- •1 Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы
- •1.1 Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің жүйесі
- •1.3 Жалпы юрисдикциялық соттар
- •Қазақстан Республикасының Мамандандырылған Әкімшілік соты
- •2.1 Кіріс-шығыс хат-хабарлары мен құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту тәртібі
- •2.2 Тараз қаласының Мамандандырылған Әкімшілік сотының ішкі жұмыс тәртібі.
- •2.3 Мамандандырылған Әкімшілік сотының мұрағаты.
- •2.4 Мамандандырылған Әкімшілік соттардың қызметін жетілдіру жолдары.
2.2 Тараз қаласының Мамандандырылған Әкімшілік сотының ішкі жұмыс тәртібі.
Тараз қаласының Мамандандырылған Әкімшілік сотының ішкі жұмыс тәртібі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңына, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және өзге де нормативтік құқыктык актілерге сәйкес әзірленді және соттың жұмыс тәртібін белгілейді.
Сот мәжілісі залдары, судьялар мен сот аппараты қызметкерлерінің қызметтік кабинеттерімен қатар сотқа жататындар қатарына сот істерін(кеңселер және сот мұрағаттар), құжаттар мен материалды техникалық құндылықтарды(тұрақтар, қоймалар, айғақтық заттарды сақтау қапастары) сақтауға арналған бөлмелер және ортақ пайдалатын орындар( дәліздер, холлалар, буфеттер, әжетханалар, баспалдақтар марштары және т.б.) кіреді. Соттардың ғимараттары немесе бөлмелері деп жеке ғимараттарды(құрылыстарды) немесе судьялар мен соттар аппараттарының қызметкерлері үнемі орналасқан, қызметтік функцияларын атқаратын олардың ішіндегі бөлмелер болып табылады. Сотқа келушілер болып сот өзінің жұмыс орны болып табылмайтын, сот ғимаратында(бөлмесінде) уақытша болған, кез келген жеке тұлға танылады.
Судьялар және соттың қызметкерлері осы ішкі жұмыс тәртібінің қағидасымен таныстырылуға тиіс. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып іс қағаздарын жүргізудің тәртібі жеке нормативтік құқыктык актімен реттеледі. Барлық судьялар мен сот қызметкерлері осы Кағидамен белгіленген талаптарды орындауы үшін міндетті болып табылады. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған тұлғалар егер олардың қатысулары судьялардікі сияқты соттар аппараттарының қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі болмаса сот ғимаратында(бөлмесінде) тек ата-аналарының(жақын туыстарының, қорғаншыларының немесе педагогтардың) алып жүруімен бола алады. Соттар ғимараттарында(бөлмелерінде) қоғамдық тәртіпті қолдау сот жасауылдарымен және соттар аппараттарының қызметкерлерімен, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі Күзетінің Мамандандырылған Қызметінің Республикалық бас басқармасының кезекші қызметкерлерімен жүзеге асырылады және олардың орнатылған тәртіпті сақтау бойынша заңды талаптары соттарға келушілер үшін міндетті.
Сотқа келушілерге қатысты жоғарыда талданған тұлғаларға талаптарды мәжбүрлі орындату соттар қызметіндегі орнатылған тәртіпті қамтамасыз ететін соттар жасауылдарына жүктеледі.
Сот төрағасы судья болып табылады және «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында көзделген өкілеттіктерді атқарумен катар соттың басшысы ретінде:
сотқа түсетін хат-хабарлар мен сот істерінің уақытылы есепке алынуын және ресімделуін қадағалайды;
судья еңбекке уақытша жарамсыздық не өзге де себептермен қызметте болмаған жағдайда оның өндірісіндегі істерді осы соттың басқа судьяларына автоматты түрде бөлуін ұйымдастырады;
3) сот кеңсесі мен мұрағатының жұмысына ішкі тексерулер жүргізуді ұйымдастырады және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде әсерлі шаралар қолданады;
4) судьялар, сот кеңсесі қызметкерлерінің, сондай-ақ еңбек қатынасында тұрған қызметкерлердің жұмысын ұтымды ұйымдастырады ;
облыстық сот кеңсесінің басшысына кеңсе қызметкерлерін көтермелеу, жазалау және материалдық көмек көрсету туралы ұсыным енгізеді;
сотта іскерлік, шығармашылық ахуалдың. орнығуына, соттың тұрақты ұжымын қалыптастыруға ықпал етеді, судьялардың және кеңсе қызметкерлерінің сын-ескертпелерін уақытында карайды және оларды қабылданған шаралар туралы хабардар етеді;
сот кеңсесінің бүкіл жұмыс уақыты ішінде азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары мен өзге де кұжаттарын қабылдауын және құжаттарды беруін қамтамасыз етеді;
8)заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Судьялар мен кеңсе қызметкерлерінің негізгі құқықтары мен міндеттері :
кәсіби даярлығы мен біліктілігіне сәйкес жұмыс істеуге;
қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай келетін еңбек ету жағдайына;
қайта кәсіби даярлықтан өтуге және біліктілігін арттыруға;
еңбегінің қорғалуына;
заңнамамен белгіленген мөлшерде еңбегіне ақы алуға, сондай-ақ қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны үшін көтермеленуге;
ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын және мерекелік демалыс күндерін, апта сайын берілетін демалыс күндерін алып демалуға;
заңнамамен көзделген жағдайда әлеуметтік сақтандыру жәрдемақысын алуға, жасы келгенде және өзге жағдайларда берілетін әлеуметтік қамсыздандырылуға;
заңнамаға сәйкес еңбекақысы сақталмайтын демалысты және оқу демалысын алуға;
қызметтік және еңбек міндеттерін орындау барысында денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянның өтелуіне;
басшылар ,өзге де лауазымды адамдар мен азаматтар тарапынан жеке басының қадір-қасиетін құрметтеуді, өзіне әділ әрі құрметпен қарауды талап етуге;
біліктілігі мен қабілеті, өзінің қызметтік міндеттерін адал орындауы ескеріле отырып, қызметі бойынша жоғарылауға;
сот төрағасы мен облыстық сот кеңсе басшысына жеке мәселелері бойынша тікелей өтініш білдіруге;
заңнамамен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
Судьялар мен сот кеңсе қызметкерлері:
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтык актілерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтауға, сот төрелігін жүзеге асыру жөніндегі функциялардың уақытында орындалуын қамтамасыз етуге;
3) жұмысқа қабылданған кезде құжаттарын ұсынуға, заңнамамен көзделген жеке басын сипаттайтын мәліметтерді хабарлауға, сондай-ақ сұралған мәліметтер бойынша барлық өзгерістер туралы, атап айтқанда, мекен-жайының өзгеруі, отбасылық жағдайы және т.б. туралы хабардар етуге;
4) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін кәсіптік деңгейі мен біліктілігін көтеруге;
еңбек тәртібін сақтауға - жұмысқа уақытылы келуге, бегіленген жұмыс уақытының ұзақтығын сақтауға,барлық жұмыс уақытын еңбек өнімділігі үшін пайдалануға;
өзіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;
сот істерін дәл тағайындалған уақытта қарауға;
сот отырыстарын судья мантиясын киіп өткізуге;
сот процесінің мәдениетін сақтауға;
қызметтік және кызметтен тыс қарым-қатынастарда заңнамамен белгіленген судья әдебінің нормаларын, мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі ережесін сақтауға;
соттың ұйымдастыру техникасы кұралдарын және өзге де мемлекеттік мүлікті ұкыпты ұстауға,жұмыс орнында тазалық сақтауға, материалдық құндылықтар мен кұжаттарды белгіленген тәртіпте сақтауға;
соттың тұтыну материалдары мен өзге де материалдық қорларын үнемдеп пайдалануға,қызмет бабына қатысы жоқ мәселелер бойынша қалааралық және жергілікті телефонмен сөйлеспеуге;
қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын асыра пайдаланбауға;
соттың кеңсе қызметкерлерінің кызметтік (еңбек) міндеттерін орындауға кедергі келтіретін іс-әрекеттерден тартынуға;
сотқа жүгінген азаматтарға құрметпен карап, сыпайы сөйлесуге, төзімділік танытуға;
16) мемлекеттік тілге және Қазақстан халқының өзге де тілдеріне, олардың әр алуан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне кұрметпен қарауға;
17)жинақы болуға, киім киюдің іскерлік стилін ұстануға;
18) судья еңбек демалысына, іссапарға кетер алдында (істі қарау мерзімі өтерден 5 күн бұрын) өндірісіндегі істерді қарап бітуге, ал өндірісіндегі қаралып бітпеген өзге істерді басқа судьяга беру жөнінде шешім қабылдауы үшін сот төрағасына беруге тиіс. Сондай-ақ судья мен кеңсе қызметкерлері өздерінің жұмыс кабинеттері мен материалдық кұндылықтарды қабылдау-өткізу актісі бойынша соттың кеңсе меңгерушісіне тапсыруға;
19) жұмыс орнында болмаған жағдайда ол жөнінде сот төрағасын және кеңсе меңгерушісін хабардар ету үшін шаралар қабылдауға;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды сақтауға, қызметтік міндеттерін атқару кезінде өзіне мәлім болған азаматтардың жеке өміріне қатысты мәліметтерді жария етпеуге;
еңбек корғау және техника қауіпсіздігі талаптарын, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары мен өндірістік тазалық талаптарын сақтауға;
азаматтардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша заңда белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қолдануға;
белгіленген жұмыс тәртібін бұзатын себептерді жою жөнінде шара колданып, болған жағдай туралы сот төрағасы мен соттың кеңсе меңгерушісіне хабарлауға;
осы Қағиданың талаптарын. сондай-ақ қызметтік құжаттармен жұмыс істеу тәртібін сақтауға міндетті.
Соттар мен кеңсе қызметкерлеріне арналған қатаң шектеулер:
тиісті рұқсат болмаса сот меншігіндегі мүлікті, құжаттарды, заттар мен материалдарды сот ғимаратынан алып шығуға;
сот ғимаратына жарылғыш, уландыратын және өрт қаупі бар заттарды, сондай-ақ сатуға арналған заттар мен тауарлар әкелуге;
жұмыс орнында қызметтік міндеттерін атқаруға қатысы жоқ жұмыстарды орындауға;
сот істерін сот ғимаратынан алып шығуға, істерді және олар бойынша ақпаратты бөтен адамдарға беруге;
өз беделіне, соттың, сот жүйесінің немесе сот қауымдастығының беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерді (әрекет немесе әрекетсіздік) жасауға;
сот ғимаратының ішінде мас және немесе нашақорлық күйінде жүруге;
шылым шегу үшін арнайы жабдықталмаған және сол үшін бөлінбеген орындарда шылым шегуге құқылы емес.
9) Еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Жұмыс уақыты және демалыс уақыты
10. Судьялар мен соттың кеңсе қызметкерлерінің жұмыс уақытын есепке алу табелі жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес екі демалыс күні бар (сенбі мен жексенбі), 40-сағаттық бес күндік жұмыс аптасы және жұмыс күнінің мынандай ұзақтығы белгіленген:
9.00-ден 18.30-ға дейін (8 сағат).
Жұмыс күнінің басталуы 9.00.
Түскі демалыс үзілісі 12.30-ден 14.00-ге дейін.
Жұмыс күнінің аяқталуы 18.30-да.
Төраға мен сот кеңсесінің қызметкерлері азаматтарды сот төрағасы бекіткен кестеге сәйкес жұмыс уақытында қабылдайды.
Соттың кеңсе қызметкерлері заңнамамен көзделген тәртіпте жағдайда белгіленген жұмыс күнінен тыс уақытта жұмысқа тартылуы мүмкін.
Облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының өкімімен түскі демалыс пен жұмыс күнінің аяқталу уақыты жазғы және қысқы уақытқа көшуге байланысты өзгертілуі мүмкін.
Судьялар мен сот кеңсесінің қызметкерлеріне жыл сайынғы еңбек демалысын беру кезегі соттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету және қызметкерлердің демалысы үшін қолайлы жағдай туғызу ескеріле отырып, қажет болған кезде сот төрағасымен келісіледі.
Судьяның немесе сот қызметкерінің тілегі бойынша кезекті еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін. Еңбек демалысының кестелері әр күнтізбелік жылға күнтізбелік жыл туардан бір ай бұрын жасалып, барлық судьялар мен сот кеңсе қызметкерлерінің назарына жеткізіледі. Судья немесе соттың кеңсе қьзметкері еңбек демалысының басталатын күні туралы оның басталуына екі апта қалғанда хабардар етілуге тиіс.
Судьялар мен кеңсе қызметкерлерін қызмет бабына тікелей қатысы жоқ тапсырмаларды орындауға және іс-шаралар жүргізуге тартуға, Заңмен белгіленген жағдайлардан басқа соттың өкілеттігін іске асыруға қатысы жоқ жиналыстарды, отырыстар мен кеңестерді өткізуге тыйым салынады.
Сот ғимаратына келушілерді өткізу рұқсатнамасы олардың жеке бастарын куәландыратын құжатын немесе оны ауыстыратын құжатын, сондай-ақ, соттардың рұқсатнама Бюросынан берілген арнайы рұқсатнамасы бойынша жүргізіледі. Сот ғимаратында рұқсатнама режимін ұйымдастыру мен жүзеге асыру сот приставтарына немесе күзет қызметіне жүктеледі. Істердің қаралуын ұйымдастыру кезінде сот приставтары сот төрағасына бағынады. Сот приставтары заңмен көзделген өзге де қызметтік міндеттерді атқарады. Сотқа келушілер жұмыс уақытында және жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп кіреді. Судьялар мен сот кеңсе кызметкерлері сот ғимаратына қызметтік куәліктерін көрсетіп кіреді. Өткізу посттарында құжаттар ашып көрсетілуі керек.
Сот аумағы мен ғимаратында тұрақты жұмыс істейтін техникалық қызметкерлерге соттың басшысы қол қойып, елтаңбалы мөрімен куәландырылған рұқсат қағазы (суреті бар) беріледі.Арнайы рұқсат қағаздары ағымдағы жылға ресімделеді, олардың есебі бөлек журналда жүргізіледі. Материалдық құндылықтарды кіргізу (тасып әкелу/ алып шығу) сот құрамдылық бөлімшесі басшысының қолы қйылған материалдық рұқсат қағазын (рұқсат құжаттарын) өткізу постарына сот приставы немесе күзет қызметінің қызметкерлері тексергеннен кейін жүзеге асырылады. Сот қызметкерлері жұмыс уақытында өздеріне арналған бейджді тағуға міндетті болып табылады.
Жұмыстан тыс уакытта, демалыс және мейрам күндері сот ғимаратына келген судьялар мен сот кеңсе қызметкерлерін құрылымдық бөлімшесі басшысының өтінім хаты бойынша, ал кезекшілік атқару жағдайында тиісті кестеге сәйкес жүргізіледі. Өтінім хат алдын ала күзет қызметімен келісіледі. Жұмыстан тыс, демалыс және мейрам күндері өзге адамдардың сот ғимаратына кіруіне тыйым салынады. Кезекші сот приставы немесе күзет қызметінің қызметкері сыпайы, әдепті болуға және өзінің функционалдық міндеттерін мұқият орындауға міндетті. Қызметтік және жеке автомашиналардың сот ғимаратына іргелес аумақта жүру, тоқтау және тұру тәртібі орнатылған жол белгілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
Сот талқыламасы процедурасына сотпен тартылған тұлғалар санындағы сотқа келушілер жалпы құқықтан басқа іс бойынша төрағалық етуші судьямен немесе аталған соттың аппарат қызметкерімен түсіндірілетін процессуалдық құқықтарды да иеленді. .Сотқа келушілер аталған соттың төрағасының өкімімен орнатылған қабылдау күні мен уақытында сот төрағасының қабылдауына, сот кеңсесіне сотқа талап арыздарын және басқа да құжаттарын өткізуге, сондай-ақ, осындай мәтіндегі құжаттар көшірмелерін алуға жұмыс уақыты кезінде келуге құқылы. Басқа елді мекендерден сотқа келген азаматтар жұмыс уақыты аралығында қабылданады. Сотқа келушілер сот құжаттары үлгілерінің стендтерін пайдалануға және аталған соттың өндірісіндегі әрбір сот істерінің қаралу күні мен уақыты туралы ақпарат алуға құқылы. .Сотқа келушілер егер сот мәжілісі жабық болмаса соттың әрбір істерінің қаралуы кезінде қадағалаушы ретінде өз тарапынан сот мәжілісінің залында болуға құқылы.
Сотқа келушілер сот бөлмесінде болған кезде:
1)соттар қызметінің тәртібі мен қоғамдық орындағы мінез-құлық нормаларының орнатылған тәртібін сақтауға; 2)судьяларға, соттар аппараттары қызметкерлеріне, сот жасауылдарына және басқа да сотқа келушілерге құрметтемеушілік танытуға жол бермеуге; 3)судьялардың, соттар аппараттары қызметкерлерінің және сот жасауылдарының заңды талаптары мен окімдерін орындауға; 4)судьялармен, соттар аппараттары қызметкерлерімен және сот жасауылдарымен қызметтік міндеттерінің тиісті орындалуына кедергі келтірмеуге: 5)сот төрағасының және сот кеңсесінің қабылдауында кезектілікті сақтауға; 6)сот процесіне қатысушы, куә, маман, сарапшы және т.б. ретінде шақырылуы бойынша сотқа келгендігі туралы сот мәжілісінің хатшысына хабар беруге; 7)сот мәжілісі залына шақырылғанға дейін сот жасауылымен немесе сот мәжілісінің хатшысымен ұсынылған орында немесе осы орында бөлінген жерде болуға; 8)соттың мүліктеріне ұқыпты қарауға, соттар ғимаратындағы(бөлмелеріндегі) тазалықты, тыныштықты және тәртіпті сақтауға; 9)сот жасауылының талабы бойынша тексеруге қол жүгін ұсынуға; 10)соттың мәжіліс залында болуға, ұялы байланыс құралдарын өшіруге; 11)сырты киімдері мен ірі көлемдегі заттарын гардеробқа өткізуге міндетті.
Сотқа келушілерге соттың ғимаратында(бөлмесінде) болған кездерінде 1.судьяның немесе сот қызметкерінің рұқсаттарынсыз қызмет бөлмелерінде немесе сот мәжілісінің залдарында болуларына; 2.айдауылдағы тұлғаларды ұстауға арналған бөлменің маңында болуға; 3.таныстырылуға арналған құжаттарды соттар ғимараттарынан(бөлмелерінен) шығаруға; 4.сот құжаттарының үлгілерін стендтен алуға, сондай-ақ, оған жеке сипаттағы хабарлама енгізуге; 5)соттар ғимараттарында(бөлмелерінде) қоршағандардың денсаулықтарына қауіп төндіретін ішімдік ішкен, есірткі және уытты заттардың елітуі жағдайында болуға; 6)соттар ғимараттарына(бөлмелеріне) атыс және суық қаруларды, шаншымалы және жарылғыш заттарды, спирт ішімдіктерін әкелуге; 7)судьялармен және сот қызметкерлерімен процессуалдық емес қатынасқа түсуге; 8).шылым шегуге арнайы бөлінбеген орындарда шылым шегуге тыйым салынады.
Қоғамдық тәртіпті және сот ғимаратына келу тәртібін қасақана бұзу жағдайында кінәлі тұлғалар, олардың осындай әрекеттеріне негіздер болған кезде олар заңмен орнатылған тәртіп бойынша әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Соттың мүліктерін қасақана жою немесе бүлдіру жағдайында кінәлілерге әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықтармен қатар заңнамаға сай келтірілген зиянды өтеу міндеті жүктеледі.
Істі қарауға қатысатын адамдарды сотқа кіргізу тәртібі:
-1сті қарауға қатысушы адамдар сот ғимаратына кірген кезде міндетті түрде жеке бас куәлігімен немесе жеке басын растайтын куәландыратын басқа құжатпен бірге сотқа шақыру қағазын немесе хабарламаны көрсетуі тиіс;
-Сот отырысы басталғанға дейін шақырылағн адамдар соттың фойесінде болады немесе отырыс залына приставпен бірге судьяның немес сот отырысы хатшысының шақыруымен ғана кіреді;
-Сот приставтары алқа отырысына шақырылған адамдарды отырыс залына дейін және кері шығарып салады, олар сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
-Пристав сот процесіне қатысушы прокурорларды, адвокаттарды, қызметтік куәліктері бойынша істермен жұмыс істеу үшін арнайы бөлмеге ертіп кіреді.
Істі қарауға қатыспайтын адамдарды сотқа кіргізу тәртібі:
-Жеке қабылдауға келген адамдарды сотқа қабылдау болатын күні, белгіленген жұмыс уақытында кіреді. Азаматтарды қабылдау оған жауапты сот маманының қатысуымен жүргізіледі.Сот төрағасының кабинетіне кіруге тек оның келісімімен ғана рұқсат беріледі. Бұл ретте азаматтар соттың фойесінде күтіп отырады;
-Істі қарауға қатыспайтын адамдарды және олардың туыстарын(таныстарын) судьялар мен сот қызметкерлерінің қызметтік бөлмелерге кіргізуге тыйым салынады.
Лауазымды тұлғалардың кіргізу тәртібі:
-Облыстық басқармалар мен Департаменттердің лауазымды тұлғалары (басшылықтан басқа) сот төрағасына сотқа келу мақсаты жөнінде хабарлап, тек қызметтік мәселелер мен істер бойынша ғана қызметтік куәлігін көрсеткен соң приставтың ертуімен кіреді.
- Сот процестері мен алқа отырыстарын жарялау үшін келген БАҚ өкілдері, журналисттер, корреспонденттер сот ғимаратына приставтың ертуімен сот төрағасына сотқа келу мақсаты жөнінде хабарлап, қызметтік куәлігін көрсеткен соң кіреді.
Төтенше жағдайлар болған жағдайда немесе жедел медициналық көмек көрсету қажеттігі туындаған кезде:
- өрт сөндіру, апаттық қызмет құрамы және есептері;
- дәрігерлер мен медициналық «Жедел жәрдем» құрамы өрт есебінің нөмірі мен медициналық топтың нөмірін тіркеп, жауапты адамның ертіп жүруі арқылы кедергісіз кіруге құқылы.
