- •Реферат
- •Күн энергиясы
- •Геотермалды энергия көздері
- •Биомасса энергиясы
- •1 М3 биогаздың құрамындағы 50-80% метан және 20-50% көмір қышқыл газы бар жылу беретін өнімділігінің шамасы 10-24 мДж, бұл 0,7-0,8 кг шартты отынға тең.
- •Кіші гидроэнергетика
- •1.5 Теңіз және мұхит толқындарының энергиясы
- •1.6 Жел энергиясы
- •Кесте 2 - Қазақстан аумағындағы жел энергиясының ресурсы [19].
- •2030 Жылға қарай бұл көрсеткіштер сәйкесінше жылына 2000 мВт және 5 млрд. КВт сағатқа жетуі мүмкін (Қазақстан Республикасы электр энергиясы өндірісінің жылдық көлемінің 2,7%).
- •Қазақстандағы жел энергиясының әлеуеті
- •Кесте 5 - Әлемдік энергетикалық қордың жалпы сипаттамасы [8].
- •3.2 Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
- •3.3 Атомдық энергетиканы дамыту
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1 М3 биогаздың құрамындағы 50-80% метан және 20-50% көмір қышқыл газы бар жылу беретін өнімділігінің шамасы 10-24 мДж, бұл 0,7-0,8 кг шартты отынға тең.
Биогаздың жану жалыны көгілдір түсті, оның құрамындағы 60-70% метан 4500-5000 ккал/м3 жылу өнімін береді, бұл шамалар бір-біріне тікелей тәуелді. Егер арнайы биогаз жағатын оттықты пайдаланса, онда жылу эффектісін 55-65%-ға көтеруге болады [23].
Биогаз – улы емес, түссіз, дәмсіз және иісі жоқ тұрақты газ.
Егер құрамына аз мөлшерде күкірт сутегі араласса, оның исі шіріген жұмыртқаның иісін береді.
Биогазды жаққанда өндірілетін энергияның мөлшері оның табиғи отынынан алынатын энергияның 90%-ын береді екен.
Биомаңызды өңдеу кезіндегі артықшылық ол өңделгеннен қалған қалдықта ауру тарататын микроорганизмдер болмайды.
Экономикалық тұрғыдан биогаз өндіру тиімді, себебі мал шаруашылық фермалардан, өсімдік қалдықтары жеткілікті деп есептегенде тұрақты сұйық масса шығып отырады.
Ауада биогазды жаққанда оның жалыны көгілдір түсті болып келеді, құрамында көмірқышқыл газы болғандықтан, оны үйде отын ретінде пайдалану қауіпсіз. Биогазды технология – экологиялық таза, қалдықсыз өнделетін, өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарын залалсыздандыратын жаңа технология болып саналады.
Биодизель отыны – бұл экологиялық таза отын дизель двигательдері майына қоспа ретінде немесе толық алмастыратын отын үшін пайдаланылады. Оны өсімдік немесе жануарлардың майынан химиялық жолмен өңдеп алады.
Биодизель отыны суға түскенде өсімдіктер мен жануарларға зиян келтірмейді. Тәжірибе жүзінде оның 99%-ы 28 күнде толық биологиялық ыдырауға түседі, сондықтан ол өзендер мен көлдерді ластамайды.
Қазақстанда биоотынды өндіру мүмкіндігі. Қазақстанның ауыл шаруашылығында жылына жиналатын органикалық қалдықтар 40 миллион тоннаны құрайды. Оны биогаз технологиясымен өңдей отырып, 18 миллиард куб биогаз өндіруге болады, бұл 14-15 миллион тонна шартты отынды құрайды. Қазақстанда мал өнімдерінің қалдықтары тұрақты биомаңыз энергиясын өндіретін өндіріс болып табылады [25].
Қазірдің өзінде елімізде мал қалдықтарынан қалған өнімдерден шамамен жылына 2 миллион тонна шартты отын биогаз өндіруге болады.
Мысалы, 15 м3 биогаз жанұясында 4-5 адам бар бір үйді (60 м2), бір тәулік бойы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Есеп бойынша 1 м3 биогаз – 0,4 литр керосинге, 1,6 кг көмірге; 0,4 кг бутанға немесе 2,5 кг мал қалдығының брикіне тең.
Қазақстанда биомаңыз өнімдері жеткілікті, себебі біздің елде мал шаруашылығы жақсы дамыған, сондықтан тұрақты жағдайда биогаздың көмегімен жылу немесе электр энергиясын өндіруге мүмкіндік бар.
Ғалымдардың есебі бойынша қазіргі кезде жылына бізде мал және құс шаруашылығынан кептірілген салмақта – 22,1 миллион тонна, немесе 8,6 млрд. м3 газ (ірі қарадан – 13 миллион тонна, қойдан – 6,2 миллион тонна, жылқыдан – 1 миллион тонна), өсімдік қалдықтарынан – 17,7 миллион тонна (бидайдан – 12 миллион тонна, арпадан – 6 миллион немесе 8,9 млрд. м3), бұл баламалы 14-15 миллион тонна шартты отынға немесе 12,4 миллион тонна мазутқа немесе өндіріліп отырған мұнайдың жарты көлеміне тең.
Электробиогазогенератор қондырғысының көмегімен биогаз өнімдерін өңдей отырып, жылына 35 млрд. кВт/сағат энергия өндіруге болады (бұл ауыл шаруашылығына қажетті энергияның жартысын қамтамасыз етуге жетеді) [8].
