Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен микробиология 2015 ОМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
268 Кб
Скачать
☆

«Микроскопиялық зерттеулер»

Шаг 1

Шыны затында боялған жағынды-препаратқа 1 тамшы иммерсиялық май тамызылады, микроскоптың шыны қоятын үстеліне қойып, бекітеді;

Шаг 2

Микроскоптың иммерсиялық объективін Х100 келтіру;

Шаг 3

Микроскоптың тубусын сәл-сәл түсіріп, объективті жағындыдағы май тамшысына түсіру керек;

Шаг 4

Микроскоптың макрометриялық винті көмегімен жағынды фокусын табу керек;

Шаг 5

Микроскоптың микрометриялық винтін бір бұрауы көмегімен жағындының нақты көрінісін келтіру, суреттемесін сипаттау.

«Дригальский бойынша таза дақыл бөлу әдісі»

Шаг 1

Қоректік ортасы бар 3 Петри табақшасын алып, оларды 1, 2, 3 таңбалау керек.

Шаг №2

Бактериялық ілмекті жалынның үстінде стерилдеу

Шаг №3

Стерилді бактериалық ілмекпен тексерілетін колонияны алу

Шаг 4

Бірінші қоректік ортаға материалды салып шпателмен біркелкі себу.

Шаг 5

Шпателді күйдірмей және жаңа материал алмай екінші қоректік орта бетіне шпателдегі материалды біркелкі үлестіру.

Шаг 6

Шпателді күйдірмей және жаңа материал алмай үшінші қоректік орта бетіне шпателдегі материалды біркелкі үлестіру.

Шаг 7

Материалы бар қоректік орталарды термостатқа 370С 12-24 сағат инкубация жасайды.

Шаг 8

Қорытындысы. Бірінші және екінші қоректік орталарда бактериялар колониясы көп болады, ал үшінші қоректік ортада дара дара өскен колониялар білінеді.

«Кох бойынша таза дақыл бөлу әдісі»

Шаг 1

Жұмысқа 15 мл жылытылған ет-пептон агары бар 3 пробирка және 3 стерилді Петри табақшасы керек, оларды 1, 2, 3 белгілейді.

Шаг 2

Бактериялық ілмекті жалынның үстінде стерилдеу

Шаг 3

Стерилді бактериалық ілмекпен тексерілетін материал тамшысы алынады.

Шаг 4

Бірінші пробиркаға алынған материал тамшысын еңгізеді де, екі алақан арасына қойып пробирканы айландырып араластырады.

Шаг 5

Салқындатылған стерилді бактериялық ілмекпен бірінші пробиркадан бір тамшыны екінші пробиркаға салады, екі алақан арасына қойып пробирканы айландырып араластырады.

Шаг 6

Салқындатылған стерилді бактериялық ілмекпен екінші пробиркадан бір тамшыны үшінші пробиркаға салады, екі алақан арасына қойып пробирканы айландырып араластырады.

Шаг 7

Дайындалған микроорганизмдер ерітінділері бар пробиркаларды сәйкес номерленген стерилді Петри табақшаларына құйяды.

Шаг 8

Ертінді материалы бар Петри табақшаларын термостатта 370С 18-24 сағат инкубация жасайды.

Шаг 9

Қорытындысы. Бірінші және екінші қоректік орталарда бактериялар колониясы көп болады, ал үшінші қоректік ортада дара дара өскен колониялар білінеді.