- •1 Delphi ортасымен танысу
- •1.1 Негізгі ұғымдар. Бағдарлама құру кезінде шешілетін тапсырмалар
- •Зертханалық жұмыс № 1 «Delphi интерфейсінің элементтері»
- •Зертханалық жұмыс № 2 «Негізгі пішіннің жобасы мен модульінің бағдарламалық коды»
- •Interface
- •Implementation
- •Initialization
- •Зертханалық жұмыс № 3 ««Тест» қосымшасын құру»
- •2 Object pascal тіліндегі объектілі – бағытталған бағдарламалау
- •Mainform модулінің соңғы бағдарламалық коды
- •2.1 Класс және объект туралы түсінік
- •2.2 Инкапсуляция, туындау және полиморфизм
- •2.3 Кластың синтаксисі
- •Interface
- •Implementation
- •2.4 Кластың өрістері
- •2.5 Кластың әдістері
- •Implementation
- •2.6 Кластың қасиеттері
- •2.7 Кластың құрылымы. Кластың элементтерінің көріну аймағы
- •2.8 Кластарға операциялар қолдану. Is және as кілттік сөздері
- •2.9 Оқиға және меншіктеу
- •Бақылау сұрақтары:
- •Зертханалық жұмыс №4 «Полиморфизм және көрнекілік әдістер»
- •Interface
- •Implementation
- •Зертханалық жұмыс №5 "Қаситтер мен әдістер"
- •Өз бетінше орындауға арналған тапсырма
- •Зертханалық жұмыс №6 "Оқиғалар"
- •Interface
- •Implementation
- •Өз бетінше орындауға тапсырма
- •3 Терезелік қосымшаларды құру
- •3.1 Label, Edit, Memo мәтіндік құрауыштары. Button батырмасы
- •Зертханалық жұмыс №7 "Қарапайым Windows-қосымшасын құру"
- •3.2 Пернетақта арқылы берілген хабарламаны өңдеу
- •3.3 Тышқан арқылы берілген хабарламаны өңдеу
- •Зертханалық жұмыс №8 “tForm объектісі”
- •3.4 Басқару элементтерінің тасуын қамтамасыз ететін сипаттамалар (Drag & Drop тетігі)
- •Зертханалық жұмыс №9 "Экрандық объектілерді сүйреу"
- •3.5 Диалог терезелері. Dialogs парағындағы Delphi құрауыштары (Open Dialog, Save Dialog, Font Dialog және т.Б.)
- •Тәжірибелік жұмыс №10 «Мәтіндік редактор»
- •3.6 Delphi - дің кескінді құруға тағайындалған кластары мен құрауыштары. Timer – таймер құрауышы
- •Image құрауышы.
- •Зертханалық жұмыс №10 «Бейнелерді құру»
- •Interface
- •Implementation
- •Қарандаш және қылқалам
- •Қарапайым графиктерді сызу әдістері
- •Функциялардың графиктері мен диаграммаларын сызу
- •Interface
- •Implementation
- •5. Мультимедиалық мүмкіндіктер
- •5.1. Animate компоненті
- •Interface
- •5.2. MediaPlayer компоненті
- •5.3. Дыбысты шығару
- •Implementation
- •5.4. Видеороликтер мен анимацияны қарап шығу
- •Implementation
- •5.5 Анимацияны құру
- •Әдебиеттер тізімі
Image құрауышы.
Иерархиясы:
TObject – TPersistent – TComponent – TControl – TGraphicControl
Құрауыштар Палитрасының Парағы: Additional.
TImage класының Image құрауышы пішінге қандай да бір суретті орналастыру үшін қолданылады. Бейнелеу файлы биттік карта болуы мүмкін (.BMP кеңейткіші бар файлы), пиктограмма (.ICO кеңейткіші бар файл), метафайлдар (.WMF кеңейткіші бар файл).
TImage класы TGraphicControl класының тікелей ұрпақ класы болып табылады, сондықтан графикалық басқару элементтер класына жатады. Туындаған қасиеттерімен қатар TImage класында келесі қасиеттер анықталған:
property Canvas: TCanvas – бағдарламаның орындалуы барысында бейнені қалыптастыруға тағайындалады.
property Center: Boolean – егер қасиет TRUE мәніне ие болса, онда кескін құрауыштың центрі бойынша теңестіріледі, қарсы жағдайда кескін құрауыштың сол жақ жоғарғы бұрышына орналастырылады. Үнсіздікпен FALSE мәніне тең болады.
property Picture: TPicture – құрауышта орналастырылған кескінді анықтайды.
property Stretch: Boolean – егер қасиеттің мәні TRUE болса, онда Picture қасиетінде анықталған кескін құрауыштың өлшеміне дейін үлкейтіледі немесе кішірейтіледі. Үнсіздікпен мәні FALSE – ге тең.
Басқа графикалық басқару элементтері сияқты Image құрауышы тышқан арқылы берілген барлық оқиғаларды өңдейді. Үнсіздік белгісі бойынша оқиға жоқ немесе анықталмаған.
Жобалау барысында кескінді Image құрауышына орналастырғанда кескіннің тапсырма терезесін қолдануға болады. Бұл терезе құрауыш белсенді болғанда немесе Объекті Инспектірінің Picture қасиетін таңдағанда пайда болады. Кескіннің тапсырма терезесінің негізгі өрісі таңдап алынған суретті орналастыруға тағайындалған. Сонымен бірге терезеде келесі батырмалар анықталған:
Load - бейнені файлдан іске қосу үшін;
Save - бейнені файлға жазу үшін;
Clear - таңдап алынған бейнені жою үшін;
OK - таңдап алынған бейнені құрауышқа жазу үшін;
Cancel - енгізілген өзгерісті қайтару үшін.
Shape құрауышы.
Иерархиясы:
TObject – TPersistent – TComponent – TControl – TGraphicControl
Құрауыштар Палитрасының Парағы: Additional.
TShape класының данасы болып құрауыш – фигуралар – дөңгелек, эллипс, тіктөртбұрыш және т.б. табылады. Бұл фигуралар сіздің қосымшаңызға үлгі беру үшін қолданылуы мүмкін.
TShape класы тікелей TGraphicControl класының ұрпақ класы болып табылады және TImage класы сияқты графикалық басқару элементтерінің қатарына кіреді. Туындалған қасиеттермен қатар TShape класында келесі қасиеттер анықталған:
property Brush: TBrush – фигураның бетін бояуға тағайындалған қыл қаламды анықтайды.
property Pen: TPen – фигураның жиектерін салуға тағайындалған қарындашты анықтайды.
property Shape: TShapeType – TShapeType типті қасиет:
type
TShapeType = (stRectangle, stSquare, stRoundRect, stRoundSquare, stEllipse, stCircle);
Экранға шығатын фигураларды анықтайды: stRectangle - тіктөртбұрыш; stSquare - квадрат; stRoundRect - бұрыштары дөңгелектенген тіктөртбұрыш; stRoundSquare - бұрыштары дөңгелектенген квадрат; stEllipse - эллипс; stCircle - дөңгелек;
Shape құрауышы үшін үнсіздікпен оқиға болып OnDragDrop оқиғасы табылады.
Paint
Box құрауышы.
Иерархиясы:
TObject – TPersistent – TComponent – TControl – TGraphicControl
Құрауыштар Палитрасының Парағы: System.
TPaintBox класының Paint Box құрауышы пішіннің шектелген аймағында сурет салуға мүмкіндік береді. Сурет салуға канваның барлық мүмкіндіктері қолданылады – қаріп, қарындаш, қыл қалам, сонымен қатар бағдарламаның орындалу барысында геометриялық фигураларды тұрғызатын әдістер де қолданылады.
TPaintBox класы TGraphicControl класының ұрпақ класы болып табылады және бұрын қарастырылған графикалық құрауыштармен қатар графикалық басқару элементтерінің жанұясына кіреді.
TPaintBox класындағы анықталған сипаттамалардың ішінен OnPaint оқиғасын ерекшелейік:
property OnPaint: TNotifyEvent;
Құрауыш салынар алдында өрбитін оқиға.
Paint Box құрауышы үшін үнсіздікпен оқиға болып OnClick оқиғасы табылады.
Timer
құрауышы.
Иерархиясы:
TObject – TPersistent – TComponent.
Құрауыштар Палитрасындағы Парақ: System – жүйелік деңгейде жұмыс істейтін құрауыштар парағы.
TTimer класының таймері көрнекі емес құрауыш болып табылады, сондықтан оны көмекші құрауыштар қатарына жатқызуға болады. Таймер бір берілген уақыт аралығынан кейін қандай да бір операцияны жасауға тағайындалған.
TTimer класының негізгі қасиеттерін қарастырайық.
property Enabled: Boolean – Егер қасиет TRUE мәніне ие болса, онда таймер OnTimer меншік оқиғаға әсер етеді.
property Interval: Cardinal – Уақыт интервалын миллисекундпен анықтайды, одан кейін OnTimer оқиғасы пайда болады. Үнсіздікпен 1000 (1 секунда) – ға тең.
Сонымен қатар TTimer класында OnTimer оқиғасы анықталған:
property OnTimer: TNotifyEvent;
Периодты түрде Interval қасиетінде анықталған уақыт интервалы біткен сайын өрбіп отырады. Ол үнсіздікпен берілетін қасиет болып табылады.
Мысал 3.6.7 Келесі оқиғаны өңдеуіш OnTimer таймерінің оқиғасына жауап береді, ол белсенді басқару элементін бір пиксель оңға жылжытады.
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);
begin
Timer1.Interval := 100;
IF ActiveControl <> nil THEN
ActiveControl.Left := ActiveControl.Left + 1;
end;
Мысал 3.6.8 Келесі оқиғаны өңдеуіш OnTimer таймерінің оқиғасына жауап береді, ол белсенді басқару элементін оң жаққа бір пиксельге жылжытады, оң жақ шекараға жеткенде басқару сол жақ шекараға беріледі және қозғалыс ары қарай орындалады.
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);
begin
Timer1.Interval := 10;
IF ActiveControl <> nil THEN
IF ActiveControl.Left+ActiveControl.Width <= Form1.ClientWidth
THEN ActiveControl.Left := ActiveControl.Left + 1
ELSE ActiveControl.Left := 0;
end;
