Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
fiziolog_toly_1179_Lektsialy_1179_saba_1179_tar...doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
725 Кб
Скачать
☆

Көру талдағышы

Көз аламасы шар пішінді. Оның алдыңғы және артқы полюстерін ажыратады. Көз алмасының орталық бөлігін - ядро деп атайды, оның сыртын 3 түрлі қабық қаптап тұрады.

Көз аламасының сыртқы қабығын - фиброзды қабық деп атайды. Оның алдыңғы дөңестеліп келген бөлігі – қасаң қабық, артқы көп бөлігі – склера деп аталады. Бұл қабықта қантамырлар болмайды. Көз алмасының ортаңғы қабығы – қантамырлар қабығы деп аталады. Оның алдыңғы бөлігі – нұрлы қабық, ортаңғы бөлігі - кірпікті дене, ал артқы бөлігі – нағыз тамырлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтың ортасындағы тесік көз қарашығы деп аталады.

Көз алмасының ішкі қабығы – торлы қабық деп аталады. Онда колба тәрізді және таяқша пішінді жарық сезгіш клеткалар орналасқан. Таяқша пішінді клеткалар қараңғылықты сезеді, ал колба тәрізді клеткалар күндізгі жарықты сезіп, заттың түсін ажыратады.

Көз алмасының нұрлы қабығының артқы жағында қос дөңесті линза пішінді көз бұршағы (хрусталик) орналасқан. Оның артқы жағын толығымен шыны тәрізді дене толтырып жатады.

Көздің қасаң қабығы мен нұрлы қабығының арасын - көздің алдыңғы қуысы, нұрлы қабық пен көз бұршағының арасын -көздің артқы қуысы деп атайды. Бұл қуыстарда аздаған сұйықтық болады.

Көздің қосымша мүшелеріне – 6 көзді қозғаушы бұлшықеттер (оның төртеуі түзу, екеуі қиғаш), терілі қабақтар, жас бездері, кірпіктер жатады. Жас бездері - көздің сыртқы бұрышының үстіңгі жағында орналасқан. Оның өзегі көздің ішкі бұрышына барып ашылады. Одан бөлінетін ылғал көз алмасының қасаң қабығын үнемі ылғалдап тұрады.

Көздің өткізгіш бөлімі көз алмасының торлы қабығынан басталады да, көру жүйкелері арқылы ортаңғы мидың жоғарғы екі төмпешігіне барады. Көру анализаторының орталығы ми қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан.

Оптикалық жүйеге көздің қасаң қабығы, көз бұршағы және шыны тәрізді дене жатады. Олар жарық сәулелерін жинақтап, жарық толқындарын сындыру қызметтерін атқарады. Жарық сындыру қабілеті диоптрия деп аталатын сәулелердің ауытқу мөлшерін анықтайтын өлшеммен есептеледі. 1 диоптрия фокустық нүктесі 1 м қашықтықта орналасқан линзаның жарық сәулелерін сындыру күшіне тең.

Әртүрлі қашықтықта орналасқан заттың бейнесін торлы қабыққа түсіру үшін көз бұршағы аккомодациялық қызмет атқарады. Аккомодация деп көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін қабылдау қабілетін айтады.

Көздің шыны тәрізді денесі жарық сындырғыш құрылымдарының ішіндегі ең күштісі. Мұнда жеткен жарық сәулелері сынып, торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабықтың үстінде фокустық нүктеде жиналады. Егер шыны тәрізді дененің жарық сындыру қабілеті тым күшейсе, сәулелер торлы қабыққа жетпей фокусталып, ал нашарласа одан асып жиналады. Мұндай жағдайларда заттың бейнесі бұлдырланып, анық көрінбейді. Шыны тәрізді денеде сәулелердің сынуына байланысты заттардың бейнесі аударылып көрінеді.

Жарықты қабылдау

Таяқша және сауытша тәрізді клеткаларда фокустық нүктелерде жинақталған сәулелердің әсерінен олардың ішіндегі арнайы заттар фотохимиялық реакцияға түсіп, ыдырай бастайды. Таяқша тәрізді клеткаларда родопсин, сауытша тәрізді клеткаларда иодопсин болады. Жарық сәулелерінің әсерінен родопсин ретинен мен опсинге ыдырап, қозу пайда болады. Ретинен А витаминінің туындысы, сондықтан бұл витамин жеткіліксіз болғанда адамның қараңғыда көру қабілеті төмендейді. Мұндай кемшілікті соқыр тауық немесе гемералопия дейді. Таяқша клеткалар өте әлсіз – 0,01 люкстен кем жарық сәулелерін сезеді.

Люкс – жарық сәулелері 1 м қашықтықтан 1 м2 тегістікке тік түскенде пайда болатын жарықталуының дүниежүзілік өлшемі. 30 люкстен астам жарықты сауытша клеткалар сезеді. Сауытшалардағы иодопсин сәулелердің әсерінен иодинен мен опсинге ыдырайды. Фотохимиялық реакцияның негізінде пайда болған қозу таяқша және сауытша клеткаларымен байланысқан көру нервінің орталыққа тебетін афференттік ұштары арқылы ортаңғы мидағы көру төмпешіктеріне жетіп, одан әрі ми сыңарларының қыртыстарының шүйде тұсында орналасқан көру орталығына барады. Онда талқыланып, жинақталып, заттың бейнесі туралы сезім туады. Фотохимиялық реакцияның пайда болуына байланысты көздің қозғыштығы төмендейді. Мұны жарыққа бейімделу немесе жарық адаптациясы дейді.

Көздің заттың түсіне бейімделу қабілетінің де маңызы бар. Заттың түсі, бояуы туралы сезім көру талдағышына ұзындығы әртүрлі жарық толқындары әсер еткенде туады. Көздің жарық толқындарын қабылдау қабілеті 390-760 нм шамасында. Олардың әр толқыны ұзындығына байланысты бір түсті сезім тудырады. Мысалы, көк түсті сезім 450-480 нм, күлгін түсті 390-450 нм, қызыл түсті 620-760 нм.

Түсті жарықты қабылдау ілімінің негізін алғаш рет М.В.Ломоносов 1756 ж. қалаған.

Кейбір адамдар заттың түсін мүлде анықтай алмайды. Мұндай кемшілікті осы аурумен ауырған ағылшын ғалымы химик Дальтонның атымен дальтонизм деп атайды.