Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Мемлекеттік-қызмет-сыбайлас-жемқорлық-қылм...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319 Кб
Скачать
☆

1.1.Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері

Қылмыстық кодекстің 13-тарауы "Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа" арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керісінше "Лауазымды кылмыстар" деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың кылмыстары мемлекеттік

органның аппараты жүйесінде немесе коммерииялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы Кодекетегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызметкерлеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізгі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты іс-әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды.

Осы екі органның — мемлекеттік немесе коммерциялык және өзге ұйымдардың лауазымды адамдарының атқаратын функцияларында елеулі өзгерістер бар. Сондықтан да осы тұрғыдағы кылмыстар үшін жауаптылық Кодекстің арнаулы 8-тарауында көзделген. Жалпыға мәлім бірқалыпты дұрыс қызмет атқаратын мемлекеттік органдардың қызметі ғана қоғамның экономикалық дамуына, оның мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қабілетті. Осыған орай мемлекеттік аппараттың қызметін корғау, оған қылмыстық қол сұғуды болдырмау ең маңызды мәселе болып табылады. Өйткені мемлекеттік аппарат қоғамды басқару жүйесінің қажетті белгісі болып, ондағы жүріп жатқан процестердің реттеушісі болып табылады. Жаңа Қылмыстық кодексте қызмет борышын адал атқаратындардың мүдделерін қорғайтын көптеген баптар баршылық, сонымен бірге өз қызметтеріне қиянат жасайтындарға заң алдындағы қатаң жауаптылықта көзделген.

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарды бір тарауға біріктіруге негіз болған мына төмендегідей ортақ белгілері бар: 1) Бұл тұрғыдағы қылмыстар негізінен арнаулы субъект — мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік органның лауазымды адамдары арқылы жасалады.

  1. Бұл тараудағы кылмыстар қызмет өкілдігін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

  2. Лауазымды адамдардың қылмысты іс-әрекеттері мемлекеттік аппараттың дұрыс, заңды қызметін қызмет мүддесіне кайшы түрде бұзады.

Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың топтық объектісі — мемлекеттік аппараттың дұрыс, бірқалыпты қызметі; қосымша тікелей объектісіне — азаматардың ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның мемлекеттің заңды мүдделері жатады. Кейбір қылмыс құрамдарының міндетті белгісі — қылмыс заты болады: материалдық сыйақы 311,312,313-баптар), ресми құжат (314 - бап). Объективтік жағынан —мемлекет мүддесіне қарсы қылмыстар материалдық құрам (ҚК-тің 307, 308, 309, 315, 316-баптары және формальдық құрам (ҚК-тің 310, 311, 312,314 баптар) болын бөлінеді.

Субьективтік жағынан бұл қылмыстар негізінен қасақана кінә нысанымен жасалады, тек қана салақтық (316-бап) абайсыздық түріндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), қызметтік жалғандық (314-бап) жасау құрамдарының субъективтік жағынын қажетті белгісі ретінде заңда пайдакүнемдік немесе өзге де жеке басының мүддесі көзделген.

Осы тараудағы қылмыстардың субъектісі — мемлекеттік қызметші немесе мемлекеттік аппараттың лауазымды адамдары болады. Тек қана ҚК-тің 312, 313-баптарының субъектісі жай адам болады. Олардың түсінігіне ҚК-тің 307-бабына талдау жасағанда толық тоқталамыз.