- •Кәрі жіліктің тән жерден сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •Монтеджи шығып – сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •Тобықтардың сынуы: Жіктелуі. Дюпюитреннің пронациялық сынығы.
- •Жамбас сүйектері сынықтарының жіктелуі.
- •5. Өкше сүйегінің сынықтары.Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •6. Галеацци сынығы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.
- •7.Бел омыртқалары денелерінің компрессиялық сынығы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •10. Сирақтың диафизарлы сынықтары: Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •12. Пневмоторакс. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •14. Қабырғалардың сынуы. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз. Мүмкін болатын асқынуларды атаңыз.
- •16. Тоқпан жіліктің дистальды бөлімі сынықтарының жіктелуі.
- •17. Монтеджи шығып – сынуы.
- •18. Ортан жіліктің жарақаттық шығуы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •19. Бел омыртқалары денелерінің компрессиялық сынығы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
- •20. Жарақаттан кейінгі остеомиелит. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.
17. Монтеджи шығып – сынуы.
Монтеджи шығып – сынуы – бұл шынтақ сүйегінің ортаңғы және жоғарғы үштен бір бөлігі деңгейінде сынуы мен кәрі жілік басының шығуы. Қарағанда: шынтақ сүйегі жағында ойық, кәрі жілік жағында томпаю анықталады. Білек қысқарған. Пальпация кезінде шынтақ сүйегінің бүтіндігінің бұзылуы, сынық бөлшектерінің ығысуы және шыққан кәрі жіліктің басы анықталады. Пальпация кезінде ауырсыну күшейеді. Белсенді қозғалыстар мүмкін емес. Пассивті қозғалыс кезінде ауырсыну және серіппелі қарсылық белгісі анықталады. Диагностикасы: білезік буынын қамтумен 2 проекцияда рентгенография. Емі: репозиция. Репозиция жасалмаса, оперативті емге жүгінеді, шынтақ сүйегінің остеосинтезі. Репозиция немесе остеосинтезден кейін алақан қоспасы сүйектерінен иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне дейін гипстік байлам салады.
18. Ортан жіліктің жарақаттық шығуы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
Ажыратады: артқы және алдыңғы шығулар: артқы шығулар бөлінеді: артқы – жоғарғы, немесе мықындық, және артқы – төменгі, немесе отырықшылық, алдыңғы шығулар – алдыңғы – жоғарғы, немесе шат үстілік және алдыңғы – төменгі, немесе жапқыштық болады. Ауырсыну, зақымдалудан соң аяққа тұра алмау, аяқтың мәжбүрлі қалпы (шығу түріне байланысты), жамбас – сан буынында белсенді қозғалыстың болмауы, пассивті қозғалыс кезінде ауырсынудың күшеюі, серіппелі қарсылық симптомы тән. Үлкен ұршығы Розер – Нелатон сызығынан жоғары орналасқан. Алдыңғы шығуларға аяқтың ұзаруы, артқы шығуларға қысқаруы тән. Емі: адекватты ауырсынуды басу, шығуды Кохер немесе Джанелидзе әдісімен орнына салу. Кохер әдісі: науқас үстел үстінде немесе еденде жатады. Көмекші науқастың жамбасын екі қолымен мықын қырларынан ұстап бекітеді. Хирург науқастың аяғын тізе және жамбас – сан буындарынан тік бұрыш жасап бүгеді де, жоғары тігінен тартады және аяқты ішке қарай бұрады. Орнына түскен кезде сырт еткен дыбыс естіледі.
19. Бел омыртқалары денелерінің компрессиялық сынығы. Жіктелуі. Негізгі клиникалық белгілерін атаңыз. Диагностика әдістерін атаңыз. Негізгі емдеу принциптерін атаңыз.
Омыртқаның зақымдануы: тұрақсыз: омыртқалардың шығуы және сынып – шығуы, алдыңғы бөлімде омыртқа денесінің бойымен және одан көп деңгейде омыртқа денесінің сына тәрізді жаншылып сынуы, флексия – ротациялық сынық; омыртқа денелерінің тұрақты сынықтары – бұрышының үзілуі, омыртқа денесінің биіктігінің жартысынан төмен сына тәрізді жаншылуы, жарылып сынулар (омыртқаға бүгу және жазуыз осьтік жүктеме түсірген кезде пайда болады). Зақымдалған аймақта ауырсыну, сонымен қоса іштің ауруы және алдыңғы құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің қатаюы. Омыртқаға осьтік жүктеме түсірген кезде ауырсынудың күшеюі. Силин симптомы оң (науқас шалқасынан жатқанда жазылған күйде аяқтарын көтерген кезде сүйір өсінділерінің пальпациясы). Диагностикасы: 2 проекцияда рентгенография. Емі: корсет салумен бір мезетті репозиция немесе функциональды әдіс (қисайтылған щитте қолтық асты ойығынан бойлай тарту) немесе бірнеше мезетті репозиция әдісі (омыртқаны жазуды кезеңдік ұлғайту: реклинаторы бар төсекте немесе белінің астына жастықша салумен).
