Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
автореферат Лауры.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
315 Кб
Скачать
☆

Қорытынды

Шаруашылық субъектілері үшін өткізуді ынталандырудың рөлі тауарлар және компанияның оң имиджін қалыптастыру, тауарларды сатудан түскен пайданы жоғарылату болып табылады. Тұтынушылар үшін өткізуді ынталандыру рөлі өнімдерді уақытында алу, оны өзінің өндірістік міндеттерін орындау үшін, ақыр аяғында пайда алу үшін қолдануға мүмкіндік береді. Өнім өткізуді ынталандыруды тиімді ұйымдастыру өндіруші және тұтынушы қызметіне жағымды әсер етеді. Өнім өткізуді ынталандырудың тиімді жүйесі жолға қойылып, еліміздің экономикасында экономикалық өсу байқалады.

Компанияныың негізгі мақсаты – тұтынушылардың төлемқабілетті сұранысына сәйкес тауарларды өндіру және сату. Отандық компанияларға көрсетілген мақсатқа жету үшін тек қана тұтынушылардың қажеттіліктері мен төлемқабілетті сұраныстарына сәйкес тауар қозғалысының барлық үрдісін ұйымдастыру және бар ресурстарды максималды пайдалану қажет. Осындай жағдайда қаржыны басқару мәні жоғарылайды, адекватты ақпараттық-талдамалы есеп жүйесін қалыптастырусыз мүмкін емес.

Диссертациялық зерттеу барысында жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары компанияда тауар өткізуді ынталандыру шығындары есебінің ақпараттық-талдамалы жүйесін құру негізінде бухгалтерлік есеп және талдаудың теориялық және әдіснамалық базасын дамытуға ықпал ететін төмендегідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

  1. «Тауар өткізуді ынталандыру шығындары» түсінігі анықтамасының болмауына байланысты ғылыми еңбектерді зерттеу нәтижесінде және жинақталған білімі мен тәжірибесі негізінде автормен келесі тұжырым жасалды: тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары - тауарларды өткізуді ынталандыру стратегиясы аясында жарнама арқылы тауардың жақсы жағы туралы ақпараттандыруға, қоғамдық пікірді қалыптастыруға, сатуды ынталандыруға, дербес сату және оны тұтынушыға дейін жеткізуге бағытталған компания шығындарының жиынтығы. Ұсынылған анықтаманың ерекшелігі болып логистика шығындарына қосымша тауарлар өткізуді ынталандыру шығындары табылады, яғни «тұтынушыға дейін тауарларды жеткізуді» талдау және басқару мақсатында барлық шығынды толық ұсынуға мүмкіндік береді.

2. Компанияның тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары жіктеліп көрсетілді. Осы жіктеудің басты ерекшелігі бухгалтерлік, басқару және салықтық - үш есеп бөлігін біріктіру мүмкіндігі болып табылады, ол тауар өткізуді ынталандыру шығындары туралы ақпараттарды ұсынуға байланысты пайдаланушылардың сұранысын жедел өңдеуге мүмкіндік береді.

Тауар өткізуді ынталандыру шығындарының жасалынған жіктемесі басқару, қаржылық және салықтық есепке қатысты ақпараттарды біріктіреді және коммерциялық ұйымдарда қолданылуы мүмкін, перспективті тауар өткізуді ынталандыруға бағытталған қаржыны инвестициялау бойынша басқару шешімдерін қабылдау және шығындарды талдау, бақылау сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

3. Тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары есебінің әдістемесі әзірленді. Бухгалтерлік есепте тауарларды өткізуді ынталандыру шығындары есебінің жан-жақты зерттеліп қарастырылды.

4. Тәжірибе жүзінде теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін қолдану арқылы тауарларды өткізуді ынталандыру шығындарын бағалаудың талдамалық рәсімдері қарастырылып енгізілді.

Тауар өткізуді ынталандыру шығындарын бағалаудың талдамалық процедурасы көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін пайдалану негізінде құрастырылады, тауар өткізуді ынталандыру шығындарын талдау кезінде қолданылатын қаржы және қаржылық емес көрсеткіштердің бар болуы артықшылығы ретінде саналады.

Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін қалыптастыру үрдісін қарастыра отырып, бұл әдіснама тек коммерциялық ұйымдарды басқаруды жетілдіру үшін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда қолдануға болады. Бірақта егер коммерциялық ұйымдар үшін қаржы құрамы нақты ұзақ мерзімді мақсатты анықтайды, мемлекеттік және мемлекеттік мекемелер үшін керісінше, шектеу қойылады.

Автормен көрсеткіштердің теңдестірілген құрамдас жүйесі ұсынылды, компанияның стратегиялық бағытына сәйкес қаржылық, клиенттік, ішкі бищнес-үрдісі, үйрету және дамыту, сонымен қатар есептің талдамалық нысандары 4 топқа бөлінеді және әртүрлі меншік нысанындағы компанияларда, қызмет масштабында, салалық құрамда, стратегиялық басқару жүйесінде қолданылуы мүмкін. Компанияда көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін енгізу өз нәтижесін берді. Негізгі жақсы жақтар ішінде келесі мүмкіндіктерді бөліп көрсетуге болады:

  • тауар өткізуді ынталандыру шығындарын стратегиялық жоспарлауды жүзеге асыру;

  • тауар өткізуді ынталандыру стратегиясын жүзеге асыру бөлігіндегі функцияны немесе нақты үрдіске жауап беретін нақты қызмет орындаушысы на түсінікті болу үшін қолжетімді қаржы және қаржылық емес көрсеткіштерді жылжыту бойынша стратегиялық мақсат пен міндеттерді қалыптастыру;

  • тұрақты бақылау негізінде тауар өткізуді ынталандыру шығындарын кешенді бағалау және ең бар аспектілерді басқарушылық талдау;

  • тауар өткізуді ынталандыру және үрдіске қол жеткізу бойынша қызметте жеткен жетістіктерге баға беру;

  • қалыптасқан приоритет негізінде басқару шешімдерін қабылдау үрдісін жеделдету.

Көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесі Қазақстанда қазіргі уақытта жаңа болып табылады және кәсіпорынның шаруашылық тәжірибесінде әлі кеңінен қолданылмайды. Бір жағынан көрсеткіштердің теңдестірілген жүйесін болашақта кеңінен қолданатын болады және басқарудың жаңа сапалы моделіне көшу үшін мүмкіндіктер ашылады. Ал екінші жағынан дәстүрлі басқару және бизнесті арнайы жүргізуге байланысты кедергілер бар.

Жоғары менеджмент көптеген отандық компанияларда, әсіресе орта және шағын кәсіпорында ағымдағы сұрақтарға- ақша қаражатының жеткілікті айналымын және уақытылы қаржыландырумен қамтамасыз етуге басымдық бере отырып, тауар өткізуді ынталандыру шығындарын талдаумен айналыспайды. Бірақ тауар өткізуді ынталандыру шығындары құрамының өсуі, осы облыстағы қаржы салымдары көлемінің ұлғаюы жасалынған есеп және талдау жүйесін құру қажеттілігін куәландырады.

5. Тауарларды өткізу туралы ақпараттарды көрсететін ішкі есеп нысандары жасалып, сыртқы есеп нысандарын жетілдіру жолдары ұсынылды.

Зерттеу нәтижесінде әзірленген тауар өткізуді ынталандыру шығындарының ақпараттық-талдамалық жүйесі есеп және талдау қызметін мақсатты жүзеге асыратын ғылыми негізді құрайды, өткізуді ынталандыру үрдісін тиімді басқаруға, сонымен қатар сыртқы есеп нысандарында ақпараттарды ашып көрсету арқылы нарықта өзінің позициясын күшейтуге және сақтауға мүмкіндік алады.