Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-Мемлекеттік-қызмет-сыбайлас-жемқорлық-қылм...doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
319 Кб
Скачать
☆

1.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы

Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.

Негізгі ұғымдар

Осы Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін езгеше пайдалануы, жеке езі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылық-тар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Осы Занда, сондай-ақ өзге заңдарда кезделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

Мемлекеттік міндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және зандарымен мемлекеттің, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың екілеттігіне жатқызылған ісжүргізу мәндері.

Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.

Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің міндеттерін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық билікетушілік немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар.

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар мемлекеттік міндеттерді мен мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзгеде заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар.

Заңның қолдану аясы

Осы Заң Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

  1. барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;

  2. мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуде, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

  3. мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;

  4. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық басқада жүйелерін қорғаудың басымдығы;

  5. Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану;

  6. жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен Құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу.

  1. сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  2. мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;

  3. осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау;

  4. сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел іздестіру қызметі мен өзгеде қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік кепілдіктері

  1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады.

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Жақын туыстардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу

1. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақ-шасында аталған адамдарды қоспағанда) өздерінің жақын туыстары(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесеері (зайыбы) атқаратын қызметтерге тікелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік

1. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе соларға теңестірілген адамдардың мынадай:

  1. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;

  2. аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану;

  3. мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

  4. шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде занды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

  5. кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;

  6. мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;

  7. берілу заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негізсіз бастарту, оны кешіктіру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;

  8. жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;

  9. мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорына беру;

  1. жеке және занды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу;

  2. жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;

  3. жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда қөрінеу кедергі жасау;

  4. кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкілеттігін сондай қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;