- •Адамның репродуктивті жүйесі туралы түсінік
- •Адамның жыныстық немесе репродуктивті қызметтері.
- •Жыныстық дифференциация (жыныстың қалыптасуы)
- •Жыныстық жетілу кезеңдері
- •Еркек жыныс ағзасының функциялары
- •Әйел жыныс жүйесінің функциялары
- •Жүктілік, босану, лактация
- •Овариальды оралымы (циклі)
- •Менструальды оралымы (циклі)
- •Ұрықтану
Овариальды оралымы (циклі)
Жұмыртқа жасуша анабез фолликулдарында түзіледі.
Фолликулдардың дамуы 4 фазада өтеді:
1) Пісіп-жетілу (әр 28 күн сайын гипофиздің ГТГ анабезде 8-ден 12-ге дейін біріншілік фолликулдардың өсуін шақырады). Фолликулдардың өсуі кезінде эстрогендер көп мөлшерде бөлінеді. Олардың дамуы келесі схема бойынша жүзеге асады: примодиальды →біріншілік→екіншілік→үшіншілік (пісіп жетілген фолликул, грааф көпіршігі).
2) Овуляция (пісіп жетілген фолликулдардың жарылып, одан пісіп жетілген жұмыртқа жасушаның шығуы).
3) Овуляцияланған фолликулдың орнына сары дененің түзілуі. Сары дене прогестерон мен эстроген синтезейді.
4) Сары дененің сіңірілу фазасы.
Циклдың бірінші жартысында – фолликулярлы (ФСГ ықпалымен примордиальды фолликулдың бір бөлігі дамиды), екінші жартысы – лютеиндеуші (ЛГ әсерінен овуляцияланған грааф көпіршігінен эндокринді без түзіледі - сары дене). Овуляция шамамен циклдың ортасына тура келеді.
Менструальды оралымы (циклі)
Гормондар әсерінің өзгерістері эндометрий, жатыр түтігінің кілегейлі, цервикальды канал, қынапқа әсерін тигізеді. Жатырдың кілегей қабығы циклды өзгерістерге ұшырайды. Әр циклда эндометрий менструальды, пролиферативті, секреторлы фазадан өтеді.
Менструальды фаза – эндометрийдің функционалды қабатының сылынып түсіп, қан шығуы. Сары дененің атрофиясы мен өліміне сай келеді. Менструальды қан ағу тоқтағанда жатырдың кілегейлі қабатының жылдам регенерациясы басталады.
Пролиферативті (фолликулярлы) - овуляцияға дейін жүреді, осы кезде эстроген (көбіне эстрадиол) ықпалынан базальды қабат жасушаларының пролиферациясы мен эндометрийдің функционалды қабатының қалпына келуі жүреді.
Секреторлы (лютеиндеуші) фаза – овуляциядан менструацияға дейін созылады. Сары дене бөлетін прогестеронның жоғары мөлшерінен ұрықтың имплантациясына қолайлы жағдай жасалынады. Кілегей қабығының бездері жоғарылап, секрет бөле бастайды. Дененің базальды температурасы 37˚С жоғары.
Ұрықтану
Ұрықтану деп аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылу процесін (сперматозоид пен жұмыртқа жасуша) атайды. Ұрықтану кезінде аталық пен аналықтың гаплоидты гаметалары қосылады. Осы кезде олардың ядролары (пронуклеустары) байланысады, хромосомалары қосылып, жаңа ағзаның бірінші диплоидты жасушасы – зигота түзіледі. Овуляцияға ұшыраған жұмыртқа жасушаның максимальды ұрықтануға қабілетті мерзімі 4-5 күн.
Жүктілік, босану, лактация
Ұрықтану кезінен бастап жүктілік мерзімі басталады. Жүктілік – ұрықтанған жұмыртқа жасушадан әйел құрсағында болашақ нәресте дамитын физиологиялық процесті атайды.
Пренатальды даму кезеңі:
Бастапқы: 1 апта – концептус дамиды.
Ұрықтық: 2 - 8 апта аралығы – эмбрион дамиды. Зиготаның бөлінуі кезінде ұрық жатыр түігінің бойымен оның қуысына жылжиды. Осында ұрықтың жатыр қабырғасына имплантациясы болады. Миграция 6-7 күнге созылады.
Нәрестелік: 9 аптадан жүктіліктің соңына дейін – нәресте дамиды.
Жүктілік қалыпты жағдайда 270-280 күнге созылады (9 ай) және бала туумен аяқталады. Аяғы ауыр әйелде бүкіл эндокринді жүйесі өзгерістерге ұшырайды.
Ұрық жолдасы (плацента) ұрықты ана ағзасымен байланыстырады және ол ұрықтық (бүрлі хорион) және аналық (децидуальды қабықтан) бөліктен тұрады. Ұрықтың қантамырларына жататын ұрық жолдасындағы хорион бүрлері бүраралық кеңістік айналымындағы жүкті әйел қанына малынып тұрады.Ұрық жолдасы қоректік заттар мен оттегіні жүкті әйелден ұрыққа тасымалдау, керексіз метаболизм өнімдерін шығару, ұрықтың тіршілігіне қажетті белоктар мен гормондардың (ХГТ- хориондық гонадотропин, прогестерон, хориондық соматомаммотропин, фибробласт дамытушы фактор, трансферрин, пролактин, релаксиндер, кортиколиберин, эстрогендер және т.б.) түзілуі, ұрықты иммундық қорғау секілді көптеген қызмет атқарады.
Босану – нәресте, қағанақ пен бала жолдасының жатырдан қынап арқылы сыртқа шығатын физиологиялық үрдіс. Босану әйел ағзасының бүкіл жүйесінің өзгерістері арқылы жүзеге асатын қызметі болып табылады.
Лактация - сүт бездерінде сүттің түзіліп және оның бөлінуі. Бұл көбеюдің соңғы фазасы. Бала туылғаннан кейін қанда эстроген мен прогестерон мөлшері күрт төмендейді. Ол өз кезегінде пролактиннің көп бөлініп, сүттің секрециясын туғызады. Босанғаннан кейін алғашқы 2-3 күн сүт безі уызды бөліп шығарады.
Әйел мен еркектің репродуктивті қызметінің жастық ерекшеліктері.
45-50 жастан кейін әйел организміндегі гормональды өзгерістері репродуктивті қызмет тоқталуына алып келеді. Көбінісе 45 жастан үлкен әйелдерде бірінші етеккір циклінің болмаунан бастап және келесі 12 ай созылатын уақыт кезеңі менопауза деп аталады. Әйелдерде 60-65 жастан кейін кезеңінде жатырдың инволюциясы болады. Соның салдарынан басқа жыныс мүшелерінің де өзгерістеріне әкеледі.
Егде жастағы ерлерде гормональды өзгерістер аталық бездің салмақтың төмендеуі, сперматогоний мөлшері мен сперматозоидтар санының азаюымен қатар жүреді. Алайда, сперматогенез қарт жасқа дейін сақталады.
