Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОКОНЧ В ТИПОГРАФ ТГУ формат2 добавили введение.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  • Тұсау кесерге дайындалу тақырыбы: «Мемлекеттік және мемлекеттік билік: cинонимы не жоқ?»

    Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты әдебиеттерді оқу арқылы бастау керек. Тиісті назар аудару арқылы “мемлекеттік биліктін бірлігі” категориясын анықтау керек.

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1.Биліктің көлденең бөлінуі

    1. заңдық, атқарушылық және соттық

    2. мемлекеттік билік және жергілікті басқару

    3. орталық, аймақтық, жергілікті

    4. мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару

    5. барлық жауаптар дұрыс

    2.Сатылас билік калай бөлінеді

    1. заң шығарушы,атқарушы,сот билігі

    2. мемлекеттік билік,жергілікті билік

    3. орталық,аймақтық,жергілікті

    4. мемлекеттік билік,мелекеттік басқару

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    3.Биліктің қоғамдық элитаға жататын мемлекет қалай аталады

    1. аристократиялық

    2. демократиялық

    3. монархиялық

    4. охлократиялық

    5. барлық жауаптар дұрыс

    4.Жоғарғы билік мұрагер монарх арқылы берілетін мемлекеттің аталуы

    1. аристократтық

    2. демократиялық

    3. монархиялық

    4. охлократиялық

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    5.Жоғарғы билік халыққа, осы елдің барлық азаматына тиісті мемлекеттің аталуы

    1. аристократтық

    2. демократиялық

    3. монархиялық

    4. охлократиялық

    5. барлық жауаптар дұрыс

    6.Мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі субъектілердің деңгейі бойынша үкіметтік шешімдер бөлінеді

    1. орталық және жергілікті органдардың шешімі

    2. саяси және административтік, басқарушылық және бағынушылық, стратегиялық және тактикалық шешімдер

    3. жалпыжүйелік, жалпысаяси, макроэкономикалық, микроәлеуметтік

    4. шаруашылық экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік басқару мәселесі бойынша, мәдени мәселелер бойынша шешімдер

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    7.Өмір сүру ортасына қарай басқару шешімдері бөлінеді, яғни

    1. орталық және жергілікті органдар шешімі

    2. әкімшілік және саяси шешім, басқарушылық және орындаушылық, стратегиялық және тактикалық

    3. жалпысистемалық, жалпысаяси, макроэкономикалық, микроәлеуметтік шешімдер

    4. шаруашылық – экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік құрылыс және басқару проблемасына байланысты құрылыс мәдениетіне қатысты шешімдер

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    8.Жоғарғы мақсатқа және қарапайым тәжірибелік мақсатқа бөліну, классификациялық басқару шешімдеріне тән

    1. жалпы саясаттық құндылықтар дәрежесінде

    2. орталықтандыру дәрежесінде

    3. уақыттық параметрлер бойынша

    4. маңыздылығы бойынша

    5. барлық жауаптар дұрыс

    9.Жалпыхалықтық, ұлттық, кластық, топтық, ұжымдық, жеке классификацияға тән мақсаттағы басқару шешімдерінің бөлінуі

    1. жалпы саясаттық құндылықтар дәрежесінде

    2. орталықтандыру дәрежесінде

    3. маңыздылығы бойынша

    4. уақыттық параметрлер бойынша

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    5-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ – ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың мақсаттар «денін», олардың өсуін ескере отырып, оның үстіне мемлекеттік басқаруды жалпы және оның жеке бөліктеріне де қатысты қарастыру жалпы алғанда оңай шаруа емес. Сондықтан, бұл тақырыптың мақсаты – мақсаттар «денін» және мемлекеттік басқарудың ұстанымдарын, мемлекеттік басқару қағидасын жүйелендіру негіздерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару және қоғамдағы өзін – өзі басқару механизмдерінің дамуы туралы түсінікті қалыптастыру болмақ.

    Дәріс сабағының жоспары:

    1. Мақсаттар «дені» және мемлекеттік басқарудың ұстанымдары

    2. Мемлекеттік басқару қағидасын жүйелендіру негіздері

    3. Мемлекеттік басқару және қоғамдағы өзін-өзі басқару механизмдерінің дамуы

    Негізгі түсініктер: болжау, болжамдау, бағдарламалау, жоспарлау, жобалау, ұстаным (принцип), шынайылық ұстаным, құқықтық реттілік ұстанымы, заңдылық ұстанымы, билікті бөлісу ұстанымы, жариялылық ұстанымы, құрылымдық-мақсаттық ұстанымдары, міндеттерді саралау, функционалдық-құрылымдық ұстаным, жергілікті бірлестіктер Кеңесі, Жергілікті бірлестіктер Жамияты, Жетекші

    Тақырыптың мазмұны

    1.Әрбір процесс (әрекет) қандай да бір мақсаттарды ұсынудан басталады, олар қажеттіліктер мен қызығушылықтардан шығады және оларды қанағаттандыруға бағытталады. Мемлекеттік басқаруға мақсаттарды ұсыну, бір жағынан барлық қоғамға қатысты, екіншіден, мемлекеттік басшылықты тірек етсе - өте қиын процесс болады және ол:

    1. Қоғамдық негіздермен және мемлекеттік басқару мақсаттарын реттеумен

    2. Мақсаттылықтың субъективті жағымен, ол қозғаған мемлекеттік басқарудың қалыптасқан мақсаттарына қатысты оның анықтылығымен байланысты.

    Мақсаттарды негіздеуде шынайы қиындықтар кездеседі,оларды ешқашан айналып кете алмайсың. Өйткені болашақ әрқашанда белгісіз, анық болмайды. Оны тек өткен кезең ақпараттары арқылы анықтай аламыз. Болып кеткен жайлар тарих бетінде қалады, олар бізге белгілі, ал не боларын біз тек болжай аламыз, бірақ кейбір тұжырымдар мен заңдылықтар сараптамасы болашаққа енудің белгілі болжамдарын құрайды. Сонымен қатар, мемлекетке қатысты қоғам өмірін былай қойғанда болашаққа көз жүгіртпей жеке өмірді де құрай алмайсыз. Француз философы О.Канттың белгілі формуласы бойынша: болжау үшін білу, басқару үшін болжау керек. Болашаққа көз жүгіртпей, әрине, басқару туралы сөз қозғауға да болмайды.

    ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Н.Д.Кондратьев болжау мәселесін, оның өзінде бір-бірімен байланысты төмендегідей болжау мәселелерін қозғаған:

    а) бей-берекет жағдай көрінісі;

    б) адамдар жүзеге асырып жатқан әрекеттер мен шаралардың белгілі әсері;

    в) біздің жағдайға әсеріміздің мүмкіншіліктері;

    г) белгіленген әрекеттер мен шаралардың орындалысының өмірге әсерінің нәтижесін болжау.

    Сол кездің өзінде-ақ бұл жағдайлардың бір-бірімен байланысы жөнінде түсінік қалыптасқан, оларды бес «П» деп белгілеген: болжау, болжамдау, бағдарламалау, жоспарлау, жобалау. Бұл жайларға салынатын тыйымдар бәріне белгілі болатын, олардың зияткерлік бейнелеуінің қиындығын бәрі мойындайды, әсіресе тәжірибеде жүзеге асуын, бірақ бәрі де бұл жайларды мемлекеттік басқару процесстеріне, басқа да басқару түрлеріне енгізудің қажеттілігін нақты түсінеді. Басқарудың өзі қалыптасқан мақсаттар механизмін қажет етеді, оның ішінде жалпы болжамның ең нақтысын логикалық ұсыну (футурология) нақты болжауға (түрлі жоба мен нұсқада), одан заманауй математикалық және басқа да әдіс-тәсілдерді пайдаланып бағдарламалау, одан әрі жоспарлау – қажетті әрекеттерді таңдау, оны жүзеге асыру. АҚШ зерттеушілері атап өткендей, «жоспарлау – алдын ала не істеу, қашан және кім істейтіні жөнінде қабылданған шешім. Жоспарлау біздің қазіргі жағдайымыз бен біздің неге қол жеткізетініміздің арасындағы көпірді қалыптастырады. Сондықтан, жоспарлаудан бас тартуды білдіреді, яғни, басқарудың тікелей өзінен, ендеше бірінші орынға бейберекет механизмдер шығады, олардың соңы неге әкелері белгісіз.

    3. Мемлекеттік басқару мақсаттары иеархиясының әлеуметтік мәні зор. Экономикалық детерменизмнің, Маркстік тұжырымдаманың әсерінен бізде ұзақ мерзімде мемлекеттік басқаруда бірінші кезекте негізгі мақсаты болып экономикалық даму есептелетін. Бұл егер, шынымен экономиканың ресурстық базасын құраса және оның мәселелерін шешкен жағдайда ғана мүмкін болады. Экономика өз құндылығына айналса, «табиғат – қоғам – адам» жүйесін құртады, бұл көптеген елдерде болған мысалдардан, оның ішінде дамыған елдерден де көрінеді. Бүгінде қоғам үшін және мемлекеттік басқару үшін де, адамдар үшін де еркін де байсалды өмір сүру жағдайларын жақсарту, жеке тұлға, қоғам және мемлекет арасындағы бірегей қарым-қатынасты қалыптастыру ең бастысы болып табылады. Осыдан әрі мемлекеттік басқару мақсаттарының иерархиясы қоғам дамуының қажеттіліктері мен қызығушылықтары ұстанымына негізделеді. Шығуы мен мазмұнының шығу көзіне байланысты құлдырау (ең күрделісінен қарапайымына дейін және сонымен қатар дағдылы) және логикалық реттелген (алдыңғысы кейінгісінен басып озуы) мемлекеттік басқару мақсаттарының негізгі түрлері төмендегі құрылымды құрайды:

    - кешенді, біртұтас, теңестірілген және сапалы қоғам дамуын қамтитын қоғамдық-саяси;

    - әлеуметтік, қоғамдық-саяси мақсаттардың қоғамның әлеуметтік құрылымына әсерін көрсететін, оның элементтерімен қарым-қатынасын, адамдардың әлеуметтік өмірінің жайы мен деңгейін көрсететін;

    - рухани, бір аспектіде рухани (мәдени) құндылықтарды қабылдауды байланыстыратын, оларды қоғам басшылыққа алып отырады, сонымен қатар қоғамның рухани күшін қоғамдық саяси және әлеуметтік мақсаттарын жүзеге асыруға енгізу;

    - экономикалық, экономикалық қатынастар жүйесін бейнелейтін және бекітетін, қоғамдық-саяси және басқа мақсаттарды жүзеге асырудың материалдық негізін қамтамасыз ететін;

    - өндірістік, жоғарыда айтылған мақсаттарға сай және оларды жүзеге асыруға көмектесетін басқарылатын объектілердің белсенділігіне көмектесетін;

    - ұйымдастыру (ұйымдық), мемлекеттік басқарудың субъектісі мен объектісіндегі ұйымдастыру мәселелерін шешуге бағытталған – қажетті функционалдық және ұйымдастыру құрылымын құрастыру;

    4.Мемлекеттік басқарудың мақсаттар (діңгегін) «денін» құрастыру. Мемлекеттік басқарудың мақсаттар «денінің» ортаңғы анықтаушы діңгегі стратегиялық мақсаттар болып табылады, олар қоғамның сапасымен, оның сақталуымен және түрленуімен (өзгеруімен) байланысты. Бұл мақсаттарды мінезіне қарай Дж.К.Гэйбрейт сақтық және жағымды деп атайды. Стратегиялық мақсаттар шұғылға айналады, олар алдыңғы мақсаттарға жетудің ірі бөліктерін қамтиды, ал шұғылдары –тактикалыққа, олар күнделікті және нақты әрекеттерді анықтап, алдыңғы және кейінгі мақсаттарға қол жеткізеді. Кейде стратегиялық мақсаттарды негізгі (басты) деп, ал оған қол жеткізуге көмектесетіндерді қамтамасыз етуші дейді. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқару мақсаттарының басқа негіздер бойынша ұсақталуы байқалады: көлеміне қарай – соңғы және аралық, мерзіміне, уақытына қарай – алыстағы, жақындағы және нақты. Қосалқы (өнімдік) мақсаттар туралы айтар болсақ, олар стратегиялық (басты – негізгі) мақсаттарды жүзеге асырумен тікелей байланысты емес, бірақ оларға қарама-қайшы жағымсыз мағына беруі мүмкін. Оларды қаламасаң да, олармен есептесуге тура келеді.

    Стратегиялық мақсаттардың жан-жақты ойланған анықтамасы болу керек, содан кейін ол мақсаттарды басқа түрлерге тармақтап бөлу керек. Маңыздысы: мақсаттар бір-бірімен байланысты және жағдай жасауы керек. Мақсаттар арасында негізделген субординация болуы керек, олар бір-біріне жұмыс жасап, бір мақсаттың орындалысы екіншісінің көзі болуы тиіс. Мемлекеттік басқаруда мақсаттар субординациясы мақсат ұсыну механизмін күшейтеді. Әрине, бірінші мәселе мемлекеттік басқару мақсаттарының ақылға қонымдылығы қоғамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жетуі – басқару объектілерінен шынайы туындайтын болса. Осы талаптарды сақтаған жағдайда шынымен мемлекеттік басқару мақсаттары мемлекеттің қалыптасуы мен қоғам дамуының әлді қозғаушы күшіне айналар еді.

    Ұстаным – бұл спецификалық ұғым, онда тек қана заңдылық, қатынас, байланыс емес,біздің олар жөніндегі біліміміз де бар. Ұстаным дегеніміз ғылыми таным нәтижелерін нақтылап, одан шығатын салдар.

    Мемлекеттік басқару принциптерінің жүзеге асуы олардың өздеріне байланысты емес, оған деген адамдардың түгелдей қарым-қатынасымен анықталады. Принциптерді ғана біліп қоймай, оларды басқару үрдісінде қолдану керек. Әдебиеттерде ұстанымдардың көптеген түрлері кездеседі. (Г.Эмерсон – он екі, А.Файоль – он төрт, Д.Карнеги – жиырма тоғыз т.б.), бірақ олардың барлығы, немесе кейбіреулері басқаруда қолданылады және оған әсерін тигізеді дегенді білдірмейді.

    Мемлекеттік басқару ұстанымдарын анықтау және негіздеу үрдісі төмендегі талаптарға жауап беруі керек.

    а) әр түрлі емес мемлекеттік басқарудың тек маңызды, негізгі, шынайы, қажетті заңдылықтарын, қатынастар мен байланыстарды көрсетуі керек;

    б) мемлекеттік басқаруда тек тұрақты заңдылықтарды, қатынастар мен байланыстарды бейнелеу керек;

    в) мемлекеттік басқаруға және біртұтас әлеуметтік жайларға, яғни, жеке емес жалпы мағынасы бар, қатысты заңдылықтар, қатынастар мен байланыстарды қамтуы керек.

    г) мемлекеттік басқарудың спецификасын, оның өзге басқару түрлерінен айырмашылығын көрсетуі керек.

    Мемлекеттік басқарудың төмендегідей жалпы ұстанымдарын бөліп алуға болады: шынайылық, демократиялық, құқықтық реттілік, заңдылық, білікті бөлісу, жариялылық.

    Шынайылық ұстаным мемлекеттік басқаруда түбегейлі болып табылады және барлық басқару үрдісінде шынайы заңдылық талаптарына бағынуды (табиғи және қоғамдық – тарихи заңдылықтар) және қоғам күшінің шынайы мүмкіндіктерін талап етеді. Ол мемлекеттік басқару жүйесінің:

    а) қоғамның бейнесіне, даму деңгейі мен заңдылықтарына, алдымен басқарылатын объектілер компоненттеріне;

    б) осы тарихи кезең бөлігінде қойылып және шешіліп жатқан қоғамдық мақсаттарға;

    в) басқаруға бөлінетін қаржы мен ресурстарға;

    г) басқаруды жүзеге асырудың ішкі заңдылықтары мен дамуының анықталған жүйелі қоғамдық көрінісіне тәуелділігін көрсетеді:.

    Шынайылық ұстаным заңдылықтардың кең шеңберін, ұйымдастырудың (ұйымдардың) қатынастары мен байланыстарын, мемлекеттік басқарудың қызметі мен дамуын, оның мақсаттарының жүзеге асуын, қоғамның объективті (шынайы) жағдайлары мен субъективті факторларын көрсетеді. Бұл ұстанымды бұзу көбінесе табиғи және қоғамдық заңдылықтардың субъективті, валюнтаристік ауытқушылығының салдарынан, ол қоғам өміріне көп зиян тигізеді, оның күшін қажетсіз немесе жағымсыз жақтарға бұрады, дамуды тежейді, адамдардың мемлекеттік – басқарушы әсерлерді қабылдауына әкеп соғады.

    Заманауи мемлекетте басқаруды жүзеге асырудың негізгі мағынасы өз жағынан мемлекеттік басқарудың демократиялық ұстанымынан бөлінеді. Бұл ұстанымды бекіту халықтардың көп жылдар бойы күресіп тәуелсіздікке қол жеткізгендігінің нәтижесі және әрбір адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен биліктің бірегей көзі болып табылады. Демократизм ұстанымы мемлекеттік басқарудағы халықтың билігін көрсетеді. Бұл күрделі, әрі көпқырлы ұстаным, ол қоғам мен мемлекет арасындағы терең және үздіксіз байланысты, сонымен қатар қоғамның барлық компоненттері мен мемлекеттік басқару жүйесінің оған қажетті компоненттерін талап етеді. Оны қоғамда мемлекеттік ұйымдардың референдум немесе сайлау науқандарын өткізуіне әкеп тіреуге болмайды, ол адамдардың (өз азаматтарымыз) оның ішінде мемлекеттік басқарудың барлық элементтерінің (саясат, мақсаттар, міндеттер, құрылым, үрдіс, басқару нәтижесі т.б.) қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен өмір әрекеттерінің мақсаттарын қамтиды.

    Құқықтық реттілік ұстанымы негізгі мақсат, міндет, құрылым, үрдіс, мемлекеттік басқару ұстанымдарының аспектілерін заңды анықтауынан туындайды. Сонымен қатар, осы мәселелерді заңды түрде шешу немесе басқа да нормативтік құқықтық актілерді шешу ғана емес, әлбетте, құқықтық, заңды түрде әділ, адамгершілікке сай, бірлесіп қызмет ету құқықтарын қамтамасыз ету және адамдардың бостандықтары мен міндеттерін қамту идеяларын ұстанады.Біздің ойымызша, Ресей зерттеушісі Г.Атаманчуктің осы мәселе бойынша айтқан сөздері біздің өміріміздің шындығына сәйкес, әділ: оның тарихында «құқықтық реттілік ұстанымы мемлекеттік басқаруда сирек көрінетін; онда құқықтық нормалар орнына демократиялық құқықтық процедураларда көбіне басқарушы еркіне бағынып, мәселелерді шеше алатындай көрінетін.Нәтижесінде біз мемлекеттік басқаруда құқықтық мол мүмкіндіктерді пайдалану мен оны түсіну жолдарында көп жылжыған жоқпыз».

    Жоғарыда айтылған ұстанымға жақын, ол (оған қосымша ретінде) мемлекеттік басқарудың заңдылық ұстанымы болып табылады: заңсыз құқықтық мемлекет болмайды. Заңдылық ұстанымы бірқатар әдістемелік және тәжірибелік ережелерді қамтиды: біріншіден, мемлекеттік басқарудың жұмыс жасауы мен дамуы заңды түрде мықты негізделгендігін көрсетеді; екіншіден, заңдылық ұстанымы мемлекеттік билік ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың мазмұнында, ұйымдастыру құрылымында, әрекеттерінің элементтерінде заманауи көкейтесті және құқықтық дұрыс реттелген өзгерістерді шартты түрде көрсетеді; үшіншіден, ол нормативтік әрекеттерден қатаң тәртіпті талап етеді, әсіресе құқықтық актілерді қабылдау мен жүзеге асыруда; төртіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіндегі саналы тәртіптің қалыптасуы мен сақталуының негізі болып табылады.

    Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқаруды демократиялық, құқықтық ұйымдастыру сол жағдайда, шынайы мүмкін болады егер жалпы заңдағы еркіндікті қалыптастыру мен бекіту үрдісі (қажеттілікке сәйкес және қызығушылық пен мақсаттарға сәйкес), заңдардың орындалысы, заңдарды тікелей басқару, бақылау және оларды қабылдаудағы шиеленістерді шешу екі жақты тепе-теңдікті сақтай отырып бөлінсе, шектелсе және реттеліп отырса. Бұған мемлекеттік басқарудағы билікті бөлісу ұстанымы қызмет етеді. Кейде бұл ұстаным тек технологиялық мағынада түсініліп, мемлекеттік басқару көлеміндегі әрекеттерді қарапайым бөлісуге келіп тіреледі. Соған қарамастан, ол терең әлеуметтік мағынаға ие, биліктің халыққа тиесілі екеніне кепілдік беріп, қамтамасыз етіп отырады. Билікті бөлісу жүйесінің екі жүз жылдық тарихын бағалай келе, американдық авторлар былай дейді: «Орталық үкіметтің нақты тиімсіздігінің себебі, бұл жүйе болып табылғанына қарамастан, ол конституцияны шығарушылар ұсынған мақсаттардың орындалысының үлкен сәттілікке жеткенін көрсетеді....».

    Ең соңында, мемлекеттік басқарудың жариялылық ұстанымы да демократиялық, құқықтық (ондай бар болса) мемлекеттілікті негіздейді (бейнелейді) және мемлекеттік басқару мен қоғам, азаматтар арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Бұл ұстаным көптеген басылымдарда ашықтық ұстанымдарын еске түсіреді, қоғамдық ойды ескереді. Бірақ белгіленген жайларды қамтуда оның ауқымы зор, өйткені оған мыналар жатады:

    а) азаматтарға мемлекеттік басқарудың қол жетімділігі, ол ұйымдардың құрамын таңдау, сайлау құқықтарымен байланысты олардың әрекеттеріне қатыса алады;

    б) мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару жұмысындағы ашықтық (жариялылықтан гөрі шағын);

    в) қоғамдық бақылау, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы негізгі мемлекеттік басқарушылық үрдістерді бақылау;

    г) мемлекеттік басқару үрдісінде қоғамның конституциялық бекітілген қызығушылықтары, құқықтары мен азаматтардың еркіндігін соттық бақылау.

    Құрылымдық ұстанымдар үлкен әрі күрделі топты құрайды, оның ішінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

    Мемлекеттік басқарудың құрылымдық-мақсаттық ұстанымдары мемлекеттік басқарудың мақсаттар «денін» құрауда тепе-тең заңдық қатынастар мен байланыстарды бейнелеп,төмендегі ұстанымдарды қамтиды:

    1. Мемлекеттік басқару мақсаттарының негізгі параметрлерімен келістірілуі, бір-бірімен қарама-қайшы болмауы;

    2. Мақсаттардың бір-бірін толықтыруы, бір мақсат екіншісін туындатып, күшейтеді;

    3. Жеке мақсаттардың жалпы (стратегиялық) мақсаттарға бағынуы – мақсаттар иерархиясы мемлекеттік басқарудың мақсаттар «дені» бойынша;

    4. Бір мақсаттардың нәтижесі келесісінің көзіне айналып – барлық мақсаттар жиынтығына жету мемлекеттік басқару мақсаттары денінде көрсетілген кезектілік;

    5. Мақсаттардың жіктелуі мемлекеттік басқару міндеттері бойынша және мемлекеттік ұйымдардың басқару міндеттері бойынша – мемлекеттік басқару мақсаттары «денінің» мемлекеттік басқару құрылымының міндеттеріне ауысуын қамтамасыз ету.

    Мемлекеттік басқарудың құрылымдық-функционалдық ұстанымдары құрамында мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымын құраудың заңдылықтарын, қатынастары мен байланыстарын бейнелейтін төмендегідей ұстанымдарды айтуға болады:

    1. міндеттерді саралау және белгілеу жолымен құқықтық нормаларды шығару – мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының құзыреттілігіне басқару міндеттерін бекіту;

    2. үйлесімділік, бір тәртіпті басқару міндеттерінің бір ұйымның құзыреттілігі көлемінде үйлесімділігі, сонымен қатар, осы ұйымның басқару міндеттерінің басқа ұйымдардың басқару міндеттерімен үйлесімділігі шағын жүйе немесе жалпы мемлекеттік басқару құрылымында;

    3. қоспалық (құрамы), белгілі бір ұйымға қажетті басқару міндеттері мен ресурстарын шартты түрде қамтамасыз етеді, өйткені одан шығатын мемлекеттік-басқару әрекеттері шынымен ауқымды және әлді ұйымдастыру мен реттеу қабілеттерін басқару объектілеріне бағыттайды;

    4. аралас, басқару міндеттерінің нақты жиынтықтарына бағытталған, әртүрлі басқару компоненттерінен шығады, өз ұйымдарында қайталаушылыққа және параллелизмге жол бермейді;

    5. жеткілікті әртүрлілік, ол басқару міндеттері басқару жүйесі компоненттерінің біріне қатысты санына немесе мазмұны жағынан соңғысының басқару қажеттіліктеріне жауап береді;

    6. талапқа сай, ол басқару түрткілерінің басқару компоненттерінің, әсіресе, басқару объектілерінің шынайы қажеттіліктері мен сұраныстарының талапқа сай болуы.

    Мемлекеттік басқарудың құрылымдық-ұйымдастыру ұстанымдары ішінде заңдылықтарға, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымын түзу қатынастары мен байланыстарына сай мынандай ұстанымдарға бөлінеді:

    1. мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі, мемлекеттік басқару үрдістерінің біртұтастығын, келісімділігін және әрекетте болуын қамтамасыз етеді;

    2. аумақтық-салалық, ұйымдастырушы құрылымдардың аумаққа, өндіріс салалары мен олардың қызметіне, қоғам өмірінің аясына тәуелділігін көрсетеді;

    3. ұйымдастыру байланыстарының көп түрлілігі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының мемлекеттік басқару жүйесіндегі шынайы деңгейлес және сатылас ұйымдастыру әрекеттерін ашады;

    4. алқалық пен дара басшылықтың байланыстылығы, ұйымдастыру құрамы мен әрекет тәртібінің ерекшелігі жекеленген мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқару ұйымдарының ерекшеліктерінен туындауы;

    5. түзу сызықтық – функционалдық, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымындағы бағынушылық пен басқару әрекеттерінің көлемі мен мазмұнын ашады.

    Құрылымдық процессуалды ұстанымдарға, негізгі заңдылықтар, қатынастар, байланыстарға түсінік беруші мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының басқару әрекеттерін ұтымды және тиімді жүргізу және кеңінен қолданылатындығы жөнінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

    1. элементтер (әдістер, түрлер мен кезеңдер) мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарының басқару әрекеттерінің олардың қызметі мен ұйымдастыруына сәйкес келуі;

    2. басқару әрекеті мен оның нәтижелеріне жеке жауапкершіліктің нақтылануы;

    3. ұтымды және тиімді басқару әрекетін жандандыру.

    2.Ғылыми әдебиеттерде көптеген бірнеше түрлерімен қатар олардың жүйелену мысалдары келтірілген. Мемлекеттік басқару мынадай шағын жүйелерге бөлінеді: саяси (әлеуметтік-саяси) және ұйымдастыру, саяси ұйымдастыру, басқару аппаратының техникалық-ұйымдастыру құрылысы, басқару аппаратының техникалық ұйымдастыру әрекеттері; саяси, экономикалық, құқықтық ұйымдастыру, техникалық жалпы мазмұны, ұйымдастыру-саяси түрлілік, жеке функционалдық және т.б. «Басқарудың жалпы теориясы» лекциялар курсының авторлары ұстанымдардың төмендегідей жүйеленуін береді:

    • жалпы, оған жүйелілік, шынайылық, өзін реттеуші, кері байланыс, толықтыру, тиімділік, ақпараттың жеткіліктілігі, эволюционизмдік, мүмкіндік, демографиялылық, жариялылық, сайыстық, жетекші буындық жатады;

    • жекеленген, олардың ішінде түрлі шағын жүйелер мен қоғам салаларында (экономикалық, әлеуметтік-саяси, рухани) және әртүрлі қоғам көріністерінде, қолданылатын ұстанымдар, ұйымдарды, институттарды саралауда (сараптауда) қолданылатын ұстанымдар бөлінеді;

    • технологиялық-ұйымдастыру, оның құрамындағы жеке басшылық, орталық, аймақтық және жергілікті басқарудың үйлесімділігі, нақтылылық, жұмысты бөлісу ұстанымдары, иерархиялық ұстаным, бөлісудегі тәртіп, басқару арқылы мүмкіндіктерді табыстау.

    Жаңа басылымдарда мемлекеттік басқарудың заңдары мен ұстанымдарын шектеп көрсетеді. Соңғыларының ішінде бөлінетіндері: жалпы жүйелілік әдістемелілік, жалпы әдістемелілік; басқарудың әлеуметтік-саяси үрдісін реттеуші ұстанымдар; ұйымдастырушылық, жүйелік-функционалдық ұстанымдар, әр топта олардың ондағаны бар.

    Г. Атаманчук мемлекеттік басқару ұстанымдарының төмендегідей жүйеленуін ұсынады:

    1) қоғамдық-саяси ұстанымдар, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік табиғи дамуы нәтижесінде, оның дамуының жалпы заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері нәтижесінде пайда болған;

    2) функционалдық-құрылымдық ұстаным, мемлекеттік басқарудың субъект және объект компоненттерінің өзара әрекеттерін зерттеу нәтижесінде ұсынылып, мемлекеттік басқарушылық әрекеттер құрылымының заңдылықтарын ашады;

    3) ұйымдастыру-құрылымдық ұстанымдар, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының сипаты, заңдылықтары мен ерекшеліктерін (әсіресе ұйымдар жүйесінің) көрсетеді және оның қалыптасуы мен жетілуіне апаратын кезең болып қызмет етеді, сонымен қатар мемлекеттік-басқарушылық әрекеттерді ұйымдастыруды да көрсетеді;

    4) мемлекеттік-басқарушылық әрекеттер ұстанымдары, мемлекеттік ұйымдардың басқарушылық функциялары мен өздерінің өмір сүрулерін қолдау кезеңіндегі әдістер мен тәсілдердің заңдылықтар қатынастарын және байланыстарын ашады.

    Мемлекеттік басқару жүйесі келісімділікті, реттілікті, оның заңдылықтарын, қатынастары мен үрдістерін бейнелейді, олар өз кезегінде нақты қоғам мен мемлекеттің дамуы мен деңгейіне бағынады. Сондықтан, мемлекеттік басқаруды құру оның монархиялық немесе демократиялық, феодалдық немесе капиталистік мемлекет болуына байланысты бөлінеді, тіпті бүгінгі күнде де мемлекетті басқарудың кейбір негізін қалаушы ұстанымдар (еркіндік, әділдік, құқық, демократия т.б.), халықаралық деңгейде танылып отырған кезде мемлекеттік басқаруды нақты құру көбінесе белгілі бір елдің әлеуметтік экономикалық, рухани және саяси дамуына байланысты болады.

    Сондықтан, мемлекеттік басқарудың ұстанымдарын жүйелеуде ең негізгісі, сол заңдылықтар, қатынастар мен үрдістерді бөліп алу болып табылады, олар мемлекеттік басқарудың барлық жүйесіне тиесілі, мемлекет пен қоғамның мықты байланысын қамтамасыз етуді, оның соңғы, нақты заңдылықтары, қатынастары мен байланыстарының әртүрлі элементтерін құрайды (шағын жүйелердің). Бұндай әмбебап мемлекеттік басқарудың заңдылықтары, қатынастары мен байланыстары мемлекеттік басқарудың жалпы жүйелік ұстанымдары деген атаумен аталады.

    Жүйелеудің екінші негізгі заңдылықтары, қатынастары мен байланыстарының сараптамасымен және оның ғылыми бейнесімен байланысты, олар мемлекеттік басқарудың онтологиялық элементтерін ұйымдастырады, ескертіп кететін жайт, бұл жерде мемлекеттік басқарудың мақсаты, міндеті, қүұрылымы, үрдісі сияқты онтологиялық элементтер туралы сөз болып отыр. Егер мемлекеттік басқару табиғаты қоғам ұстанымдарынан көрінсе, онда олар мемлекеттік басқарудың барлық элементтерінің тобына әсер етеді, яғни, әр элементтер тобында өздерінің ерекшеленген заңдылықтары, қатынастары мен байланыстары әрекет етіп, оларға реттелген құрылым беруі қажет.

    Тиісті элементтер тобының қалай құрылғанына байланысты олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі мүмкіндіктері мен әрекеттер мазмұны туындайды. Мемлекеттік басқарудың сол бір эленттерінен (мақсат, міндет т.б.) қоғам өміріндегі әр түрлі құрылымдарды (элементтер комбинацияларын) түзуге болады. Мысалға, бір басқару әрекетінің элементтері автократиялық, либералдық немесе демократиялық-құқықтық мемлекеттік басқару түрлерін қалыптастырады. Осылай әр элементтер тобында мемлекетті басқару элементтері тобы ұйымдарының заңдылықтары, қатынастары мен байланыстарының ғылыми ашылып және мағынаға ие болғандарын мемлекеттік басқарудың құрылымдық ұстанымдары ретінде қарастыруға болады.

    Берілген ұстанымдар әр элементтер тобында өзіне тән қасиеттерге ие болады, өйткені бұл топтардың мемлекеттік басқарудың онтологиялық элементтер жүйесіндегі орны мен рөлі олардың ерекше құрылысын шартты көрсетеді.

    Соңында, мемлекеттік басқарудың ұстанымдарын жүйелеудің үшінші негізі мемлекеттік басқарудың түрлі шағын жүйелерінің қызмет етуімен байланысты (аумақтық, салалық, функционалдық т.б.) және арнайы мемлекеттік басқарушылық әрекеттің түрлі аспектілеріне қатысты болады. Мысалы, олар келесі ұстанымдарға бөлінеді: мемлекеттік қызмет, басқару қызметкерлер құрамымен жұмыс, мемлекеттік басқарудың ақпаратпен қамтамасыз етілуі, мемлекеттік басқарудың технологиялануы, әкімшілік үрдістер ұстанымдары және т.б. Бұндай ұстанымдарды зерттеу, ашу және жүйелеу –басқа да басқару түрлеріндегі ұстанымдарды білу сияқты, арнайы (сараланған) ғылыми басқару ілімінің ісі. Сонымен қатар, бақылап қараған жол, арнайы ұстанымдар мемлекеттік басқарудың түрлі көріністерінде жалпыжүйелік және құрылымдық ұстанымдарға қайшы келмей, мемлекеттік басқарудың біртұтастығын нығайтуға себін тигізуі керек.

    3. Мемлекеттік билік жүйесінің әрекеті мен басқару тиімді болуы үшін жергілікті өзін-өзі басқару құрылымының өміршеңдігіне негізделген жағдай жасау қажет. Тәжірибеде азаматтардың қызығушылығына қатысты барлық мемлекеттік шешімдер көбінесе жергілікті ұйымдар арқылы өтеді, жергілікті бірлестіктер өмірінде жүзеге асырылады. Адамдар мемлекеттік саясаттың шешімдерін (нәтижелерін) сезінеді және оны ең алдымен өздерінің өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру арқылы, азық-түлік нарығы, тұрмыс-жағдайлары, қаладағы және ауылдық жерлердегі қоғамдық тәртіп арқылы, оқу орындары мен емдеу ұйымдарының адамдардың қажетті білім алуы мен денсаулықтарын сақтауын қанағаттандыру қабілеттері және т.б. арқылы баға береді. Жергілікті деңгейде адамдардың өз өміріне, жақындарының тағдырына жауапкершілігі жөнінде түсінік қалыптасады және де ел тағдыры жөнінде жергілікті өзін-өзі басқару халық билігінің бірден-бір көрінісі ретінде тұрғындарға жақындатылып, олардың әрбір азаматтарының қызығушылықтарын қамтып, күнделікті мәселелерінің көбісін шешіп отырады. Жариялылық биліктің деңгейі азаматтардың өзіндік ұйымдастыру формасы болып көрінеді, азаматтық қоғамның қалыптасуына итермелдейді. Сондықтан, жергілікті өзін-өзі басқару азаматтарға өз аумағында талапқа сай өмір жағдайларын орнықтыру үрдісіне қатысуларына ерік беріп, жергілікті мәселелерді шешуге жауапкершіліктерін қалыптастырады, олардың әлеуметтік және азаматтық белсенділіктерін көтереді, тұрғындардың мемлекеттік және мемлекеттік емес басқару ұйымдарының әрекеттерін бақылаудың шынайы механизмі болып табылады.

    Жергілікті өзін-өзі басқарудың маңыздылығын, әр аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тиімді шешу үшін, жергілікті өзін-өзі басқару көптеген әлемнің дамыған елдерінің заңдылықтарына сүйенеді, атап айтқанда олар: еуропалық партияның жергілікті өзін-өзін басқаруы, ФРГ, Австралия конституциялары, Швецияның жер туралы заңдылықтары, Ұлыбритания мен АҚШ-тың жекелеген заңдылықтары және т.б. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жергілікті өзін-өзі басқарудың (биліктің) көптеген түрлері мен формалары бар, олар тарихта объективті және субъективті факторлар әсерінен қалыптасқан. Жергілікті өзін-өзі басқарудың формалары мен әдістерінің эволюциясы азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы бағытында жүзеге асады. Осыған байланысты жергілікті биліктің қалыптасқан үлгі түрлері бұл елдерде жергілікті дәстүрге көбірек лайықталып, сол елдің мәдениеті, тұрғындар менталитеті, елдің экономикалық даму деңгейі мен басқа да жағдайларға байланысты болады.

    Еуропалық хартияның «Жергілікті билік жөніндегі» тармағында – жергілікті билік – жергілікті ұйымдардың мемлекет ісін басқару құқығы мен шынайы қабілеті, өз құзыреттілігі аумағында, аяқталған ұлттық заңдылылықтар, жергілікті тұрғындар қызығушылығын ескере отырып анықталады. Бұл, құқық мүшелері жасырын тура, тең және жалпы сайлау арқылы қабылданған кеңес немесе жиналыс арқылы жүзеге асырылады деп жазылған.

    Жергілікті билік институтын жергілікті мемлекеттік билік (өзін-өзі басқару) институтынан айыра білу керек. Жергілікті мемлекеттік билік сол аумақтағы мемлекеттік саясаттың көзі ретінде, мемлекеттік басқару жүйесіне тікелей енгізілген. Жергілікті билік – бұл ерекше институт, ол мемлекеттік биліктің ұйымдар жүйесіне кірмейді, оның құзыреттілігі орталық билік ұйымдарының шешімдерімен белгіленеді, ал оның қызметі жергілікті бірлестіктердің қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Осыған байланысты аймақтық және жергілікті биліктің қызығушылығы әуелгі бастан бөлінуі керек. Ол орталық билік жағынан жергілікті сепаратизмнің көрінуіне әсер етуші маңызды зат ретінде қызмет етеді.

    1976 жылғы кеңес Конституциясында «Жергілікті билік» деген ұғым болған жоқ. Ол «мемлекеттік билік пен басқарудың жергілікті ұйымдары» деген ұғыммен беріліп, әр аймақ, облыс, автономиялық облыстарда, округтарда, қалаларда, аудандарда, кенттерде «Халық депутаттары кеңесі» болатын. КСРО-ның (1990 ж сәуір) «КСРО-дағы жергілікті билік пен жергілікті шаруашылық жалпы бастамалары туралы» Заңының қабылдануымен Конституцияға «жергілікті билік» деген ұғым енгізілді. Бірақ бұл Жергілікті кеңестерде мемлекеттік билік пен басқаруды ұйымдастыру ретінде саяси табиғатын өзгерткен жоқ. Шынында, КСРО Конституциясында (1990 жылдың 26 желтоқсанындағы басылымында) былай деп жазылған: «Жергілікті билік жүйесінде, жергілікті халық депутаттары Кеңесінен бөлек республикалық заңдылықтарына сәйкес аумақтық қоғамдық билік әрекет ете алады, азаматтар жиналысы, тікелей демократияның басқа да формалары әрекет ете алады». «Жергілікті Кеңестер қызметі» демократиялық централизм ұстанымы негізінде жүзеге асырылды, ол Мемлекеттік билік ұйымдарының сайлауын қамтитын, «жоғарғы ұйымдардың шешімдерін төменгі ұйымдар жүзеге асыруға міндетті» болатын.

    Жергілікті Кеңестердің дербестігі өте шамалы болды, өйткені олар жоғарыда тұрған Кеңестердің шығарғанын қатаң түрде орындауға міндетті болатын, олар тіпті жергілікті ұймдардың шешімдерін өзгерте алатын, оларды мақсатсыз немесе заңсыз деп түсіндіретін. Жергілікті кеңестердің шынайы жағдайын былайша сипаттауға болар еді: олар толықтай жоғарыдан бөлінетін материалдық және қаржылық ресурстарға тәуелді болатын, және де сол аумақта әрекет ететін нақты Кеңестер үстінен қарайтын мемлекеттік өндірістер мен ұжымдық шаруашылықтардың ресурстық көмектеріне тәуелді болатын. Қалақұраушы деп аталатын өндірістер мен ұжымшарлар, ауылдар мен ауылдар бірлестіктері жергілікті қоғам өміріне шаруашылық және әлеуметтік басымдық көрсететін, ал бұл өндірістерге іс жүзінде корпоративтік билік басшылық жасайтын, бірақ Жергілікті Кеңестің мемлекеттік билігімен бүркемеленетін.

    ҚР жергілікті билігінің қалыптасуы әлі алда, бірақ ол әр жердегі мемлекеттік басқару жүйесімен тығыз байланыста болуы керек. 1994 жылы егемендігін алған Қазақстан әлі күнге дейін орталықтандырылған унитарлы мемлекет болып табылады. Әр жерде тұрғындардың сайлау ұйымдарының қызмет еткеніне қарамастан – Мәслихаттар өз еріктерін пайдаланғанымен, шынайы билік әкімдерде – Президент пен ҚР Үкіметінің өкілдері жергілікті атқарушы ұйымдарды басқарады. Экономиканың өтпелі кезеңі, әлеуметтік тұрақсыздық қатаң атқарушылық сатылас билікті талап етеді, ол төменде тұрған құрылымдардың жоғарыдағыларға сөзсіз бағыну ұстанымы бойынша құрылған, біркелкі мемлекеттік тәртіп жергілікті өзін-өзі басқару бастамаларының ешқандай белгілерін өткізуге жол бермейтін. Сондықтан 1994 жылы қолға алынған жергілікті билік жүйесін реформалау, Жергілікті Кеңестерге екі жақты мәртебе беріп: ол мемлекеттік билік ұйымдары мен жергілікті билікті құлдыратуға әкеп соқты.

    Қазіргі кезде жергілікті билік жүйесін қайта құру нұсқасы қаралуда, ол әрекет етуші жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінің (Мәслихат пен әкім) сақталуын қарастырып, соған сәйкес тікелей жергілікті билікті ауылда (село), кентте, ауылдық (селолық) аймақта, ауылдық деңгейдегі қалаларда, облыстық және республикалық деңгейдегі қалаларда, астанада – көше, квартал, мөлтек аудандар көлемінде ұйымдастыру ұсынылады.

    ҚР Үкіметі шығарған заң жобасында жергілікті билік ұйымдары болып табылатындар:

    1. Жергілікті бірлестіктер Кеңесі – жергілікті биліктің көрсеткіш ұйымы, оны сол жергілікті мекен тұрғындары сайлайды, халық саны 1000 және одан жоғары болуы керек. Сонымен қатар, адам саны 1000-нан төмен тұрғылықты жерлерде Кеңестің міндетін азаматтар жиыны сол жерлерде атқарады.

    2. Жергілікті бірлестіктер Жамияты – жергілікті биліктің атқарушы ұйымы, оны жетекші басқарады. Кеңеске қарағанда – тікелей сайлау сол аумақ тұрғындарына байланысты болса, мұнда үкіметтік заң жобасында қарастырылған, ұйым тәртібі мен Жамият қызметін жергілікті бірлестік Жарғысы анықтайды, ол заңдылықтар талаптарына сай болуы керек. Бұл тұрғындардың жергілікті билікті атқарушы ұйымдарының қалыптасу тәртібі жөніндегі мәселені өз еркімен шешу құқығы беріледі дегенді білдіреді.

    3. Жетекші – жергілікті билік ұйымының басшысы. Жетекшіні сол тұрғылықты жердің тұрғындары сайлайды. Жетекшінің құзыреттілігінің тоқтауы Жамияттың да қызметінің тоқтауына әкеп соғады.

    Бірақ ҚР Үкіметі шығарған заң жобасында өкілетті және атқарушы билік ұйымдарының қызметі жеке-жеке бекітіліп бергеніне қарамастан, құқығы, өкілетті және атқарушы билік ұйымдарының қызметі жеке-жеке қалыптасады ма немесе бірегей құрылыммен шектеле ме, оны тұрғындар шешеді, іс жүзінде бұл тұрғындардың құқығында. Барлық жергілікті билік пен Жетекшінің құзыреттілігінің мерзімін жергілікті бірлестіктер жарғысы анықтайды. Сондықтан, бірегей жергілікті билік ұйымдарын құру барлық аймақтар мен әкімшілік-аумақтық бірлестіктерде мүмкін емес. Сонымен қатар, жекеленген облыс, қала, аудан көлемінде жергілікті билік ұйымдары құрылып, олардың қызмет мерзімдері, атқару ұйымдарының қалыптасу тәртібі, құзыреттілік мазмұндары т.б. әртүрлі болуы мүмкін.

    Қорытынды

    Мемлекеттік басқару мақсаттарын ұсыну, бір жағынан барлық қоғамға қатысты, екінші жағынан, мемлекеттік басшылықты тірек етсе - өте қиын процесс болады, ол:

    1. Қоғамдық негіздерімен және мемлекеттік басқару мақсаттарын реттеумен сипатталады.

    2. Мақсаттылықтың субъективті жағымен, ол қозғаған мемлекеттік басқарудың қалыптасқан мақсаттарына қатысты анықтылығымен сипатталады.

    3. Мемлекеттік басқару мақсаттары иеархиясының әлеуметтік мәні зор. Экономикалық детерменизмнің, Маркс тұжырымдамасының әсерінен бізде ұзақ мерзімді мемлекеттік басқаруда бірінші кезекте, экономикалық даму негізгі мақсат болып есептеледі.

    4. Мемлекеттік басқарудың төмендегідей жалпы ұстанымдарын бөліп алуға болады: шынайылық, демократиялық, құқықтық реттілік, заңдылық, білікті бөлісу, жариялылық.

    5. Қоғамдық-саяси ұстанымдар, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік табиғи даму нәтижесінде, оның дамуының жалпы заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері нәтижесінде пайда болған;

    6. Функционалдық-құрылымдық ұстаным, мемлекеттік басқарудың субъект және объект компоненттерінің өзара әрекеттерін зерттеу нәтижесінде ұсынылып, мемлекеттік басқарушылық әрекеттер құрылымының заңдылықтарын ашады;

    7. Ұйымдастыру-құрылымдық ұстанымдар, мемлекеттік басқару-дың ұйымдастыру құрылымының сипаты, заңдылықтары мен ерекшеліктерін (әсіресе ұйымдар жүйесінің) көрсетеді және оның қалыптасуы мен жетілуіне апаратын кезең болып қызмет етеді, сонымен қатар мемлекеттік-басқарушылық әрекеттерді ұйымдастыруды да көрсетеді;

    8. Мемлекеттік-басқарушылық әрекеттер ұстанымдары, мемле-кеттік ұйымдардың басқарушылық функциялары мен өздерінің өмір сүрулерін қолдау кезеңіндегі әдістер мен тәсілдердің заңдылықтар қатынастарын және байланыстарын ашады.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыз № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября

    21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

    Семинар сабағының жоспары:

    Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

    Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

    1. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар «дені» және қағидалары;

    2. Мемлекеттік басқарудың функциялар жүйесі, нысандары, әдістері мен құралдары;

    3. Мемлекеттік басқару қағидаларын жүйелеу негіздері және олардың қолданылуы;

    4. Қоғамдағы мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару механизмдерінің дамуы.

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

    1. Тақырыптық сұрақтарға ауызша жауап беруге дайындалу.

    2. Дайындау керек мини-эссе тақырыбы “мемлекеттік бақылаудың қоғамдық үрдістері”:

    “объектизм” ;

    “демократизм” ;

    “құқықтық реттеу”;

    “заңдылық” ;

    “жариялық”.

    1. Тақырып сұрақтары бойынша тестілік тапсырма дайындау керек.

    Әдістемелік ұсыныс: Cеминарға дайындалу кезінде ұсынылған әдебиеттерді оқыңыз. Мемлекеттік басқару үрдісін дұрыс білу керек. Қоғамдық өзін-өзі басқару механизіміне зейін аударыңдар.

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1. «Мақсаттар денін» жинақтайтын, басқарудың қандай түрін Дж.Гэлбрейт оңтайлы деп атайды:

    А) стратегиялық

    В) тактикалық

    С) қосымша (жанама)

    Д) өндірістік(туынды)

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    2. Мемлекеттік басқарудың қандай қағидасы басқару жүйелерінің барлығының заңға және қоғамдық күштің негізгі мүмкіндіктеріне бағынуларын талап етеді

    А) заңдылық қағидасы

    В) құқықтық реттеушілік қағидасы

    С) демократия қағидасы

    Д) объективтілік қағидасы

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    3. Мемлекеттік басқарудың қандай қағидасы мақсат, функция, құрылым, процесс сияқты негізгі аспектілерді және мемлекеттік басқарудың өзінің қағидаларын заңды анықтау керек дегенді білдіреді:

    А) демократизм қағидасы

    В) заңдылық қағидасы

    С) құқықтық реттеушілік қағидасы

    Д) биліктің бөлінуі қағидасы

    Е) барлық жауаптар дұрыс

    4. Мемлекеттік басқарудың құрылымдық - мақсаттық қағидалары, заңдылықтың, қатынастың және мемлекеттік басқарудың мақсаттар денінің ұтымды құрылуының өзара байланысын көрсетеді, ал өзіне қандай қағиданы қоспайды:

    А) негізгі параметр бойынша мемлекеттік басқару мақсатының келіспеушілігі және олардың бір-біріне қарама-қайшылығы

    В) Құқықтық нормаларды шығару арқылы функцияны - саралау және белгілеу - мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде бекіту

    С) Мемлекеттік басқару және мемлекеттік органдардың функцияларымен басқару жүйелерінде мақсаттарды бөлу

    Д) жеке және ішкі (жергілікті) мақсаттардың жалпыға бағынуы - мемлекеттік басқару мақсатының дені немесе иерархия мақсаттары

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    5. Мемлекеттік басқарудың құрылымдық-функционалдық қағидаларының саны, заңдылықты көрсететін мемлекеттік басқару қатынасы функционалдық құрылымның қалыптасу өзара байланысына кірмейді

    А) Құқықтық нормаларды шығару арқылы функцияны - саралау және бекіту-мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде бекіту

    В) қосарландыру, басқа басқарудың құрамдас бөліктерінен шығатын басқару функциясының нақты құндылығының, өзінің жеке ұйымында қайталануына және қатарласуына жол бермеуі үшін

    С) мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі, мемлекеттік-басқару процесінің тұтастығын, келісімділігін және әрекеттілігін қамтамасыз етеді

    Д) басқару әрекетінің нағыз қажеттіліктер мен басқару компоненттерінің сұраныстарына, ең бастысы және басқарылатын объектілерге сай болуы

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    6. Мемлекеттік басқарудың заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік басқарудың құрылымдық-ұйымдастырушылық қағидаларына кірмейтін түрі:

    А) басқару ісінің нақтылығы және оның нәтижесіне жеке жауаптылық

    В) мемлекеттік басқару жүйесіндегі нағыз сатылас немесе деңгейлес мемлекеттік биліктегі және жергілікті басқарудағы органдардың ұйымдастырушылық қарым-қатынастарының ашылу әртүрлілігі

    С) мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі, мемлекеттік-басқару процесінің тұтастығын, келісімділігін және әрекеттілігін қамтамасыз етеді

    Д) әріптестік пен бірігушіліктің қосындысы, мемлекеттік билік пен жергілікті басқарудың жеке органдарының ұйымдастыру құрылымының әсерімен іскерліктерінің тиянақтылығы қамтамасыз етіледі

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    7. Мемлекеттік басқарудың ұтымды және әсерлі іскерлікті жүзеге асыратын органдарының заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік билік пен жергілікті басқарудың құрылымдық-процессуалдық қағидаларына кірмейтін түрі

    А) мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының басқару элементтерінің (әдісі, қалпы және дәрежесі) олардың қызметі және ұйымдастыруларына сай болуы

    В) мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымында желілік-функционалдық, ашатын, бағынатын өзара қарым-қатынасының болуы

    С) соның нәтижесі мен көрсеткішінен басқару іскерлігінің нақтылығы мен жеке жауапкершіліктің күшейтілуі

    Д) басқарудың ұтымды және тиімді іскерлігін ынталандыру

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    8. Басқарудың жалпы қағидаларына жатады

    А) теңділік және жұмысты бөлу қағидасы

    В) қоғамдық әртүрлі қозғалыстарды, қызмет орындарын және институттарды талдау кезінде кездесетін қағидалар

    С) жүйелілік, объективтілік және өзін реттеушілік қағидалары

    Д) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының өзіндік ерекшелігін, заңдылығын және сипатын көрсететін қағида

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    9. Басқарудың жеке қағидаларына жатады

    А) қоғамдық әртүрлі қозғалыстарды, қызмет орындарын және институттарды талдау кезінде кездесетін қағидалар

    В) жүйелілік, объективтілік және өзін реттеушілік қағидалары

    С) теңділік және жұмысты бөлу қағидасы

    Д) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының өзіндік ерекшелігін, заңдылығын және сипатын көрсететін қағида

    Е) барлық жауаптар дұрыс

    10. Басқарудың ұйымдастыру-технологиялық қағидасына жататындар

    А) теңділік және жұмысты бөлу қағидасы

    В) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының өзіндік ерекшелігін, заңдылығын және сипатын көрсететін қағида

    С) қоғамдық әртүрлі қозғалыстарды, қызмет орындарын және институттарды талдау кезінде кездесетін қағидалар

    Д) жүйелілік, объективтілік және өзін реттеушілік қағидалары

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    6-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: Құқықтық реттеудің мәні және пәнімен, оның әдістерімен таныса отырып, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу формаларын қарастыру. Құқықтық нормалардың құрылымы мен заң белгілері туралы түсінік қалыптастыру.

    Дәріс сабағының жоспары:

    1. Құқықтық реттеудің мәні. Құқықтық реттеудің пәні (заты, объектісі) мен әдісі

    2. Құқықтық реттеудің формалары

    3. Құқықтық реттеудің құрылымы

    Негізгі түсініктер: императивті реттеу, диапозитивті реттеу, позитивті міндеттеу, нормативтік акт, құқық беруші норма, тыйым салушы норма, ведомстволық актілер, уақыттылық, тұрақтылық, толықтылық, ішкі үйлесімділік, жалпы ерік беру тәртібі, міндетті-құқықтық тәртібі

    Тақырыптың мазмұны.

    1.Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу субъектісі (қайнар көзі) басқару саласындағы құқықтық нормаларды басып шығарушы белгілі бір мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін, сипатын және олардың шектерін белгілейді.

    Осыған сәйкес орталықтандырылған, императивті реттеу (субординация әдісі) қолданылады. Бұл әдісте реттеу жоғарыдан төменге дейін әміршіл-императивті негізбен мемлекеттің мемлекеттік билік органдарымен толықтай немесе оның субъектілерімен (федерациялык құрылымда) олардың құзырет шеңберінде және юрисдикция объектілерінде жүзеге асырылады;

    Орталықтандырылмаған, диапозитивті реттеу (үйлестірушілік әдіс) әдісінде құқықтық реттеу келісімдер, шарттар, өзара келісім мен актілерді қабылдау, мемлекеттік билік органдарының төменнен болған бастамасын қолдау арқылы жүзеге асырылады. Басқару үрдісіндегі (қарым-қатынастардағы) мінез-құлықты айқындайтын құқықтық нормалардың мәні мен мазмұны құқықтық реттеудің әдісіне байланысты.

    Құқықтық норманың, басқарудың өзара қарым-қатынасқа қатысушыларға заңды әсер етуі осы әдістердің мәні болып табылады. Жалпы құқықтық реттеу әдіістерін мынадай етіп бөлуге болады:

    • позитивті міндеттеу - тікелей міндеттері бар тұлғаларға белгілі бір жағымды (жақсы) әрекет етуді міндеттеу;

    • тыйым салу -тұлғаларға белгілі бір тұрғыдағы әрекеттерді жасамауды тиісті ету (міндеттеу).

    • рұқсат беру - тұлғалардың өзіндік белсенді әрекет етулеріне мүмкіндік беру.

    Аталған әдістердің әрқайсысы да мемлекетті басқаруды құқықтық реттеуде пайдаланылады және оны мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесінен көруге болады. Дегенмен, позитивті міндеттеу басым әдіс болып табылады. Себебі қандай да бір болмасын мемлекеттік органға берілген құзырет, оған жүктелген міндет ретінде қаралады. Оның ішінде белгілі бір шешім қабылдауда және әрекет етуде рұқсат беру (шектемеу) немесе оларды жүзеге асыруға тыйым салу да бар. Бірақ мемлекеттік органның құзыретіне берілген бар нәрсе міндетті түрде орындалуы керек. Мемлекеттік органның азаматтық құқық субъектісінен айырмашылығы осында. Сондықтан, мемлекеттік басқару көбінесе конституциялық және әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі.

    Заң әдебиеттерінде мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселесін қарастырғанда, мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін қандай нормамен анықтау керектігі жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Кейбір әдебиетте құқықтық реттеу, мемлекеттік органдарға «... басқасының барлығына рұқсат етеді», тек тыйым салынған тармақтарда жазылған, жалпы ерік беру тәртібін қолдаса, басқасы рұқсат етілген тәртіпті қолдайды, деген пікір айтылады, ал өзге бір әдебиеттерде « ... басқасының барлығына тыйым салынған», заңды іс-әркеттер жиынына назар аударылған. Билікпен тығыз байланысты мемлекеттік басқару үшін толық демократия кезінде де құқықтық реттеудің міндетті-құқықтық тәртібі жөн болады. Егер мемлекеттік билік жөнінде сөз қозғалатын болса, оның реттеу күшін қолданса, барлық істер заңды, анық, ашық жазылуы қажет; барлық еркін әрекеттер мемлекет рұқсатымен, заң шектерінде орындалуы керек.

    Ғылыми жұмыстарда жалпы құқық теориясы бойынша құқықтық реттеуде құқық нормаларының келесідей жіктеуі жасалады:

    -реттеу нормалары, құқықтық қатынасқа түсушілерге құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді; реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса да осы көрсетілгендердің сипатында жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда қылмыстық іс қозғау, тергеушінің әрі құқығы, әрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда жеке адамның міндеті ғана алдыңғы қатарға шығады. Ал басқа нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салуға ерекше назар аударылады.

    -қорғау нормалары, мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған. Парламент депутаттары Республика Президентіне Қазақстан Республикасы заңдарын орындамағаны үшін Үкімет мүшесін кызметтен босату туралы өтініш жасай (ұсыныс беру) алады;

    -мамандандырылған құқықтық нормалар, реттеу мен қорғау (сақтау) нормаларының арасынан мамандандырылғандарын бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға:1) анықтамалық-пайымдылық, яғни дифинитивтік нормалар жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары келтіріледі. 2) қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар, оперативтік (жеделдікті білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін жанама қатынастарға қолдануға бағытталған және тағы сол сияқты коллизиялық нормалар – нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.

    Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормаларды да бөлектеп көрсетуге болады. Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейілінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарға түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше, айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде жағдайлық (ситуациялық) және баламалық деп жіктеледі. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайындауының) қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) демеп, ынталандырады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады.

    Осылайша, мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде мемлекеттік-құқықтық институттар үлкен мәнге ие. Осы пәнге байланысты олар құқықтық реттеудің бірнеше әдіс-тәсілдерін, құрылымын, мемлекетке қажеттілігін, құқық түрлерін және т.б. көрсетеді. Бұл жерде ең бастысы, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу мен мемлекеттік органдағы құқықтық қызметті алмастыруға болмайды.

    2.Құқық формалары мемлекеттiк құрылымдар (сонымен қатар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары) мен мемлекеттiк қызметтердiң заңға сүйенуін анықтауды мақсат етіп қана қоймай, сонымен қоса жүйенің жұмыс атқаруы, олардың құрылымдық ұйымшылдығына, өзара ұтымдылығына қарай үлкен мәнге ие болады. Құқықтық акт жоғары және күштірек болған сайын, мемлекеттік басқарудың біртұтастығын қамтамасыз ету мүмкіндіктері және оның әр түрлі деңгейдегі ұйымдық құрылымдарын үйлестіру де жоғары болады.

    Заң – бұл заң шығарушы билік органы немесе референдум арқылы ерекше тəртіпте қабылданған, халықтың еркін білдіретін, жоғары заң күшіне ие жəне маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік акт.

    Заңның белгілері:

    1. Заң – бұл құқықтық жүйеге заң нормаларын енгізуге, оларды жоюға немесе өзгертуге байланысты құқықшығармашылық əрекеттер бекітілген заң актісі.

    2. Заң – бұл мемлекеттік биліктің қатаң анықталған жоғары органдарының актісі.

    3. Заң жоғары заң күшіне ие. Бұл мынаны білдіреді: а) қалған барлық құқықтық актілер заңдарға негізделуі жəне оларға қарама-қайшы болмауы тиіс. Кез келген басқа акт заңға қайшы келген жағдайда басымдылық соңғысына беріледі; ə) заңды кез келген басқа орган бекіте алмайды; б) оны қабылдаған органнан басқа ешкім заңды өзгерте немесе оның күшін жоя алмайды.

    4. Заң – бұл құқықтық жүйеде бұрын болмаған жəне қоғамдық өмірдің маңызды мəселелеріне байланысты міндетті нормалардан құралған нормативтік акт.

    Заңның түрлері:

    1) Конституция – бұл басқарудың жəне мемлекеттік құрылымның нысанын, сот əділдігі жүйесін анықтайтын, конституциялық құрылымды, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін негізгі саяси-құқықтық акт; Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

    Болжалды қолданылу мерзіміне қарай Конституция тұрақты және уақытша Конституцияларға бөлінеді. Уақытша Конституциялар елдің түпкілікті конституциялық құрылымын әзірлеу қажет болатын өтпелі кезеңде қабылданады. Кейде уақытша Конституция көптеген жылдар бойына қолданыста болады. Керісінше, тұрақты Конституцияның қолданылу уақыты өте қысқа болуы мүмкін. Қазіргі әлемдік тәжірибеде жаңа Конституция қабылдаудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, Конституцияны парламент, құрылтай жиналысы, референдум қабылдайды немесе аралас тәсілдермен қабылданады. Украинаның, Молдованың, Грузияның, Өзбекстанның қолданыстағы Конституциялары парламенттік жолмен қабылданды. Болгарияның, Румынияның, Камбоджаның, Бразилияның, Колумбияның Конституциялары Құрылтай жиналысында қабылданды. Қазақстанның (1995 жылғы), Ресейдің Конституциялары, сондай-ақ Беларусьтің Негізгі Заңының қазіргі редакциясы мемлекет басшысының басшылығымен әзірленіп, бүкілхалықтық референдумда қабылданды. Арменияның, Әзербайжанның, Литваның, Тәжікстанның Конституцияларын парламент қабылдап, кейін референдумда бекітілді.

    1995 ж. 30-тамызда өткізілген бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы — конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірген Ата Заң, яғни мемлекетіміздің Негізгі Заңы болып табылады. Ол кіріспеден және 9 бөлімнен (98-баптан) тұрады.

    2) конституциялық заңдар – Конституциямен көзделген жəне онымен байланысты мəселелерге қатысты қабылданады; Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң. Үйреншікті заңдар - бұған жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.

    3) жай заңдар – бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, əлеуметтік, рухани жақтарына арналған ағымдағы заңнама актілері. Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады.

    Заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы; Заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;

    Заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заң актiлерiнiң негiзiнде және соларды орындау үшiн шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;

    Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу формасында заңға сәйкес актілер үлкен мәнге ие. Заңға сəйкес актілер – бұл заң нормаларынан құралған, заңдардың негізінде жəне оларды орындау мақсатында қабылданған актілер. Оларға мыналар жатады:

    1) Президенттің құзыреті шегінде қабылданған жарлықтар мен өкімдер;

    2) Парламенттің құзыреті шегінде қаабылданған қаулылар мен өкімдер;

    3) мемлекеттік аумақтық жəне жергілікті органдардың (өкілдік органдар мен əкімшілік органдар) актілері – мемлекеттік билік пен басқарудың аумақтық органдары немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайды жəне осы аумақта өмір сүріп жатқан барлық тұлғаларға таралады;

    4) ведомстволық актілер – белгілі бір органның құзыреті шегінде қабылданады жəне осы ұжымның мүшелеріне ғана таралады.

    Құқықтық нормалардың өздеріне тән арнайы құрылымы болады. Құқықтық нормалардың құрылымын танудың теориялық және тәжірибелік мәні өте зор. Оны меңгеру, білу арқылы заңгерлер құқықты қолдану процесі қызметінде кеңінен пайдаланады.

    3.Құқықтық норманың құрылымы дегеніміз - қисынды мағынамен оның ішкі мазмұнының элементтерін айқындап көрсету.

    Заң нормаларының түрлері:

    1) реттеуші жəне құқық қорғаушы;

    2) құқық беруші, тыйым салушы жəне міндеттеуші;

    3) императивтік жəне 4) диспозитивтік нормалары.

    Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма.

    Құқық қорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.

    Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.

    Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма.

    Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма.

    Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын жəне құқық субъектілерінің қалауларынан тəуелсіз түрде әрекет ететін норма.

    Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.

    Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция жəне санкция.

    Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету. Бұл үлгінің сөздік кестесі мынадай: «егер… , онда… , бұлай болмаған жағдайда…». Мысалы, займ шарты жазбаша нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Логикалық түрде бұл норманы былай құруға болады: егер займ шарты бекітілетін болса, онда ол жазбаша түрде жасалуы тиіс, бұлай болмаған жағдайда, шарттың күші болмайды.

    Құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасы. Құқық нормасы мен нормативтік акт бабы бір ұғымдар емес, көп жағдайларда олар сəйкес келмеуі де мүмкін. Құқық нормасы – бұл гипотезадан, диспозициядан жəне санкциядан құралған жүріс-тұрыс ережесі, ал заңшығармашылық актісінің бабы – бұл құқық нормасының жүзеге асырылу құралы, мемлекеттің ерік білдіру нысаны. Құқық нормасы нормативтік акті бабының мазмұны болып табылса, бап құқықтық норманың нысаны болып табылады. Олардың арасындағы байланыс əртүрлі сипатқа ие.

    Жүріс-тұрыс ережесін бекіте отырып, заңнама құқық нормасының логикалық құрылымының үш элементін де нормативтік актінің бір бабына енгізуі мүмкін,бір бапқа бірнеше құқық нормасын енгізуі де мүмкін.

    Кейбір жағдайда құқық нормасы элементтерін əр түрлі нормативтік актілердің бірнеше баптарында немесе бір нормативтік актінің бірнеше баптарында көрсетуі мүмкін. Көрсету тəсілдері бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатынасының үш түрі болады:

    А) тікелей тəсіл – құқық нормасы нормативтік акт бабының өзінде тікелей көрсетіледі;

    Ə) сілтемелі тəсіл – нормативтік акт бабы норманы толығымен ашпастан, осы актінің басқа бабына сілтеме жасайды;

    Б) бланкеттік тəсіл – нормативтік акт бабы нақты бір бапқа емес, белгілі бір нормативтік акті түріне сілтеме жасайды.

    Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің тәртібі, өзінің сипаты және мазмұны бойынша үйлесуі керек. Сөйтіп, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің жүйелік жиынтығын құру қажет.

    Сондықтан, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу тәртібінің бірнеше талаптары бар:

    • Уақыттылық

    • Тұрақтылық

    • Толықтылық

    • Ішкі үйлесімділік

    Бұл талаптарды орындау мемлекеттік-басқарушылық құбылыстарды, процестер мен қатынастарды ретке келтіруге себебін тигізеді.

    Уақыттылық – құқықтық нормалардың дер кезінде қабылдануы және оның мағынасының өзектілігі.

    Тұрақтылық – құқықтық нормалардың дұрыс таңдалып, мемлекеттік орган мен лауазымдық мәртебесінің жағдайын түсінуге, тануға, іс жүзінде қолдану мен бағалауға адам мен қоғамға мүмкіншілік береді.

    Құқықтық норманың көбісі толықтығы мен ішкі үйлесуіне тәуелді. Мұнда ең дұрысы үлкен кешенді құқық актілерін құру жолын ұстанған жөн. Сонда басқаруға тән белгілер толықтай құқықпен ресімделуге мүмкіншілік алады.

    Мемлекеттік басқару элементтеріне оның мәні мен алатын орнына байланысты мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрылымы сәйкес келуі керек. Осыған орай мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің құрылымына мыналар кіруі қажет:

    • Заң шығарушылық реттеу. Мұнда мемлекеттік басқару элементтерінің қарпайым түрлері анықталады.

    • Жергілікті органдар арқылы мемлекеттік басқарудың бірнеше элементтерінің нормативтіқ анықтамасы.

    • Атқарушы биліктің жалпы және арнайы органдары жүргізетін басқару процесін ішкі-жүйелік нормалармен реттеу.

    • Аумақ шеңберіндегі өзін-өзі басқаруды реттеу.

    • Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, қадағалайтын және құқық қорғау органдары мен басқару процесін құқық қорғау арқылы реттеу.

    Қорытынды

    Нормативтік актілер əрекет етудің уақыттық, кеңістіктік жəне субъектілік шектеріне ие:

    1. Нормативтік актілердің уақыттағы күші олардың күшіне енген сəтінен бастап қүшін жоғалтқан сəтіне дейін таралады. Актілер не оларды қабылдаған сəттен бастап, не нормативтік актінің өзінде немесе оның күшіне енуі туралы арнайы актіде көрсетілген уақыттан бастап, немесе оларды жариялаған сəттен бастап белгілі бір мерзім өткеннен кейін күшіне енеді. Актілер оларды қабылдауда көрсетілген əрекет ету уақыты өткеннен кейін, не олардың орнына жаңа акт қабылданған жағдайда, не нақты бір органның осы актінің күшін жою туралы тікелей нұсқауы негізінде өз күштерін жояды.

    Нормативтік актілердің уақыттағы күшіне байланысты жалпы ережелердің ішінде екі ерекше ереже бар:

    а) заңның кері күші – жаңадан қабылданған нормативтік актінің өз күшін бұл акт заңды күшіне енгенге дейінгі қатынастарға таратуы. Жалпы ереже бойынша, заңның кері күші болмайды, алайда, заңның кері күшті иеленуі екі жағдайда болуы мүмкін: егер заңның өзінде бұл аталып өтсе немесе заң жауапкершілікті жеңілдетсе немесе жойса;

    ə)жаңа заңдағы арнайы көрсету бойынша өз күшін жойған заңның жекелеген мəселелерге қатысты күшін сақтап қалуы.

    2. Нормативтік актілердің кеңістіктегі күші олар таралатын аумақпен анықталады. Мемлекеттің аумағы ретінде мемлекеттік шекаралар ішіндегі оның құрлықтағы жəне судағы кеңістігі, олардың үстіндегі ауа кеңістігі, жер қойнаулары, сонымен қатар, шетелдердегі елшілік өкілдіктердің аумақтары, ашық теңіздегі əскери жəне сауда кемелері, мемлекеттің аумағынан тыс жерлерде ұшып жүрген ұшақтар танылады. Бұл мəселені қарастыру кезінде мынаны ескерген жөн: заңның белгілі бір кеңістікке немесе тұлғаларға таралмау тəртібі эксаумақтық деп аталады.

    3. Заңның тұлғалар шеңбері бойынша күші нормативтік талаптардың белгілі бір актінің əрекет ету аумағындағы барлық тұлғаларға таралуын білдіреді. Алайда, бұл ережеден де ауытқушылықтар бар:

    а) мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, елшілік жəне консулдық өкілдіктердің қызметкерлері эксаумақтық құқығына ие жəне оларға қылмыстық заңнаманы жəне əкімшілік құқықбұзушылықтар туралы заңнаманы бұзғандығы үшін жауапкершілік жəне мемлекеттік мəжбүрлеу шаралары қолданылмайды;

    ə) кейбір нормативтік актілер, мысалы, қылмыстық жауапкершілікті көздейтін актілер, азаматтарға, олардың қай жерде жүргеніне жəне олардың шетелдік заңнама нормаларына сəйкес жазаны өтегеніне қарамастан, таралады;

    б) мемлекет аумағында өмір сүруші шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар құқықтар мен міндеттердің кең шеңберін пайдаланатынына қарамастан, кейбір жағдайларда құқықтар мен міндеттерді иелене алмайды. Мысалы, олар қарулы күштер қатарында борышын өтемейді, мемлекеттік билік органдарына сайлана алмайды жəне сайлауға қатыса алмайды.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыздың № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, 24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 ж. 11 қараша

    21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б.

    Семинар сабағының жоспары:

    Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікірталас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

    Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу мәселелерін зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

    1. Мемлекеттік биліктің негіздері

    2. Мемлекет пен қоғам және оның азаматтарының арасындағы байланыс

    3. Мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы байланыс

    4. Мемлекет пен қоғамдық-саяси ұйымдардың арасындағы байланыс

    5. Орталық және жергілікті атқарушы органдардың арасындағы басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеудің мәні мен маңызы

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

    1. Тақырып сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындалу.

    2. Тақырыптарға жазбаша жауап беруге дайындалыңыз:

    “Құқықтык реттеу – мемлекет пен қоғам арасындағы басқару қарым-қатынасы”.

    “Құқықтық реттеу – мемлекет пен азаматтар арасындағы басқару қарым-қатынасы”.

    “Құқықтық реттеу – мемлекет және қоғамдық-саяси ұйымдар арасындағы басқару қарым-қатынасы”.

    “Құқықтық реттеу – орталық және жергілікті басқару ұйымдарының арасындағы басқару қарым-қатынасын реттеу”.

    1. “Құқықтық реттеудің тиімділігі және оны арттыру жолдары” тақырыбының таныстырылымына дайындалу.

    2. Кейсті талқылауға дайындалу: Қарашығанақ кен орны: шикізатты қазу және аршыған ортаны сақтау проблемасы.

    Кейс “шикізатты қазу және қоршаған ортаны қорғау проблемасы”

    Кен орнын игеру тарихы. Қашаған ең бай кен орны, мұнда мұнай газконденсатының өте бай қоры бар. Батыс Қазақстан бөлігінде Ресеймен шектес орналасқан. Оның аумағы 30 мың га, 1200мың тонна мұнай және конденсат, 1350 млрд текше газы бар. Мұнай қоры мен газдың тереңдігі 3600 м-ден 5150м-ге дейін, мұнай мен газды 1984ж , Ресей Федерациясы Орынбор мұнай газ өңдейтін зауытына 130км құбыр арқылы жіберуді жоспарлаған.

    Қашаған кен орнын игеру үшін 1992ж басында, Қазақстан Үкіметі тендер жариялады. Кен орнын игеру үшін біріккен кәсіпорындар құрылып, “Алжит” “Бритиш газ” арқылы мұнайды шығару келісімі талқыланды. 1997ж тамызда “Тексако” компаниясы жобаның 20% бөлігін, “Аджит”-32,5% , ағылшындық “Бритиш газ”-32,5%, америкалық “Тексако”-20%, Ресейлік “Лукойл”-15% бөлігін иеленді.

    1997ж қарашасында Қазақстанда Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг құрылды және тіркелді, RUO ұйымының бір бөлігі болып есептелді. Бұл ұйымның штаб пәтері алдынғы кезде Лондонда орын тепсе, содан кейін Ақсай кен орнын игеруді одан әрі ұлғайту, өндірістік қуатын арттыру үшін Қазақстанға қоныс аударды. Қазақстан үшін Қашаған жобасы өте маңызды. Республика табысы үшін өте маңызды, салық және бюджетке түсетін түсімі 80% құрайды,бұл 80млрд АҚШ доллары.

    Мұнай газ кен орнын игерумен бірге экологиялық проблемалар туындады. Қоршаған ортаға жыл сайын 3 млрд өндірістік зиянды заттар шығарылса, 500км ағынды сулар, және 1 млрд аэрозольдар қауіп туғызады. Ауаны ластаушылар жағымсыз әсер етеді, денсаулықты, нашарлатып, құрылыстар бұзылады, зиянды бактериялар көбейеді. Күнделікті тәжірибе көрсеткендей газдың жануы эколоғияға көп зиян келтіреді. Жыл сайын қоршаған ортада қышқылдық көбеюде, бұл өсімдіктерге, жануарларға, топыраққа өте зиянды. Олардың болуына мұнайлы кешеннің де үлесі бар. Жыл сайын Республикада 800 млн текше метр ілеспе мұнай газ жағылады. Сұйық өндірістік қалдықтар қоршаған ортаға әсер етеді. Олар көлдер мен топырақтарды бүлдіреді, булану арқылы атмосфераға жайылады. Мұнай алу, газдалған скважиналар және құралдар, мұнай мен газды бірнеше сепарациялау, мұнайды сақтайтын орындар және басқа агрегаттар қоршаған ортаны ластайтындар болып саналады.

    Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг төмендегідей табиғатты қорғау жұмыстарын жүргізуге тиіс:

    • стансаны пайдалануға беру;

    • зерттеу үшін скважинаны қолдану;

    • газды жағу кезінде ГП-3 газсыздандыру;

    • әсіресе елді мекенді жерде ауаны ластаудың техногендік сипаты бар қоршаған ортаны ластауды азайту үшін, скважинаны жағу кезінде қолайлы метео жағдай жасау.

    • өндірістік мониторинг өткізу.

    Сонымен бірге Қарашығанақ мұнай газ конденсаттық кен орындарының қоршаған ортаны ластау жағдайы үдемелі түрде дамуда.

    Кен орнының аймағында 10 елді мекен орналасқан, оның ішінде Березовка елінің солтүстігінде кен орнының санитарлық-қорғау аймағы орналасқан, бұл адам өміріне қауіпті жағдайдың болуы мүмкін экологиялық жағдайды сипаттайды. Кей кезде күкірттің көбеюі белгілі болып тұрады, (Березовка е.м. 8-° минут кейін, ал е.м.Тунгушта 8-15 мин). Елді мекеннің халқына қауіп кезінде ешқандай жағдай жасалмайды, ал онда 2 мың адам тұрады. Уақытында халықты көшіретін кезекші көлік жоқ, күкірт сутекті хабарлайтын, көрсеткі (датчик) орнатылмаған.

    Қоршаған ортада жүргізілетін мониторингтің нәтижесі. ИПЦ «Казгидролис» Зетрханасы жүргізген мониторингтің нәтижесі бойынша анықтаған, кен орнын қарқынды түрде игеруге байланысты 1998ж концентраттың көбейгені анықталған.

    Соңғы екі жылда елді мекендегі, ауадағы концентрат 2,0 көбейген және 0,7 ПДК құрады.

    Ауаға тарайтын зиянды заттардың көбеюі байқалды, бұл негізінен кен орнын пайдалану мен мұнайды алуға байланысты. Ақсай, қала маңы атмосфераны тұрақты түрде бақылайды, көмірсутектің мөлшері 0,12 ПДК. Көмірсутектін топырақты ластауы жыл сайын көбеюде: 1998-0,1999-1,0 2,0 ПДК, 2001-2,2-3,9 ПДК.

    Тунгуш, Жарсуат және Қанай ауылдық аймақтарының жерін ішінара зерттеу кезінде топырақтын ластануы артқандығы байқалды, көмірсутегі 9,3-21,3 ПДК деңгейінде. Белгілі жағдайда жұмыс жүргізілмеуге байланысты ауыл шаруашылық өнімінің шығымы азаюда, судың құрамы нашарлауда. Адамдардың өмір сүру деңгейінің нашарлауы және қоршаған ортаның қарқынды түрде ластануына байланысты Тунгуш және Березовка елді мекендерін санитарлық-қорғау аймағынан шығару мәселелері көтерілуі керек.

    Қоршаған ортаны ластау туралы жергілікті атқарушы органдардың іс шаралары.

    Қоршаған ортаны қорғау басқармасы 2002ж кесте жасағанда, онда кен орнынан шығатын улы заттардан сақтайтын полигон салу көзделген болатын. Батыс Қазақстан облысының және атқарушы органдары санитарлық –қорғайтын аймақты қалпына келтіру туралы бірнеше ескертулер жасаса да, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг әр түрлі сылтаулар айтып, шешімді ұзақ мерзімге қалдыруда.

    Республикалық және аймақтық органдар, қоршаған ортаны, қорғау комитеті мен жергілікті ұйымдардың басшылармен бірнеше рет кездесу өткізсе де санитарлық-қорғау аймағын қалпына келтіру туралы шешім және ақшалай компенсация кейінге шегерілуде.

    Нақты практикалық шешім қабылданса да Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг осы проблеманы шешуді барынша орындамауға тырысуда.

    Талқылауға арналған сұрақтар

    1. Сіздің көзқарасыңыз бойынша жергілікті басқару органдары мен бизнес арасындағы жағдайды қалай деп бағалауға болады?

    2. Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг пен үкімет органдары қоршаған ортаны қорғау үшін не жасауы керек?

    3. Қазақстанда өзінің бизнесі шеңберінде не жасауы керек ?

    4. Аймақтағы экологиялық проблеманы шешу үшін қандай жолды ұсынар едіңіз?

    Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дайындалу кезінде ұсынылған әдістерді негізге алыңыз. Ойланыңыз, «Мемлекетті басқару теориясы» пәнінің құқықтанумен өзара байланысын, құқықтану пәнін, әдісін,формасын, реттеу орнын, бұл категориялардың әр түрлі айырмашылықтарын ойға түсіріңіз.

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу тәсілі, оның ішінде мемлекеттік басқару органдарының реттеуі жоғарыдан төменге дейінгі билік – императивтік бастау арқылы жүзеге асады, бұл қалай аталады:

    А) субординациялау тәсілі

    В) үйлестіру тәсілі

    С) орталықтан ажыратылған және диапозитивті реттеу тәсілі

    Д) оңтайлы қатынастар тәсілі

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    2. Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттеу тәсілі, оның ішінде құқықтық басқару, келісушілік, келлісөздер жүргізу, екі жақты актілер жасау және төменнен жасалған бастаманы қолдау сияқты жолдармен іске асады, бұл қалай аталады:

    А) субординациялау тәсілі

    В) оңтайлы қатынастар тәсілі

    С) үйлестіру тәсілі

    Д) орталықтандырылған және императивті реттеу тәсілі

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    3. Құқықтық реттеу тәсілдеріне жатпайды:

    А) оңтайлы қатынастар тәсілі

    В) тыйым салу

    С) рұқсат ету

    Д) ерік беру

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    4. Құқықтық реттеудің ең мықты тәсілі:

    А) тыйым салу

    В) рұқсат ету

    С) ерік беру

    Д) оңтайлы қатынастар тәсілі

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    5. Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде қолданылатын, реттеуші нормалар:

    А) міндеттейтін,тыйым салатын және рұқсат ететін нормалар

    В) қорғайтын нормалар

    С) арнайы жасалған нормалар

    Д) декларативті нормалар

    Е) барлық жауаптар дұрыс

    6. Төменде берілген анықтамалардың қайсысы заңға қатысты емес:

    А) Заң – бұл заңдық акт, құқықтық жүйеге заңдық нормаларды енгізуде, оларды қабылдамау немесе өзгертуде тіркелетін құқықтық әрекеттер

    В) Заң – бұл мемлекеттік биліктің жоғарғы орындары бекіткен, өте қатал анықталған акт

    С) Заң – бұл нормативтік акт, белгілі бір орган ішінде шығатын және сол орта адамдарына ғана таратылады

    Д) Заң – бұл жоғары заңды күшке ие акт

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    7. Ағымдағы заңдағы әртүрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани өмірге арналған актілер былай деп аталады

    А) Президенттің нұсқауы мен жарлығы

    В) қылмыстық құқық

    С) конституциалық заңдар

    Д) жай заңдар

    Е) азаматтық құқық

    8. Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық орган актілері (көрсетілген және әкімшілік органдар):

    А) белгілі аумақтағы мемлекеттік билік және басқару немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары шығарады, сол аумақта тұратын адамдар арасында таратылады

    В) бір орган ішінде шығады және сол орта адамдарына ғана таратылады

    С) Президент шығарады

    Д) Үкімет шығарады

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    9. Заңның кері әрекеті:

    А) өз күшін жоғалтқан заң, жаңадан шығарылған заңның арнайы нұсқауы бойынша басқа жеке сұрақтарға қатысты өз қызметін жалғастыра алады

    В) барлық заңдарға таралады

    С) бұл – қайта қабылданған нормативтік акт, өзінің заңды күшіне енгенше пайда болған әрекетін қайта іске қосады

    Д) өз күшін жоғалтқан заң, жаңадан шығарылған заңның арнайы нұсқауы бойынша басқа жеке сұрақтарға қатысты өз қызметін жалғастыра алады

    Е) барлық жауаптар дұрыс

    10. Нормативтік актілердің кеңістіктегі әрекеті:

    А) осы, не басқа акт – территориялық аумақта барлық адресаттарға нормативтік талаптардың таратылуы дегенді білдіреді

    В) олар таратылатын тұлғалар ортасымен анықталады

    С) өздері таралатын аумақ арқылы анықталады

    Д) ”тұлғалар шеңберіндегі заңның әрекеті” терминінің синонимі

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    7-ТАҚЫРЫП. қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының жүйесі

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: ҚР мемлекеттік құрылымының ұғымын және түрлерін қарастыру арқылы Ел Президентінің Конституциялық мәртебесін, Парламент өкілеттілігін оның құрамы мен құрылымын, мемлекеттік басқарудағы заң шығарушы, атқарушы сот билігінің рөлін қарастыру.

    Дәріс жоспары:

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының ұғымы және түрлері

    2. Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық мәртебесі

    3. Парламенттің өкілеттігі, құрылымы және құрамы

    4. Мемлекеттік басқарудағы заң шығарушы, атқарушы, сот билігінің рөлі

    Негізгі түсініктер: Сенат, мәжіліс, мемлекеттік аппарат, жүйенің біртұтастылығы, биліктің бөлінуі, демократизм, Конституциялық заңнама, Конституциялық Кеңес, Депутаттық бірлестік, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Есеп комитеті, Министрлер кабинеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттік қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттік комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк

    Тақырыптың мазмұны.

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аппараты бүтiндiк және күрделi жүйеде сипатталатын барлық белгiлерден тұрады. Осылайша, ол дербес жүйе бола тұра, өз кезегінде бірнеше элементтерден тұрады. Бұдан басқа, мемлекеттiк аппаратқа (бөлiмшелер) құрылымдық элементтердiң бiртұтастылығы, iшкi келiсушiлiк қасиеттері тән. Бұл қасиеттер өз кезегінде құрылымға ұйымшылдық және реттiлiктi береді. Егер жүйеде бір-бірімен байланысты біртұтастылықты құраушы элементтер көп болатын болса, онда Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты дәл осындай жүйені қарастырады.

    Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты - заңнамада бекітілген бірыңғай қағидалар мен билік бөлінісі негізінде құрылған және қажетті материалдық құндылықтармен қамтамасыз етілген мемлекеттік органдар жүйесі. Мемлекеттік аппарат билігі қарулы күштер мен түрлі күштеу құрылымдарына сүйенеді. Осындай біртұтас жүйеде мемлекеттік органдардың әртүрлі топтары мен тарамдары өзара қарым-қатынаста әрекет ету арқылы мемлекеттің жалпы міндеттері мен қызметін іске асырады.

    Берілген анықтама 2 негізден тұрады.

    Ең алдымен, мемлекеттік аппараттың құрылымы мемлекеттің функциялары мен тарихи дәстүрлер шеңберінде түзілген. Бұл мағынада мемлекеттің құрылым жүйесі объективті. Мемлекеттік ұйымды дамытуда заңдылықтарды есепке алусыз, өз бетімен жұмыс жасауға, құруға болмайды. Жаңа мемлекеттік органдарды құру кезінде және бұрынғы мемлекеттік органдарды реформалауда құрылған жүйеге сай емес сұрақтарды шешуде заң шығарушы еркіндікке ие емес. Бұл процессте субъективті факторлар да қатысады. Бұл жоспар бойынша объективті түрде мемлекеттік құрылымдар жүйесі Қазақстан Республикасы үшін тарихи дәстүрлерге оралу болып табылады. ҚР Конституциясының 49 және 50-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті екі палатадан тұрады: Сенат және Мәжіліс. Орталықтандырылған демократиялық принцип бойынша құрылған Халық депутаттары кеңесінің орнына, қазіргі таңда жергілікті өкілетті органдар (облыстық, қалалық, т.б.) жүйесі қызмет етуде. Мемлекеттік органдар жүйесі мемлекеттік ұйымды жетілдіру жолында бірнеше методологиялық әдістерді іздейді.

    Мемлекеттік аппаратқа тиесілі жүйелілік басты негізі болып табылады. Ол өз тағайындалуы, ерекшеліктері, құрылым қағидалары бойынша біртұтас болып келеді. Мемлекеттік ұйымды мемлекеттік органсыз елестету мүмкін емес.

    Жүйенің бірлігі (біртұтастылығы), Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымдарының, Қазақстан Республикасының көп ұлтты халқының мемлекеттік еркімен негізделген. Референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік органдар жүйесін және оның өкілеттіктерін бекітеді. Конституция бойынша мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық екендігі айтылған. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.

    Биліктің бөлінуі бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесінің теориялық және заң шығарушылық негізі болып табылады. Конституциялық құқық теориясы бұл қағиданы кең мағынада Қазақстан Республикасының мемлекеттік демократиялық көрсеткіші ретінде қарастырады. Кеңестік мемлекеттік құқық биліктің бөлінуін теріске шығарды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша: мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiнеді, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.

    Биліктің бөліну қағидасы мемлекет функциясымен негізделеді. Сонымен қатар өзара бақылау және өкіметтің шектеуі қажет. Осы аталған шарттарды ескере отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесі айқын түрде жұмыс жасайды. Сонымен қатар біржақты бақылау және билік шегі болуы қажет. Бірақ биліктің бөлінуін көздеген мақсат ретінде қарастыруға болмайды. Ол тек қана мемлекеттік органдардың функционалдық жүйесі ғана емес, сонымен қатар барлық билік тармағының жемісті ынтымақтастығы болып табылады. Мұндай ынтымақтастықтан бас тарту мемлекеттік биліктің барлық жүйесінің ыдырауына алып келеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесінің тұрақтылығы мен оның қағидалары заңшығарушылық реттеуіштермен тікелей байланысты.

    ҚР мемлекеттік органының демократиялық жүйесі бойынша, Қазақстан Республикасы – ол сенімді өмірді және халықтың еркін дамуын қамтамасыз ететін шарттар жасауға бағытталған әлеуметтік мемлекет. ҚР демократиялық және әлеуметтік маңызы, мемлекеттің құрылым жүйесіне кіреді. Демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің әрбір органы мен оның жүйелері қоғам мен адамзатқа қызмет етуге шақырады. Сонымен бірге жалпы адамзат құндылықтары аймақтық және топтық құндылықтар алдында басты мәнге ие болуы керек.

    Оларды құрастыру реті, ҚР-ның мемлекеттік органдар жүйесінің демократизмі, олардың қызмет қағидаларымен айқындалады. Қазіргі таңдағы мемлекеттік органдар демократиялық тәсілмен құрылу шарты - сайлау болып табылады. Осылайша, Қазақстан Республикасының Президенті, барлық мемлекеттік орган өкілеттіктерінің депутаттары және жергілікті басқару органдары Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес негізде барлығына ортақ, тең жүргізілетін сайлау құқығы, құпия дауыс беру арқылы сайланады.

    Мемлекеттік органның демократиялық жүйесі сайлаушылар алдындағы өкілеттік органдардың депутаттарының есептілігімен қарастырылады, ал барлық деңгейдегі лауазымдық тұлғалар Қазақстан халқы мен еңбек ұжымының алдында қарастырылады. Конституциялық заңнама - мемлекеттік органның мемлекеттік-құқықтық жауапкершілігін қарастырады. Ол мемлекеттiк қызметтен мемлекеттiк құрылымды қысқарту және лауазымды тұлғаны жұмыстан шығаруымен айқындалады.

    ҚР мемлекетінің мемлекеттік аппаратының ішкі бірлігі мемлекеттік органдардың түрлері бойынша оны құрама бөліктерге бөледі. Мұндай саралау әртүрлі негізде жүргізіледі, олар функционалды түрде бір-бірімен біртұтас жүйе ретінде байланысты.

    Мемлекеттік аппараттың әрбір бөліктері бойынша біртұтас бөлімшесі тек қана дұрыс сипаттамалық жіктеу бірлігінде алынады.

    Мемлекеттік аппараттың жеке түрдегі органдарына бөлінуі, автордың мемлекеттік ұйымдардың қандай жіктелген өлшемдерді негізге алатындығына тәуелді. Конституциялық құқық ғылымы кеңестік мемлекеттану ғылымының жетістігімен негізделген. Ол бірмезгілде, уақытта мемлекеттік-құқықтық ойларды ескеру жағдайында, жаңаша қорытынды жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар бұл құқықтың саласы мемлекеттік құрылымдар жүйесінің басты қағидаларын бекітуге шақырады. Басқа құқық салаларының қатынастарын дамыту және оны реттеу оның басты мазмұны болып табылады. Осылайша, конституциялық құқық ғылымынан басқа, мемлекеттік органдар әкімшілік және азаматтық құқық ғылымы түрлеріне бөледі. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң, халықаралық шарттары мен Республиканың басқа да мiндеттемелерiнiң, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесiнiң және Жоғарғы Соты нормативтiк қаулыларының нормалары болып табылады. «Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысымен берілген түсініктемені, ҚР Конституциялық Кеңестің 1996 жылғы 28 қазандағы № 6/2  Қаулысын және ҚР Конституциялық Кеңестiң 1997 жылғы 6 наурыздағы № 3 қаулысын  қараңыз

    Конституциялық құқық ғылымында біртұтас мемлекеттік аппарат ұйымы, біріншіден – ҚР мемлекет құрылымының формасымен, ал екіншіден биліктің бөліну қағидасымен негізделеді. Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болғандықтан, мемлекеттік құрылымдарды ортақ жүйеге алуы керек.

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының жалпы жүйесіне ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, министрліктер және агенттіктер, жалпы республикалық ведомстволар кіреді. Сонымен қатар бұл жүйеге ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Прокуратурасы кіреді. Сондай-ақ олардың құрамына жалпы юрисдикциялық соттар, әскери қызметкерлер, жергілікті прокуратура, жергілікті атқарушы органдар кіреді.

    Сонымен қатар жалпы жүйеге басқарушылық құрылымдар - әкімшілік мемлекеттік ұйымдар да жатқызылады. Республика мәртебесі мен мемлекеттік органдар жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясымен анықталады. Барлық мемлекеттік органдар өз принциптеріне сай заңшығарушылық, атқарушылық, сот билігіне бөлінеді.

    Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы болып табылады. (ҚР Конституциясының 49-бабына сәйкес)

    Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. (ҚР Конституциясының 64-бабына сәйкес).

    Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

    Қазақстан Республикасының Соттық жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясы және конституциялық заңдылықтар арқылы ұйымдастырылады. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

    2.Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық жайы туралы ҚР Конституциясының ІІІ бөлімінде айтылады. Президент - мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн ең жоғары лауазымды тұлға.  Қазақстан Республикасының Конституциясына сай Республика Президентi - халық пен мемлекеттiк билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының, мемлекеттiк билiктiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi, халық пен мемлекеттiң атынан сөйлеу құқығы берiледi, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi болып табылады.

    Мемлекеттік билік пен мемлекетті басқаруда ең жоғарғы органдар жүйесінде Президенттің алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасында мемлекет басшысының орны Үкімет басшысының орнымен қатар жүргізілмейді. Сондықтан да, осы қасиеттерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Президенті кең түрде конституциялық заңдылықтарға сай, еркін түрде билік жүргізеді.

    Жалпы халықтық сайлаумен қабылданған Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясы президенттік басқару жүйесін бекіткен болатын. Сонымен бірге әлеуметтік жоспарда Президенттің конституциялық-құқықтық мәртебесі қажет.

    ҚР Конституциясының 40-бабы бойынша Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Республика Президентi болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс.

    2011 ж. 02.02. № 403-IV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырПрезиденттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайын­да­лады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.

    алынып тасталдыДауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.

    Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күнiнен бастап бiр ай iшiнде ант бередi. Президенттің өкілеттік мерзімі — 7 жылға белгіленеді.

    Қазақстан Республикасының Президентi: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiне жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн», - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.

    Ант беру қаңтардың екiншi сәрсенбiсiнде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң қатысуымен өткiзiледi.

    Ел Президентіне куәлік, арнайы құрмет белгісі – төсбелгі мен байрағы ұсынылады.

    Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы – мемлекет басшысының жоғары лауазымдық белгілерінің бірі. ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айырым белгілерінің ресми пайдаланылуы тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес ресми айырым белгілері мен орналасатын жерлері белгіленді. Ол көгілдір түсті (мемлекеттік тумен түстес), тікбұрыш нысанындағы ені мен ұзындығы үштен екіге сәйкес келетін кездеме. Ортасында қанатты барыстың үстінде оң қолын жоғары көтеріп отырған сақ дәуірінің жас көсемі алтын шеңбер ішінде бейнеленген. Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Сабына ҚР Президентінің мемлекеттік тілде тегі, есімі мен әкесінің аты және сайланған уақыты өрнектеліп жазылған күміс тақтайша бекітіледі.

    Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы үнемі Елбасының жанында болады және шет елге сапарға шыққанда бірге алып жүреді.

    Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Оны ресми пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы №2736 «Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы және оның айрым белгілерінің ресми пайдалану тәртібі туралы» Жарлығына сәйкес айқындалған. Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1995 жылғы 1 желтоқсандағы қаулысымен белгіленген.

    1995 жылы 12 желтоқсандағы №2676 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» ҚР заңына сәйкес, «Алтын Қыран» ордені жоғары дәрежелі айырым белгісі болып саналады. Онымен мемлекетке айрықша еңбек сіңірген азаматтар марапатталады.

    Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге беріледі.

    Республиканың Президентi өзiнiң мiндеттерiн атқару кезiндегi iс-әрекетi үшiн тек қана мемлекетке опасыздық жасаған жағдайда жауап бередi және бұл үшiн Парламент оны қызметiнен кетiруi мүмкiн.

    Қазақстан Республикасының Президентi науқастануына байланысты өзiнiң мiндеттерiн жүзеге асыруға қабiлетсiздiгi дендеген жағдайда қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Бұл ретте Парламент әр Палата депутаттарының тең санынан және медицинаның тиiстi салаларының мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзiмiнен бұрын босату туралы шешiм Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында комиссияның қорытындысымен белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталғаны туралы Конституциялық Кеңес қорытындысы негiзiнде әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiгiмен қабылданады.

    Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босаған немесе кетiрiлген, сондай-ақ қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына көшедi; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына көшедi; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған ретте ол Республиканың Премьер-Министрiне көшедi. Өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған тұлға тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдiң өкiлеттiгiн тапсырады. Бұл жағдайда бос тұрған мемлекеттiк лауазымдарды иелену Конституцияда көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

    3.Биліктің бөлінген-біріккен жүйесіндегі ерекше орын елдегі Қазақстан Республикасының Парламентіне - заң шығарушы билікке тиесілі. ҚР Конституциясының 49-бабында: Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы – деп жазылған.

    Қазақстан Республикасы Парламентінің басты қызметі – заң шығарушы, яғни заңдар және басқа да нормативтік актілерді қабылдау, мемлекет пен қоғам қызметінің нормативтік негізін қалыптастыру. Басқаша айтқанда, ол стратегиялық басқаруға қатысуға және мемлекеттік, қоғамдық өмірдің ұзақ мерзімді стандарттары мен іргелі құндылықтарын тіркеу мен қалыптастыруға мамандандырылады, жедел-басқару, белсенділік пен құқықты қолдану субектілері, мемлекеттің органдардың бастапқы деп танылуы жатады.

    Қазақстан Республикасының Парламенті ҚР Конституциясының 53, 54-баптарына сәйкес оның құзыретіне қатысты барлық сұрақтарды заңдандырады. Бұл сұрақтар біріншіден, Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді

    Егер Парламент әрбір Палатадағы жалпы депутаттардың жалпы санынан үштен екі дауыс берушілері ерте қабылданған шешімді растаса, Призидент жеті күннің ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі: Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы; Республика Президентiнiң, Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерiнiң, Ұлттық Банк Төрағасының, Бас Прокурордың, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Төрағасының кез келген отырыстарға қатысуға және сөз сөйлеуге құқығы бар. Бағдарламадан қайта бас тарту әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен жүзеге асуы мүмкін. Көпшіліктің жоқ болуы Үкімет бағдарламасының мақұлданғанын білдіреді; жалпы санының үштен екісінің дауысымен Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді: соғыс және бітім мәселелерін шешеді; Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Екіншіден, бұл сұрақтар мыналарды анықтайды: ҚР Парламенті палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде: республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды; мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді; рақымшылық жасау мәселелерін шешеді; Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.

    Үшіншіден, ҚР Парламенті әлі қажетті нормативтік тіркеуді алмаған және мемлекет тәжірбиесінде қайта пайда болған сұрақтарға байланысты заң шығара алады. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.ҚР Конституциялық кеңесінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі N 4 қаулысын қараңыз

    Конституция Қазақстан Республикасы Парламентін жоғары өкілдік орган ретінде жариялайды. Сәйкесінше, ҚР Парламенті өзінің қызметтерін атқарғанда еркіндікті, көңіл-күйді, жалпы қоғамның объективті қызығушылықтарын ескеру қажет, Қазақстан халқын ел ішінде де, ел сыртында да таныстыруға міндетті және құқылы, әсіресе, биліктің басқа тармақтарында. Атқарушы, сот, прокурорлық органдардан Парламенттің айырмашылығы ,біріншіден, мемлекеттік аппаратқа емес, азаматтық қоғамға тиесілі. Кәсіби мемлекеттік аппарат және қоғам өзара бір-біріне өзара енеді, және Парламент осы екеуінің енуінің формасы болып қызмет етеді.

    Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылымы

    Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады. (Конституцияның 50-бабы бойынша).

    Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.03.99 ж. № 1/2; 29.11.99 ж. № 24/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз  Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.

    Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады (49, 50-баптар бойынша).2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

    Қазақстан Республикасы Парламентінің екіпалаталық құрылымы аймақтардың, облыстардың халін үйлесімдіруге қалыптастырылған, соның ішінде ең алдымен сенатта көрсетілгендер және Республиканың жағдайын білдіруші, әсіресе, Мәжіліс болып табылады.

    Депутаттық топ – депутаттардың өз өкілеттігін жүзеге асыруға арналған бірлестігі. Депутаттық топтың құрамында Парламенттің кем дегенде он бес депутаты болуға тиіс.  (ҚР Парламенті Сенаты регламентінің 117-бабы). Депутаттық топтарды тіркеу Палата Бюросында жүзеге асырылады, тіркеу келу тәртібімен жүргізіледі және ол тек қана ақпараттық сипатта болады. Депутаттар депутаттық бірлестіктен шыққан жағдайда (және, егер оның құрамында тіркелу үшін қажетті мүшелердің саны аз болса) мұндай депутаттық бірлестік Палата Бюросының қаулысымен өз қызметін тоқтатады. Депутаттық бірлестікке мүшелігін өзгерткен депутат бұл туралы оның бұрынғы және жаңа бірлестігі тіркелген Палатаның Бюросына он күн ішінде хабарлайды. 

    Палаталардың бірлескен отырысында Парламент: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді; Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді; Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы; соғыс және бітім мәселелерін шешеді; Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды; Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды; палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды; Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. (ҚР Конституциясының 53-бабы бойынша).

    Палаталарға жүктелген қызметтер солар үшін құрылған комиссия мен комитеттің қатынасынсыз сапасыз. Қызметкер саны, құрылымы, қызмет бабы, комиссия және комитет мәртебесі палатада өз еріктілігімен орнықтырылады. Шешуші құқығы бар комиссия және комитет құрамында тек депутаттар ғана болады. Комитеттер қызметінің бағдары әр түрлі, олар келесі көрсетілген ортақ мәселелерді шешеді: заңды жобалық жұмыстарға қатысу; өз палатасына қарай алдын-ала сараптама бойынша материал даярлау; ортақ палаталық іс-шара өткізу (парламенттік жиындар және т.б.); дара палаталар шешімінің іс жүзінде жүзеге асырылуы; палатамен немесе ҚР Президентімен ұсынылған қызметке үміткерлерді және мемлекеттік органдар жүйесін қадағалау.

    Қазіргі таңдағы дербес орган - Есеп Комитеті, Палаталардың бірлесіп ұйымдастыру қызметі болып табылады. Ол ҚР бюджетін қадағалап отырады. Екі Палата құрылымына да ортақ болып табылатын Қазақстан Республикасының Депуттаттық тобы – парламенттік дәстүрлерді дамытуды алға қойған, басқа да мемлекет құрылымымен тығыз байланыс орнатуды көздейтін қоғамдық ішкіпарламенттік ұйым болып табылады. Мұндай ұйым әлемдегі көптеген елдерде қызмет көрсетуде, олар КСРО кезінде де өз қызметін жүргізген болатын.

    4.Берілген сұрақта Қазақстан Республикасының атқарушы және сот билігін қарастырамыз. Үкімет – мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы органы. Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қарҮкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi конституциялық заңмен белгiленедi. Үкімет түрлі елдерде түрліше аталуы мүмкін: мысалы, министрлер кеңесі, министрлер кабинеті, мемлекеттік кеңес, т.б. Президенттік республикаларда Үкіметті президент, парламенттік республикаларда және монархияларда — премьер-министр басқарады. Үкімет бір партиялық немесе одақтасқан Үкімет болуы мүмкін. Парламенттік елдерде Үкіметті мемлекет басшысының тапсыруымен бір партиялы парламентте немесе екі партиялы парламенттің төменгі палатасында көпшілік орын алған партияның көшбасшысы (одақтасқан үкіметте — партиялар көшбасшыларының бірі); президенттік республикаларда президент жасақтайды, оның үстіне ол тағайындайтын Үкімет мүшелерінің әрқайсысын парламент (әдетте жоғары палата) бекітуге тиіс. Үкімет мүшелері (министрлер), портфельсіз министрлер, мемлекеттік министрлер, мемлекеттік хатшылар мемлекеттік басқарудың нақты орталық органдарын басқарады, парламенттік елдерде олар міндетті түрде парламент мүшелері болуға тиіс, президенттік, сондай-ақ жартылай президенттік республикаларда министрлік портфель мен депутаттық мандатты қоса алып жүрмеу қағидаты қолданылады.

    Қазақстан Республикасында бұл орган алғашқы кездерде басқаша айтылатын: Министрлер Кеңесі, Министрлер Кабинеті – Үкімет. Қазақстан Ресубликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституциялық Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституциялық заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасының Президентi Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады. Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi. Үкiмет мүшелерi Қазақстан халқы мен Президентiне ант бередi.ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 66-бап өзгертілді

    ҚР Конституциялық Кеңесінің 17.03.99 ж. № 4/2; 12.04.01 ж. № 1/2 қаулыларымен берілген түсініктемелерді қараңыз Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орталық атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

    Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi – республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

    Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген: ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау; мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу; әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру; Республика Президентi белгiлеген тәртiппен республикалық бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру; мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру; баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру; мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу; мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау; мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру; аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi; ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемлекеттік саясатты айқындап, iске асыру; табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру; келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу; сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру; Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы; министрліктерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министр қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; Үкiмет аппаратының басшысын, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қоспағанда, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi; Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау.

    Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс. Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.

    ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуциялық заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы.

    Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн Президенттiң қабылдауы немесе оны қызметiнен босатуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Сондай-ақ, президент өз бастамасымен де Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметтен босатуға хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн және оны жүргiзбей отырған үкiмет мүшелерi атқарып отырған қызметiнен босатылуға тиiс. Министрлiктiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемлекеттік органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемлекеттік органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi. Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады. 

    Орталық атқарушы билiк органдарын ұйымдастырудың және олардың өз қызметiн атқаруының тәртiбi “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” конституциялық Заңмен (18.12.1995), ҚР Үкiметiнiң 1997 ж. 13 наурыздағы 321-қаулысымен бекiтiлген ҚР-ның министрліктері (Мемлекеттік комитетi) туралы үлгi ережемен және әрбiр министрлік, агенттiк, комитет туралы ережелермен реттеледi. Қазақстан Республикасында ұйымдық-құқықтық нысандарда қалыптасып, қызмет атқарып жатқан орталық атқарушы органдар: ҚР-ның министрлiктерi; ҚР-ның агенттiктерi; ҚР министрлiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi болып табылатын комитеттер, департаменттер және басқармалар.

    ҚР-ның Министрлiгi мемлекеттік басқарудың тиiстi саласына басшылық жасайтын, сондай-ақ, заңдарда көрсетiлген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталықтандырылған атқарушы орган болып табылады. Министрлiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта құрады және таратады. Министрлiктiң басшысы болып табылатын министрдi де Премьер-Министрдiң ұсынуымен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрлiктiң жұмысына басшылық жасайды және министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн жауап бередi. Ол лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiредi. Министрлiктiң құрылымы мен штат санын Үкiмет бекiтедi. Министрлiкте министрдiң орынбасарлары (вице-министрлерi), сондай-ақ, министрлiктiң басқа да басшы қызметкерлерi құрамында министр басшылық ететiн алқа – кеңесшi орган құрылады. Алқаның сандық құрамын Үкiмет, ал жеке адамдар құрамын министр бекiтедi. Министр өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен ҚР-ның барлық аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады. Министрлiктiң қызметi тек мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Заң бойынша барлық министрлiктер өзара тең болып табылады және бiр-бiрiне әкiмшілік бағынышты емес, бiрақ олар өздерiнiң жұмыстарын үйлестiре алады, бiрлесiп қызмет атқару немесе әртүрлi құрылымдық бөлiмшелердiң бiрлескен iс-қимылдарын қажет ететiн (мыс., республикалық мақсатты бағдарламаларды iске асыру, қылмыспен күресу, т.б. жөнiндегi мәселелердi шешу туралы) шарттар мен келiсiмдер жасаса алады.

    ҚР-ның агенттiгi де орталықтандырылған атқарушы орган болып табылады. Агенттiктi Премьер-Министрдiң ұсынысымен Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Ол тиiстi мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шекте салааралық үйлестiру мен өзге де арнайы және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады. Агенттiктердiң және Үкiмет құрамына кiрмейтiн басқа да орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкiмет тағайындайды және қызметтен босатады. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы – төраға бекiтедi. Әдетте, оның құрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады. Агенттiк төрағасының жанынан кеңесшi орган – алқа құрылады. Оның құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң құқықтық актiлерi болып табылады. Министрлiктер, агенттiктер мен өзге де орталықтандырылған атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ, оларға құрылымдық жағынан бағынышты мемлекеттік мекемелердiң штат санының лимиттерiн Үкiмет бекiтедi.

    Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттік қызмет жөнiндегi агенттiк, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi мемлекеттік комиссия, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiк, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi үкiмет құрамына кiрмейдi, оларға ҚР Президентiне тiкелей бағынатын және оған есеп беретiн мемлекеттік орган мәртебесi берiлген. Орталықтандырылған атқарушы органның құрылымдық комитеті тиiстi орталық атқарушы органның құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Оны тиiстi орталықтандырылған атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Құрылымдық бөлiмше орталық атқарушы құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн жүзеге асырады, сондай-ақ, салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады немесе мемлекеттік басқарудың iшкi саласына басшылық жасайды. Орталықтандырылған атқарушы орган басшысының ұсынуымен үкiмет бөлiмшенiң басшысын қызметке тағайындайды және оны қызметтен босатады. Оның құрылымын, құзыретiн және басқа мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн үкiмет белгiлейдi.

    Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Өкiлеттiктi доғару туралы мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселені Парламент Мәжілісіне жолданатын жазбаша өтініш арқылы қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.

    Республика Конституциясында көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісі немесе Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.

    Республика Парламентiмен қарым-қатынасы:

    • Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжiлiсiнде жүзеге асырылады.

    • Заң актiсiнiң жобасын енгiзу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады.

    • Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды;

    • Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi;

    • мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;

    • Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi.

    • Республика Президентiн Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы ұдайы хабардар етiп отырады;

    • Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;

    • заң жобасын Парламент Мәжiлiсiне енгiзу туралы Президенттiң тапсырмаларын орындайды;

    • мемлекеттiк бағдарламаларды Президенттiң бекiтуiне ұсынады.

    • Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жөнiндегi жұмыстарының жоспарларын келiседi.

    Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады. Үкімет қаулылары Үкімет мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Республика Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады.

    Премьер-Министр өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.

    Жергілікті атқарушы органдар – жоспарларды, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді. Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

    Егер заңшығарушы және атқарушы конституция көпшілік елдердің бір немесе екі жоғарғы үкіметінің құрылымдарына тапсырылса, онда сот үкіметінің жағдайы күрделірек болады. Ол сот органдарының барлық жоғарғы және төменгі құрылымдарына сүйене отырып тапсырылады. Өзінің жүйедегі орнынан тәуелсіз, әрбір сот құрылымы өз алдына нақты істерді тек қана заңмен және құқықтық сананы негізге ала отырып рұқсат береді. Жоғарғы Сот қана емес, әрбір сот жүйесі сот билігін ұстаушы болып табылады.

    Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. ҚР Конституциялық Кеңесінің 15.02.02 ж. № 1 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қарСот билiгi сотта iс жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен белгiленген өзге де нысандары арқылы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот iсiн жүргiзу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады. 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табылады.

    Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды. Сонымен қатар Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.

    ҚР Конституциясының, 77-бабына сәйкес, судья сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi соттың қызметiне қандай да болсын араласуға жол берiлмейдi, және ол заң бойынша жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.

    Заңды қолданған кезде судья төмендегi принциптердi басшылыққа алуға тиiс: адамның кiнәлi екендiгi заңды күшiне енген сот үкiмiмен танылғанша ол жасалған қылмысқа кiнәлi емес деп есептеледi; бiр құқық бұзушылық үшiн ешкiмдi де қайтадан қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапқа тартуға болмайды; өзiне заңмен көзделген соттылығын оның келiсiмiнсiз ешкiмнiң өзгертуiне болмайды; сотта әркiм өз сөзiн тыңдатуға құқылы; жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттемелер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың керi күшi болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейiн ол үшiн жауапкершiлiк заңмен алынып тасталса немесе жеңiлдетiлсе, жаңа заң қолданылады; айыпталушы өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес; ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгiленген шектегi жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға мiндеттi емес; адамның кiнәлi екендiгi жөнiндегi кез келген күдiк айыпталушының пайдасына қарастырылады; заңсыз тәсiлмен алынған айғақтардың заңды күшi болмайды. Ешкiм өзiнiң жеке мойындауы негiзiнде ғана сотталуға тиiс емес; Қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берiлмейдi. Конституциямен белгiленген сот төрелiгiнiң принциптерi Республиканың барлық соттары мен судьяларына ортақ және бiрыңғай болып табылады. ҚР Конституциялық Кеңесінің 10.03.99 ж. № 2/2; 20.12.00 ж. № 21/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз  

    Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгiнуге мiндеттi.

    Соттар тұрақты судьялардан тұрады, олардың тәуелсiздiгi Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкiлеттiгi тек заңда белгiленген негiздер бойынша ғана тоқтатылуы немесе кiдiртiлуi мүмкiн.

    Судьяны тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттердi қоспағанда, Республика Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгiленген жағдайда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

    Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.

    Судьяның қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге де ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.

    Соттарды қаржыландыру, судьяларды тұрғын үймен қамтамасыз ету республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi және ол сот төрелiгiн толық әрi тәуелсiз жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 81-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

    Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

    ҚР 07.10.98 ж. № 284-1 Заңымен 82-бап өзгертілді; 2007.21.05. № 254-III ҚР Заңымен 82-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасын және судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды.

    Жергілікті және басқа да соттардың төрағалары мен судьяларын Жоғары Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.

    Соттарда конституциялық заңға сәйкес сот алқалары құрылуы мүмкін. Сот алқалары төрағаларына өкілеттіктер беру тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.

    Жоғары Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралады.

    Жоғары Сот Кеңесінің мәртебесі және жұмысын ұйымдастыру заңмен белгіленеді. ҚР Конституциялық Кеңесінің 05.07.00 ж. № 11/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңыз  

    Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

    Республика Прокуратурасы төменгi прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бiрыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкiлеттiгiн басқа мемлекеттiк органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз жүзеге асырады және Республика Президентiне ғана есеп бередi.

    Республиканың Бас Прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкiлеттiгiнiң мерзiмi бес жыл.

    Республика прокуратурасының құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi заңмен белгiленедi. ҚР Конституциялық Кеңесінің 26.12.00 ж. № 23/2 қаулысымен берілген түсініктемені қараңСудья қызметiне кандидаттарға тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататынына, жынысына, саяси көзқарасына, дiни нанымына және өзге де мән-жайларға қарамастан қызметке орналасуға тең құқық қамтамасыз етiледi. 

    Қорытынды

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесінің мәні қазақстандық мемлекеттік ұйымдардың мазмұндарын білдіретін қағидаларда негізделеді. Мұндай қағидаларға мыналар жатқызылады: жүйенің біртұтастылығы, биліктің бөлінуі, демократизм.

    2. Республика Президентi болып:

    1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу пайыздан астамының дауысын алған;

    2) қайта дауыс беру кезiнде, басқа кандидатпен салыстырғанда, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiк дауысын алған кандидат сайланған болып саналады;

    Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады, сонымен қазақстанда парламенттен тыс, Президент сайлауы тікелей тәсілмен сайланатындығын байқауға болады.

    Президенттiкке кандидаттар ұсыну құқығы белгiленген тәртiппен тiркелген республикалық, қоғамдық бiрлестiктерде, сондай-ақ өзiн-өзi ұсыну жолымен - азаматтарда болады. Президенттiкке кандидаттар ұсыну сайлау жарияланған күннен кейінгі күні басталып, сайлауға екi ай қалғанда аяқталады. Президенттiкке кандидаттарды қоғамдық бiрлестiктер атынан олардың жоғары органдары ұсынады. Қоғамдық бiрлестiктер осы қоғамдық бiрлестiктiң мүшесi болып табылмайтын адамдарды депутаттыққа кандидаттыққа ұсынуға хақылы. Қоғамдық бiрлестiк Президенттiкке бiр ғана кандидат ұсынуға хақылы. Президенттiкке кандидат ұсыну туралы шешiм республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады да, хаттамадан үзiндi жасалады. Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссиясы хаттамаларының негiзiнде сайлаудан кейiн жетi күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Президент сайлауының қорытындыларын белгiлейдi және тиiстi қаулы қабылдайды.

    3. Қазақстан Республикасының атқарушы органы Үкіметтен басқа да, жергілікті атқарушы органдар да кіреді. Жергілікті атқарушы органдар – әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

    4. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты. ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Наурыз, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? // Российские вести. 1992 ж. 11 қараша

    21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен //Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

    Семинар сабағының жоспары:

    Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікірталас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

    Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының жүйесін зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

    1. Мемлекеттік басқарудың мәні

    2. ҚР мемлекеттік органдар жүйесінің түсінігі, біртұтастығы және олардың түрлері

    3. Заң шығарушы билік пен оның органдарының мемлекеттік басқарудағы рөлі

    4. Сот билігінің түсінігі және оның қоғамдағы рөлі

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

    1. Тақырыптың ұсыныстарына ауызша жауап беру керек.

    2. Екінші семинар сабақтарына дайындалу керек.

    Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дайындау кезінде дәріс конспектісін және ұсынған әдебиеттерді оқу керек. Бұл тақырыпты қарау кезінде сіздің мақсатыңыз, мемлекеттік ұйымдармен «мемлекеттік басқару» арасындағы ара қатынастарды қарастырып мемлекеттік ұйымдардың әрқайсысына басқару деңгейін зерттеп, білу керек.

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1. Қазақстан Республикасында Заң шығару билігін … жүзеге асырады:

    А) ҚР Үкіметі

    В) ҚР Жоғарғы соты

    С) ҚР Конституциялық кеңесі

    Д) ҚР Парламенті

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    2. Қазақстан Республикасында атқарушы билікті … жүзеге асырады:

    А) ҚР Жоғарғы соты

    В) ҚР Конституциялық кеңесі

    С) ҚР Үкіметі

    Д) ҚР Парламенті

    Е) барлық жауаптар дұрыс

    3. Қазақстан Республикасында сот билігін … жүзеге асырады

    А) ҚР Үкіметі

    В) ҚР Парламенті

    С) ҚР Конституциялық кеңесі

    Д) ҚР Жоғарғы соты

    Е) барлық жауаптар дұрыс

    4. Конституцияның құқықтық сақтандыру функциясын Қазақстан Республикасының мамандандырылған органы … жүзеге асырады

    А) ҚР Конституциялық кеңесі

    В) ҚР Жоғарғы соты

    С) ҚР Үкіметі

    Д) ҚР Парламенті

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    5. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жалпы жүйесіне … кіреді

    А) ҚР Президенті, ҚР Парламенті (Сенат, Мәжіліc), ҚР Үкіметі, министрліктер мен агенттіктер, жалпы республикалық ведомстволар, ҚР Ұлттық банкі және оның бөлімшелері, ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас прокуратурасы

    В) ҚР Президенті, ҚР Парламенті (Сенат, Мәжіліc), ҚР Үкіметі, министрліктер мен агенттіктер, жалпы республикалық ведомстволар, ҚР Ұлттық банкі және оның бөлімшелері, ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас прокуратурасы, жалпы құқықтық соттар, әскери және арбитражды соттар, прокуратура органдары, жергілікті атқарушы және өкілетті органдары

    С) ҚР Президенті, ҚР Парламенті (Сенат, Мәжіліc), ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық банкі, ҚР Конституциялық кеңесі, ҚР Жоғарғы соты, ҚР Бас прокуратурасы

    Д) ҚР Президенті, ҚР Парламенті (Сенат, Мәжіліc), ҚР Үкіметі

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    6. ҚР Конституциясына сәйкес ҚР Президенті …

    А) Конституцияның гаранты болады

    В) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін және бостандығын қорғау бойынша шараларды қолдайды

    С) ҚР сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттарын анықтайды

    Д) ҚР заң шығару және атқарушы биліктің өкілі болады

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    7. ҚР Парламентінің функцияларына қатысты емес

    А) заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қабылдау, мемлекет пен қоғам қызметінің нормативтік негізін анықтау

    В) республикалық бюджетті бекіту

    С) ҚР Президентіне кандидаттарды тағайындау

    Д) бюджетке толықтырулар мен өзгерістер енгізу

    Е) барлық жауаптар дұрыс

    8. Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылымы:

    А) Сенат және Мәжіліс

    В) Сенат, Мәжіліс және Мәслихат

    С) Мәжіліс және Маслихат

    Д) Сенат және Мәслихат

    Е) Сенат

    9. Сенат депутаттарының құзырет уақыты

    А) 1 жыл

    В) 3 жыл

    С) 5 жыл

    Д) 6 жыл

    Е) 4 жыл

    10. Мәжіліс депутаттарының құзырет уақыты

    А) 1 жыл

    В) 3 жыл

    С) 5 жыл

    Д) 6 жыл

    Е) 4 жыл

    8-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ ҰЙЫМ

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару - аймақтық басқарудың негізі. Бұл тақырып арқылы Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі жайлы түсінік қалыптастыру.

    Дәріс жоспары:

    1. Қазақстан Республикасындағы аймақтық басқару.

    2. Мемлекеттік аймақтық саясат.

    Негізгі түсініктер:

    Жергілікті мемлекеттік басқару, Әкім, Жергілікті атқарушы орган (әкімдік), Жергілікті өкілді орган (мәслихат), аймақтық дамудың стратегиялық осьтерi  

    Тақырыптың мазмұны

    1.ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретiн, қызметiнiң ұйымдастырылуын, тәртiбiн, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi. Өкілеттік органы депуттаттардан құралған Маслихат болып табылады. Атқарушы органы Әкімдер болып табылады.

    Әкім – жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі. Астана, Алматы және басқа да облыс әкімдері Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен тағайындалады және орнынан босатылады.

    Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

    Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат аппараты – тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.

    Мәслихаттарды тиiстi әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстiң халқы жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Тиiстi мәслихат депутаттарының санын Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде: облыстық мәслихатта, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында – елуге дейiн; қалалық мәслихатта – отызға дейiн; аудандық мәслихатта – жиырма беске дейiн белгiлейдi. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.

    Мәслихаттардың құзыретіне мыналар жатады:

    1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдері іске асыратын (әрбір қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ бойынша жеке-жеке) бюджеттік бағдарламаларды бекіту;

    2) тиiстi аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану жөнiндегi бағдарламаларды және қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнiндегi шығыстарды бекiту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәселелердi шешу;

    3) Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптасқан әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару сызбасын әкімнің ұсынысы бойынша бекіту ;

    4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;

    5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті әкімдіктің дербес құрамын келісу;

    6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;

    7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;

    Мәслихаттың өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актiлерi болып табылады. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.

    Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi. Мәслихаттың кезектi сессиясының төрағасы мәслихаттың алдыңғы сессиясында сайланады. Сессияның төрағасы болмаған жағдайда оның өкiлеттiгiн мәслихат хатшысы жүзеге асырады. Мәслихат депутаты мәслихат сессиясының төрағасы болып күнтiзбелiк жыл iшiнде екi реттен артық сайлана алмайды.

    Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс.

    Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.

    Мәслихат жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын бақылау үшiн өз өкiлеттiгi мерзiмiне тексеру комиссиясын сайлайды. Тексеру комиссиясы мүшелерiнiң санын мәслихат белгiлейдi. Тексеру комиссиясының төрағасын мәслихат депутаттар арасынан сайлайды. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық және астаналық), аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихаттардың тексеру комиссиясының төрағасы өз қызметiн басқа жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асырады. Тексерулер мәслихаттың, тексеру комиссиясының не мәслихат хатшысының шешiмдерiмен, мәслихаттың сайланған депутаттары санының кемiнде үштен бiрiнiң талап етуi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн. Тексеру нәтижесi бойынша тексеру комиссиясы акт жасап, ол туралы мәслихат пен әкiмдікке хабарлайды. Тексеру жылына кемiнде бiр рет жүргiзiледi.

    Мәслихат депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселе қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайда мәслихат өз депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен әкімге сенімсіздік білдіруге және тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не жоғары тұрған әкімнің алдына оны қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Әкім ұсынған аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіруі туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

    Әкімнің атқаратын қызметіне мыналар жатқызылады:

    • аумақтық дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету;

    • аграрлық сектордың тиiмдi және тиiмдi жұмыс жасауын қамтамасыз ету;

    • Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерiн орналастыру сызбасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлану сызбасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспарларын әзiрлейдi, оларды облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихаттың қарауына енгiзедi;

    • облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) коммуналдық меншiктi басқарады, оны қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;

    • облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) аумағында қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктiң сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

    • Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

    • ауданаралық (қалааралық) жолаушылар көлiгi қатынасын ұйымдастырады және т.б.;

    Облыс (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмiн Премьер-Министрдің келісімімен Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды немесе қызметінен босатады. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмiнiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.

    2.Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды. Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi.

    Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.

    Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон легіне қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық болашағы жоқ аумақтарда тұрады.

    Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi мекендердегі кеңiстiк экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдардың болашағы жоқ болып қалды.

    60 шағын қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1,8 млн. адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5,2 млн. адам) - орташа, 595 АЕМ-нiң (189,9 млн. адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары жоқ.

    Аумақтық дамуды басқару жүйесi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз етпейдi. Аумақтық жоспарлау мәселелерiн әртүрлi ведомстволар реттейдi және тұтастай алғанда орталық деңгейде тиiмсiз үйлестiрiледi.

    Елдi кеңiстiктiк ұйымдастырудың өңiрлiк жобалаумен, аса маңызды табиғи ресурстарды пайдаланудың және инфрақұрылымның салалық сызбаларымен өзара байланыстырылған моделi қалыптаспаған.       Аралас әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң (облыстардың, аудандардың, қалалар мен ауылдардың) мүдделерiн қолдау, трансөңiрлiк процестердi үйлестiру құралдары (тетiктерi) жоқ.

    Қазiргi уақытта елдiң аумақтық дамуындағы ахуалды былайша сипаттауға болады.

    Күштi жақтары:

    1. Елдiң Еуразия құрлығының орталығында, екi континенттiң - Еуропа мен Азияның қиылысында қолайлы географиялық орналасуы. Қазақстан әлемнiң аса iрi елдерi - Ресей Федерациясы мен жылдам өсiп келе жатқан Қытайдың арасында, Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Оңтүстiк Азия өңiрлерiмен көршiлес орналасқан.

    2. Шекара маңындағы өңiрлердiң басым болуы. Қазақстанның 14 облысының 12-ci шекара маңында. Дамыған және серпiндi дамып келе жатқан елдердiң тәжiрибесi шекара маңындағы өңiрлер осы мемлекеттердiң өсу аймақтарына айналғанын көрсеттi. Шекара маңындағы өңiрлер экономикалық белсендiлiк орталықтары болып табылады және бүкiл елдiң әлемдiк экономикалық жүйеге ойдағыдай кiрiгуiне ықпал етедi.

    3. Ауқымды жер ресурстары мен табиғи-климаттық ерекшелiк-тердiң әралуандылығы алуан түрлi аграрлық өнiм өндiруге мүмкiндiк бередi. Республиканың аумағы он табиғи-ауыл шаруашылығы аймағын қамтиды, ауыл шаруашылығы алқаптарының үлесi - 82 % (1,  2,  3-қосымшалар).

    4. Iшкi қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге де, сол сияқты елдiң өсiп келе жатқан экспорттық мүмкiндiктерiн iске асыруға да мүмкiндiк беретiн әралуан және бай минералдық-шикiзат базасы. Уранның, қорғасынның, мырыштың, мыстың, мұнайдың, көмiрдiң, хромның, темiрдiң, марганецтiң, қалайының, алтынның, фосфориттердiң, бор мен калий тұзының барланған қорлары жағынан Қазақстан әлем елдерiнiң алғашқы ондығына кiредi.

    5. Елдiң өндiрiстiк әлеуетi: өнеркәсiп пен аграрлық өндiрiстiң көп салалы құрылымы, тиiстi өндiрiстiк қуаттардың болуы. Өнеркәсiптiң дамыған базалық салалары - отын-энергетика және тау-кен-металлургия кешендерi.

    6. Елдiң бүкiл аумағын қамтып жатқан көлiк-коммуникациялық инфрақұрылым желiсiнiң болуы.Темiр жолдың және автомобиль жолдарының желiсi шектес елдерге шыға отырып, барлық өңiрлер арасында тасымалдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстандық автомобиль жолдары мен темiр жол халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамына енгiзiлген. Ақтау теңiз портын "ТРАСЕКА" және "Солтүстiк-Оңтүстiк" халықаралық көлiк дәлiздерiнiң құрамындағы мультимодальдық көлiк торабы ретiнде пайдалану мүмкiндiгi бар. Елде 21 әуежай (22-нiң iшiнен) жұмыс iстейдi, оның 14-iне халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етiлген. Елдiң барлық өңiрлерiн талшықты-оптикалық байланыс желiлерiмен байланыстыратын Ұлттық ақпараттық супермагистралдың құрылысы аяқталып келедi.

    7. Инновациялық-бiлiм беру әлеуетi: кейiннен бiлiм беру-инновация кешендерiн қалыптастыру базасы ретiнде университеттердiң, iрi жоғары оқу орындарының және мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталықтарының болуы.

    8. Бiрегей рекреациялық ресурстар: табиғи кешендер және олардың құрауыштары, мәдени-тарихи ескерткiштер мен сәулет объектiлерi.

    9. Демографиялық оң серпiн және еңбек ресурстары резервiнiң болуы. Соңғы жылдары халықтың табиғи өсiмiнiң ұлғаюы. Еңбек ресурстарының резервi ретiнде ел iшiнде жұмыс күшi артық өңiрлердiң болуы. Демографиялық резерв ретiнде көршiлес мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiнде қазақ диаспорасының болуы.

    SWOP – талдау оның әлсіз жақтарын да көрсетті.

    1. Негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алшақтық. Теңiз (мұхит) қатынас жолдарына тiкелей шығудың болмауы.

    2. Әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде елдiң тар мамандануы мен көптеген өңiрлердiң бiржақты бейiнi, құрылымның бұзылуы мен экономиканың сақталып отырған ыдырауы. Экономикада экспорттық шикiзатқа бағдарланған оқшауланған секторлары және бәсекеге қабiлетi төмен қайта өңдеу өнеркәсiбi бар, салалық, сол сияқты аумақтық аспектiде өзара әлсiз байланысқан экономикасы бар екi қарама-қайшы құрылым қалыптасты.

    3. Өнiмдiлiктi төмендететiн және аграрлық өндiрiстiң тәуекелдiлiгiн ұлғайтатын факторлардың болуы. Егiстiк сапасының салыстырмалы төмен болуы. Егiстiк бонитетiнiң (құнарлылықтың салыстырмалы деңгейiн көрсететiн) 50 бiрлiктен асатын балы 23,2 млн. гектар егiстiктiң тек 4,2 млн. гектарына қатысты. Ауыл шаруашылығы алқаптарының 30,8 млн. гектары (14,8 %) су және жел эрозиясына ұшыраған (4-қосымша). Өнiмдiлiгi аз жайылымдардың басым болуы.

    4. Елдiң жекелеген өңiрлерiнде су ресурстарының тапшылығы. Ел өңiрлерiнiң басым бөлiгi құрғақ аймақта орналасқан және сумен қамтамасыз етуде қиындық шегiп отыр (5-қосымша). Жерүстi суларының тек 56 %-ы ғана Қазақстан аумағында қалыптасады, ал қалғаны сырттан келедi, бұл республиканың кейбiр өңiрлерiнiң шекаралас мемлекеттердiң су ресурстарына тәуелдiлiгiн күшейтедi.

    5. Минералдық-шикiзат ресурстарының әркелкi бөлiнуi. Әлеуеттi бай қорлардың аз игерiлген және жұмыс iстеп тұрған өндiрушi кәсiпорындардан шалғайдағы аудандарда шоғырлануы.

    6. Электр энергиясы бiр өңiрлерде артық болған кезде басқа өңiрлерде тапшы болуы. Елдiң солтүстiк және шығыс өңiрлерi электр энергиясын шамадан тыс шығарады, ал сонымен бiр мезгiлде оңтүстiк және батыс өңiрлерге ол елдiң басқа өңiрлерiнен немесе таяу орналасқан елдерден (Қырғызстан, Ресей, Тәжiкстан) импортталады.

    7. Ел экономикасының осы заманғы қажеттiлiктерiне сай келмейтiн көлiк желiсi. Көлiк инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Республиканың негiзiнен кеңестiк уақытта қалыптасқан көлiк жүйесi қазiргi жағдайда республиканың халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне толық қосылуын тежеп отыр. Елдiң темiр және автомобиль жолдары өткiзу қабiлетiнiң төмендiгiмен сипатталады. Қарқынды тозу мен бұзылудың салдарынан жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары желiсiнiң шамамен 30 %-ы күрделi жөндеудi талап етедi, 75 %-ы берiктiк пен тегiстiктiң қолданыстағы нормативтерiне сай емес.

    8. Тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфрақұрылымның тозуының жоғарылығы. Елдiң шағын қалалары мен ауылдық аудандарындағы инфрақұрылым желiсiнiң нашар дамуы. ЖЭО-ның негiзгi құралдарының табиғи тозуы 40-60 % көлемiне жеттi, бұл иелiктегi электр және жылу қуаттарын шектеуге әкеп соқты. 2010 жылға қарай ЖЭО турбиналарының 50%-ы өзiнiң белгiленген қуаттарының парктiк ресурсын тауысады. Елдi мекендердiң энергия желiлерi мен су құбыры-кәрiз желiлерiнiң айтарлықтай тозуы. Ел халқының 1,7 %-ы әкелiнетiн сумен жабдықталады, 25 %-ы жеткiзудiң қиындығына байланысты суды алдын ала тазартылмаған ашық көздерден iшедi.

    9. Су шаруашылығы инфрақұрылымының қанағаттанғысыз жай-күйi. Бөгеттердiң, су тораптарының және өзге құрылыстардың нашар техникалық жай-күйi.

    10. Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерi желiсiнiң жеткiлiксiз даму деңгейi. Ел өңiрлерi әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiмен әркелкi қамтамасыз етiлген. Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне қолжетiмдiлiк жоқ немесе қиын. Халықтың табиғи және миграциялық өсiм қарқыны жоғары iрi қалалар мен өңiрлерде әлеуметтiк инфрақұрылымның даму қарқыны артта қалған.

    11. Рекреациялық инфрақұрылымның дамымауы. Рекреациялық инфрақұрылым объектiлерiнiң көпшiлiгi кеңестiк уақытта салынған, өте тозған және халықаралық стандарттарға сай емес.

    12. Елдiң бүкiл аумағында экологиялық ахуалдың нашарлауы. Әуе бассейнiнiң ластануы, су ресурстарының таусылуы және ластануы, "тарихи" ластану, өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтар, жердiң шөлейттенуi және тозуы, биологиялық әралуандылықтың бұзылуы, радиоактивтi ластанулар өңiрлердегi қоршаған ортаның басты проблемалары болып қалып отыр (6, 7-қосымшалар).

    13. Елдiң әкiмшiлiк-аумақтық құрылымының осы заманғы талаптарға сай болмауы. Нарықтар мен елдi мекендер жүйелерiнiң шекарасы өңiрлердiң әкiмшiлiк шекарасына әркез сәйкес келе бермейдi. Бұдан басқа, облыстық (11 қала) және аудандық (10 қала) маңызы бар кейбiр қалалар өз мәртебесiне сай емес (8-қосымша). Мысалы, Ақтөбе облысының Жем, Темiр сияқты аудандық маңызы бар қалаларының халық саны 2,5 мың адамнан, ал Қызылорда облысының Қазалы, Ақмола облысының Степняк сияқты қалаларының халық саны 6 мыңнан аспайды. Бұрын құрамына селолық округтер енгiзiлген қалалардың шекарасы реттелмеген.

    Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.

    Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етуге тиiс.

    Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан болашағы бар аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi. Бұл жүйе бойынша аймақтың даму стратегиясын жасаған болатын, оның негізгі алға қойған мақсаттарының бірі – экономикалық кеңiстiктiк және халықты таратып орналастыруды қалыптастыру, кластерлердi қалыптастырумен өзара байланыстыра отырып аумақтарды инфрақұрылымдық қамтамасыз етудi қоса алғанда, елдiң аумақтық дамуының стратегиялық бағыттарын айқындайды.

    Алға қойылған елдi орнықты және серпiндi дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткiзу өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын, елдiң экономикалық әлеуетiн және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру жөнiндегi өзара байланысты мiндеттердi тиiмдi iске асыруға және соның негiзiнде елдiң барлық аумақтарының теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жұмыс iстеуiне байланысты.

    Әлемдiк және өңiрлiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң орнын айқындау, экономикалық, табиғи, еңбек әлеуетiн талдау және бағалау, сондай-ақ таратып орналастыру жүйесi негiзiнде елдiң аумақтық кеңiстiгiн қалыптастырудың осьтiк ұстанымына көшудi жүзеге асыру көзделiп отыр, оның қаңқалық негiзi қазiр бар және қалыптастыру көзделiп отырған, сыртқы нарықтарға шығу мен елдiң өңiрлiк және әлемдiк экономикаға кiрiгуiн қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникация дәлiзi, ал аса маңызды тораптары - өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген көшбасшы iрi қалалар болады.

    Солтүстiк, Оңтүстiк, Орталық  аумақтық дамудың стратегиялық осьтерi:  

    1. Қалыптасқан, сол сияқты қалыптастырылып жатқан өңiрлiк және өңiрге қарасты құрылатын аумақтық-шаруашылық жүйелердi, сондай-ақ оқшауланған экономикалық тораптар мен олардың арасындағы аумақтарды байланыстырады, бұл жергiлiктi осьаралық желiлердi қалыптастырумен қатар елдiң iшкi экономикалық кеңiстiгiнiң бiртұтастығын қамтамасыз етедi;

    2. Ортақ еуразиялық экономикалық кеңiстiк қалыптастыру аясында елдiң геоэкономикалық жағдайынан түсетiн қосымша пайданы қамтамасыз ете отырып, трансеуразиялық сауда-экономикалық, көлiк-коммуникациялық дәлiздер бағытында қалыптастырылады.

    Солтүстiк даму oci Каспий (Атырау, Ақтау) және Алматы (Талдықорған, Достық) аумақтық шаруашылық жүйелерiне шығумен Өскемен - Семей - Павлодар - Астана - Қостанай (Көкшетау, Петропавл) - Ақтөбе - Орал бағытында және Ресей Федерациясының шекара маңындағы өңiрлерiне осьтiң бүкiл периметрi бойынша қалыптасады.

    Елдiң солтүстiгi мен батысындағы осі "астық белдеуi" деп аталатын өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Ресей Федерациясымен, еуропалық, таяушығыстық және шығыс-азиялық (Орталық ось арқылы) экономикалық кеңiстiкке негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Солтүстiк-қазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн құрады.

    Оське кiретiн аумақтардың қазiр бар экономикалық әлеуетiн нығайтумен қатар, Қостанай - Ақтөбе ocькe қарасты дәлiздiң әлеуетiн, сондай-ақ Каспий аумақтық шаруашылық жүйесiне (Атырау, Ақтау) шығуды ұйымдастыруды нығайту мен өсiру перспективалы мiндет болып табылады.

    Оңтүстiк даму oci бүкiл периметр бойынша ортаазиялық мемлекеттердiң шекара маңындағы өңiрлерiне шығумен Қытай Халық Республикасының шекарасы (Достық, Қорғас) - Талдықорған - Алматы - Тараз - Шымкент - Қызылорда - Атырау, Ақтау бағытында қалыптасады.

    Елдiң оңтүстiгiндегi ocі өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайлы, дамыған сауда-экономикалық және көлiк-коммуникациялық байланыстары бар толық игерiлген аумақтарды Орталық Азия мемлекеттерiмен, сондай-ақ Қызылорда, Ақтөбе (оңтүстiк бөлiгi), Атырау және Маңғыстау облыстарының оқшауланған экономикалық тораптарын еуропалық, таяушығыстық, шығыс-азиялық және оңтүстiк-азиялық экономикалық кеңiстiктерiне негiзгi шығу жолдарымен байланыстырады және Оңтүстiкқазақстандық трансеуразиялық сауда-экономикалық дәлiзiн (жаңарған Ұлы Жiбек жолын) құрады.

    Елдiң экономикалық кеңiстiгiнiң тiрек қаңқасы елдiң орталық бөлiгiнде Оңтүстiк және Солтүстiк даму осьтерiн байланыстыратын Орталық осі болады.

    Орталық даму oci Балқашқа, Достыққа тармақталумен және Қытайға, сондай-ақ Жезқазғанға шығумен, Батыс Қазақстанның теңiз порттары бағытына шығу перспективасы бар "Астана - Қарағанды - Алматы" бағытында қалыптасады.

    Оське қосылатын даму аумақтарының ерекшелiгi олардың игерiлу дәрежесiнiң төмендiгi, өмiр сүруге және шаруашылық қызметке қолайсыз жағдай, қалыптасқан аумақтық шаруашылық жүйелердiң оқшаулығы және көлiк-коммуникация желiлерiнiң дамымауы болып табылады. Сонымен бiр мезгiлде елдiң орталық аумақтары оның резервтiк ресурстық аймағы болып табылады.

    Ocьтiң бойында орналасқан аумақтарды игеру "Ақтөбе - Атырау, Ақтау", "Семей - Өскемен - Алматы" жергiлiктi осьаралық желiлердi дамытумен қатар, елдiң бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiгiн, Ресей Федерациясының Азиялық бөлiгi - Орталық және Оңтүстiк Азия (Солтүстiк - Оңтүстiк) бағытындағы сауда-экономикалық дәлiздердi қалыптастырудың негiзiне айналуға тиiс.

    Қалыптастырылатын даму осьтерiнiң аса маңызды тораптары аумақтық-шаруашылық жүйелердiң iрi экономикалық орталықтары болып табылатын, әлемдiк, өңiрлiк және ұлттық еңбек бөлiнiсiнде бәсекеге қабiлеттi, серпiндi дамып келе жатқан көшбасшы қалалар мен тiрек қалалар болады.

    2 деңгейдегi қалаларды басым дамыту көзделiп отыр:

    -жалпыұлттық, ал перспективада Орталық Азия деңгейiндегi 2-3 iрi көшбасшы қала, бұлар тауар, қаржы, технология және мәдениет алмасудың еуразиялық жүйесiнде аса маңызды тораптарға айналады;

    -көшбасшы қалалар жаһандық, өңiрлiк және ұлттық нарықтарға кiрiктiрiлген, өсу полюстерiнiң орталықтарына айналуға және елдiң барлық қалған өңiрлерi үшiн "локомотив" рөлiн атқаруға тиiс;

    -өзiне өз өңiрлерiндегi экономикалық белсендiлiктi шоғырландыратын және бәсекеге қабiлеттi өңiрлiк кластерлердi қалыптастырудың катализаторы болатын әрi өңiрлердiң ұлттық және сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн ұлттық және өңiрлiк (облыстық) деңгейдегi тiрек қалалар.

    Қалыптастырылатын ocьтер шеңберiнде аумақтарды кешендi дамыту қалыптасқан аумақтық-шаруашылық жүйелер - экономикалық макроөңiрлер (географиялық орналасуына, экономикалық мамандануына және кооперация деңгейiне, көлiк жүйелерiнiң ортақтығына байланысты елдiң екi немесе одан көп облыстарын қамтитын), өңiрлер (бiр облыс немесе республикалық маңызы бар қала шегiнде) мен өңiрге қарасты өңiрлер (бiр немесе бiрнеше аудандар шегiнде) бөлiнiсiнде көзделiп отыр.

    Қалыптастырылатын стратегиялық даму осьтерi мен экономикалық макроөңiрлер (өңiрлер, субөңiрлер) халықты таратып орналастыру жүйесiнiң негiзiне айналады және таратып орналастырудың тиiстi (солтүстiк, оңтүстiк, орталық) макроаймақтары мен елдi мекендер жүйесiн (макроөңiрлiк, өңiрлiк және өңiрге қарасты өңiрлiк) қалыптастырады.

    Осыған байланысты тәжірибеде бұрын қалыптасқан жоспарлау әдiстерiне қарағанда, өңiраралық теңсiздiктердi жою емес, экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру, табиғи, экономикалық және еңбек ресурстарын, географиялық жағдайды тиiмдi пайдалану үшiн жағдай жасау мiндетi тұр. Аумақтарды бiркелкi дамыту тұжырымдамасының орнына полярлық дамыту тұжырымдамасы келуге тиiс, мұнда өңiрлiк және жаһандық нарықтарға кiрiктiрiлген әр елдiң қалған барлық өңiрлерi, ал перспективада бүкiл Орталық Азия өңiрi үшiн "локомотивтер" рөлiн атқаратын неғұрлым серпiндi дамып келе жатқан қалалар немесе өңiрлер өсу полюстерiне айналуы мүмкiн. Осыған байланысты алдағы кезеңде ел бойынша тұтастай экономикалық белсендiлiктiң өсуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралармен қатар орталық деңгейде жалпыұлттық ауқымдағы реттеу басымдығы, өсу полюстерiн қалыптастыру болады.

    Қорытынды

    1. Жергілікті мемлекеттік басқару – ҚР «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі.

    2. Жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган.

    3. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган. Мәслихат аппараты – тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Наурыз, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 ж. 11 қараша

    21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией // Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

    Семинар сабағының жоспары:

    Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

    Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының жүйесін зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

    1. ҚР Президентінің Конституциялық мәртебесі

    2. Парламенттің құрамы мен құрылымы

    3. Парламенттің өкілеттігі мен жұмыс істеу нысандары

    4. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі атқарушы билік

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

    1. Тақырыптың сұрақтарына ауызша жауап беру керек.

    2. «Қазақстан Республикасының өңірлік саясаты» тақырыбына реферат жазу.

    Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты ұсынылған әдебиеттерді оқудан бастау керек. Бұл тақырыпты қарастыру кезінде Мемлекеттік биліктің әрбір басқару ұйымдары механизмінің мәнін түсінген дұрыс.

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1. Жергілікті атқарушы органдарды басқаратын әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдері қай органның өкілі болып табылады:

    А) ҚР Президенті

    В) ҚР Үкіметі

    С) жергілікті өзін-өзі басқару органдары

    Д) ҚР Президенті мен ҚР Үкіметі

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    2. Қазақстан Республикасында жергілікті атқарушы орган:

    А) мәслихат

    В) әкімшілік

    С) мәжіліс

    Д) кеңес

    Е) cенат

    3. Қазақстан Республикасында жергілікті өкілетті орган:

    А) әкімиат

    В) мәжіліс

    С) маслихат

    Д) кеңес

    Е) сенат

    4. Маслихаттардың негізгі қызметтеріне …

    А) нақты аумағында жоспарларды, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын бекіту, жергілікті бюджетті және оның атқарылу есептерін, сонымен қатар бюджет бағдарламаларын бекіту

    В) облыстық коммуналды меншікті басқару және оны қорғау шараларын жүзеге асыру

    С) облыс аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамытуға бағытталған жағдайлар жасау

    Д) ҚР өндірістік күштерді орналастыру схемасына сәйкес облыстың аудандық схемасын жоспарлау, облыстық орталықтың бас жоспарын жасау

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    5. Әкімиаттың қызметтеріне тікелей байланысты:

    А) нақты аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану бойынша бағдарламаларды бекіту

    В) нақты әкімшілік-аумақтық бірлікте жоспарларды, облыстың экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын жасау, облыстық бюджетті және оның атқарылуын қамтамасыз ету, сонымен қатар бюджет бойынша есеп жасау

    С) жергілікті әкімшілік- аумақтық құрылым мен жергілікті қоғамдық шекараларды анықтау туралы мәселелерді шешу

    Д) атқарушы органдар басқармасының есептерін қарау және нақты органдарға жауапкершілік туралы ұсыныстарды енгізу

    Е) барлық жауаптар дұрыс

    6.Облыс әкімін кім тағайындайды:

    А) Премьер-Министр

    В) Мәжіліс депутаттары

    С) Сенат депутаттары

    Д) Президент

    Е) Халық

    7. Конституция азаматтардың еркі мен мүдделерін білдірудің, қоғамдық құрылыстың негіздерін белгілеудің қайсысына жатады:

    А) Заңдық

    В) Құқықтық

    С) Рухани

    Д) Саяси

    Е) Қоғамдық

    8. Жергілікті өкілді орган

    А) Мәслихат

    В) Парламент

    С) Сенат

    Д) Мәжіліс

    Е) Әкімият

    9. Жергілікті атқарушы органды кім басқарады:

    А) Әкім

    В) Мэр

    С) Премьер-Министр

    Д) Президент

    Е) Жергілікті сот

    10. Мемлекеттік басқару кағидаларының ерекше белгілері:

    А) басқару субъектісінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы

    В) олардың диалектикалылығы, жүйелілігі

    С) олардың диалектикалылығы, жүйелілігі, басқару субъектісінің біліміне, қабілетіне байланыстылығы,өзара байланыстылығы

    Д) олардың өзара байланыстылығы

    Е) объективті факторларға тәуелділігі

    9-ТАҚЫРЫП. Басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызмет

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық функциясының жіктеуі бойынша өте ірі экономикалық саясат құрайтынын зерттей отырып, оны мемлекеттік қызметтің әртүрлі экономикалық қызметтері экономикалық саясатты әзірлеуде қарастыратын экономикалық міндеттерін негізге алу. Мемлекеттiк қызметшiлердiң мәртебесі мен жіктеуі туралы түсінік қалыптастыра отырып, мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерiн қарастыру.

    Дәріс жоспары:

    1. Мемлекеттiк қызмет әлеуметтiк-құқықтық институт және қызмет саласы ретінде.

    2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық мәртебесі және жіктеуі.

    3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен мiндеттерi.

    Негізгі түсініктер: Мемлекеттік қызмет, мемлекеттік саяси қызметші, мемлекеттік әкімшілік қызметші, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң.

    Тақырыптың мазмұны

    1.Мемлекеттік қызмет ұғымы мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктің  міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктерді  атқару бойынша ресми қызметі деп түсіндіруге болады.

    Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік қызмет институттарының экономикалық функциясының жіктеуі және әр түрлі топтық нұсқалары бар. Мысалы, оларды қандай да бір белгілері бойынша (әлiпби бойынша, маңыздылық дәрежесi бойынша, экономикалық саясаттың құрылымы бойынша және т.б.) атап шығуға болады. Осылайша, мемлекеттік қызмет институттарының экономикалық функциясы жіктеуінің маңыздылығы, және алдыңғы қатарға көбіне нарықтық және мемлекеттiк реттеудiң мәселелерін шешу жолдарын іздестіру, кәсіпкерлік еркіндікті дамытуды қолдау және экономиканы мемлекеттік реттеу маңыздылығы бойынша мемлекеттің экономикалық функцияларын жіктеу жиі ұсынылады. Бұл байланысты ғылыми түрде және өлшемнің жүйесін анықтау арқылы, нарықтық және мемлекеттік тетіктің шоғырлану дәрежесін, сонымен қатар оның серпімділігін және есептік шегін анықтау қажет.

    Алайда мұндай ұстанымның экономикалық тұрғыдан атқаратын қызметі жеткіліксіз және төзімді болады, өйткені қоғамның дамуында қоршаған ортаның атқаратын қызметі қарастырылады, олардың басымдылығы экономикада елеулі орын алады.

    Сондықтан, мемлекеттік қызмет институтының экономикалық функциясының жіктеуі бойынша өте ірі экономикалық саясат құрайтынын көруге болады. Экономикалық саясатты әзірлеуде мемлекеттік қызметтің әртүрлі экономикалық қызметтері қарастырылатын экономикалық міндеттер негізге алынады. Сонымен экономикалық функцияның жіктеуін келесі суреттен көруге болады (1-сурет).

    Group 2

    1-сурет. Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық саясаты бойынша экономикалық функциясының жіктеуі

    Өз кезегiнде, мемлекеттік қызмет институтының экономикалық қызметтерінің тағайындалуы және табиғаты бойынша (құрылымдық, монополияға қарсы, инвестициялық саясат және т.б.) бақылаушы, реттеуші, ынталандырушы бола алады.

    Экономикалық функциялардың мұндай бөлiмшелері экономикалық тетіктің негізгі пайдалы көзі болып табылады.

    Мемлекеттiк қызмет институтының экономикалық функциялары әлеуметтік міндеттерді, сонымен қатар әлеуметтік саясаттың құрамына енетін әлеуметтік қорғау, әлеуметтік-мәдени сала, тұрғындар саны және т.б. міндеттерді орындайды. Ең алдымен, мемлекет пен оның органдарының қатысуы мемлекеттік қызметте нарықтық экономиканы реттеуде экономикаға әлеуметтік бағыттылықты тудыратын әлеуметтік нарықтық экономиканы құрайды.

    Әлеуметтiк нарықтық экономиканың басты нүктесі нарықтық экономика болып табылады, оның ең басты мақсаты мен міндеті – өндірістің өсуі мен табыстылығы. Сондықтан да нарықтық экономика бұл мақсаттарға жетумен бірге бірнеше әлеуметтік сұрақтарды да шешеді. Оның ең басты міндеті – көп мөлшерде тауар өндіру, яғни бұл жерде жұмысбастылық, еңбекақы төлеу жүйесі, және т.б. жайлы айтылады. Бірақ нарықтық экономикада бәсекелестікке негізделген, мұнда әлеуметтік әділеттілік жайлы мүлде қаралмайды. Әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік қорғау ең алдымен мемлекеттің экономикаға араласуы арқылы жүзеге асырылады. Осылайша мемлекет әлеуметтік нарықтық экономиканы өз еркімен халықтың мүддесіне қарай бұрмалайды.

    Осы шарттарға байланысты мемлекет халықтың әлеуметтік қорғалуы және қоғамның тыныштығы үшін көбінесе экономикалық белсенділігін жояды. Мысалы, әлеуметтік нарықтық экономикасы дамыған Жапония, Швеция елдеріндегі зағип адамдарға арналған қосымша әуендері бар бағдаршамдарды, қоғамдық көліктерге орнатылған арнайы көтергіштері бар құрылғыларды қорытынды ретінде атап кетуге болады.

    Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің белсенділігін іске асыру бағытындағы Қазақстанның шетел мемлекеттерінің тәжірибесін қолданудағы кейбір жайларын атап кетуге болады. Жапонияда экономиканы мемлекеттік реттеу және әлеуметтік-еңбек қызметтері әлсіз дамыған. Мысалы, мемлекет тікелей әлеуметтік әріптестіктің субъектісі болып табылмайды. Бірақ та жапон тәжірибесіне тереңірек талдау жасайтын болсақ, мемлекеттік реттеу барлық жерде жүргізіледі. Осыған байланысты мемлекет барлығын орындауға міндетті бірыңғай стандарттарды бекітеді. Дәл осындай құралдар еңбекақы мәселелері, жалдау және т.б. мәселелерді реттеуде қолданылады.

    Сонымен бiрге Жапонияда бес жылдық жоспар ойдағыдай қолданылуда. Оған тән ерекшеліктер – бұл үрдісті жүзеге асырудағы ұйымшылдық, үлкен тәрбиелік мәні. Жобалардың бес жылдық жоспары ұжымдарда, кәсiпорындарда, оқу және ғылыми орындарында белсенді түрде талқыланады. Талқылау барысында формализм болмайды, өйткені жапондықтардың барлық жоспарлары адамзаттың дамуына, рухани байлығының өсуіне, адамзат өмірінің жақсаруын дамытуға бағытталады.

    Сондықтан да ел тұрғындары бұл жоспарлардың орындалуына қызығушылықтарын танытады. Бұл жоспарлардың іске асуы өз кезегінде мемлекеттік қызмет институтының құрамына енгізіледі.

    2.Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші. Саяси лауазымдарға мыналар кіреді:

    1. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

    2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары және Парламент Палаталарының Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;

    3. Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер; 

    4. орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.

    Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.

    Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді.     Мемлекеттік қызметте мемлекеттік саяси қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттік саяси қызметшілерді ротациялаудың тәртібі мен шарттарын уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды

    Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін лауазымдар санаттары белгіленеді.

    Өз өкілеттігін доғарған, теріс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және біліктілік талаптарына сай келетін Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстық іріктеусіз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс істейтін маслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, судьялардың мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

    ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бойынша мемлекеттік қызметке кіру кезінде жынысына, нәсіліне, қай ұлтқа жататынына, тіліне, әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дініне, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тікелей немесе жанама шектеулер белгілеуге жол берілмейді.

    Осы Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.

      Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер олардың кәсiби даярлығы, құқықтық мәдениетi, азаматтармен жұмыс iстеу қабiлетi деңгейiн анықтау мақсатында аттестаттаудан өтедi. Мемлекеттiк органдарда кемiнде 20 жыл жұмыс өтілі бар мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тестiлеуге жатпайды. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестаттауды жүргiзудiң тәртiбi мен талаптарын уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Республика Президентi бекiтедi.

    Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:

    1. олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;

    1-1) тараптардың өзара келiсуi бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттiк қызметте болу мерзiмiн бiр жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген зейнеткерлiк жасқа толуы;

    2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;

    3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;

    4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;

    5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;

    6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

    7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;

    7-1) соттың айыптау үкiмiнiң заңды күшiне енуi.

    3.ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiнiң:

    1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

    2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;

    3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға;

    4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға;

    5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;

    6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;

    7) өзi атқаратын лауазымға, жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;

    8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға;

    9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;

    10) бiлiктiлiгi мен қабiлетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескерiле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға;

    11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге;

    12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;

    13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;

    14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;

    15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;

    16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқығы бар.

    Мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi:

    1) Республиканың Конституциясы мен заңдарын сақтауға;

    2) Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiппен мемлекеттiк қызметшiнiң антын беруге;

    3) азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

    4) өзiне берiлген құқықтар шегiнде және қызмет мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

    5) мемлекеттiк тәртiп пен еңбек тәртiбiн сақтауға;

    6) өзiне заңда белгiленген шектеулердi қабылдауға;

    7) заңдарда белгiленген қызметтiк әдеп нормаларын сақтауға;

    8) басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiгi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

    9)мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де  құпияны сақтауға, оның iшiнде мемлекеттiк қызметтi тоқтатқаннан кейiн де, заңмен белгiленген белгiлi бiр уақыт iшiнде, ол жөнiнде қолхат бере отырып сақтауға;

    10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және олардан, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;

    11) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;

    12) мемлекеттiк қызметшiнiң жеке мүдделерi оның өкiлеттiгiне түйiсетiн немесе қайшы келетiн жағдайларда, оларды тағайындауға құқығы бар лауазымды адамды дереу хабардар етуге;

    13) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға мiндеттi.

    Мемлекеттiк қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен кейiн бiр ай iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берiлген өзге де мүлiктi қоспағанда, оны пайдалану табыс алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi. Мүлiктi сенiмгерлiк басқару шарты нотариалды куәландырылуға тиiс.

    Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiм бiлдiрiлген басқаруға берiлген мүлiктен, соның iшiнде сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.

    Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.

    Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-iнiлерiне, апа-сiңлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.

    Мемлекеттiк қызметке:

    - белгiленген тәртiппен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

    - сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;

    - бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;

    - өзiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;

    - жұмыстан босату түрiндегi тәртiптiк жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер алдында екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылған;

    - мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

    - мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

    - сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

    - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылған;

    - мемлекеттiк қызметке кiру уақытына өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды.

    Аталған мәлiметтердi табыс етпеу немесе бұрмалау мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болып табылады.

    Қорытынды

    1. ҚР  мемлекеттік қызметі  екі деңгейде жүзеге  асырылады: республикалық және жергілікті; ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет" – мемлекеттік органда  заңдарда белгіленген  тәртіпте республикалық  немесе  жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің  қаржысынан  ақы  төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері  мен функцияларын іске асыру  мақсатында  лауазымдық  өкілеттікті  жүзеге  асыратын ҚР  азаматы.

    2. Мемлекеттік саяси қызметші – тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

    3. Мемлекеттік әкімшілік қызметші – мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

    4. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға құқығы бар. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен алынбаған тәртіптік жазасы болған жағдайда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға ауысу тәртібімен орналасуына жол берілмейді.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Наурыз, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992ж. 11 қараша

    21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

    Семинар сабағының жоспары:

    Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

    Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, басқару жүйесіндегі мемлекеттік қызметті зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

    1. Мемлекеттік қызмет әлеуметтік-құқықтық институт және қызмет аясы ретінде

    2. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі мен жіктеу негіздері

    3. Мемлекеттік қызмет түрлері және оны басқару

    4. Мемлекеттік басқарудың интеллектуалдық әлеуеті

    5. Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік құқықтары мен міндеттері

    6. «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

    1. Тақырып сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындау

    2. ҚР «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңына талдау жасауға дайындалу

    3. «Мемлекеттік басқарудың интелектуалдық әлеуеті» тақырыбына реферат дайындау, әдістемелік сипаттама.

    Әдістемелік ұсыныс: Семинарға дайындалу ұсынылған әдебиеттерді оқудан басталады. ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесіне, құқығы мен міндетіне. Мемлекеттік қызметтің топтастығы мен мемлекеттік қызметтің түрлеріне Ерекше зейін қойып көңіл аудару керек.

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1. Мемлекеттік қызмет институтының экономикалық функция-ларына жатпайды:

    А) мемлекет бостандығын қамтамасыз ету

    В) мемлекеттік және нарықтық реттеулердің байланыс өлшемін табу

    С) кәсіпкерліктің дамуын қолдау

    Д) экономиканы мемлекеттік реттеу

    Е) барлық жауаптар дурыс

    2. Әкімшілік мемлекеттік қызметке конкурстан тыс тұру құқығына ие емес:

    А) Парламент депутаттары

    В) саяси мемлекеттік қызметкерлер

    С) Мәслихат депутаттары

    Д) судьялар

    Е) министрлер

    3. Мемлекеттік қызметкер құқылы:

    А) атқарушы органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға

    В) кәсіпкерлік қызметпен айналысуға

    С) ақылы педагогикалық, ғылыми және басқа қызметпен айналысуға

    Д) өзінің мемлекеттік органында үшінші мүше істер бойынша өкілі болуға

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    4. Мемлекеттік қызметке тағайындалады:

    А) мемлекеттік қызметке дейін бес жыл ішінде жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлға

    В) бекітілген тәртіп бойынша қызметті атқара алмайтын тұлға

    С) мемлекеттік қызметке дейін үш жыл ішінде жемқорлық құқық бұзушылық жасау бойынша әкімшілік сотқа түскен тұлға

    Д) жемқорлық әрекетті жасаған тұлға

    Е) барлық жауаптар дұрыс емес

    5.Саяси лауазымдарға төмендегілердің қайсысы жатады:

    А) жауаптардың барлығы дұрыс

    В) ҚР Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары

    С) ҚР Парламентінің палаталары және олардың төрағалары тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары

    Д) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер

    Е) ҚР Жоғарғы Сотының қызметшілері, олардың орынбасарлары, орталық атқарушы органдар мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар

    6.Басқару ақпараттарының негізгі көздері:

    А) халықаралық ұйымдардың мәліметтері, заңдар, мемлекеттік органдардың жарлықтары, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің баяндамалары

    В) заң актілерінің нормалары, азаматтардың заңды мүдделерін, құқықтары мен бостандықтарын орындау жөнінде мемлекеттік органдар алдында мәселе қоюы Жоғары мемлекеттік органдардың нұсқаулары, бақылау барысында анықталатын фактілер, қарым-қатынастар, күрделі мәселелер, қарама- қайшылықтар, төтенше жағдайлар

    С) статистикалық жылнамалар, халық санағының мәліметтері, сот шешімдері

    Д) заң актілерінің нормалары, күрделі мәселелер, фактілер, қарым-қатынастар, әр түрлі отырыстардың хаттамалары

    Е) бухгалтерлік, қаржылық актілер, қызметкерлер хабарламасы

    7. Саяси мемлекеттік қызметке қабылдауда қосымша талаптарды қандай лауазымды тұлға анықтайды:

    А) ҚР Президенті

    В) ҚР Премъер-министрі

    С) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның басшысы

    Д) ҚР Парламент палаталарының төрағалары

    Е) ҚР Конституциялық кеңесі

    8. Мемлекеттік басқарудың өзіне ғана тән ерекшеліктерін көрсетіңіз:

    А) әлеуметтік және басқа қызметтер көрсету, қоғам өмірінің әртүрлі салаларында ұйымдастырушылық функцияларды орындау

    В) саяси режим

    С) билік күші, адамға үстемдік көрсету

    Д) оның басқарушылық әсерінің мемлекеттік билікке сүйенуі және сол арқылы қамтамасыз етілуі, барлық қоғамға таралуы, жүйелілігі

    Е) тәуелсіздік, мемлекеттік меншік негізінде экономикалық қызметтерді жүзеге асыру

    9. Мемлекеттік басқару субъектілері қандай белгілер бойынша бөлінеді:

    А) басқару субъектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай

    В) мемлекеттік билік түрі бойынша

    С) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай

    Д) қызмет саласына қарай, құрамына қарай

    Е) барлық жауаптары дұрыс

    10. Мемлекеттік билікке қатысты және баскару функциясын жүзеге асыру сипатына қарай мемлекеттік баскару субъектісі қалай бөлінеді:

    А) саясат субъектісі, мемлекеттік басқару субъектісі, лауазымды қызмет субъектісі

    В) азаматтық құқықтық қатынас субъектісі, авторлық құқық субъектісі

    С) әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі, саясат субъектісі

    Д) лауазымды қызмет субъектісі

    Е) авторлық құқық субъектісі, әкімшілік-құқықтық қатынастар субъектісі

    10-ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЗМ

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: Нарықтық қатынастарға өту кезеңі барысында бюрократиялық жүйе жойылып кеткен жоқ, оның элементтері әлі де бар. Аталған сабақта бюрократизмнің тарихи тамырларын, бюрократиялық элементтерді, лоббистік іскерліктің мәні қарастырылады, тыңдаушыға олар туралы түсінік дарытылады.

    Дәріс сабағының жоспары:

    1. Бюрократизмнің тарихи тамырлары мен мәні

    2. Қазақстандағы бюрократиялық элементтер

    3. Лоббистік іскерліктің мәні мен оның әдістері

    Негізгі түсініктер: бюрократия, бюрократизм тамырлары, Паркинсон заңы, лоббизм, партогенез, сындарлы оппозиция,

    Тақырыптың мазмұны

    1.Француз тілінен шыққан «бюрократия» термині «кеңсе үстемдігі» дегенді білдіреді. Бюрократия – бұл қоғамдық өмірді ұйымдастыру бойынша нақты функциялардан шеттелінген мемлекеттің аппарат бөлігі . Бұл кез келген қоғамда мемлекет үлесіне тиетін міндеттерді орындаудан тәуелсіз түрде өз үстемдігін қолдауға бағытталған мемлекет аппараты ішіндегі басқарушы каста. Бюрократизм тамырлары – бұл қоғамның әлеуметтік құрылымынан, үстемдік ететін әлеуметтік–экономикалық және саяси қатынастардың мәнді сипаттамаларынан туындайтын себептер. Кестеде бюрократия себептері келтірілген.

    Басқарушы аппараттағы бюрократизмнің себептері:

    Себеп түрлері

    Себептердің нақтылануы

    Ұйымдасты-рушылық

    Шаруашылық органдарының алмасуы, көптеген құжаттар көмегімен басқару процесін жүзеге асыру. Тәжірибелік іс- әрекетте шаруашылық басқару формалары мен әдістерін пайдалану. Процестерге деген қызығушылық.

    Әлеуметтік

    Аппарат жұмысында демократиялық формалар мен әдістердің, жариялықтың , жұмыскерлерді бағалау жүйесінің дамымауы. Догматизм, басшылардың кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі. Олардың еңбек ұжымынан алыста болуы.

    Құқықтық

    Шаруашылық органдары мен оның жетекшілері арасындағы өзара қатынастарды анықтайтын құқықтық негіздің болмауы.

    Ақпараттық

    Ақпаратты жинақтау, өндеу,сақтау, оларды дамыту үшін қазіргі таңдағы техникалық негіздің болмауы.

    Социолог Р. Мертонның пікірінше, бюрократиялық құрылымдардан туындайтын қиындықтар қызметкерлердің өз міндеттерін орындайтын, осы ұйымның басқа бөлімшелерінің сұрауларын орындайтын, сондай-ақ клиенттер мен қоғам мүшелерінің өзара іс-қимылын қамтамассыз ететін стандартталған ережелер, процедуралар мен нормалардың маңыздылығын арттырумен байланысты. Егер бюрократиялық ұйым қызметкерлері мен іс- әрекеттерінің бірдей еместігін көрсетсе, онда олар клиенттер арасындағы өзара қатынасты құртуға әкелетін сәйкес ереже немесе нұсқамаға сілтеме жасайды.

    Бюрократияны мүлдем жойып жіберу мүмкін емес. Бюрократизмді азайтудың құралдарын ұсынып, оны нақты жағдайда минимумға дейін жеткізу моделін қарастырып көрейік.

    Бюрократизмді жеңу үшін келесідей жағдайлар қажет:

    - орталықтану мен орталықсыздану арасындағы өзгеріс;

    - жаңа технологияларға көшу және басқарудың жаңа техникалық құралдарын пайдалану;

    - басқару жүйелерін ұтымды ету;

    - басқарушы кадрлардың кәсіби дайындық деңгейін арттыру;

    - шаруашылық және қоғамдық салалар мен жұмыстың формаларын, әдістерін өзгерту.

    Бюрократизмді басқару функциясын орындауға қатысты аппарат меншігі ретінде төмендегі шаралар арқылы оны жеңуге болады:

    - экономикадағы меншік формаларының әртүрлілігі;

    - экономикалық қатынастардың дамуы;

    - құқықтық экономиканы құру;

    - түрлі деңгейлердегі басқару аппаратын қысқарту.

    Бюрократизм төрешілдік: мәні және көрініс формасы.

    Бюрократизмнің мәнін анықтаудың бірнеше жолдары бар: бюрократизмді анықтаудың бірінші жолы болып есептелінетін белгілер – белгілі әлеуметтік қоғамдық институт (құрылатын, қолдайтын және ұдайы ұлғаятын), кейбір белгілі жүйедегі ұйымдар мен құрылымдардың өзара байланысы. Екінші, М.Вебердің тұжырымдамасы бюрократияны таза ашық үстемдік ретінде мойындау. Қазіргі америкадағы басылымдар менеджментті бюрократизмді ұйымдастыру түрі деп анықтайды, еңбектің мамандандыру арқылы бөлінуі, айқын иерархиялық басқару және жұмыстың сәйкестік көрсеткіші мен жұмыскердің жетістігіне негіздеп баға беру, жұмысқа алу соған тән болып саналады.

    Беберлік идеяда бюрократизм: рационалдандырумен теңдестірілген тәртіпке салу, жүйелеу және қоғамдық процесті басқару. Бюрократия түсінігі, оны әр уақытта түсіндіру және жазуға байланысты екі мағына пайда болды. Орыс тіліндегі «бюрократия» сөзі осы кезге дейін келеңсіз және сыналатын сипатқа ие болып келе жатыр.

    Үшінші жол К.Маркстің «Гегельдің фиософия құқығына сын» деп аталатын еңбегі. Соған байланысты:

      1. бюрократия, адамзат қоғамының «мемлекеттік формализмі»

      2. бюрократия, мемлекет сол себепті,ерекше, тұйық қоғам.

      3. бюрократия алдамшы мемлекет, мемлекетпен бірге спиритуализм мемлекет деген ұғым болып саналады.

    Бұл жобаларда негізгі жағдайлар қамтылған – билік бюрократизммен байланысты бюрократия, билікті іске асырудың ерекше тәсілі.

    Шындығында, бюрократия (фран.бюро жекелеген билік) билікті іске асырудың белгілі тәсілі болып есептеледі (кең әлеуметтанушылық мағынада) және, ерекше ретінде көрінеді, ірі иерархиялық ұйым.

    Басқару жалпы қызмет етеді. Бір нүктеден өзара байланыстырушы арқылы басқаратын өзара байланыстың жеті принципі бар басқарушы. Егер үш өзара байланысты бөлім (7х3) қызмет етсе, үйлестіруші бөлімде қосымша бастықты қажет етеді және оның көмекшілері (кейбір жағдайда бастықтың болмауына байланысты), 18 жұмыс жасаушы адам және 5 басқарушы болуы мүмкін (қосымша қызметімен), үш осындай құрылымға, өз кезеңінде басқару бөлімі қажет болады, бір бастық, оның көмекшісінен басқа басқарушы болуы мүмкін, басқарушының ақпарат көлемі көбейеді, басқару құрылымы қиындайды. Сонымен, құрылым көбейген сайын жанама бөлімдер де көбейеді, басқару қызметін атқаратын және қызмет бабындағы субардинациялық жағдай және келісімділік қатаң сақталады.

    Мемлекеттік аппараттың рационалды орналастырылуы, бірін-бірі қайталау, құрылымның параллелдігі, өктемдік қатынастық процестегі құқықтың болмауы, не нашар жағдайда реттелуі және басқарудың материалдық және процессуалдық нормасы көзқарасы тұрғысынан қалыптасқан процедураларды сақтаудағы бақылаудың болмауы, мемлекеттік қызметкерлердің және саяси қайраткерлердің кәсіби дайындығының төмендігінен болатын, дәрежелігінде негізгі себеп субъективтік сипатқа байланысты.

    Бір қызықтысы бюрократия өзінің тарихи үрдісінде бюрократиялық күреске талдау жасайды. Мемлекет басында болған, кейін оның шеңберінен алыс жүргендер, мемлекеттің алға қойған мақсатын, оны орындау жолдарын сынайды. Ерекше рөл атқаратындар, «Еркіндікті сүюші» интеллигенция, әрбір өзін сыйлайтын оппозициялар өзінің мақсаты ретінде мемлекет басындағы Үкіметті бюрократтар деп сынға алады. Кадеттер, эсерлер, социал-демократтарда осылай жасады. Кейінгі кезде үкімет басындағы комитеттерді сынға алу арқылы олардың орындарынан кетуіне себепші болады, үкіметті алғаннан кейін әлгі сынаушылардың өздері бюрократизмге айналады.

    Бюрократизмнің объектісі мен субъектісі орнын ауыстырып отырады, бірақ бұл, бюрократизммен күрес жүргізіп жатырмыз деп тек қоғамдық ой ғана туғызады.

    Сонымен, Феникс құсы сияқты жаңадан жасайды бірнеше формациядан екінші формацияға дейін.

    2.Қазіргі Қазақстанның жағдайын және бюрократияның элементтерін көрсету үшін Паркинсон заңына сүйенейік.

    Оның ойынша бюрократиялық басқарудың негізгі белгілері ол:

    -жоғарғы орталықтандырылу;

    -қызметке тағайындаудың белгісіздігі;

    -жеке ведомстволардың (мекемелердің) әртүрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы саясаттары;

    -ақыл-ойға қарсы келетін қатаң ережелерді қолдану;

    -бюрократиялық ережелер мен әдістердің үнемі күрделенуі;

    -басқару процесстерінің жеткіліксіз қарқыны.

    Нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін де бюрократиялық жүйе жойылып кетпеді, оның кейбір элементтері әлі де болса сақталып қалған.

    Бюрократияның негізгі әлеуметтік-экономикалық мүдделерін көрсетуге болады: қоғамдық байлықты бөлу кезінде өз құзыреті шегін нығайту мен кеңейту, меншік иелері тарапынан бақылаудан жалтару, өзінің қызметін шектен тыс ақтауы. Бұл мүдделер мемлекеттік аппарат, салалық және шекаралық басқаруда және фирмалар мен кәсіпорындар әкімшілігіндегі бюрократиялық қатынастарға қатысты.

    Қалыптасып қалған жағдайдан шығудың жолы бар және ол әкімшілік реформаға қатысты болып отыр. Аталмыш реформаның басты бағыттары келесілер болуы тиіс:

    -мемлекеттік қызмет жүйелеріне, мемлекеттік қызметшінің мәртебелік жағдайына тұрақтылықты қамтамасыз етіп беру;

    -сіңірген еңбегі мен қадір-қасиеті негізінде қызметкерлерді жоғарылату мен бағалау принциптерін қамтамасыз ету;

    -қызметкердің кәсіби өсуі үшін алғышарттар жасау және ынталандыру.

    Тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихында тұңғыш рет заң күшіне ие болған Президенттің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Жарлығы (1995жыл) қазіргі заманғы азаматтық қызметке айтарлықтай пайдасын тигізді. Онда негізінен барлық шенеуніктердің топтарға бөліну принципі қаланған, басқару органдарын реформалау кезінде мемлекеттік қызметкерлерді себепсіз жұмыстан шығарудан қорғаудың құқықтық мехнизмі қарастырылған, мемлекеттік қызметкердің кәсіби өсу мәселелеріне көңіл бөлінген.

    Алайда, Жарлық іске асырылмай тұрғанда мемлекеттік қызметтің жасақталуына және жүзеге асырылуына мүмкіншілік берілмеді, себебі кадрларды таңдаудың конкурстық механизмі болған жоқ. Ал, мемлекеттік қызмет туралы жарлық мемлекеттік қызметті сапалық тұрғыдан жаңа сатыға көтеруге негіз болды. 1999 жылы мемлекеттік қызмет туралы жаңа Заң қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енген болатын.

    Аталмыш заң бірқатар жаңашылдықтарға да ие болып отыр. Атап айтқанда, Қазақстандағы мемлекеттік қызметкер: саяси және әкімшілік болып екіге бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті реформалау мәселесінің өзектілігі бірқатар объективтік және субъективтік сипаттағы факторларда көрініс тапқан. Ең алдымен жас мемлекеттің қалыптасуы мемлекеттік қызметтің жаңартылған кадрлық құрамының қалыптасуын да талап етеді. Екінші жағынан Қазақстанның стратегиялық даму бағыты демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру, сондықтан мемлекеттік қызметкерлердің құрамы да сапалы болуы керек.

    Қазақстанның даму стратегиясында мемлекеттік қызметті реформалау мен кадр саясатына байланысты негізгі идеялар анықталған. Реформаның басты мақсаты – Қазақстан үшін нарықтық экономикаға бейім, тиімді, жаңа мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымын дайындау. Берілген мақсат келесі міндеттерді шешкенде жүзеге асырылады:

    • мемлекеттік аппарат кадрларын тиімді пайцдалану мен іріктеу жүйесін жетілдіру;

    • мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мен даярлаудың жүйесін жақсарту;

    • мемлекеттік қызмет кадрларын басқарудың жалпымемлекеттік жүйесін қалыптастыру;

    • мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күрес;

    • мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерін арттыру.

    Мемлекеттік қызметті реформалаудың маңызды бағытына (сәйкесінше кадрлық саясаттың объектісі ретінде де) сыбайлас жемқорлықпен күрес жатқызылады. Қазақстанның даму стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күреске ерекше назар аударылып, қатал күрес жүргізу көзделген.

    Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік-құқықтық жағынан қорғауды қамтамасыз ету республикадағы мемлекеттік қызметті реформалаудың өзекті бағыты болып табылады.

    Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформа мемлекеттiк бағдарламасын (1994 ж.) орындаудың басты нәтижесi қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындап берген, адам мен азаматтың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ мемлекеттiк институттардың жаңа жүйесiн бекiткен Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануы (1995 ж.) болды.

    Заңнаманы одан әрi жетiлдiру процесiнде Конституцияның үстемдiгi және төменгi деңгейдегi актiлер нормаларының жоғарғы деңгейдегi актiлерге сәйкес келу принциптерiн бұлжытпай ұстану қажет.

    Қолданыстағы заңдар нормаларын қолдану:

    • құқықтық реттеудегі ақаулықтарды толықтыруды және оны қоғамдық қатынастардың барынша маңызды салаларына тереңдетудi;

    • заң жобаларына, соның iшiнде олардың ұлттық қауiпсiздiк мүдделерiне сай болуын, ғылыми сараптама жүргiзу практикасын жалғастыруды және кеңейтудi;

    • заңнаманы бiр iзге келтiру мақсатында онда қолданылатын терминдердiң мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi бiрыңғай тiзбесiн қалыптастыруды;

    • қабылданатын барлық заңдарды тиiмдi iске асыру үшiн жағдай жасау мақсатында оларды қаржылай қамтамасыз етудiң жеткiліктілiк принципiн мұқият сақтауды;

    • қылмыс, сыбайлас жемқорлық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға тiкелей немесе жанама түрде жағдай туғызушы алғышарттарды анықтау мақсатында нормативтiк құқықтық актiлер жобаларына криминологиялық сараптама енгiзудi;

    • заң жобалары қызметiн жоспарлауды жақсарту мақсатында оны перспективалық (3 жылға) жоспарлау практикасын енгізудi iске асыру жолымен жетiлдiруді;

    • ұлттық заңнама ауқымын орта мерзiмдi перспективаға жүйелеу жөнiндегi жұмысты жоспарлауды, құқықтық реттеудi талап ететiн қоғамдық қатынастарға ғылыми талдау жүргiзуді қамтиды. Мұндай алдын-ала талдау нормативтiк құқықтық актiлермен реттелмеген және түрлi деңгейдегi реттеудi қажет ететiн қоғамдық қатынастар саласын айқындауға мүмкiндiк бередi.

    Заңнаманы жүйелеу оның барлық үш нысанын қолдану: инкорпорациялау, топтау және жинақтау арқылы жүзеге асырылуы тиiс.

    Кез келген қоғамда, әдеттегiдей, түрлi индивидуумдар, әлеуметтiк топтар, ұйымдар мүдделерiнiң қарама-қайшылығы болуы мүмкiн. Осы орайда сүйемелдеу сияқты құбылысқа өркениеттi, заңдық шеңбер беру қажет.

    Бүгінде заң актiлерi мемлекеттiк органдарға мазмұны заң шығарушының қалауына сай емес, ал кейде оған тiкелей қайшы келетiн заңға тәуелдi актiлер қабылдауға мүмкiндiк беретiн бланкеттiк (сiлтемелiк) нормалардың көп мөлшерiн қамтиды. Мемлекеттiк органдардың норма түзушiлiк тәжiрибесiнде тар салалық, ведомстволық көзқарас жойылмаған, соның нәтижесiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары, адам құқықтарына, бостандықтарына және азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерiне қысым жасау орын алған. Әрi бұл жәйт заңдарды iс жүзiнде заңға тәуелдi актiлермен алмастыруға әкеп соқтырады. Осыған байланысты заң актiлерiн әзiрлеу процесi сiлтемелiк нормалар санын қатаң түрде азайтумен және заңдарды мүмкiндiгiнше тиiмдi нақтылаумен сипатталуға тиiс. Сонымен бiрге қабылданған заңдардың толықтай iске асырылуын, соның iшiнде қажет деген заңға тәуелдi актiлердiң дер кезiнде қабылдануын қамтамасыз ететін тетіктердi жетiлдiрген жөн.

    Жергiлiктi норма түзушiлiктiң сапасын арттыру қажет болып отыр. Бұл орайда да жалпыға мiндеттi маңызға, ведомствоаралық сипатқа ие немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты жергілiктi мемлекеттiк органдардың актілерiн тiркеу мiндеттілiгi туралы заң нормаларын iске асыруға бағытталған қосымша шаралар қолға алынуы қажет.

    Қазiргi кезде жоғары заңгерлiк бiлiм алуды қамтамасыз ететiн оқу орындарының қатары өте көп. Алайда, бұл ұйымдарда мамандар даярлау сапасы ойдағыдай емес. Бұл шұғыл шешiмiн талап ететiн мәселе. Сонымен қатар жемiстi дамып келе жатқан отандық құқықтық ғылымға қолдау таныту жөнiндегi шаралар қолға алынуы қажет.

    3.Лоббизм - бұл саяси мағына мен құқықтық негіздемеге ие және демократиялық саяси жүйенің интегралды элементі болып табылатын жоғары мамандандырылған іс - әрекет.

    Лоббизмнің саяси мәні мына аспектілерден тұрады:

    - лоббистік топтар ақпарат алмасу саласында азаматтар мен мемлекет арасында делдал (байланысшылар) болып қатысады;

    - лоббизм қоғамдық қызығушылықтардың плюрализмін ұйымдастыру функциясын атқарады. Лоббирлеу процестерін үнемі адамдар топтары жүзеге асырады, бірақ лоббирлеу нәтижелері айтарлықтай зардаптарға әкеліп, жекелеген жағдайларда халықтың үлкен топтарын қозғайды;

    - лоббизм басқа мүмкіндігі жоқ топтарға саяси шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға мүмкіндік бере отырып, демократиялық үкіметтің конституциялық жүйесін толықтырады.

    Лоббидің екі типін қарастыруға болады:плюралистік және корпоративтік. Бірінші - жағдайда жоғарыдан төменге ықпал ету жүзеге асады. Екіншісінде – мемлекет, ұсынылатын басшылықтардың орнына, мемлекеттік мүдделерге жәрдемдесу кепілдігін ала отырып, қандай да бір топпен конвенцияға қол қояды.

    Өкінішке қарай, Қазақстанда егемендік алғаннан бері лоббизм басқарылмайтын формаларға ие болды. Біздің республиканы мүдделерді қорғау өркениеті деп атауға болмайды. Бірінші ерекшелік, тайпалық институттардың кәсіби қызмет етуінен тұрса, екінші ерекшелік демократиялық топтар лоббиіне қарағанда, батыс-қазақстандық топтардың құқықтық салада емес, атқарушы билік саласында әрекет етуінен тұрады. Үшінші ерекшелік, қазақстандық лоббилердің өз іс-әрекеттерінде тиімді әдістерді қолдануынан тұрады.

    Біздің саяси-құқықтық жағдайларда, қазақстандық лоббидің ұйымдастырушылық құрылымында лоббистік іс-әрекетті өздерінің мамандығы деп есептейтін мамандар жоқ.

    Қазақстанда жергілікті ерекшелікті ескере отырып, лоббизмнің толық пайдаланылуы, қызмет етуі үшін:

    - қажетті заң базасын құру, яғни Қазақстан Республикасы Парламентінің лоббистік іс- әрекет туралы заңды қабылдауы;

    - парламенттік іс-әрекет тәжірибесін жетілдіру, яғни парламенттік іс - әрекет тәжірибесіне заң органының түрлі лоббистік топтармен әрекет жасауын енгізу;

    - партогенез процесін аяқтау және мемлекеттік билікке ықпал ету орталығы ретінде мықты саяси партиялардың пайда болуы;

    - опозицияның қалыптасуы;

    - лоббизм процесін реттеу әдістері мен құралдарын жетілдіру.Бұл лоббизмнің барлық институттары үшін жағымсыз салдарлардан құтылуға мүмкіндік береді;

    - мемлекеттік және жеке ақпараттық-сараптама құрылымдарының «шағын орталықтар» әлеуетін белсенді түрде пайдалану.

    Қорытынды

    1. Бюрократия – бұл қоғамдық өмірді ұйымдастыру бойынша нақты функциялардан шеттелінген мемлекеттің аппарат бөлігі . Бұл кез келген қоғамда мемлекет үлесіне тиетін міндеттерді орындаудан тәуелсіз түрде өз үстемдігін қолдауға бағытталған мемлекет аппараты ішіндегі басқарушы каста.

    Биліксіз және иерархиясыз (басқару бөлімінің жанамасынсыз) ірі ұйымның, мемлекеттің өмір сүруі мүмкін емес.

    Бюрократия (бюрократизм, туынды құбылыс) үстемдікті іске асырудың сондай формасы болып есептеледі.

    2. Құқықтық мемлекет құру және жоғарыда айтылған мiндеттердi iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар құқықтық саясатты өздерiнiң күнделiктi қызметiнде iске асыруы тиiс. Оның негiзгі принциптерi:

    - заңдылық, яғни Конституция мен заңдардың, оларға негiзделген заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актілердiң нормаларын сақтап, орнымен қолдану;

    - адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарының ұлықтылық жағдайын бiлдiретiн адам құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы;

    - гуманизм, яғни адамның жеке тұлға ретiндегі жоғары құндылығын, оның еркiн дамуға және қабiлетiн көрсетуге деген құқықтарын тану, қоғамдық қатынастар сапасына баға берудiң өлшемi ретiндегi жеке адам игiлiгiнiң орнығуы;

    - қазақстандықтардың өз Атамекенiн жан-жақты қолдауы мен адалдығы және Отанына сүйiспеншiлiгi ретiндегi қазақстандық патриотизм толық дәрежеде орнығуға тиiс.

    3. Лобби, лоббизм - бұл мемлекеттік органдардың құқықтық және әкімшілік іс-әрекетін ұйымдастыруға ықпал ету жолымен, түрлі топтағы азаматтардың мүдделерін жүзеге асырудың тәжірибесі мен жүйесі.

    Лоббистер – бұл кәсіби негізде құрылған және саясаткерлер мен шенеуніктерге саяси ықпал ете алатын жаңа саяси институт.

    Лоббирленген шешімдерді қабылдау барысында әрбір саясаткер, өз сайлаушыларының көп бөлігі лобирлеуді байқамай, келесі сайлауларда оған дауыс беруге дайын деп есептейді. Сонымен қатар, кейбір топтар да сайлауда шешуші дауыс санына ие болмаса да, саяси қайраткерлердің сайлау науқандарын қаржыландыруға көмек көрсетуге қабілетті. Сондықтан осындай саясаткер экономикалық және әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қажетті болып табылмаса да, ерекше мүдделерді қорғайтын бағдарламаны қолдайтын болады.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шліде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28 б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы наурыздың 27-сі. № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламенті 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Наурыз, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992ж. 11 қараша

    21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993 ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, 27-30-б

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

    Семинар сабағының жоспары:

    Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

    Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, экономиканы мемлекеттік басқару жүйесі және бюрократизм мәселелерін зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

    1. Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері

    2. Бюрократизмнің мәні, теориялық негіздері және оның элементтері

    3. Бюрократизмнің жағымды және жағымсыз жақтары

    4. Бюрократиялық нарық тұжырымы

    5. Коммерциалық емес ұйымдардың бюрократиялық факторлары

    6. Қоғамдық талдау теориясы және ұжымдық әрекеттер логикасы

    7. Әкімшілік рента. Институционалдық емес қатынастардың мәні және олардың объективті негіздері

    8. Лоббистік қызметтің мәні және оның әдістері

    9. Өтпелі экономикада мемлекет функцияларының өзгеруі.

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

      1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

      2. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

      3. Берілген тапсырмаларды орындау

      4. Тест сұрақтарына жауап беру.

    5. Төменде берілген тақырыпқа реферат дайындау:

    «Бюрократиялық нарық тұжырымдамасы».

    «Лоббистік іс-әрекет мәні, оның әдістері».

    «ҚР мемлекет пен лоббизмнің әрекет етуіндегі лоббизм»

    6. Кейсті талқылаңдар: «Алматы компаниясы»

    Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

    1.Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдық негіздерін сипаттаңдар.

    2. Бюрократизмнің мәні мен элементтерін атаңдар.

    3. Коммерциялық емес ұйымдарды бюрократияландыру факторларын атаңдар.

    4. Әкімшілік рентаның мәні неде?

    5. Қазақстандағы бюрократизмнің тарихи және теориялық түбірлерін сипаттаңдар?

    Тапсырма

    1. Жағымды және жағымсыз жақтарын көрсете отырып, демократиялық және бюрократиялық қоғамның салыстырмалы кестесін толтырыңдар. Қорытынды жасаңдар.

    2. Елдер бойынша бюрократизмге талдау жасаңдар.

    3.1991 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің кестесін толтырыңдар.

    Кейс «Алматы темекі компаниясы»

    Алматы фабрикасы жеке меншік жобасы бойынша жекешелендірілген бірінші қазақстандық кәсіпорын болды. «Филипп Моррис» компаниясымен мемлекеттік акция пакетін сату жөнінде келісім-шарт 1993 жылы қараша айында жасалды.

    Алматыдағы темекі фабрикасын алу «Филипп Моррис» үшін бұрынғы кеңес нарығын меңгерудегі алғашқы қадам болды. Бұған дейін компания Клайпед, Краснодар, Харьков, Санк-Петербург темекі фабрикаларын қолға алған болатын. Компания сарапшылары 1992 жылдан бастап Қазақстан нарығын зерттеп, оның болашағы зор деген қорытындыға келді. Сол кезде Қазақстан басшылығының өкілдерімен сөйлесіп, келісу басталды.

    Келісім-шарт жасауға екі жағдай ықпал етті.

    Біріншіден, темекі фабрикасы қаржылық дағдарысқа ұшырап, өндірісін қысқартты. Кәсіпорын жылына 15 млрд темекі бірліктерін шығарып келсе, 1990 жылдан бастап өндіріс төмендеп, 1992 жылы 9 млрд темекі бірлігін ғана өндірді.

    Фабрика жетекшісі Т.Медеушевтің айтуы бойынша өнім өндірудің төмендеу басты себептері – шикізат, материалдар, сонымен қатар құрал-жабдықтардың, артық бөлшектердің жоқтығы. Бұрын бөлшектерді жеткізу кеңестік сыртқы сауда-саттық құрылымдар арқылы жүзеге асты («Кеңесимпорт»). КСРО ыдырағаннан кейін барлық жеткізімдерге фабрика өзі төлеуге міндетті болды, бірақ валюталық ресурстар болмағандықтан, мұны жүзеге асыруға жағдайы келмеді.

    «Инерция» бойынша тек ішкі республикалық нарықта сатылуға арналған өнім шығару жалғаса берді. Осы тұрғыда технологиялық қателіктер жиі жіберіліп, өндіріс сапасы төмендеді. Фабрика өнімдері өзінің төмен бағасы арқасында жергілікті нарықта бәсекелестік қабілетін сақтап тұрды.

    Демек, басшылық келешекте сату дағдарысы мен өндірістің тоқтауына әкеп соғатын барлық бағаларды түсіру қажеттіліктерін түсінді. Сондықтан, фабрика басшылығы «келешекті» ескеріп, фабриканы, шетелдік инвесторға сату қолайлы деген шешім қабылдады.

    Жылдам жекешелендіруге орай, 1993 ж. жазында Ресейдің біржақтылық тәртіпте өзіндік валюта енгізуінен кейін күшейе түскен Қазақстандағы ауыр қаржылық дағдарысқа әкеліп соқты. Және осы уақытта Қазақстанның Лондонда басып шағарылған ұлттық валютасы дайын болды, бірақ республиканың валюталық қоры 400 млн долл. шамасында ғана еді. «Филипп Моррис» компаниясымен жасалған келісім оны бірден 100 млн долл. көбейтуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, еліміздің валюталық жағдайын жақсартуға оң ықпал етті.

    Алғашында басшылық республикада әлділеу акция пакетін қалдыруға тырысты. Мемлекеттік мүлік комитеті тіпті фабрика базасында 50%-дық шетелдік үлеспен СП құру жайында сөз қозғады. Демек, қазақстандық шенеуніктердің тез арада мұндай талаптардың болашағы жоқтығына көзі жетті. «Филипп Моррис» және басқа да компаниялар өздерінің капиталдық салымдарының кепілдігін, жоғарылығын қарастыра отырып, жеке иегеруді ұйғарды.

    Соңында, яғни 1993 жылдың жазында басшылық темекі фабрикасының акциясын сатып алуға құқық беретін халықаралық тендер жариялады. Бұған біраз фирмалар қатары қатысты, соның ішінде Шымкент кондитер фабрикасын сатып алған американдық « Эр-Джи-Эй Набиско» «Филипп Моррис» тендерлік комиссияға ең тиімді жағдайлар ұсынып- мемлекеттік акция пакетіне (97 %) 103 млн АҚШ долл. төлеп, жеңіп шықты. Сонымен қоса «Филипп Моррис» 5 жыл бойы өндіріске 240 млн долл. инвестициялауға міндеттенді.

    Бұл Қазақстан басшылығына инвестициялық ресурстар келісімінде қарастырылған қосымша кепілдік беріп, келісім-шарттағы тараулардың жүзеге асырылуын бақылау мен қаражат шығындарын жеңілдеткен шетелдік қаржыландырудың жаңа механизмі болды. Араға бір жыл өте «Филипп Моррис» АТК жетекші директоры Марк Дюрст : «басшылықпен жасалған келісімде кепілдік біржақтылық тәртіпте жүзеге асырылды» деп мойындады. Демек, жақсы жақтары да болды. АТК « Флипп Моррис» жұмысшыларының кәсіби деңгейі ТМД кәсіпорындарынан әлдеқайда жоғары екендігі байқалды. Демек, компания инженерлік- техникалық ұжымының біліктілігін көтерумен дереу айналысқандығы көрінеді.

    Американдықтарды ішкі нарықтың келешегі ғана емес, сонымен қатар қолда бар күштерді барынша пайдаланып, шетел инвесторларына алғашқыда құрал-жабдықтарды түп-тамырымен жаңартуға асықпауға мүмкіндік берген, фабрикада орнатылған салыстырмалы жаңа технологиялық құрал-жабдықтар қызықтырды.

    1994 жылы көктемінде жетекшілік өнімнің бәсекелестік қабілетсіздігінен өндірісті тоқтатуға мәжбүр болды. Барлығын арзан және заңсыз импорт толтырды. Марк Дюрсттің салық салу, акциз және басқа да мәселелерді шешу үшін премьер-министрмен, тіпті президентпен кездесулері қажет болды. «Филипп Морристің» билік жағынан заңсыз импорттан қорғауының бірте-бірте күшеюіне үміті ақтала бастады. 1994 ж. АШК 12 млрд темекі бірлігін, 1995 ж.-13 млрд., 1996ж.-13,855; 1997ж.-17, 397 млрд темекі бірлігін шығарды. Бүгінде компания жаңа өндірістік корпустар болып, темекі бірліктерін жылына 25 млрд көлемге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

    Талқылауға арналған сұрақтар:

    1. Темекі фабрикасы акциясының мемлекеттік пакетін сатудың басты себебі не?

    2. Шетелдік инвестициялаудың аталмыш әдісі қаншалықты тиімді болды?

    3. Жеке жобалар бойынша Қазақстанның ірі және әмбебап объектілерінің жекешелендіру процесі жайлы сіз не ойлайсыз?

    Әдістемелік ұсыныстар. Семинар дайындықты ең алдымен статистикалық жинақтар мен нормативтік актілер мәліметтерін талдаудан бастау керек. «Экономикалық теория» курсынан әміршілдік-әкімшілдік және нарықтық экономиканың мәнін тағы бір рет қайталаңдар, орталықтан жоспарлау мен мемлекеттік реттеу арасындағы айырмашылықты айқындаңдар. «Макроэкономика» курсынан «Ұлттық шоттар жүйесі» тақырыбын қайталаңдар. Дұрыс шешім қабылдау үшін ертеректе өткізілген ремормалар нәтижелерін нақты білу қажет болғандықтан, ҚР экономикасын реформалау кезеңдері мен нәтижелеріне баса назар аударыңдар.

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1. Бірінші топтың ауыспалы қарым-қатынасының қозғалысы... байланысты:

    1. бөлінудің тереңдетілуі мен еңбек кооперациясының тереңдеуімен;

    2. жеке мешік фирмаларының ауысуымен;

    3. әлеуметтік ортада қайта құрылуымен;

    4. саясаттық ортада қайта құрылуымен;

    5. барлық жауаптар дұрыс.

    1. Ауыспалы экономикада мемлекеттік функцияның (Ғ) қосылымы болып табылады:

    1. топтық экономика жағдайындағы мемлекеттік функция;

    2. бұрынғыдан бас тарту және жаңа құқықтық ортаны құруға байланысты функциялар;

    3. нарықтық экономиканы реттеу функциялары;

    4. бұрынғыдан бас тартқан жаңа нарықтық ортамен байланысты функциялар;

    5. барлық жауаптар дұрыс.

    1. Трасформация мультипликаторы ретінде басшылық рөліне қосылмайды:

    1. бюрократияландыру деңгейі;

    2. басшылық құзыретінің деңгейі;

    3. биліктің монополияландырылу деңгейі;

    4. басшылықтың қызығушылық деңгейі;

    5. барлық жауаптар дұрыс.

    1. Мемлекеттік қадағалаудың функционалдық жүйесінің негізгі бағыттарына жатпайтындар:

    1. мемлекеттік реттеудің ғылыми қамтамасыз етілуі;

    2. күнделікті басшылық;

    3. нарықтық өзіндік реттеу әдістерімен қолданылатын мемлекеттік реттеу әдістерін өңдеу, қолдану, түзету;

    4. кадрларды топтау;

    5. барлық жауаптар дұрыс.

    1. Ауыспалы кезеңде мемлекеттің реттеу және жұмылдыру рөлінің күшеюіне қосылмайды:

    1. ахуалдық мемлекеттік басқарудан бағдарламалық-мақсаттық және стратегиялық басқаруға ауысу;

    2. адамның азаматтық және жеке бостандық базаларын шектеу;

    3. жеке меншікті мемлекеттік қорғау;

    4. барабар құқықтық база құру;

    5. бұзақылықпен күресудің басым бағыты.

    1. Фиасконың негізгі факторларына, мемлекеттік реттеудің тиімсіздігіне... жатқызылады:

    1. ақпараттың жетіспеушілігі мен оның құртылуы;

    2. салық салудың артықшылығы немесе жетіспеушілігі;

    3. билікті шамадан тыс қолдану;

    4. уақытша лагтардың болуы;

    5. барлық жауаптар дұрыс.

    1. Топтық экономиканың трансформация ұстамдылығынан нарықтығына жатады:

    1. салық салу жүйесінің ұстамдылығы;

    2. экономикалық дағдарыстың тереңдетілуі;

    3. әлеуметтік тұрақсыздықтың күшеюі;

    4. аномия мәселелері мен «тосын жағдайлар» эффектісінің күшеюі;

    5. барлық жауаптар дұрыс.

    1. Экономикада әлеуметтік тұрақсыздықтың күшею факторларына жатпайды:

    1. қоғам стратификациясы;

    2. кіріс деңгейінің көпке артта қалуы;

    3. үйшаруашылығы қоры инвестицияларының жоғарғы деңгейі;

    4. қоғамдық көзқарастар поляризациясы;

    5. барлық жауаптар дұрыс.

    9. Дағдарысқа қарсы басқару кезеңдерінің обьективті шекараларын белгілеудің:

    1. стратегиялық және ахуалдық мақсаттар ауқымы мен сипаты;

    2. экономикаға мемлекеттің араласу деңгейі;

    3. бәсекелестік пен бәсекелес ортаның болуы;

    4. барлық жауаптар дұрыс;

    5. барлық жауаптар дұрыс емес.

    11-ТАҚЫРЫП. ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРЛІК ІС- ҚИМЫЛ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ САЛААРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: Экономиканы мемлекеттік басқару түсінігін анықтау, экономика саласындағы мемлекеттік басқару рөлін қарастыру, әлеуметтік қатынастар саласын және әлеуметтік-мәдени саланы мемлекеттік басқару міндеттерін және жағдайын білу, әкімшілік-саяси саладағы мемлекеттік басқару және саларалық мемлекеттік басқару жолдарымен танысу

    Дәріс жоспары

    1. Экономика саласындағы мемлекеттік басқару.

    2. Әлеуметтік қатынастар саласын және әлеуметтік-мәдени саланы мемлекеттік басқару.

    3. Әкімшілік-саяси саладағы мемлекеттік басқару.

    4. Саларалық мемлекеттік басқару

    Негізгі түсініктер: экономиканы мемлекеттік басқару, экономикадағы мемлекеттің рөлі

    Тақырыптың мазмұны:

    1.Экономиканы мемлекеттік басқару өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, құрылысты, көлікті, қаржы мен бірсыпыра мәселелер бойынша экономикаға (мысалы, экология) жанасатын, кейбір өзге де қатынастарды басқару болып көрінеді. Экономика аясындағы мемлекеттік басқарудың басты міндеті – материалдық өндірістің өсуі мен өнімдер өндіруді молайтуды қамтамасыз ету. Ақыр соңында, бұл олар мен олардың топтары арасындағы қоғамдық өнімді бөлу аса әртүрлі болса да, бай және кедей адамдар бар екендігіне қарамастан, адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жасалады. Экономиканы басқару үдерісі көптеген мәселелерді (шаруашылықтардың үйлесімділігін қамтамасыз ету, аз шығын жұмсай отырып, өндіріс пен қызмет көрсету тиімділігін арттыру) шешуді жорамалдайды. Бұған әртүрлі әдістермен, оның ішінде экономикалық (мысалы, мемлекеттің кейбір салалар үшін жеңілдіктер жасауы, соның нәтижесінде капитал салаға құйылады, аталған салалардағы өндіріс өседі) және әкімшілік (билік ету) әдістерімен (лицензия беру және беруден бас тарту, өндірушілерге, мысалы өнімдер сертификациясына қойылатын талап және т.б.) қол жеткізіледі.

    Бұрындары мемлекеттің экономикалық қызметтері мен экономиканы мемлекеттік басқару жүйесінің жекелеген элементтері қарастырылған болатын. Алайда жалпы алғанда «экономиканы мемлекеттік басқару» неғұрлым кең түсінік және оны экономика саласындағы мемлекет қызметтерімен шектеуге болмайды.

    Басқару адамдардың жалпы қоғамдық жүйесі мен оның жекелеген буындарына жүйелік, саналы және мақсатты ықпал ету процесін білдіреді. Оны тәжірибелік іс-әрекет процесі ретіндегі басқаруда қолданылатын тұжырымдамалар, теориялар мен қағидалар, тәсілдер мен формалар түріндегі реттелген білім жүйесі деп те қарастыруға болады.

    Экономикадағы мемлекеттің рөлі төмендегі екі топтың біріне жатқызуға болатын оның қызметтерінде нақтыланады:

    1. Нарықтың тиімді әрекет ету шарттарын жасау қызметтері;

    2. Нарықтық реттеуіштер әрекеттерін толықтыру мен түзету қызметтері.

    Бірінші топқа нарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету қызметтері мен нарықтық ортадағы басты қозғаушы күш ретіндегі бәсекелестікті қорғау және ынталандыру қызметтерін жатқызуға болады.

    Екінші топқа табыстарды қайта бөлу қызметі, ресурстардың бөлінуін түзету, экономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсімді ынталандыруды қамтамасыз ету қызметі жатады.

    Экономиканың жұмыс істеуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету, негізінен, әрекет етуші шаруашылықта заңнаманың қолданылуын бақылау және оған жеке түзетулерді енгізу жолымен жүзеге асырылады. Шаруашылық заңнамасы туралы сөз қозғағанда оның меншік құқықтары мен келісім-шарттарды сақтау кепілдіктерін нақты анықтап, коммерциялық банктер, биржалар мен инвестициялық қорлар сияқты нарықтық шаруашылық институттарының іс-әрекеттерін реттеу қажеттілігін айта кету керек. Шаруашылық жүргізудің құқықтық негізі тұрақты болуы тиіс. Шаруашылық заңнамасында тұрақты түрде айтарлықтай өзгерістердің болуы шаруашылық субъектілеріне ертеңгі күнге деген сенімсіздік тудыра отырып, экономикаға жағымсыз ықпал етеді. Сонымен қатар, ол қоғамдық өмірде болып жатқан кез келген объективті өзгерістерді бейнелеп, жаңа күн талаптарына сәйкес келуі керек. Осылайша, осы мәселеде шаруашылық заңнамасы тұрақтылығының талаптары мен экономиканың трансформациялануы кезеңінде әсіресе тереңдей түсетін оны жетілдіру қажеттілігі арасында объективті қайшылық туындайды.

    Әлеуметтік өмірмен тығыз байланыс жасау барысында күрделене түсетін экономиканың басты мәселелерінің бірі – табыстарды бөлудегі теңсіздік мәселесі болып табылады. Халықтың табысын қайта бөлудің негізгі арналары – жеке табысқа үдемелі салық салу және трансферттік төлемдер жүйесі. Мұнда теңсіздікті азайтудағы басты рөлі трансферттік төлемдерге тиесілі. Салық үдемелігін арттыру мүмкіндіктері айтарлықтай шектеулі. Салық салудың үдемелігін айтарлықтай арттыру жоғары табыс алуға деген ынтаны төмендетеді, сол арқылы ұлттық экономиканың дамуына жағымсыз ықпал ететін капиталдың шетелге ағылуын ынталандырады.

    Табыстарды қайта бөлу арнасы ретінде трансферттік төлемдерді пайдалану мүмкіндігі де шектеусіз. Жұмыссыздық бойынша немесе халықтың нашар қамтылған топтарына жәрдемақы төлеу көлемі мен ұзақтығын айтарлықтай арттыру еңбек етуге деген талапты төмендетеді, ал бұл экономика мен қоғамдағы әлеуметтік ахуалға жағымсыз ықпал етеді.

    Табыстарды қайта бөлу саясаты халықтың жоғары және төменгі табысты топтары арасындағы алшақтықты қысқартуға бағытталған (бірақ тек іскерлік белсенділікті бәсеңдетуге жағымсыз әсер етпейтін деңгейде ғана).

    Нарықтық механизмдердің сыртқы әсерлерімен қатар жүретін өндіру туралы сөз қозғалғанда ресурстардың тиімді бөлінуін қамтамасыз етпейтіні белгілі екенін айтпай кетуге болмайды. Мұндай жағдайларда мемлекет ресурстардың бөлінуін түзету қызметін атқарады. Осындай түзетулерді жүзеге асырудың дәстүрлі әдістеріне қоршаған ортаны ластауға тыйым салатын әкімшілік шектеулер мен стандарттар орнатуды, арнайы салықтар мен демеу қаржылар жүйесін, қоғамдық игіліктер өндірісін қаржыландыруды немесе олардың өндірісін тікелей басқаруды жатқызуға болады.

    Мемлекеттік басқарудың тұрақтандырушы қызметі бюджеттік, фискалды және ақша-несие саясатының дәстүрлі әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жерде мемлекет алдында аталмыш басқару әдістерін қолдануда «жұмсақтық» пен «қатаңдықты» тиімді үйлестіру мәселесі тұрады.

    Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесіндегі аса өзекті мәселелердің бірі – экономикалық өсімді ынталандыру болып табылады. Әлемдік тәжірибе фундаменталды ғылымды қаржыландыру өсімді ынталандырудың шынайы әрекет етуші жанама тетіктері болып табылатынын көрсетті, ол, өз кезегінде, ҒТП-ны жылдамдатуға, салық ауыртпалығын азайтуға (іскерлік белсенділікті арттыруға, техникалық прогресті ынталандыруға және инвестициялар өсімін ынталандыру құралы ретінде ақша-несие саясатын белсенді пайдалануға) оң ықпал етеді.

    Мемлекет өзінің реттеуші қызметтерін әкімшілік және экономикалық әдістер көмегімен атқарады. Әміршіл-әкімшіл экономика үшін реттеудің әкімшілік шараларының басым болуы тән болып саналады. Ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі, керісінше, экономикалық әідстерді пайдалануға негізделеді.

    Әкімшілік немесе тікелей реттеу әдістері шаруашылық субъектісін таңдау еріктігін шектейді. Мысалы, өндірілетін өнім көлемі мен ассортименті бойынша директивті жоспарлы тапсырмалар немесе тауарлар мен қызметтер, орталықтан бекітілген бағалар, жоспарлы экономикадағы әкімшілік реттеу әдістері ресурстардың баламалы пайдаланылуына жол бермейді. Ал мемлекеттік реттеудің экономикалық және жанама әдістері кәсіпкерлік таңдау еріктігін шектемейді. Мысалы, бизнеске салықты төмендету немесе есептік пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі өндірістің өсімі мен кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыруға бағытталған экономикалық реттеу әдістері болып табылады. Соңғылары басқа жол болмағаннан емес, өндірістік бағдарлама мен инвестицялық саясатты таңдауда толық ерікті болғандықтан капитал салымдары мен өндіріс көлемін арттырады. Салықтар мен есептік пайыз мөлшерлемесін төмендету, өндіріс пен инвестициялар өсімін бұрыңғыға қарағанда, неғұрлым тиімді етеді. Осылайша, экономиканы мемлекеттік басқарудың нарықтық тетіктері іскерлік белсенділікті ынталандыруға, азаматтардың еркіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

    Әкімшілік және экономикалық реттеу әдістері арасындағы айырмашылық белгілі кезеңге дейін шартты болып табылады. Кез келген жанама реттеуішті іске араластыру үшін мемлекеттік органдардың соған сәйкес алдын-ала әкімшілік шешімі қажет, мысалы, салық мөлшерлемелерін өзгерту туралы шешім, Орталық банктің мемлекеттік облигацияларды сатуы барысында салық жеңілдіктерін ұсыну туралы шешім, бұл жағдайда кез келген экономикалық реттеуіштер әкімшіліктендіру сипатына ие болады. Сондай-ақ кез келген әкімшілік реттеуіш шаруашылық субъектілерін қандай да бір шараларды жүзеге асыруға тікелей мәжбүрлей отырып, тәуелді болып табылатын экономикалық процестерге жанама ықпал етеді. Мысалы, бағаның әкімшілік әдіспен көтерілуі олардың жаңа деңгейін тікелей анықтап қана қоймай, сондай-ақ бағалар арқылы сұраныс пен ұсыныс деңгейіне жанама ықпал етеді, сол себепті осы жағдайда кез келген әкімшілік реттеуіштер экономикалық, жанама реттеуіштерге тән сипаттарға ие болады деуге болады. Дегенмен де, жоғарыда қарастырып отырған өлшемдер, тәжірибеде, тәртіп бойынша, экономикалық әдістерді әкімшілік әдістерден еш қиындықсыз бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Оларды бөліп қарастыру экономикалық қатынастар табиғаты тұрғысынан маңызды болып табылады.

    Әкімшілік реттеу әдістері нарық табиғатына қарама-қайшы болып көрінеді, олар сәйкес нарықтық реттеуіштер әрекеттеріне тосқауыл болады. Егер, мысалы, кәсіпорынға шығарылатын өнім көлемі мен шикізатты жабдықтау, мөлшерлеу директивті түрде анықталып берілген болса, онда ол өнім көлемін арттыру немесе кеміту жолымен нарықтық конъюнктура өзгерісіне әрекет ете алмайды. Әкімшілік реттеу әдістерінің әрекет ету саласы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым таралу саласы тар болып, нақты нарықтық қатынастар тиімділігі төмен болады.

    Ал экономикалық реттеу әдістері, керісінше, нарық табиғатына бара-бар. Олар нарық конъюнктурасына тікелей әсер етіп, сол арқылы тауарлар өндірушілер мен қызметтер көрсетушілерге, тұтынушыларға жанама түрде ықпал етеді. Мысалы, трансферттік төлемдердің артуы сұранысты арттыра отырып, тұтынушылық тауарлар нарығының конъюнктурасын өзгертеді, ал, ол өз кезегінде, бағаларды көтеріп, тауар өндірушілерді ұсыныс көлемін арттыруға мәжбүрлейді. Экономикалық басқару әдістері, осылайша, нарықтық механизмдер арқылы нарыққа ықпал етеді.

    Алайда, мемлекеттік реттеу тек әміршіл экономика шеңберінде ғана жүзеге асады деп есептеу қате болады, керісінше, нарықтық экономика шеңберінде мемлекеттің реттеуші рөлі одан да көбірек қажет бола бастайды. Нарық жағдайында мемлекеттің алдына мынадай күрделі мәселе қойылады: біріншіден, ол экономикалық тетіктер көмегімен нарықтық жүйенің қызмет етуіне жағдай жасап, оны жеңілдетуі керек, ал екінші жағынан, артық әрекетімен осы жүйені бұзбауы керек. АҚШ және Франция сияқты индустриалды дамыған мемлекеттердің мысалдары осындай алтын нүктеге жету мүмкін екендігін дәлелдейді.

    2. Қоғам өмірінің әлеуметтік аясына еңбек, денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет, өзге де әлеуметтік қатынастар кіреді. Оларды көбінесе экономикалық және саяси қатынастардан бөліп алу өте қиын (мысалы, еңбек бұл әлеуметтік құбылыс қана емес, сонымен бірге аса маңызды экономикалық категория, ал әлеуметтік ұжымдардың қатынасы көбінесе саяси сипатқа ие).

    Қазіргі таңдағы экономикалық ғылымда «әлеуметтік бағдарланған экономика» және оған жақын «әлеуметтік бағдарланған нарықтық шаруашылық» терминдері жиі қолданылады.

    Соғыстан кейінгі германиялық экономиканың реформаторы, «Барлығы үшін игі жағдай» атты кітаптың авторы Людвиг Эрхард ғылыми айналымға енгізген аталмыш категориялар өзінің құрылымы, табыстарды бөлу әдістері, мемлекеттік басқарудағы мақсатты бағдары халықтың әл-ауқаты мен халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған экономиканы сипаттайды.

    Мұнда мемлекеттің әлеуметтік процестерге ықпалы мен оның аталмыш процестерге қатысуы халықтың нашар қамтылған топтарын экономикалық қолдаудан, әлеуметтік салалар мен әлеуметтік бағдарламаларды мемлекеттік қаржыландырудан ғана құралмайтынын ескеру қажет. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты әлеуметтік құқықтармен және елдің конституциясымен, қолданыстағы заңдарымен кепілдендірілген азаматтардың бостандығын қамтамасыз ету дегенді білдіреді. Мемлекеттің қатысу қажеттілігі мынадан тұрады: әлеуметтік объектілер өндірістік, сауда объектілеріне қарағанда аз экономикалық тиімділік әкеледі, немесе таза экономикалық көзқарас тұрғысынан мүлде рентабельді емес болып табылады.

    Әлеуметтік объектілер мен процестерді мемлекеттік басқару формалар мен әдістердің, институттар мен құралдардың кең жиынтығына сүйенеді.

    Мемлекеттік ұйымдардың, біріншіден, әлеуметтік салаға, әлеуметтік мұқтаждықтарға бағытталатын мемлекеттік ресурстарды тікелей басқаруын, екіншіден, мемлекеттің жанама ықпал ету арқылы әлеуметтік объектілер мен процестерді жанама мемлекеттік реттеуін бөліп қарастыру керек.

    Әлеуметтік объектілер мен процестерді мемлекеттік басқарудың әмбебап құралы – Конституция, Азаматтық кодекс, түрлі басқару деңгейлерінде әлеуметтік саладағы әрекетті реттейтін әлеуметтік заңнама. Мемлекет тарапынан әлеуметтік процестерді құқықтық реттеуге президент жарлықтары және үкіметтік қаулылар түріндегі нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жатқызылады.

    Экономиканы мемлекеттік басқарудың бастапқы тармағы – ұзақ, орта және қысқа мерзімді әлеуметтік бағдарларды орындау түрінде іске асырылатын әлеуметтік мақсат.

    Ұзақ мерзімді тұжырымдамалар – бұл жалпылама ұлттық идеяға сүйенетін мемлекеттік әлеуметтік доктринаны өңдеу.

    Орта мерзімді перспективадағы мемлекеттік әлеуметтік мақсат мақсатты әлеуметтік нормативтерді орындауға сүйенеді: табыс пен тұтыну, еңбекақы төлеу, зейнетақы мен жәрдемақы төлеу, жанұя мүшесіне шаққандағы орташа табыстар, күн көріс минимумы, негізгі игілік, қызметтер түрін тұтыну көлемі, осы көрсеткіштер қарқынын ескере отырып, тұрғын-үймен қамтамасыз ету.

    Қысқа мерзімді мемлекеттік әлеуметтік мақсат мемлекеттік бюджетпен, бюджеттен тыс әлеуметтік қорлармен, мемлекетпен іске асырылатын әлеуметтік саясат шараларымен бекітілген, мемлекет кепілдендіретін жақын уақытқа арналған әлеуметтік тұрғыдан алға жылжу деңгейін анықтауға бағдарланған.

    Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік мақсаттарды ғылыми бекіту және әлеуметтік болжамдау, жақын және алыс болашаққа әлеуметтік даму бағдарламаларын негіздеудің айтарлықтай әрекет етуші құралы болып табылады.

    Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар уақыт пен кеңістік бойынша, атқарушылар мен жалпы мемлекеттік, салалық, аймақтық ауқымдағы бірегей, ірі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған шаралар ресурстары бойынша тәуелді болып көрінетін шаралар жиынтығын білдіреді.

    Қорыта келе, әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі мемлекеттік басқарудың неғұрлым маңызды элементі – еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеуге тоқталамыз. Еңбек процестері өзінің мәні бойынша экономикада болып жатқан іргелі (фундаменталды) процестер қатарына жатқызылады. Белгілі өндіріс факторы ретінде еңбекті пайдалану, мемлекетті жоғары өнімділік, қайтарымдылық тұрғысынан қызықтырады.

    Мемлекет еңбекпен қамтылуды қамтамасыз етуге және жұмыссыздық мәселелерін шешуге қызығушылық танытады және белгілі деңгейде жауап береді. Ол еңбек нарығын реттейді, жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысына ықпал етеді, еңбекақы төлеу мәселесіне ерекше назар аударады. Осының барлығы, яғни еңбекті және жұмысбастылықты басқару, еңбек қатынастарын реттеу мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігін құрайтынын дәлелдейді.

    Еңбек процестері мен жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу, нәтижелілік пен тартымдылықты арттыру, еңбек жағдайын жақсарту, еңбекке деген қажеттілікті қанағаттандыру, ұтымды жұмысбастылықты қамтамасыз ету, жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау мақсатында еңбекке, еңбек нарығына, еңбекақыға, еңбек қатынастарына мемлекеттік ықпал етудің әдістері мен құралдарының кең жиынын білдіреді. Мемлекет тарапынан еңбекті реттеу әдістері мен механизмдері елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жүйесінің сипатына айтарлықтай түрде тәуелді болады.

    3. Әкімшілік-саяси саладағы мемлекеттік басқару қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, шетел істері, төтенше жағдайлар, заңдылықты қадағалау (прокуратура қызметі) саласындағы басқаруды қамтиды.

    Басқару объектісі ретінде ел қауіпсіздігі – әскери шабуыл жасау жағдайында Қарулы күштерді пайдалануды қоса алғанда, әскери қорғанысты жүзеге асыру бойынша мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың іс-қимылы процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар саласы болып көрінеді. Қорғаныс саласындағы басқаруды ұйымдастыру елдің әскери қорғанысын тәжірибеде жүзеге асыруды қамтамасыз етуден тұрады; осы мақсаттарда мемлекеттік органдар қоғамдық ұйымдардың белсенді қатысуымен саяси, әскери, құқықтық, ұйымдық, материалдық-техникалық, моралдық-психологиялық сипаттағы өзара байланысты іс-шаралардың күрделі кешенін жүзеге асырады.

    Ел қорғанысы саласындағы басқаруды ұйымдастырудың негізгі кезеңі - әскери құрылыс болып табылады, ол қабылданған әскери доктринадағы Қарулы Күштерді қалыптастыру, оларды басқару бойынша елдің ұйымдық іс-қимылын білдіреді. Әскери құрылыстың мән-мазмұнымен оның арнайы қызметтерінің жүйесі байланысты болып келеді, олар:

    1) Қарулы Күштердің ғылыми-негізделген құрылымын қамтамасыз ету;

    2) Қарулы Күштерді басқару органдарының жүйесін құру, басқару бойынша қызметтер мен өкілеттіктерді нақты бөлу;

    3) әскерді іріктеу мен әскери қызметті өтеу тәртібінің сәйкес тәсілдерін таңдау;

    4) әскери тәрбие мен оқыту формаларын және әдістерін үздіксіз жетілдіру;

    5) әскерлерді материалдық-техникалық қамсыздандыру;

    6) жастарды Қарулы Күштердегі қызметке дайындау;

    7) халықтың, елдің қауіпсіздікке қабілеттігін нығайтуға қатысу дәрежесін анықтау;

    8) азаматтық қорғанысты басқару.

    Елдің әскери ұйымдастырылуы өзінің мақсаттары мен қызметтері бойынша әртүрлі болып келетін мынадай әскери құрылымдарды қамтиды: Қарулы Күштер; шекаралық әскерлер; ішкі әскер; теміржол әскерлері. Мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдары қорғанысты нығайтудың түбірлі мәселелерін қарастырып, шешеді; қорғанысты ұйымдастыру негздерін бекітеді; әскери құрылыстың негізгі бағыттарын анықтап, жоспарларын бекітеді; әскери доктрина мәні мен ережесін қалыптастырып, бекітеді; мемлекеттің әскери жүйесін орнатады.

    Мемлекеттік қауіпсіздік — бұл саяси, экономикалық негіздің және мемлекеттік шекараның мықтылық, мызғымастық жағдайы. Басқару объектісі ретінде мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау, қол сұқпаушылық пен мемлекеттік шекараны қорғау мақсатына ие мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар саласын білдіреді.

    Әділет саласындағы басқару — бұл мемлекеттік басқару органдары жүзеге асыратын және халық соттарын, жоғарғы соттарды, нотариалды орган қызметтерін, сот-сараптама мекемелерінің қызметтерін тәжірибелік басқарудан құралатын атқарушы және бұйрық беру іс-әрекеті және т.б. Осы іс-әрекеттің мазмұны, оның мақсатты тағайындалуы – мемлекеттің құқық қорғау қызметін жүзеге асыру болып табылады.

    Көрсетілген саланың басты ерекшелігі – басқару объектілерінің құқықтық жағдайының ерекшелігі. Әділет саласындағы осындай басқару объектілеріне мемлекеттік органдар, әділет мекемелері мен қоғамдық ұйымдар жатады. Олардың барлығы өзінің тағайындалуы, құрылу тәсілі, өкілеттік сипаты бойынша айрықшаланады.

    Соңында, сыртқы (шет ел) істері саласындағы мемлекеттік басқару мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарымен, сондай-ақ сыртқы істер Министрлігімен жүзеге асырылады. ҚР сыртқы саяси стратегиясының басты мақсаты – халықтың еңбек ету мүмкіндігін қамтамасыз етуден тұрады. Сондықтан, халықаралық аренадағы басты іс-қимыл бағыты – ядролық қауіпке қарсы күрес, қауіпсіз әлемге қол жеткізу үшін күрес болып саналады.

    4.Өнеркәсіптің салааралық құрылымында елдің индустриалды даму деңгейі мен оның экономикалық дербестігінің деңгейі, өнеркәсіптің техникалық қамсыздандыру дәрежесі мен жетілген салааралық құрылымы белгілі дәрежеде өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін сипаттайды.

    Алайда көптеген министрліктер мен ведомстволар салалар шеңберлерінен шығып кетеді, әртүрлі бейіндегі объектілерді басқарады, не бірдей объектілер әртүрлі министрліктердің (мысалы, машина жасау өнеркәсібі құрылыс, байланыс, құрылыс және т.б. басқаратын министрліктер мен ведомстволардың қарамағында) бағыныштылығында болады. Басқалай айтқанда, кейбір министрліктер ведомстволық үстінен қарайтын сипаттағы өкілеттіктерді иеленеді, аталған министрлік жүйесіне кірмейтін объектілерге қатысты кейбір функцияларды жүзеге асырады. Бұл функциялар үйлестіруші (жекелей алғандағы министрліктердің іс-қимылындағы келіспеушіліктерді еңсеру үшін) болуы мүмкін, сол және басқалар аталған министрліктің ведомстваның) бейініне сәйкес келсе де, бұл функциялар міндеттеуші де болуы мүмкін.

    Үйлестірілетін объектілердің үйлестіру субъектілеріне ұйымдасқан түрде бағындырылмағандығы, алайда өзінің іс-қимылын онымен келісуге тиіс екендігі, салааралық үйлестірудің мәні болып табылады. Үйлестіруші органдар сол мезгілде, осындай объектілерге қатысты міндетті сипаттағы шараларды (бірақ, үйлестіру мақсаттарында ғана емес) қабылдауы мүмкін. Бұл – функционалдық салааралық реттеу. Салааралық басқарудағы үйлестіруге қатысты міндеттеуші шаралар әдетте бақылаумен және «қадағалаумен», әкімшілік жаза қолдану құқығымен байланысты.

    Қазіргі таңда өнеркәсіп салалары мынадай кешендерге біріктірілген:

    1. жанармай-энергетика кешені;

    2. металлургия кешені;

    3. машина жасау;

    4. химия-орман;

    5. агроөнеркәсіптік;

    6. әлеуметтік (жеңіл өнеркәсіптегі халық тұтынатын тауарлар өндіру);

    7. құрылыс кешені (құрылыс материалдарының өнеркәсібі).

    Жанармай-энергетика кешені (ЖЭК) өнеркәсіптің, энергетиканың көмір және газдың, мұнайдың біріктірілген жүйесін, халық шаруашылығының жанармай, жылу мен электр энергиясына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен біріктірілген энергетика және өзге де салаларының біріктірілген жүйесін білдіреді. Металлургия кешені қара және түсті металлургияның, металлургия, тау-кен, машина жасау мен жөндеу базасы салаларының біріктірілген жүйесін білдіреді. Экономиканың дамуында машина жасау кешені бірінші орын алады. Машина жасау кешені, еңбек құралы ұдайы өндірісінің бірегей процесіне органикалық түрде біріктірілген машина жасау, металл өңдеу, жөндеу өндірісі салаларының жиынтығын білдіреді және индустрияның көп салалы секторы болып табылады. Жалпы машина жасау, электр техникасы мен радиоэлектроника, көлік машиналарын жасау, сонымен қатар ЭЕМ мен кеңселік құрал жабдық кешеннің басым салалары болып саналады. Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК), өзге салааралық кешендермен салыстырғанда оның құрамына түрлі технологиялар мен экономиканың өндіріске бағытталған салаларының кіруімен сипатталады. АӨК — бұл ауыл шаруашылығының, өңдеуші өнеркәсіп салаларының, жабдықтаудың, микробиологиялық өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың, жеңіл және тамақ өнеркәсібі машиналарын жасаудың, ауыл шаруашылық техникасын жөндеудің, тамақ өнеркәсібі салалары құралдарының, халық шаруашылығының өзге салаларының біріктірілген жүйесі. Бұған ыдыс материалдарын өндіруді, минералды тыңайтқыштар өндіруді, өндірістік объектілер құрылысын жатқызуға болады. Құрылыс кешені құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібі, машина жасау саласының, жөндеу базасының (халық шаруашылығының салаларына біріктірілген негізгі қорлардың әрекет етуін қамтамасыз етуге бағытталған) біріктірілген жүйесін білдіреді. Құрылыс кешені мердігерлік және субмердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымдарының күрделі салааралық жүйесі ретінде қалыптасқан. Құрылыс кешенін құру өндірістік, тұрғын үй және әлеуметтік-тұрмыстық құрылыс салу көлемінің тұрақтылығы мен ұлғаюына, капитал салымдары құрылымының жетілдірілуіне, олардың шоғырлануына ықпал етті.

    Республиканың өнеркәсіптік өндірісінің қалыптасқан құрылымы әркелкілігімен, тұтыну заттарын өндірумен салыстырғанда онда өндіріс құралдарының басым болуымен сипатталады. Қазақстанның бай да салыстырмалы арзан табиғи ресурстары өңдеу және қайта өңдеу салаларының басым түрде дамуымен, қоғамдық еңбек бөлінісі шеңберінде өнеркәсіптік мамандануға ықпал етті. Дайындық деңгейі жоғары өнімді шығару, жекелей алғанда, халық тұтынатын тауарлар өндіру көлемі айтарлықтай зор емес және ол, негізінен, импорттық материалдық ресурстарға негізделеді. Осының барлығы ұлттық табысты қалыптастырудың негізі болып табылатын ұдайы өндіріс кешенін құруға бағытталған мемлекеттік салааралық басқарудың тиімді механизмін құруды талап етеді.

    Салааралық басқару процесінің қағидалары мен негізгі мазмұны заңдар, жарғылар, даму бағдарламалары, экономикалық және әлеуметтік саясаттар арқылы жүзеге асырылатын экономиканы реттеудің әмбебап құралдарын қамтиды (ақша-қаржы механизмін, фискалдық саясатты, жұмысбастылық саясатты, әлеуметтік саясатты, яғни реттеудің макро- және микроэкономикалық құралдарын) қамтиды.

    Салааралық кешенді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру барысындағы маңызды жағдай – шетелдің дамыған елдерінде кеңінен таралған кластерлік тәсілдемені пайдалану болып саналады. Салалық талдауда пакет, блок дегенді білдіретін «кластер» түсінігін алғаш рет М. Портер енгізген болатын. Экономикалық мағынада «кластер» бір-бірінің бәсеке қабілеттігінің артуына ықпал ететін өзара байланысты салалардың қауымдастығын білдіреді.

    Ондаған елдердің 100 саласын зерттеу негізінде М. Портер мынаны атап көрсеткен болатын: олардың кейбіреулерінің табыстылығы айтарлықтай дәрежеде елде, нарықта бәсеке қабілетті болып табылатын ұқсас салаларды жабдықтаушылардың болуына тәуелді болады. Бәсеке қабілеттілік нарықта табыс табатын фирманың ортасына жақын таралу қасиетіне ие. Мұндай фирманы кластердің негізін қалаушы деп атауға болады, ол өзінің бәсеке қабілеттігін жабдықтаушыларға, тұтынушыларға, бәсекелестерге жұқтырады. Нарықта үлкен табысқа жеткен кластердің негізін қалаушы-компания жабдықтаушыларға қатаң талаптар қояды, оларды жабдықталатын шикізат сапасын арттыруға және өз бәсеке қабілеттігін арттыруға мәжбүрлейді. Әрі қарай технологиялық тізбек бойынша кластердің негізін қалаушы-компанияның жоғары сапалы өнімін ұқсас салалардың компаниялары пайдаланып, бәсеке қабеліттіктерінің негізіне айнала алады. Осылайша, негізгі фирмамен технологиялық тізбекте болатын жабдықтаушы-компаниялар да, тұтынушы-компаниялар да, одан ұтысқа ие болады. Әлемдік нарықта жетекші болып табылатын жергілікті компаниялар шығаратын сапалы өнімнің тұтынушысы болып табылатын ел халқы да қолайлы жағдайға ие болады.

    Сонымен қатар, күшті қарсыласымен күресу тәжірибесі бар негізгі компанияның бәсекелестері белгілі бір пайда табады. Кластер ішіндегі бәсекелестер ішкі нарықтағы қатаң күрес нәтижесінде бір-біріне сүйеніп, бизнестің ортақ идеясына бірігу арқылы, ел шекарасынан тыс бірегей қорғаныс ретінде қызмет ете алады. Өз кезегінде, алдыңғы қатарға ұмтылған жабдықтаушылар, тұтынушылар мен бәсекелестер, негізін қалаушы компанияның бәсеке қабілеттігінің артуын ынталандырады. Нәтижесінде, бір елде немесе белгілі аймақта тұтынушылардың, бәсекелестердің негізгі жиыны құрылып, неғұрлым білікті кадрлардың, ілгеріңді технологияның, мамандандырылған ақпараттың, белгілі саладағы кәсіби дағдылардың шоғырлануына ықпал етеді. Фирманың іс-қимылымен байланысты және олардың тиімділігінің артуына ықпал ететін ұйымдар да (университеттер, ғылыми-зерттеу зертханалары, стандарттау мен сертификаттау жөніндегі агенттіктер, сонымен қатар сауда бірлестіктері) қарқынды дамитын болады.

    Осылайша, кластер, яғни, бір бірінің бәсеке қабілеттігінің артуына өзара ықпал ететін тығыз байланысқан салалардың географиялық көршілес компанияларының қауымдастығы құрылады. Күшті деңгейлес және сатылас байланыстары бар салалар, компаниялар кластерді құраушы оның элементтері болып табылады. Кластерлер: ірі, орта және шағын түрлі көлемдегі кәсіпорындардан құрыла алады. Салааралық және салаішілік байланыстардың даму дәрежесіне байланысты кластерлер қамту кеңдігі мен даму деңгейі бойынша айрықшаланады. Кластерлерді кез келген географиялық бірлік деңгейінде: мемлекет, облыс, қала, ауылға бөліп қарастыруға болады. Олар дамыған және дамушы елдер экономикасында пайдаланылады.

    Қазіргі таңда дамыған елдердің үкіметтері кластерлердің қалыптасуы мен даму мәселесіне ерекше назар аударатынын айта кету керек, ол бұрыңғыдай елдер немесе салалар бойынша емес, сарапшыларды белгілі кластерлер бойынша дайындаудан байқалады. Сонымен қатар, дамыған елдердің үкіметтері мен трансұлттық компаниялары кластерлік тәсілдемені әлемдік ауқымда жүзеге асыруға ұмтылады. Осы мақсатта олар қаржылық, материалдық, интеллектуалдық ресурстар иелерінің бағдарларын нығайтады.

    Қандай да бір салада кластердің қалыптасуы ұлттық экономика үшін стратегиялық маңызға ие болады, себебі кластер, тізбектеуге мүмкіндік беретін буын бола отырып, ішкі өсімге бастау береді.

    Қорытынды

    1.Экономикадағы мемлекеттің рөлі төмендегі екі топтың біріне жатқызуға болатын оның қызметтерінде нақтыланады:

    - нарықтың тиімді әрекет ету шарттарын жасау қызметтері;

    - нарықтық реттеуіштер әрекеттерін толықтыру мен түзету қызметтері.

    Бірінші топқа нарықтық шаруашылықтың жұмыс істеуінің құқықтық базасын қамтамасыз ету қызметтері мен нарықтық ортадағы басты қозғаушы күш ретіндегі бәсекелестікті қорғау және ынталандыру қызметтерін жатқызуға болады.

    Екінші топқа табыстарды қайта бөлу қызметі, ресурстардың бөлінуін түзету, экономикалық тұрақтылықты және экономикалық өсімді ынталандыруды қамтамасыз ету қызметі жатады.

    2. Мемлекеттік басқарудың тұрақтандырушы қызметі бюджеттік, фискалды және ақша-несие саясатының дәстүрлі әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл жерде мемлекет алдында аталмыш басқару әдістерін қолдануда «жұмсақтық» пен «қатаңдықты» тиімді үйлестіру мәселесі тұрады.

    Экономиканы мемлекеттік басқару жүйесіндегі аса өзекті мәселелердің бірі – экономикалық өсімді ынталандыру болып табылады. Әлемдік тәжірибе фундаменталды ғылымды қаржыландыру өсімді ынталандырудың шынайы әрекет етуші жанама тетіктері болып табылатынын көрсетті, ол, өз кезегінде, ҒТП-ны жылдамдатуға, салық ауыртпалығын азайтуға (іскерлік белсенділікті арттыруға, техникалық прогресті ынталандыруға және инвестициялар өсімін ынталандыру құралы ретінде ақша-несие саясатын белсенді пайдалануға) оң ықпал етеді.

    3. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлеуметтік мақсаттарды ғылыми бекіту және әлеуметтік болжамдау, жақын және алыс болашаққа әлеуметтік даму бағдарламаларын негіздеудің айтарлықтай әрекет етуші құралы болып табылады.

    Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар уақыт пен кеңістік бойынша, атқарушылар мен жалпы мемлекеттік, салалық, аймақтық ауқымдағы бірегей, ірі әлеуметтік мәселені шешуге бағытталған шаралар ресурстары бойынша тәуелді болып көрінетін шаралар жиынтығын білдіреді.

    4. Мемлекеттік қауіпсіздік — бұл саяси, экономикалық негіздің және мемлекеттік шекараның мықтылық, мызғымастық жағдайы. Басқару объектісі ретінде мемлекеттік қауіпсіздікті қорғау, қол сұқпаушылық пен мемлекеттік шекараны қорғау мақсатына ие мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастар саласын білдіреді.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыз № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября

    21. Атаманчук В.Г. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен //Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

    Семинар сабағының жоспары:

    1. Экономика аясындағы мемлекеттік басқару

    2. Әлеуметтік қатынастар аясындағы мемлекеттік басқару

    3. Салық және кеден саясаттарын мемлекеттік басқару ерекшеліктері

    4. Монополияға қарсы саясаттың мәні

    5. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік басқару

    6. Салааралық мемлекеттік басқарудың мәні мен түрлері

    7. Қаржы, несие және сақтандыру салаларындағы мемлекеттік басқару ерекшеліктері

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

    1. Топтық проектыға дайындау семинар сабағының сұрақтарына тұсау кесу.

    2. Тұсау кесуді ауызша баяндауға дайындалу

    3. СӨЖО «Покров бөл» арналған кейсті талқылау түріне өткізу.

    Кейсті өткізудің екі варианты болу мүмкін:

    1. Кейсті коллектив болып талқылау біріккен бағдарлама жасау.

    2. Топ 2 шағын топқа бөлінеді, әр топ өзінің бағдарламалық проектісін жасайды, сабақта талқылайды. (соңғысы жарысу әлементіне ұқсас. Кейс «Покров облысы»)

    Кейс «покров облысы»

    Тарихи аспекті және жәй-күйі туралы сұрақтар. 1921ж бастап Россияда өлім көбейіп, халықтың табиғи өсімі азаюда, бұл жағдай соғыста кейінгі кезден бері табиғи өсудің жағымсыз жағдайы. Россияда халықтың табиғи азаюы өлімнің көбеюмен ғана байланысты емес, туып көбеюшіліктің шұғыл азаюынан . Егер осы жағдай әрі қарай сақтала берсе, мамандардың болжауына қарағанда келешек болашақта (2015ж) Россияда халық санының азаю 130-135 млн. адам болу мүмкін.

    Покров облысы федерацияның субьектісі ретінде Россияның басқа облыстарға қарағанда бұл территорияда депопуляция ерте басталды (т.е халықтың табиғи азаюы) мұнда депопуляция терең сипатталуда, Россияның басқа облыстарында қарағанда Покров облысы тұрақты тренд өлімінің көбеюі дүниеге келуден 1990ж білінуде.

    1994ж облыстағы салыстырмалы табиғи өсуд қарқыны Россияның көп региондарына қарағанда алда жеке екіме дерлік көрсеткіш.

    Покров облысы туып көбеюшілік (7,3%) әлдеқашан төмен деңгейде, бұл халықтың жай ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге де жетпейді. Егер 1990ж жиынтық коэффициенттіне туып көбеюшілікпен (балалардың орташа санының көрсеткіші, бар әйелден туатын өмірінің барлық кезеңінде) облыста 1,83 бала болды. ҚР Ж ортасында екі не азайды 0,98 . Мамандардың есептеуі бойынша туып көбеюшілік коэффициенті бірліктен кем болса, 25ж кейін (ішкі миграция сыз) халықтың өсуі екі есе азаяды, халықтың тез қартаюы. 1995ж балалар үлесі (0-15жас) халық санының 21% төмен, ал зейнеткерлердің үлесі 24%. Үйленушілердің саны азаюды, неке бұзушылар көбеюде.

    Халықтың денсаулығының нашарлануына байланысты өлімінің жалпы коэффициенті 16% өсті, және келешек өмір сүруді тосу ұзақтығы азаюда. Орталық Россия аумағында Покров 5 нашар ара қатынасы 5 кіреді. Ерлердің өмір сүру ұзақтығы (56ж) әйелдердің (70ж) 1995ж елдің орташа өмір сүру кезеңінен артта қалды. (ерлер 2жыл, әйелдер 1,2жыл). 13 1995ж жастардың өлімі орташа 10% артық аудандаға қарағанда балалардың 16-10% артық «жас» ұрпақтың (15-17) 25-10% еңбекке жарамдылардың (40 жастан жоғары)

    Облыстық банктен әрбір туған бала үшін лицевой счет ашылған. Әрбір балаға 2 мың руб, үшінші – 10мың руб. Оны қолданады 18 жасқа дейін, оқу, емделу, үй сатып алу үшін қолданылады. Облысты басқарушы тұңғыш бала және екінші баланың тууына байланысты, (10 мың руб) үшінші бала үшін (20мың руб). Заңда тағы басқа өзгерістер бар, олар қарыз алуда, салық және зейнетке шығу кезінде т.с.с.

    Демографиялық саясаттың басты бағыттары салтанатты өмір сүру бағыттарын одан әрі насихаттау, ол үшін наркомания, таксикомания , алкаголизм, шылым шегумен күрес жүргізу. Дамыту күлк спорттық сауықтыру орындарын т.с.с.

    Облыстық шараға байланысты «Россияның балалары» бағдарламасы жасауы онда аналарға, балаларға және өзінің денсаулығына жағдайлар жасау көзделген.

    Жасы ұзарған адамдарға олардың денсаулығын жақсартуға қолайлы жағдайлар жасау т.с.

    Өзгерістің нәтижесі. Соңғы 7 жылда негізінен демографиялық ситуация елеулі өзгеріс басталды.

    Облыста халық саны түрақталды, содан кеін өсі басталды. 2002 ж 210 мың адамға (1990ж салыстырмалы 1140 мың адам) науқастың азайды . Әсіресе қан айналмы, сәтсіз оқиға, улану, жарақатттану, осылардың негізінде қаза болу азайды. Өмір сүрудің ұзақтығы облыста 2 жылға өмір сүру дәрежесінің жақсаруына байланысты туып көбеюшілік жалпы коэффициеті 11,5%, табиғи өсудің жағымды жағы 16-25%, Москва адамдардың 7-13%. Покров обл. Россияның орталық Европаның ауданында 1980ж өзіне тартудан өте жақсы орында болуы ішкі Россиялық және сыртқы мигранттардан.

    Халық өсуінің қолайсық жағдайына қоғамдық және ғылыми ұйымдар, өкілетті және орындаушы ареалдар өз ойларын айтып білуіне бастады. Қалыптасқан жағдайға байланысты аудандық бастықтар демографикалық жағдайды жақсартуға көңіл аудара бастады.

    Өзгерістік бұлақтары мен әдістері. Мамандармен ынтымақтастықтың негізінде «2015ж демографиялық ситуацияны жақсату бағдарламасы» жасалынды.

    Бұл бағдарламада орындаушыоргандардың демографиялық жағдайды жақсартуға байланысты істер мен орындайтын міндеттер айқындалды, экономика дамыту, әлеуметтік жағдайларға көңіл бөлу, болмаса семьяларға көмек беру. әлеуметтік жемтімдікті болдырмау, семьядаға болатын кенелсіз жағдайлардың алдын алу т.с.с .

    Облыста дайындалған «семья паспорт, онда семья туралы толық банк дерек қалыптасқан «семья, ана , әкелік жен баланы сақтау туралы» заң қабылданды. Осы заңда көп жеңілдік қаралған. Материалдыдқ жағдайы наша семьяға екі қабат әйелдер мен емшектегі баласы барларға ақысыз беріледі. дәрі-дәрмеке азық-түлік, емдеу және демалу орындарына беру үшін жол шығынын т.с.с. жеңілдіктер. Арнайы балалар қоры құралған , о,ан облысқық жиналысының белгілі мүшелері кіреді.

    Ойланып жүргізген әлеуметтік-экономикалық инновациялық саясаттың нәтижесінде миграция азаймай келу көбейеді, региондағы жұмысссыздық азайды, еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты. Экономикалық өсу байқалуда , халықтың өмір сүру деңгейі көтерілуде, демографиялық ситуацияны сауықтыру материалдық шығын тұрады, бюджетке түсім көбеюде., оны іске асыру , ең ақырында соған сәйкес бюджеттік шығын көбейді. Қоғамдағы моральдық қиындықтар жаққсы жағына ауысты.

    Талқылайтын сұрақтар

    1. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік демограффиялық саясат қалай әсер етті демографиялық кризистен шығу үшін?

    2. Денсаулықты жақсарту және өмір сүру мөлшерін ұзарту туралы маңызды жұмыстар жеткілікті ме?

    3. Покров облысының бір жолға берілуі , балалардың ай сайын берілетін жәрдем көмегі бірінші екі балаға балалардың өмір сүрудің минимум мөлшерінің жартысы, ол үшіншіге екі мөлшерлік көлеміне дүрыс таңдалған ба?

    4. Жеңілдетілген салық механизмі балалар қорына қаржы беруге ынталандыра ала ма?

    5. Қалай ойлайсыз, Қазақстанда демографиялық проблема бар ма? Сіздің көзқарасыңызды дәлелдейтін деректі таббыңыз.

    6. Біздің облысымызда(Қазақстанның басқ облыстарында) Россия федерациясы Покров облысының демографиялық үрдісті шешуге тәжірибесін қолдануға бола ма? Өз бағдарламаңызды ұсыныңызшы.

    Әдістемелік ұсыныс: семинар сабағының толық көлемде өткізу керек. Проект бойынша жұмыс тұсаукесерін бір жұма бойы өткізу керек. Тұсаукесер ықшамды және қызықты материалдарды баяндау керек, міндетті түрде ҚР-на деректеркелтіру арқылы.

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1. Әскери құрылыс қызметіне қатысты емес:

    1. ғылыми құрылғымен қамтамасыз ету, Қарулы Күштерінің ұйымдастырушылық құрылымы

    2. мемлекеттің қорғаныс қабілетін күшейтуге халықтың қатысу формаларын анықтау

    3. Басқару органдарының жүйесін Қарулы Күштер мен оның құрылымдық бөлімшелері арқылы құру

    4. мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау тапсырмаларын практикада шешуді қамтамасыз ету

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    2.Көмір, газ, мұнай, торф, сланец өндірудің, энергетика, энергетикалық құрылғыларды өндірудің интегралды жүйесі:

    1. металлургия кешені

    2. құрылыс кешені

    3. машина жасау кешені

    4. отын-энергетика кешені

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    3.Қара және түсті металлургия, металлургиялық база салаларының интегралды жүйесі:

    1. құрылыс кешені

    2. отын-энергетика кешені

    3. машина жасау кешені

    4. металлургия кешені

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    4.Машина жасау, металл өндеу салаларының жиынтығы:

    1. машина жасау кешені

    2. отын-энергетика кешені

    3. құрылыс кешені

    4. агроөнеркәсіптік кешен

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    5.Қайта өндеу өнеркәсібінің, ауылшаруашылық машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібіне арналған машина жасау мен ауалшаруашылық техникасын шығарудың интегралды жүйесі:

    1. құрылыс кешені

    2. агроөнеркәсіптік кешен

    3. машина жасау кешені

    4. әлеуметтік сала

    5. қаржы саласы

    6. Құрылыс, құрылыс материалдары өнеркәсібінің, машина жасау салаларының интегралды жүйесі:

    1. машина жасау кешені

    2. құрылыс кешені

    3. металлургия кешені

    4. отын-энергетика кешені

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    7.Бір-бірімен салалар арқылы тікелей байланысқан, бәсеке қабілеттілігінің өсуіне өзара көмектесетін фирмалардың қауымдастығы – бұл ...

    1. сала

    2. кластер

    3. кешен

    4. салааралық кешен

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    8.Ал басқарудың барлық қойылған талаптарына, сапасына, басшылық қызметтеріне сай түрі қалай аталады?

    A) жалпы

    B) жеке

    C) көпке жағымды серіктестік

    D) директивалық

    E) барлық жауаптар дұрыс емес

    12-ТАҚЫРЫП. БАСҚАРУШЫЛЫҚ ІС-ҚИМЫЛ СТИЛІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: Мемлекеттік басқарушылық қызметтің стилін және оған тән белгілерін қарастыру. Басқарушылық іс-қимылды бөлу және регламенттеуді түсіну. Басқарушылық процестердің ұйымдасушылығын күшейту мәселерін анықтау. Басқарушылық іс-қимыл стилін жетілдіру резервтері туралы түсінікті қалыптастыру.

    Дәріс сабағының жоспары:

    1. Басқарушылық қызмет стилі және оған тән өсіңкілік белгілері.

    2. Басқарушылық іс-қимылды бөлу және регламенттеу.

    3. Басқарушылық процестердің ұйымдастырушылығын күшейту.

    4. Басқарушылық іс-қимыл стилін жетілдіру резервтері.

    Негізгі түсініктер: мемлекеттік басқару стилі, басқарушылық нормасы, басқарушылық әсер, тәжірибе, басқарушылық әсер, стиль.

    Тақырыптың мазмұны

    1.Мемлекеттік басқаруды ұтымды ету факторларының ішінде оның стилі: басқарушылық элементтер мен адамзат әлеуетінің ойластырылған, келісілген өзара әрекеті ерекше орын алады. Негізінен, өзінің қызмет ету стилі арқылы басқарушылық жүйе түрлі қоғамдық қатынастарға, процестер мен өзара байланыстарға ықпал етіп, өзінің мақсатты, ұйымдастырушы және реттеуші әлеуеттерін іске асырады.

    Мемлекеттік басқару стилі — күрделі, көп элементті жүйелі құбылыс. Ол мемлекеттік басқарудың әлеуметтік, ұйымдық, нормативтік, ақпараттық және техникалық параметрлерінің синтезіне негізделген. Сонымен қатар, стиль қоғамның ерекше басқарушылық саласында объективті және субъективті бірлігін білдіреді деуге болады. Дәл осы стиль арқылы басқару тек ғылым мен өнер ретінде емес, сонымен қатар силлогизм мен интуиция ретінде, тек тәжірибе емес, сонымен қатар, эвристикалық сезім ретінде сипатталады. Стиль белгілі құрылымдарға сүйене отырып, басқарудың қатысушыларына толық көлемде өзінің шығармашылық мәнін ашуға мүмкіндік береді.

    Мемлекеттік басқару стилі дегеніміз басқарушылық істердің ұтымды және демократиялық әрекетін қамтамасыз етіп, соған сәйкес қағидаларға негізделген мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының күнделікті қызмет ету тәсілдері, әдістері мен формаларының нақты қолданылатын жүйесін білдіреді. Қоғамның өзге салаларындағы жұмыс стилінен айырмашылығы, ең алдымен, лауазымды тұлғалар мен сәйкес органдардың әлеуметтік белсенділігінен тұрады, олар: а) мемлекеттік-биліктік өкілеттікті қолданумен не оларға сүйенумен байланысты; б) айтарлықтай толық та нақты реттелген және бекітілген формалар мен процедураларда жүзеге асады; в) басқарушылық әрекеттерді қалыптастыру мен жүзеге асыруды өзінің мақсаты етіп қояды.

    Ілгеріде айтылғандай, адам басқарудағы басты, негізгі тұлға болып табылады, бірақ қоғамға жетекшілік ететін лауазымдағы қандай да бір адамның ниеті жақсы қасиеттеріне ғана сүйене алмайды. Ол осы адамның қажетті бағыттағы және әлеуметтік танылған формалар, әдістер мен ресми белгіленген тәртіптердегі іс-әрекетін қамтамасыз ететін кепілдіктеріне, сенімді механизмдері мен реттеуіштеріне ие болуы керек.

    Сондықтан, өз қасиеті бойынша мемлекеттік басқару стилі қандай болса да, ол келесі қажетті элементтерден құралуы керек:

    а) мемлекеттік басқару субъектілерінің басқарушылық жүйесіндегі ирерархияда белгілі орын мен құқықтық мәртебеге ие болатын мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мақсатты, функционалды ұйымдық сипаты;

    б) басқару органдары мен лауазымды тұлғалар іс-әрекетінің заңды түрде бекітілген және тәжірибе жүзінде қолданылатын формалары, әдістері мен ресми белгіленген тәртіптері;

    в) басқарудың әлеуметтік-психологиялық механизмдері қалыптасатын лауазымды тұлғалардың нақты байқалатын жалпы мәдени, кәсіби және тұлғалық қасиеттері.

    Мемлекеттік басқару стилі, негізінен, саяси тәртіпке жақын, себебі саяси тәртіп билік мүдделеріне қызмет көрсетеді, ал басқару стилі мемлекеттік басқаруға оған қажетті ұтымдылық пен тиімділікті береді.

    Күмәнді естілсе де, басқару билікке қарағанда неғұрлым әлеуметтендірілген. Қарапайым адамдар кедейшілікте жүргенде, соңғысы өзінің дәулеттілігіне қанағаттанады. Бірақ, мұндай жағдайда басқару жоқ, себебі биліктің жүзеге асыратынын басқару деп атауға болмайды. Ол нақты қоғамдық даму болғанда ғана әрекет етеді.

    Мемлекеттік басқару стилі аталған элементтерге назар аудара отырып, құрылады. Осыған байланысты, ғылыми әдебиетте айтылған басқарудың бірнеше стильдерін бөліп қарастыруға болады:

    1. Директивалық (әкімшілік-директивті, автократиялық, авторитарлы) – биліктің шамадан тыс орталықтануымен, гипертрофиялық формалардағы бір тұлғалықпен айрықшаланатын стиль.

    2. Демократиялық (алқалық, кооперативтік, корпоративті) – бағыныштыларға өздерінің біліктілігі мен атқаратын қызметтеріне сәйкес дербестікті ұсынатын стиль.

    3. Либералды – оны іс-әрекеттің келісімсіздігі, қабылданатын шешімдердің салдарлары үшін жауапкершілікке ие болмау айрықшалайды.

    4. Анархиялық – барлығы өз бетімен жіберіліп, әрбір адам өздері не жасағысы келетінін жүзеге асыратын басқару стилі.

    5. Серіктестер стилі, онда жетекшілер мен лауазымды тұлғалар істен іске жармасып, түрлі шараларды жүзеге асырады.

    6. Еріктілік стилі, оған бұйрықтар, теріс психологиялық ықпал тән.

    7. Жалпы — нормативтік стиль, яғни қоғам қолдайтын жалпымен танылған стиль.

    8. Жеке – басқарушылық іс-әрекеттің нақты шарттарына сәйкес және жетекшілер мен лауазымды тұлғалардың нақты шарттарына сәйкес қолданылатын жалпы стилі. Жеке жұмыс стиліне тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті ықпал етеді, ол оны белгілі әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде сипаттайды.

    Әрине, бірде бір басқару стилі таза күйінде байқалмайды. Көбінесе қандай да бір стильдің басым болуы орын алғанда олардың үйлесім табуы да болады. Оның жүйесі мен ішкі жүйесінен қалыптасатын басқару стилінің қасиеті басқарушылық процестердегі тұлғалардың қасиеттеріне тікелей тәуелділікте болады.

    Тарихи тәжірибе мемлекеттік басқарудың демократиялық стилі мақсатты да бағдарлы, ұзақ мерзімге бағдарланған екендігін көрсетеді. Ол басқарушылық процестерді тұрақтандырып, солар арқылы ұтымды да тиімді қоғамдық дамуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

    Мемлекеттік басқарудың демократиялық стилінің қасиеттері арасынан төмендегілерді атап өтуге болады:

    а) азаматтар мен мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терең де органикалық өзара байланыстары, бұл адамдардың өмірлік әрекеттерінің мақсаттарын, мүдделері мен қажеттіліктерін, басқарушылық объектілерді тануға, олардың түсінігінде басқарушылық шешімдер мен әрекеттердің дамуына, мемлекеттік басқарудың барлық жүйесінде шығармашылықтың, белсенділіктің ынталандырылуына ықпал етеді;

    б) басқарушылық процестердегі ғылыми таным үшін және оларға қажетті мақсаттылықты, іскерлікті берудің кең мүмкіндіктері. Мемлекеттік басқару стилінің ғылымилығы мынаны қарастырады: мемлекеттік аппаратта қоғамдық, табиғи және техникалық ғылымдар жетістіктерін кеңінен пайдалану; аппарат іс-әрекетінде ғылыммен бекітілген қоғамдық әрекеттің объективті заңдылықтарын ұстану; аппарат тарапынан ғылыми-техникалық прогрестің дамуына және оның жетістіктерін тәжірибеге енгізуге жан-жақты ықпал ету; ғылыми негізделген ережелер және ұсыныстармен аппарат іс-әрекетінің деңгейін өлшеу. Сонымен қатар, ғылымилықтың өзі негізделген мақсаттылық пен іскерлік үшін жағдай жасайды;

    в) мемлекеттік басқарудың бүкіл жүйесінде жетекшілер мен бағынушылар арасында, басқарылатын құрылымдар мүшелері мен басқарылатын объектілер арасында шыншыл қатынастарды орнатады және қолдайды.

    2.Мемлекеттік басқару стилі басқару ғылымын, өнері мен тәжірибесін игеру дәрежесін көрнекі түрде ашатынын да айта кету керек.

    Мемлекеттік басқару стилінің жетілдірілуі тәжірибелік аспектіде әдетте екі жағдайды кешенді талдау, бағалау мен үйлестіруден басталады: мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-басқару органдарында шоғырландырылған адамзат әлеуеті мен басқарушылық ресурстары бар мемлекеттік басқару мақсаттарының үйлесуі. Мұндағы ең бастысы: басқару мен басқарушылық әлеуеттің нақты жағдайын анықтау. Мемлекеттік басқару стилі елес ретінде түсіндірілмес үшін, ол объективті негіздемеге сүйеніп, шынайылықпен айрықшалануы керек.

    Институционалдық сипатқа, сонымен қатар адамзаттық сипатқа ие сатылас және деңгейлес иерархиялық басқарушылық жүйесі бойынша жиынтық басқарушылық әлеуетті бөлудің өзекті мәселесі әрекет етеді.

    Соңғы онжылдықтарда әлемдік басқарушылық санада басқарушылық процестердегі адамдардың өзара қатынастарына қатысты болып табылатын бірнеше теориялар қалыптасты.

    Өткен ғасырдың 60 жылдарында Мичиган уни­верситетінің (АҚШ) профессоры Д. Макгрегор адамдардың типтеріне негізделген басқаруды ұйымдастырудың екі тұжырымдамасын негіздеген болатын: ол жоғарыда қарастырылған «X» теориясы және «Y» теориясы.

    «Z» теориясы аталмыш теорияларды үйлестіруге талпынды, ол қабылданған шешім үшін бір тұлға жауапты болатын шешімді алқалы түрде қабылдаудан туындайды; онда бәрі бір-бірімен байланыс жасайды; әрбір адамның өз қалауы бойынша әрекет етіп, дербес түрде жұмыс істеу қабілеттігі.

    Соңғы жылдары басқарушылық сана түрлі басқарушылық ресурстарды тәжірибеге енгізуде біршама алға жылжыды деуге болады. Олардың ішінде жаңа бюрократия теориясы (Дж.Г. Марч, Г.А. Сай­мон), менеджментке қатысты ортақ жүйелер теориясы (Ф. Каст, Дж. Розенцвейг), ұйымдық модельдер пікір алуандығы (А. Уолкер, А.Этциони, Дж. Пфеффер), анықсыздықпен жұмыс (Дж.Д. Томпсон, Дж. Гэлбрейт).

    Адам басқаруды ұтымды етудің негізгі көздері жүзеге асырылатын координаталық тор болып қала береді, онда:

    1. Адам ресурсы шектеусіз және қалпына келтіріледі.

    2. Адам алуан түрлі, ауыспалы және әмбебап.

    3. Адамның жақсылығы мен жамандығы, жағымды және жағымсыз жақтары көршілес болып, түрлі үйлесімде түрлі жағдайларда көрініс табады.

    Сондықтан, басқарылатын жүйе шеңберінде басқарушылық әрекетті бөлуге және мемлекеттік басқарудың белгілі стилінің қалыптасуына абстрактылы бағдарлар тұрғысынан қарап, демократия, еркіндік пен орталықсыздандыру басқару игілігін білдіреді деуге болмайды.

    Басқарушылық әрекетті дұрыс бөлудің маңызды шарты оның мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары біліктілігінің өкілеттігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағдарлануы болып табылады. Мұнда орган ішінде ғана емес, сонымен қатар одан тыс түрде басқарушылық әрекеттің бөліну түрлері ескеріледі, өйткені барлық ұйымдастырушы құрылымдар өкілеттігін жүзеге асыруда белгілі қызығушылық болады. Төменгі буындағы органның өз өкілеттігіне жауапкершілікпен қарамауына жоғарыда тұрған органның немқұрайлықпен қарауынан болады. Мемлекеттік басқаруда барлығы өзара байланысты, және бір органдардың әлсіз әрекеті басқаларына міндетті түрде ықпал етеді.

    Басқарушылық әрекетті бөлу арқылы ақпаратты қамтамасыз ету және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету деңгейі, жаңашылдығымен, басқарушылық технологиялардың жағдайымен байланысты. Мұнда мыналар маңызды: құжаттаудың типтік үлгілері; сәйкес құбылыстардың саны мен сапасын бара-бар сипаттайтын көрсеткіштердің біріздендірілген жүйесі; аталмыш процестерге араластырылған барлық құрылымдық буындар, бөлімшелер мен органдар арқылы қажетті ақпаратты жедел де нақты беру үшін ұйымдық және техникалық жағдайлар жасау; қызмет орындарының компьютерлермен жарақтануы; талданатын бағдарламалық объектілерді қарастырудың біртекті әдістері, ресми белгіленген тәртіптері мен операцияларын қолдану; басқарылатын объектілердің дамуын болжамдау, бағдарламалау мен жоспарлау әдістемесінің өзектілігі.

    Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өз нышандары, құндылықтары, дәстүрлері бар басқару философиясы мен әдістемесінің болуы басқарушылық әрекетте зор маңызға ие болады. Мұндай фило­софия мен әдістеме адамдарды ірі мемлекеттік мәселелерді шешуге ынталандырып, біріктіруі мүмкін. Ал жағымсыз филосо­фия мен әдістемеде басқарушылық әрекет бөлінбейді, керісінше оның құлдырауы орын алады. Мұндай жағдайда тіпті басқарудың авторитарлы стилі де көмектеспейді.

    Ұйымдық және функционалдық құрылымды құқықтық реттеуге қарағанда органдардың өкілеттігі, формалары мен ресми белгіленген тәртіптерінің объектісі мемлекеттік биліктің сәйкес органы шеңберіндегі басқару қызметкерлері құрамының тұлғалық және ұжымдық әрекеті болып табылады. Мемлекеттік басқару стилін құқықтық реттеудің мақсаты мемлекеттік лауазымдарды атқару әдістері, құралдары, тәсілдері мен операцияларын бекітуден тұрады. Басқарушылық әрекетті құқықтық реттеуге байланысты: нені, қандай көлемде және қандай формада реттеу керек деген сияқты тәжірибелік мәселелер туындайды. Көптеген ғылыми пайымдаулар мен тәжірибелік ұсыныстарда кейде нәтиженің барлық қадамын реттеуге деген ұмтылыс байқалады. Алайда, мұндай талаптар, қажетті нәтижеге әкелмеген және әкелмейді де. Басқарушылық әрекет аса маңызды, ол ауыспалы және болжанбайтын жағдайларға тәуелді болып табылады. Мемлекеттік органдарда көбінесе бір жұмыскер екіншісін алмастырады немесе өз лауазымына сәйкес келмейтін қызметті атарады.

    Мұндай жағдайларда белгілі лауазымды атқаруға тиесілі мәселелер кешеніне назар аудару керек. Онда кез келген уақытта қандай да бір қызметкердің іс-әрекеті нәтижелерін пайдаланып, қандай да бір қызметтерді жалғастыруға мүмкіндік беріп, мәселелерді бір қызметкерден екіншісіне қарастыруға беруге болады. Нәтижесінде жетекші үшін де, басқарушылық ұжым үшін де икемділік жағдай туындайды. Сонымен қатар, басқарушылық әрекеттің құқықтық реттелуі осы әрекетке формальды тыйым салулармен шектелмей, керісінше, басқарушылық мәселелерді шешу үшін шығармашылықты дамытып, дербестікті ашу нығайтатындай жағдай жасауы қажет.

    3.Тұрақты процесс ретінде мемлекеттік басқару стилін жетілдіру көптеген мәселелердің алға қойылып, талдануы мен шешілуін талап етеді. Бірақ егер оларды жалпылайтын болсақ, онда осы процестегі бастысы – басқарушылық іс-әрекеттің негізін құрайтынның барлығы ұйымдастыру екеніне көз жеткізуге болады. Басқарылатын және басқарушы жүйелердің ұйымдасушылығы (заттық, атрибутивтік және функционалдық аспекті бойынша), ең алдымен, мемлекеттік басқарудың ұтымдылығы мен тиімділігіне ықпал етеді.

    Жоғарыда қандай да бір дәрежеде айтылып кеткен ұйымдастыру жағдайларын мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органындағы мемлекеттік лауазым мен жұмыс орнынан бастап қарастырып көреміз.

    Лауазым өкілеттікті жүзеге асыру бойынша кез келген орган ұжымының іс-әрекет құрылымындағы орны мен мәнін нақты анықтауды талап етеді. Ол үшін оның өзі іс-әрекеттің ішкі мазмұны тұрғысынан (өкілеттік көлемі, қызметтері, іс-әрекет формалары мен әдістері, ынталар мен санкциялар), сондай-ақ өзге лауазымдармен сыртқы өзара байланыстар тұрғысынан (бағыну желілері, ынтымақтастық, ақпараттық, техникалық және өзге де қызмет көрсету) ұйымдастырылуы тиіс. Сонымен қатар, органдағы әрбір іс-әрекет праксеологиялық (кабинет, үстел, орындық, интерьердің өзге заттары, жарық, таза ауаның болуы және т.б.) және эргономикалық (теле­фондар, бағынушылармен байланыс жасау торабы, жұмыстың техникалық құралдары, керекті құралдары бар компьютер) қатынастағы рәсімдеуді қажет етеді.

    Қазіргі таңда лауазымдарды жетілдіру немесе құру процесі іс-әрекеттің дербестігі, шығармашылығы, жауаптылығы үшін кең мүмкіндіктерін ашатындай, белгілі лауазымға ие әрбір адамның жан-жақтан ашылуына ықпал ететіндей түрде жүруі тиіс. Поляк ғалымы С. Ковалевский былай дейді: егер лауазымды тұлғаның сәйкес құрылған мәселелері мен өкілеттіктері жолымен қандай да бір шамада өзін-өзі көрсету шарттары жасалса, онда осы арқылы мотивацияның қуатты факторы шоғырланады. Және әрі қарай: келесі жағдайлар орын алғанда басқарушылық іс-әрекет өзін-өзі көрсете білу қағидасын қамтамасыз ете алады, яғни басқарушылық іс-әрекет:

    1) атқарушының қабілеттіктеріне сәйкес келгенде;

    2) дербес болғанда;

    3)біліктілікке сәйкес келгенде;

    4) өзін-өзі бақылау үшін қолайлы жағдайлар жасағанда;

    5) атқару әдістерін қамтамасыз етуге ықпал еткенде;

    6) кешенді, алуан түрлі болғанда;

    7) түсінікті, қажетті де пайдалы болғанда;

    8) қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға көрнекі түрде ықпал еткенде жүзеге асады.

    Келесі мәселе лауазым топтарын ұйымдастырудан, басқаша айтқанда, органдардың буындары мен құрылымдық бөлімшелерін ұйымдастырудан тұрады. Дәстүрлі түрде лауазым мен буынды қалыптастыру негізі (құрылымдық бөлімше) мамандану қағидасына жүктеледі. Жалпы алғанда бұл, негізделген, бірақ белгілі әлеуметтік-психологиялық шектерге дейін негізделген. Басқарудың кешенділігіне қатысты ұлғаймалы талаптарды ескере отырып, бүгінгі күні өз мазмұны бойынша лауазым ғана емес, сондай-ақ шешілетін мәселелерге байланысты құрылымдық буын да алуан түрлі болуы керек деген мәселе алға қойылады. Бұл жерде басқарушылық қызметтердің деңгейлес шоғырлануы туралы сөз қозғалып отыр. Мұндай шоғырлану мынадай артықшылықтарға ие: басқарушылық іс-әрекетті мазмұнды да қызықты етеді, ақпаратпен, біліммен, тәжірибемен өзара алмасуға ықпал етеді, жұмыста болмағандардың алмастырылуын қамтамасыз етеді, өзара бақылаудың ықпалын күшейтеді, ақпараттың сенімділігін арттырады, жетекшілер мен атқарушылар арасындағы алшақтықты қысқартады, тұлғааралық байланыстарды жақсартып, мемлекеттік басқару стилін жетілдіруге қатысты көптеген мәселелердің оң шешілуіне ықпал етеді. Дегенмен де, деңгейлес бөлу қағидасын таңдау басқару мен басқарушылық процестердің мәнін түсіндіруге әкеледі, себебі жетекшіде бағынушылар неғұрлы аз болса, ол соғұрлым оларға қамқор болып, дербестік пен жауапкершіліктен босатады, сондай-ақ буында сыртқы, басқарушылық қызметтер неғұрлым азырақ жүзеге асырылады. Ол жетекші мен атқарушылық құрам арасындағы орган аппаратының қуаттылығын бөлу дұрыстығын көрсетеді, себебі органда басқарушылық лауазымдар неғұрлым көп болса, соғұрлым оны атқаратын тораптары көп болады (өйткені, тәртіп бойынша, жетекшілер істерді тікелей орындауға ұмтылмайды). Бұл жерде органды ұйымдастыруда демократизм деңгейі де орын алады: сатылас құрылым неғұрлым күрделі болса, бірінші жетекші мен атқарушылық құрам арасындағы алшақтық соғұрлым үлкен болады.

    Әрине, құрылымдық буынды, органның өзін деңгейлес бөлуде (егер ол үлкен болмаса) маңызды шектеу – басқарушылық нормасы орын алады. Соңғысының өлшемдері мынадай:

    а) орташа жетекші ие болатын интеллектуалдық қасиеттердің нақты көлемі, ол жадында сақтап, өңдеуге қабілетті ақпарат саны мен жиілігінен байқалады;

    б) басқарылатын буын саласына енетін мәселелердің білікті түрде шешілуіне кепілдік беруі тиіс.

    Отандық және шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, басқарушылық нормасы орташа алғанда: жеті бағынушыға бір жетекшіні (1:7) құрайды деуге болады, мұнда басқарушылық процестердің күрделілігіне байланысты түрлі вариациялар болуы мүмкін (5: 9).

    Тағы бір мәселе, жетекші лауазымының орындалуын ұйымдық қамтамасыз ету болып табылады. Жетекші іс-әрекетін ұйымдастыру, ол басқаратын органның, бөлімше немесе буынның белгілі қызмет ету стилін қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Сол себептен осындай туындайтын мәселелерді талдауға ғылыми әдебиетте ерекше назар аударылады. Жекелей алғанда, көптеген адамдар жетекші лауазымы: басқарушылық іс-әрекет стратегиясын үнемі қамтамасыз ету, оны қатаң көзделген мақсаттарға жеткізу; шұғыл істерді қарастыру мен шешуге уақытты дұрыс бөлу; мәселелер симптомдары емес, олардың өзін айқындауға ықпал ету; ресурстарды бөлу барысында еркін епті іс-қимылды жүзеге асыруға жағдай жасау; мәселелер мен тапсырмаларды дұрыс бөліп, бағынушылар әрекеттерін қадағалау; қоршаған ортамен кең байланыстарға түсіп, одан қажетті ақпарат алу; биліктің қайнар көзі мен өзектілігіне байланысты туындайтын мәселелерді негізді түрде топтастыру түрінде ұйымдастырылуы керек деп есептейді.

    Жетекші лауазымының дұрыс орындалуы әлеуметтік-психологиялық негіздемелер бойынша да маңызды: күні бойы жұмыс қабілеттігін сақтауға, көңіл-күйді сақтауға, байланыс жасау процесінде жұмысқа деген сенімділікті жоғалтпауға, мәселелерді дұрыс түсініп, ұжымда қажетті микроахуал орнатуға мүмкіндік береді. Жетекші үнемі белгілі бір рух беретін жағдайда болуы керек, себебі оның барлық іс-әрекеті – бұл адамдармен байланыс жасау, ал оның көңіл-күйі сәйкесінше оларға да беріледі. Американдық авторлар адамдарды басқару барысында жетекшілерге мынадай ережелерден ұстануды ұсынады: бағынушылардың өзін-өзі сыйлау сезімін қолдау; назарды тұлғаға емес, мәселеге аудару; нығайту әдісін пайдалану, яғни адамның тапсырмаларды жақсы орындауына жақсы реакция туғызу; қол астындағыларды белсенді, қызығушылықпен тыңдау; айқын талаптар қойып, жұмыскерлерге сенімділік беру.

    Басқарушылық процестердің күрделілігі, оларды үнемі реттеу қажеттілігі, мемлекеттік басқару формалары мен әдістерінің демократизмі басқарушылық тәжірибеде кеңестерді кеңінен қолдануға итермелейді, олардың мақсаты – ақпарат жинау, алмасу, синтездеу, идеялар беру, түрлі ғылыми-техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді талқылау, ұжымдық шешімдерді қабылдау, бағынушылардың алдына мәселелер қою.

    Кеңестің нәтижелілігі: сәйкес кеңестің өкілеттігімен байланысты әкімшілік-құқықтық (ол не істей алады?), дайындық сипаты мен өткізу тәртібінен тұратын ұйымдық-функционалдық (ол дайын ба және оның мүмкіндіктері пайдаланылған ба?), әлеуметтік-психологиялық (қатысушылар аталмыш кеңеске қызығушылық таныта ма?), физиологиялық (қатысушылар өздерін қалай сезінеді, олардың ақпарат беруге немесе қабылдауға қабілеттіктері?), техникалық (жазу құралдарына ие болып, ақпаратты бекіту) бірнеше шарттармен анықталады. Әрине, барлық шарттар бірдей деңгейде сақталған жағдайда кеңес күткендегідей нәтижеге әкеледі. Сондықтан кеңеске дайындалу барысында талқылаудан нені күтетінін нақты анықтау қажет.

    Кеңестер тиімділігін арттырумен айналысатын зерттеушілер: кеңесті жиі және ұсақ мәселелер бойынша өткізбеу (бұл тұрақты қатысушыларға тиімсіз әсер етеді); кеңеске екі-үш сұрақ ғана шығару; кеңеске талқыланатын мәселеге тікелей қатысты тұлғаларды ғана шақыру (кеңесте жай отырғандар емес, қатысушылар қажет); талқылауға қатыса алу мүмкіндігін арттыру үшін қатысушылар шеңберін шектеу; кеңестің күн тәртібімен қатысушыларды алдын-ала (олардың дайындалуы үшін) таныстыру; кеңесті барлық қатысушыларды тарта отырып, пікір-талас, еркін пікір-талас, «ой талқысы» түрінде өткізу (түске дейінгі өткізілген және екі-үш сағаттан аспайтын кеңестер неғұрлым өнімдірек болып табылады); кеңестерді хаттамалап, талқылау қорытындыларын шығарып, жалпымен қабылданған көзқарасты іске асыру әрекеттерін бекітумен аяқтау керек дегенді ұсынады.

    Кеңестерді және осындай ұйымдық шараларды өткізу барысында (отырыстар, конференциялар, симпозиумдар, коллоквиу­мдар) олардың мақсатқа сәйкес келу мәселесіне ерекше назар аударылады. Өкінішке орай, басқару тәжірибесінде осы мәселені ешкім алға шығармайды: кез келген жетекші үшін кеңесті шақыру ең оңай іс, себебі осылайша ол өзінің белсенділігін көрсетеді; адамдарды жұмыстан айырумен, олардың орын ауыстыруымен, қонақүйлерде тұруларымен байланысты кеңестердің экономикалық жақтарын ешкім есептемейді; ал әлеуметтік-психологиялық шығындарға ешкім тіпті бастарын да ауыртпайды; кеңестерде туындайтын және басқарылатын процестерге ықпал ететін нақты басқарушылық серпін беру жағы айқындалмайды және бағаланбайды. Сондықтан, мемлекеттік басқару стилін одан әрі қарай жетілдіру мақсаттылық, үнемділік, басқарушылық тиімділік, тұрғысынан әр кеңестің талданып, бағалануын қарастырады.

    Басқарушылық іс-әрекеттің ұйымдастырушылығының күшеюі көбінесе аталмыш процесте талданып, жалпыланып, бағаланып, таралып, пайдаланыланылуына тәуелді болады. Тәжірибе — басқарудың ұлы жетістігі. Бір жағынан, ол түрлі басқарушылық элементтер ісінде пайдалану, тәжірибе жүзінде байқап, тексеру нәтижесі болып табылады. Тек тәжірибе ғана қандай да бір элементтердің іс-жүзінде қалайша қолданылып, басқарушылық мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асыру барысында нені беретінін көрсете алады. Екінші жағынан, шығармашылық ой тудыратын, бастамашыл, дарынды лауазымды тұлғалар өз лауазымын атқаруы барысында үнемі жаңа, әмбебап, стандартты емес бір нәрселер әкеледі. Сапалы басқарушылық іс-әрекет үлгілерін үнемі іздестіріп, оның жоғары қайтарымдылығының құпияларын талдап, оларды басқару дәстүрлерінде, дағдыларында бекітіп, елге белсенді көрсете білу керек.

    XXI ғасырдың басында басқарудың алуан түрлері мен әлеуметтік типтерінің үлкен ұлттық, сондай-ақ әлемдік тәжірибесі жинақталды. Монархиялық басқару формалары, диктаторлық саяси тәртіптер, соғыстар мен дағдарыстардың да кезеңдері бастан кешірілді. 60-қа жуық соғыстан кейінгі жылдары демократияның артықшылықтары мен әлсіз жақтарына деген түсіністік тереңдеп, оны жүзеге асыру мен тиімділігін арттыру механизмдері ойластырылып келеді. Тәжірибеде көптеген басқарушылық технологиялар енгізіліп, сынақтардан өткізілуде. Басқаруды қамтамасыз етудің құқықтық тәсілдері, басқару қызметкерлері құрамын іріктеу мен дамытудың ресми белгіленген тәртіптері де белгілі. Компьютерлендіру басқарушылық ақпаратпен жұмысты белсенді алға жылжуда. Қажетті басқарушылық нәтижелерге қол жеткізуді ынталандыру мен оған деген жауапкершіліктің рөлі де түсінікті. Кейде бір нәрсе: осының барлығын меңгеруге деген ынтызарлық пен ерік-жігер жетіспейтін сияқты. Басқару тәжірибесін игеру мемлекеттік басқару стилінің міндетті атрибутына айналуы керек. Себебі болашақта адамзат пен барлық елдерді одан да күрделі мәселелер күтіп тұр. Басқарушылылқ процестердің жоғары ұйымдастырушылығынсыз оған бет алу мүмкін емес.

    4.Жауапкершілік жалпы әлеуметтік құбылыс, экономикалық өнеге, мәдени, психология және аспектілерді қамтиды. Қоғамдық қатынас ретінде өте қиын құрылым және бір адаммен екінші адам, адамдар мен ұжым және қоғам арасындағы өзара байланысы және өзара әсері арқылы ашылады.

    Жалпы түрде, жауапкершілік өзара байланысты жақтардың ынтасы және еркіндікті қамтамасыз етуі, ол қоғам мен мемлекеттің кепілдік беруі арқылы іске асады. Ол сондай-ақ:

    а) өз міндетін саналы түсіну;

    б) тәртіпті бағалау;

    в) жазалау шаралары негізінде қалыптасып, бірінен кейін бірі жүзеге асырылады.

    Жауапкершіліктің бастау элементі адамдардың, ұжымның, органдардың, қоғамдық жүйенің басқа компоненттерінің мойындалған көзқарастары және құндылықтар, принциптер, қоғамдық дамудың нормасы және пайдалылығының шешімдері оған әсер етеді. Үйлесімді бағаның нәтижесі оң болуы мүмкін. Сондықтан, жауапкершілікті тек санкция деп қарауға болмайды, оның түрлері, жаза әлде жазалау. Бұлар кең және әлеуметтік тұрғыдан маңыздырақ.

    Жауаптылық қатынасты ішкі және сыртқы екі жағдайды бөліп қарастыруға болады. Ішкі және сыртқы. Азаматтар бірінші жағдайда (адамдар топтары, мемлекеттік органдар ұжымы т.с.с.) құрайды.

    Сыртқы жауапкершілікке басқа адамдар, ұжым және қоғамдық институттар ықпалы арқылы әсер етеді.

    Адамдардың көрінуі арқылы оны адамдар қатынасына қолдануға болады. Мемлекеттік басқару институты (мақсат, функция, құрылымдар, процесс элементтері т.с.с.) жауап беруге қабілетсіз, ол өзі әсер етпейді, тек адам арқылы ғана.

    Жауапкершілік адамның ақыл ойына әсер етеді.

    Азаматтар жауапкершілік арқылы қоғамның қажеттілігіне байланысты қоғамдық қатынастарды белгілі дәрежеде және сапада ұстап тұру керек.

    Оның пәні, мысалы, заңдық жауапкершілік, материалдық, моралдық, саяси және заңдық жеке және ұжымдық жауапкершілік т.с.с жауапкершіліктің басты элементі болып саналады.

    Басқару қызметімен айналысатын жеке адамдардың бойынан ынталандыру мен жауапкершілік қасиеттерінің үнемі табылуы, осы процесте қажетті нәтижелерге қол жеткізудің басты негізі болып саналады.

    Басқару қызметімен айналысатын адамдардың еңбегін бекітілген нормалар арқылы өлшеу мүмкін емес, себебі, бұл үрдісте жұмсалатын күш-жігер интеллектуалдық шығармашылық коммуникациялық сипатта болады. Бірақ аталмыш қызмет ой мен істің бір жерден шығуын сипаттайтын , нақты тәжірибе жүзінде іске асатын жасампаздық, шығармашылық қызмет.

    Басқару қызметін ұйымдастыруда ұжымдық (алқалық) нысан кеңінен қолданылуы тиіс.

    Мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резервтерінің әрбір басқарушылық элементі (мақсаттар, қызметтер, құрылымдар, формалар мен әдістер) мен әрбір басқарушылық құрамдас бөлігі (органдардың жүйесі мен ішкі жүйесі, жекелеген органдар, кез келген лауазымды тұлға) қамтылатындығы күмәнсіз. Бұл жағдайда біз неғұрлым айқын болып табылатын және тәжірибеге оңай енгізілетін мемлекеттік басқару стилінің кейбір резервтері (даму бағыттары) туралы ғана сөз қозғайтын боламыз.

    Ең алдымен, бұл басқарушылық іс-әрекетті басқарушылық әсерге бағдарлау. Басқарудың шынайылығы, сәйкес процестерге басқарушылық әсер ету барысында ғана байқалады. Егер процесті қолдайтын (не субъектілерде, оның құрамдас бөліктерінде, не басқарылатын объектілерде) басқарушылық әсер болса, онда басқару да болады. Егер басқарушылық әсер болмаса, процеске дейін жетпесе, оған қатысты болмаса, онда қабылданған шешімдердің басымдылығына және көптеген ұйымдық шараларға қарамастан, басқару да болмайды. Осылайша, басқарушылық іс-әрекет басқарушылық әсерлерге қатысты қызмет көрсетуші мәнге ие болады, оларды жүзеге асырып, қалыптастырады. Басқарушылық әсер – бұл басқарушылық іс-әрекетті объективтендіру, тек солар арқылы ғана соңғысы талданып, бағалана алады.

    Басқару алдында үнемі тұратын басты да ең күрделі мәселелер: басқарушылық процестің қарқындылығы және жоғары әсермен алға жылжуы үшін не істеу керек, оның іштей реттелуі сыртқы басқарумен қалайша үйлесуі керек, басқарушылық әрекеттердің тиімді қызмет етуі үшін ол жеткілікті ме (көлемі, тығыздылығы бойынша) деген сұрақтар болып саналады. Басқарушылық процестердің тиісті түрде қызмет етуі үшін (шығармашылық, адамдардың ұдайы өндіру процесі) көптеген немесе шексіз басқарушылық әсерлердің қажеті жоқ. Басқарылатын процестерге келесілер қажет: сәйкес нақты іс-әрекет түрлерімен байланысты бара-бар ұйымдық формалар; адамдар талаптарына жауап беретін және олардың іс-әрекетін белсендендіретін нақты бекітілген мақсаттар; сыртқы іс-әрекетті дұрыс реттейтін және жеке бастама мен өзіндік іс-әрекет үшін кең мүмкіндік беретін нормалар, нормативтер (қоғам үшін, өзге де процестер үшін); ресурстық және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету; белгілі мүдделерді қанағаттандыратын ынталар және жауапкершілік шаралары; іс-әрекетті бақылау мен нәтижелерді бағалаудың де­мократиялық ресми бекітілген тәртіптері.

    Әрі қарай: қалыптастырылған басқарушылық әсер шұғыл жүзеге асырылуы керек, яғни басқарушылық процеске дейін жеткізіліп, оның ұйымдастырылуы мен қызмет етуі үшін енгізілуі керек. Осы сәтті ерекше есепке алу қажет, себебі басқарушы жүйе – бұл ие­рархиялық құрылым, онда берілетін немесе атқарушылық буындар жоғарыда тұрған буындардан берілген басқарушылық әрекеттерді үнемі қабылдай бермейді, және оны басқарушылық процестерге дейін үнемі жеткізе бермейді. Және көбінесе жоғарғы немесе федералды атқарушы органдармен қалыптастырылған әлеуетті басқарушылық әсерлер басқарушылық жүйеде тұрып қалып, басқарушылық процестерге нақты ықпал етпейді.

    Егер өзекті басқарушылық әсерлерді қалыптастыру, барлық басқарушылық іс-әрекет бағдарланған алғашқы мақсат болып табылса, онда осындай басқарушылық әсерлерді әрбір сәйкес басқарушылық процеске жеткізіп, енгізу оның екінші мақсаты болып табылады.

    Осылайша, бұл жерде мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резерві ретіндегі басқарушылық іс-әрекеттің өнімділігі жайлы айтылып отыр. Басқарушылық іс-әрекетте еңбектің нормалануы мүмкін емес, өйткені ондағы барлық еңбек интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникациялық сипатқа ие, бірақ бұл – ой мен істің ортақтығымен сипатталатын ерекше тәжірибелік шығармашылық. Әрбір орган бойынша, әрбір лауазым бойынша: «ой (идея) — әрекет — реакция (басқарылатын процестер) — нәтиже (объективті)», еңбек ету жүйесін құрған жөн, ол, біріншіден, деңгейдің артуына ықпал етіп, екіншіден, сәйкес лауазымды тұлғалардың қызметтік әрекеттерінің шығармашылық және тәжірибелік жағын талдап, бағалауға мүмкіндік берер еді.

    Өнімділік басқарушылық іс-әрекеттің қолданылатын формасынан, әдістері мен ресми бекітілген тәртібінен, лауазымды тұлғалардың қабілеттігінен, дарындылығы мен білімінен келетін қайтарымдылықты сипаттайды.

    Өнімділікті талдау бірнеше өзара ауыспалы құбылыстарды салыстырып, бағалауды қамтамасыз етеді:

    а) басқару мақсаттарының қоғамдық өмірдің мақсаттарымен және заңдылықтарымен байланысы; біріншісінің екіншісімен сәйкес келмеуі басқарушылық әрекеттің өнімділігін шұғыл төмендетеді;

    б) басқарушылық әрекеттерде бейнеленіп, сипатталған әмбебап модельдер арасындағы тәуелділік — осы арқылы басқарушылық ойдың өзектілігі мен негізділігі, оның қоғамдық сұрауларға барабарлығы анықталады;

    в) біріншіден, жоғарыдағы мақсаттарда қолданылатын құралдар мен механизмдердің, екіншіден, басқарудың объективті нәтижелерінің және бір бағыттылығының тиімділігі;

    г) лауазымды тұлғалардың жалпы мәдениеттік, іскерлік және тұлғалық қасиеттерінің басқарушылық іс-әрекетте қалыптасқан таптаурындықтарға сәйкес келуі;

    д) жарияланған бостандық пен басқарушылық іс-әрекеттің дербестігі мен осы мүмкіндіктерді тәжірибеде қолданудың нақты шарттары арасындағы диапазон;

    е) басқару қызметкерлері құрамының шығармашылық белсенділігінің шынайылығы.

    Өмір осы барлық өзара ауыспалы құбылыстардың неғұрлым көбірек тәжірибелік маңызға ие болып, жоғары нәтижелілікке жетуін талап етеді. Ол үшін басқарушылық іс-әрекеттегі шығармашылық, ізденушілік, тәжірибелік жақтарын қарама-қайшы қоймау аса маңызды болып саналады. Егер біз тәжірибені үнемі саралайтын болсақ, онда оны жетілдіре аламыз, керісінше, тәжірибеге сүйенбей, барлық керемет деген ойлар, идеялар мен теориялар нәтижесіз пайымдаулар болып қала береді.

    Мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резерві ретінде ұжымдылық зор мүмкіндікке ие болады, мұнда ол мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының қалыптасу қағидасы ретінде ғана емес, сонымен қатар басқарушылық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қатысады. Басқарушылық ақпараттың күрделену жағдайында, басқарушылық процестері динамизмінің күшеюі жағдайында, шешілетін мәселелердің жүйелі өзара байланыстылығы жағдайында, басқарушылық іс-әрекеттің тімділігі оның тиімділінің алғышарты болып табылады. Себебі білім, ептілік пен тәжірибе, тиісті ықпалдасу, көптеген мақсаттарды, себептер мен салдарларды жан жақты есепке алу ғана тиімді басқарушылық шешімді дайындап, жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ендеше, басқарушылық кадрлардың барлық санаттарын ұжымдық әрекетке, өз ойын дұрыс білдіріп, өзгелердің ойын сыйлап, «ой талқысынан» өткізуге үйретіп, ұжым болып қабылданған шешімдерге сыйластықпен қарауға үйрету қажет. Басқарушылық іс-әрекеттің ұжымдылығын еркін қатынастармен, шексіз отырыстармен, бір-бірімен дауласумен, өзге де жағымсыз құбылыстармен шатастыруға болмайды. Ол субординация шеңберінде жүзеге асырылып, оны нығайтуға бағытталған.

    Қорытынды

    1.Мемлекеттік басқару стилі — күрделі, көп элементті жүйелі құбылыс. Ол мемлекеттік басқарудың әлеуметтік, ұйымдық, нормативтік, ақпараттық және техникалық параметрлерінің синтезіне негізделген. Сонымен қатар, стиль қоғамның ерекше басқарушылық саласында объективті және субъективті бірлігін білдіреді деуге болады. Дәл осы стиль арқылы басқару тек ғылым мен өнер ретінде емес, сонымен қатар силлогизм мен интуиция ретінде, тек тәжірибе емес, сонымен қатар, эвристикалық сезім ретінде сипатталады. Стиль белгілі құрылымдарға сүйене отырып, басқарудың қатысушыларына толық көлемде өзінің шығармашылық мәнін ашуға мүмкіндік береді.

    2. Мемлекеттік басқару стилі аталған элементтерге назар аудара отырып, құрылады. Осыған байланысты, ғылыми әдебиетте айтылған басқарудың бірнеше стильдерін бөліп қарастыруға болады:

    - Директивалық (әкімшілік-директивті, автократиялық, авторитарлы) – биліктің шамадан тыс орталықтануымен, гипертрофиялық формалардағы бір тұлғалықпен айрықшаланатын стиль.

    - Демократиялық (алқалық, кооперативтік, корпоративті) – бағыныштыларға өздерінің біліктілігі мен атқаратын қызметтеріне сәйкес дербестікті ұсынатын стиль.

    - Либералды – оны іс-әрекеттің келісімсіздігі, қабылданатын шешімдердің салдарлары үшін жауапкершілікке ие болмау айрықшалайды.

    - Анархиялық – барлығы өз бетімен жіберіліп, әрбір адам өздері не жасағысы келетінін жүзеге асыратын басқару стилі.

    - Серіктестер стилі, онда жетекшілер мен лауазымды тұлғалар істен іске жармасып, түрлі шараларды жүзеге асырады.

    - Еріктілік стилі, оған бұйрықтар, теріс психологиялық ықпал тән.

    - Жалпы — нормативтік стиль, яғни қоғам қолдайтын жалпымен танылған стиль.

    - Жеке – басқарушылық іс-әрекеттің нақты шарттарына сәйкес және жетекшілер мен лауазымды тұлғалардың нақты шарттарына сәйкес қолданылатын жалпы стилі. Жеке жұмыс стиліне тұлғаның әлеуметтік-психологиялық қасиеті ықпал етеді, ол оны белгілі әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде сипаттайды.

    3. Мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резервтерінің әрбір басқарушылық элементі (мақсаттар, қызметтер, құрылымдар, формалар мен әдістер) мен әрбір басқарушылық құрамдас бөлігі (органдардың жүйесі мен ішкі жүйесі, жекелеген органдар, кез келген лауазымды тұлға) қамтылатындығы күмәнсіз.

    4. Мемлекеттік басқару стилін тиімді ету резерві ретінде ұжымдылық зор мүмкіндікке ие болады, мұнда ол мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының қалыптасу қағидасы ретінде ғана емес, сонымен қатар басқарушылық іс-әрекетті ұйымдастыру формасы ретінде қатысады. Басқарушылық ақпараттың күрделену жағдайында, басқарушылық процестері динамизмінің күшеюі жағдайында, шешілетін мәселелердің жүйелі өзара байланыстылығы жағдайында, басқарушылық іс-әрекеттің тімділігі оның тиімділінің алғышарты болып табылады.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыз № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября

    21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен //Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

    Семинар сабағының жоспары:

    Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

    Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

    1. «Басқару стиліне» анықтама беріңіз

    2. Мемлекеттік басқарудың стилін жете зейін қойып қарастырыңыз

    3. Мемлекеттік басқарудың стилі: элементтері және қасиеті

    4. Басқару қызметі стилінің резервін жетілдіру жолдарын зерттеңіз.

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

    1. Тақырыптық сұрақтарға ауызша жауап беруге дайындалу.

    2. Тақырыпқа мини – эссе дайындаңыз:

      1. « Басқарудың директивалық стилі: артықшылығы мен кемшілігі»;

      2. «Басқарудың демократиялық стилінің артықшылығы мен кемшілігі»;

      3. «Басқару стилінің либералдылығы: күштілігі және әлсіздігі»;

      4. «Басқару стилінің анархиялығы, жігерлілігі, жалпылығы, даралығы – қай басқарушы жақсы?»;

    3. Тақырып бойынша сөздік (глоссарий) жасау.

    4. Тақырып сұрақтары бойынша тестік тапсырма дайындау керек.

    Тест

    1. Мемлекеттік басқарудың стилі – күрделі, көп элементті, жүйелі құбылыс:

    1. Мемлекеттік басқарудың стилі «мемлекеттік басқарудың тиімділігі» деген түсінікке синоним

    2. Мемлекеттік басқарудың стилі, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік, ұйымдастырушылық, нормативтік, ақпараттық және техникалық параметрлері негізделеді

    3. Мемлекеттік басқарудың стилі – басқарушылық салада қоғамның объективті және субъективті бірігуі

    4. барлық жауаптар дұрыс

    1.Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы басқару істерін демократиялық тұрғыдан жүргізу, яғни әлеуметтік тиімді және үнемі дамитын әрекеттер, формалар мен әдістер арқылы қолданылатын жүйе:

    1. басқару қызметінің тиімділігі

    2. мемлекеттік басқарудың стилі

    3. өзін-өзі басқару механизмдерінің дамуы

    4. мемлекеттік органдардың жұмыс істеу стилі

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    2.Мемлекеттік органдардың басқару қызметі стилінің қоғамның басқа салаларындағы жұмыс істеу стилінен айырмашылығына осылардың біреуі жатпайды:

    1. басқарушылық әсерлерді мақсаттар арқылы жүзеге асыру

    2. мемлекеттік және биліктік міндеттемелерді қолдану байланысы

    3. бекітілген формаларда толық және нақты регламенттеу

    4. мемлекеттік органдардың басқару қызметі стилінің қоғамның басқа салаларындағы жұмыс істеу стилінен айырмашылығы жоқ

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    3.Мемлекеттік басқару стилінің элементтеріне қатысты емес:

    1. мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының толық, функционалдық және ұйымдастырушылық мінездемесі

    2. басқарушылық қызметтің тіркелген заңды және практикада қолданылатын формалары мен әдістері

    3. қызметшілердің жалпы мәдени, кәсіби және жеке көрсеткіштері

    4. мемлекеттік органдардың біркелкі немесе сатылас бағытының құрылымдығы

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    4.Биліктің шамадан тыс орталықтандырылуы, гипертрофирлік формада бірігулікке, сондай-ақ ұжым өміріндегі ұсақ не ірі мәселелерді шешуге қатысты, бағынушылармен қатынасты шешу:

    1. басқарудың демократиялық стилі

    2. басқарудың либералдық стилі

    3. басқарудың директивалық стилі

    D) басқарудың көпке жағымды серіктестік стилі

    E) барлық жауаптар дұрыс

    6. Жұмыскерлерге (бағынушыларға) еркіндік беру, өз қызметін орындауда сапалы жұмыс істеу, қандай да бір мәселелерде шешім қабылдай білу, жұмысты істеуде жаңа жобалар ойлап табу және адамдарға сыпайы жауап беріп, осы айтылған қасиететтерге ие болу:

    A) басқарудың демократиялық стилі

    B) басқарудың директивалық стилі

    C) басқарудың либералдық стилі

    D) басқарудың көпке жағымды серіктестік стилі

    E) барлық жауаптар дұрыс емес

    7. Ал керісінше жұмыспен сәйкес келмей, өзінің қызығушылық көзқарастарын көрсететін, көп сөйлеу, өз басына жауапкершілікті алмау сияқты қасиеттерге ие болу

    A) басқарудың көпке жағымды серіктестік стилі

    B) басқарудың алқалық стилі

    C) басқарудың либералды стилі

    D) басқарудың жеке (индивидуалды) стилі

    E) барлық жауаптар дұрыс

    8. Басқару стиліне жатпайды

    A) көпке жағымды серіктестік стиль

    B) серіктестік стилі

    C) әріптестік стилі

    D) автократиялық стилі

    E) барлық жауаптар дұрыс емес

    9.Жарлық беру, психологиялық тұрғыда әсер ету, қызметкердің бағыныштылығын пайдалану басқарудың қай түріне жатады:

    A) басқарудың бостандық стилі

    B) басқарудың директивалық стилі

    C) жеке басқару стилі

    D) басқарудың көпке жағымды серіктестік стилі

    E) барлық жауаптар дұрыс емес

    10. Барлық басқару стиліне танымал, бүкіл жерде өз қасиеттерін көрсететін, жан-жақты және басқа стиль түрлері қолдайтын түрі:

    A) көпке жағымды серіктестік

    B) әріптестік

    C) жалпы

    D) жеке

    E) барлық жауаптар дұрыс емес

    13-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК МӘСЕЛЕСІ

    Дәрістің мән мәтіні

    Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың тиімділігіне талдау жасау методологиясын анықтау, мемлекеттік басқару субъектілерінің жұмыс істеуі және оны ұйымдастыру тиімділігін және мемлекеттік басқару тиімділігін дамыған елдер мысалында қарастыру.

    Дәріс сабағының жоспары:

    1. Мемлекеттік басқарудың тиімділігіне талдау жасау методологиясы.

    2. Мемлекеттік басқару субъектілерінің жұмыс істеуі және оны ұйымдастыру тиімділігі.

    3. Мемлекеттік басқару тиімділігін дамыған елдер мысалында көрсету.

    Негізгі түсініктер: Мемлекеттің экономикалық тиімділігі, мемлекеттің ықпалы, жоспарлау және т.б.

    Тақырыптың мазмұны

    1.Мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігін арттыру соңғының күш салуы арқылы екі жағдайда: мемлекеттің органдары мен қызметкерлері және қоғам мен басқаратын объектілер және өзін басқару арқылы іске асады. Бұл тиімділік жалпы сипатты білдіреді және әрбір айтылған компонентердің әр қайсысының үлесін нақты білдірмейді.

    Адамдардың қылықтары мен тәртібі және олардың шыдамдылығы, атқаратын жұмысына қабілеттілігі басқару объектілерінің құрамына кіреді. Мемлекеттік билік жергілікті өзін басқару органдары мен олардың қызметкерлерінің ерекше жоғары деңгейі болып саналады. Сондықтан, мемлекет өзінің қызметі мен ұйымдастыру жағдайын талдауы және бағалауы кезінде қоғамдық процесті басқару субъектісін ескеруі керек.

    Сондықтан мемлекет (оның сәйкес органдары) тек басқару субъектісі ғана емес, ол белгілі бір меншікке ие, нарықты қоса алғанда мемлекеттік басқару менеджері болып саналады. Мемлекеттік қаржы арқылы (бюджет арқылы) тұтынудың әлеуметтік көп бөлігін қанағаттандырады. Сондықтан, қайда, қандай жағдайда жұмсалды және жұмсалып жатыр деген мәселе туындайды.

    Сонымен бірге ресурстың бір бөлігі мемлекеттік аппаратты заңшығарушы, атқарушы және сот билік орындарын ұстап тұру үшін жұмсалады. Басқару аппараты, табиғи қатыстылықтығы мен шарттылығына қарамастан, кейбір өлшемдермен бағаланылады және қоғамдық талдауға жатады.

    Қоғамдық ресурстардың қайсысы жұмсалады деген сұрақтарға, төмендегі бес өлшем толық қамти отырып жауап береді.

    Ең бастысы, бұл мақсатты бағыт (басқалай айтқанда мақсатқа лайықтылық).

    Мақсаттың көрінуі, оның әсері, нәтижесі қоғам арқылы бағаланады.

    Уақыт шығыны, басқару мәселесін шешу және басқару әсерін іске асыру екінші санатқа жатады. Жұмыстың бір бірлігін орындау кезінде аз уақыт жұмсалса, соғұрлым еңбек өнімділігі артады.

    Мемлекеттік басқару жүйесінің функционалдық стилін мемлекеттік басқарудың әлеуметтік сипатының санатына жатқызуға болады. Тұлғаның (мемлекеттік қайраткерлердің, басқарушылардың, мемлекеттік қызметкерлердің) мүмкіндігі стильге өте қатты әсер етеді. Сонымен бірге ол тәуелді ұйымдастыру деңгейіне және басқарушы жүйенің сәйкес қызмет істеуіне де әсер етеді.

    Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік арнайы тиімділігінің төртінші санаты, мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру субъектісінің, оның төменгі жүйелері мен буындарының қиындығын баяндайды.

    Мелекеттік басқаруды ұйымдастыруды шамадан тыс қиындату басқару шешімін тиімді іске асыруға мүмкіндік бермейді. Бұрынғы КСРО-ның басқару аппаратының іс қимылы, оның аса қолайсыздығы соның мысалы болып саналады. Соның салдарынан басқарудың тиімділігі мен ұтымдылық деңгейі төмендеді.

    Қиындықтың ынтаны басатындығы мен басқару процесінің шығармашылыққа көңіл аударатын қоғамдық мағынасы бесінші санатқа жатады.

    Жалпы (жиынтық) – экономикалық, әлеуметтік, техникалық, кадрлық, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесінің қызметін қамтамасыз ету, оның төменгіжүйесі мен басқа да ұйымдастыру құрылымдарының жұмысын қамтамасыз ету шығындары, басқару қызметкерлері құрамын ұстау шығындары, іс сапар, ұйымдастыру техникасы мен компьютерлер шығындары осы санатқа кіреді.

    Мемлекеттік басқару субъектілерінің жұмыс істеуі мен оны ұйымдастыру тиімділігі.

    2. Мемлекеттік басқару субъектілерінің жұмыс істеуі мен оны ұйымдастыру тиімділігі

    Әрбір басқару органдары (мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары) қызметінің әлеуметтік тиімділігінің нақты өлшемі мен адам қызметінің нақты өлшемі, әрбір бірліктің басқару шешімі, қарым-қатынас іс-қимылдары мемлекеттік басқарудағы тиімділікті өлшеуде маңызды рөл атқарады. Бұл қажетті өлшем және ол жалпы және мемлекетті басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігінің нәтижесі болып саналады.

    Көп буындық және иерархиялық жағдайда мемлекеттік басқару субъектісін ұйымдастыруда кейбір басқарушылардың жігерлі басқаруының арқасында олар белгілі бір нәтижеге жетеді, немесе оған керісінше, керенаулық, салғырттықпен байланысты, нәтижеге жетудің орнына кері кететін де жағдайлар болуы мүмкін. Жалпы қолайсыз әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуал жағдайларында, болуы мүмкін органдар мен оның қызметкерлері өздерінің құзырлылық шеңберлерінде басқарушылық проблемаларды ойдағыдай, қажетті деңгейде шеше алады. Сондықтан, қоғам, мемлекет және адамдар толық басқару жүйесін, мемлекеттік басқару жүйесін (оның блоктарымен) басқара алатындай деңгейде, сондай мінез таныта білуі керек.

    Мемлекеттік басқарудағы оның әрбір органы, сәйкес органдардың құзыретін іске асыратын, соған қатысатын, мақсатын, оның қызметінің шегі мен мүмкіндігін сипаттайтын қызмет бабына икемделеді. Бұл басқарушы қызметінің нормативтік моделі болып саналады және оны тәртіпке салатын, ұтымды ететін, басқарудың төзімділігін қамтамасыз ететін сапа құралы ретінде толық түрде қарастыруға болады.

    Әртүрлі басқару органдары мен қызмет адамдарының құқықтық мәртебемен айқындалған құқықтарды орындамауын тиімді деп мойындауға болмайды. Сондықтан, мемлекеттік жүйедегі әрбір қызметкер мен әрбір жұмыскер өзінің жұмысымен айналысуы тиіс.

    Мемлекеттік басқару органы және жергілікті өзін-өзі басқару органы, сонымен бірге қызмет адамдары шешімінің заңдылық сипатта болуы, келесі бір (екінші) нақты әлеуметтік тиімділік өлшемін анықтайтын фактор болып саналады.

    Айтылғандық, заңдылық тек құқықтық құбылыс қана емес, сонымен бірге әлеуметтік қамтамасыз етумен байланысты жалпы және жеке мүддені қорғау, азаматтық қоғамның қағидаттарын өмірге енгізу болып табылады. Заңдылықты орындау, мемлекеттік басқару мақсаттық бағыт береді және тәртіпке салады. Заң қағидатын орындамау оны қалай айтып, қалай түсіндірсе де, өзін ақтай алмайды. Қоғамдық көзқараста да, мемлекеттік басқарудың өзінде де ешқандай тиімділік әкелмейді.

    Басқарудағы нақты істер мемлекеттік басқарудың субъективтік тиімділігінің үшінші өлшемі болып есептеледі. Мемлекеттік басқару өзінің басқарушы компоненттері арқылы міндетті негізгі және кешенді қажеттілікті ұсына отырып, адамдардың мүддесі мен өмірі үшін оны орындауды қамтамасыз етеді. Негізінде, әрбір басқарушылық шешім мен оның әсері адамға қызмет етіп, олардың проблемаларын шешуге көмектесуі керек. Сонымен, әрбір басқару актілері (шешім, адал іс, қимыл және т.б.) ондағы адамдардың сұранымы мен мұқтаждықтарына, аман-есендігі мен дамуына бағытталатындығын, мемлекеттік басқарудың нақты әлеуметтік тиімділігінің өлшемі деп есептеуге болады.

    Осымен байланысты бесінші өлшем, сәйкес басқарушы органдардың, олардың қызметкерлерінің, олардың өз ұжымдарымен бірліктерінің, халықтың әртүрлі топтарының арасындағы байланыстарының мінездері мен оның ауқымын көрсетеді. Басқарушылар халықпен тығыз, тұрақты байланыс орнатқан. Осымен байланысты демократиялық қызмет шеңберінің кең болуы, үлкен объективтік ашықтық, бұл қызметтің тиімділігі мен ұтымдылығын арттырады.

    Мемлекеттік қызмет қоғамда ерекше жоғары беделге ие болуы үшін оған өте көп уақыт кетеді. Басқару органдарының жұмысын және шешімін қамтамасыз ету және мемлекеттің беделін көтеру үшін мемлекеттік басқару тиімділігі ретінде сәйкес органдармен ұтымды іс-қимыл жасау алтыншы өлшем болып саналады.

    Ал, жетінші өлшем басқару қызметін көбірек ашып көрсетеді.

    3.Дамыған елдер мысалындағы экономикалық басқарудың тиімділігі:

    • мемлекеттің экономикалық тиімділігі;

    • америкалық тәжірибе.

    Америка мемлекетінің нарықпен тарихи байланысында, еркін кәсіпкерлік өзгеше бір сипат алды. Америкада капитализмнің дамуына және қалыптасуына жақсы жағдай жасалды. Бұл өз кезеңінде мемлекеттің қалыптасуына, шаруашылықтың экономикалық өміріне және принциптерінің тез дамуына әсер етті. Басқаша айтқанда, АҚШ-та нарық пен мемлекет бірдей дамыды. Сондықтан, мемлекеттің экономикалық қызметі аз көлемде ғана көрінді. ХХ ғасырдың екінші жартысында Американың байлығын және табиғатын анықтайтын көптеген факторлардың болғаны анық. Соның ішінде өтпелі кезеңде америка қоғамының дамуына мемлекеттің белсенді принципті әсер еткенін бөліп көрсеткен орынды.

    Мемлекеттік экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    ХІХ ғасырдағы экономикалық дағдарыстың күйретуші күші АҚШ-қа көп әсер еткен жоқ, мемлекеттің өндірісті дамытуға жағдай жасауы, темір жолдар салуы, ірі корпорациалардың құрылуы, дағдарысты басу үшін емес, экономиканы дамытуға бағытталды. Мемлекет бұл кезеңде әрбір ынталандыру принципін қолдану арқылы ұлттық экономиканы дамытуға және кәсіпкерлерге еркіндік беру жолымен олардың мақсаттарын қолдауға жағдай жасады.

    ХІХ ғасырдың басында өндіріс пен банк «алпауыттарының» қарқынды өсуі мемлекетті мойындатты, осыған байланысты заңдар қабылданып, соның негізінде мемлекет ұлттық экономиканың бәсекелестігін қолдап, ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

    Американдықтар ұлы дағдарыс тек барлық мемлекетті айналып өтпейді, елдегі әлеуметтік жағдайдың нашарлауы, жұмыссыздықтың болуы, ұлттық экономиканың қауіпсіздігіне қауіп деп түсінді. Президент Ф. Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығуды, экономиканың қалыптасуын және америка қоғамының әлеуметтік ахуалын жақсартуды өз жауапкершілігіне алды. Федералдық биліктің барлық кешенді шаралары «жаңа бағыт» деген атауға, «көрінбейтін қол» деген постулатқа ие болды. Жаңа бағытты өтпелі кезеңде өмірге енгізу мемлекеттің экономиканы оңалтудағы рөлін арттыра түсті. Президент Ф. Рузвельтің кезінде АҚШ тарихында алғаш рет ұлттық экономиканың қауіпсіздік кеңесі құрылды, ол «Жаңа бағыт» шеңберіндегі шараларды бір мақсатта байланыстырды.

    Б.Клинтон АҚ үйге президент болып сайланып келгеннен кейін осы кеңесті қайтадан құрды. Б.Клинтонның «командасы» өзінің мақсатын іске асыру кезінде Америкалық тауарлар мен қызмет көрсетулердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестігі артты. Сонымен бірге қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда үлкен іс-шараларды жүзеге асырды.

    Негізінде ХХІ ғасыр барлық елдер, оның ішінде АҚШ үшін халықаралық экономикалық бәсекедегі ішкі өсудің негізгі факторына айналды. Осындай жағдайларда америка үкіметі тиімділікті арттыру арқылы, елдің ұлттық экономикалық қауіпсіздігін сақтай алды.

    Мемлекеттің экономикалық тиімділігіне баға беру кезінде, өзінің экономикалық мүддесін батыл қорғауы мен өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі шексіз халықаралық бәсеке жағдайында болатынына назар аудару қажет.

    Мемлекеттің толық экономикалық рөлі ұлттық экономиканың ашықтығы мен сыртқы және ішкі нарықта өндірушілерді қолдау арқылы көрінеді. Әрине, АҚШ экономикасының бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда көп айырмашылығы бар. Қазіргі кездегі зерттеулер нәтижесі көрсетіп отырғандай, ұлттық экономиканың сыртқы және ішкі жағдайда жұмыс жасауының тиімділік дәрежесін қамтамасыз етуде жаңа мүмкіндіктер пайда болуда.

    Егер экономика тиімді болса ғана, мемлекет экономикалық тиімділікке қол жеткізеді. Америка экономикасы өзінің базасын ұлғайтуда экономиканың тұрақтылығына, кәсіпкерлік түрлерін ұйымдастыруға көбірек көңіл бөледі. Егер елдегі дамыған әртүрлі меншіктік қатынастар әкімшілік шектеумен емес, экономикалық себептермен анықталса, онда заңсыз (көлеңкелі) бизнестің болу мүмкіндігі жойылып, кез келген кәсіпкер салық төлеу арқылы өзін мемлекет қорғайтынына сенімді болады. Бұл, өз кезегінде мемлекет экономикасын дамытып нығайтуға оң ықпал етеді.

    Нарықтық ортадағы ойын ережесі.

    Нарықтық ортадағы кез келген бизнес тиімді, пайдалы жұмыс істеуі керек. Ал, Америка экономикасының және қоғамның кейбір аяларының дамуы пайда табу тиімділігіне байланысты емес. Мысалы, іргелі (фундаметалды) ғылым, оршаған ортаны қорғау және т.б.с. Сондай-ақ ХХІ ғасырда «нарықтық емес» аяның рөлі арта түспек. Бірақ, нарықтық механизм негізгі болып қала береді. Сонда, бұл жағдайдағы мемлекеттің экономикалық қызметі қандай болады деген сұрақ туындайды. Біріншіден, мемлекет нарық жүйесінің ерекше кепілі, екіншіден, ол қоғамға қажетті өмірлік аяларды қолдайды, өйткені бұл аяларда нарықтық мотивация өте тиімсіз. Айтылғандардан шығатын қорытынды: үкімет өзінің экономикалық қызметі жөнінен бірмезгілде нарықтық элементтің құрылымын құрайды, сондай-ақ қоғам факторының тұрақтануына қызмет етеді.

    Егер мемлекет нарық пен бәсекенің орнын алуға ұмтылса, онда мемлекеттің оған нақты қатысуы көрінеді. Егер мемлекет нарықтық «ойын ережесі» мен бәсекені кепіл беруші ретінде қолдаса, онда ол органикалық негізде қалыптасады.

    Мемлекеттің ықпалы – сандық параметрлер.

    Егер мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік рөлі туралы айтатын болсақ, оның екі көрсеткішін мемлекеттік меншіктің ауқымы мен ел ІЖӨ-сін және мемлекеттік шығынды айтпай кетпеуге болмайды. ХІХ ғасырдың соңында орта дүниежүзілік ІЖӨ шығыны 8,3% құрады, сол кезде АҚШ-та 4%, 20 жылдан кейін дамыған елдердегі шығын 15,4%-ға өсті, ал 60ж.-27,9% 80ж. басында 42,6%-ға жетті. Кейбір дамыған индустриалды елдерде 30%-ға төмендеді, ал 1993ж. АҚШ-та 38,7%-ға тең болды. Сонымен бірге АҚШ бұл көрсеткіш бойынша, яғни ІЖӨ шығынынан Батыс Еуроодақ елдерінен артта қалса да, олар жалпы дүниежүзілік үрдіс сүрлеуінен ауытқыған жоқ. «Болашақ мемлекеттер» зерттеу болжауына қарағанда, Лонданда басылған «Экономист» журналында берілген мағлұмат бойынша, мемлекеттің келешектегі шығыны аса өспейді, ІЖӨ 50% көлемінде ауытқуы мүмкін.

    Мемлекеттік шығынның құрылымын талдау кезінде белгілі болғандай, олар негізінде, мақсатты түрде жұмсалуда. Егер, АҚШ федералдық үкіметінің шығынын қарастырсақ, 1996 ж. ІЖӨ шығыны 20,8% құрады. Оның жартысынан көбі ІЖӨ-нің – 12,8%-ы әлуметтік қамсыздандыруға, білімге, денсаулық т.с.с. жәрдем ретінде жұмсалды, 0,9 ІЖӨ экономикалық инфрақұрылымды қолдауға, қорғауға арналған 3,64, мемлекеттік қарызды өтеуге – 3,2% ІЖӨ жұмсалады.

    Шығынның көп бөлігі – әлеуметтік сипаттағы шығын, қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік банктің, дүниежүзілік дамуы есебінде «қазіргі кездегі мемлекеттің даму ықпалы сандық аспектіден сапалық және халықтың қажеттілігін қанағаттандыру аспектісіне ауысады» деп атап көрсетілді.

    Америка тарихын әртүрлі жағдайда қарауға болады: АҚШ-та мемлекеттік билік жүйесі қалыптасқан, нарықтық экономиканың демократиялық принциптері орныққан. Соның негізінде экономикалық және саяси күшті мемлекет әр кездеде бизнестің дамуына жағдай жасайды. Ол үшін «ойын ережесін» қолданады, анық және тұрақты ішкі және сыртқы жағдайда да мемлекет барлық халыққа құқықтық кепілдік береді. Бірақ, АҚШ-та мемлекеттік биліктің мінсіз, оңтайлы тиімділігі табылған деген қорытынды жасауға болмайды. Мысалы, АҚШ-та Дж. Буш мемлекет басқарғандағы жағдай; біріншіден, 8 жылдық басқаруы кезеңінде республикашылар Құрама Штаттарын кері кетірмесе, ілгері қарай жылжыта алған жоқ. Оның ішінде осы партиядан сайланған Дж. Буш кейбір елдерге қатысты айтарлықтай қатал саясат ұстануы салдарынан өз елінің халқын ғана емес, бірқатар әлем мемлекеттірін де өзіне қарсы қойып алды. Бұл өз кезегінде Дж. Буштың беделінің түсуіне әкеліп соқтырды. Екіншіден, Въетнам соғысының ардагері, осында 4 жыл қамауда ұсталған республикашыл үміткер Джон МакКейн жасы 72-ге келгеніне қарамастан, Құрама Штаттарын тым құрығанда бір мерзім, яғни 4 жыл басқару үшін Президенттікке таласып көрді. Бірақ америкалықтардың көпшілігі оның сайлау алды тұғырнамасында келтірілген уәждеріне көңілдері толмайтындықтарын, шау тартқан үміткер көп жағдайда шалыс басып қалар –ау деген күдіктерін іштей білдіріп, Джон МакКейінді қаламады. Оның үстіне, әскери адамнан жақсы мемлекет басқарушы шыққаны сирек жағдай. Өйткені олардың көбінің ұрдажық болып келетіні мәлім.

    Сонымен, Дж. Буштың орнына келген, айды аспанға бірақ шығарған Барак Обама кім? Ол Иллинойс штатынан сайланған сенатор-демократ, Құрама Штаттарының тарихында күні бүгінге дейінгі бесінші ғана афроамерикандық.

    Сонымен, АҚШ-тың жаңадан сайланған президентіне Ақ үйдің қазіргі басшысынан бірқатар түйіні шешілмеген проблемалар қалды. Олар Ауғанстан, Ирак, Иран және Солтүстік Корея мәселелері. Ең бастысы қазіргі қаржы дағдарысы. Әрине, президент ел экономикасымен тікелей айналыспайды. Бірақ оның жүргізетін ішкі, сыртқы саясаты ел экономикасының не өсуіне, не өшуіне алып келетін негізгі фактор болады. Сондықтан Б. Обаманың елдегі қордаланған проблемаларды шешуіне тура келеді.

    Қысқасы, АҚШ-тың жаңа президентінің кім екені алдағы 4 жылдық президенттік кезеңде нақты көрінетін болады. Шынтуайтына келгенде, оған әлемдегі супердержаваны лайықты басқару аса зор міндеті жүктелген. («Егемен Қазақстан»)

    Қорытындылай келе, егер мемлекеттің экономикалық саясаты экономикалық өсудің барлық факторына қолайлы жағдай жасаса, осындай мемлекет ұлттық экономиканың шешуші элементі болып табылады, экономиканың тұрақты дамуы арқылы мемлекеттің экономикалық тиімділігі артады деп айтуға болады.

    Француздың индикативтік жоспары

    Кейбір елдердің дамыған нарықтық экономикасының тәжірибесіне көңіл аударуға болады, онда индикативтік жоспарлау өзінің макроэкономикалық деңгейде тиімділігін дәлелдеді. Осы елдердің ішінен Франция мемлекетін ерекше атауға болады. Себебі Француздық жоба Ұлыбритания және Германия экономикасы макрореттеуде ынталандырушылық ықпал етті.

    Францияда өткен ғасырдың 40-шы жылдарының басында өте сирек кездесетін «жоспарлаудың демократиялық жүйесі» жасалып, оны іске асыру қолға алынды, мемлкеттік бюрократизм нарықтық субъектілердің тиімді қызметін басып, жаншыл тастамас үшін мемлекеттік органдар шаруашылық жүйесін үйлесімді реттеуге баса назар аударды. Жоспарлау төменнен қабылданып, кеңесу және келісу принципіне негізделді. Әртүрлі мақсаттағы өкілдер, «мүдделі топтары», мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, кәсіподақ, тұтынушылар одағы т.с.с. тең қатысушылар болды. Жоспар көпсатылы итерациялар негізінде жасалады, оны іске асыруға барлық қатысушылар ынталы болды. Сонымен бірге жоспардың көрсеткіштері директивалық емес, экономикалық индикатор сапасы ретінде баяндалды.

    Сонымен бірге дамыған елдер ішінде Франция үкіметінің экономикадағы рөлі өте маңызды деп есептеледі, ол дәлелді де. Өйткені, индикативтік жоспарлау француз экономикасын реттеуде мемлекетті басқару элементі болып қалуда.

    Францияның индикативтік жоспарын жасау хронологиясы

    Жоспардың номері

    Қамтитын кезең, жылдар

    1

    1947-53

    2

    1954-57

    3

    1957-1961

    4

    1962-65

    5

    1966-60

    6

    1970-1975

    7

    1976-81

    8

    1981-85

    Аралық

    1982-1983

    9

    1984-89

    10

    1999-92

    11

    1993-1997

    Жоспарлау бес жылға жасалынады, онда экономикалық және әлеуметтік дамудағы ынталылықтың жалпы мәні көрсетіледі. Негізгі рөл жоспарға, оны жасау кезіне беріледі. Осы процесстің нәтижесінде ақпараттар алысылады, әртүрлі қатысушылар шаруашылық қызметіне қатысуы арқылы консенсусқа жетеді және әртүрлі деңгейдегі шаруашылықтың басқару жоспарының негізгі мазмұнын жасау кезінде «мемлекеттің оған араласуын» анықтайды, онда: а) жоспарлау кезеңінде экономика шеңберіндегі мемлекеттің негізгі мүддесі; б)инвестицияға қатыстыларды нақтылау және мемлекеттік табысты қайта бөлу, капитал салудың көздерін анықтау және сәйкес мемлекеттік іс-шаралар қамтылады. Басқаша айтқанда, Франциялық индикативтік жоспар – инвестициялық қызметке бағытталған индикативтік жоспар экономиканы реттеудің белсенді тәсілі болып саналады, мемлекет оның көмегі арқылы халықшаруашылығының даму көрсеткішін болжайды, оны іске асыру үшін белсенді ықпал етеді. Индикативтік жоспарды Франция парламенті қабылдайды және бекітеді.

    Жоспарлаумен жаңғырту Комитеті шұғылданады, оған: Министрліктердің қызметкерлері және жергілікті билік органдары, өнеркәсіп өкілдері және кәсіпорындар, ғалымдар мен мамандар (барлығы 5 мыңдай адам) кіреді.

    Маңызды өкілдіктерді бөлуді іске асырады. Жоспарлау жүйесінің француздық ұйымы, экономикалық және әлеуметтік даму қоры бюджеттен қаржыландырылады. Қор болжауды, индикативтік жоспарлауды қамтамасыз етеді. Жоспарлау жүйесінің тиімділігін екі сызық арқылы анықтауға болады. Біріншіден, нақты қолжеткен көрсеткіш жоспармен салыстырылады, екіншіден, халықаралық көрсеткіштермен, яғни (экономикалық өсуде қандай жетістікке жеткендігімен және ресурстарды тиімді пайдалануларымен) салыстырылады.

    90-шы жылдардың соңында экономикалық процесс жағдайында жаңа технологиялардың пайда болуы кешенді сипат алып, макроэкономиканың үлкен шеңберде күрделенуі салдарынан, әсіресе орталық басқару органдары үшін, ол өзінің «мөлдірлігін» жоғалтты. Бұл, басқару тиімділігін төмендеткенімен, толығымен алғанда «жоспарлы капитализмнің» Франциялық моделі жағымды бағаға лайық екенін көрсетті. Ерекше экономикалық өсу қарқыны зор әсер қалдырды. 50-60 жылдардың жылдық орташа өсімі 5%-ға жетті; 1960-73 ж.ж. -5,6%; 1973-79 ж.ж.-3,0; 1980-88-1,8, ал, 1989-95 ж.ж.-1,7% болды.

    Казіргі уақытта Франция нәтижелі дамыған индустриялды елдердің ішінде бастапқы орында, ішкі жалпы өнімді жан басына өндіруде және өндірістік технологияның даму деңгейі бойынша да көшбасшылардың қатарынан орын алуда.

    Қорытынды

    1. Мемлекеттік басқарудың жалпы әлеуметтік тиімділігін арттыру соңғының күш салуы арқылы екі жағдайда: мемлекеттің органдары мен қызметкерлері және қоғам мен басқаратын объектілер және өзін басқару арқылы іске асады. Бұл тиімділік жалпы сипатты білдіреді және әрбір айтылған компонентердің әр қайсысының үлесін нақты білдірмейді.

    Адамдардың қылықтары мен тәртібі және олардың шыдамдылығы, атқаратын жұмысына қабілеттілігі басқару объектілерінің құрамына кіреді. Мемлекеттік билік жергілікті өзін басқару органдары мен олардың қызметкерлерінің ерекше жоғары деңгейі болып саналады. Сондықтан, мемлекет өзінің қызметі мен ұйымдастыру жағдайын талдауы және бағалауы кезінде қоғамдық процесті басқару субъектісін ескеруі керек.

    1. Мемлекеттік басқарудағы оның әрбір органы, сәйкес органдардың құзыретін іске асыратын, соған қатысатын, мақсатын, оның қызметінің шегі мен мүмкіндігін сипаттайтын қызмет бабына икемделеді. Бұл басқарушы қызметінің нормативтік моделі болып саналады және оны тәртіпке салатын, ұтымды ететін, басқарудың төзімділігін қамтамасыз ететін сапа құралы ретінде толық түрде қарастыруға болады.

    Әртүрлі басқару органдары мен қызмет адамдарының құқықтық мәртебемен айқындалған құқықтарды орындамауын тиімді деп мойындауға болмайды. Сондықтан, мемлекеттік жүйедегі әрбір қызметкер мен әрбір жұмыскер өзінің жұмысымен айналысуы тиіс.

    Мемлекеттік басқару органы және жергілікті өзін-өзі басқару органы, сонымен бірге қызмет адамдары шешімінің заңдылық сипатта болуы, келесі бір (екінші) нақты әлеуметтік тиімділік өлшемін анықтайтын фактор болып саналады.

    1. Басқарудағы нақты істер мемлекеттік басқарудың субъективтік тиімділігінің үшінші өлшемі болып есептеледі. Мемлекеттік басқару өзінің басқарушы компоненттері арқылы міндетті негізгі және кешенді қажеттілікті ұсына отырып, адамдардың мүддесі мен өмірі үшін оны орындауды қамтамасыз етеді. Негізінде, әрбір басқарушылық шешім мен оның әсері адамға қызмет етіп, олардың проблемаларын шешуге көмектесуі керек. Сонымен, әрбір басқару актілері (шешім, адал іс, қимыл және т.б.) ондағы адамдардың сұранымы мен мұқтаждықтарына, аман-есендігі мен дамуына бағытталатындығын, мемлекеттік басқарудың нақты әлеуметтік тиімділігінің өлшемі деп есептеуге болады.

    Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

    2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

    3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

    4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ

    5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.

    6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

    7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыз № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

    8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

    9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

    10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

    11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

    12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

    13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

    14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.

    15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

    16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

    17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

    19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

    Қосымша әдебиеттер:

    20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября

    21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

    22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.

    23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

    24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30

    25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

    26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

    27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

    Семинар сабағының жоспары:

    Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

    Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

    1. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар «дені» және қағидалары

    2. Мемлекеттік басқарудың функциялар жүйесі, нысандары, әдістері мен құралдары

    3. Мемлекеттік басқару қағидаларын жүйелеу негіздері және олардың қолданылуы

    4. Қоғамдағы мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару механизмдерінің дамуы

    Сөж және сөжо тапсырмалары:

    1. Тақырыптық сұрақтарына ауызша жауап беруге дайындалыңыз.

    2. Тақырыпқа айтыс өткізу: тиімді мемлекет: миф не шындық?

    Әдістемелік ұсыныс: Дайындау кезінде ұсынылған әдебиеттерді зейін қойып оқыңыз. Жанжақты анықтама беріңіз «мемлекетті тиімді басқару» мемлекетті тиімді басқарудың факторларын зерттекіз. Оған қандай жағдайлар әсер етеді?

    Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

    1. Ағымдағы заңдағы әртүрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани өмір қоғамдарына арналған актілер былай деп аталады:

    1. Президенттің нұсқауы мен жарлығы

    2. қылмыстық құқық

    3. конституциалық заңдар

    4. жай заңдар

    5. азаматтық құқық

    2. Мемлекетті регионалдық және жергілікті муниципалдық орган актілері (көрсетілген және админастративтік органдар):

    1. белгілі территориядағы ммелекеттік билік және басқару немесежергілікті өзін басқару органдарумен беріліп, сол территорияда тұратын адамдар арасында таратылады

    2. бір орган ішінде шығады және сол орта адамдарына ғана таратылады

    3. Президент шығарады

    4. Үкімет шығарады

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    3. Заңның кері әрекеті:

    1. өзін күшін жоғалтқан заң, жаңадан шығарылған заңның арнайы нұсқауы бойынша басқа жеке сұрақтарға қатысты өз қызметін жалғастыра алады

    2. барлық заңдарға таралады

    3. бұл- қайта қабылданған нормативтік акт өзінің заңды күшіне енгенше пайда болған әрекетін қайта іске қосады

    4. өзін күшін жоғалтқан заң, жаңадан шығарылған заңның арнайы нұсқауы бойынша басқа жеке сұрақтарға қатысты өз қызметін жалғастыра алады

    5. барлық жауаптар дұрыс

    4. Экономиканы реттеудің әкімшілдік немесе тікелей әдістері:

    1. шаруашылық субъектінің бостандығын шектейді

    2. кәсіпкерліктік тандау бостандығын шектемейді

    3. фискалдық және монетарлық саясатының әдістерін қосады

    4. кәсіпкерлік қызметі үшін ынталандыру әрекетін күшейтеді

    5. барлық жауаптар дұрыс

    5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің экономикалық немесе тікелей әдістеріне … болып табылады:

    1. бизнес салықтарының төмендеуі

    2. өндірілген өнімінің көлемі және ассортименті бойынша директивті жоспар тапсырмалары

    3. квоталау және лицензиялау

    4. тауарға орталықтан бекітілген бағалар

    5. барлық жауаптар дұрыс емес

    5.Жалпы қоғамдық ұлттық идеяға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік доктрина қайсысына негіз болады:

    1. қысқа мерзімді концепцияға

    2. орта мерзімді концепцияға

    3. ұзақ мерзімді концепцияға

    4. қазіргі жоспарға

    5. барлық жауаптар дұрыс

    7. Мемлекет тағайындаған немесе бекіткен адамдар әрекеті нормаларының (ережелерінің) негізгі элементтері:

    1. гипотеза, диспозиция, санкция

    2. тыйым салу, мүмкіндік беру, мәжбүр ету

    3. гипотеза, болжау, жоспар

    4. әдістер, логика, қағидалар

    5. ретроспекция, диагноз, проспекция

    8. Тәртіп мемлекеттік басқарудың қандай негізгі көрсеткіштерін қалыптастырады:

    1. жүйелілік, тиімділік

    2. нысаналылық, оңтайлылық

    3. басымдылық, кешенділік, тиімділік

    4. жоспарлылық, бара-барлық, ұтымдылық

    5. ұтымдылық, оңтайтылық

    9. Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік тиімділігінің керсеткіштері:

    1. адамдардың өмір сүру сапасының жоғары деңгейі, қоғамдық қатыныстардың тәртіте келуі, ұлттық балықтың өсу қарқыны

    2. ұлттық байлықтың өсуі

    3. жалпы ішкі өнімнің өсуі

    4. қоғамдық қатынастардың қауіпсіздігі

    5. жалпы ұлттық өнімнің өсуі

    10. Мемлекеттік бақылау — ...

    1. барлық мемлекеттік органдардың қадағалау іс-әрекеті

    2. құзіретті іске асыру бойынша қызмет көлемін, мазмұнын және қорларын сипаттайтын мемлекеттік органдағы құқықтың қадағалау

    3. субординациялық өзара байланыстарды белгілеу

    4. бұл арнайы өкілетті мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдар мен өзге де өкілетті субъектілердің объектінің жүмыс істеу процесін оның берілген бағыттардан ауытқуын жою мақсаты үшін байқау мен тексеру жүргізу жөніндегі қызметі

    5. заңдылықтың орындалуына тексеру жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдар қызметі

    ҚОСЫМШАЛАР

    Мемлекеттік басқарудың негізгі ерекшеліктері

    НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    AutoShape 40 AutoShape 41 AutoShape 42 AutoShape 44

    Әлеуметтік-мәдени және экономикалық қызметке нақты оперативтік бақылау

    жасау

    Мемлекеттік биліктік

    Мемлекеттік басқарудың арнайы субъектілерінің болуы (атқарушы билік органдары)

    )

    Бақылаулылығы

    Заңнан туындайтындығы

    Басқару процесінің сатылары

    БАСҚАРУ ЦИКЛДЕРІ

    AutoShape 48

    Қазақстан республикасының мемлекет қызметінің негізгі нысандары

    МЕМЛЕКЕТ БИЛІГІ

    МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІ

    Заң шығарушы

    қызмет

    Атқарушы

    қызмет

    Сот

    қызметі

    AutoShape 67 AutoShape 68 AutoShape 69

    AutoShape 49 AutoShape 50

    Шешімді дайындау

    және қабылдау

    Шешімнің орындалуын ұйымдастыру

    Шешімнің орындалуына бақылау жасау

    Заң шығарушы билік

    Атқарушы

    билік

    Сот билігі

    AutoShape 60 AutoShape 61 AutoShape 62

    Редактор: Семқұл Б.М.

    Компьютерде терген: Омарбаева Г.

    Басуға қол қойылды

    Пішіні 60х84/16. Қағаз офсеттік

    Шартты б.т. көлемі ____________

    Таралымы ______дана. Бағасы келесімді.

    Тапсырыс № _______

    ® Қазтұтынуодағы Қарағанды

    Экономикалық университеті

    2