- •Іштің пальпациясы
- •Пальпациялау ережелері
- •Іштің беткейлік бағдарламалық пальпациясы
- •В.П.Образцов және н.Д.Стражеско әдісі бойынша терең сырғымалы пальпация
- •Соқыр ішекті пальпациялау (4.69 сурет).
- •Көлденең тоқ ішекті пальпациялау.
- •Жоғары және төмен өрмелеген тоқ ішек бөліктерін пальпациялау
- •Бауыр перкуссиясы
- •Бауыр пальпациясы
- •Көк бауыр перкуссиясы
- •4.98 Сурет. Көк бауырдың перкуссиясы. Көк бауыр пальпациясы
Көк бауыр перкуссиясы
Көк бауыр іш перде қуысында, сол қабырғалар доғасының аймағында, 9 және 11 қабырғалар деңгейінде орналасқан. Көк бауыр ұзынша овал тәрізді пішінде, оның ұзын өсі 10 қабырға бойына сәйкес келеді.
Көк бауыр перкуссиясы оның өлшемін анықтау үшін жүргізіледі (4.98 сурет). Тыныш перкуссия қолданады. Науқас оң қырымен жатады. Плессиметр-саусақ сол қабырға доғасының шетіне, 10 қабырғаға перпендикуляр орналастырылады. Перкуссия әлсіз күшпен 10 қабырға үстімен алғашында сол қабырға доғасынан омыртқаға қарай, сосын алға қарай бағыттап жүргізіледі. Тұйықталған дыбыс пайда болғанда көк бауырдың ұзын өсінің (ұзындығы) екі шекарасы анықталады.
Көк бауыр ұзындығының ортасынан 10 қабырғаға тағы да перпендикуляр қойып әлсіз соққымен перкуторлап көк бауыр көлденеңі анықталады.
Есіңде сақта:
Қалыпта көк бауыр ұзындығы 10 қабырға бойымен 6-8 см, ал көлденеңі – 4 - 6 см.
4.98 Сурет. Көк бауырдың перкуссиясы. Көк бауыр пальпациясы
Көк бауырды пальпациялау осы ағзаны физикалық зерттеудің негізгі тәсілі болып табылады. Науқас оң қырымен жатып, оның басы алға қарай иілген, сол қолы шынтақ буынында бүгіліп кеуде қуысының оң алдыңғы бетіне қойылады, оң аяғын созып, ал сол аяғы тізе және жамбас-тоқпан жілік буындарында бүгіліп жатуы керек (4.99 сурет).
пальпациялаудың 1 кезеңі: дәрігер сол қолын сол қабырғалар доғасының үстіне қойып оны сәл басады. Жартылай бүгілген оң қолының саусақтарын сол қабырғалар доғасына орналастырады, ортаңғы саусағы науқастың 10 қабырғаның жалғасындай жағдайда болуы керек.
пальпациялаудың 2 кезеңі: тынысты алғанда теріні төмен қарай жиыру керек.
пальпациялаудың 3 кезеңі: тынысты шығарғанда саусақтар ақырын құрсақ ішіне енгізіледі.
пальпациялаудың 4 кезеңі: науқастың терең тыныс алуын өтінеміз, сол кезде көк бауыр, егер ол үлкейген болса көк еттің қысуымен төмен қарай жылжиды да төменгі полюсімен дәрігердің саусақтарына тіреледі, сосын олардың астына қарай сырғиды.
Керек кезінде көк бауырды науқас шалқасынан, қолдарын денесінің жанына қойып, аяқтарын созып жатқанында да пальпациялауға болады
(4.102 сурет). Бұл кездегі пальпациялау техникасы науқас оң қырымен жатқандағыдай болады.
Есіңде сақта:
Қалыпта көк бауыр пальпациялағанда қолға ілінбейді. Ол тек үлкейгенде ғана пальпацияланады.
4.99 сурет. Көк бауырды 4. 100 сурет. Науқас оң қырымен
зерттегенде науқастың жатқанында көк бауырды
оң қырымен жатуы. пальпациялау.
