Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fiziolog_toly_1179_Lektsialy_1179_saba_1179_tar...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
725 Кб
Скачать
☆

Эмоция және оның себептері

Эмоция немесе көңіл-күй латын тілінде эмовере – қобалжу, қозу деген мағынаны білдіреді.

Эмоция дегеніміз адамның сыртқы ортаның жағдайына деген сезімін білдіріп, белгілі бір тітіркендіргіштің әсеріне берген жауабы.

Эмоцияның 3 құрамы бар:

  1. Ішкі сезім.

  2. Сыртқы көрінісі.

  3. Соңғы нәтиже.

Эмоцияны жағымды немесе жағымсыз деп екіге бөледі.

Жаңа туған сәбидің эмоция жағдайы ыңғайсыз болғанда жылау, терісінің қызаруы арқылы білінеді. 7-11 жастағы балалар психикалық эмоцияның барлық түрлерінің белгілерін көрсете бастайды. 12-16 жаста эмоцияның барлық түрлері толық қалыптасады.

Ұйқы, оның физиологиялық негіздері мен жас ерекшеліктері

Ұйқы адам организмінің қалыпты қызмет атқаруы мен тірлігін сақтауға қажетті жағдай. Ұйқы кезінде сыртқы ортамен байланыс нашарлайды, денедегі зат алмасу, бұлшықеттердің тонусы, асқорыту, жүрек-қантамырлар мен тынысалу жүйелерінің қызметі төмендейді.

Ұзақ уақыт ұйқы кемігенде адамның еңбек қабілеті, есте сақтау қабілеті, ойлау қабілеттері төмендеп, нашарлап кетеді. Адам тәуліктің 1/3 ұйқыға жібереді.

Ұйқыны азайтуға, әсіресе балаларда болмайды. Жаңа туған сәби алғашқы күндері тәулігіне 21 сағаттай ұйықтайды. 1 жаста – 14 сағ., 4 жаста – 12 сағ, 7-жаста 10,5-11, 10 жаста – 10-10,5 сағ, 11-13 жаста – 9-9,5 сағ, 14-17 жаста – 8-9 сағ, ересек адамдар 7-8 сағ ұйықтайды.

Бала мезгілінде дұрыс ұйықтау үшін жатар алдында ауыр тамақ ішпеуі тиіс. Ауыр тамақты жатардан 2-3 сағат бұрын қабылдап, жатарда жеңіл тамақ ішу керек. Баланың төсегі жайлы, бөлмесінің ауасы таза, температурасы 20-220С болғанда ұйқысы дұрыс болады.

Ес. Бала есінің дамуы

Ес физиологиялық тұрғыдан қарағанда 3 бөліктен тұрады: ақпаратты қабылдау, оны сақтау және мезгілінде қайтадан жаңғырту. Еске сақтау әдістеріне қарай ес: механикалық және саналы, ерікті және еріксіз деп бөлінеді.

Мәліметті сақтау мерзіміне қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ес деп бөлінеді.

Қысқа мерзімді ес балада 3-4 айдан кейін іске қосылады. Баланың жасы ұлғайған сайын еске сақтау мерзімі артады: 2 жаста бірнеше айға, 4 жаста бір жылдан аса, 5 жаста өмір бойына еске сақтай алады.

7 жасқа дейін еріксіз еске сақтау қабілеті, одан әрі қарай ерікті еске айналады. Ер балалардың есі 10 жастан бастап, ал қыз балаларда 11-14 жаста жақсы дамиды Адамның есі 20-25 жасқа дейін қалыптасып дамиды.

5-тақырып. Сенсорлық жүйелер. Сезім мүшелерінің гигиенасы. Анализаторлардың маңызы, жалпы құрылысы, ортақ қасиеттері.

Әр түрлі сыртқы және ішкі тітіркенгіштерді қабылдайтын және оларды талдап жауап қайтаратын сезгіш жүйкелер жүйесін – сенсорлық жүйе немесе анализаторлар (талдағыштар) деп атайды. Әрбір анализатордың 3 бөлімін ажыратады:

1. Рецепторлық бөлім – сезгіш рецепторлардан тұрады. Олар тітіркендіргіштің әсерін қабылдап, қозуға айналдырады.

2. Өткізгіш бөлім рецепторда пайда болған қозуды сезім мүшелерінен шығып, ми қыртыстарына таситын сезгіш жүйкелерден тұрады.

3. Талдағыштың қыртыс бөлімін ми сыңарларының қыртысында орналасқан сезім орталықтары құрады.

Талдағыштардың ортақ қасиеттері:

1. Талдағыштардың рецепторлары өзіне ғана тән тітіркендіргіштердің әсерін қабылдайды. Ондай тітіркендіргіштерді адекватты тітіркендіргіш деп атайды. Көру талдағышы үшін жарық сәулелері, есту талдағышына дыбыс толқындары т.с.с сай келеді.

2. Талдағыштардың рецепторлары тітіркендіргіштердің күші өзгергенде тітіркендіргіштердің жаңа күшіне тез бейімделеді. Мысалы, жарық бөлмеден қараңғыға кіргенде, алғашқы кезде ештеңе көрінбегенімен біраздан соң заттар көріне бастайды. Осы сияқты, бөлмеге кіріп келгенде әтірдің иісі сезілгенімен, біраздан соң сезілмей кетеді.

3. Талдағыштар бір-бірімен байланысты қызмет атқарады. Сондықтан бірінің қызметі күшейгенде, екіншісінің қызметі төмендейді және керісінше. Мысалы, бар зейінімен сабаққа дайындалып, кітап оқып отырған оқушы маңайындағы бөгде дыбыстарды естігенімен мағынасын түсінбейді.

4. Бір талдағыштың қызметі бұзылғанда қалғандары оның қызметін бөліседі. Мысалы, соқыр адам көзі көрмегенімен басқа сезім мүшелері жақсы дамиды.

5. Талдағыштардың рецепторларының сезімталдығын жаттықтыру арқылы не күшейтіп, не төмендетуге болады.

Талдағыштар әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдауына байланысты оларды екі топқа бөледі: дистантты, яғни сезім мүшесінен белгілі бір қашықтықта орналасқан заттардың әсерін сезу (көру, есту, иіс сезу талдағыштары) және контакты, яғни сезім мүшесіне жанасқан затты сезетін (дәм сезу, тері талдағыштары) талдағыштар.