- •1 Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы
- •1.1 Қазақстандағы сот билігі: түсінігі, белгілері және функциялары
- •1.2 Қазақстан Республикасындағы Сот билігінің жүйесі
- •1.3 Жалпы юрисдикциялық соттар
- •Қазақстан Республикасының Мамандандырылған Әкімшілік соты
- •2.1 Кіріс-шығыс хат-хабарлары мен құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту тәртібі
- •2.2 Тараз қаласының Мамандандырылған Әкімшілік сотының ішкі жұмыс тәртібі.
- •2.3 Мамандандырылған Әкімшілік сотының мұрағаты.
- •2.4 Мамандандырылған Әкімшілік соттардың қызметін жетілдіру жолдары.
2.4 Мамандандырылған Әкімшілік соттардың қызметін жетілдіру жолдары.
Тәуелсіздіктің 20 жылында елімізде дербес сот билігі құрылды. Соттарды мамандандыру шаралары қабылданды. Атап айтқанда, қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанның тарихында мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық және қаржы соттары ашылып, сот әділдігін өз дәрежесінде жүзеге асыруда. Соттарды мамандандыру – реформаның ең тиімді тұсы екенін байқатты. Сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту, республикада соттық-құқықтық реформаның қарқынын тездету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі № 1437 «Қазақстан Республикасының кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарды қайта ұйымдастыру және қысқартуды оңайлатудың құрылуы туралы» Жарлығына сәйкес мамандандырылған әкімшілік соттар құрылды.
Қазақстан Республикасында сот реформасының бір бағыты бұл- сот жүйесін мамандандыру болып табылады. Мамандандырылған әкімшілік соттар бір жағынан азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақталуын, мемлекетпен азамат арасындағы мәселелердің заңды шешілуіне жауапты орган болса, екінші жағынан мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдерінің заңды болуын қадағалаушы орган қызметін жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне басымдылық берілген. Сондықтан осынау құндылықтарды қорғаудың мәселелеріне жаңаша тұрғыда қарау керек. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен арақатынасының сан салалығы мен күрделілігі тіпті, кейде құқықтық дауларға дейін соқтырады. Қоғамның демократиялық бастаударының негізгі жақтың құқығы мен бостандығын бұзған жағдайда оған шағым келтіріп, ол шешімді бұзұстанымдарына жүгінер болсақ бір тараптың өз билігін пайдаланып, шешім қабылауы екіншуды талап ету құқығымен сай келуі тиіс.
Мемлекеттік басқару аясындағы сот бақылауының мүмкіндіктері азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттік органдардың арасындағы қайшылықтар мен даулардың болмай қоймайтындығын көрсетіп отыр.
Мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық қатынастардың бір ерекшелігі – олар о бастан – ақ тараптардың теңсіздігіне негізделген. Бір тарап екінші жаққа қарағанда басым билік өкілеттіліктеріне ие болып, амалсыз билік тегеурініне бағынуына тура келеді. Билік органдары қабылдағын шешімдер мен әрекеттер адам факторы қатысатын кез келген басқа да процестер сияқты әрдайым дұрыс болып шыға бермейді. Түрліше ағаттықтары, қателіктері, ақаулары болуы мүмкін. Оның себептері де әрқилы: шешім қабылдайтын тұлғаның лайықты құзіреттілігінің болмауы, өкілеттілігін асыра пайдалануы, бұрмалаушылық, сыбайлас жемқорлық және басқалары.
Соңғы жылдары ғылыми орталарда, мемлекеттік органдарда, халықаралық ұйымдарда сот органдары жүйесінің әкімшілік әділет институтын дамытудың қажеттілігі жөніндегі мәселе бірнеше сан мәрте көтеріліп, талқыға салынды. Тіпті көптеген оқымыстылар мен істе сыналған тұлғалар көпшілік – құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың азаматтық іс жүргізу заңнамаларымен реттелуіне мүлдем қарсы. Ол түрліше себептермен түсіндіріледі. Соның ішінде маңыздыларының бірі – тараптардың теңсіздігі мәселесі.
Өз құқығын қорғаушы азаматқа зор материальдық, қаржылай, ақпараттық әлеуеттері бар мемлекеттік орган қарсы тұрады. Сөйтіп, тараптар әу бастан даулы құқықтық қатынастарда тең болмайды да, оларға талап өндірісінің жалпы қағидалары, тарпатардың жарыспалылығына қатысты ережелер дұрыс қолданылмайды. Мысалы, шағымданылған әрекеттер мен актілердің заңдылығын нақ сол мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өздері дербес дәлелдеуге тиісті. Демек, дәлелдеу жауапкершілігі мемлекеттің өз органдарының құзіретіне жатқызылады.
Мемлекеттік органдардың әрекеттеріне шағымдану институты осындай құқықтар мен мүдделерді қорғаудың маңызды құралы болып табылады.
Қазіргі күні Қазақстанда еуропалық стандартқа сәйкес келетін әкімшілік әділет құрылмаған. Әкімшілік әділет сот билігінің мамандандырылған тармағы ретінде тек экономиканың ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік саланың дамуына да үлкен әсер етеді. Ол қоғамның жекелеген мүшелерінің сот бақылауында олардың мүдделерін қозғайтын болғандықтан, сот құқықтық қатынастар саласында жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен бостандықтары мен құқықтарын қорғауға атсалысады.
Жалпы, нақты конституциялық құқық деп сипаттама беруге болатын әкімшілік құқық, ол елдің ахуалын жақсартуда өте маңызды рөл атқарады. Әкімшілік құқық нендей де бір экономикалық іс-әрекеттерді шешуді қажет ететін немесе міндетті тіркеуге жататын және талап етілетін шешімдерді қандай жағдайларда алуға болатынын реттейді. Ал мұндай шешімдер олардың айрықша маңыздылығына байланысты әділеттің тәуелсіздігін қамтамасыз етілуін қажет етеді.
Әкімшілік-процестік кодекс әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды ғана емес, атқарушы билік органы, жергілікті өзін-өзі басқару органы, олардың лауазымды тұлғасы немесе қызметтік тұлғасы, басқа да субъект болып табылатын дауларды құқықтық реттеуге қауқарлы болуы тиіс. Сондай-ақ, бұзылған құқықтарды қалпына келтіріп, қоғамдағы құқықтық жанжалдарды реттеуге бағытталуы керек. Әкімшілік құқық доктринасы мәселесінің шешілмеуі Әкімшілік іс жүргізу кодексінің мәні мен жариялы-құқықтық сипаттағы даулар бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда кедергі туғызатыны анық. Сондықтан, құқықтық сипат алған мемлекетімізде әкімшілік әділетті орнықтырудың, дамытудың маңызы зор. Әкімшілік әділет әрбір тұлғаның кез келген бұзылған құқығын қалпына келтіріп, астамшылық әрекетке тосқауыл болады. Мәселен, Еуропа елдерінде әкімшілік құқықтың заңнамалық тұрғыда реттеліп, регламенттелуі елдегі экономиканың қарқынды дамуына ықпалын тигізген. Мемлекеттік органдар, жеке ұйымдар мен жеке тұлғалардың арасындағы дау-дамай, кез келген жанжал әкімшілік әділет жүйесінде шешімін тауып, мемлекеттің құқықтық нығаюына мүмкіндік береді. Тұжырымдамасы әкімшілік әділет екі негізгі маңызы бар. Кеңінен сезімі, сот төрелігін қарапайым соттардың қызмет ретінде түсініледі, және арнайы әкімшілік соттар және (ұжымдық) квази әкімшілік дауларды шешу үшін билік органдары, жеке және бұзушылықтардан шағымдану байланысты туындайтын олардың құқықтарын бұзатын атқарушы билік шешімдері, бостандықтары мен заңды қызығушылықтар. Сөздің тар (меншікті) мағынасында Әкімшілік әділет - бұл белгілі бір қоныстануға арнайы әкімшілік соттардың қызметі Жеке тұлғалар мен жұртшылық арасындағы дауларды тәртібі жіп әкімшілік актілердің немесе шешімдерінің заңдылығы туралы әкімшілігі.
Әкімшілік әділетті енгізген елдерде инвестицияның артуы байқалған. Бұл көрсеткіш – инвестицияларды қорғаудың айғағы ретінде бағаланған. Инвестицияны арттыру ел экономикасының дамуына ықпал етіп, мемлекеттің әлеуметтік жағдайының жақсаруына жол ашады. Мемлекет басшысының стратегиялық әріптестік пен экономикалық интеграцияның ұзақ мерзімді жүйесін қалыптастыру саясаты да осы бағытқа құрылған. Экономикалық интеграция елді нығайтуға, индустриялық саясатты жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер береді. Мемлекеттің қалыпты дамуы үшін елде саяси тұрақтылық орын алуы қажет. Саяси тұрақтылық пен қауіпсіздік болған жерде ғана халықаралық ынтымақтастық, инвестициялық өрлеу, экономикалық қарым-қатынас орнайды. Ал, ол үшін әкімшілік әділет жүйесінің құқықтық тетіктерін реттеп, жетілдіруіміз қажет. Әкімшілік әділеттің барлық жүйесіне, бір жағынан азаматтар мен заңды тұлғалар және екінші жағынан әкімшілік органдар мен лауазымды тұлғалар арасындағы әкімшілік басқару саласындағы дауларды қарастыру тән. Кейбір жағдайларда әкімшілік-құқықтық дауларды шешу функциясын, әкімшілік даулардан басқасын да шеше алатын, әкімшіліктен тәуелсіз жалпы соттар атқарады. Келесі бір жағдайларда юрисдикциялық функциялар, жалпы соттар жүйесінен және әкімшілік органдардан тыс құрылатын арнайы әкімшілік соттарына жүктеледі. Қазақстан Республикасында осы екінші үлгі әкімшілік реформалар шеңберінде іске асырылған. Алайда, әкімшілік соттар жүйесін қалыптастырудың толық аяқталмауына және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу шеңберінен тыс әкімшілік құқықтың іс жүргізу нормаларының кодификацияланған құқық көздерінің болмауына байланысты, берілген жүйенің тиімділігі туралы сөз қозғау ерте болып отыр.
Шетелдік инвесторлар мен отандық кәсіпкерлерге мемлекеттік орган шешімдерінің заңдылығын тексеру үшін нақтылы сот құқықтық бақылау қажет. Осы негіздердің сақталуын тәуелсіз әкімшілік соттар қамтамасыз ететін болады. Әкімшілік сот ісін жүргізуді жолға қою сот төрелігі органдарының Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында беделінің артуына жол ашады және халықтың оларға деген сенімін арттырады. Осының нәтижесінде азаматтық қоғамның көз алдында басқару қызметінің заңдылығы арта түседі. Әкімшілік құқықтың көмегімен азаматтар мен ұйымдардың мемлекет кепілдік берген құқығы іске асырылып, халықтың әлеуметтік құқықтарын қорғау және іске асыру тиімді реттелетін болады.
Әкімшілік соттар ең алдымен экономикалық еркіндікке кепілдік береді. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді инвестициялық кірістердің келуін қамтамасыз етеді. Экономикалық кепілдік берілмеген, мемлекеттің экономикалық саясаты реттелмеген жүйесі бар елге шетелдік инвесторлардыңкелуі сирек. Оларға нақты құқықтық негіздердің болуы және керек жағдайда оларға сүйене алуы негізгі фактор болып отырады. Инвесторлардың сәйкес соттарға сенім білдіруі керек. Дау , мәселе туындаған жағдайда, әділ шешім шығаратын, яғни, мемлекетте қабылданған заңдар шеңберінде жұмыс атқаратын сот жүйесінің болуы. Егер, елде мұндай кепілдемелер болмаса инвесторлар мұндай тәуекелге бармайды, инвестиция көлемін ұлғайтпайды. Заң шеңберінде шешім шығаратын соттар бұл-мемлекеттің халықаралық бәсекеге қабілеттік деңгейін көтереді. Мемлекет ішінде мұндай кепілдемелердің болмауы мемлекетке тек сырттан келетін экономикалық кіріс көздерін, инвестиция тартудан бөлек, мемлекет ішіндегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан да әкімшілік соттар хылықаралық қарымқатынаста құқықтық мемлекеттің белгісі ретінде қарастырылады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі, соның ішінде сот жүйесі халықаралық талаптарға сай дамымай, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларында жетістікке жетуге қиынға соғады.
Тәуелсіздіктің 20 жылында елімізде дербес сот билігі құрылды. Соттарды мамандандыру шаралары қабылданды. Атап айтқанда, қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанның тарихында мамандандырылған экономикалық, әкімшілік, қылмыстық, ювеналдық және қаржы соттары ашылып, сот әділдігін өз дәрежесінде жүзеге асыруда. Соттарды мамандандыру – реформаның ең тиімді тұсы екенін байқатты. Қазақстан Республикасында сот реформасының бір бағыты бұл- сот жүйесін мамандандыру болып табылады. Мамандандырылған әкімшілік соттар бір жағынан азаматтардың құқықтары мен мүдделерін сақталуын, мемлекетпен азамат арасындағы мәселелердің заңды шешілуіне жауапты орган болса, екінші жағынан мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдерінің заңды болуын қадағалаушы орган қызметін жүзеге асырады.
Соттың жүйесінің жаңа институтына қоғамның әр алуан әлеуметтік салаларындағы қылмыстық көріністерді төмендету, аудандық соттарға түсетін салмақты жеңілдету, әкімшілік істер бойынша әділ сот жүргізу сапасын, қол жеткізілілімдігін және жеделдігін жақсарту міндеттері жүктеледі. Қазақстан Республикасында Мамандандырылған Әкімшілік соттардың құрылуы заңды процесс болды. Қазіргі заңнамамен тәжерибеге сүйенетін болсақ әкімшілік іс-жүргізу саласы жыл сайын күрделеніп, істер саны артуда. Бірақ іс-жүргізу саласы әлі күнге дейін көптеген мәселелерді шеше алмай отыр. 2001 жылы ҚР-ның Президентінің бұйрығымен бастау алған жүйе сол кезеңдегі негізгі соттарға түсетін ауыртпашылықтарды шешуге бағытталған еді. Мамандандырылған соттар сол мәселенің шешімі болды. Құқықтық жүйе негізі «ҚР-ның Сот жүйесі мен судьялар мәртебесі» туралы ҚР-ның Конституциялық заңы болып табылды. Бұл заңнамада ҚР-ның аумағында мамандандырылған соттар құру мүмкіншілігі жазылған. Қаңнамалардың қабылдануы, тәжерибелік процестердің оң нәтиже беруі, ҚР-ның облыс орталықтарында мамандандырылған әкімшілік соттардың құрылуы-бұл саланың сот жүйесінің бір бөлшегіне айналғынын көрсетті. Жалпы юрисдикциялық соттарға түсетін жүктемені азайтуға септігін тигізді. Қазіргі қоғамда әкімшілік-құқықтық ықпал ету саласының конфигурациясы демократиялық құндылықтардың бекітілуінен және жариялы басқарудың ізгілендірілуінен бастап нарықтық экономикаға көшуге қарай біртіндеп өзгерді. Мемлекеттің негізгі заңдарында жария етілген адамның және азаматтың құқықтары мен міндеттерін сақтауды ескере отырып, мемлекеттің қоғамдық тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін қажет салаларға қатысуын үдету және әкімшілік құқық институттарын жетілдіру процесі жүріп жатыр. Мамандандырылған Әкімшілік соттардың сот жүйесіндегі рөлі өсіп келеді. Істер көлемі жыл сайын орташа 15-20 % артып отырады. Бұл қарқын сот саласына деген қажеттіліктің қандай деңгейде екенін көрсетеді. Мамандандырылған Әкімшілік сот-бұл мемлекет пен азамат арасындағы дауларды шеше алатын құрылым. Ал мемлекетпен, мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлғамен соттасуға деген мүмкіншілік сот жүйесінің ашықтығын, әділеттілігін білдіреді. Осылайша, ҚР-ның сот жүйесі дамып, өсіп келеді. Өз кезегінде, судьялар, әділеттілікпен, ашықтықпен, қабылданған шешімдерінің заңдылығымен халықтың сенімін ақтауы тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан Республикасының Конституциясы-Конституция Республики Казахстан. Алматы: «Қазақстан», 1998, 96-б.
Нарикбаев. М.С. Казахстан: Судебно-правовая реформа и дальнейшие пути ее совершенствования // Жинақта: Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения. Астана, 1998, 7-бет
Сапаргалиев М. Организация Советского суда в Казахстане, Алма-Ата, 1954 г
Тимофеев В. Судебная система суда РФ. 1994 г
Нәрікбаев М. Ұлы билерден Жоғарғы Сотқа дейін. Алматы, 1999 ж
Шаламов М. Судебное устройство Казахстана. Москва, 1941 г.
Халиков К.Х. Проблемы судебной власти в РК. Алматы, 1998 г. С. 3-4.
Сулейменова Г.Ж. Суд и судеьная власт в РК. – Алматы, 1994. – 236 бет.
Комментарий к Федеральному конституционному закону « О судебной системе РФ»/ В.И. Радченконың редакциялығымен,-М., 1998.-6-бет.
Баглай М.В. Конституционное право Российской федерации. – М., 1998.-612-613 бет.
Козлов Е.И., Кутафин О.Е. Конституционное право Росии. М. 1995. С.33
Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда,2001
Савицкий В.М. Организация судебной власти в РФ. – М., 1997. – 20-бет
Мами К.А. Становление и развитие судебной власти в РК. – Астана: Елорда, 2001.
Судоустройство и правоохранительные органы в РФ/ В.И.Швецовтың жалпы редакциялығымен, - М., 1997.- 27-33беттер.
Кальсин И. Свобода слова и правосудие. Жинақта: Журналист у судебного барьера. – Алматы, 2001. – 28-бет.
Гунель М. Введение в публичное право. М. 1995. С70.
Теория государства и права. Под. ред. проф. В.Г. Стрекозова. М.: ИПП «Отечество». 1993.
Судоустройство: Сборник нормативных документов. Сост. А.П. Рыжаков, А.И. Сергеев. – М.: «Белые альвы». 1995. С.23.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамыту тұжырымдамасы(жоба). Юридическая газета. – 2001.- 8 тамыз.
Халиков К.Х. Некоторые вопросы борьбы с преступностью в Казахской ССР. Развитие демократических начал в организации и деятельности суда. Алма-Ата. 1987.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік іс жүргізу кодексі. 20.07.2009
Токвил А. Де. Демократия в Америке. – М.Прогресс, 1992. – С.120.
Қосымша материалдар
Жамбыл облысының соттары
ТӨРАҒА
Кассациялық
сот алқасы
Апелляциялық сот алқасы
Аудындық соттар
Мамандандырылған соттар
№1 қалалық соты
№2 қалалық соты
Байзақ аудандық соты
Мамандандырылған әкімшілік соты
Қалалық соттар
Жамбыл аудандық соты
Жуалы аудандық соты
Қордай аудандық соты
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
Меркі аудандық соты
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық соты
Мойынқұм аудандық соты
Сарысу аудандық соты
Талас аудандық соты
Т.Рысқұлов аудандық соты
Шу аудандық соты
Жамбыл облысы сот кеңсесі
