Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhasandy_intelekt_tolyk_turi_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
155 Кб
Скачать
☆

3. Анықталмағандық күйінде тұжырым қалыптасуының әртүрлі әдістерін сипаттаңыз. Сол әдістердің бірін толық сипаттаңыз.

1. Анықталмағандық жағдайда білімдерді ұсыну

Формаланбаған есептер ұғымын берілген ақпараттың нақты анықталмағанына байланысты сандық формада беріле алмайтындықтан енгізген. Мұндай есептерге жіктеу, диагностикалау, жобалау, анықталмағандық жағдайда білімдерді ұсыну және т.б. жатқызуға болады. Тарихта ең алғашқы сарапшы жүйелер болып ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында Станфордск университетінде жасалып шығарылған және органикалық химияның құрылымдық қосылымын ашуға арналаған Heuristic DENDRAL және Meta-DENDRAL табылды.

Сарапшы жүйелердің ақпараттық негізіне мәліметтер қоры мен білімдер

қорын жатқызуға болады. Мәліметтер қоры пәндік облыстың объектілер, құбылыстарын және процесстерін және олардың қасиеттерін сипаттайтын жеке деректерден тұратын ақпараттардан тұрады.

Тәжіребиелік түрде алынған мәліметтерге төмендегі қасиеттерге ие

білімдер сүйенеді:

активтілік – жаңа білімдердің программалық генерациялану мүмкіндігі;

интеграциялану - білімдер мағынасын ашу мүмкіндігінің болуы;

байланыстылығы – деректер, құбылыстар, процесстер және олардың

арасындағы қатынастарға қатысты заңдылықтарды сипаттау.

Сарапшы білімдер қоры сарапшы жүйенің басты құрылымы болып табылады.

Өнімділік модель білімдерді өнімділік ережелер түрінде ұсынуға мүмкіндік

береді.

Өнімділік ережені жалпы жағдайда мына түрде ұсынуға болады:

i : S; C; A → B; P,

мұндағы i - өнім нөмірі; S - бұл құрылым қолданыла алатын ситуациялар

класын сипаттау; С – берілген өнім активтенетін жағдай; А→В – өнім ядросы

(мысалы, «ЕГЕР А1,А2,…,Аn, ТО В»); Р – В орындалғаннан кейінгі өнімдік

ереженің түсуі.

Шарттар мен әрекетткр санына байланысты сәйкес тізімдерде келесі ережелер түрін көрсетуге болады: қарапайым – бір шарт және бір әрекет, құрылымды – көп шарттар мен әрекеттер, белгіленетін –көп шарттар мен бір әрекет, тармақталған – бір шарт және көп әрекеттер.Өнімділік модельдер білімдерді ұсынудың ең көп тараған түрі болып

табылады, себебі мағыналық интерпретацияны, модульділікті, түзету

мүмкіндігін және логикалық шығаруды қамтамасыз етеді. Өнімділік ережелерді

қолдану сарапшы жүйенің «мөлдірлілігіне» себепші болады, яғни оның

қабылданған шешімдерге қабілеттілігін көрсетеді.

2. Нақты емес білімдерді ұсыну модельдері

Нақты емес білімдерді ұсыну модельдері бірден интерпретацияланбайтын, бірақ маңызды ақпараттан тұратын пәндік облыс объектілерінің маңызды қасеттерін сипаттайтын адам білімдерін қалыптастыруда қолданылады.

Берілген ұғымның теориялық негізіне нақты емес алгебраны, нақты емес

логиканы және нақты емес жиынды жатқызуға болады. Нақты емес логикадағы

негізгі түсініктерге лингвистикалық айнымалыларды жатқызуға болады, ол

қандай да бір қасиеттің ауызша сипаттамасының жиыны болып табылатын

айнымалы түрінде анықталады. Мысалы, «өнім бағасы» лингвистикалық

айнымалысы мәндер жиынымен анықталуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]