты шприцпен, Жане шприцімен немесе әр түрлі арнайы аспаптармен шығарып алады. Плевра қуысынан көп көлемдегі сұйықтықты немесе ауаны тез шығаруға болмайды, себебі көкірек аралық мүшелері тез ығысып кетеді. Плевральды пункция кезінде мүмкін болатын асқынулар: өкпенің, көкеттің, бауырдың, көкбауырдың, асқазанның тесілуі, плевра ішіне қан кету, ми тамырларының ауалы эмболиясы.

16. Тоқпан жіліктің дистальды бөлімі сынықтарының жіктелуі.

Буын сыртылық (айдаршық үстілік) сынықтар: жазғыш және бүккіш сынықтар; буын ішілік сынықтар: сыртқы және ішкі айдаршықтың сынықтары; айдаршық аралық сынықтар: Т – және V – тәрізді сынықтар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]