- •Реферат
- •Күн энергиясы
- •Геотермалды энергия көздері
- •Биомасса энергиясы
- •1 М3 биогаздың құрамындағы 50-80% метан және 20-50% көмір қышқыл газы бар жылу беретін өнімділігінің шамасы 10-24 мДж, бұл 0,7-0,8 кг шартты отынға тең.
- •Кіші гидроэнергетика
- •1.5 Теңіз және мұхит толқындарының энергиясы
- •1.6 Жел энергиясы
- •Кесте 2 - Қазақстан аумағындағы жел энергиясының ресурсы [19].
- •2030 Жылға қарай бұл көрсеткіштер сәйкесінше жылына 2000 мВт және 5 млрд. КВт сағатқа жетуі мүмкін (Қазақстан Республикасы электр энергиясы өндірісінің жылдық көлемінің 2,7%).
- •Қазақстандағы жел энергиясының әлеуеті
- •Кесте 5 - Әлемдік энергетикалық қордың жалпы сипаттамасы [8].
- •3.2 Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
- •3.3 Атомдық энергетиканы дамыту
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кесте 5 - Әлемдік энергетикалық қордың жалпы сипаттамасы [8].
Энергия көздері |
Энергияның мөлшері 10*кВт |
|
Жаңғыртылмайтын энергия көздері |
||
1 |
Органикалық отын көздерінің энергиясы |
64 |
2 |
Атом энергиясы |
547000 |
Жаңғыртылатын энергия көздері (жылдық энергиясы) |
||
1 |
Күн энергиясы |
800 |
2 |
Жел энергиясы |
17360 |
3 |
Мұхит және теңіздің толқын энергиясы |
|
4 |
Мұхит суларының құйылу және қайту энергиясы |
70000 |
5 |
Гидроэнергия |
518 |
Халықаралық қауымдастық көмірді, мұнайды және газды жаққанда СО2 шығарындылардың артуымен климат өзгерісінің жағымсыз экологиялық салдарының байланыстылығын мойындап отыр. Жылу және электр энергиясын алу және көлік құралдарының жұмысын қамтамасыз ету барысында көмірді, мұнайды және бензинді жаққанда шығатын көміртектің қос тотығы (СО2) біздің планетамыздың Күнмен жылынған беткі қабатының жылуын жұтады да, былайша аталатын жылулық эффект түзеді, ол өз кезегінде жаhандық жылынуға әкеліп соғуда.
Энергетикалық қауымдастықтың болжамдық мәліметтеріне сәйкес жылулық газдар шығарындыларының деңгейі ұдайы артып отыр.
Халықаралық энергетикалық агенттіктің деректері бойынша Қазақстан ЖШӨ қатысты жылулық газдар шығарындыларының үлесі бойынша әлемде үшінші орын алады. Тек қана көмірлі энергетикамен қоршаған ортаның ластануынан келетін экономикалық шығынның шамалап алғандағы бағасы Қазақстанда жылына 3,4 млрд. $ құрайды [34].
Сонымен, баламалы энергетиканы пайдалануды және энергиямен жабдықтауды орталықтандыруды елемеушілік энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануға, энергиямен жабдықтаудың үнемділігі мен сенімділігінің төмендеуіне әкеп соғады, сондай-ақ экологияға айтарлықтай зиян келтіреді.
Қазіргі кездегі экологиялық мәселелер кешенінде энергетика жетекші орындардың бірін алып отыр. Энергияның жаңғыртылатын көздерін практикалық пайдалануға қарқынды жұмылдыруға байланысты экологиялық аспектіге және олардың қоршаған ортаға әсеріне ерекше назар аударылып отыр.
Энергия алудың дәстүрлі түрлерін техникалық-экономикалық салыстыру келтірілетін барлық әдістемелерде, осы факторлар мүлдем ескерілмеген немесе жай белгіленіп, сандық тұрғыдан бағаланбаған.
Сөйтіп, энергияның жаңғыртылатын көздерінің әр түрлерін пайдаланудың экологиялық салдарын экономикалық бағалаудың ғылыми негізделген әдістерін жасау және дәстүрлі қондырғылармен салыстырғанда, қоршаған ортаға әсері өзгеше болатын факторларды сандық тұрғыдан ескеретін, энергияны түрлендіретін жаңа әдістерін жасау міндеті өзекті болып табылады.
Жаңғыртылатын энергия көздерінің түрлі табиғи ортаға және нысаналарға экологиялық әсер етуінің негізгі факторларын қарастырайық.
Күн энергетикасын дамытудың экологилық салдары
Күн электр стансасын (КЭС) салу біраз аумақты қажет етеді. КЭС үлесті жер сыйымдылығы 0,001-ден 0,006 га/кВт дейін барынша ықтималды, 0,003-0,004 га/кВт. мәндерімен өзгереді. Сондай-ақ, күн станцияларында материал (металл, шыны, бетон және т.б.) және жер сыйымдылықтың келтірілген мәндерінде шикізатты алу мен өңдеу кезеңдеріндегі топырақты алу ескерілмейді. Күн тоғандары бар КЭС құру кезінде үлесті жер сыйымдылығы артады және жер асты суларының тұздықпен ластану қаупі ұлғаяды.
Күн шоғырландырғыштарының өрісі бойынша үлкен жердің көлеңкеленуін тудырады, бұл топырақ жағдайының, өсімдік қабаттарының қуатты өзгерістеріне әкеп соғады.
Кремний, кадмий және арсенидогелилі фотоэлектрлік элементтерді дайындау кезінде өндірістік бөлмежайлардың ауасында адамның денсаулығына зиянды кремний шаңы кадмий және арсенилі қосылыстар пайда болады.
Жоғары толқындық сәулелену есебінен космостық күн стансалары климатқа әсер етіп, теле және радиобайланысқа бөгеуілдер тудырып, соның әсерінде қалған тірі ағзаларға зиянды әсер етуі мүмкін. Осыған орай, энергияны жерге беру үшін толқындардың экологиялық таза диапазонын пайдалану қажет [27].
Жел энергетикасының табиғи ортаға әсері. Қуатты өнеркәсіптік жел электр стансалары (ЖЭС) жел бағытына және ауданның жергілікті рельефіне қарай 5-тен 15 МВт/ш. км есебінен алғандағы алаң қажет болады.
Қуаттылығы 1000 МВт ЖЭС үшін 70-тен 200 ш.км. алаң қажет. Өнеркәсіптік аумақтарда мұндай алаңдарды бөлу үлкен қиындықтар тудыруына байланысты бұл жерлерді жартылай шаруашылық қажеттіліктерге пайдалануға да болады. Жел бағы алып жатқан аумақты басқа мақсатта пайдалану шу эффектілеріне және ЖЭС сынған кездегі тәуекел дәрежесіне байланысты. Үлкен жел электрлік қондырғыларының (ЖЭҚ) қалақтары үзілген кезде 400-800 метрге дейін ұшып кетуі мүмкін [21].
ЖЭС-тің қоршаған ортаға әсерінің маңызды факторы – бұл акустикалық әсер. Шетелдік тәжірибеде жел дөңгелектері бар, конструкциясымен, материалдарымен, жерден биіктігіне қарай және түрлі табиғи жағдайларға арналған (желдің жылдамдығы мен бағыты, төселетін қабаты және т.б.) ерекшеленетін түрлі жаңғыртылатын энергия құралдарына арналған шу деңгейінің табиғи өзгерісі мен жиілігі жеткілікті түрде зерттелген.
Жаңғыртылатын энергия көздеріне келетін шу эффектілерінің тегі әртүрлі және механикалық (редукторлардан, подшипниктер мен генераторлардан келетін шу) және аэродинамикалық әсерге бөлінеді. Соңғысы төмен жиілікті (16-20 Гц төмен) және жоғары жиілікті болады (20Гц-тен бірнеше кГц дейін).
ЖЭС-ті елді-мекендерден және демалыс орындарынан қашықта орналастыру адамдар үшін шу эффектісінің мәселесін шешеді. Алайда, шу құстар мен жануарларға да (фаунаға), соның ішінде экваториалды ЖЭС аймақтардағы теңіз фаунасына да әсер етуі мүмкін. Құстардың жел турбиналарымен жарақаттану ықтималдығы, егер миграция жолы жел бағыты арқылы өтетін болса 10% деп бағаланады. Жел парктерін орналастыру құстардың және балықтардың миграция жолына әсер етеді.
Табиғи ауа ағындарындағы ЖЭС- тің қалқалаушы (экрандаушы) әсері шағын болады және оны назарға алмаса да болады. Бұл ЖЭҚ орын ауыстыратын ауа массасының аздаған жерге жақын қабатты (шамамен, 100-150 м) және солардың кинетикалық энергиясын 50% пайдаланатынымен түсіндіріледі. Алайда, қуатты ЖЭС қоршаған ортаға әсер етуі мүмкін: мысалы, жел паркінің орналасқан ауданында ауаның желдетілуін азайтады.
Қалқалаушы (экрандаушы) әсері. Бұл жерде күн сәулесінің шашырауын мысал етіп келтіруге болады. Жерге түсетін күн сәулесі шашырауының толық ағыны 1,2·1017 Вт-қа тең, яғни Жердегі 7 млрд адамның әрбіреуіне шамамен 20 МВт келеді. Жердегі күн сәулесі шашырауының максималды ағынының тығыздығы 1 кВт/м2-қа жетеді [30].
Геотермалды энергетиканың ықтималды экологиялық көріністері
Геотермалды электрстансалары қоршаған ортаға тигізер негізгі әсерді кен орындарын барлау кезінде, бу өткізгіштерінің құрылысы мен станса ғимараттарын салу кезінде байқауға болады, бірақ ол әдетте кен орны ауданымен шектеледі.
Табиғи бу немесе газ 300-ден 2700 метрге дейінгі тереңдікте ұңғыма бұрғылау арқылы шығарылады. Өзіндік қысымның әсерінен бу жоғары қабатқа көтеріледі, сол жерде жылу оқшаулағыш құбырларға жиналып, турбиналарға беріледі.
Геотермалды өңдеудің әлеуеті зардаптары топырақтың отыруы және сейсмикалық әсерлер болып табылады. Топырақтың отыруы барлық жерде байқалады: төменгі қабаттар топырақтың жоғарғы қабатын көтере алмайтын және термалды қайнарлар мен гейзерлер дебитінің азаюымен, тіпті толықтай жойылуымен көрінеді.
Жоғары сейсмикалық белсенділік геотермалды кен орындарының жақын екендігінің белгісі болып табылады және бұл белгі ресурстарды іздестіру кезінде пайдаланылады. Алайда, жанартаулардың әсерінен туындаған термалды құбылыстар аймағындағы жер сілкінісінің қарқындылығы әдетте жердің опырылуы бойындағы жер қабатының ірі қозғалысынан туындаған сілкінісінің қарқындылығынан әлдеқайда төмен. Сондықтан геотермалды ресурстарды іздестіру-өңдеу жұмыстары сейсмикалық белсенділікті арттырады деуге еш негіз жоқ.
Геотермалды үңгімеден шығарылатын бу негізінен су буы болып табылады. Газ қоспалары 80% көміртектің қос тотығынан тұратын метанның, сутектің, азоттың, аммиак пен күкіртті сутектің аздаған үлесін қамтыған. Ең зияндысы күкіртті сутек (0,0225%) болып табылады. Геотермалды суларда әртүрлі газдардың еріген түрінде кездеседі.
ГеоЖЭС жағымсыз құбылыстарының бірі – үңгіме бұрғылау кезіндегі жоғары концентрациялы ерітінділердің шығарындысы кезіндегі жер үсті және жер асты суларының ластануы. Өңделген термалды суларды төгу ылғалды климат жағдайында жекелеген учаскелердің саздануына, ал құрғақ аудандарда тұздануына әкеп соғады. Құбырлардың жарылысы да өте қауіпті, соның нәтижесінде жерге тұзды ерітінділердің көп мөлшері түсуі мүмкін [5].
Биоэнергетиканы пайдаланудың экологиялық сипаттамасы
Биоэнергетикалық станциялар дәстүрлі электр стансаларымен салыстырғанда барынша экологиялық қауіпсіз. Олар қоршаған ортаның түрлі қалдықтармен ластанудан тазаруына ықпал етеді. Мысалы, анаэробты ферментация – мал шаруашылығы қалдықтарын өткізудің тиімді құралы ғана емес, сонымен қатар экологиялық тазалықты да қамтамасыз етеді. Өйткені қатты органикалық заттар иістерін жойып, кеміргіштер мен жәндіктер үшін қызғылықсыз болып қалады (шіру барысында).
Қалалық іркілмелер мен қатты қалдықтар, орманды кесу мен ағаш өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары, табиғи ортаның қатты ластануының ықтималды көздері, сонымен бір мезетте энергияны, тыңайтқыштарды, құнды химиялық заттарды алатын шикізат болып табылады. Сондықтан биоэнергетиканың кең дамуы экологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда тиімді болмақ.
Алайда биомассаны энергетикалық пайдалану кезінде табиғи ортаның нысаналарына жағымсыз әсер ететінін де ескеру қажет. Ағаш материалдарын тікелей өртеу қатты бөлшектерді, органикалық компоненттерді, көміртек тотықтарын және басқа газдарды көптеген мөлшерде береді. Кейбір ластағыштардың концентрациясы бойынша олар мұнай мен оның туындыларын жағу өнімдерінен асып түседі.
Ағаш материалымен салыстырғанда биогаз – зиянды газдар мен оның бөлшектерін шығармайтын, барынша таза отын. Сонымен қатар, биогаздың өндірісі мен пайдаланылуы кезінде сақтық шаралары қажет, өйткені метанның жарылғыш қаупі бар. Сондықтан оны сақтау кезінде, тасымалдағанда және пайдаланғанда газ шығуын анықтау үшін тұрақты түрде бақылап тұруды жүзеге асыру қажет. Биомассаны этанолға өңдеу бойынша ферментациялық үдерістерде қоршаған ортаны ластайтын жанама өнімдер көп мөлшерде түзіледі (жуатын сулар мен газ айдаудың қалдықтары), өйткені олардың салмағы этил спиртінің салмағынан бірнеше есеге (10 есеге дейін) асып түседі [8].
