- •Мазмұны
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары: Талқылауға арналған сұрақтар
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Басқару функциялары мен құрылымы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қорытынды
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары: Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары: Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырыптық сұрақтарға ауызша жауап беруге дайындалу.
- •Дайындау керек мини-эссе тақырыбы “мемлекеттік бақылаудың қоғамдық үрдістері”:
- •Тақырып сұрақтары бойынша тестілік тапсырма дайындау керек.
- •5. Мемлекеттік басқарудың құрылымдық-функционалдық қағидаларының саны, заңдылықты көрсететін мемлекеттік басқару қатынасы функционалдық құрылымның қалыптасу өзара байланысына кірмейді
- •6. Мемлекеттік басқарудың заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік басқарудың құрылымдық-ұйымдастырушылық қағидаларына кірмейтін түрі:
- •9. Басқарудың жеке қағидаларына жатады
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Кейс “шикізатты қазу және қоршаған ортаны қорғау проблемасы”
- •Талқылауға арналған сұрақтар
- •10. Нормативтік актілердің кеңістіктегі әрекеті:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •5. Әкімиаттың қызметтеріне тікелей байланысты:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •6.Басқару ақпараттарының негізгі көздері:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •Тапсырма
- •Кейс «Алматы темекі компаниясы»
- •Талқылауға арналған сұрақтар:
- •Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Кейс «покров облысы»
- •Талқылайтын сұрақтар
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Қорытынды
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Міндетті әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Семинар сабағының жоспары:
- •Сөж және сөжо тапсырмалары:
- •Мемлекеттік басқарудың негізгі ерекшеліктері
- •Басқару процесінің сатылары
- •Қазақстан республикасының мемлекет қызметінің негізгі нысандары
Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:
1.Басқару шешімдерінің қабылдау тәртібін анықтаңыз
тіршілік етушілерді таңдау, альтернативтік жоба, мақсатқа сай жобалар, жобаның сарапталуы және жоспарлануы мен нақты орындаушылардың анықталуы, осы жобаның жүзеге асырылу әдістерін қарастыру
жобаның сарапталуы, жоспарлануы мен жүзеге асырылуы, альтернативтік жоба, оның мақсатқа сай келуі, нақты орындаушылардың таңдалып алынуы
жобаның жоспарлануы мен жобалануы, тіршілік етушілерді таңдау, альтернативтік жоба, оның сарапталуы, нақты орындаушылардың таңдалып алынуы, осы жобаның жүзеге асырылу әдістерін қарастыру
жобаның сарапталуы, жоспарлануы мен жүзеге асырылуы, альтернативтік жоба, оның мақсатқа сай келуі, нақты орындаушылардың таңдалып алынуы
барлық жауаптар дұрыс
2.Жалпы таңдалып алынған ерекше белгілеріне қарай мемлекетті басқаруға жатпайды
еңбектің өндірілу дәрежесі, әлемдік деңгейге және оның түрлеріне сәйкес келуі
адамдардың жақсы өмір сүруі және әр түрлі дәрежедегі кіріс алу деңгейі
мемлекеттік экономикалық секторда жұмыс істейтін адамдардың жалпы саны
жалпы қарым – қатынастың қорғалуы, сенімділігі, тәртіпке және оның өндірілуі өсетін нәтижеге сай болуы
барлық жауаптар дұрыс емес
3.Әкімшілік басқару-бұл
орындау билігінің синонимы
саяси биліктің түрі
заң билігінің түрі
орындау билігінің түрі
барлық жауаптар дұрыс
4.Мемлекеттік басқарудың қандай қағидасы басқару жүйелерінің барлығының заңға және қоғамдық күштің негізгі мүмкіндіктеріне бағынуларын талап етеді
заңдылық қағидасы
құқықтық реттеушілік қағидасы
демократия қағидасы
объективтілік қағидасы
барлық жауаптар дұрыс емес
5.Мемлекеттік басқарудың қандай қағидасы негізгі мынадай аспектілерді мақсат, функция, құрылым, процесс және мемлекеттік басқарудың өзінің қағидаларын заңды анықтау керек дегенді білдіреді
демократизм қағидасы
заңдылық қағидасы
құқықтық реттеушілік қағидасы
биліктің бөлінуі қағидасы
барлық жауаптар дұрыс
6.Мемлекеттік басқарудың құрылымды-мақсаттық қағидалары, заңдылықты, қатынасты және мемлекеттік басқарудың мақсаттар бұтағының рационалдық құрылуының өзара байланысын көрсетеді, ал өзіне қандай қағиданы қоспайды
негізгі параметр бойынша мемлекеттік басқару мақсатының келіспеушілігі және олардың бір-біріне қарам-қайшылығы
Құқықтық нормаларды шығару арқылы функцияны- дифференциациялау және фиксирлеу- мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде бекіту
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік органдардың функцияларымен басқару жүйелерінде мақсаттарды бөлу
жеке және локальды мақсаттардың жалпыға бағынуы- мемлекеттік басқару мақсаты бұтағы немесе иерархия мақсаттары
барлық жауаптар дұрыс емес
7.Мемлекеттік басқарудың құрылымды-функционалдық қағидаларының санына, заңдылықты көрсететін және мемлекеттік басқарудыңқатнасы және функционалдық құрылымының қалыптасуының өзара байланысына кірмейді
Құқықтық нормаларды шығару арқылы функцияны- дифференциациялау және бекіту - мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде бекіту
қосарландыру, басқа басқару құраушыларынан шығатын басқару функциясының нақты құндылығы, өзінің жеке ұйымында қайталау және қатарласуға жол бермеуі үшін
мемлекеттік биліктің жүйесінің бірлігі, мемлекеттік-басқару процесінің тұтастығын, келісімділігін және әрекеттілігін қамтамасыз етеді
басқару әрекетінің нағыз қажеттіліктер мен басқару компоненттерінің сұраныстарына сай болуы және ең бастысы басқарылатын объектілерге
барлық жауаптар дұрыс емес
8.Мемлекеттік басқарудың заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік басқарудың құрылымды-ұйымдастырушылық қағидаларына кірмейтін түрі
басқару ісінің нақтылығы және оның нәтижесіне жеке жауаптылық
мемлекеттік басқаруда жүйесінде нағыз тікелей немес көлденеңнен мемлекеттік биліктегі және жергілікті басқарудағы органдардың ұйымдастырушылық қарым-қатынастарының ашылуының әртүрлілігі
мемлекеттік биліктің жүйесінің бірлігі, мемлекеттік-басқару процесінің тұтастығын, келісімділігін және әрекеттілігін қамтамасыз етеді
әріптестілік пен бірігушіліктің қосындысы, мемлекеттік билік пен жергілікті басқарудың жеке органдарының ұйымдастыру құрылымының әсерімен іскерліктерінің тиянақтылығынан шыққан
барлық жауаптар дұрыс емес
9.Мемлекеттік басқарудың рационалды және әсерлі іскерлікті жүргізу органдарының заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік билікпен жергілікті басқарудың құрылымды-процессуалдық қағидаларына кірмейтін түрі
мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының басқару элементтерінің(әдісі, қалпы және дәрежесі) олардың қызметі және ұйымдастыруларына сай болуы
мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымында линейлі-функционалды, көлемін ашатын, бағынатын және басқарудың өзара қарым-қатынасының болуы
оның нәтижесіне көрсеткішіне басқару іскерлігінің нақтылығы мен жеке жауапкершіліктің күшейтілуі
басқарудың райиональды және эффективті іскерлігінің стимулдануы
барлық жауаптар дұрыс емес
10.Басқарудың жалпы қағидаларына жатады
теңділік және жұмысты бөлу қағидасы
қоғамдық әртүрлі қозғалыстарды, қызмет орындарын және институттарды анализдеген кезде кездесетін қағидалар
жүйелілік, объективтілік және өзін реттеушілік қағидалары
мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының спецификасын, заңдылығын және характерін көрсететін қағида
барлық жауаптар дұрыс емес
4-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ: ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ МЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ МЕХАНИЗМІ
Дәрістің мән мәтіні
Мақсаты:
Мемлекеттің билік түсінігі оның мәні мен ерекшелігін көрсету, мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқарудың өзара қарым қатынасымен байланысын сипаттау т.с.с.
Дәріс сабағының жоспары:
Мемлекттік билік: мемлекеттік басқару түсінігі және өзара байланысы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесінің біртұтастығы.
Мемлекеттік басқару – мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәсілі ретінде.
Негізгі түсініктер: Мемлекеттік билік, мемлекеттің құрылымдық мәселесі, билік субъектісі, саяси билік, әкімшілік билік және т.б.
Тақырыптың мазмұны
1.Мемлекеттік билік түсінігін ашып көрсету үшін мемлекеттік билікке қажеттілікті, оның сипатын, белгілерін ашып көрсету қажет.
Мемлекеттік билік, кез келген билік сияқты. Бұл біреудің тәртібіне әсер ету, біреуге жарлық беру немесе басқару, біреуді өзінің ықпалына көндіру.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің бір түрі, яғни қоғамдық билік, бұл адамдар арасындағы қатынастан туындайды және көрінеді. Мемлекеттік билік, әлеуметтік басқарудың бір түрі ретінде қарастырылады.
Мемлекеттік билік бұл жария билік, яғни билік жеке билік емес, жалпы халықтық сипаттағы билік. Бұл толық қоғамға және оның барлық мүшелері мен олардың бірлестіктеріне қатысты. Ғылыми және оқулық әдебиеттерде мемлекеттік және жария билікті бірдей қарайды, назар аударады. Жария билік – мемлекеттік билік болып саналады.
Сонымен бірге мемлекеттік билік – жария теориялық билік: мысалы алғашқы адам баласының қоғамындағы билік жалпыхалықтық сипатқа ие болды. Барлық қоғамға және оның барлық мүшелеріне билік жасады.
Мемлекеттік билік – бұл жария билік, қоғамға басшылық жасау кезінде басқару қабілеттілігін және мүмкіндігін ескере отырып, оларды іске асыру үшін мемлекеттік билік жағдай жасайды.
Мемлекттік билік – бұл жариялық билік. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік билік пен саяси биліктің бөліктері қарастырылады, алғашқы кезде билік мемлекеттік болды, көпке дейін жалғасты. Бұның себебі мемлекеттік билік тарихи жағынан бірінші саяси ұйым болып құрылды, көп уақытқа дейін жалғыз өмір сүрді. Қоғамның біртіндеп дамуына байланысты басқа саяси ұйымдар (мысалы, саяси партиялар) құрыла бастады, сонымен бірге олар саяси билікті иеленді. Сондықтан, мемлекеттік және саяси билік бір болып есептелмейді. Алайда, мемлекеттік және саяси биліктің арасындағы мәселелердің арақатынасын есептемегенде мемлекеттік билік саяси билік болып қалады. Осымен байланысты оның қоғамдағы саяси басқаруды іске асырудағы қабілеттілігі мен мүмкіншілігін қарастыру керек.
Мемлекеттік билік – бұл легитимдік билік. Мемлекеттік билік легитимдігі дегеніміз, мемлекеттің жариялығын барлық халықтың мойындауы. Мемлекеттік билік қоғамның билігі болып саналады, коғам, халық оны осылай қабылдауы керек, оның билігіне бағынады және орындайды.
Егер қоғам мемлекеттік биліктің болуын мойындамаса, қабыл алмаса, одан әрі өмір сүруге құқығы жоқ, басқа билікпен ауыстыру керек. Сондықтан мемлекеттік билікке халықтың несиелік сенімі болуы шарт.
Халықтан несие сенімін алудан басқа, мемлекеттік биліктің бірнеше түрі болуы мүмкін. Саясаткер М.Бебердің айтқанынан басқа, мемлекеттік биліктің жиі айтылып жүрген: дәстүрлі, харизматикалық және рационалдық үш түрі қарастырылады.
Дәстүрлі легитимдеу қоғамға, кей жағдайда дінге, жеке тұлғаға, тайпаларға, сословиелерге әсер ететін салт-дәстүрге байланысты.
Харизматикалық легитимдеу, осының арқасында мемлекеттік қайраткер ұлттың символына айналады, халықтың жан-жақты қолдауына ие болады. Радикалдық легитимдеу ақыл-парасатқа сүйенеді. Мемлекеттік билікті халық қолдайды. Легитимдеудің негізі ұран емес, билік етуші мемлекеттің үрдісі, оның практикалық жұмысы, қоғам игілігіне бағытталғандығы.
Мемлекеттік билік – бұл аймақтық билік. Елдің аумақтық шекарасында мемлекет ретінде қызмет етеді. Сонымен бірге орталық үкімет елдің барлық аймақтық шекарасында қызмет етеді, Аймаққа сәйкес соның аумақтық шекарасында (мысалы аймақтық федералдық аумақ шекарасында), жергілікті әкімшілік аумақ (қала, аудан т.с.с) құрылған.
Мемлекеттік билік – бұл егемендік билік, билік егемендікті иеленген. Егеменді мемлекеттік билік елді басқарады және халықаралық сахнаға бағынышты емес. Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің кез келгенінен жоғары тұрады, тек белгілі бір жағдайда (мысалы қолданыстағы заңдарды бұзған жағдайда) бұл билікке тыйым салынуы мүмкін. Сонымен қатар мемлекеттік биліктің үстінен қараушылық көрінуі мүмкін, тек сол ғана сол аумақта тұратын, өмір сүретін халықтарға, барлық аумақ бойынша өзінің билігін таратады. Мемлекеттің билік тәуелсіз, құқығы дербес, халықаралық сипаттағы мәселелерді өзі шешеді.
Мемлекеттік билік – әртүрлі көмек арқылы шешетін билік, сонымен бірге арнайы құралдар мен әдістерге байланысты болады. Бұл: бедел, дәстүр, идеология, діни насихат, ынталандыру т.с. болуы мүмкін. Сонымен бірге мемлекеттік биліктің өзінің мүмкіндігі мен белгілі құралы және әдісі бар, осындай әдістердің бірде бірі әлеуметтік билікте жоқ. Мемлекеттік билікті іске асыратын оның құралына жататын мемлекеттік органдар өзінің бірлігінде мемлекеттік аппарат құрады және мемлекет бекіткен позитивтік құқық нормасы тәртіп ережесі бар.
Мемлекеттік билік іске асыратын маманданған әдіс түріне: мемлекеттің еріксіз мәжбүрлеуін, басып-жаншуды және т.б. жатқызуға болады. Мемлекеттік билеудің белгілерін қарастырып, оның түсінігін талдау арқылы төмендегідей қысқаша қорытынды жасауға болады.
Мемлекеттік билік - бұл қабілеттілік немесе мемлекеттің әрбір көмекті, арнайы құралдар мен әдістерді қолдану арқылы қоғамдағы саяси басшылықты іске асыруы. Алайда анықтамада барлық белгіленген белгілер толық баяндалады деуге болмайды. Біздің ойымызша Мемлекеттік биліктің анықтамасын қарапайым түрде қарауға болады.
Мемлекеттің құрылымдық мәселесі - бұл ішкі элементтер құрылымының мәселесі.
Мемлекеттің, үкіметтің басқару құрылымын жалпы қарау арқылы, үкіметтің жалпы басқару құрылымын қарастырамыз. Бұл жағдайда біз үкіметтің әркезеңде қозғалыста жұмыс істейтініне назар аударамыз. Ғылыми әдебиетте үкіметтің еркіндік және күш сияқты әлеуметтік элементін бөліп қарайды. Еркіндік билікті айқындайтын элемент. Билік жүргізу – өзінің ойын жүзеге асыру, оны біреуге мәжбүрлеп істету, біреуді оған бағындыру. Мемлекеттік билік – бұл да біреудің ойы. Бұл кез келген халықтың ойы, кейбір кез келген әлеуметтік топтың ойы.
Билік құрылымының екінші элементі – күш. Күш ойды қуаттандырады, оны жүзеге асыруға жағдай жасайды. Күшсіз ой іске асыруға қабілетсіз болады. Басқаның тәртібіне әсер етуге жағдай жасай алмайды. Биліктің күші оның абыройында, идеологиялық ықпал жасауында, сондай-ақ ол еріксіз көндіреді, мәжбүрлейді. Мемлекеттік үстемдіктің күші – ашық көрінеді, мемлекеттік органдар – армия, полиция т.с.с. арқылы еріксіз көңдіруде. Егер мемлекеттік үстемдік ету кезінде абыройы аз болса, мемлекеттік ойды іске асыруды, мемлекеттік органдар ережелермен еріксіз көндіру арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік, соның негізіндегі билік субъектісі, билік объектісі, үстемдік қатынасы, үстемдікті іске асыру құралдары мен әдістері.
Билік субъектісі – бұл мемлекеттік билікті қолдаушы, мемлекеттік билік кімге тиісті, сол. Әдетте мемлекеттік үстемдіктің сапалық субъектісіне әлеуметтік және ұлттық топтар мен барлық халық бірлігі, яғни мемлекет кімнің мүддесін білдіреді және қорғайды солар жатады. Сонымен бірге кейде мемлекет түгелдей не олардың органдары мемлекеттік субъектінің сапасы ретінде қарастырылады.
3. Мемлекетті басқару, мемлекеттік билікті жүзеге асыру саяси, әкімшілік, экономикалық, ұйымдастырушылық ақпараттық, идеологиялық, не соңында әскери тәсілдер арқылы іске асырылады. Мемлекеттік билікті басқару құрылымы бірнеше кездерде қолданылады. Мысалы. Германия үкіметінің қызметінде – «Заңдарды орындау» және «Билікті ұйымдастыру», билікті орындаушы үкімет бөлінеді. Ғылыми әдебиеттерде «Әкімшілік билік», «Әкімшілік құқықтық» биліктің көптеген түсініктері кездеседі. «Әкімшілік билік» заңға жанама ретінде әкімшілік құқыққа байланысты. Әкімшілік билік заңға бағынады. «Әкімшілік-мемлекеттік биліктің» барлық жүйесі өкілді органдармен байланысты. Биліктің заңшығарушы, орындаушы және сот үш тармағы бар. Мемлекетті басқару әдісіне әсер ететін басқа да механизмдерді пайдалануға болады. «Саяси билік» түсінігінің ең негізгісі жалпы алғанда – мемлекеттік билік. Саяси – мемлекеттік билік белгілі үш тармақ арқылы қызмет етеді. Басқа тар мағынадағы қазіргі түсінігі – басқарушы билік органдары сонымен бірге мемлекеттік емес (қоғамдық) ұйымдарды, партияларды білдіреді. Саяси билікті түсіндіру кезінде жеке нақты институт ұйым арқылы нақты іс көрсетіледі, соңғысы мемлекеттік биліктің беделі арқылы адамдардың тәжірибесі мен қызметіне әсер ететінін білдіреді.
Тәртіпті белгілеу мемлекеттің символикалық идеялогиясын сақтау, мүделлікті, дәстүр мен әлеуметтік құндылықтарды сақтау және қорғау. Кейде, мысалы әкімшілік – мемлекеттік басқару кезінде, саяси билік пен байланысты басқарушы басқарудың белгілерімен стратегиялық шешім дайындайды.
Саяси билік нақты белгілер арқылы сипатталады; оның қайнар бұлағы - халық; негізгі субъектісі - мемлекет, оның органдары (институттары) – оның қызметі, әлеуметтік топтар қоғамдық қатынастар. Бір мемлекеттік саяси билікті оның қызметін ыдыратып жіберу, екі өзара тарихи байланысты мүддені шешуге жағдай жасайды. Қоғамды басқару мүддесі үшін билік сүйгіштіктен сақтайды және мемлекеттік машинаның барлығының өз қолында болушылығына жағдай жасалынады.
Әкімшілік билік – атқарушы биліктің бар түрінің түсінігін білдіреді, билікті басқарушы субъектімен теңестіреді. Қызметі екі жақты: құқықтық норманы орындайды және басқару қызметшісінің шешімін мемлекеттік өкілдік арқылы орындайды. Әкімшілік биліктің субъектісі – әкімшілік институт мемлекет ретінде, және оның аппараты (мемлекеттің қызмет органдары) мемлекеттік атқарушы атынан тапсырманы орындайды, саяси органның өкілі емес. Әкімшілік биліктің саяси әсері : нақты индивидум, кіші әлеуметтік топтар, еңбек ұжымдары, жеке аралық және топтық қатынастар. Әр түрлі еңбек процестері және басқа қоғамдық іс және тәртіп. Белгілі типке жататын әкімшілік моделі: билеп төстеуге құмарлық, орындауға пәрмен, бұйрық беру; бағыныштыға әсер етудің негізгі құралдары; билік алдында адамның жауап беруі үшін еріксіз көндіру (ашық әлде нақты мүмкіндік ).
Еріксіз көндіру, санкция билікті іске асыру механизмнің толық емес бөлігі.
Егер әкімшілік биліктің рөлі абсолюттік болса, онда басқа билеушіліктің дербестігі арта түседі, әкімшілік ету синдромы (демонизация) қалыптасады. Басқару субъектісі не басқаруға әсер ететін көп құралдар мен әдістер, командалық және репрессивтік санция қолданылады.
Бұл ахуал бір жағынан биліктің қажеттілігін арттыруға ынталандыру үшін жағдай жасайды, әкімшілдік екінші жағынан заңсыздыққа немесе бақылаудың жоқтығына әкеледі. Сонымен бірге, мысалы шектеулі ресурстар бөлу т.с.с экономикалық дағдарыс кезінде мемлекеттік органдарға қиындықтар туғызуы мүмкін.
Командалық-әкімшілік билікті басқару үстемдік туғызады. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және саяси мәдениеттік деңгейінің жоғарылығы да шығармашылық қызметтегі жаңа басқару технологияларын дұрыс пайдалануға жағдай жасайды.
Әкімшілік билік қалыпты жағдайда жұмыс істеу үшін:
Басқару жүйесі құрылымының сапалық жүйесінің қызметін және оның әсерін қалыпты сызып көрсету керек.
Атқарушы және заң шығарушы билік, сонымен бірге азаматтық қоғам басқа институттар тарапынан бақылауда болу керек.
Әкімшілік биліктің басқарылмалы проблемасы, бұл бюрократизмнің мәңгілік проблемасы. Мемлекетті басқарудағы бюрократизмнің салдарын азайту, ұйымдастырылған құқықтық, экономикалық, ақпараттық, отанды қорғаудағы мемлекеттік басқарудың негізгі формалары арқылы оны шешуге болады. Қоғамдық қарым-қатынасты мемлекеттік реттеу азаматтық қоғам арқылы бақыланады.
Қазіргі қоғамда экономикалық және ақпараттық мемлекеттік басқарудың рөлі артуда. Себебі мемлекет экономикалық процесс кезінде агент болып саналады. Саяси экономикалық саясатты адамдар арқылы, үстемдік ету заңды қызметімен іске асырады. Экономикалық, ынталандыру, ақша үстемдігі бұл мемлекеттің көрінбейтін қолдар ойыны және мүддесі, әкімшіліктің құқықтық еріксіз көндіруден көрінетін экономикалық билігінің күші қоғамдық субъектілердің материалдық мүддесіне әсер етеді. Экономикалық биліктің мемлекетке, оның тармақтары мен билікті басқару деңгейіне әсері қарама-қайшы. Материалдық ресурстар шектеулі болған жағдайда, игіліктің мөлшері меншіктің өз тобына жинақталынады.
Батыс өркениетінің дұрыс негізгі жолы – мемлекетті экономикадан айыру, мемлекеттік билікті меншіктен айыру. Ағылшын философы және саясаткері К.Патрлердің қоғамдағы экономикалық биліктен сақтау және қорғау керек деуі кездейсоқтық емес. Экономикалық бүкіл биліктен сақтайтын негізгі құрал, саяси, құрал – мемлекет, сондықтан, мемлекет экономикаға кіріспеу керек деген ойды толық алып тастау керек. Саяси биліктің жағымсыз жақтарын сонымен бірге оң бағалайды, негізгі жолы демократияны сақтап қалу, сонымен қатар ұстамдылық және қарама-қарсылық факторы экономикалық және саяси билікті басқаруға әсер ететін қажетті функциональдық жағдай және қарапайым жағдайлар болып саналады.
Бұқаралық ақпарат өте жоғары деңгейде дамуда. Біріншіден бұл салада жоғарғы деңгейдегі кәсіби кадрлар шоғырланған. Екіншіден, күшті техникалық құралдармен жабдықталған. Үшіншіден, адамдардың сана сезіміне, олардың ойына әсер ететін жұмыстар жасалуда, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен оның қызметінің дамуына әсер ете отырып, тиімділігін арттырады. Бұқаралық ақпарат жабық түрдегі ұйым, оның мүшелерінің өзіне тән тәртіп жүйесі қалыптасқан, сонымен бірге тұтынушылармен қарым-қатынасты реттейтін телеақпарат сияқты құралдары бар, соның негізінде құралдар мен технологияларды пайдалану арқылы хабарлардың таралымын арттыруға болады. Бұқаралық ақпарат билігі қоғам мен оның мүшелерінің мүдде тәсілдерін қолдайды, белгіленген мемлекеттік нормаларды орындау үшін оны мәжбүрлеу белгісінде пайдалануы мүмкін.
Өмірдің өзі бір заңға сыймайтыны тәрізді, әрбір адамның өзінің ар-ұятына қарай жеке дара шешім қабылдайтын кездері де болады. Білім деңгейі сияқты сана биіктігі, ар ождан өлшемі осы айтылғандарға жауап бере алады. Қазіргі кездегі бұқаралық ақпарат құралдары білім және идеялар материалдық күшке айналуда. XVIII ғасырдағы құқық зерттеуші, философ, экономист Шарль Луи Монтаскье (1689-1755): баспасөз қызметі полиция қызметіне ұқсас, адамдардың мұқтаждығын айтады, қиянат етушілерді, заңды бұзушыларды әшкерелейді, өнегелілікке тәрбиелейді, – деп жазды. Сонымен, бұқаралық ақпарат құралдары елдің ішкі саяси идеялық бірлігін ұстап тұратын және сыртқы халықаралық аренада күрес жүргізетін супер құралдары болып саналады.
Сонымен:
Мемлекеттік билік кез келген құралдар арқылы қабілеттілік пен мүмкіндікті пайдалана отырып жүзеге асырылады;
Жалпы алғанда әсер етер мүмкіндігі мен қажеттілігі емес, біреудің тәртібіне, адамдар тәртібіне әсер етеді.
Сондықтан, мемлекет ісі жөніндегі кейбір мамандар жария билік ерекше жоғары билік деп есептейді.
Әлеуметтік біркелкі емес қоғамда саяси ұйымдардың қызметі кезінде қоғамның әртүрлі әлеуметтік топқа топтарға, сословиелерге, сператтарға т.с.с.бөлінуі мемлекеттік биліктің саяси сипат алу себебі болып саналады.
Сапалық сол не басқа мемлекеттік қайраткерлер арқылы іске асады. Мемлекеттік биліктің легитимділігі биліктің заңдылығын жорамалдайды. Мемлекеттік биліктің қалыптасуы, ұйымдастырылуы және қызметі елдегі әсер ететін заңдарға сәйкестікке сүйенеді. Заңдылықтары: конституция және басқа құқықтық нормативтік актілер.
Мемлекеттік биліктің құрылымын әртүрлі көзқараста және әртүрлі позицияда қарастыру керек. Бұл бізге мемлекеттік биліктен терең мағлұмат алуға жағдай жасайды, оның іске асыратын элементтерін білуге мүмкіндік туғызады.
Егер мемлекеттің билік құрылымын мемлекеттік биліктің динамикалық қызметіне байланысты қарастырсақ, келесі элементтерді белгілеуге болады.
2. Барлық мемлекеттің кең мағынада жаңа тарихында пайда болған белес, билікті бөлу ұстанымы болып саналады. Ол кезде жаңа пайда болған буржуазия оларды қоршаған монархтық дворяндар үстемдігіне қарсы күрес жүргізді. Себебі: ол дамуды тежеді, және оны қиындатты: осымен байланысты бірінші рет билікті бөлу ұстанымын ағылшын ғалымы Локко мен француз ғалымы Шарл Луи Монтаскье теориялық жағынан бөліп қарастырды. Сондықтан олардың аттары заңды түрде бірінші болып аталады. «Егер заңшығарушы және орындаушы бір адамның және мекеменің қолында болса, онда еркіндік болмайды деп қауіптенуге болады, монарх немесе сенат тирандық заңдарды шығара бастайды, тирандық жағдайда және оны қолдана бастайды. Егер сот билігі заңшығарушы және орындаушы биліктен бөлінбесе еркіндік болмайды» – деп жазды олар.
Өткен жүзжылдықта әрбір елдің ерекшелігіне байланысты, билікті бөлу ұстанымы одан әрі дамыды. Уақыт сынынан өтіп, қазіргі уақытта көп елдердің конституциясында, билік құрылымында жоғарғы орын алады. Бұл ұстаным демократиялық: көп халықтың да, аз халықтың да, әртүрлі топтардың, ұлттардың және аймақтардың да мемлекеттік билігінде қолданылады.
Биліктің бөліну жағдайында халық өзінің өкілін жіберу арқылы мемлекеттік шешім қабылдауға, биліктің басым дамуына, немесе билікті тыюға ат салысады. Биліктің бөлінуі құқықтық мемлекетті қалыптастырудың алғы шарты, ең бастысы, заңның жоғарылығын пайдалану арқылы халықтың құқығын кеңейту және еркіндікті қамтамасыз ету болып саналады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында билікті бөлу ұстанымы баянды етілген, бөлімнің 3-бабында:
1) Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық екендігі айтылады.
2) Бүкіл халықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің саяси жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастырды. Осы жылдан еліміздің саяси жүйесінде дамудың жаңа кезеңі басталды. Ал, еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның іргелі негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы институттық құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталғандығын дәлелдейді.
Ол жаңалықтар:
Ең алдымен, еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент, көппартиялық, азаматтық қоғам институттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы.
3.Ғылыми әдебиеттерде республика немесе монархия «басқару нысаны» деп есептеледі. Осылай атау әбден қалыптасқан, ғылыми ортада бекіген түсініктер. Ал «президенттік басқару нысаны» деген түсінікті Конституция авторларының төл шығармашылығы, қазақстандық конституциялық теориядағы ізденіс, басқару нысанын анықтаудың қазақстандық нұсқасы деп түсінген абзал. Бұған ресейлік белгілі мемлекеттанушы-ғалым В.Е.Чиркин кезінде назар аударып, уақыттың басқару формалары туралы түсініктерге өзгеріс енізетіндігін, Қазақстан Конституциясы «президенттік республика» деп ешқандай екіұштылықсыз, тура атайтындығын арнайы атап көрсеткен болатын.
Конституцияда президентализмнің демократия институты ретіндегі саяси жүйедегі орны, мәртебесі, өкілдіктері көрсетіліп, 40-шы бапта: «Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі», - деп нақты көрсетілген.
Саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын – Президенттік институттың қалыптасып, дамуы, оның бедел алуы ұзақ, күрделі процесс.
Ел Парламентінің 1995 жылғы Конституция және «Қазақстан Республикасы Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық Заңының негізінде жиырма жылдан астам уақыт ішіндегі белсенді заң шығарушылық, өкілді және саяси қызметінен белгілі бір тарихи-саяси демократиялық қорытындыларын шығаруға болады.
Біріншіден, Парламент негізгі саяси және әлеуметтік күштердің, ірі этнос өкілдерінің мүддесі тоғысқан, белсенді қызмет жасаушы коллегиялық органға айналып, маңызды мемлекеттік институт ретінде қалыптасты. Парламентсіз елімізде шынайы демократия, құқықтық мемлекет орнату мүмкін еместігіне бүкіл қоғамымыздың көзі жетті.
Екіншіден, конституционализм талаптарын сақтай отырып, өзінің сан-салалы заң шығарушылық қызметі арқылы Парламент заңдардың күрделі архитектоникасын анықтап, бүкіл мемлекеттік құрылысты заңнамалық нығайтудың әлеуетті кепіліне айналды. Қазақстан Парламенті он бес жылда Конституция негізінде және оның қағидаттары мен талаптарына сәйкес қоғамдық қатынастардың түрлі салаларында жүзеге асыру және реттеу мақсатында 2 мыңға жуық заң қабылдап, еліміздің саяси экономикалық және әлеуметтік рухани жаңаруын заңнамалық тұрғыдан кешенді де түбегейлі қамтамасыз етті.
Үшіншіден, Парламент пен парламентаризмнің демократиялық және құқықтық-заңнамалық, бай танымдық, тәрбиелік ұлағатынан өткен депутаттар корпусы ұлттық элитаның қатарын, жоғарғы мемлекеттік органдарды жаңа, тың күштермен толықтырудың жемісті саяси мектебіне айнала бастады деуге толық негіз бар.
Парламенттің нығаюымен бірге, парламентшілердің өздері де өсіп, саяси, демократиялық, интеллектуалдық құқықтық, рухани тұрғыдан толысып, кемелденді. Олар парламентаризм мектебі аясында елдегі күрделі қоғамдық қатынастардың табиғатына үңіліп, зерделеп, ондағы қайшылықтарды, заңмен реттелмеген проблемаларды көріп, талдауды, елдегі кезек күттірмейтін, халықты алаңдатып отырған әлеуметтік-экономикалық, рухани өзекті мәселелерді Үкімет алдына қойып, шешілуін талап етуді игерді.
Конституцияны республиканың бүкіл аумағында ең жоғары заңдық күші бар және тікелей қолданылатын нормативтік-құқықтық акт деп жариялау құқықтық қорғау қызметінің тұжырымдамалық негіздерін айқындауға деген бұрынғы көзқарастарды түбегейлі түрде қайта қарауға мәжбүрлеген мүлде жаңа фактор болды. Негізгі Заң қабылданғаннан кейін қысқа мерзім ішінде Президенттің «Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң күші бар Жарлығы, «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы», «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң күші бар жарлықтары, жаңа Қылмыстық кодекс, Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық-атқару кодексі, «Адвокаттық қызмет туралы», «Нотариат туралы» және т.б. заңдар қабылданып, олар бірыңғай сот жүйесін құрудың, құқық қорғау органдарын және сот ісін жүргізу нысандарын реформалаудың, билікті заң көмегімен қамтамасыз етудің құқықтық негізін қалады.
2007 жылғы конституциялық реформа сот жүйесін одан әрі дамытудың жаңа көкжиегін ашты. Тұтқындауға санкцияны соттың беруі туралы норманың қабылдануы (16-бап) және қылмыстық істер бойынша анықтау мен алдын ала тергеудің сот пен прокуратурадан бөлек арнаулы органдарда іске асырылуы көзделген 84-баптың Негізгі Заңнан алып тасталуы сотқа дейінгі іс жүргізуде сот бақылауының шегін кеңейту туралы мәселе қоюға мүмкіндік берді.
4) Ата Заңымыздың үстемдігін және оның тікелей қолданылуын қамтамасыз ету, құықтық жүйеде конституциялық бастауларды жүзеге асыру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары қорғалуын күшейту Конституциялық Кеңестің басты қызметі. Қазіргі таңда оның қорытынды шешімдеріндегі заңнаманы жетілдіру жөніндегі құқықтық позициялар мен ұсыныстарды уақытылы әрі толық жүзеге асыру республикада конституциялық заңдылықты қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі болып отыр.
Өзінің жыл сайынғы жолдауларында Конституциялық Кеңес елдегі конституциялық заңдылықтың жан-күйіне жалпы баға бере келе, өткен кезең аралығында қабылдаған шешімдеріндегі міндеттерінің орындалу барысына тоқталады. Аталған шешімдерінің орындалуына сараптама жасап, оларды одан әрі жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне тапсырмалар жүктейді. Сонымен қатар, заңнаманың конституциялық жолмен дамуына баға беріп, оның олқылықтарына назар аударып, оларды жетілдіру жөнінде өзінің ойларын ортаға салады. Конституциялық Кеңестің жолдауларында қарастырылған заңнамалық олқылықтарды түзету мақсатында көптеген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, құқықтық саясатта жаңаша бағыттар пайда болған кездерде жиі кездеседі.
Біртұтас Мемлекеттік билікті заңшығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлу арқылы олардың әрқайсысының орындау кезінде бір-бірінің жұмысына араласпау, кедергі келтірмеу басты міндеті. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
