Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом айткул асемгул дурысы.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

6.3 Құрылымдық сұлбаны ойлап құрастыру және оның параметрлерін есептеу

Технологиялық объектінің математикалық сипаттамасын қолданып, қысымды тұрақты ұстап тұратын жүйенің құрылымдық сұлбасын сурет 6.2-де көрсетуге болады.

Сурет 6.2- Қысымды тұрақты ұстап тұратын жүйенің құрылымдық сұлбасы

Электр жетегінің басқару жүйесінің (СУЭП) блогы- электр қозғалтқыштан және жиілік түрлендіргіштен тұрады.

Бұл құрылымдық сұлба басқару объектісінің (сумен қамтамасыз ететін желіге қосылған сорғы) математикалық түрде сипаттамасын көрсетеді. 6.3 формулада көрсетілген Нн (Q2; ) тәуелділік, М (Q; ) тәуелділік жүктемелік диаграмма арқылы анықталған. Желінің тұрақты уақытын Тс=0,5 c деп аламыз.

Тұрақты уақытпен Т0 = 0,01 с берілген апериодикалық буын , сорғының су шашырау қысымын бақылап тұрады. Қысым арқылы болатын кері байланыс коэффициенті былай анықталынады:

Кос = Uз max / Нmax, (6.4)

мұндағы, Нmax – желінің максималды тегеурін (25 м);

Uз max – тапсырма бойынша максималды кернеу, 10 В деп

алдық.

Сондықтан, Кос = 10/25 = 0,4 м/В.

Электр жетегінің негізгі теңдеуі арқылы (6.1 формула) және электр жетегінің фунционалды сұлбасы берілген кезде (Сурет 6.1) электр жетегіні басқаратын жүйенің құрылымдық сұлбасын құрамыз. Құрылымдық сұлба сурет 6.3 көрсетілген.

Сурет 6.3- Электр жетегінің басқару жүйесінің құрылымдық сұлбасы

Бұл құрылымдық сұлба электр жетек басқару жүйесінің, «Жиілік түрлендіргіш-АҚ» математикалық сипаттамасы болып табылады.

Интенсивтілік датчигі , үлкен уақыт тұрақтысынан зи тұратын апериодикалық буын болып табылады. Уақыт тұрақтысын 10 с деп аламыз. ФП- функционалды түрлендіргіш, таратып жіберу қисық формасының қолданып, қорек көзінің кернеуі U және салыстырмалы жиілік  берілген мәні бойынша түрлендіреді. Таратып жіберу қисығының формасын анықтайық.Ол үшін жүктемелік қабілетті ескергенде және ескермегенде сорғы мен электрқозғалтқыштың бірге бірлескен механикалық сипаттамасын алайық.

Бұл график сурет 6.4 көрсетілген. Бұл графикте механикалық сипаттамада үш нүкте таңдап, бұл қисық сызықты аппроксималаймыз. Табиғи сипаттама бойынша қатаң сипаттаманы табамыз.

Сурет 6.4- Сорғы қондырғысы мен электрқозғалтқыштың катаң

механикалық сипаттамасы

 = Мном / (0н  sн) = 290,69/ (3140,083) =1015,38 ; (6.6)

мұндағы, Мном – электр қозғалтқыштың номиналды моменті, 0н – синхронды айналу жиілігі, sн –номиналды сырғанау. Таңдалған нүктелердің жылдамдығы мен моментін біле отырып, қатаң механикалық сипаттаманы есептеп, электрқозғалтқыш үшін синхронды жиілікті табамыз.

0 =  + М / , (6.7)

мұндағы,  и М - график бойынша момент пен жылдамдық (Сурет 6.4). Апериодикалық буын тұрақты уақыттымен Тэ электрқозғалтқыштың электрмагниттік қасиеттерін ескереді.Тэ =0,122 с.

Таратып жіберу қисығы және оның аппроксимациясы сурет 6.5-те көрсетілген. Қисық сызығы парабола формасы беріліп және де квадраттық тәуелділік U () берілген. Мұндай басқару жүйесі заңы электрқозғалтқыштың статорындағы шығынды азайтуға мүмкіндік береді, бұл сәйкесінше жалпы электр энергия шығындарын азайтады. Аппросикмаланған қисық 0;0 бастапқы нүутелерінен басталмай, өйткені іске қосып жіберу кернеуін көбейту үшін, және де іске қосып жіберу моменті де үлкен болып келеді.

М (U, , ) блогы электрқозғалтқыштың моментін және келесі шамаларды (критикалық моментті және критикалық сырғанауды) қорек көзінің кернеуінің тәуелділіктерін( қорек көзінің жиілігін, қозғалтқыштың жылдамдығын) есептеу жүргізеді. Моментті алдынғы бөлімде Клосс формуласы бойынша, критикалық сырғанауда, критикалық моменттке де есептеу жүргізілген.

Сурет 6.5- Таратып жіберу қисығының аппроксимациясы