- •Іштің пальпациясы
- •Пальпациялау ережелері
- •Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы
- •В.П.Образцов және н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация
- •Соқыр ішекті пальпациялау (4.69 сурет).
- •Көлденең тоқ ішекті пальпациялау.
- •Жоғары және төмен өрмелеген тоқ ішек бөліктерін пальпациялау
- •Бауыр перкуссиясы
- •Бауыр пальпациясы
- •Көк бауыр перкуссиясы
- •4.98 Сурет. Көк бауырдың перкуссиясы. Көк бауыр пальпациясы
Соқыр ішекті пальпациялау (4.69 сурет).
пальпациялаудың 1 кезеңі: дәрігер оң қолының жартылай бүгілген саусақтарын оң мықын аймағына кіндікпен оң мықын сүйек қыры арақашықтығының 1/3 бөлігіне орналастырады.
пальпациялаудың 2 кезеңі: науқас тынысты алғанда кіндікке қарай тері қатпарын жиыру керек.
пальпациялаудың 3 кезеңі: тынысты шығарғанда құрсақ бұлшық еттерінің босаңсығанын пайдаланып саусақ ұштары мүмкіндігінше құрсаққа терең артқы қабырғасына дейін енгізіледі.
пальпациялаудың 4 кезеңі: тыныс шығару соңында оң spina iliaca anterior superior бағытына сырғымалы қозғалыс жасалғанда соқыр ішек туралы пальпаторлы мәлімет білінеді (4.69 а сурет).
Көлденең тоқ ішекті пальпациялау.
Көлденең тоқ ішекті пальпациялау алдында асқазанның төменгі шекарасын анықтау керек, себебі көлденең тоқ ішек асқазаннан 2-3 см төмен орналасқан.
пальпациялаудың 1 кезеңі: оң қолдың жартылай бүгілген төрт саусағын анықталған асқазанның төменгі шекарасынан 2-3 см вертикальді, алдыңғы ортаңғы сызықтың оң және сол жақтарынан 4-5 см сыртқа қарай (көлденең тоқ ішектің оң және сол бөліктерін пальпациялау үшін) орналастырады.
пальпациялаудың 2 кезеңі: тынысты алғанда жоғары қарай тері қатпарын жиыру керек.
пальпациялаудың 3 кезеңі: тынысты шығарғанда қол біртіндеп ішке енгізіледі. Бұл кезде артқы қабырғаға дейін жетіп тоқ ішекті тақау әрдайым болмауы да мүмкін.
пальпациялаудың 4 кезеңі: тыныс шығару соңында пальпациялаушы қол төмен қарай көлденең тоқ ішектің үстін жанап сырғиды.
Көлденең тоқ ішекті екі қолмен де (билатеральді) пальпациялауға болады, 4.76 суреттек көрсетілген. Бірақ бұл әдіс бір қолмен ішекті пальпациялаумен салыстырғанда ыңғайсыздау.
Жоғары және төмен өрмелеген тоқ ішек бөліктерін пальпациялау
Тоқ ішектің жоғары өрмелеген бөлігін В.Х.Василенко әдісі бойынша екі қолмен (бимануальді) пальпациялайды (4.78 сурет).
пальпациялаудың 1 кезеңі: сол қолдың басы оң бел астына, ал жартылай бүгілген оң қол саусақтары іштің оң бөлігіне, жоғары өрмелеген тоқ ішекке перпендикуляр орналастырылады.
пальпациялаудың 2 кезеңі: науқас тыныс алғанда кіндікке қарай тері қатпарын жиыру керек.
пальпациялаудың 3 кезеңі: тыныс шығарғанда қол біртіндеп ішке терең сол қолға тигенше енгізіледі.
пальпациялаудың 4 кезеңі: тыныс шығару соңында ішектің үстімен сыртқа қарай (кіндіктен), ішек өсіне перпендикулярлы сырғымалы қозғалыс жасалады.
Осылайша төмен өрмелеген тоқ ішек бөлігі де пальпацияланады (4.79 сурет).
4.58 сурет. Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациялау әдісі: а – дәрігер қолын орналастыруы; б – саусақтардың құрсаққа терең енгізіліп ауыру сезімдері мен құрсақ бұлшық еттерінің керілуін анықтау.
4.60 сурет. Іштің тік бұлшық еттерінің ажырауын анықтау әдісі. Пальпация науқас басын көтеріп тік бұлшық еттері керілгенде жүргізіледі.
4.68 сурет. Сигма тәрізді ішекті пальпациялағанда дәрігер қолын орналастыру түрлері (а және б).
4.69 сурет. Алдыңғы құрсақ бұлшық еттері жеткілікті дәрежеде босаңсығанда (а) және кернеуі жоғарылағанда (б) соқыр ішекті пальпациялау.
4.78 сурет. 4.79 сурет
В.Х.Василенко әдісі В.Х.Василенко әдісі
бойынша жоғары бойынша төмен
өрмелеген тоқ ішекті өрмелеген тоқ ішекті
бимануальді пальпациялау бимануальді пальпациялау
