Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
автореферат Лауры.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать
☆

3 Тауар өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық –талдамалық жүйесін талдау және оны жетілдіру жолдары

Қажетті және жеткілікті көрсеткіштерді табу үшін көрсеткіштердің теңгерімділік жүйесін қолдану мүмкіндігі туындайды. Бұл көрсеткіштер жүйесін ең алғаш Гарвард Бизнес мектебінің профессоры Роберт Каплан және Balanced Scorecard Collaborative компаниясының президенті Дэвид Нортон қолданған. Зерттеу нәтижесінде компанияны табысты басқару үшін теңгерімділік арқылы компанияның көрсеткіштерін басқаруды қалыптастырудың құрылымдық тәсілінің қажеттілігі жөнінде алғаш гипотеза жасалды.

Шетелдік тәжірибені зерттеуде көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесінің құрастырылған негізгі принциптерін айқындауға мүмкіндік береді:

  • кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде көрсеткіштердің мазмұны мен есептеу әдістемесінің бірмағыналы болуы;

  • стратегияны әзірлеу кезінде есепке алынатын барлық түйінді табыс факторларын қамту;

  • кәсіпорын қызметінің түйінді аспектілерін бағалау үшін қолданылатын көрсеткіштердің өзарабайланысы;

  • көрсеткіштерді есептеудің қарапайымдылығы;

  • мәліметтерді салыстыру (көрсеткіштерді салыстыру мүмкіндігі);

  • көрсеткіштерді есептеудің экономикалық негізділігі.

Есептің ақпараттық базасында келесі мәліметтер болуы тиіс:

- көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесін өз қызметінде қолданатын әрбір қызметкер және әрбір құрылымдық бөлімшенің тиімді жұмысы үшін қажетті барлық ақпараттар;

- шоғырланған қаржылық және қаржылық емес ақпараттар және талдау, жинақтау жүйесі туралы ақпараттар;

- бағыныштағы құрылымдық бөлімше және қызметкерлердің арасындағы өзара қатынастарының көпсатылы жүйесі туралы ақпараттар;

  • бюджеттеу, басқару шығындары, ішкі бақылау жүйесі туралы ақпараттар ;

  • инвестициялық жобалар және инновацияларды бағалауды анық жүргізу үшін ақпараттар;

  • барлық шаруашылық операциялары туралы нақты мәліметтер.

Зерттеу нәтижесінде көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесін қолдану арқылы тауар өткізуді ынталандыру шығындарын бағалаудың талдамалық рәсімін ұсынамыз:

1. Тауар өткізуді ынталандыру облысында компанияның стратегиялық мақсаты есебімен көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесі элементтерін әзірлеу.

Тауар өткізуді ынталандыру бойынша қызметтің қаржылық көрсеткіштері ішкі бизнесс-үдеріс, клиенттермен қарым-қатынас, оқыту және дамыту көрсеткіштерінің жиынтығы көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесін құрайды.

Сонымен қатар көрсеткіштердің теңгерімдік жүйесін ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарды алға қоятын стратегия тарихы ретінде сипаттауға болады және қалайтын экономикалық нәтижеге қол жеткізу үшін барлық 4 құрамдас жүйенің аясында орындалатын іс-шаралар бірізділігін көрсетеді. Қаржылық көрсеткіштерді бақылау үдерісі тауар өткізуді ынталандыру стратегиясында қойылған мақсаттарға жету деңгейін өлшеуді білдіреді, мысалы, нарықтағы үлесті жоғарылату, сатып алушылар санын көбейту, тауар өткізуді ынталандыру құралдарымен және басқа да байланысты жоғарылату, шығынды азайту немесе қосымша пайда алу.

SWOT- талдау көмегімен әлеуетті бәсекелестер тізімі, нарықтағы оның ағымдық жағдайы; анықталады, олардың нарықтағы ағымдық жағдайы, қаржы мүмкіндіктері, мүмкін стратегиялары мен мақсаттары, сонымен қатар бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтары анықталады.

Клиенттердің теңдестірілген жүйесінің құрамдас негізгі көрсеткіштері болып келесілер табылады:

  • клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • тұтынушылар базасын сақтау;

  • жаңа клиенттерді тарту;

- логистикалық сервисті сипаттайтын көрсеткіштер (қорлардың қолжетімділігі, қойманың бос жерлерін пайдалану, клиенттердің талап тілектерінің жиілігі) [49, 21б.].

Клиенттің құрамдас жүйесінің көрсеткіштерін талдау мақсаты клиентпен өзара қарым-қатынас облысында басқару шешімдерін қабылдауды талдаумен қамтамасыз етуді қалыптастыру болып табылады. Талдау міндеттерінің ішінде маңыздысы болып салыстырмалы бағалау, ауытқуларды диагностикалау және клиенттік көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін болжау табылады. Тауар өткізуді ынталандыру бойынша қызметті үйрету және дамытуды құрайтын көрсеткіштер жүйесін әзірлеу кезінде кадрларды дайындау және қайта даярлау шығындары көрсеткіштері қолданылуы мүмкін.

Үйрету және даму көрсеткіштері. Көрсеткіштерді таңдауда ұқыптылықпен қарау керек, маркетинг бөлімі қызметкерлерінің білімінің жоғары деңгейі кәсіпорынға тауар өткізуді ынталандыру бойынша компанияға үлкен табыс алуға кепілдік бермейді. Таңдалған көрсеткіштер пайдаланушыларға ресурстарды тиімді және жеткілікті пайдалануға қатысты өздері қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.