Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Адамның репродуктивті жүйесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать
☆

Еркек жыныс ағзасының функциялары

Еркек жыныс ағзалары қызметіне байланысты жыныс бездеріне бөлінеді: атабез,жыныс жолдары және оның туындылары.

Аталық без қызметі:

  1. Герминативті – жыныс жасушаларының – сперматозоидтың түзілуі. Сперматогенез (еркек жыныс жасушаларының бөлінуі мен пісіп жетілу процесі) ұмада орналасқан аталық бездің иректелген түтікшелерінде іске асады. Бұл процесс 34˚С және одан төмен жағдайда жүретін қалыпты ағым үшін маңызды. Сперматогенез кезектесіп жүретін 3 фазадан тұрады:сперматогоний пролиферациясы (митоз), сперматоциттердің пісіп - жетілуі, сперматозоидтар мен сперматидтердің түзілуі. Пісіп жетілген жыныс жасушалары ұрық шығаратын түтікте сақталады. Спермиялар ұрық шығаратын кейін ұрық шашатын жолдар арқылы без қосымшасының құйрық жағынан несеп шығару жолына өтеді.

Сперма - жыныстық қатынаста эякуляцияланатын құрамы 5% сперматозоидтан және 95% қосымша бездің секреторлы сұйықтығынан тұратын түзіліс.

Қосымша без бөлетін секреттің қызметі:

Ұрық көпіршігі - энергия сақталатын секрет - сперматозоидтердің уақытша сақталуына субстрат ретінде, сперматозоидтардың функционалды активтілігі мен тіршілігін жоғарылатады.

Қуықасты безінің секреті - ұрықтың ажырауына және несеп шығаратын жол бойымен өтуіне ықпал етеді. Сперматозоидтың фертильдігі мен қозғалғыштығын жоғарылатады.

Купфердің бульбоуретральды безінің секреті - уретраны эякуляция алдында майлайды.

Эякуляциядан кейін сперматозоидтардың әйел жыныс жолдарында тіршілігінің ұзақтығы максимальды 48 сағатқа дейін сақталады.

  1. Эндокринді - гормондардың бөлінуі. Андрогендер (тестостерон, дигидротестостерон, дегидроапиандростерон және т.б.) иректелген ұрық түтікшелерінің аралығындағы интерстицийде жататын Лейдиг жасушаларынан синтезделеді.

Андрогендердің функциясы:

-Жыныстық аумақ (сфера) – жыныс айырмашылығын, жыныстық жетілуді, екіншілік жыныс белгілері мен сперматогенезді қамтамасыз етеді.

-Тестостерон – анаболикалық гормон. Ол әр түрлі ағзалардан белок синтезін ынталандырады (бауыр,қаңқа бұлшық еттері, сүйектер). Ол бұлшық ет массасының, негізгі тіннің массасы мен тығыздығының үлкеюіне әкеледі.

Сертоли жасушалары ФСГ мен гонадолибериннің синтезі мен секрециясын тежейтін ингибин бөледі.

ГТГ-ның аталық без қызметін реттеудегі маңызы.

Фоллитропин - сперматогенез бен қуық асты безінің дамуына ықпал етеді және ұрық түтікшелерінің дамуы үшін қажет болып табылады.

Лютропин - ұрықтардағы ішкі секреторлы элементтердің дамуын стимулдеу арқылы жыныс гормондарының түзілуінің жоғарлауына әкеледі.

Әйел жыныс жүйесінің функциялары

Әйел жыныс жүйесінің қызметі - репродуктивті.

Атқаратын қызметтері:

Аналық без:

1. Герминативті - овогенез,овуляция.

2. Эндокринді - эстроген, прогестерон, релаксиндер, ингибиндердің синтезі мен секрециясы.

Жатыр түтігі: тасымалдау (овуляцияланған жұмыртқа жасушаның жатыр түтігі бойымен жылжуына қатысады, ұрықтану).

Жатыр: бала көтеру.

Жатыр мойнының түтігі мен қынап: туу жолдары.

Сүт бездері: нәрестені тамақтандыру үшін қажет.

Бала тууға қабілетті әйелдің герминативті қызметіне бала көтермеген жағдайда ай сайынғы циклды процесс тән болып келеді (овариальды-менструальды цикл).