- •Тыныс алу физиологиясының элементтері.
- •Зерттеудің әдістемесі, жүргізілу тәртібі.
- •Обструктивті және рестриктивті өзгерістер
- •Спирография
- •Қандағы гемоглобин мөлшерін санау.
- •Адам қанындағы эритроциттердің мөлшерін анықтау.
- •Бір эритроциттегі гемоглобиннің құрамы мен түстік көрсеткішін анықтау.
- •III. Сабақтың мақсаты.
- •6 Жұмыс. Эхокардиография
Қандағы гемоглобин мөлшерін санау.
Жұмыс мақсаты: Гемоглобин мөлшерін анықтау әдісімен тынысу.
Әдісі: гемоглобин мөлшерін анықтау колориметрлік әдіспен жүзеге асады.
Сали гемотометрінде бір диамертрлі екі шеткісі дәнекерленген және стандартты гематин хлориді ерітіндісі бар, ал ортаңғысы- лабораторлы болатын 3 прбирка бар. Лабораторлы пробиркаға 0,1% тұз қышқылы ерітіндісін төменгі белгіге дейін құю керек, содан соң Сали гематометрінің пипеткасымен 0,02 мл дайындалып қойған қанды осы пробиркаға құю.Қан гемоглобині 0,1% тұз қышқылы ерітіндісі әсерінен күңгірт түсті гематин хлоридіне айналады. 5-6 минуттан кейін алынған ерітіндіге дистильденегн суды зерттелініп жатқан ерітіндінің түсі стандартты түске айналғанша тамшылып құю. Әр тамшыдан кейін ерітіндіні шиша таяқшамен араластырып тұру керек. Стандарт ерітінділердің түсін пробирканы өтпелі жарықта, көз дәрежесінде, 50- 60 см қашықтықта салыстыру. Сұйықтықтың төменгі менискісі қандай шкалаға сәкес келетіндігін анықтайды (шкаланың бөліну бағасы 0,2 г% тең). Бланкіні толтырған кезде гемоглобин мөлшері 1 л- ға граммен жазылады, кейін алынған көрсеткіштерді 10 көбейтеді. Гемоглобин концентрациясының қалыпты мөлшері: әйелдерде 115 - 145 г/л, ерлерде 132 - 164 г/л.
Нәтижелерді қорытындылау.
Адам қанындағы эритроциттердің мөлшерін анықтау.
Жұмыс мақсаты: Эритроцит мөлшерін санау әдісімен танысу.
Әдісі: эритроциттерді ажырататын сұйықтық ретінде 0,85-1% натрий хлориді ерітіндісі қолданылады (физ. раствор). Пробиркаға ажыратқыш ерітіндіні 4 мл мөлшерде құяды. Сали гемометрінің пипеткасымен қанды 0,02 мл көрсеткішіне дейін алу. Қан бағанасы біртұтас, яғни қан көпіршіктерісіз болу керек. Капилляр ұшын мақтамен сүртіп, алынған қанды ажыратқыш ерітіндісі бар пробиркаға құю. Дұрыстап араластыру.Пробиркада 1:200 етіп ажырату.
Екі қолдың үлкен саусағымен түрлі түсті ньютон сақиналары пайда болғанша есептеуіш камерасына бағыттап, жабын шишасын ысқылау. Шиша таяқшамен ажыратылған қанның тамшысын алып есептеуіш камераға қою (камераның орталық пластинкасының тұсында орналасқан бороздика ұшына). Сұйықтық орталық пластинка мен жабын шишасы арасындағы 1мм қалыңдықтағы орынды өзі толтырады. Камераны үлкен ұлғайтқышының астына қойып, сан,ауды бастау.
Диагональ бойынша орналасқан 80 кішкентай квадраттан тұратын, үлкен квадраттағы А эритроциттерін санау. Санау барысында Егоров заңын басшылыққа алған жөн: «Осы квадратқа қатысты, квадраттың ішінде және оның сол және жоғарғы шекераларында орналасқан эритроциттер саналады.» Бір кішкентай квадраттағы эритроциттердің орташа саны А/80. Кішкентай квадраттағы камера бөлігінің көлемі 1/4000 мм3 тең екенін біле тұра, табылған санды 4000 және 200 көбейту, яғни ажыратқышқа.
Х = (А х 4000 х 200) / 80, бұл жерде Х – 1 мм3- тағы эритроциттер саны.
Қалыпты жағдайда эритроциттер саны 1 л қанда әйелдерде 3,7 - 4,7 1012/л; ерлерде 4,0 - 5,0 1012/л.
Бір эритроциттегі гемоглобиннің құрамы мен түстік көрсеткішін анықтау.
Жұмыс мақсаты: ТК мен ЭГҚ- ны анықтау әдісімен танысу.
Әдісі: 1. Түстік көрсеткіш 1 эритроциттегі гемоглобин орташа мөлшерін білдіреді. Қалыпты жағдайда түстік көрсеткіш 0,85-1,05 тең. Оны келесі формула бойынша анықтайды:
[(анықталған мөлшер Нв)/(қалыпты мөлшер Нв)]
ЦП = --------------------------------------------------------------------------------------
[(эритроциттердің анықталған мөлшері)/(эритроциттердің қалыпты мөлшері)]
Жоғарыдағы формуланы келтірген кезде келесі қорытынды шығады: гемоглобиннің анықталған мөлшерін 3- ке көбейтіп, есептелген эритроциттердің алдыңғы үш санына бөледі. Зертелушінің қанындағы гемоглобин мен эритроцит мөлшерін анықтаған соң, жоғарыда келтірілген формула бойынша түсті көрсеткішті анықтау.
Соңғы кезде түстік көрсеткішпен қатар дәлірек көрсеткішті- бір эритроциттегі гемоглобин құрамын анықтауға болады.
Hb в г/л
СГЭ = --------------------------= пг
Эритроциттер саны 1012
(1 пикограмм = 1-12г)
ТК мен ЭГҚ- ны есептеусіз номмограмма көмегімен анықтауға болады. Ол үшін табылған гемоглобин мөлшері мен есептелінген эритроцит көрсеткіштерін сызғышпен қосу керек.
Гемоглобин мөлшерін анықтау
Гемоглобин – құрамы жағынан күрделі белок, хромопротеид. Эритроциттің құрғақ қалдығының 90% – гемоглобин. Адам қанының әрбір литрінде шамамен 140 г гемоглобин болады: әйелде – 120-140 г, еркекте – 130-150 г/л. Жаңа туған нәрестеде гемоглобин мөлшері 180-230 г/л, нәресте өскен сайын ол біртіндеп азаяды да, туғаннан кейін 14 күн өтісімен 135-185 г/л болады. Гемоглобин мөлшері колориметрлік арнайы әдіспен - Сали гемометрімен /өлшеуішімен/ анықталады.
Сали гемометрінің құрылысы: артқы қабырғасы ақ сүт түсті шынымен қапталған қара штатив. Штативте 3 пробирка болады. Ортасындағы қан зерттеуге арналған пробирканың өлшеуіш сызықшалары бар, ал шеттегі ауыздары балқытылып бекітілген 2 пробирканың ішінде стандарттық ерітінді - ашық қоңыр түсті гематин ерітіндісі болады. Гемометр 0,02 миллилитрлік капилляр пипеткамен жабдықталған.
Стандартты ерітінді дайындау үшін 0,2 мл 0,1N HCІ- на құрамында 166,7 г гемоглобині бар 0,02 мл қан қосылады. Содан соң үстіне дистилденген су құйып ерітінді көлемін 2 мл-ге жеткізеді. Бұл – гемоглобин мөлшері /Сали бойынша/ 100% тең.
Жұмысты орындау: Ортаңғы пробирканың төменгі белгісіне 0,1N НCl ерітіндісін құяды. Бұл белгісі ерітіндісінің 0,2 мл-не тең. Тесілген саусақтан капиллярмен 0,02 мл қан сорып алады да саусақ ұшына мақта басады. Алынған қанды тұз қышқылының бетіне тигізбей пробирканың түбіне құяды. Пробиркадан пипетканың ішін үстіңгі тұз қышқылымен шаяды. Пробирканың түбін саусақпен шертіп-шертіп жіберіп, сұйықты араластырады да 3-5 минут бойы штативте қалдырады (осы уақыт ішінде гемоглобин тұз қышқылды гематинге айналады да, сұйық қоңыр түске боялады). Осы қоңыр түс стандарт ерітіндінің түсіне сәйкес келгенше жоғарыда аталған сұйықты пипеткамен дистилденген су тамыза отырып сұйылтады. Ерітіндіні әрбір су тамшысын тамызған сайын шыны таяқшамен араластырып отыру керек. Осылайша алынған ерітіндінің өлшеуіш сызығы гемоглобиннің грамм-процент мөлшеріне сәйкес келеді. Мысалы, ерітінді 14 деген сызыққа гемоглобиннің абсолюттік мәні 140 г/л тең болады.
2-жұмыс. Қанның түсті көрсеткішін есептеу
Қандағы гемоглобин мөлшері мен эритроциттер санының ара-қатынасы қанның түсті көрсеткіші деп аталады. Қанның түсті көрсеткіші әрбір эритроцит ішіндегі гемоглобин мөлшерін қаныққанын көрсетеді, әдетте қанның түсті көрсеткіші 0,86-1,05.
Қанның түсті көрсеткіші мынадай формула бойынша есептеледі: ҚТК = Нв г/л мөлшері х 3
1 мкл қандағы эритроциттердің алғашқы үш саны
Жұмысты орындау: Зерттелген қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшерін пайдалана отырып, жоғарыдағы формула бойынша ҚТК есептеп шығару.
Лейкоциттерді санау
Сау адам қанының әр мкл (4-9)x103, литрінде (4-9)x109 лейкоцит болады. Лейкоциттерді санауға кірісерден бұрын зертелетін қан үлгісін метилен көгі қосылған 2% сірке қышқылын құйып 10 немесе 20 рет сұйылтады. Сірке қышқылы эритроциттерді жарып /гемолиз/ ерітіп жібереді /жояды/, ал метилен көгі ядроларын көкшіл түске бояйды.
Жұмысты орындау: Қанды сүйылту: Таза пробиркаға 0,4 мл
2%–тік сірке қышқылын құйып қояды. Гемометр капиллярымен 0,02 мл қанды сорып алады да, оны үрлеп пробиркаға кұйып, әбден араластырады. Қан мен ерітіндісінің ара-қатынасы 1:20 қатынасындай. Сүйытылған қан Горяев есептеу камерасына құйылады.
Лейкоциттерді санау: Камераны микроскоп астына салады да, эритроцит санағандағыдай әрбіреуі кішкентай шаршыларға бөлінген 25 үлкен шаршыдағы лейкоциттер саналады. Санау сол жақтағы ең жоғарғы шаршыдан басталады. Әр бір үлкен шаршы 16 кіші шаршыдан түратындықтан 400 шаршыдағы лейкоциттер саны анықталады.
Қанның 1 мкл-інде лейкоцит санын есептеп шығару: алдымен бір кіші шаршыда лейкоциттерді анықтайды. Ол үшін саналған лейкоциттердің санын /А/ 400 кіші шаршыға бөледі – А/400. Кіші шаршы үстіндегі сұйықтың көлемі 1/4000 мм3 (1 мкл), яғни 1 мкл қандағы лейкоциттер саны (Л): А/400: 1/4000 = А х 4000/400 тең болады. Табылған лейкоциттер санын сұйылту мөлшеріне көбейтеді, яғни 20-ға.
Демек, Л = А х 4000 х 20
400
Лейкоцитарлық формула (лейкограмма)
Лейкоцитарлық формула алдын-ала иммерсиялық жүйеде зерттеуге бейімделіп боялған қан жұғындысында анықталады. Лейкоциттерді санау үшін есептеу машинкасы немесе счетчик қолданылады.
Жұмысты орындау: Шыны препараттағы қан жағындысынын жоғарғы сол жақ бұрышына кастор майын тамызады да, сол жұғындыны иммерсиялық объективтің астына қойып, есептеуді бастайды. Ядросыз эритроциттердің арасындағы лейкоциттерді тауып алу қиын емес. Лейкоциттің түрін анықтап есептеу машинкасының керекті клавишасын басып отырады. Қан жұғындысын солдан оңға қарай қозғай отырып, аталған тәсілмен лейкоциттер саналады. Содан кейін қан жағындысын көрініс аймағынан бір саты төмен түсіріп, оны оннан солға қарай қозғап саналған лейкоциттерді 100-ге жеткізеді. Машинкадағы санды ескере отырып лейкоцит саны есептеп шығарылады.
Лейкоцитарлық формуланы есептеу барысындағы счетчикпен жұмыс істеудің ережелері.
Қоректену блогін ток көзіне қосыңыз/
Таблода хабарлама шығады:
Счет 0 |
2. Лейкоциттің түрін анықтаған соң, сәйкес әріпті басыңыз.
3. Санақ жүзге (100) дейін жүргізіледі.
4. Санақ біткен кезде дыбыстық дәлелдемені естисіз.
5. " %" пернесіне басыңыз.
Таблода шығады:
Пр |
6. Әртүрлі лейкоциттер түрлерінің жеке пернелеріне басасыз
таблода нәтижесі шығады.
Ескерту: Таблоның ортасындағы сандар пернелердің нөмірлерін
көрсетеді.
Өзектердің (каналдардың) құрамындағысын нөлдеу үшін
сары түсті пернені басасыз.
Қоректену блогын ток көзінен өшіресіз.
ГРАНУЛОЦИТТЕР |
АГРАНУЛОЦИТТЕР |
|||||||
Базофильдік |
Эозинофильдік |
Нейтрофильдік |
Лимфоциттер |
Моноциттер
|
||||
Метамиелоциттер |
Таяқшаядрлық |
Сегментоядрлық |
||||||
0-1% |
0,5-5% |
- |
1-6% |
47-72% |
19-37% |
3-11% |
||
Гемостаз деп қанның сұйық қалпын, тамырдағы қан ағысының сақталуын, ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі процесстерді айтады. Ұю – қорғаныс қызметінің бір түрі, күрделі тізбектілген ферменттік процесстер. Қан ұюына көптеген факторлар қатысады – қан ұйытушы плазмалық факторлар, тромбоциттерден бөлінетін заттар (тромбоциттік факторлар), эритроциттер, лейкоциттер, қан тамырының кенерісі (эндотелий). Ұйыған кезде қан қойюланып, тромбыға айналады.
1-жұмыс. Қан ұю мерзімін Альтгаузен тәсілімен анықтау
Бұл тәсіл клиникада кеңінен қолданылады. Ол қанда алғашқы фибрин жіпшелері қашан болатынын білуге негізделген. Әдетте қанның ұю жылдамдығы бөлме температурасында 5-6 минутқа тең.
Жұмысты орындау: Қан саусақтан алынады. Таза (жуылған және кептірілген) сағат шынысын алақанға салып, жылытады да оған 2-3 тамшы қан тамызады. Алғашқы фибрин жіпшелері созылғанша әрбір 30 секунд сайын иненің (скарификатордың) ұшымен қан тамшысын сызады. Шыны алақанда ұсталады не дәкеге қойылады. Қанның ұю мерзімі анықталған әдіс осыған лайық қорытынды дәптерге жазылады.
2-жұмыс. Сухарев әдісі бойынша қанның ұю
жылдамдығын анықтау
Берілген әдіспен жаңа алынған қанның спонтанды ұю уақытын анықтау. Ұю уақытының қысқаруы гиперкоагуляцияны көрсетеді. Қалыпты көрсеткіштер: берілген әдіс бойынша ұюдың басталуы 1/2-ден 2 мин-ке дейін, аяқталуы –3 мин–тен 5 мин-ке дейін.
Жұмысты орындау: Зерттеу үшін қанды адам саусағынан алады. Капилляр бағанасының 25-30 мм жеткізіп алынады. Секундомер бойынша уақытты белгілейді. Капиллярды қиғаштай отырып қанды трубканың ортасына көшіреді. Капиллярды екі саусақпен ұстап, 30-45о-қа екі жаққа бірдей ауытқытады. Қанның еркін қозғалуы, қанның әлі ұйымағанын көрсетеді.
Қанның ұюы басталғаннан капиллярды қозғағандағы қанның жылжуының баяулауынан көруге болады: оның ішкі қабырғасында кішкене ұйытындылар көріне бастайды. Қанның толық ұюы қанның қозғаласының толық тоқтаған кезіне сәйкес келеді.
3-жұмыс. АВО жүйесіндегі қан топтарын анықтау
Эритроциттердің желімдену (агглютинация) реакциясы негізінде, агглютининдер мен агглютиногендердің бар-жоқтығына байланысты әрбір адамның қаны төрт топтың біріне жататындығы анықталады.,–агглютининдер яғни желімдеуші заттар плазмада болады. А,В- агглютиногендер, яғни желімденетін заттар, эритроциттердің құрамында болады. Агглютинация реакциясы, яғни эритроцитердің түйір-түйір болып желімденуі, осы аттас агглютининдер мен агглютиногендер бір-бірімен кездескен жағдайда ғана пайда болады. Мысалы: және А немесе және В.
АВО жүйесіндегі төрт түрлі қан топтарының сипаттамасы
Қан топтары |
Эритроциттердегі агглютиногендер |
Плазмадағы агглютининдер |
О (І) |
О (А, В жоқ) |
, |
А (ІІ) |
А |
|
В (ІІІ) |
В |
|
АВо (ІY) |
А, В |
О (, жоқ) |
Жұмысты орындау: Арнайы тәрелкеде бойлай орналасқан екі қатар ұялардың әрбіреуіне белгілеріне қарай бір-бір тамшыдан екі сериялы 3 топтың үлгі сарысуы тамызылады. Саусақтан алынған қан көлемі жағынан сарысудан 10 есе кем. Әрбір сарысу тамшысына зат шынысының арнайы бұрышымен қан тамызады да оларды мұқият араластырады. Агглютинация басталысымен мөп-мөлдір сарысуда бір-біріне жабысқан эритроцит түйірлері көріне бастайды. Агглютинация болды деп алданбау үшін қан сарысуына үшінші минутта бір тамшы физиологиялық ерітінді тамызады да бесінші минутта қан тобын анықтайды.
Тәрелкеде агглютинация 4 түрлі болуы мүмкін:
Егер бір де бір сарысуда эритроциттер желімделмесе (агглютинация болмаса) тәжірибеге алынған қан құрамында агглютиногендер болмағаны, мұндай қан 0 (І) тобына жатады.
Егер 0 (І) және В(ІІІ) сарысуды агглютинация байқалса, қанда А агглютиногені болғаны, мұндай қан А(ІІ) тобына жатады.
Егер 0 (І) және А(ІІ) сарысуларында агглютинация байқалса, қанда В агглютиногені болғаны, бұл қан В (ІІІ) тобына жатады.
Егер тәжірибеге алынған барлық сарысуда агглютинация байқалса, қанда А және В агглютиногендері болғаны, мұндай қан АВо(ІY) тобына жатады. Мұндай жағдайда АВо(ІY) тобына жататын сарысумен қайтадан реакция жүргізіледі. Агглютинация реакциясы тумаса, бұл қанның АВо(ІY) тобына жататындығын дәлелдейді.
Стандартты қан сарысуындағы реакция нәтижелері: |
Зерттелетін қан тобы жатады: |
|
|
О (I) |
A (II) |
B (III) |
|
|
|
|
|
|
O (I) |
|
|
|
|
|
|
|
A (II) |
|
|
|
|
|
|
|
B (III) |
|
|
|
|
|
|
|
AB0 (IV) |
|
|
4-сурет. Стандартты сарысулармен эритроциттер агглютинациясының варианттары
Үйлесімділікті биологиялық тұрғыдан зерттеу.
Мұндай зерттеу барлық емдеу мекемелерінде бір топқа жататын қан құярда қолданылады. Науқас адам қанының сарысуында бір тамшы донор қаны тамызылады. 5 минут өтісімен агглютинацияның болған-болмағаны белгілі болады. Агглютинация байқалса, науқасқа ондай қанды құюға болмайды: донор мен науқастың қандары өзара үйлеспегені.
1970 жылдан бері қан құярда ұзаққа созылған тексеру жұмысы жүргізіледі. Қанның алғашқы 25 мл-ін ақырындап науқастың хал-ахуалын бақылай отырып 3-5 минут бойы құяды. Гемолиздік шоктың алғашқы белгілері көріне бастаса (жүрек айну, бас айналуы, бел ауруы) қан құю дереу тоқтатылады: мұндай белгілер науқас пен донордың қандарының үйлеспейтінін дәлелдейді, соның айғағы.
4-жұмыс. Пробиркадағы қанның резус-факторын қыздырмай
анықтау
Барлық адамдардың 85%–інде эритроцит құрамында арнайы агглютиноген - резус фактор (Rh) болады. Оны 1940 жылы К.Ландштейнер мен Р.Винер ашқан. Қан құрамында Rh-фактор болса, ондай қан оң резусты қан деп, ал Rh-фактор болмаса, теріс резусты қан деп аталады. Қанның резус сәйкестілігін анықтаудың қан құярда және акушеркілік жұмыстарда үлкен мәні бар.
Жұмысты орындау: Пробирка түбіне 1 тамшыдан стандартты антирезус реагент, зерттеуге арналған қан құяды да сол пробирканы сілкіп әлгі екеуін араластырады. Содан кейін қан мен реагентті қабырғаларына жұқтыру үшін пробирканы жан-жағына еңкейтіп көлбеу ұстайды, сөйтіп реакцияның айқын да көрнекті болуын қамтамасыз етеді. Агглютинация нышаны алғашқы минутта-ақ байқалады, бірақ антиген мен антидене комплексін біржолата қалыптастыру үшін реакцияны 3 минут бойы жүргізген жөн. Одан әрі эритроциттерге тән емес реакция-агрегацияға жол бермеу үшін пробиркаға 2-3 мл физиологиялық ерітінді құяды да оны 2-3 қайтара араластырады (пробирканы сілікпестен).
Тәжірибе нәтижелерін бағалау: Көз жасындай мөлдір сарысу эритроциттер ірі-ірі түйірлерге айналып, айқын агглютинация реакциясы туса, бұл алынған қанның резус бар екенін көрсетеді.
Ал агглютинация реакциясы тумаса, пробирканы қан түгелдей бір түске боялса, бұл тәжірибеге алынған қан теріс резуссіз екені дәлелдейді.
Жүрек қызметінің зерттеу әдістері. Жүректің жиырылу циклы
II. Тақырыптың маңыздылығы: Жүректің негізгі қызметі – қантамырларға қанды айдап, ұлпаларға жеткізу. Жүрек қызметін зерттеу әдістерін және жүрек жұмысының физиологиялық заңдылықтарын білу келешекте арнайы медициналық пәндерді оқуда жүрек-қан тамырлар жүйесінің және түрлі патологиялық процестерін түсіну үшін керек.
