Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DK_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

5.Деректер қорларының логикалық және физикалық бейнелерін сипаттаңыз.

Деректер қорының физикалық бейнесі – деректердің компьютер жадында сақталу жолы.

Деректер қорының логикалық бейнесі – қор тұтынушыларының сақталатын деректер туралы түсінігі. Егер екеуі бір-бірінен тәуелсіз болса, деректердің физикалық бейнесі өзгерген кезде қормен жұмыс істейтін программалар өзгермейді. Яғни, қормен деректер қорын басқару жүйесі арқылы жұмыс істеу арқасында қолданушылар сақталатын деректердің компьтер жадында қалай сақталатынына қарамастан оларға қол жеткізуі керек.

6.Негізгі дқбж модельдерін атап, объектіге-бағытталған модельдің ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

1. Иерархиялық модель - мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады.

2. Желілік модель - мәліметтердің элементтерінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді. Желілік деректер қорының схемасын сипаттауға екі тип пайдалынылады: жазба және байланыс.

3. Реляциялық модель - мәліметтердің реляциялық моделін JBM фирмасының қызметкері Эдгар Код ұсынған және ол қатынас ұғымына негізделеді.

Қатынас деп –картеж деп аталатын элементтер жиынын айтады, қатынасты бейнелеудің көрнекті формасы екі өлшемді кесте болып табылады.

4. Постреляциялық модель - мәліметтердің постреляциялық моделі кестенің жазбаларында сақталған мәліметтердің бөлімбеушілік шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық моделі болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндерді ішкі мәліметтерден құралған өрістерден тұрады.

5. Көп өлшемді модель - ол көп жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.

Қордағы мәліметтерді қарастыратын көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қорын пайдаланылады. Көп өлшемді жүйелерге талдау жүргізу және шешім қабылдау үшін ақпараттық желі өңдеуге мүмкіндік береді. Обьектіге бағытталған деректер қоры құрамына тармақ түрінде берілген мәліметтер. Бұл деректер қорының логикалық құрамының сырттай иерархиялық деректер қоры ұсынылады.

6. Объектіге-бағытталған модель

Объектілі бағдарланған мәліметтер моделінде мәліметтер қорының жеке жазуларын идентификациялауға мүмкіндік бар. Мәліметтер қорының жазулары мен оны өңдеу функцияларының арасында объектілі бағдарланған программалау тілдерінің командаларының көмегімен өзара байланыс тағайындалады.

Объектілі бағдарланған мәліметтер қорының құрылымын торабтары, графикалық түрде түйіндері объект болып табылатын графикалық тармақ түрінде немесе ағаш ретінде бейнеленетін құрылым деп қарастыруымызға болады. Мұнда деректер қорындағы жазбалар мен оларды өңдейтін функциялар арасындағы байланыс объектіге-бағытталған бағдарламалау тілдеріндегі принциптермен жүзеге асырылады. Негізгі ұғымдарына объекттер, класстар, әдістер, инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм жатады. Объект ұғымы объектіге бағытталған бағдарламалау ортасынан алынған. Бұл орта бойынша барлығы объекттерден құралады. Оның қайталанбайтын аты, белгілі бір класқа жататыны, ішкі қалпы, басқа объекттермен әрекеттесе алуы негізгі қасиеттеріне жатады.

Объектіге-бағытталған моделдің артықшылығы деректердің барлық түрін тәуелсіз сақтап қана қоймай, оларды өңдей алады. Сонмен қатар, объекттер ретінде тек деректер ғана емес, басқа деректер қоры да болуы мүмкін. Бұл моделдье объектіге бағытталған бағдарламалауды қолдану арқылы жүйені жасауға кететін ресурстарды (уақыт, жеке деректер моделімен сәйкестік т.б.) үнемді қолдану, көлемі аз код жазу сияқты артықшылықтарға қол жеткізуге болады.

Объектінің қасиеттері қандай да бір стандартты типпен (мысалы string-жолдық) немесе

пайдаланушының құрған типімен (мысалы, class) сипатталады. String типінің мәні символдар жолы болып табылады. Class типінің мәні сәйкес кластың экземпляры болып табылатын объект болады.

Әрбір объект – класс экземпляры объектінің ұрпағы болып есептеледі, ол қасиет ретінде анықталған. Класс экземплярының объектісі өзінің класына жатады және бір ғана ата-анасы болады. Мәліметтер қорындағы туыстық қатынастар объектілердің байланыс иерархиясын құрады.

Объектілі бағдарланған мәліметтер қорының логикалық құрылымы иерархиялық мәліметтер қорының құрылымына ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мәліметтерді манипуляциялау әдісінде болуы мүмкін.

Қарастырылып отырған мәліметтер қорында мәліметтермен орындалатын операцияларда инкапсуляция, мұрагерлік (наследование) және полиморфизм тәрізді объектілі бағдарланған механизмдерге күшейтілген логикалық операциялар қолданылады. Кей жағдайда SQL операцияларына ұқсас операциялар қолданылуы мүмкін (мысалы, мәліметтер қорын құру).

Мәліметтер қорын құру және түрлендіру мәліметтерді жылдам іздеуге арналған ақпараттан тұратын индекстерді автоматты түрде құрып, одан кейін түзейтіндей болуы тиіс (индексті кестелер).

Объектілі бағдарланған мәліметтер қоры моделіне қатысты инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизм ұғымдарын қарастырайық.

Инкапсуляция –объектінің өзі анықталған аралықтағы қасиеттердің аты көрінетін облыспен шектеледі. Егер каталог типті объектіге кітап авторының телефонын қосатын болсақ (телефон деген атауы бар болса), онда біз абонент және каталог объектілерінің бір атаулы қасиеттерін аламыз. Мұндай қасиеттің мәні инкапсуляцияланған объектілермен анықталады. Мұрагерлік – бұл керісінше, объектінің барлық ұрпақтарындағы қасиеттердің көріну облысын кеңейтеді. Мысалы, каталог типті объектінің ұрпағы болып табылатын кітап типті барлық объектіге ата-аналық объект қасиетін беруге болады: ISBN, УДК, АТЫ, және АВТОР. Егер тікелей ата-ана болып табылмайтын объектілерде мұрагерлік жасау механизмін кеңейту қажет болса (мысалы, бір ата-ананың ұрпақтарының арасында), онда олардың ортақ атасында abs типті абстрактілі қасиет анықталады. Кітапхана объектісіндегі билет және номер абстрактілі қасиеттерін анықтау барлық абонент, кітап және жіберу ішкі объектілерінен осы қасиетті шығаруға әкеледі.

Полиморфизм – объектілі бағдарланған программалау тілдерінде қандай да бір программалық кодтың әртүрлі типті мәліметтерімен жұмыс істеу қабілетін көрсетеді. Объектілі программаның орындалуы кезінде сол әдіс аргументтің типіне тәуелді әртүрлі объектілерде қолданылады. Біздің жағдайда, объектілі бағдарланған мәліметтер қорына қатысты, полиморфизм кітап класындағы объектілердің қаиеттерінің жиынтығы әртүрлі болуы мүмкін. Кітап класындағы объектілермен жұмыс істейтін программаның полиморфты коды болуы мүмкін.

Объектілі бағдарланған мәліметтер қорындағы іздеу дегеніміз – пайдаланушының сұраған объектісі мен мәліметтер қорында сақталған объектінің арасындағы ұқсастықты анықтау болып табылады. Объект-мақсат деп аталатын пайдаланушының анықтайтын объектісі, жалпы жағдайда, мәліметтер қорында сақталған барлық объектілер иерархиясының ішкі жиыны түрінде берілуі мүмкін. Объект-мақсат, сондай-ақ, сұраныстың орындалу нәтижесі қорда сақталуы мүмкін. Кітапханада кем дегенде бір кітап алған абоненттің аты мен оқырман билетінің номері жөніндегі сұраудың мысалын былай көрсетуге болады.

Реляциялық мәліметтер қорының моделімен салыстырғанда мәліметтердің объектілі бағдарланған моделінің жетістігі объектілердің күрделі өзара байланысы туралы ақпаратты бейнелеу мүмкіндігі болып табылады. Мәліметтердің объектілі бағдарланған моделі мәліметтер қорындағы жеке жазуларды ерекшелеп, оларды өңдеу қызметін анықтау болып табылады.

Объектілі бағдарланған модельдің кемшілігі ұғымдарының аса жоғары күрделілігі, мәліметерді өңдеудің қолайсыздығы және сұрауды орындаудың күрделілігінде болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]